Түс жори біліңіз

Бөлім: Түс-аян-уахи қағидалары 25689

Егер адам түсінде:

 Биікке немесе тауға шықса, жақсы. Ондай түс көрген кісі өңінде үлкен дәрежеге жетеді.  Жақсы көйлек кисе  — кісіге өңінде қуаныш әкелетін істің боларынан хабар береді.  Өзінің өліп қалғанын көрсе —  онда өңінде ұзақ жасайды.  Кісі  әйелдің қойнында жатса —  онда өңінде оның дәулеті артады.  Тыржалаңаш жүрсе — өңінде барлық қайғы-мұқтажынан арылады.  Басына тәж кисе — онда ол өңінде байлыққа ие болады.  Сүйікті адамдарыңның бірін құшақтау — бақытты болудың нышаны.  Жылаған болса – өңінде қуанады.  Аспанда тұрған айды көрсе — өте жақсы белгі,  мұратына жетеді.  Күнді көрсе — мерейі өңінде дұшпандарынан үстем болып, дәулеті тасиды.  Жұлдыздарды көрсе — балаларының дәрежесі жоғары болады.  Өзен көрсе —  кісі өңінде үлкен олжаға, пайдаға кезігеді.  Баққа кіріп, оны аралау — жақсылықтың белгісі.  Қызыл гүл көрсе — онда өңінде бай болады.  Бал арасын қуып жүрсе  — өңінде пайдаға жолығады.  Өлген кісіні көрсе қорықпаған жөн. Егер ол адам сөйлесер болса, онда ол шындықты айтады.  Суда жүзіп жүрген балықты көрсе — адам өңінде перзент сүйеді.  Өзінің ұйықтап жатқанын көрсе — онда өңінде жақсы табысқа жетеді.  Үйіне түскен ұрыны көрсе —  онда ол өңінде табыс табады.  Шашын алдыратын болса —  онда ол өңінде кедейленеді.  Керісінше шашы өсіп кететін болса, онда ол өңінде байиды.  Үйленген болса   — тілеп жүргеніне  жетеді.  Алтын көретін болса —  онда оған өңінде дәулетті кісілер демеу береді.  Жағымсыз иіс — өңдегі жайсыз істің нышанын білдіреді.  Қолын жуса — өңдегі мазасыздықтан арылу.  Көпірден өткен кісі —  өңінде өзінің жақсы қызметін қалдырып, одан да жақсы қызмет істейді.  Әлдекімді ұрып-соқса — онда дұшпанын кекетеді.  Ақ, жасыл түсті затты немесе суды көрсе — жақсы нышан.  Қара, қарақошқыл түсті затты немесе түтінді отты көрсе – жаман.  Тісін сындырып алу — өңде досын жоғалтып алу.  Ақ түсті киім кисе —  онда ол бұл дүниеде де, о дүниеде де сый-құрметке бөленеді деген сөз.  Сары түсті киім кисе —  онда ол өңінде өз ісіне қарай бірде жақсы, бірде жаман жағдайда болады.  Қызыл түсті киім кисе — онда ол өңінде ел билеген болады.  Қара түсті киім кисе — өңінде қайғыға ұшырайды.  Құс ұстап алатын болса —  онда ол өңінде үйленеді.  Кісінің басына құс қонатын болса, онда ол өңінде бір қызмет атқарады.  Қыранды көрсе — дәрежеге ие болады.  Көгершінді көрсе —  өңінде оның ісі оңғарылады.  Ақ қоян енсе — онда қыс қатты болады. Егер кісінің түсіне қара қоян енсе — онда қыс жайлы болады.  Ит қабатын болса — өңінде бір қатыгез адамның жаласына ұшырайды.  Ас ішсе — өңінде мол дәулетке ие болады.  Ет жесе —  өңінде ішіп-жемінің көбейгенін көреді.  Алма жесе —  өңінде тілегіне жетеді.  Балық ұстап немесе жеп жүрсе — өңінде дәулеті артады.  Жылан қуса —  әйелдердің арбауына түседі.  Сақалы ағарса — ауруға ұшырайды.  Үйі құлағанын көрсе —  ұрыс-керіс болады.  Пышақ қайраса — қауіп-қатер болады.  Аттан құлап қалса -қатерге кездеседі.

«Түсті көруінен емес – жоруынан қорық» демекші,  түсіңізді жақсылыққа жорысаңыз, жақсылыққа, жамандыққа жорысаңыз, жамандыққа қарай бұрылып кетуі мүмкін. Ең бастысы — түсім

Әр түрлі

*Түсте биікке немесе тауға шығу-жақсы: ондай түс көрген кісі өңінде үлкен дәрежеге жетеді.

*Егер кісі түсінде биікке шығатын болса, онда ол өңінде үлкен дәрежеге қол жеткізеді. Егер ол биіктен құлар болса, онда ол өңінде қапалы болады.

*Түсте жақсы көйлек кию кісіге өңінде қуаныш әкелетін істің боларынан хабар береді.

*Егер кісі түсінде өзінің өліп қалғанын көрсе, онда өңінде ұзақ жасайды.

*Егер кісі түсінде әйелдің қойнында жатса, онда өңінде оның дәулеті артады.

*Егер кісі түсінде тыржалаңаш жүрсе, онда ол өңінде барлық қайғы-мұқтажынан арылады.

*Егер кісі түсінде басына тәж кисе, онда ол өңінде байлыққа ие болады.

*Түсте сүйікті адамдарыңның бірін құшақтау-бақытты болудың нышаны.

*Түсте жылау-өңдегі қуаныш.

*Түсте аспанда тұрған айды көру-өте жақсы. Мұндай түс көрген кісі мұратына жетеді.

*Түсінде күнді көрген кісінің мерейі өңінде дұшпандарынан үстем болып, дәулеті тасиды.

*Түсте жұлдыздарды көру де жақсы. Ондай түс көрген кісінің балаларының дәрежесі жоғары болады.

*Түсінде інжу мен маржан көрген кісінің үйінен байлық үзілмейді.

*Түсте көрген өзеннің суы мөлдір болса, онда бұл-өте жақсы. Егер оның суы лай және ащы болса, онда ол жақсы емес. Ондай адам бір сәтсіздікке ұшырайды.

