Түс жори біліңіз

Бөлім: Түс-аян-уахи қағидалары 25680

Егер адам түсінде:

 Биікке немесе тауға шықса, жақсы. Ондай түс көрген кісі өңінде үлкен дәрежеге жетеді.  Жақсы көйлек кисе  — кісіге өңінде қуаныш әкелетін істің боларынан хабар береді.  Өзінің өліп қалғанын көрсе —  онда өңінде ұзақ жасайды.  Кісі  әйелдің қойнында жатса —  онда өңінде оның дәулеті артады.  Тыржалаңаш жүрсе — өңінде барлық қайғы-мұқтажынан арылады.  Басына тәж кисе — онда ол өңінде байлыққа ие болады.  Сүйікті адамдарыңның бірін құшақтау — бақытты болудың нышаны.  Жылаған болса – өңінде қуанады.  Аспанда тұрған айды көрсе — өте жақсы белгі,  мұратына жетеді.  Күнді көрсе — мерейі өңінде дұшпандарынан үстем болып, дәулеті тасиды.  Жұлдыздарды көрсе — балаларының дәрежесі жоғары болады.  Өзен көрсе —  кісі өңінде үлкен олжаға, пайдаға кезігеді.  Баққа кіріп, оны аралау — жақсылықтың белгісі.  Қызыл гүл көрсе — онда өңінде бай болады.  Бал арасын қуып жүрсе  — өңінде пайдаға жолығады.  Өлген кісіні көрсе қорықпаған жөн. Егер ол адам сөйлесер болса, онда ол шындықты айтады.  Суда жүзіп жүрген балықты көрсе — адам өңінде перзент сүйеді.  Өзінің ұйықтап жатқанын көрсе — онда өңінде жақсы табысқа жетеді.  Үйіне түскен ұрыны көрсе —  онда ол өңінде табыс табады.  Шашын алдыратын болса —  онда ол өңінде кедейленеді.  Керісінше шашы өсіп кететін болса, онда ол өңінде байиды.  Үйленген болса   — тілеп жүргеніне  жетеді.  Алтын көретін болса —  онда оған өңінде дәулетті кісілер демеу береді.  Жағымсыз иіс — өңдегі жайсыз істің нышанын білдіреді.  Қолын жуса — өңдегі мазасыздықтан арылу.  Көпірден өткен кісі —  өңінде өзінің жақсы қызметін қалдырып, одан да жақсы қызмет істейді.  Әлдекімді ұрып-соқса — онда дұшпанын кекетеді.  Ақ, жасыл түсті затты немесе суды көрсе — жақсы нышан.  Қара, қарақошқыл түсті затты немесе түтінді отты көрсе – жаман.  Тісін сындырып алу — өңде досын жоғалтып алу.  Ақ түсті киім кисе —  онда ол бұл дүниеде де, о дүниеде де сый-құрметке бөленеді деген сөз.  Сары түсті киім кисе —  онда ол өңінде өз ісіне қарай бірде жақсы, бірде жаман жағдайда болады.  Қызыл түсті киім кисе — онда ол өңінде ел билеген болады.  Қара түсті киім кисе — өңінде қайғыға ұшырайды.  Құс ұстап алатын болса —  онда ол өңінде үйленеді.  Кісінің басына құс қонатын болса, онда ол өңінде бір қызмет атқарады.  Қыранды көрсе — дәрежеге ие болады.  Көгершінді көрсе —  өңінде оның ісі оңғарылады.  Ақ қоян енсе — онда қыс қатты болады. Егер кісінің түсіне қара қоян енсе — онда қыс жайлы болады.  Ит қабатын болса — өңінде бір қатыгез адамның жаласына ұшырайды.  Ас ішсе — өңінде мол дәулетке ие болады.  Ет жесе —  өңінде ішіп-жемінің көбейгенін көреді.  Алма жесе —  өңінде тілегіне жетеді.  Балық ұстап немесе жеп жүрсе — өңінде дәулеті артады.  Жылан қуса —  әйелдердің арбауына түседі.  Сақалы ағарса — ауруға ұшырайды.  Үйі құлағанын көрсе —  ұрыс-керіс болады.  Пышақ қайраса — қауіп-қатер болады.  Аттан құлап қалса -қатерге кездеседі.

«Түсті көруінен емес – жоруынан қорық» демекші,  түсіңізді жақсылыққа жорысаңыз, жақсылыққа, жамандыққа жорысаңыз, жамандыққа қарай бұрылып кетуі мүмкін. Ең бастысы — түсім

Әр түрлі

*Түсте биікке немесе тауға шығу-жақсы: ондай түс көрген кісі өңінде үлкен дәрежеге жетеді.

*Егер кісі түсінде биікке шығатын болса, онда ол өңінде үлкен дәрежеге қол жеткізеді. Егер ол биіктен құлар болса, онда ол өңінде қапалы болады.

*Түсте жақсы көйлек кию кісіге өңінде қуаныш әкелетін істің боларынан хабар береді.

*Егер кісі түсінде өзінің өліп қалғанын көрсе, онда өңінде ұзақ жасайды.

*Егер кісі түсінде әйелдің қойнында жатса, онда өңінде оның дәулеті артады.

*Егер кісі түсінде тыржалаңаш жүрсе, онда ол өңінде барлық қайғы-мұқтажынан арылады.

*Егер кісі түсінде басына тәж кисе, онда ол өңінде байлыққа ие болады.

*Түсте сүйікті адамдарыңның бірін құшақтау-бақытты болудың нышаны.

*Түсте жылау-өңдегі қуаныш.

*Түсте аспанда тұрған айды көру-өте жақсы. Мұндай түс көрген кісі мұратына жетеді.

*Түсінде күнді көрген кісінің мерейі өңінде дұшпандарынан үстем болып, дәулеті тасиды.

*Түсте жұлдыздарды көру де жақсы. Ондай түс көрген кісінің балаларының дәрежесі жоғары болады.

*Түсінде інжу мен маржан көрген кісінің үйінен байлық үзілмейді.

*Түсте көрген өзеннің суы мөлдір болса, онда бұл-өте жақсы. Егер оның суы лай және ащы болса, онда ол жақсы емес. Ондай адам бір сәтсіздікке ұшырайды.

*Егер кісі түсінде таза суға сүңгитін болса, онда ол өңінде ақталып, ел қатарына қосылады. Егер кісі лай суға түсетін болса, онда ол өңінде қайғылы күйге душар болады.

*Түсінде өзен көрген кісі өңінде үлкен олжаға, пайдаға кезігеді. Егер адам түсінде өзеннен су ішер болса, онда ол өңінде мақсатына жетеді, құрметке ие болады.

*Егер кісі түсінде қасиетті құдықтан зәм-зәм суын ішсе, онда ол өңінде барлық күнадан тазарады.

*Егер кісі түсінде өзеннен су ішсе, патша болады.

*Егер кісі түсінде құдықтан, арықтан немесе көлден су ішсе, онда ол өңінде әкім болады.

*Егер кісі түсінде суда жүзіп ойнап жүрсе, онда ол өңінде әкім болады.

*Түсте суда жүзу және оны кешу-жақсы нышан, тек кісінің басы судан жоғары болуы қажет.

*Түсте баққа кіріп, оны аралау-жақсылықтың белгісі.

*Егер кісі түсінде баққа баратын болса, онда ол өңінде байлықты иеленеді.

*Егер кісі түсінде бақ пен дала гүлдерін көрсе, онда ол өңінде жұмақтағыдай күй кешеді.

*Егер кісі түсінде қызыл гүл көрсе, онда өңінде бай болады.

*Егер кісі түсінде өзіне беймәлім бақта қыдырып жүрсе, онда ол өңінде жұмақтағыдай күй кешеді.

*Түсте аяқтың семіп қалуы өңде саяхатқа шығудың белгісін танытады.

*Түсінде бал арасын қуып жүрген кісі өңінде пайдаға жолығады.

*Түсте өлген кісіні көрудің зиян жоқ. Егер ол адам сөйлесер болса, онда ол шындықты айтады.

*Егер кісіге түсінде өлген адам бірдеңе беретін болса, ондай ол өңінде ойда жоқта бірдеңе алады.

*Егер кісі түсінде одан өлген адамдар бірдеңе сұраса, ол өңінде шығынға ұшырайды.

*Егер кісі өлген адамды түсінде жақсы киімде көретін болса, онда бұл-жақсы. Егер кісі өлген адамды түсінде жаман киімде көретін болса, онда бұл жақсы емес.

*Түсте суда жүзіп жүрген балықты көру жақсы. Ондай түс көрген адам өңінде перзент сүйеді.

*Егер кісі түсінде өзінің ұйықтап жатқанын көрсе, онда өңінде жақсы табысқа жетеді.

*Егер кісі түсінде балық ұстап немесе жеп жүрсе, өңінде дәулеті артады.

*Егер кісі түсінде аспанға көтерілсе, онда өңінде әкім болады.

*Егер кісі түсінде жаңбыр жауғанын көрсе, онда ол өңінде табысқа кенеледі.

*Егер кісі түсінде салқын жел есіп тұрса, онда ол өңінде жақсы да жайлық тұмысқа шығады.

*Егер кісі түсінде үйіне түскен ұрыны көрсе, онда ол өңінде табыс табады.

*Егер кісі түсінде шашын алдыратын болса, онда ол өңінде кедейленеді. Егер кісінің түсінде шашы өсіп кететін болса, онда ол өңінде байиды.

*Түсте үйленген жақсы. Ондай түс көрген кісі өңінде тілегіне жетеді.

*Егер кісі түсінде күміс ақша санайтын болса, онда ол өңінде байиды.

*Егер кісі түсінде алтын көретін болса, онда оған өңінде үлкен әкімдер шапағатын тигізеді.

*Егер кісі түсінде бақыр ақша санайтын болса, онда ол өңінде дұшпанының даттау сөзін естиді.

*Ерде кісі қыстыкүні түсінде жасыл жайлауды көретін болса, онда оған құдайдың мерейі түседі. Егер кісі жаздыкүні түсінде қар көретін болса, онда ол құдайдың қаһарына ұшырайды.

*Түстегі жағымсыз иіс-өңдегі жайсыз істің нышанын білдіреді.

*Түсте қол жуу-өңдегі мазасыздықтан арылу.

*Егер кісі түсінде құс ұстап алатын болса, онда ол өңінде үйленеді.

*Түсінде көпірден өткен кісі өңінде өзінің жақсы қызметін қалдырып, одан да жақсы қызмет істейді.

*Егер кісі түсінде Нұх пайғамбарды оның жайдары қалпында көрсе, онда ол өңінде ұзақ та дәулетті ғұмыр кешеді.

*Егер кісі түсінде ағаш тасып жүретін болса, онда ол өңінде байлыққа кезігеді.

*Егер кісі түсінде әлдекімді ұрып-соқса, онда дұшпанын мұқатады.

*Түсте семсер немесе мылтық көру (ұстау) кісінің өңінде табыс тауып, дәулеті таситынын білдіреді.

*Түсте біреуді сабау өңде дұшпандардан үстем болып шығумен пара-пар. Ал, егер де кісі түсінде әлдебіреулерді өлтіретін болса, онда ол өңінде мақсатына жетеді.

*Түсінде біреуден таяқ жеген немесе таяқтан өліп қалған жақсы емес. Ондай жағдайда құрбандық беруге тура келеді.

*Егер кісі түсінде Меккеге барса, онда ол өңінде барлық тілегіне жетеді.

*Егер кісі түсінде Мұхаммед пайғамбардың қабіріне мәнәжіт етсе, онда оның өңінде дәрежесі өседі.

*Егер кісі түсінде азан айтып, намаз немесе құран оқыса, онда өңінде оның дәрежесі өседі.

*Егер кісі түсінде емен ағашын көрсе, онда ол өңінде өзінің сүйікті адамынан хабар алады.

*Егер кісі түсінде қарағайды көрсе, өңінде сүйіктісімен табысады.

*Егер кісі түсінде қайыңды көрсе, онда ол өңінде табысты болады.

*Егер кісі түсінде түтінсіз от көрсе, онда ол өңінде байиды.

*Егер кісі түсінде қарақошқыл түтін аралас от көрсе, онда бұл жақсы емес.

*Түсте ақ, жасыл түсті затты немесе суды көру-жақсы нышан.

*Түсте қара, қарақошқыл түсті затты немесе түтінді-отты көру –жаман.

*Түсте тісін сындырып алу-өңде досын жоғалтып алу.

*Егер кісі түсінде бір қабырғасының алынып қалғанын көрсе, онда ол өңінде әйелінің өлгенін көреді.

*Егер кісінің түсінде күрек тісі сынатын бола, онда оның әйелі қатерге ұшырайды. Егер кісінің азу тісі сынса, онда оның балаларының бірі қатерге ұшырайды. Егер кісінің түсінде ең түпкі азу тісі сынатын болса, онда оның өзі бір қатерге кезігеді.

Активтігі: 17%

* Егер кісі түсінде көк түсті киім киетін болса, онда өңінде барша тілектері қабыл болады, мұратына жетеді.

*Егер кісі түсінде ақ түсті киім кисе, онда ол бұл дүниеде де, о дүниеде де сый-құрметке бөленеді.

*Егер кісі түсінде сары түсті киім кисе, онда ол өз ісіне қарай өңінде бірде жақсы, бірде жаман жағдайда болады.

*Егер кісі түсінде ақсары түсті киім кисе, онда ол -өте жақсы: оның өңінде барша тілектері орындалады.

* Егер кісі түсінде қызыл түсті киім кисе, онда ол өңінде ел билеген баятық болады.

*Егер кісі түсінде қара түсті киім кисе, онда ол өңінде қайғыға ұшырайды.

*Түсте ақ, жасыл түсті затты немесе суды көру-жақсы нышан.

*Түсте ақ, жасыл түсті затты немесе суды көру-жақсы нышан.

*Түсте қара, қарақошқыл түсті затты немесе түтінді-отты көру –жаман.

Активтігі: 14%
Құстар

*Егер кісі түсінде құс ұстап алатын болса, онда ол өңінде үйленеді.

*Егер түсінде кісінің басына құс қонатын болса, онда ол өңінде бір қызмет атқарады.

*Егер кісі түсінде самұрық құсты көрсе, онда өңінде оның басына бақыт, байлық, дәулет қонады.

*Түсінде қолына қаршыға немесе басқа бір кішкене құс ұстаған кісі өңінде дәулетті болып, бала сүйеді.

*Егер кісі түсінде таусты (қырғауыл тұқымдас ұзын құйрықты әдемі құс) көрсе, ол өңінде асқан сұлуға үйленеді.

*Егер кісі түсінде түйеқұсты көрсе, онда ол өңінде ақылсыз, надан адамдармен істес болады.

*Егер кісі түсінде қарақұсты көрсе, онда өңінде байлыққа кенеледі.

*Егер кісі түсінде қыранды көрсе, онда ол дәрежеге ие болады.

*Егер кісі түсінде лашынды көрсе, онда өңінде оның байлығы тасиды.

*Егер кісі түсінде қаршығаны көрсе, онда өңінде бақытты, дәулетті болады.

*Егер кісі түсінде тұрымтайды көрсе, онда ол өңінде тілеген тілегіне жетеді.

*Егер кісі түсінде тазқараны көрсе, онда ол өңінде дұшпандарын тізе бүктіреді.

*Егер кісі түсінде жезқұйрықты көрсе, онда ол өңінде қадірсіз болады.

*Егер кісі түсінде күйкентайды көрсе, өңінде қапа болады.
*Егер кісі түсінде көгершінді көрсе, онда өңінде оның онда ол өңінде ісі оңғарылады.

*Егер кісі түсінде көкекті көрсе, онда өңінде оның жоғы түгелденеді, табысы артады.

*Егер кісі түсінде қараторғайды көрсе, өңінде ол қуанышқа бөленеді.

*Егер кісі түсінде шымшықты көрсе, онда өңінде оның ісі оңғарылады.

*Егер кісі түсінде қырғауылды көрсе, онда өңінде барлық ісі ойдағыдай орындалады.

*Егер кісі түсінде сасық көкекті (бәбісек) көрсе, онда ол өңінде тілеген тілегіне жетеді.

*Егер кісі түсінде қазды көрсе, онда түсінде оның азық-түлік қоры көбейеді.

*Егер кісі түсінде үйрек көрсе, өңінде досының ісіне сүйсінеді.

*Егер кісі түсінде тауық көрсе, онда өңінде мұқтаждықтан құтылады.

*Егер кісі түсінде қумай құсты көрсе, онда өңінде тұрмыстың барлық мұң-мұқтажынан арылады.

Активтігі: 12%
Андар

*Ешқандай зиян-залалы болмаса түсте жылан көрген де жақсы.

*Түсінде өзін жылан қуып жүргенін көрген кісі өңінде зымиян қатындардан сақтану керек.

*Түсінде айдаһар көрген кісі өңінде бір мықты бастықты көреді.

* Егер кісі түсінде пілге не айдаһарға, арыстанға не жолбарысқа, барысқа мінсе, онда ол өңінде барлық жауларды тізе бүктіреді.

*Егер кісі түсінде қасқыр көрсе, онда өңінде дұшпанын арттырады.

*Егер кісі түсінде түлкі көрсе, онда өңінде оның адал досының орнын алаяқ алдампаз басады.

*Егер кісі түсінде доңыз көрсе, онда ол өңінде дұшпандарымен айтысып, тартысады,

*Егер кісі түсінде аюды көрсе, көлденең олжаға оралады.

*Егер кісі түсінде қоян көрсе, онда өңінде барлық тілектеріне жетеді.

* Егер кісі түсіне ақ қоян енсе, онда қыс қатты болады. Егер кісінің түсіне қара қоян енсе, онда қыс жайлы болады.

*Егер жолаушылап келе жатқан кісі түсінде түлкі көретін болса, онда өңінде оның жолы болмайды, ал егер ол түсінде қасқыр көретін болса, онда өңінде оның сапары сәтті болады.

*Егер кісінің түсінде ит қабатын болса, онда ол өңінде бір қатыгез адамның жаласына ұшырайды.

*Егер кісі түсінде ит көрсе, онда ол өңінде кішігірім уайымға түседі.

*Егер кісі түсінде ит қапса, онда ол өңінде кішігірім шығынға ұшырайды.

*Егер кісі түсінде таутеке мен құлжа көрсе, онда ол өңінде тұрмыстың тауқыметін тартпайтын болады.

Активтігі: 13%
Төрт — түлік

*Егер кісі түсінде атқа мініп, одан құламай, өзі түсетін болса, онда бұл жақсы. Өйткені халық түстегі атты өңдегі арман-тілекке балаған. Түсінде атқа мінген кісі өңінде арман-тілегіне жетеді. Егер де адам түсінде мінген атынан құлап қалса, онда ол жақсы емес, алда қауіп-қатер бар болғаны.

*Түсінде кісі ерттеулі атқа мініп жүрсе, ол өңінде тілегіне жетеді.

*Егер кісі түсінде атқа мініп көкпар тартса, онда ол өңінде болыс болады.

*Егер кісі түсінде жабайы жылқыға мінсе, онда оның өңінде мал-мүлкіне зиян келеді.

*Түсте қой (отарын) көрген кісі өңінде халықты көреді. Сондықтан ел мұндай түсті жақсы деп есептейді.

*Егер кісі түсінде қой көретін болса, онда ол өңінде басшы қызметке тұрады.

*Егер кісі түсінде қой көрген болса, онда оның барша тілектері орындалады.

*Егер кісі түсінде ешкі көрсе, бұл жақсы емес.

*Егер кісі түсінде түйеге мініп жүрсе, онда ол-жақсы. Өйткені түйе-ұлық жануар. Түсінде түйеге мінген кісіні ұлы әулиелердің өзі желеп-жебейді. Жалпы, түсте көлікке мініп, құламай жүру-жақсы.

* Егер кісі түсінде түйеге мінетін болса, онда оны әулиелер қолдайды.

* Егер кісі түсінде қоңды түйеге мініп жүрсе, онда ол мұратына жетеді.
* Егер кісі түсінде қоңсыз, көтерем түйеге мініп жүсе, онда бұл жақсы емес.

*Егер кісі түсінде өзін қуып жүрген бураны көретін болса, онда ол ісіне қарай өңінде я жақсылыққа, я жамандыққа кезігуі мүмкін.

*Егер де кісіні түсінде келеге түсіп, жараға бура қуалайтын болса, онда ол құдай атына құрбандығын беру керек. Өйткені оның түсінде көрген -әзірейлінің өзі.

*Егер түске семіз сиыр енетін болса, онда арзаншылық болады. Егер түске арық сиыр енетін болса, онда қымбатшылық болады.

*Егер кісі түсінде қоңды сиыр малына (өгіз, бұқа) мініп жүрсе, онда оның билігі өңінде барлық халыққа жүреді.

*Егер кісі түсінде есекке мініп жүрсе, онда бұл өте жақсы.

*Егер кісі түсінде есекке мініп жүрсе, онда ол сол күні-ақ дәрежеге ие болады.

*Түсте доңызды, қасқырды, қабланды, жолбарысты көру және оларды өлтіру-өңде дұшпаннан үстем болуды білдіреді. Егер бұл хайуандар кісіге ешқандай жамандық жасамайтын болса, онда ондай түс жаман емес. Түсте бұл жануарларды өлтіру-жақсы: ол өңде жауды жеңумен бірдей. Егер де кісі түсінде осы аталған хайуандарға мініп жүретін болса, онда оның дұшпандарының қолға түскені.

Активтігі: 14%
Тағамдар

*Түске бидай, арпа кіретін болса, онда азық-түлікке арзаншылық болады деген сөз.

*Егер кісі түсінде ас ішсе, онда ол-өңінде мол дәулетке ие болады.

*Егер кісі түсінде піскен ет жесе, онда ол өңінде ішіп-жемінің көбейгенін көреді.

*Егер кісі түсінде палау, мәнті жеп, сүт ішсе, онда ол өңінде барлық тілегіне жетеді.

*Егер кісі түсінде құрма жесе, онда ол өмірде ұзақ жасайды.

*Егер кісі түсінде жүзім жесе, онда оның өмірде бағы жанады.

Егер кісі түсінде қауын немесе қарбыз жесе, онда оның досы байиды.

*Егер кісі түсінде алма жесе, онда ол өңінде тілегіне жетеді.

*Егер кісі түсінде шабдалы жеп жүрсе, онда ол екі дүниеде бірдей шат-шадмар ғұмыр кешеді. Бұл түс өңге айналу үшін аз дегенде бір күн ораза ұстау керек.

*Егер кісі түсінде грек жаңғағын жесе, онда өңінде оның ішім-жем қоры мол болады.

*Егер кісі түсінде анар жесе, онда ол өңінде байиды.

*Егер кісі түсінде бидай көрсе, онда ол өңінде тілеген тілегіне жетеді.

*Егер кісі түсінде тары көрсе, онда ол өңінде бақытты болады.

*Егер кісі түсінде балық ұстап немесе жеп жүрсе, өңінде дәулеті артады.

1 345 thoughts on “Түс жори біліңіз

    1. Гүлмира; Москвада циркте жүрсең онда орыс мінез тілді тыйғаның дұрыс болар.

  1. Сәлеметсізбе аға! Мен сізге 2тус жайлы айтайын деп отырмын. Бірінші түсті мен кордым. Ал екіншісі мамадыкы.
    Біріншісы: менің жүріп журген жігітім бар соны көрдім. Бәйге болып жатыр екен, менің жане жігітім сол жерде жур екенбыз. Аттар шауып келе жатады жане мәреге жақындаганда тек 2 ат калады. Екеуініңде үстінен адамдар тусып калады. Быр ат тура мәреге жакындаган кезынде шаршап тоқтайды ал екіншісі устынде адам жок болсада мареге қарай кетіп бара жатыр. Сосын мен жігітімнын жанына келып турамын. Ол айтады маган «машинамды анау кісілерге ашып бершы есыгын, Оларга кілтті бермим»- деп айтып жатыр. Содан кейін маган кілтті береді колын созып, бірақ сосын кайтадан айтады болды мен осы жақтан пультты басам озы ашылады жанына барсан деп. Жане онын машинасы тура сол аттар айналып шабатын алаңнын ортасында тур. солай айтып жаткан кезде оянып кеттім.
    Екінші тус мамам көрген: менын жігітімнын мамасы менің мамамнын жанына машинамен келып туседы (грузовой машина аппақ). Тускен кезынде мамам жане бір көріпкел тате (ол менің маманын жумыста ыстейтын құрбысы) сол екеуі менің жігітімнын мамасына амандасады. Сол кезде менің жігітімнын мамасы менің мамады онша жақтырмай амадасады. Содан кейін менің мамамнын курбысы айтады «мынау кісі жактырмай тургой»- деп. Содан кейін менын мамам жане жігітімнын мамасы екеуі өздерінің ауылдарында кошеде (екеуі быр ауылдан) жігітімнын уйыне бара жатады. Менің мамам аттың үстінде ал анау кісі жаяу. Уйге бара жаткан кезынде екеуі оте жақсы, жайдарланып,күліп сөйлесіп келе жатады. Менің кайтыс болган нағашы апам жайлы сурайды «Кезынде жаксы дос, сырлас болып едік сол кісімен»-деп менің мамама әңгімесін айтып келе жатады. Жолда келе жатып мамам оз үйін көреді 2кабыргасы кулап қалған екен. Содан кейін мамам мен жігітімнын мамасы екеуі уйыне барады. Есык кара қағазбен жабулы тур екен. Мамам мен жігітімнын мамасы есыктен емес терезеден кіреді. Бірінші жігітімнын мамасы кыреды терезеден, ал екінші менің мамам кыреды. Мамам терезеден кіріп бара жатканда жаңағы есыктегы кара қағаз тусып калады, ал есыктын тұтқасы жылтыр оте әдемі жіңішке сары алтын түсті. Үйдің іші оте жарық, адемы ақсары түсті. Үйге кырсе қонақ болмеде менің акем мен нағашы агам отыр екен (акем мен анам ажырасып кеткен). Содан сон менын акем мамамнан куырылган ет бершы деп сурапты. Мамам келесы болмеде турады, бірақ сұрағанын бермейды. Содан сон менің мамам мен жігітімнын мамасы баска болмеге кыреды, жігітімнын мамасы киымын ауыстырады. бидай өңдес оте адемы моншақтар жабыскан койлек киеды. Сол кезде мамам оянып кетыпты. Осы 2тусты калай жорысак болады??? Тарқатып айтып бересызбе??? Оте ұзақ болғаны үшін кешірім сураймын.

    1. «Анау кісі» деп жазганымнын бари жігітімнын мамасы. баска адам емес.

    2. Салтанат; Жігітіңнің бәгеге қатысып жүргені ата жолындағы рухани жарыс қасиетті меңгерумен байланысты. Саған көлігінің кілтін беріп жатса бұл екеуіңнің араларыңдағы туысқан жақындықтың белгісі. Ал енді Екінші түстегі жағдайдың бәрі қазіргі рухани өмірлерімен арадағы қуаттық алмасулармен байланысты. Бұл жерде аралас түс жобасы да анық аян емес. Сондықтан ішінен маңыздысын теріп қана жорылады. Қазір мұның терең білімін жазғанмен ол түсініксіз болады сендерге. Бұл жерде есіктен кірмей терезеден кіріп сосын үйдің ішіндегі жағдайлардың шариғатты, ата дәстүрін дұрыс ұстанбай осындай алыс беріс қатынсытың да дұрыс болмай жатқанына белгі. Негізінде жігітіңнің маасы жағында қасиетілік, тектілік қуаттың дұрыс бар екеніне де белгі.

  2. Саламатсызба агай! Мен тусимде ушып журмин! Бирак биреулерден кашып ушып журм. Бул ненин белгиси екен агай?

    1. Свеитлана; Түсіңде ұшып жүрсең жаныңның тазалғы қуатылығы болады. Ал біреулерден қашып жүрсең бұл қасиетіліктің жетілмегнінен тазалықтың, ата дәстүрін толық меңгермеуден болады.

  3. Ассаламалейкум ага тусимде кызыл машина алыпыз уй ишимиз машина коне екен сосн машина шукып жатканда 2 киси келеди касымда агам бар агама бирдеме аитады созин аитып болп «бир хабарын бересин деиди» сол созин аитып коимаит бул ненин белгиси рахмет.

    1. Асхат көлік алғандарың, аянға жалғанумиен тылсымның есігі ашылуымен байланысты. Ал екі ксі ағаңа жолығып жатса онда ағаңның орындамаған амантары бар ата жолында.

  4. Тусимде жер алыпыз бирак жер еки жерде екен кишкентай 2 жер бул ненин белгиси.рахмет

    1. Асхат түсіңде жер алып жүрсең, жер ананың рұқына жалғану несібемен де байланысты, негізінде жеті жерге жалғану керек.

  5. Салематсызба.!Күиеум тусмде баска аиелдын артынан ерып соган жабысып менын козыме шоп салып журды ол ненын белгысы екен

    1. Гуля; Күйеуіңнің басқа әйелге жабысып жүргені шайтан еріп жүргені болар соңынан. Оның тазалығы әйелінің тақуалығымен байланысты. Сен ақ жаулықты, етекті таза дәретпен шариғатты ұстанып жүрсең мұндай жағдай болмайды.

    1. Жындық, шайтандық жаратылыспен байланысты тазармаған қара күшпен, теріс ақпаратармен адамзаттың еркімен, жануарлар әлемімен байланысты тылсымдық жүктерді айтады.

  6. Ертеректе түсіме президент кіруші еді, қазір әнші Мейрамбек Беспаев кіреді.

    1. Сарқыт; Онда шайтаның өсіп кеткені болар. Шариғаттың тазалғын, ата дәстүірін толық ұстанбағандықтан болады. Қиямет мезгілінде әйелдерден әнші көп болады деген ғой.

  7. Кайырлы кун!!! Тусимде жол журем деп поездга улгерми артынан жугиремин. 2-3рет кайталанды.унеми поездга жугирип улгерми калам. Тек касымда адамдар озгереди бирде озим бирде курбыларыммен бирде акем иниммен. Не магына билдиреди екен?

    1. Айжан, Поез деген керуен. Бұл ата жолына шығуға, ата дәстүрін ұстануға сенің жағдайың, тазалығың ықласың болмай жэүргені болар. Қасыңдағыларда сол сияқты.

  8. сол әнші шариғатты уағыздайтын әндер айтады, шынымен де солай шығар. шамам келгенше амалдар жасап жатырмын.

  9. Сəлеметсізбе Тоқберген аға. Менің түсімді жақсылыққа жоруға тырысынызшы, өзім қатты қорқып ояндым. Жұмысымда əйелі бар екі жас еркек мені ұнатып жүрген, мағанда қатты ұнайды. Бірақ əйелі, балалары барын естіп, шошып сөйлеспей қашып жүрмін. Бірақ түсімде соның біреуі звандапты деймін, звандаса майысып сөйлесіп отырсам, азу тісім мешать ете береді екен деймін сөйлесуге. Өзі орнынан қозғалып тұр екен деймін, сосын мен тартып жұлып алыптым. Сосын қан көлкіп тұрып, құйылып тұрып ағып жатыр, өзен сияқты. Сосын мамама жеделжəрдем шақыр деп айқайлап, йоды бар мақтаны тісіме қатты бастым, сөйтсем екі құлағымнан ақты. Мамаға айтып жатырмын көп қан кетті; мен талып қалсам, қорықпа деп шошып ояндым. Таңғы 5.30 да атып тұрдым тілімді кəлимаға келтіріп сол жағыма 3рет түкіріп, тəсбих оқыдым. Тұрып дəрет алып, Аятүл күрсі оқыдым. Сонда қаннан қатты қорқып, қорқынышым басылар емес. Жорып берсеніз.

    1. Ардақ түсті былай жоры деп тапсырспен жорымайды. Онда түстің киесі қашады керісінше сынақ болады. Сенің әйелі бар еркектермен байланыспай қашып жүргеніңде дұрыс екен. Егер байланыса қалсаң тұқымың бұзылып, арты қайғы-қасірет болады деп ескертеді. Аяныңа бекем бол, саған кімге жар болуды құдай аруақтар арқылы көрсетеді.

  10. Салеметсзбе! Тусмде бр мектептн ба ишинде кашып журм екен коп адамнан баспалдактардан секырып.устап алады сосн мен каита кашады екенмн.

    1. Гуля мектеп деген шариғат пен ата дәстүр білімі, әдебі ғой. Мұны сен ұстана алмай жүргеніңе ескерту беріп жатқаны болады.

  11. Мен түсімде қатты жүгірем да аяғым жерге тимей жоғары көтеріліп ұшып жұрмін.Өзіме өзім айтып қойамын. Маған қайтыс болған жолдасым көмектеседі деп. Қуған адамдарға жеткізбей бір көл сияқты судың үстінде тұрмын. Тек табаным ғана суға тиіп тұр.Табанымнан біреу жоғары көтеріп тұрғандай. тағы да айтып қойамын мені жолдасым көмектесіп көтеріп тұр деп. Бұл түсім өзіме бір күш беретін секілді.

    1. Гүльсары; Бұл сенің жаныңның жағдайы тазлығынан. Ия қайтыс болған жолдасыңның аруағы жәдем беріп жүргені де болар. Саған қасиетілікті меңгеру керек.

  12. Салеметсизбе мен тусимде кабаган иттер мени кауып,касыма дейин келип тистейиндеп аузын ашканда мен жагын айырып олтирем каттыыы киналып. Сосын тагы биреуи келед оныда олтирем 3-4 олтирип шаршап, коркып оянып кетем неге. Неше кун катарынан сндай тустер кордим

    1. Жаңыл; Бұл жағдай итердің яғни жындардың шабуылына ұшырап жатқаны біріншіден тазалықтан болады. Толық дәрет киімді сақтау керек. Сосын екіншіден; рұқтық күнәдан, ақталудан әулие-әмилерді құрбандық шалып, аралап өту керек.

  13. Саламатсыздарма.Мен тусимде аспанда ушып жур екенмин, аспанда ушу кандай магына береди.

    1. Сағыныш; Жанның босап еркіндікке шығумен періштелікпен байланысты. Саған міндетті түрде ата жолымен, аққулық қасиетті меңгеруің керек.

    1. Гүлжанат; Бұл әйелдік қуаттың жетістігмен байланысты.

  14. Кележатып шашылып жатқан заттарды көрдім көзіме көзібар нəрселер түсті көміп тастадым жаткан жеріне.Кайта айналып өтіп бара күміс білезіктерді көрдім мынау ал деп түрау деген ой келди де білезіктерді алып отырғанда қол ұршықты кордим,астынғы жағына үзын күстын канаты байланған алып атырмын болама деп касыма келип отырган таныс емес ападан кумис буйымдарды емес уршыкты алсам бола ма деп сүраган екем

    1. Аяужан; Саған бұл беріліп жатқан қол өнерлік қасиет. Қол өнерімен айналысыуың керек.

  15. Сәлеметсіз бе сізден сұрайын дегенім мен ұнататын жан маған үйлену үшін ата-анамнан рұқсат сұрап келіпті оған ата-анам қарсы емес

    1. Ақбөпе; Онда бұл саған ашық берілген аян. Ұнатқан жанға қосылу керек.

  16. Сәлеметсізбе, аға! Мен өткенде түсімде кыз босаныппын, бірақ тұрмыста емеспін. Кеше түсімде әпкем екеуміз алыс жолға шығайын деп жатыр екенбіз. Бәрі шығарып салып,бата беріп жатыр. Әпкем екеуміз тілек айтып жатырмыз. Жорып берінізші

    1. Амина; Түсіңде қыз босансаң онда бұл жаныңның көбейуі болады. Ал жолға шықсаң бата алып жатсаң зияртау керек әулие-әмилерді.

  17. Сәлеметсіз ба?! Мен түсімде әдемі қызыл сарафан сатып алыппын базарда жүр екенмин және бир жигитпен танысып олмен қаланы кыдырып жур екенмин. Ол қандай мағына береді?

    1. Айкерім; Қызыл көйлек сатып алсаң бұл өрісіңмен жәнен әйелдік жыныстық қуаттылықпен байланысты. Және жуық арда өзіңе жар болатын ер азаматыңмен танысасың.

  18. Салеметсизбе!мен тусимде, менин уиімде қонақтық болып жаткан екен деймін.Бір кезде қонақтар отырған бөлмеге кірсем коптен кормеген алыстагы баска калада туратын достарым келген екен. оз козиме озим сенбей бул шынымен сендерсиндерме? деп қайта-қайта сұрап қуанып жатыр екенмін және басқа қонақтарға таныстырып жатырмын!бир қызығы,Анамда сол куні уиге ағайындарымыз қонаққа келип жургенин корипти.

    1. Айзада; Қонақ берке ырыспен байланысты. Аруақтарға арнап құдайы тамақ бергендерің дұрыс болар.

    1. Айдос; Жасыл орманда жүрсең ұжмақпен байланыс, ата баба тегімен жалғанып жатқаның.

  19. «Салеметсізбе!!! мен түсімде қызым екуіміз 3.5 жаста магазигге кирип қызым көк түсті колясканы алып акшасын толемей алып шығып үйге акеліппіз сосын сіңлім кызымнын боғын раквинаға тогип акпай кетпей жатыр екен мен жүрегім айнып жууып жүрін кеттпей жағылып» рахмет

    1. РАЙГҮЛЬ; Бұл түспен саған, қызың арқылы несібенің келетін білдіреді.

  20. Сәлеметсізбе? Тоқберген аға. Мен түсімде біреудің баласын (шақалақ бөпе)қолыма алып емізіп жатыр екенмін. Омырауымнан сүт шығып жатыр -деп, таң қалып отыр екенмін. Бұл нені білдіреді,жорып бересізба?

  21. салеметсиз бе кеширерсиз мен тусимде аягым ауыр сиякты болды ишимды устаймын бирак дм жок екен ол нени билдиреди

    1. Зуля; Бұл жуық арда жүктелудің әрекеті болады деген белгі. Сондықтан оған дайындық тазалықты ұстану керек болар. Етекті, жеңді, жаулықты болсаң онда болшақ ұрпақтың дені сау болуына да кепілдік болады.

  22. Менің түсімде артымнан бір адамдар қуады. Кейде ер адам, кейде әйел адам. Екі-үш күн болды. Ол не үшін?

    1. Талғат; Артыңнан адамдар қуса бұл тозақтық болған ата-ана аруақтары ғой. Құрбан шал, құран бағышта сонда жалғанасың. Өміріңде жақсылықтар болады.

  23. Салеметсiзбе!мен тусiмде улкен аже шубатпен тагы ак бiрдене араластырып берiп жатыр.дамдi арi пайдалы Iш деп.соны Iшiп отырмын.жане козимди кызыл туске бояп журмин.булар ненi бiлдiредi

    1. Аягөз; Түсіңде ағарған ішсең онда білімділке. Саған ақиретің білімі көрсетіледі аян, түс болып. Сол үшін тазалықты сақта киім, дәрет толық болсын үнемі.

  24. Сәлеметсізбе менин папам бир түс корипти соны жорып бересиз ба?папам автобуссекилди дейди сонын ишинде 100 тг акша шашылып жатыр екен соны жинап жур екен.бир кезде автобуста бир киси папама озбектин домбырасын берип шертеаласынба депти.содан папам шертипти.бир кезде кафенин иши секилди боп кетипти сонын ишинде жулдыздар сиякты алги домбырамен ан салып жур екен.кафенин ишиндеде тиындар 100 50 тг усак акшалар шашылып жатыр екен соны терип жур екен.бир кезде касында агасынын бир улы жур дит соган бираз тиындар берипти ол бала ол коп болат аздау акша берсенизши деп алмай жур екен.сойтип тусин корипти.

    1. Аяулым; Папаңа бұл ата жолы арқылы келетін қасиет рухани қуат несібелер болып табылады. Домбыраның үнімен жұрты тазарта алатын бақсылық қасиетілік те болады.

  25. Саламатсыз ба! Құрбымның түсіне кіріппін. Айтуынша мен өте қатты мас екенмін. Не болады, жорып беріңізші. Рахмет!

    1. Асем мас болып жүрсең , саған мастықтан айғу керек. Ол үшін ата дәстүрін ұстанып, киім, дәретті толық сақтауың керек. Сосын 41-әулие әмилердің басынан зиратап өтсең мастықтан айығып, рухани өлімнен өтесің.

  26. Жеңгем тұсінде менің намаз окып жургенімді коріпті, жорып берінізші. Рахмет!

    1. Арайым; Бұл ашық аян, намазға жығыл. ол үшін киім дәретті дұрыста алдымен.

  27. Сәлематсыз ба Тоқберген! Мен бүгін түсімде, газель сияқты көлікте жазық даламен келжатыр екенмін. Қасымда бір- екі адам бар.Біреуді іздеп келе жатырмыз, бірақ өзім білмеймін кімді екенін. Бір кезде кішкене 10 шақты үйі бар ауылды көріп қалып газельдін терезесінен қолымды шығарып, әне деп көрсетіп жатырмын, қолымда желге желбіреген басқа тартатын орамылым бар. Ауылға келіп көліктен түстім оң жағымда үйге ұқсайтын магазин тұр, кішкене жүрсем аппақ киіз үй тұр екен, киіз үйдің жарында арапша көп сөздер жазылған, қасында ақ шапан киген кішкентай ата теріс қарап қолын сұртіп тұр екен. Киіз үйге кіргім келіп еді, біреу артымнан ол үйде кісі қайтыс болды соны шағарды деп жатыр екен. Мен соны естіп кері бұрылып кеттім. Түсімді жорып берсеңіз. Алдын ала рахмет.

    1. Эльмира ханым; біреуді іздеп келе жатқаның басы көтерілетін аруағы бар деген белгі, ал дүкен, сосын арапша жазылған сөздері бар киіз үй құран ұстаған атаңның барын меңзеп тұр, яғни сол атаңның қасиеті саған қонайын деп, саған ата жолында, ата дәстүрін меңгерумен, ізденуді тапсырып жатқан болар, ақ шапаны болса, ақ бақсылық қасиеті болғаны аталарыңның.

  28. Саламатсыздарма мен тусымде ак гул мен жане ат кордым ол ненын маганасын былдырет айтып жыбере аласыздарма

    1. Мейірбек; Ақ гүл көргенің болашақ жарыңның қасиетлігіне, ал ат көргенің өзіңнің жыныстық және ақыл қуатыңа белгі болады.

  29. саламатсызба мен түсімде ұзын қара түсті көйлек киген балгерге барыппын, оған алдына кіргенде бірдене беріум керек екен, бирак менин ешетемем жок сол кисиге киретін адамдар камыр жайып дайындап койыпты маған да солай истеп киресин дейди мен де сол камырды жайып койыппын кейн кайтарымда 3 алма жолдан алып бер дедим бир балаға мен онын биреуин жедим.кеин оянып кеттим жанагы балгер өнімде барып жүрген балгер бирак ол ак киім киіп отырады. түсімді жорып беринизши отиниш. Алдын ала рахмет сизге.

    1. Айсұлу; Саған нақты ишармен барып жүрген балгеріңнің қара дуамен де айналысатын ескертеді. Ол жұртың несібесін ұрлаушы екен. Абай бол. Сен онан бас тартсаң саған жолың басқа жақта іздегнің сол жолды бойында.

  30. аикандай мен сол балгерге алдына бардым да кара койлек кигенин кордимда алдына кире алмай кайттым кеин кирем деп

  31. Салеметсізбе? Мен түсімде турмыска шыгып кыз бала босанып алыппын.Бирак оз уйімде журмин. Ол ненин белгісі айта аласыз ба? Озим али турмыс курмаган кызбын.

    1. Гүлбақыт; Бұл сенің рұқ қуатымен жалғанып жаныңның көбейіп жатқаны.

  32. Саламатсызба. мен бүгін түсимде маган тесіліп карап тұрган көзді кориппин. бир орта жастагы айел адамга ұксайды шамасы дау екен, көздері бадырайып карап тур. онын үстине өзим жуктимин түсімде ішімді дәригер кескен екен баланы аламыз деп кести да баланы сол куйі алган жок бирак озим ауырганын сезбедим ишимнин. мен оларга урысып коям неге кесесиздер озимнин кушиммен босанатын едим го деп. содан оянып кетиппин. өтиниш түсимди жорип беринизши. алдын ала рахмет сизге

    1. Айсұлу; Саған тесіліп қарап тұрған көздер сені бақылап тұрған, аңдып жүрген жындық қуат болады. Жынмен жүктелуден абай бол деген белгі. Ол үшін де ата дәстүрін сақта киім, дәрет толық ұстан. Жалаңаш, жалаңбас, етексіз жүруші болма.

  33. мен алдын компьютерден жын шайтан кандай болады дегенди корип жүргем содан соны өзим корип алып өңімде коркып журдим. өзимди басып койып журдим нас суресин, өзим билетин сурелерди окып.түсімде содан мен жогары кабатка котерилип келе жатканымда 4 этаждын бир бұрышында тур екен жанагы жын, карангы, тусиме елес болып бир енди да өзи ак киім киіп алган жок болып кетти.коркып куйеуіме айкалап жибердим көмектес деп, содан жогары кабатта уйдин жарыгы жанып тур өзим тез кашып көтерилип уйге кирип барсам ол болса жатыр уйде телефонын карап келмеди көмекке, нени билдиреди екен бул нәрсе? енди өнимде бурынгы га караган да салде болсада корыкпайтын болдым жанагы жынды ойлап. тусимди жорип беринизшы отиниш…

    1. Айсұлу; Саған ақиреттік өмірдің сырын көрсетіп жатқаны. Шариғатты ұстанып ата жолында қасиетілікті меңгеруің керек. Бұл сенің ата-бабаңда ақ бақсылықты меңгерген аруақтардың барын оған жалғануды білдіреді.

      1. ол деген созди мен былай түсіндім ен болмаганда сурелерди жаттап дәрет дурыс таза болып журсе болдыма.

        1. Ия киім толық жабық, дәретті болу мұсылмандыққа жатады, бірақ мүміндік емес. Ата жолы ата дәстүрі мүміндікті меңгерумен байланысты.

  34. саламатсызба түсімде көзімнің қабағын қара — қызыл, қоңыр түске арласқан түспен бояп алыппын. білмей көзімді ұқалап жібердимда айнаға қарасам көзімнің астына жанағы бояу қатты жаман болып жағылып кетипти көзимнин астына да, содан оны сүртем деп аинаға карасам козімнің ортасында кишкентай бир кара нукте сияқты бирдене тур, және кишкентай бир нукте болып ірің тур соны ак орамалшамен алып тазалаватыр екенмін, артыма уялып карай алмай отырмын уялып бир улкен орындығы коп ғимараттың ишінде бирдене коруге барган екенбиз, отирмын группаластарымда артымда отырып маған сойлеп кояды кемситкен уксатып, бир уакитта козимнин бояуын тазалап сурттимде жанагы кемситип сойлеген группаласыма соз каитардым ол да уялып калгандай коринди бирак билдиртпей баскаларга сойлеп тиісіп жатыр. жанагы жерден шыгып кетип бара жатырмын алдыма жанагы 2 группаласымда түсип алган, ак тусти киінген кетип барад, менин касымда дос кызым бар оның колында пакетте 2 аяк киім бар биреуи кызыл,2шиси қара биік өкшели екеумиз кетип барамыз астановкага. содан не нарсе болды екен деп катты уайымдаймын. түсімді жорип беринизши өтиниш. рахмет алдын ала сизге.

    1. Айсұлу, көзіңді бояп алып жүргенің, көп нәрселерді аңғармай, түсіңнің бұзылып, аян алуға жете алмай, адасып жүрегніңді білдіреді. Бұл негізінде ұятсыздықтан ата дәстүрін ұстанбай ашық-шашық жүрумен, дәретсіздіктен болады. Көзіңде шөп тұрғанын, дұрыс сөз сөйлмеуден, ақылдың жетілмеуінен де болады. Сенің құрбыларыңның сенен озып бара жатқанын ақ киім кигені күнәдан ақталғандарын ал сенің соларға еруің керек екені ескертеді. Қасыңдағы құрбыңның екі түрлі аяқ кимді арқалап жүргені де оның екі түрлі тірлігі барын да (қаралықпен жынмен де байланысы барын) саған ескертеді. Мұны өзің бақылап көрересің.

  35. Сәлеметсізбе,менин апайым бир түс корипти. қайтыс болган апамды корипти ол киси апайым а карап жаксы корип кулип жур екен.кулгенине карап апайым тизесине басын қойып Қатты жылап отыр екен

    1. Аяулым; Қайтыс болған апайыңның басы көтерліп жарыққа шықаны болар.Апайыңның жылап жүргені жақындат қуаныш болады. Шүкірлік қылып құран бағыштатсын ол кісіге.

  36. саламатсызба менин мамам түсінде бир кара сиырдын мойынан уш жерден тилип едим кызыл қара кан шыкты, сосын ол пышакты алып койдым диди. не нарсе екен ол жорып беринизши отиниш.

    1. Айсұлу; Мамаңа ірі қара құрбандық шалу керек деген ескерту, оған шамаларың келмесе үш қойды құрбандыққа шалса да болады. Қатым құран шығарту да керек. үш жұртың аруағы көтерілуге белгі болады.

  37. Сәлематсіз! мен түсімде өмірден озған әкем ақ түсті, су жаңа джип машинасының рулин ұстап отыр екен, парковкада от алдырыпты. Парковкада машиналар тым тығыз орналасқан, сол парковкадан шығу үшін машинаны артқа қарай жүргізіп еді, абайсызда біреудің машинасын соқты, салонда мен, анам және меннен бір жас үлкен апам төртеуіміз отырдық. Әкеме мен айғайлап жатырмын. Бұл неге көрінді екен?

    1. Райса, бұл папаңның басы жарыққа шығып құдайдың алдында ақталып, енді қызметіне тұрғаны. Бірақ артында қалған төртеуіңнің ата дәстүрін толық ұстанбай жүргендерің кедергі келтіріп аманаты ақталмай тұрғаны болар. Құрбандық шалып, әулие-әмилер басына тілек тілеңдер. Сонда папаңның аруағы желеп жебеп жетекке алады сендерді.

      1. жауабыңызға үлкен рахмет. Алла тағала Сізді екі дүниеде де нығметіне бөлесін!!

  38. Саламатсыз ба?! Мен тусимде тау басында жүр екем суретке түсейін деп жатыр екем бирак дала қараңғы екен бұл нени меңзейді?

    1. Айкерім; Бұл сенің бес қуатпен жалғануыңмен байланысты. Дала қараңғы болса, әлі бойың толық жарыққа айнала қоймаған, жынан тазармаған. Дәретті, шариғаттың шарттарын толық орындап, ата дәстүрін меңгеруге тырыс.

  39. Сәлеметсіз ба. Менің түсімде күйеуім өте көп қойларды әкеліп маған үй салу үшін керегіңе жарат деп беріп жатыр екен. Ол қойлар қораға симай мен не істерімді білмей жүрмін

    1. Нұржамал; Қабыл болсын. Қой деген рухани қуат жанға азық қой.

  40. Салеметсиз бе тусимде бурынгы куйеуим мени кушактап суйетинын айтып жатыр. Мен де Оны кушактап алдым. Сосын Ол мени ванныда шомылдырды. Су кир болып кетти. Уйне барып мен устиме кызыл халатты киып коп пышактын ишинен озимнин пышагымды тандап алып тамак писиргели жатырмын. Енем комектесип жатыр маган. Бурынгы куйеуимен кушактасып жатканымды казирги куйеуим корип тур екен. Аягым ауыр негизи казир. Бул тус нени билдиреди екен. Алдын ала рахмет!

    1. Назкеш; Негізінде әйел жаны бес рет рұққа қосылады яғни күйеукге шығады. Сенің жаның бұрынғы күйеуіңмен байланып тұрғасын солай болуы да заңдылық. Бұл рухани жалғану ғой, ешқандай жамандығы жоқ.

  41. Сәлематсіз!Түсімде апам қанжарды қолына ұстап қарап тұр. Сол қанжар менің қолыма тіпті сыртындағы чехолымен келді, апам маған оны қолыма ұстатты ма, әйтеуір қалайша қолыма келгенін білмей қалдым. Қанжар ұл балаға көрінеді деуші еді. Рас өмірде апамның ұлы бар, соған көрінді ме екен, менің қалайша қатысым бар, түсінбедім осы түсті?

  42. Ассаламалейкум ага жума кабыл болсын.Тусимде маган таныс апа былай дейди сени тусимде кордим деиди тусимде жаркырап турсн жане касындагы бирге жасаитын жумысшын асылып калыпты деиди бул ненин белгиси Рахмет

    1. Уағалейкумасалам Асхат. Түсіңде жарқырасаң бой қуатың өрісің толысатыны. Бұл ақылмен жете, санамен де байланысты. Ал қвсыңдағы бірге жүретіндердің рухани ақталудан өту керектігін, ол үшін әулие-әмилерді зияртау керек екенін ескертіп жатқаны болар.

  43. Сәлеметсізбе! менің жасым 18де. Түсімде бір ер адаммен Алланы мадақтап сөйлесіп отырмыз.Екеуімізде ақ киім айналамыздың бәрі әппақ,басымыз корінбиді сәуле шашып тұрғандай.

    1. Арайлым; Қабыл болсын жақсы аян екен. Болшақ жарыңды Алла жолында мал, жанымен соғысыушы мүміндердің ішінен болатыны, саған да осындай нығметтің берілетініне белгі. Саған жарыңды аруақтың көорсетумен ғана таңдағаның дұрыс болар.

  44. Cәлеметсізбе агай!
    Мен Сізге түсімді жорытайын деп едім. Түсімде бірнеше жыл бұрын бітіріп кеткен мектебімнің ауласында гүл бақшасы бар екен дим, сонын ішінде сирен түсті гулді карайлап тұрған кезімде біреудің маган тесіле қарап тұрғанын сезіп сол жаққа қарасам, ұсқыны сұсты бір ер адам маған қарай ентігіп келе жатыр екен дим. Мен тұра қаштым ол қісі қуып келеді. Қатты қашам деп ұстатпастан қашыппын. Қашып бара жатырып қызыл түсті юбка мен кофта киіп алыппын. Содан кері қашып бара жатырып, артыма қарасам әлгі қуып келе жатқан аға көрінбей қалды. Содан мектепке сабаққа енді қалай барам деп тұрғанда үстіме хиджап киім пайда болыпты.Енді сол киіммен мектепті аралап жүр екенмін. Бір кезде әлгі аға мектеп дәлізінде маған қарсы соқты да мені танымады ма, әйтеуіәр мені қуған жоқ екен. Бұл ненің белгісі екен. Жорып бере аласыз ба? алдын ала рахмет.

    1. Гүлнәз бұл түсің ашық аян ғой. Саған етең жеңіді қымтап толық киім дәретпен жүр болмаса еркек жынның қолына түсесің деген ескерту. Және ата жолы дәстүрінің мектебі шариғатты берік ұстануды меңгеруіңді ескертіп жатқаны.

  45. мен бугин түсімде түсініксіз өзим коркып кеттім шошып бир тортбурышты булочканын шетін айналдырып кесиппинсоны жесе адамнын ішегінде болатын ұзын құртша болып қалып қояды дейди содан өзимнин денем дір силкинип оянып кеттиппім. алын ала рахмет сізге. жорип беринизші отиниш

    1. Айсұлу; Бұл түсініксіз түсің бойынша сенің жалпы киімің, бой дәретің дұрыс емес шығыр. Тырнақты өсіріп жүрсе де осындай тағамның асылы наныңда ішке арамаданып енуі болады.Қолыңның арамаданғанын, тазарту керектігін білдіріп тұр бұл түсің.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *