Егер адам түсінде:
Биікке немесе тауға шықса, жақсы. Ондай түс көрген кісі өңінде үлкен дәрежеге жетеді. Жақсы көйлек кисе — кісіге өңінде қуаныш әкелетін істің боларынан хабар береді. Өзінің өліп қалғанын көрсе — онда өңінде ұзақ жасайды. Кісі әйелдің қойнында жатса — онда өңінде оның дәулеті артады. Тыржалаңаш жүрсе — өңінде барлық қайғы-мұқтажынан арылады. Басына тәж кисе — онда ол өңінде байлыққа ие болады. Сүйікті адамдарыңның бірін құшақтау — бақытты болудың нышаны. Жылаған болса – өңінде қуанады. Аспанда тұрған айды көрсе — өте жақсы белгі, мұратына жетеді. Күнді көрсе — мерейі өңінде дұшпандарынан үстем болып, дәулеті тасиды. Жұлдыздарды көрсе — балаларының дәрежесі жоғары болады. Өзен көрсе — кісі өңінде үлкен олжаға, пайдаға кезігеді. Баққа кіріп, оны аралау — жақсылықтың белгісі. Қызыл гүл көрсе — онда өңінде бай болады. Бал арасын қуып жүрсе — өңінде пайдаға жолығады. Өлген кісіні көрсе қорықпаған жөн. Егер ол адам сөйлесер болса, онда ол шындықты айтады. Суда жүзіп жүрген балықты көрсе — адам өңінде перзент сүйеді. Өзінің ұйықтап жатқанын көрсе — онда өңінде жақсы табысқа жетеді. Үйіне түскен ұрыны көрсе — онда ол өңінде табыс табады. Шашын алдыратын болса — онда ол өңінде кедейленеді. Керісінше шашы өсіп кететін болса, онда ол өңінде байиды. Үйленген болса — тілеп жүргеніне жетеді. Алтын көретін болса — онда оған өңінде дәулетті кісілер демеу береді. Жағымсыз иіс — өңдегі жайсыз істің нышанын білдіреді. Қолын жуса — өңдегі мазасыздықтан арылу. Көпірден өткен кісі — өңінде өзінің жақсы қызметін қалдырып, одан да жақсы қызмет істейді. Әлдекімді ұрып-соқса — онда дұшпанын кекетеді. Ақ, жасыл түсті затты немесе суды көрсе — жақсы нышан. Қара, қарақошқыл түсті затты немесе түтінді отты көрсе – жаман. Тісін сындырып алу — өңде досын жоғалтып алу. Ақ түсті киім кисе — онда ол бұл дүниеде де, о дүниеде де сый-құрметке бөленеді деген сөз. Сары түсті киім кисе — онда ол өңінде өз ісіне қарай бірде жақсы, бірде жаман жағдайда болады. Қызыл түсті киім кисе — онда ол өңінде ел билеген болады. Қара түсті киім кисе — өңінде қайғыға ұшырайды. Құс ұстап алатын болса — онда ол өңінде үйленеді. Кісінің басына құс қонатын болса, онда ол өңінде бір қызмет атқарады. Қыранды көрсе — дәрежеге ие болады. Көгершінді көрсе — өңінде оның ісі оңғарылады. Ақ қоян енсе — онда қыс қатты болады. Егер кісінің түсіне қара қоян енсе — онда қыс жайлы болады. Ит қабатын болса — өңінде бір қатыгез адамның жаласына ұшырайды. Ас ішсе — өңінде мол дәулетке ие болады. Ет жесе — өңінде ішіп-жемінің көбейгенін көреді. Алма жесе — өңінде тілегіне жетеді. Балық ұстап немесе жеп жүрсе — өңінде дәулеті артады. Жылан қуса — әйелдердің арбауына түседі. Сақалы ағарса — ауруға ұшырайды. Үйі құлағанын көрсе — ұрыс-керіс болады. Пышақ қайраса — қауіп-қатер болады. Аттан құлап қалса -қатерге кездеседі.«Түсті көруінен емес – жоруынан қорық» демекші, түсіңізді жақсылыққа жорысаңыз, жақсылыққа, жамандыққа жорысаңыз, жамандыққа қарай бұрылып кетуі мүмкін. Ең бастысы — түсім
Әр түрлі
*Түсте биікке немесе тауға шығу-жақсы: ондай түс көрген кісі өңінде үлкен дәрежеге жетеді.
*Егер кісі түсінде биікке шығатын болса, онда ол өңінде үлкен дәрежеге қол жеткізеді. Егер ол биіктен құлар болса, онда ол өңінде қапалы болады.
*Түсте жақсы көйлек кию кісіге өңінде қуаныш әкелетін істің боларынан хабар береді.
*Егер кісі түсінде өзінің өліп қалғанын көрсе, онда өңінде ұзақ жасайды.
*Егер кісі түсінде әйелдің қойнында жатса, онда өңінде оның дәулеті артады.
*Егер кісі түсінде тыржалаңаш жүрсе, онда ол өңінде барлық қайғы-мұқтажынан арылады.
*Егер кісі түсінде басына тәж кисе, онда ол өңінде байлыққа ие болады.
*Түсте сүйікті адамдарыңның бірін құшақтау-бақытты болудың нышаны.
*Түсте жылау-өңдегі қуаныш.
*Түсте аспанда тұрған айды көру-өте жақсы. Мұндай түс көрген кісі мұратына жетеді.
*Түсінде күнді көрген кісінің мерейі өңінде дұшпандарынан үстем болып, дәулеті тасиды.
*Түсте жұлдыздарды көру де жақсы. Ондай түс көрген кісінің балаларының дәрежесі жоғары болады.
*Түсінде інжу мен маржан көрген кісінің үйінен байлық үзілмейді.
*Түсте көрген өзеннің суы мөлдір болса, онда бұл-өте жақсы. Егер оның суы лай және ащы болса, онда ол жақсы емес. Ондай адам бір сәтсіздікке ұшырайды.
*Егер кісі түсінде таза суға сүңгитін болса, онда ол өңінде ақталып, ел қатарына қосылады. Егер кісі лай суға түсетін болса, онда ол өңінде қайғылы күйге душар болады.
*Түсінде өзен көрген кісі өңінде үлкен олжаға, пайдаға кезігеді. Егер адам түсінде өзеннен су ішер болса, онда ол өңінде мақсатына жетеді, құрметке ие болады.
*Егер кісі түсінде қасиетті құдықтан зәм-зәм суын ішсе, онда ол өңінде барлық күнадан тазарады.
*Егер кісі түсінде өзеннен су ішсе, патша болады.
*Егер кісі түсінде құдықтан, арықтан немесе көлден су ішсе, онда ол өңінде әкім болады.
*Егер кісі түсінде суда жүзіп ойнап жүрсе, онда ол өңінде әкім болады.
*Түсте суда жүзу және оны кешу-жақсы нышан, тек кісінің басы судан жоғары болуы қажет.
*Түсте баққа кіріп, оны аралау-жақсылықтың белгісі.
*Егер кісі түсінде баққа баратын болса, онда ол өңінде байлықты иеленеді.
*Егер кісі түсінде бақ пен дала гүлдерін көрсе, онда ол өңінде жұмақтағыдай күй кешеді.
*Егер кісі түсінде қызыл гүл көрсе, онда өңінде бай болады.
*Егер кісі түсінде өзіне беймәлім бақта қыдырып жүрсе, онда ол өңінде жұмақтағыдай күй кешеді.
*Түсте аяқтың семіп қалуы өңде саяхатқа шығудың белгісін танытады.
*Түсінде бал арасын қуып жүрген кісі өңінде пайдаға жолығады.
*Түсте өлген кісіні көрудің зиян жоқ. Егер ол адам сөйлесер болса, онда ол шындықты айтады.
*Егер кісіге түсінде өлген адам бірдеңе беретін болса, ондай ол өңінде ойда жоқта бірдеңе алады.
*Егер кісі түсінде одан өлген адамдар бірдеңе сұраса, ол өңінде шығынға ұшырайды.
*Егер кісі өлген адамды түсінде жақсы киімде көретін болса, онда бұл-жақсы. Егер кісі өлген адамды түсінде жаман киімде көретін болса, онда бұл жақсы емес.
*Түсте суда жүзіп жүрген балықты көру жақсы. Ондай түс көрген адам өңінде перзент сүйеді.
*Егер кісі түсінде өзінің ұйықтап жатқанын көрсе, онда өңінде жақсы табысқа жетеді.
*Егер кісі түсінде балық ұстап немесе жеп жүрсе, өңінде дәулеті артады.
*Егер кісі түсінде аспанға көтерілсе, онда өңінде әкім болады.
*Егер кісі түсінде жаңбыр жауғанын көрсе, онда ол өңінде табысқа кенеледі.
*Егер кісі түсінде салқын жел есіп тұрса, онда ол өңінде жақсы да жайлық тұмысқа шығады.
*Егер кісі түсінде үйіне түскен ұрыны көрсе, онда ол өңінде табыс табады.
*Егер кісі түсінде шашын алдыратын болса, онда ол өңінде кедейленеді. Егер кісінің түсінде шашы өсіп кететін болса, онда ол өңінде байиды.
*Түсте үйленген жақсы. Ондай түс көрген кісі өңінде тілегіне жетеді.
*Егер кісі түсінде күміс ақша санайтын болса, онда ол өңінде байиды.
*Егер кісі түсінде алтын көретін болса, онда оған өңінде үлкен әкімдер шапағатын тигізеді.
*Егер кісі түсінде бақыр ақша санайтын болса, онда ол өңінде дұшпанының даттау сөзін естиді.
*Ерде кісі қыстыкүні түсінде жасыл жайлауды көретін болса, онда оған құдайдың мерейі түседі. Егер кісі жаздыкүні түсінде қар көретін болса, онда ол құдайдың қаһарына ұшырайды.
*Түстегі жағымсыз иіс-өңдегі жайсыз істің нышанын білдіреді.
*Түсте қол жуу-өңдегі мазасыздықтан арылу.
*Егер кісі түсінде құс ұстап алатын болса, онда ол өңінде үйленеді.
*Түсінде көпірден өткен кісі өңінде өзінің жақсы қызметін қалдырып, одан да жақсы қызмет істейді.
*Егер кісі түсінде Нұх пайғамбарды оның жайдары қалпында көрсе, онда ол өңінде ұзақ та дәулетті ғұмыр кешеді.
*Егер кісі түсінде ағаш тасып жүретін болса, онда ол өңінде байлыққа кезігеді.
*Егер кісі түсінде әлдекімді ұрып-соқса, онда дұшпанын мұқатады.
*Түсте семсер немесе мылтық көру (ұстау) кісінің өңінде табыс тауып, дәулеті таситынын білдіреді.
*Түсте біреуді сабау өңде дұшпандардан үстем болып шығумен пара-пар. Ал, егер де кісі түсінде әлдебіреулерді өлтіретін болса, онда ол өңінде мақсатына жетеді.
*Түсінде біреуден таяқ жеген немесе таяқтан өліп қалған жақсы емес. Ондай жағдайда құрбандық беруге тура келеді.
*Егер кісі түсінде Меккеге барса, онда ол өңінде барлық тілегіне жетеді.
*Егер кісі түсінде Мұхаммед пайғамбардың қабіріне мәнәжіт етсе, онда оның өңінде дәрежесі өседі.
*Егер кісі түсінде азан айтып, намаз немесе құран оқыса, онда өңінде оның дәрежесі өседі.
*Егер кісі түсінде емен ағашын көрсе, онда ол өңінде өзінің сүйікті адамынан хабар алады.
*Егер кісі түсінде қарағайды көрсе, өңінде сүйіктісімен табысады.
*Егер кісі түсінде қайыңды көрсе, онда ол өңінде табысты болады.
*Егер кісі түсінде түтінсіз от көрсе, онда ол өңінде байиды.
*Егер кісі түсінде қарақошқыл түтін аралас от көрсе, онда бұл жақсы емес.
*Түсте ақ, жасыл түсті затты немесе суды көру-жақсы нышан.
*Түсте қара, қарақошқыл түсті затты немесе түтінді-отты көру –жаман.
*Түсте тісін сындырып алу-өңде досын жоғалтып алу.
*Егер кісі түсінде бір қабырғасының алынып қалғанын көрсе, онда ол өңінде әйелінің өлгенін көреді.
*Егер кісінің түсінде күрек тісі сынатын бола, онда оның әйелі қатерге ұшырайды. Егер кісінің азу тісі сынса, онда оның балаларының бірі қатерге ұшырайды. Егер кісінің түсінде ең түпкі азу тісі сынатын болса, онда оның өзі бір қатерге кезігеді.
Активтігі: 17%
* Егер кісі түсінде көк түсті киім киетін болса, онда өңінде барша тілектері қабыл болады, мұратына жетеді.
*Егер кісі түсінде ақ түсті киім кисе, онда ол бұл дүниеде де, о дүниеде де сый-құрметке бөленеді.
*Егер кісі түсінде сары түсті киім кисе, онда ол өз ісіне қарай өңінде бірде жақсы, бірде жаман жағдайда болады.
*Егер кісі түсінде ақсары түсті киім кисе, онда ол -өте жақсы: оның өңінде барша тілектері орындалады.
* Егер кісі түсінде қызыл түсті киім кисе, онда ол өңінде ел билеген баятық болады.
*Егер кісі түсінде қара түсті киім кисе, онда ол өңінде қайғыға ұшырайды.
*Түсте ақ, жасыл түсті затты немесе суды көру-жақсы нышан.
*Түсте ақ, жасыл түсті затты немесе суды көру-жақсы нышан.
*Түсте қара, қарақошқыл түсті затты немесе түтінді-отты көру –жаман.
Активтігі: 14%
Құстар
*Егер кісі түсінде құс ұстап алатын болса, онда ол өңінде үйленеді.
*Егер түсінде кісінің басына құс қонатын болса, онда ол өңінде бір қызмет атқарады.
*Егер кісі түсінде самұрық құсты көрсе, онда өңінде оның басына бақыт, байлық, дәулет қонады.
*Түсінде қолына қаршыға немесе басқа бір кішкене құс ұстаған кісі өңінде дәулетті болып, бала сүйеді.
*Егер кісі түсінде таусты (қырғауыл тұқымдас ұзын құйрықты әдемі құс) көрсе, ол өңінде асқан сұлуға үйленеді.
*Егер кісі түсінде түйеқұсты көрсе, онда ол өңінде ақылсыз, надан адамдармен істес болады.
*Егер кісі түсінде қарақұсты көрсе, онда өңінде байлыққа кенеледі.
*Егер кісі түсінде қыранды көрсе, онда ол дәрежеге ие болады.
*Егер кісі түсінде лашынды көрсе, онда өңінде оның байлығы тасиды.
*Егер кісі түсінде қаршығаны көрсе, онда өңінде бақытты, дәулетті болады.
*Егер кісі түсінде тұрымтайды көрсе, онда ол өңінде тілеген тілегіне жетеді.
*Егер кісі түсінде тазқараны көрсе, онда ол өңінде дұшпандарын тізе бүктіреді.
*Егер кісі түсінде жезқұйрықты көрсе, онда ол өңінде қадірсіз болады.
*Егер кісі түсінде күйкентайды көрсе, өңінде қапа болады.
*Егер кісі түсінде көгершінді көрсе, онда өңінде оның онда ол өңінде ісі оңғарылады.
*Егер кісі түсінде көкекті көрсе, онда өңінде оның жоғы түгелденеді, табысы артады.
*Егер кісі түсінде қараторғайды көрсе, өңінде ол қуанышқа бөленеді.
*Егер кісі түсінде шымшықты көрсе, онда өңінде оның ісі оңғарылады.
*Егер кісі түсінде қырғауылды көрсе, онда өңінде барлық ісі ойдағыдай орындалады.
*Егер кісі түсінде сасық көкекті (бәбісек) көрсе, онда ол өңінде тілеген тілегіне жетеді.
*Егер кісі түсінде қазды көрсе, онда түсінде оның азық-түлік қоры көбейеді.
*Егер кісі түсінде үйрек көрсе, өңінде досының ісіне сүйсінеді.
*Егер кісі түсінде тауық көрсе, онда өңінде мұқтаждықтан құтылады.
*Егер кісі түсінде қумай құсты көрсе, онда өңінде тұрмыстың барлық мұң-мұқтажынан арылады.
Активтігі: 12%
Андар
*Ешқандай зиян-залалы болмаса түсте жылан көрген де жақсы.
*Түсінде өзін жылан қуып жүргенін көрген кісі өңінде зымиян қатындардан сақтану керек.
*Түсінде айдаһар көрген кісі өңінде бір мықты бастықты көреді.
* Егер кісі түсінде пілге не айдаһарға, арыстанға не жолбарысқа, барысқа мінсе, онда ол өңінде барлық жауларды тізе бүктіреді.
*Егер кісі түсінде қасқыр көрсе, онда өңінде дұшпанын арттырады.
*Егер кісі түсінде түлкі көрсе, онда өңінде оның адал досының орнын алаяқ алдампаз басады.
*Егер кісі түсінде доңыз көрсе, онда ол өңінде дұшпандарымен айтысып, тартысады,
*Егер кісі түсінде аюды көрсе, көлденең олжаға оралады.
*Егер кісі түсінде қоян көрсе, онда өңінде барлық тілектеріне жетеді.
* Егер кісі түсіне ақ қоян енсе, онда қыс қатты болады. Егер кісінің түсіне қара қоян енсе, онда қыс жайлы болады.
*Егер жолаушылап келе жатқан кісі түсінде түлкі көретін болса, онда өңінде оның жолы болмайды, ал егер ол түсінде қасқыр көретін болса, онда өңінде оның сапары сәтті болады.
*Егер кісінің түсінде ит қабатын болса, онда ол өңінде бір қатыгез адамның жаласына ұшырайды.
*Егер кісі түсінде ит көрсе, онда ол өңінде кішігірім уайымға түседі.
*Егер кісі түсінде ит қапса, онда ол өңінде кішігірім шығынға ұшырайды.
*Егер кісі түсінде таутеке мен құлжа көрсе, онда ол өңінде тұрмыстың тауқыметін тартпайтын болады.
Активтігі: 13%
Төрт — түлік
*Егер кісі түсінде атқа мініп, одан құламай, өзі түсетін болса, онда бұл жақсы. Өйткені халық түстегі атты өңдегі арман-тілекке балаған. Түсінде атқа мінген кісі өңінде арман-тілегіне жетеді. Егер де адам түсінде мінген атынан құлап қалса, онда ол жақсы емес, алда қауіп-қатер бар болғаны.
*Түсінде кісі ерттеулі атқа мініп жүрсе, ол өңінде тілегіне жетеді.
*Егер кісі түсінде атқа мініп көкпар тартса, онда ол өңінде болыс болады.
*Егер кісі түсінде жабайы жылқыға мінсе, онда оның өңінде мал-мүлкіне зиян келеді.
*Түсте қой (отарын) көрген кісі өңінде халықты көреді. Сондықтан ел мұндай түсті жақсы деп есептейді.
*Егер кісі түсінде қой көретін болса, онда ол өңінде басшы қызметке тұрады.
*Егер кісі түсінде қой көрген болса, онда оның барша тілектері орындалады.
*Егер кісі түсінде ешкі көрсе, бұл жақсы емес.
*Егер кісі түсінде түйеге мініп жүрсе, онда ол-жақсы. Өйткені түйе-ұлық жануар. Түсінде түйеге мінген кісіні ұлы әулиелердің өзі желеп-жебейді. Жалпы, түсте көлікке мініп, құламай жүру-жақсы.
* Егер кісі түсінде түйеге мінетін болса, онда оны әулиелер қолдайды.
* Егер кісі түсінде қоңды түйеге мініп жүрсе, онда ол мұратына жетеді.
* Егер кісі түсінде қоңсыз, көтерем түйеге мініп жүсе, онда бұл жақсы емес.
*Егер кісі түсінде өзін қуып жүрген бураны көретін болса, онда ол ісіне қарай өңінде я жақсылыққа, я жамандыққа кезігуі мүмкін.
*Егер де кісіні түсінде келеге түсіп, жараға бура қуалайтын болса, онда ол құдай атына құрбандығын беру керек. Өйткені оның түсінде көрген -әзірейлінің өзі.
*Егер түске семіз сиыр енетін болса, онда арзаншылық болады. Егер түске арық сиыр енетін болса, онда қымбатшылық болады.
*Егер кісі түсінде қоңды сиыр малына (өгіз, бұқа) мініп жүрсе, онда оның билігі өңінде барлық халыққа жүреді.
*Егер кісі түсінде есекке мініп жүрсе, онда бұл өте жақсы.
*Егер кісі түсінде есекке мініп жүрсе, онда ол сол күні-ақ дәрежеге ие болады.
*Түсте доңызды, қасқырды, қабланды, жолбарысты көру және оларды өлтіру-өңде дұшпаннан үстем болуды білдіреді. Егер бұл хайуандар кісіге ешқандай жамандық жасамайтын болса, онда ондай түс жаман емес. Түсте бұл жануарларды өлтіру-жақсы: ол өңде жауды жеңумен бірдей. Егер де кісі түсінде осы аталған хайуандарға мініп жүретін болса, онда оның дұшпандарының қолға түскені.
Активтігі: 14%
Тағамдар
*Түске бидай, арпа кіретін болса, онда азық-түлікке арзаншылық болады деген сөз.
*Егер кісі түсінде ас ішсе, онда ол-өңінде мол дәулетке ие болады.
*Егер кісі түсінде піскен ет жесе, онда ол өңінде ішіп-жемінің көбейгенін көреді.
*Егер кісі түсінде палау, мәнті жеп, сүт ішсе, онда ол өңінде барлық тілегіне жетеді.
*Егер кісі түсінде құрма жесе, онда ол өмірде ұзақ жасайды.
*Егер кісі түсінде жүзім жесе, онда оның өмірде бағы жанады.
Егер кісі түсінде қауын немесе қарбыз жесе, онда оның досы байиды.
*Егер кісі түсінде алма жесе, онда ол өңінде тілегіне жетеді.
*Егер кісі түсінде шабдалы жеп жүрсе, онда ол екі дүниеде бірдей шат-шадмар ғұмыр кешеді. Бұл түс өңге айналу үшін аз дегенде бір күн ораза ұстау керек.
*Егер кісі түсінде грек жаңғағын жесе, онда өңінде оның ішім-жем қоры мол болады.
*Егер кісі түсінде анар жесе, онда ол өңінде байиды.
*Егер кісі түсінде бидай көрсе, онда ол өңінде тілеген тілегіне жетеді.
*Егер кісі түсінде тары көрсе, онда ол өңінде бақытты болады.
*Егер кісі түсінде балық ұстап немесе жеп жүрсе, өңінде дәулеті артады.
Салеметсизбе!
Мен тусимде айырылыскан жигитиммен бирге улкен таудын басында жур екенмин. Ол жерде алма агаш бар екен. Алмасы айналанын барине шашылып жатыр екен. Коп кылып алма жинаппын. Сосын екеумиз уйге келиппиз. Етегим алмага толы екен, кайдан алганым белгисиз акеме еки шие берип жатыр екенмин. Бул ненин белгиси?
Алина айрылысқан жігітіңмен сенің жоғарғы дәреге рухани байлыққа жете алтынңа, және етегің де құтты болатына белгі. Қалғанын өзің шеше бер.
Салемесизбе!
Тусимде уйдин ишине арыстан кирип алыпты. Колымда улым бар екен, ас уйде 7 шелпек писип дайын тур екен. Уйымизди актап жатыр екенбиз. Арыстан тиыспейди екен, бирак артымнан калмайды.. Уйдин ишинде ары бери менин артымнан журеди екен. Бул ненин белгиси? (Озим 6 жыл бурын ажырасканмын)
Алина; От басы құрып, киелі ұрпақты өмірге әкелетіңе белгі болады. Сені Арыстан баба қолдап жүрегні де болар. Шүкірлік қыл зияратта сосын жалғасын көре аласың.
Сәлеметсіз бе! Мен бүгінгі түсімде үйімдегі бөлме гүлдері ақ,қызыл гүлдер атып тұр.Бұны қалай жорып берер едіңіз? Рахмет
Айгерім бұл үйге келген берекет жайма-шуақпен, аналар аруағының қолдауы болады
Саламатсыз ба,Аға!Мен осыдан біраз күн бұрын көрген түсімді жорытайын деп едім.Бір үйде екі келін тұрамыз.Түсімде келінім маған баланың киімін беріп жатыр.қолыма емес,бөлмеме қойып кетіп қалды.Келінім көңілсіздеу ма.Жорып бере аласыз ба?
Айгерім; Келінің баланың киімін берсе, саған ұрпақ сүйудің жолында беріп жатқаны ғой. Нәрестелі боласың.
Саламатсыныз ба , мен сурайын деп едим мен тусимде араларды уйимнин ишинде корип журмин. Бир топ арадан кутылам сосын тагы бир топ арадан кутылам сосын тагы бир топ арадан кутылам ! Нени билдиреди жауабын кутемин
Жаңыл арлар негзінде аруақтық қуаттармен байланысты. Саған жаның қуаты жалғанып жатқан. Үйде аруақтарға арнап құдайы шәй, тамақ беріліп құран оқытуың керек.
Сәлеметсізбе Тоқберген аға! Түсімді жорып беріңізші Больницада бір балаға операция жасапты одан нәтиже дұрыс болмапты Екінші операцияны маған жасасын депті баланің бір шегі салбырап жүр операция көмек бермейтінін бәрі түсінеді оған басқа жолмен көмек керек деп ойлап жүрмін Одан кейнгі жалғасында басқа жерде жүрмін (столовая?) менің оң қол шынашағыма бір еркек күміс сақина салып берді ол сақинада цифрлар болды
Құралай балаға от жасап оның сенімен жалғанып тұрғанын ескертіп жатқаны да сенің бұл рухани жағдайыңды ескертеді. Жаныңның ауру екенін оны емдеу керегін, саған рухани азық алатын орында еркектің көмегі болатын білдреді. Күміс сақина және сандық белгі бұл белгілі бір саған ескертетін, көрсететін еркек арқылы рұққа, құран кітабына жалғанумен байланысты болмақ.
Саламатсызба! Менің апамнын аягы ауыр. Босану уакыты 8март деп берген. Енди тусинде кооп туйелерди корпти. Сол туйелердин арасында ози жур екен. Арасынан шыкканымды шыкпаганымды билмеймин дид. Рахмет
Асыл, Апаңның түйлердің арасында жүргені, іштегі ұрпағының текті «ойсылқардан» болып, түйе құсап 13-ай толғататыны да болар.
Салеметсизбе?Мен тусимде даладагы улкен казанда коп ет асылып жатканын кордим. Абысыным араластырып тур екен. Тусимди жорып беринизши. Рахмет
Айнұр, бұл сендерге үйден құдайы тамақ берудің, құран оқытудың керектігін ескертіп жатқаны болар.
Құралай
Рахмет ага! Жанымнын ауру екенін емдеу керегін көрсетіпті Рухани азық алатын орындар ол бабалардын басында, мешиттерде ?
ордалар арқылы ғана
Аға сәлематсіз! Осы тек қана ордалардан ғана рухани азықты алуға қатысты түсіндіріп бересіз бе?
Райса; Әрбір пенденің тағдыры, аманаты ешкімге ұқсамайтын жалғыздығы бар. Соған байланысты белгілі бір тылсымдық қуаттарды меңгеру керек. Мұны тек қана құдай өзі көрсете алады әулие-әмбилер дастары арқылы. Ал енді ондай жағдайда әулиелер аманатын алып, дұрыс орындап жүргендер аз болса да қазақ елінде ордалар бар жұмыс жасап жатқан. Тек қана тақуалығы, адамдығына қарап анықтауға болады. Өзі жын-шайтан дүниенің құлы болып жатқандар басым көпшілгі шынында ата жолында. Сондықтан мұны намаз арқылы сұрап, түс көрумен білуге болады.
Сəлеметсіз бе?!Мен түсімде хиджаб(розовый) киіп тұрғанымды көрдім.Əдемі жарасып тұр екен деймін.Биреу корсе мені намаз оқиды деп ойлап журер деп қоям.Хиджаб туралы түсті бірінші рет көруім.Бұл нені білдіреді?Рахмет
Айжан саған бойыңды толық шауып, дәретті сақтап намащз оқысаң, жақсылққа жетесің деген белгі. Тек түске абай болып жорып тапсырманы орындап отыру керек.
Сəлеметсізбе! Мен түнде ұйықтағанда күнде жаным көтерілеме бірнəрсе. Қиналып оянамын. 7-8жыл бұрында көтерілгенде жылап тұратынмын. Қазірде күнде денем өзімнен бөлек ұшып көтеріледі. Жатарда тасбих оқып, дәрет алып жатамын. Папамда да, мамамда да кейде болып тұрады. Неге екен айтып бере аласызба. Рахмет.
Ардақ; Бұл жақсылық ұжданның пайда болуымен байланысты. Бірақ оған енді әулдие-әмилерді аралап, бойға қуат қосу керек. Санда өмірің берекетті бақытты тіршілікке айналады.
Рахмет улкен куанып калдым. Аулиелерге бару, Аллага серик косу болып саналмайдыма екен
Ия ақылы араптың ескі дәуіріндегі ұғымдармен негізделгендерге шыныда қандай өкініш. Алланың өзіндік қана бізге білммен, ғылыммен анықтауға бұйырған сипатының 100-ден бірін де таба алмай жүріп, Аллаға нені қосып алуға қалай білмек? Алла деген жалпы барлық әлем, алласыз жартылған нәрсе бара ма? Соншама надандық қайдан шықты екен? Ғылымсыз адам-хайуан деп бекер айтқан ба Абай атамыз!
Салеметсизбе…коке!тусимди ешкимге айтпадым..озинизге жорытайын деп едим!тусимде бир согыс колигинин ишинде жерде кооп мылтыктар жатыр екен..биз болсак адам жегиш жабайы бугыларды ата алмай киналып жур екенбиз..айтайын десем мылтык атылмай калады екен..оны тастай сала екинши мылтыкты алып атып жатырмын.2.екинши тусим сол бир кунде кордим адеми адеми бауырсак шелпек пысырып жур екенмин .айналам толы кишкентай балалар.
Жания; Бұғыны атпақ болып мылтық алып жүргенің бұл бүгінгі күнгі жындылық сипатың ғой. Өз аруағыңа қарсылық білідіріп көрсеткенін, аянын тыңдамай жүрген немесе тазалығың жетпей көре алмай боларсың сірә. Ал енді екінші түсің біріншіден қортынды шығарсаң, онда несебелі ұрпақты болып, өсіп-өнесің деген белгі.
Бираз тусинбедим…бирак дал казир катты киналып жур едим..перзент суйе алмай журмин..куни туни кози илмей уайымдайтынды шыгардым.бир тустин екинши тусиммен байланысты болганыма?коке?ал жолдасым тусинде дал сол куни менин колымнан устап алган..алдында мен колынан устап алдыга карай жугирип барады екенбиз..алма агаштын ортасында…жолдасым кып кызыл алма узип жепти…ата жаксылыктын нышаны болар
Ия Жания сендерге берліп жатқан құдайдың сыйы ғой. Жағдайларыңа қарай мүмкін болса әулие-әмилерді зияртаңдар. Садақа беру де керек. Құрбандық шалып ата-баба аруағына құран оқытсаңдар да жақсылықты тез келтіруге дәнекерлік болады.
Кайырлы кун,ата!Бурын корген тустерим умытылып калатын. .казир кунде тус корип танертенгисин сол тусти ойлап журемин.Тусимде татти торт пысырып жур екенмин.биреу емес бирнешеуин..артынан турли тусти корпешелерди буктеп журмин..корпешелердин адемилигине типти коз жетпейт..ата сизге алгысымды билдиремин…
Жания; Түс көруге жалғанғаның және бұл түстерменде сенің жаныңның гүлденіп қуатанып жатқаны білдіреді. Сол үшінде құранның қазақшасын Халифа Алтай аудармасын сосын осы жазбаларды үнемі оқып отру керек. Сонда аян кітабына жалғанып тұрасың. Түсің түзелсе бәрі де ретімен сәтімен түзеледі де. Тек қана шариғаттың, ата дәстүрнің қағидаларын сақтау тазалықты меңгеру міндетті болады.
Коке,коп рахмет…айтканызга сайкес арекет етемиз!алыгысымды билдиремин,коке!
Жания ризалықты маған емес, аруақтарға айту керек. Ол үшін шүкірлік қыл, садақа бер, аруақтарға құран бағыштат, шүкірлікке қай амал ыңғайлы, оңай соны жаса. Сонда түсіңнің жоруыда қабыл болады.
Саламатсызба агай ? Калайсыз? Менің түсімде екі қыз екі бала мені пистолетпен атып жүр екен, бірақ ауыртпаган екен ! Тири журмин ! Сосын əпкем түсінде мені корген екен , мені біреулер бетімді тіліп , жаман қылып кетіпті бұл нені білдіреді.?
Жаңыл сені жас балар атып жүрсе және бетің тілінсе онда иманың жүзін меңге алмай, яғни етек, жаулық толық дәретің түгел болмай, жер анамен ұрпақтық байланысың жалғанбай жатқаны. Тақуалықпен ата жолында амал қылу керек саған. Сонда бәрі орнына келеді.
Саламатсызба! Ағам түс көріпті.Түсінде маған бір сөмке ақша беріп жатыр екен.Осы түсті жори алмай тұрмын.Көмектесесізбе.Рахмет
Талған ағаңнан алып жатқан рухани қуат қой. Қасиетілікпен байланысты. Шүкірлік қылып садақа бер.
Сəлеметсізбе мен түсімде жолдасым 2мыз баксыга барыппыз ол маған аяғын ауыр қыз босанасын деді..жорып берніздерші
Ләзат саған қазақша ем алу керек, яғни жолдасыңмен бірге әулие-әмилерге түнеп қайтсаң тегі таза қызды бюоласың
саламатсыз ба,мен жақында түс көрдім,түсімде бірге жұмыс істейтін әйел адамнның үйінен жейтін сары май ұрлап алып кеттіппін.
Гүльфайруз; Саған жаулықты болуды, сонда сары майлы яғни ақ жаулық қуатын меңгере алтаныңды ескертіп жатқаны болады.
Саламатсызба!Турмыска шыкпаганмын,тусимде озим туратын уйге кирсем,мен жаксы коретин бала озинин кызымен отыр екен,екеуин бирге корип жылагым келип етпетимнен жатайын десем ишим кедерги келтирипти,карасам екикабат екенмин деймин.Ишимди ашып корип танкалып сыйпап жатыр екенмин.Аяк жагыма алги жигит келип отырыпты,кызы есик жакта карап турыпты,не болады екен?
Мақпал; Негізінде мұндай екі ұшты түстерді жорығанда көрушінің хал жайын, тазалығына қарап жориды. Және көрінген бейненің де қандай киімде көз қарасы дегенде маңызды болмақ. Егер тазалығың дұрыс, етек жең ұзын жаулықты, дәретті болсаң бұл астарлы аян болып саған сол жігітпен бас қосуды ұрпақтарыңның да көп болуын оның жанды екенін білдіреді. Ал керісінше болса онда сынақты білдіреді.
Сәлем бердік,Аға! Түсімде анам екеуміз әкемнің бейітінің(әкем қайтыс болған) үстінде отырмыз.Анам «мен өліп қалам не істейсіңдер?» деген сияқты әңгімелер айтып отыр.Қорқынышты түс ойымнан кетер емес.Жорып бере аласызба? Алдын ала рахмет!
Айгерім; Әкеңнің құран дәметіп жатқаны. Қан шығарса тіптен шақсы. Болмаса садақа беріп құран қатым шығаруға болады. Негізінде амал қылсаңдар, арты қайырлы болады.
тусимде ауыз тисим тусип калды, колыма алсам иши коооп курттар жур жыбырлап…
Айдана; Туыс-тумада өлім жітім болады деген белгі. Құрбан шалып, әулие-әмилерді зияртап құдайдан тілеу тілесе жеңілдік болады.
Саламатсыз ба ага! Биринши рет жазуым! Мен бугин тунде тус кордим. Тусимде аягым ауыр екен. Больницада екенмин, касымда тагы аягы ауыр келиншектер бар екен. Турмыс курмагам. Буйырса жазда той. жорып беринизши.
Айкош; Тұрмыс құрмай аяғың ауыр болса, жалпы әйелдік қуатыңның қалыпты болғаны. Жәіне мұның екі жағдайы да бар. Егер рухани тазалықты сақтамаған, етек жең, жауллық дәрет болмаса бұл саған ескерту. Абай бол некесіз қара нәсілмен сұқтанып жүктеліп қалма деген. Ал егер тазалғың қалыпты болса алдын-ала саған еніп жатқан кісілік нұр болады. Болашақ ұрпақтық нәслі.
мен тусимде бала емизип отыр екенмин, ол ненин нышаны, менин балам жок, еще 2 егиз+3 ушем5 бала багып отырыптым, биртиндеп емизип отыр екенмин,Тагы да тауга шыккан екенмин, тау 2 боликте тур дим 1 жак болигинде мен жане 2 ши жак болигинде сестрам тур екен, негизи сестрам аурыып жур катты, бирак тау дареежелери бирдей коринди маган, ол нене билдиреди, тагы да алдынкуни очки киип алыптым ол тарамдалып сынып калган, ол солнцезащитный очки болатын, енди осы 3 жумбак тустин жауабын берсениз риза болар едим
Аяужан; Түсіңдегі емізіп, бағып отырған балаларың сен арқылы өмірге келетін ұрпақтарың болады. Тауға шығып сіңлің екеулеріңнің дәрежелерің биік болса бұл меңгертін қасиетрің дәрежелерің болады. Ал көзгілдірік киіп оның сынғаны негізінде жақсылық, жүрек көзінің ашылып, ардағы қаралық перденің түріліп, аянға жалғануға жол ашылғаны.
Салеметсиз бе? менин тусимде уйыме бурынгы жигитимнин анасы келип синилим ушеумиз шай ишип отыр екенбиз ол маган акыл-кенестер айтты.Бирде далада бари шулап кетти биз далага шыксак улкен жолбарыс келе жатыр биз кашып уйге кирип кетсек.ол биздин есиктин алдына жатып алып кетпи койды.оны коршилер ол сендердин уйлеринди издеп келди,ол ешкимге тиспейды жане сендерге сойлейды деп жатыр екен.бул нени билдиреды.?
Тоғжан, бұл жағдай ата-баба аруақтарының бастары көтеріп қолдау беріп жатқаны және бұрынғы жігітіңмен табысқаның да жөн деп білдіргені болады.
Аға, сәлематсіз! Түсімде өзімнің аяғым (балтыр жақ) ұнамай кестіртіп, орнына басқа бір әйел адамның аяғын салдыртып жатырмын, оның аяғы түзу көрінді. Кейін сол жаңадан салған аяғым менің сан жақ сүйектеріме келмей мүлдем жүре алмайтын халдемін. Бұл неге көрінді екен? Бағыттап жіберіңізші. Үлкен рахмет, Алла риза болсын Сізге.
Райса; Бұл жағдай сенің аяғың армаданып қалғанын білдіреді. Шалбар киіп еткті жоғалтып алғанда осындай болады. Етек ұзын тобықты да жауып тұрсын. Баста жаулық күні -түні тастама. Ғұсыл алып дәретің толық болса мұндай қатерден аман қаласың.
Салеметсиз бе?! тусимде нагашымнын баласы маган ЖУМАКка баратын жолды корсети узын улкен агаш аспанга жетип жаткан оте адеми екен маган айты жумактын жолы осы бар мин деп мен айттым даретим жок, дарет алгансон минем деп содан оянып кеттим, ненин белгиси?
Роза бұл тозақтық жағдайды жүрсің, дәрет, киім шариғатты ұстан деген белгі.
Салематсыз ба?! Менин досымнын ониндеги суйген кызы турмыста, ол кыз да оны суйеди. Сол досым тусинде суйгенинин турмыска шыгып жатканын корген. Ол турмыска шыгып кетсе, мен калай журмекпин деп журм дид тусинде. Бул тусти калай жорылады. Рахмет, ага, улкен!
Гүлназ; Бұл көп ұзатпай тұрмысқа шығу керек деген ескерту.
Сәлеметсіздер ме! Түсімде тісімнің сынғанын 2-3 рет көрдім.
Одан кейін міне жақында 2 рет бетіме безеу қаптап кеткенін көрдім, алайда өмірде бетіме безеу шығып көрмеген.
Сосын өөөөөөте бір биік тауға(көтерілуі тік екен) өзімнің бөлеммен таксимен шығып бара жатқанымызды көрдім. Тауға көтерілу өте қиын екені көрініп-ақ тұрды. Алайда жеңіл көтерілдік. Бірақ қорқыныштан жүрегім алай-дүлей болды. Биік шыңына жеттік, бөлемнің алыс туысының той-томалағы болып жатыр екен. Сонымен түнде қайтар уақыт болғанда, сол үйдің үлкен кісілері мені ата-анамнан сұрап алып қалды. Бұл ненің белгісі?
Амида бұл сендердің бөлеңмен екеуіңнің мәртебелерің өсіп, рухани 5-қуатты меңеруді білдіреді. Бірақ ол үшін тазалықты сақтап ата дәстүрін ұстану керек мықты. Ал тісіңнің сынып жүргені туыстарыңның арасында сынақ барын ескертеді. Ол қандай жағдаймен байланысты аяқталады ол амалдарына байланысты. Ал енді сен басқа үйде қалып қойсаң ол көп ұзмай бөлек отау тігуіңді білдіреді.
Саламатсыз ба? Мен тусимде алка кара кулонымен, кулон ашылады ишине фото салуга болат, соны Колыма алып карасам ишинде тагы крест бар, кресты кир басып калган соны Колыма устап Журмин. Бул нени билдиреди?
Құралай бұл інжілдік кітапқа жалғануға белгі.
Аға сәлематсіз! Түсімде ажырасып кеткен жолдасымды көрдім.Мен тұрып тұр екенмін, ол мені елемей, дәл менің жанымнан 2 рет шеңбер болып айналып, содан кейін мені көзіне іліп, менің алдымнан келмей, артымнан келіп күліп құшақтады. Содан кейін онымен бір үйде тұрып жатыр екенбіз. Біздің бөлмеміз ортақ екен, ол бөлмеге кіргісі келеді, бірақ мен есікті ішінен құлыптап алып, онымен тек есіктің саңылауынан ғана сөйлесіп жатырмын. Бұл неге көрінді екен? Ажырасқанымызға 2 жыл болды, мен тұрмыс құрған жоқпын, қазір басым бос.
Райса; Саған бұрынғы жолдасыңның екі айналып-екі жылда сенің артқы жағынан жалғанып жүргені енді ол артта қалған естілік қана деген белгі. Саған онымен тек есіктің саңылауынан сөйлестіргені де сенің оны ұмытыпр енді өз жағдайыңды ойлайтын күн туғанын білдіреді.
Әз Наурыз құт берекесі мен ырысын әкелсін Сізге, Сіздің отбасыңызға. Рахмет Аға. Аман болыңыз!
Рахмет жақсылығы бірге болсын!
Ассаламалейкум ага! Мени тусимде бир аиле кисиге аитыпын саган биреу Алла жайлы бирдеме аитады деп сосн мен кетип калам бирак неге олай аитканымды билмеим бираздан кеин аиналып келсем жанагы айел шок болып отр екен маган аитады сенин аитканын рас болды деп мен оз озме тан калдым бул ненин белгиси рахмет
Асхат; Бұл саған ерекше берілетін қасиет. Алланың хабарын жеткізуге ұждандылықты, көріпкелдікті меңгеруге белгі болады. Тақуалықты меңгеруің керек, тазалықты сақта осы бастан.
Салеметсизбе?мен тусимде унайтын жигиттим кордим. екеумиз машинада кыдырып жургенде менин козимше баска кыздарга чай кофе ишесизба деп айтыпты и менимен урсып жур сени уйине апарып тастаймын дейди. сосын машинасынан кыздын аяк киим тауып алып ози киеди де шешип маган кейкизеди. мен шешип тастайды екенмин. ол менин синилимнин аяк киими екен дейди екенмин не болады? ол жигитпен мен коп болды арласпаганыма бугин туган куни. рахмет
Диана бұл көргенің жаман емес, ол жігітіңнің жаны ғой қыз деген. Өзіде қыз мінезді болар шамасы. Түбінде жарасып кетесіңдер.
Салеметсiзбе?мен тусiмде маган катты унайтын жiгiттi кордим. екеумiз машинамен кыдырып жургенде менiн козiмше баска кыздарга чай кофе iшесизба деп айтыпты и менiмен урсып жур сенi уйiне апарып тастаймын дейди. сосын машинасынан кыздын аяк кiим тауып алып озi киедi де шешiп маган кейгiзедi мен киiп шешiп тастайды екенмiн. ол менiн сiнiлiмнiн аяк киiмi екен деп мен оган айттым. ол жiгiтпен коп болды арласпаганыма бугiн туган кунi.рахмет
Саламатсызба.тусимде жолдын басында журген мал бар екен сол малдын басына жибин байлап аркандауым керек екен. Содан сол жерге бардым арык бар сол арыктын ишки жагынан бир тал кисайып Осип шыккан екен. Соны басып суга тускен малды кайтаруым керек.жанагы талды бассам силкинип кояд узилип тусетиндей тексерип кордимда суга тусип кете жаздаганымда атам аягымнан тартып шыгарып комек берди. Создан журегой дер колында арканы бар малды байласам дер алып кетти.бул не нарсе екен ? Сизге рахмет жорип беринизши
Айсұлу бұл сенің малдық қуатыңының жағдайына хабар берді. Атаңның сені қолдап қасеитнің қоын жатқанына белгі. Саған әулие-әмилерді зияраттап тілек тілеп тазаруыңда керек.
салеметсизбе! мен кишкентай кезимнен тусимде фатиха мен ыхлас суресин зуылдатып жии окып журемин Былтыр Арыстанбаб ата кесенесине барган едик содан кейин Арыстанбаб ата зиратын жии коремин кейде сурелер окимын Кайтыс болганнан бери ата апам жии киреди олар алдында сойлемейтин кейин сойлейтин болды Бир куни апамнын уйине барсам уйинин 1 жагында улкен жешем 2 жагында кара шанырактагы жешем екеуи турып жатыр екен сойтип апам баримизди жинап алып улкен жешеме киши жешеме жане маган мамана бер деп тиын берди мен оны алдымда корши апанынын кашалегына абайсызда салып жибердим оны алмадым
Баян бұл саған аруақтық өмірді, апаңның жағдайының дұрыстығын саған берген тиын қуатын сен ала алмай жүрегеніңді яғни мінезіңнің төзімділік, сабырлықты меңгере алмай жұүргеніңді білдіреді. Мінезіңді тәрбиеле, төзімді бол, ата дәстүрін ұстан, құдайға ғана тәукел қыл. Сонда ғана ол шешелеріңнің аруағы сені желеп жақсылыққа жетелейтін болады.
Салеметсиз бе Токберген ата? Калыныз калай? Сизге тусимди жорытайын деген едим. Тусимде кишигирим дукеннен торт тандап алып жур екем.
Мәдина; Бұл саған несібе беріліп жатқан. Өмірің тәті қуанышқа айналады, ата дәстүрімен аруақтың көрсетуімен жүрсең
Коке,салеметсизбе!калыныз калай?сизге тусимди жорытайын деп едим..тусимде курбымнын баласы бар екен..кишкентай.сол баласын маган берипти..алде алып кашып бара жаткандаймын!сосын аяк астында белдик жатыр екен…соны белиме тагып алыппын.отинемин жорып беринизши.рахмеет
Жания; Бала тауып алып жүргенің болашақ өмірге әкелетін ұрпағың. Ал белдік тауып алсаң ол күйеумен байланысты.
салеметсизбе ата ! бугин мен куйеуимнин тусин жорытайын деп едим Ол негизинде тустери есинде калмайды Ылги олип кала береди немесе биреуди олтиреди Есинде калганы касында 2 бала бар 3еуи 1топ жигиттермен атысып жур Сосын 1уйге кирипти ол уйде кудайы тамак берип отыр екен сол жерден ол адамдар келгенше шыгуга тырысып жатканда оларда келип калады Атыс басталып айелдер мен бала шагага тиип кетпесин деп бир бирине айтады сол арада куып келгендердин 7еуин атып тастайды ары карай далага шыгып кетеди
Енди 2ши тусинде атка минип ары бери шауып жур екен бир кезде акесинин машинасын жондеп жатыр екен
БАЯН; Күйеуіңнің үнемі атсып жүргені бой тазалғы дұрыс емес. Оған қара жындардың шабуылдап жүрегнін және үйден қан шығарып құдайы тамақ беріп, аруақтарға құран оқытса мұнан құтылып, аян алуға атқа мінетіне сөзсіз. Әкесінің де түс көру қасиеті жабылып, көлігі бұзылып қалған екен.
Түсінде қарға көрсе, өңінде той болатыны рас па? Бүгін түсімде қарға жерге құлап, қанатын ауыртып алды. Қазір жігітім жоқ, басым бос. Жасым 30-да. Жорып беріңізші. Раxмет!
АРУЖАН; Қарға несібе, және аруақтың тірліп келуі болады. Қанатын ауыртып алғаны сенің қолыңның , бойыңның, жаныңның тазалығымен байланысты. Дәрет, киім, ата дәстүрін ұстан сонда жігіт қана емес күйеуді де көрестіп соған қалайда шығатын бол.
Саламатсыздарма ? Мен тусимде бурынгы жигитымды корем, ол кайтыс болган екеумыз уйленемыз деп жургенде, и мен киналганда киреды не магына береды ундемейды проста кушактап кетеды болды.
Рахмет.
МӨЛДІР; Қайтыс болған жігітің әлі басы толық көтерілмей жүрген сенен құран дәметіп жүрегені болар. Өзің намаз оқып құрана бағыштасаң немесе әулиередің басына барып, садақаңды беріп, оған тілек тілсеңде болады.
Аға сәлематсіз! Менің сұрайын дегенім түс жору емес, күнделікті өмірде кеуде, көкірек тұсым алқынып тұрса ненің белгісі екен. Жүрек емес, көкірек, кеудем алқынады да тұрады. Бұл бабалардың белгісі ме?
РАЙСА; Ия бұл саған еніп жатқан нұр болар. Әулие -әмилерді зияртасаң дұрысталасың.
Жалпы, бабалардың берген белгісін қалай ажыратады? Қай бабаның белгісі екенін қалай білуге болады?
Оны менің жазбалрамынан оқы. Келесіде жаза бастаймын.
Коке…коп рахмет.бирак белдиктин куйеумен байланыстылыгын тусинбедим
ЖАНИЯ; Кейін түсінерсің, асықпа.
Саламатсызба тусимде машинанын ишинде отир екенмин катты жылдамдыкпен келеди он колым жерде салбырап тур брак ауырганын байкамаймын.алдымда катты жылдамдыкпен бир машина келе жатканнан коркып козимди жумып калдым.козимди ашсам аке шешемнин касында екенмин олар базарда жур акем сатушымен келисипти ал анамнын касына ак машина келди сол машинага толтырып турли турли маталарды салып алыватырмыз. Тусимди жорип беринизши отиниш. Рахмет сизге алдын ала.
АЙСҰЛУ; Ақ мәшине аян көлігі, оң қолың оны басқара алмай келе жатса онда қолыңның таза еместігі. Базар шариғат, сондықтан шариғатты ұстан, толық етек, жең жабық болып, баста жаулық болсын, дәретсіз жер баспа. Сонда бәрі ретеле береді.
Ассаламалейкум ага мен тусимде орыстын мешитинде жур екенмин касымда акемен ага бар орыстын имамы касыма келип жаилап астафираллах деп аитады бирак неге ол жерде жургенимди билмеим.бул нени белгиси рахмет
АСХАТ; Бұл інжілге жалғанумен байланысты. Інжілді оқып шық.
Салематсызба! Түсімде шарбақта шалқамнан аспанға қарап жатыр екенмін. бір кезде үлкен қара құс ұшып келіп мені аяқтарымен ұстап алып кеткісі келген сияқты жақындап төмен ұшып келді мен қорқып кеудемді тартып кашқалақтадым сосын ол кері бұрылып ұшып кетті қанаттары үлкен екен, жоғар жағымда тағы біреу отыр екен ол адамның түрін көрген жоқпын тек ақ кең тігілген көйлектің жеңінің желбірегенін көрдім соған сөйлеп жатырмын қарға десем мынау қыран ғой,қыран деп.Алдын ала рахметімді білдіремін.
Элмира; Саған ханумдық тазалықты сақта жоғарыдағы біреудің сипатында көйлектің етек жеңің мол, жаулықты бол деген белгі. Болмаса құзғынға жем боласың дейді.
Саламатсызба. Тусимде куйеим мен жанадан бир зат сатып алган екенмин соны сындырып кетип барады соны касымда бир еки келиншек корип ойпырмай ози тук кормегенго мынау сенде жаркыраган нарсе болса коре алмайды екенго деп кояды.милицияга айткан екенмин жылап журмин.
Айсұлу; Күйеуің сені шайтандық қызықтардан шектеп жүрген шығар. Сен ол арқылы тазалыққа жетіп қуанасың.
ассалаумагалейкум! Мен сизге тусимди жорытайын деп едим. Мен айелим екеумиз кайтыс болган нагашымнын уиине барыппыз сойтип келиншегим уйине кирип кетипти де мен бир жерге барамын деп акемнин машинасымен кеттиппин сол жерде машинадан тусип темеки шегейин десем машина озинен ози козгалып шонкырга тусейиедеп турган жерден колыммен тартып алдым машина одан бесбетер жулкынады жулкынбасын деп кнопкасын жулып алып он колымда сымы жылан сол колымда кнопкасы курбакага айналды сойтмп жылан тистерин акситып курбакага карай умтылады мен жыланды кысып бираз устап турдым жылан кушейип курбакага умтылдым сосын оянып кеттим
Пернебек; Бұл ешқандай жорусыз ақ қабылдайтын аян ғой. Саған шылым шексең аяны көлігіңнен айылып иозақтық құрбақа жыланға айналасың деген белгі ғой.
Сәлеметсізбе аға! Менің мамам түс көріпты. Айтады: түсімде бір кісі келіп құлағыма алтын сырға салып жатыр дейді. Жан жағымда быр адамдар билеп, онкей лауазымды адамдар жур дейді. Жан жагымжа жап- жасыл тау дейді. Ол тауға екі айтыскер ақын шығып бара жатыр дейді.
Салтанат мамңа бұл берліп жатқан қасиет. Аянға жалғанумен, дәрежесі де артады.
Саламатсыз ба .түсімде қайтыс болған ə кем мен ылғи сөйлесіп жүрем.және ылғи үине келіп шаруаға араласып жүреді .бұл нені білдіреді.
Асель бұл әкеңнің сені қолдап жүргені оған үнемі құран бағыштап отыруың керек.
Сәлематсіз! Түсімде шашымның маңдайға жақын бөлігі таз болып, түбімен түсіп қалыпты. Айнаға шашымды тарап тұрып, шашқа арналған бояумен көп сырлағаннан болған ғой, ештеңе етпес деп мен сол таз жерді кекілмен, шолпымен жауып жатырмын. Бұл нені білдіреді екен? Раxмет.
Дидар; Басыңды қорға, жалаңбастықтан сақтан деген белгі.