*Егер кісі түсінде таза суға сүңгитін болса, онда ол өңінде ақталып, ел қатарына қосылады. Егер кісі лай суға түсетін болса, онда ол өңінде қайғылы күйге душар болады.

*Түсінде өзен көрген кісі өңінде үлкен олжаға, пайдаға кезігеді. Егер адам түсінде өзеннен су ішер болса, онда ол өңінде мақсатына жетеді, құрметке ие болады.

*Егер кісі түсінде қасиетті құдықтан зәм-зәм суын ішсе, онда ол өңінде барлық күнадан тазарады.

*Егер кісі түсінде өзеннен су ішсе, патша болады.

*Егер кісі түсінде құдықтан, арықтан немесе көлден су ішсе, онда ол өңінде әкім болады.

*Егер кісі түсінде суда жүзіп ойнап жүрсе, онда ол өңінде әкім болады.

*Түсте суда жүзу және оны кешу-жақсы нышан, тек кісінің басы судан жоғары болуы қажет.

*Түсте баққа кіріп, оны аралау-жақсылықтың белгісі.

*Егер кісі түсінде баққа баратын болса, онда ол өңінде байлықты иеленеді.

*Егер кісі түсінде бақ пен дала гүлдерін көрсе, онда ол өңінде жұмақтағыдай күй кешеді.

*Егер кісі түсінде қызыл гүл көрсе, онда өңінде бай болады.

*Егер кісі түсінде өзіне беймәлім бақта қыдырып жүрсе, онда ол өңінде жұмақтағыдай күй кешеді.

*Түсте аяқтың семіп қалуы өңде саяхатқа шығудың белгісін танытады.

*Түсінде бал арасын қуып жүрген кісі өңінде пайдаға жолығады.

*Түсте өлген кісіні көрудің зиян жоқ. Егер ол адам сөйлесер болса, онда ол шындықты айтады.

*Егер кісіге түсінде өлген адам бірдеңе беретін болса, ондай ол өңінде ойда жоқта бірдеңе алады.

*Егер кісі түсінде одан өлген адамдар бірдеңе сұраса, ол өңінде шығынға ұшырайды.

*Егер кісі өлген адамды түсінде жақсы киімде көретін болса, онда бұл-жақсы. Егер кісі өлген адамды түсінде жаман киімде көретін болса, онда бұл жақсы емес.

*Түсте суда жүзіп жүрген балықты көру жақсы. Ондай түс көрген адам өңінде перзент сүйеді.

*Егер кісі түсінде өзінің ұйықтап жатқанын көрсе, онда өңінде жақсы табысқа жетеді.

*Егер кісі түсінде балық ұстап немесе жеп жүрсе, өңінде дәулеті артады.

*Егер кісі түсінде аспанға көтерілсе, онда өңінде әкім болады.

*Егер кісі түсінде жаңбыр жауғанын көрсе, онда ол өңінде табысқа кенеледі.

*Егер кісі түсінде салқын жел есіп тұрса, онда ол өңінде жақсы да жайлық тұмысқа шығады.

*Егер кісі түсінде үйіне түскен ұрыны көрсе, онда ол өңінде табыс табады.

*Егер кісі түсінде шашын алдыратын болса, онда ол өңінде кедейленеді. Егер кісінің түсінде шашы өсіп кететін болса, онда ол өңінде байиды.

*Түсте үйленген жақсы. Ондай түс көрген кісі өңінде тілегіне жетеді.

*Егер кісі түсінде күміс ақша санайтын болса, онда ол өңінде байиды.

*Егер кісі түсінде алтын көретін болса, онда оған өңінде үлкен әкімдер шапағатын тигізеді.

*Егер кісі түсінде бақыр ақша санайтын болса, онда ол өңінде дұшпанының даттау сөзін естиді.

*Ерде кісі қыстыкүні түсінде жасыл жайлауды көретін болса, онда оған құдайдың мерейі түседі. Егер кісі жаздыкүні түсінде қар көретін болса, онда ол құдайдың қаһарына ұшырайды.

*Түстегі жағымсыз иіс-өңдегі жайсыз істің нышанын білдіреді.

*Түсте қол жуу-өңдегі мазасыздықтан арылу.

*Егер кісі түсінде құс ұстап алатын болса, онда ол өңінде үйленеді.

*Түсінде көпірден өткен кісі өңінде өзінің жақсы қызметін қалдырып, одан да жақсы қызмет істейді.

*Егер кісі түсінде Нұх пайғамбарды оның жайдары қалпында көрсе, онда ол өңінде ұзақ та дәулетті ғұмыр кешеді.

*Егер кісі түсінде ағаш тасып жүретін болса, онда ол өңінде байлыққа кезігеді.

*Егер кісі түсінде әлдекімді ұрып-соқса, онда дұшпанын мұқатады.

*Түсте семсер немесе мылтық көру (ұстау) кісінің өңінде табыс тауып, дәулеті таситынын білдіреді.

*Түсте біреуді сабау өңде дұшпандардан үстем болып шығумен пара-пар. Ал, егер де кісі түсінде әлдебіреулерді өлтіретін болса, онда ол өңінде мақсатына жетеді.

*Түсінде біреуден таяқ жеген немесе таяқтан өліп қалған жақсы емес. Ондай жағдайда құрбандық беруге тура келеді.

*Егер кісі түсінде Меккеге барса, онда ол өңінде барлық тілегіне жетеді.

*Егер кісі түсінде Мұхаммед пайғамбардың қабіріне мәнәжіт етсе, онда оның өңінде дәрежесі өседі.

*Егер кісі түсінде азан айтып, намаз немесе құран оқыса, онда өңінде оның дәрежесі өседі.

*Егер кісі түсінде емен ағашын көрсе, онда ол өңінде өзінің сүйікті адамынан хабар алады.

*Егер кісі түсінде қарағайды көрсе, өңінде сүйіктісімен табысады.

*Егер кісі түсінде қайыңды көрсе, онда ол өңінде табысты болады.

*Егер кісі түсінде түтінсіз от көрсе, онда ол өңінде байиды.

*Егер кісі түсінде қарақошқыл түтін аралас от көрсе, онда бұл жақсы емес.

*Түсте ақ, жасыл түсті затты немесе суды көру-жақсы нышан.

*Түсте қара, қарақошқыл түсті затты немесе түтінді-отты көру –жаман.

*Түсте тісін сындырып алу-өңде досын жоғалтып алу.

*Егер кісі түсінде бір қабырғасының алынып қалғанын көрсе, онда ол өңінде әйелінің өлгенін көреді.

*Егер кісінің түсінде күрек тісі сынатын бола, онда оның әйелі қатерге ұшырайды. Егер кісінің азу тісі сынса, онда оның балаларының бірі қатерге ұшырайды. Егер кісінің түсінде ең түпкі азу тісі сынатын болса, онда оның өзі бір қатерге кезігеді.

Активтігі: 17%

* Егер кісі түсінде көк түсті киім киетін болса, онда өңінде барша тілектері қабыл болады, мұратына жетеді.

*Егер кісі түсінде ақ түсті киім кисе, онда ол бұл дүниеде де, о дүниеде де сый-құрметке бөленеді.

*Егер кісі түсінде сары түсті киім кисе, онда ол өз ісіне қарай өңінде бірде жақсы, бірде жаман жағдайда болады.

*Егер кісі түсінде ақсары түсті киім кисе, онда ол -өте жақсы: оның өңінде барша тілектері орындалады.

* Егер кісі түсінде қызыл түсті киім кисе, онда ол өңінде ел билеген баятық болады.

*Егер кісі түсінде қара түсті киім кисе, онда ол өңінде қайғыға ұшырайды.

*Түсте ақ, жасыл түсті затты немесе суды көру-жақсы нышан.

*Түсте ақ, жасыл түсті затты немесе суды көру-жақсы нышан.

*Түсте қара, қарақошқыл түсті затты немесе түтінді-отты көру –жаман.

Активтігі: 14%
Құстар

*Егер кісі түсінде құс ұстап алатын болса, онда ол өңінде үйленеді.

*Егер түсінде кісінің басына құс қонатын болса, онда ол өңінде бір қызмет атқарады.

*Егер кісі түсінде самұрық құсты көрсе, онда өңінде оның басына бақыт, байлық, дәулет қонады.

*Түсінде қолына қаршыға немесе басқа бір кішкене құс ұстаған кісі өңінде дәулетті болып, бала сүйеді.

*Егер кісі түсінде таусты (қырғауыл тұқымдас ұзын құйрықты әдемі құс) көрсе, ол өңінде асқан сұлуға үйленеді.

*Егер кісі түсінде түйеқұсты көрсе, онда ол өңінде ақылсыз, надан адамдармен істес болады.

*Егер кісі түсінде қарақұсты көрсе, онда өңінде байлыққа кенеледі.

*Егер кісі түсінде қыранды көрсе, онда ол дәрежеге ие болады.

*Егер кісі түсінде лашынды көрсе, онда өңінде оның байлығы тасиды.

*Егер кісі түсінде қаршығаны көрсе, онда өңінде бақытты, дәулетті болады.

*Егер кісі түсінде тұрымтайды көрсе, онда ол өңінде тілеген тілегіне жетеді.

*Егер кісі түсінде тазқараны көрсе, онда ол өңінде дұшпандарын тізе бүктіреді.

*Егер кісі түсінде жезқұйрықты көрсе, онда ол өңінде қадірсіз болады.

*Егер кісі түсінде күйкентайды көрсе, өңінде қапа болады.
*Егер кісі түсінде көгершінді көрсе, онда өңінде оның онда ол өңінде ісі оңғарылады.

*Егер кісі түсінде көкекті көрсе, онда өңінде оның жоғы түгелденеді, табысы артады.

*Егер кісі түсінде қараторғайды көрсе, өңінде ол қуанышқа бөленеді.

*Егер кісі түсінде шымшықты көрсе, онда өңінде оның ісі оңғарылады.

*Егер кісі түсінде қырғауылды көрсе, онда өңінде барлық ісі ойдағыдай орындалады.

*Егер кісі түсінде сасық көкекті (бәбісек) көрсе, онда ол өңінде тілеген тілегіне жетеді.

*Егер кісі түсінде қазды көрсе, онда түсінде оның азық-түлік қоры көбейеді.

*Егер кісі түсінде үйрек көрсе, өңінде досының ісіне сүйсінеді.

*Егер кісі түсінде тауық көрсе, онда өңінде мұқтаждықтан құтылады.

*Егер кісі түсінде қумай құсты көрсе, онда өңінде тұрмыстың барлық мұң-мұқтажынан арылады.

Активтігі: 12%
Андар

*Ешқандай зиян-залалы болмаса түсте жылан көрген де жақсы.

*Түсінде өзін жылан қуып жүргенін көрген кісі өңінде зымиян қатындардан сақтану керек.

*Түсінде айдаһар көрген кісі өңінде бір мықты бастықты көреді.

* Егер кісі түсінде пілге не айдаһарға, арыстанға не жолбарысқа, барысқа мінсе, онда ол өңінде барлық жауларды тізе бүктіреді.

*Егер кісі түсінде қасқыр көрсе, онда өңінде дұшпанын арттырады.

*Егер кісі түсінде түлкі көрсе, онда өңінде оның адал досының орнын алаяқ алдампаз басады.

*Егер кісі түсінде доңыз көрсе, онда ол өңінде дұшпандарымен айтысып, тартысады,

*Егер кісі түсінде аюды көрсе, көлденең олжаға оралады.

*Егер кісі түсінде қоян көрсе, онда өңінде барлық тілектеріне жетеді.

* Егер кісі түсіне ақ қоян енсе, онда қыс қатты болады. Егер кісінің түсіне қара қоян енсе, онда қыс жайлы болады.

*Егер жолаушылап келе жатқан кісі түсінде түлкі көретін болса, онда өңінде оның жолы болмайды, ал егер ол түсінде қасқыр көретін болса, онда өңінде оның сапары сәтті болады.

*Егер кісінің түсінде ит қабатын болса, онда ол өңінде бір қатыгез адамның жаласына ұшырайды.

*Егер кісі түсінде ит көрсе, онда ол өңінде кішігірім уайымға түседі.

*Егер кісі түсінде ит қапса, онда ол өңінде кішігірім шығынға ұшырайды.

*Егер кісі түсінде таутеке мен құлжа көрсе, онда ол өңінде тұрмыстың тауқыметін тартпайтын болады.

Активтігі: 13%
Төрт — түлік

*Егер кісі түсінде атқа мініп, одан құламай, өзі түсетін болса, онда бұл жақсы. Өйткені халық түстегі атты өңдегі арман-тілекке балаған. Түсінде атқа мінген кісі өңінде арман-тілегіне жетеді. Егер де адам түсінде мінген атынан құлап қалса, онда ол жақсы емес, алда қауіп-қатер бар болғаны.

*Түсінде кісі ерттеулі атқа мініп жүрсе, ол өңінде тілегіне жетеді.

*Егер кісі түсінде атқа мініп көкпар тартса, онда ол өңінде болыс болады.

*Егер кісі түсінде жабайы жылқыға мінсе, онда оның өңінде мал-мүлкіне зиян келеді.

*Түсте қой (отарын) көрген кісі өңінде халықты көреді. Сондықтан ел мұндай түсті жақсы деп есептейді.

*Егер кісі түсінде қой көретін болса, онда ол өңінде басшы қызметке тұрады.

*Егер кісі түсінде қой көрген болса, онда оның барша тілектері орындалады.

*Егер кісі түсінде ешкі көрсе, бұл жақсы емес.

*Егер кісі түсінде түйеге мініп жүрсе, онда ол-жақсы. Өйткені түйе-ұлық жануар. Түсінде түйеге мінген кісіні ұлы әулиелердің өзі желеп-жебейді. Жалпы, түсте көлікке мініп, құламай жүру-жақсы.

* Егер кісі түсінде түйеге мінетін болса, онда оны әулиелер қолдайды.

* Егер кісі түсінде қоңды түйеге мініп жүрсе, онда ол мұратына жетеді.
* Егер кісі түсінде қоңсыз, көтерем түйеге мініп жүсе, онда бұл жақсы емес.

*Егер кісі түсінде өзін қуып жүрген бураны көретін болса, онда ол ісіне қарай өңінде я жақсылыққа, я жамандыққа кезігуі мүмкін.

*Егер де кісіні түсінде келеге түсіп, жараға бура қуалайтын болса, онда ол құдай атына құрбандығын беру керек. Өйткені оның түсінде көрген -әзірейлінің өзі.

*Егер түске семіз сиыр енетін болса, онда арзаншылық болады. Егер түске арық сиыр енетін болса, онда қымбатшылық болады.

*Егер кісі түсінде қоңды сиыр малына (өгіз, бұқа) мініп жүрсе, онда оның билігі өңінде барлық халыққа жүреді.

*Егер кісі түсінде есекке мініп жүрсе, онда бұл өте жақсы.

*Егер кісі түсінде есекке мініп жүрсе, онда ол сол күні-ақ дәрежеге ие болады.

*Түсте доңызды, қасқырды, қабланды, жолбарысты көру және оларды өлтіру-өңде дұшпаннан үстем болуды білдіреді. Егер бұл хайуандар кісіге ешқандай жамандық жасамайтын болса, онда ондай түс жаман емес. Түсте бұл жануарларды өлтіру-жақсы: ол өңде жауды жеңумен бірдей. Егер де кісі түсінде осы аталған хайуандарға мініп жүретін болса, онда оның дұшпандарының қолға түскені.

Активтігі: 14%
Тағамдар

*Түске бидай, арпа кіретін болса, онда азық-түлікке арзаншылық болады деген сөз.

*Егер кісі түсінде ас ішсе, онда ол-өңінде мол дәулетке ие болады.

*Егер кісі түсінде піскен ет жесе, онда ол өңінде ішіп-жемінің көбейгенін көреді.

*Егер кісі түсінде палау, мәнті жеп, сүт ішсе, онда ол өңінде барлық тілегіне жетеді.

*Егер кісі түсінде құрма жесе, онда ол өмірде ұзақ жасайды.

*Егер кісі түсінде жүзім жесе, онда оның өмірде бағы жанады.

Егер кісі түсінде қауын немесе қарбыз жесе, онда оның досы байиды.

*Егер кісі түсінде алма жесе, онда ол өңінде тілегіне жетеді.

*Егер кісі түсінде шабдалы жеп жүрсе, онда ол екі дүниеде бірдей шат-шадмар ғұмыр кешеді. Бұл түс өңге айналу үшін аз дегенде бір күн ораза ұстау керек.

*Егер кісі түсінде грек жаңғағын жесе, онда өңінде оның ішім-жем қоры мол болады.

*Егер кісі түсінде анар жесе, онда ол өңінде байиды.

*Егер кісі түсінде бидай көрсе, онда ол өңінде тілеген тілегіне жетеді.

*Егер кісі түсінде тары көрсе, онда ол өңінде бақытты болады.

*Егер кісі түсінде балық ұстап немесе жеп жүрсе, өңінде дәулеті артады.

1 345 thoughts on “Түс жори біліңіз

  1. Бүгін түсімнің ішінде түс кордим яғни түсімде етпетімнен жатыр екенмін, бір кезде таяқ па темір ма білмедім басым орай тұсымнан тақап біресе Абай құнанбаев біресе Мұхаммед пайғабар болып кетеді. Жанағы таяқты бұрай берді, төбемді ойғандай қылып бұрай берді. Бұрап жатып басыңа не болған мынау деп айта берді. Жəне қастарында айнадан көрдім пайғамбардың күйеу баласы тұр, бойы үш метрдей əйдік. Сосын оянып кетсем сіздің үй жағыңызда жүр екенмім, түсімді айтайын десем сіздің балаңыз үйленіп жатыр екен. Қолы тимейтін шығар деп қоям. Жорып бріңізші. Рахмет.

    1. Ербол кермет түс екен. Басыңа таяқпен ойып жатса саған берліп жатқан сана қөуаты ғой. Абай атамыздың да кітабына пайғамбар шапағатына жалғанудың да белгісі түсіп тұр. Пайғамбардың күйеу баласын көргеніңде де дінде саған берілген қажір қайрат сахабалық пайғамбарымыздың соңынан еретін ізбасарылық қасиет болады. Саған ммаған түсіңді айтқызба болған да маңызды нәрсе бар. Оны кейін жалғастырып көре жатарсың.

  2. Салеметсизбе.Мен бугин тусимде биреулерден кашып жур екем. Оны калай жоруга болды.

    1. Іңкар; Сені аңдып жүрген қара жындардың барын ескертеді. Тазалықты, шариғатты ата дәстүрін сақтап, әулие-әмилер басына ақталаудан өтуің де керек.

  3. Амансыз ба Тоқберген аға.
    Мен тұсімде көп ағаш отырғызып жүрмін. Бұл нені білдіреді.
    Рахмет.

    1. Сәлем Қарлығаш; Ағаш отырғызсаң ұрпағың артыңдағы тұқымың көп болады. Бұл тектің өсіп -өркендеуі болады.

  4. Ассаламуағалейкум ағасы, Қайтыс болған ұлым түсіме енді. Түсімде бір үлкен үйде қонақтап отыр екенбіз, жаңағы марқұм ұлым бұтына үлкен дәретін жіберіп қойыпты, сол үйде баламды шелекке салып жуындырып жатыр екенмін, қасымда жұбайым бар. Ұлым мазасыз. қайтыс болғанына 40 күннен енді асты, көбіне жылап-сықтап-жоқтап аламын, содан ба баламның рухына тыныштық бере алмай жатырған соң түсіме келіп жатырма деп ойлаймын. Осы түсті жори білесіз бе. Сізге Алла разы болсын.

    1. Мақпал ұлыңның артының қайырын берсін Алла. Ұлыңның түсіңе кіріп жүргені, бұтына жіберіп қойып жүргенінде де маңыз бар. Бұл сендерге ескерту де болар Раббымыздан. Ата жол, ата дәстүрін ұстану керек, аруақтардың аманаты бар орындалмай ескерілмей жатқан. Оны аруақтардан сұрап анықтауға да болады.

  5. Сәлеметсіз бе? түсімді жорып берсеңіз, түсімде үйімде жүні сабалақ ақ мысық маған шабуыл жасады, мен оны ұстап алып ұрып өлтірдім де, кішірек қапшыққа салып аузын буып күйеуіме бердім, күйеуім шынайы өмірде мысықтан қатты қорқып жеркенетін. Бұл түс ненің нышаны?

    1. Айнұр; Мысық сенің жыныңмен байланысты. Оны өлтіріп күйеуіңе бергенің сендегі рухани өлімнің болып, оның енді қуаты күйеуге ауысқаны білдіреді. Бұл терң жын ғылымы ата жолы жазбаларында «Аққу сұңдарлар»» тарауында жазылып жатыр.

  6. Салеметсизбе мен тусимде улкен балыктар кордим еки орташа балыкты баска адамдар алып кетти одан улкен балык калган оны бир жолбарыс келип уйдин касына алып келипти сосын Оны уйдегилер сойса ишинен коп балыктар шыкты.осы тусимди жорып бересизба?

    1. Гүлсім; Балық болашақ келетін ұрпақ жанымен байланысты. Сендердің от басыларыңа текті ұрпақ келіп, онан көп ұрпақтар тарайды екен.

  7. Сəлеметсізбе.Мен тусімде əпкемнің бала тапқанын көрдім.негізі көтермегеніне 20-жылдан асты.Екеуміз балаға керек заттар алып жур екенбіз.Мен жерде алтын қызыл қасты сырға тауып алдым жанында екіншісіде жатыр екен.Қатты егіз туығым келіп журген.Нені білдіреді.

    1. Мөлдір шыныда сенің әпкең балалы болады. Саған да егіз қызды сыйға беріп жатыр екен құдайда. Шүкірлік қылыңдар, ата-баба бастарына зияраттап тілек тілеңдер.

  8. Ассалаумағалейкім егер айел адам босанар алдында қанжар (пышақ)көрсе нени білдіреді

    1. Уағалейкумссалам! Әйел адамы қанжар көрсе өмірге бір текті ер бала келеді.

  9. Сәлеметсізбе.мен түсімде озым араласып жүрген бір жігіт бар; соның отбасын көріп жатырмын, сонын ауылында уйынын алдында турмыз. Содан кейін сол уйге кыремыз бәріміз. Түпкі бөлмеде сол жігіттің мамасы намаз окып отыр, бірақ үстінде киім жок. Бірақ үстіне быр киімді апарып иыгына менің сол жыгытым жабады. Ал келесі болмелерде толган ер адамдар. Содан кейін менің жыгытым быр ер адаммен бірге быр аттың устыне отырып үйдің ішінде жур. Содан кейін ол аттан жанындагы ер кысы тусып каладыда онын орнына мен отырамында сол атпен далаға шығамыз, (ол аттың түрі ешекке ұқсайды, бірақ быз соны аттың құлыны деп жатырмыз) содан кейін есік алдына шығып сол атпен, содан сон быз тусып каламыз ол аттан»мынау аттың быр жерін дурыстауымыз керек»- деп жатырмыз. Сол аттан тускен жерде менын агамнын баласы бар 3жаста сол жур екен. Ал жаныма карасам улкен зәулім уй салынып жатыр, тек жогаргы кабатынын кішкене жері бытпей калган. Осы түсімді неге? Калай жорысам болады? Айтып бересізбе?

    1. Салтанат бұл түсіңде көп ақпарат қамтылған екен. Саған ең маңыздысы осы жігітпен бақытты ғұмыр кешесің деген белгі болады.

  10. Бірақ сол жаңағы атка кайта отырып ары карай журемыз деп жатырмыз. Тек быр жерін жөндеу керек деп үйдің ішінен сол атпен шығып, аттан түсіп, кайта отырамыз деп жатырмыз. Сол атты жондеп жаткан кезінде оянып кеттім

  11. Сәлеметсізбе аға! мен тусимде унеми жалгыз жургенимди коремин, менин киеуим кайда деп сурак коямын, озим турмыстамын, бугин шикі етти осып жатканымды кордим касымда әкем бар оган кишкентай бөлігін берип, озиме улкенин алып жатыр екенмин, танга жакын тагы тус кордим ак той койлегин киип турмыска шыккалы жур екенмин,мен осы тусти жиі коремин, және жалгыз жургенимди де жиі коремин, осыны жорып берінізші өтініш.

    1. Майра бұл сенің күйеуіңмен арада некенің жалғанбай тұрғаны. Шикі ет аурумен байланысты. Күйеуіңмен бірге әулие-әмбилерді аралап шығыңдар сонда бәрі орнына келеді.

  12. Ассалаумағалейкум Анам мени дуниеге акелерде жылтыр пышак корипти . Акемде пышак корипти брак бреуди куып журипти 2уинин туси не билдирет анамдыкын болек акемдикин болек аитсаныз.

    1. Уағалейкумассалам Батыр; Анаңның да әкеңніңде көргені бір жағдай. Сенің өмірге ер мінезді болып келуіңмен байланысты. Сондықтан атыңды Батыр деп қойған болар. Әуеңнің көргенінде сәл еркешлік бар, Сенің рухани батыр болады, қаралықпен күресе алатын ата дәстүрін меңгеріп, бақсылықпен қара жындарды жеңетін ұл болады деген белгі болар. Ал сен оған лайық бола алдыңда, әлде өзге елдің таңсыңғына құмар болып шала қазақ болып жүрсіңбе оны өзің пайымда.

  13. Саламатсызба! Түсімде аяғым ауыр екен. Мен босана алмай жатырмын. Бұл ненің белгісі? Рахмет!

    1. Людмила. Егер күйеуде болсаң, түсіңдегі жүктілік бұл құдайдың сыйы болады. Ал босана алмай жатқаның саған ескерту, шариғатты тазалықты сақта, етегің , жаулығың бой жарығың дұрыс болсын деген белгі болар.

  14. Сәлеметсізбе Тоқберген!

    түсімде машинамен отып бара жатып, бір әулиенің басын көріп,соган бұрылып, кірер алдында дәрет алатын орын іздедім.Мына киімің дұрыс емес деген дауыс естілді. Кесене екі болмелі. Екінші болме плюш пердемен бөлінген, аздап қозғалып кір деп, белгі бергендей…
    болмеге кіруге жүрексініп тұрғанымда, бір жас жігіт бастап алып жүрді, сырты плюшпен (плюштын тус1 өте әдемі) капталған ұзын диванға отырып, жан-жағыма қарадым. Басына қалпақ тәрізді киімі бар, бір ата көзіме елес сиякты корінді…
    Осы түсімді жорып беруіңізді сұраймын?

    1. Нара; Саған әуелі киімңді дұрыста, ата дәстүріне сай бол және дәретсіз жүрме деген ескерту болады. Соынмен бірге әулие әмилерді арлап осы атаның басынан да ризалық батасын алуың керек.

  15. Сәлеметсізбе, мен түсімде Қазақстан президенті Н.Назарбаевты көрдім, ас жасап бір дастарханның басында отыр екенбіз. Бұл ненің белгісі? Алдымда үлкен сынақ тұр, соның белгісі ме? Рахмет!

    1. Айгүл; Назарбаевпен дастархандас болсаң мәртебең өсіп, кенелесің. Ал алдыңда тұрған сынақты әулие-әмилердең басынан құдайдан тілеу тілеп жеңілдігін сұрасаң оңдылықпен шешіледі.

  16. Саламатсызба тусимде терезеден бир жумырка домалап тустыда подвалдаекен деимын жарылып ишинен сары балапан канаты узын шыгып уша алмаиды мен оны куып езбекшы болам оианып кеттым бырак жаксы конылментурдым улкен рахмет

    1. Ардақ; Саған терезеден құдай сый берген екен сен оны езбекші болып жүргенің, жындылық мінезіңнен болып, тақуалықты ұстануды да ескертеді. Ата дәстүрін, шариғатты ұстанып меңгерсең онда құдайдың нығметіне бөленесің.

  17. Сәлематсызба Тоқберген, мен түсімде азу тісім түсіп қалыпты, ол тістің іші біртүрлі жауырынның сүйегі сияқты екен, іші кішкентай құрттардан толып кетіпті,қасымда қызым бар екен деймін, оған тісімді көрсетіп, тістің ішін тазалап түскен орнына кері салып койыппын.Осы түсімді жорып берсеніз,алдын ала Рахмет.

    1. Эльмира ханым; Бұл түсте сенің ағайындарыңда жақындарыңда болатын сынақты ескертіп сенің ата дәстүрін ұстану арқылы оны құтқарып, тазартушылық емшілік қасиетті сенің меңгере алатыныңды қызыңда да өзіңе ұқсас қасиетіліктің барын білдіреді.

  18. Түсімде тісім түгел үгітіліп түсіп жатыр екен аппак ұнтақ болып, оны аузымнан түкіріп шығарып жатыр екенмін, бұл түсті қалай жоруға болады? Рахмет.

    1. Ербол тістің үгітілуі бұл сенің жақындарыңдағы болып жатқан жағдай. Олардың өз жанын, өздері жеп жоғалтып жатқанына белгі. Ата дәстүріне келуге ағайындарыңды насихатта.

  19. Ассалаумагалейкум ага тусінде жаңа көшіп барған үйінде таракан қаптап кетсе не болады екен???

  20. Салеметсиз бе? Тусимде танымайтын еки ер кисимен сойлесип кулип турмын

    1. Айгеріим; Ол еркектер қандай киімен? Ол маңызды. Егер қара түсті киімен болса онда абай бол деген белгі. Сенің тазалығың өрсің бұзылғаны деген белгі. Ол үшін шариғатты берік ұстап, жаулық етек жең де ата дәстүріне сай болу керек.

  21. Ассалаумагалейкум Токберген ага мен тусимде 1 ай бурын журми калган кызымды кордим, кимдеримиз жаксы кыскы ким менде озимнин пальтом кызда жасыл курткасы и бас ким. Ак холодилник сиякты бир заттын касында бирак уйдин киреберисинде турк кыз маган жаксы создер айтып кулип тур шашын адеми болып кетипти озгерипмин деп.
    (Екеумиз тосектес болганбыз бирге турганбыз шамалы уакыт ол казр баска калада окуда осы информация тус жоруга керек шгар деп оайладым)

    1. Нұрхан; Дұрыс нақты ақпратарды беріп жорытқаның. Саған сол қызбен қосылсаң дұрыс болады деген белгі. Кимдеріңде (бойлық өрістерің ) дұрыс болады екен.

      1. Менин тусимди жорып берсениз тусимде ылги базарда журем осы жолы пышак карап журмин коп пышактар ар кайсы ар турли бирак бари улкен пышактар бари откир бир жагы ара сиакты пышактарда бар кайсыны аларымды билмей журмин.

        1. Айжан шариғаттың базарына кіріп, ата дәстүрін ұстансаң текті ұлды сыйға ласын түбінде.

  22. Мен түсімде үйімде ұйықтап жатырған төсегіміздің бас жағында жүні жалбыраған егде үлкен арыстан отырғанын көрдім. Ешкімге тиіспейді. Өзімен өзі бір тесіктен шығып пайда болған екен. Мен оянып оған карасам олда маған жақындап ұзак қарап отырғанда жан жағыма қарасам цирк аренасы екен. Осы түсімді жорып берсеңіз. Алдын ала рахмет.

    1. Гүльназ арыстан сенің бас жағыңда түрса, бұл сенің күзетшің әрі аруақтан қолдау, болашақ өмірге әкелітін ұрпағыңда текті болады.

  23. Ага мен тусимде унатып енди бастап сойлесип журген кызымды кордим сол кыз маган сойлеспаяк койайкшы кездеспикши деп айтып жур кай жерде турганымызды билмим кимдеримиз обычный кара курткалар.

    1. Нұржанат саған ол қызбен шынында кездесіп керегі жоқ деген белгі бұл.

  24. Саламатсыз ба? Тусимде менин аягым ауыр екен тек айтып жатыр екенмин кеше ештене болмаган еди гой бугин калайша бир кунде ишим осип еткен деп таныркап жатыр екем озим турмыста емеспин, озимди таза устаймын. Ага жорып беринизши.

    1. Бибінұр; Түсіңде аяғың ауыр болып жүрсе бұл рухани тұрғыда жүктелу. Қанша тазалықты сақтағаныңмен, дүние тұрғысында бір жағдайды әрккетерді, еркектік образдарды жақсы көрмей тұрмайсың. Осындай жағдайда сенің рұқтық қуатпен жалғануың болған. Саған әулие-әмилерді аралап болашақта өмірге дұрыс ұрпақ әкелу үшін, құдайдан тілеу тілеу керек.

  25. Саламатсыз ба? Ага ,мен түсімде оте жаксы коретин татемди кордим. Екеумиздин колымызда кумис билезик бар екен соны татем маган сеники қалынырак екен деп айтп жатр
    Жане тагы бир тусимде маган бұрынғы сойлескен жигитим куда тусип келипти басында жалгыз келди сосын кымбат қымбат еки уш коликпен туысқандарымен келипти бирак мен баска бир жигитпен кушактасып отрмын алдын ала Рахмет жауабын кутем

    1. Гүльжанат; Қолыңда күміс білезік болса қолыңның қасиеттілігі. Ақ білектлігің болады. Саған жеңді кең, қолда білезік, бас аяқ жабық, еткті болуың міндетті болмақ. Ал енді бұрынғы жігітің құда түсіп келіп жатаса көп ұзмай күйеуге шығасың. Ал басқа жігітіңнің сипаты қандай, киімі қандай бұл сондай жағдайға байланысты жорылады.

  26. Салеметсiз бе? Мен түсiмде танитын бiр жагдайы нашар айел адамды көрдiм. Ол айел менiн анамнын колындагы 3 алтын жүзiгiн аламын деп анамнан калмай анамды куып жүр екен деймiн. Сосын ол айел анамды куып жүрiп колындагы 3 жүзiгiн бiрдей алып алды, мен кайтаруга көмектесiп умытыла бергенде ол айел бул жүзiктер кайткен кунде менде болуга тиiс деп ауызна салып жутып жiберди. Сосын бетiмдегi безеудiн үстине кара жара пайда болыпты деймiн. Осы түсiмдi жорып берсенiз. Рахмет ! 🙂

    1. Айка бұл анаңның тазалықты сақатмай қолы ашық жүргендіктен болар, қолындағы қуатын шайтан ұрлап жүргені. Ал сенің бетіңнің жара болып жатқаны шариғатты, ата дәстүрін сақтамай мүмкін жаулықсыз, шалбармен қолды ашып жүру әдетінен болар. Жара түгіл бещзеудің өзі ұяттық қызыл қуаттың әлсіздігенен пайда болады.

  27. Ассалаумағалейкум, түсімде аяғым жасамай калыпты, екі қолтығыма балдақ ұстап жүріп жүр екенмін, бұл ненің белгісі?

    1. Ербол уағалаейкумассалам! Аяғың қозғалмай қалса, саған аяққа мәсі киіп тазалықты ұстап, сосын әулие-әмбилерден ақталудан өту керек деген белгі. Аяқ тазармай Қаситеттің енбей жатқанынан болады.

  28. Сәлеметсізбе агай!мен түсімде от жаккалы жатыр екенмін деймін,касымда біреу отты тамызып лактыра салды,содан мен олай емес білай жағасың деп ағаштын басына ак гагаз орап от тамызып жагып жатырмын,не болат байтып беріңізші…

    1. Мира бұл сенің бойлық қуатыңның жетістігі. Бір оттың шаңырағының отын жағасың көп ұзамай.

  29. Салеметсиз бе? Мен жакында уйлендим.менин айелим котермей жур. тусинде кыз туыпты. Ол нени билдиреди.тусти жорып бериниз

    1. Аманғали; Көп ұзамай әйелің жүктеліп, қызды боласыңдар. Шүкірлік қылып аруақтарға арнап құран бағышатаңдар.

  30. салеметсізба аға? мен түсіме директор болыппын, мен әлі коп зат білмеймінгой деп қайғырып тұр екенмін, бұл ненің белгісі?

    1. Марзия; Ия сенің түбінде мәртебең өседі, соған дайындал, оқы ізден деген белгі.

  31. менің бір жұмыстасым түсінде аттарға мініп жүр екен , ол неніңбелгісі

    1. Марзия; Жұмыстасың атқа мінсе жын көлгінің тазарғаны, аянға жалғанумен байланысты. Түсіне абай болып жорытып орындауға салақ болмасын.

  32. менің мектебімде директор менің юбкамды сұрап жүр екен, бұл ненің белгісі?

    1. Марзия директорың еркек пе әлде қатын ба? Соны жазсаң сонда ғана жоруға болады

  33. Саламатсыз ба? Мен тусимде колдин ишинде улкен жылан кордим.мен сол колдин жанынан автобуспен отип бара жатыр едим алги жылан Маган карай келди мени куып жур мен кашып журмин уйиме жасырнып отырдым. Ол дау жылан есикти бар кушимен бузып кирмекши.сол тусти жорып беринизши?

    1. Роза саған абай болу керек. Сенің бой өрсің тесілген немесе жетілмеген болуы керек. Яғни сен шалбар киіп, еткксіз, немесе жаулықсыз, қол, төсті жалаңаш ұстайтын шығарсың? Саған етек жеңді , жаулықты дұрыстап 9-күн ғұсыл алып, әулие-әмилер басынан зияраттап өтуің де керек. Сонда жылан саған шабуыл жасамайтын болады.

  34. Сәлеметсіз бе. Мен түсімде қайтыс болган апамды кордим ол киси Қатты құсып отыр екен. мамам жетектеп орындықка отырғызды жорып берсениз.

    1. Аяулым қайтыс болған апаң қиналып жатқаны, сендер оның басын көтеруге құрбан шалып құран бағыштаңдар.

  35. Тусимде арыстан кордим жумысжакта журеди сосн мен есикти ашканда ол есике жугиреди мен оны есикпен кысп тастаим арыстан кыимылсыз калады сосн мен оны аягынан тартып жатканда кайтадан турп кетет

    1. Асхат; Арыстан сенің негізінде күзетшің киең болады. Оны сенің жының қабылдамай әлі дос бола алмай жатқаның. Сен Арыстан бабадан өтумен 41-әулиені арлауың керек.

  36. Ага арыстан жайлы сурайн деп едим жауабынызда сенин жынын кабылдамаи али дос болалмаи жатканын деп жазыпсыз сонда менин ишимде жын барма тусинбедим?7

    1. Асхат әр пенденің 8-жыны болады. Баста 4-еу, төменгі бөлікте төртеу. Сол 8-жынды бір ақылмен басқарғанда есті аталады. Жазбаларды оқы.

  37. Салематсызба ага? Мен турмыстагы аиелмын брак тусымде бурынгы жыгытымды кордым ол бреумен ұрысып жатр екен менің есыгымнын алдында сосын мен далага шыксам ол маган жабыса бастаиды бул ненің белгысы.? Алдын ала рахмет

    1. Гуля; Сенің бұрынғы жігітіңнің қайта байланысқа түсуге талпынып жүргені оның жындық көлеңкесі болады. Саған дәрет киім тазалықты сақтап әулие басынан зиратғаның да дұрыс болар еді. Сонда мұнан ажырайсың.

    1. Байбек; Бұл сенің әулетіңдегі ата баба аруақтырының тозақта жүрегенінен белгі. Құрбандық шалып аруақтарға құран бағыштату керек. Әулие-әмилерді зияртатау да керек. Сонда арты жақсылық болады.

  38. менің мектебімде директор менің көк юбкамды сұрап жүр екен, бұл ненің белгісі? Әйел кісі

    1. Марзия; Әйел кісі юбкаңды сұрапи жүрсе бой өрсінің жетілмей қыспаққа түсуіне белгі. Оған ескерту керек, шалбар кимесін, етегін ұзартсын.

  39. Саламатсызба менің аяғым ауыр еді, бір қайнысіңлім түсінде менің ұлды болғанымды көрген. Бұл ненің белгісі? Бірақ мен әлі не болатыны білмеймін.

  40. Рахмет сизге ага. Апайым бир түс корипти апайым екеумиз бир таудын жиегінде жур екен биз.бир кезде таудын басына шығып арғы жиегин қарасақ таудын жиеги толган қарақат екен.биз мәз боп арасына кирип жеп жатырмыз екен биз дейди.ол не екен?

    1. Аяулым; Таудың басына шығу рухани дәржелернің өсуі, Қарақат терсеңдер ол жанға несібе ризақ болады.

  41. Сәлеметсіз бе!Мен түсімде ұнатып жүрген жігітті көрдім ол костюм жалбар киіп алған, сосын қасында машинасы қолында гул бар.
    Екінші күні мандайымнан нəн қара бит алдым.

    1. Гүлжанат, Саған ұнатып жүрген жігітіңнің жар қылыуға лайық екенін білдіреді. Маңдайыңнан бит алғаның тағдырыңның тазаруы мен несібе болады.

  42. Саламатсыз ба ага! мен танда тус кордим. тусимде аягыма озимнин узын кара етигимди киип жатр екенмин, сол аягыма киіп койыппын ол таза, оң аягыма киеиін десем ол лай лай екен. солай кимей турмы, сосын бир кезде шашымды кыркып жатканымды кордим, осыны жорып беринізші.

    1. Майра бұл сенің оң аяғыңның өрісі тесіліп қара қуаттың еніп жатқан белгісі. Шашыңды қырқып жатасаң жаулықсыз жүріп қара қуат жинап жатқаның болар.

    2. 2.132.181.99 В ответ автору Майра.
      Майра бұл сенің оң аяғыңның өрісі тесіліп қара қуаттың еніп жатқан белгісі. Шашыңды қырқып жатасаң жаулықсыз жүріп қара қуат жинап жатқаның болар.

  43. тагы бир тусим суга кулап теніздің ортасында балыктан кашып жузип бара жатр екенмин касымда тагы бир ер адам бар, бирак ким екенин билмеймин.

    1. Майра; Теңізде жүзіп жүргенің тазарудан өтіп жатқанджарың болар. Тек қана балықтан қашқандарың әлі несібелеріңді алуға дайын емес. тазалық сәйкес еместіктен.

  44. Салеметсизбе. Жумыстасымнын атка 7 мини жургенине берген жауабынызга тусинбедик .

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *