Түс жори біліңіз

Бөлім: Түс-аян-уахи қағидалары 25670

Егер адам түсінде:

 Биікке немесе тауға шықса, жақсы. Ондай түс көрген кісі өңінде үлкен дәрежеге жетеді.  Жақсы көйлек кисе  — кісіге өңінде қуаныш әкелетін істің боларынан хабар береді.  Өзінің өліп қалғанын көрсе —  онда өңінде ұзақ жасайды.  Кісі  әйелдің қойнында жатса —  онда өңінде оның дәулеті артады.  Тыржалаңаш жүрсе — өңінде барлық қайғы-мұқтажынан арылады.  Басына тәж кисе — онда ол өңінде байлыққа ие болады.  Сүйікті адамдарыңның бірін құшақтау — бақытты болудың нышаны.  Жылаған болса – өңінде қуанады.  Аспанда тұрған айды көрсе — өте жақсы белгі,  мұратына жетеді.  Күнді көрсе — мерейі өңінде дұшпандарынан үстем болып, дәулеті тасиды.  Жұлдыздарды көрсе — балаларының дәрежесі жоғары болады.  Өзен көрсе —  кісі өңінде үлкен олжаға, пайдаға кезігеді.  Баққа кіріп, оны аралау — жақсылықтың белгісі.  Қызыл гүл көрсе — онда өңінде бай болады.  Бал арасын қуып жүрсе  — өңінде пайдаға жолығады.  Өлген кісіні көрсе қорықпаған жөн. Егер ол адам сөйлесер болса, онда ол шындықты айтады.  Суда жүзіп жүрген балықты көрсе — адам өңінде перзент сүйеді.  Өзінің ұйықтап жатқанын көрсе — онда өңінде жақсы табысқа жетеді.  Үйіне түскен ұрыны көрсе —  онда ол өңінде табыс табады.  Шашын алдыратын болса —  онда ол өңінде кедейленеді.  Керісінше шашы өсіп кететін болса, онда ол өңінде байиды.  Үйленген болса   — тілеп жүргеніне  жетеді.  Алтын көретін болса —  онда оған өңінде дәулетті кісілер демеу береді.  Жағымсыз иіс — өңдегі жайсыз істің нышанын білдіреді.  Қолын жуса — өңдегі мазасыздықтан арылу.  Көпірден өткен кісі —  өңінде өзінің жақсы қызметін қалдырып, одан да жақсы қызмет істейді.  Әлдекімді ұрып-соқса — онда дұшпанын кекетеді.  Ақ, жасыл түсті затты немесе суды көрсе — жақсы нышан.  Қара, қарақошқыл түсті затты немесе түтінді отты көрсе – жаман.  Тісін сындырып алу — өңде досын жоғалтып алу.  Ақ түсті киім кисе —  онда ол бұл дүниеде де, о дүниеде де сый-құрметке бөленеді деген сөз.  Сары түсті киім кисе —  онда ол өңінде өз ісіне қарай бірде жақсы, бірде жаман жағдайда болады.  Қызыл түсті киім кисе — онда ол өңінде ел билеген болады.  Қара түсті киім кисе — өңінде қайғыға ұшырайды.  Құс ұстап алатын болса —  онда ол өңінде үйленеді.  Кісінің басына құс қонатын болса, онда ол өңінде бір қызмет атқарады.  Қыранды көрсе — дәрежеге ие болады.  Көгершінді көрсе —  өңінде оның ісі оңғарылады.  Ақ қоян енсе — онда қыс қатты болады. Егер кісінің түсіне қара қоян енсе — онда қыс жайлы болады.  Ит қабатын болса — өңінде бір қатыгез адамның жаласына ұшырайды.  Ас ішсе — өңінде мол дәулетке ие болады.  Ет жесе —  өңінде ішіп-жемінің көбейгенін көреді.  Алма жесе —  өңінде тілегіне жетеді.  Балық ұстап немесе жеп жүрсе — өңінде дәулеті артады.  Жылан қуса —  әйелдердің арбауына түседі.  Сақалы ағарса — ауруға ұшырайды.  Үйі құлағанын көрсе —  ұрыс-керіс болады.  Пышақ қайраса — қауіп-қатер болады.  Аттан құлап қалса -қатерге кездеседі.

«Түсті көруінен емес – жоруынан қорық» демекші,  түсіңізді жақсылыққа жорысаңыз, жақсылыққа, жамандыққа жорысаңыз, жамандыққа қарай бұрылып кетуі мүмкін. Ең бастысы — түсім

Әр түрлі

*Түсте биікке немесе тауға шығу-жақсы: ондай түс көрген кісі өңінде үлкен дәрежеге жетеді.

*Егер кісі түсінде биікке шығатын болса, онда ол өңінде үлкен дәрежеге қол жеткізеді. Егер ол биіктен құлар болса, онда ол өңінде қапалы болады.

*Түсте жақсы көйлек кию кісіге өңінде қуаныш әкелетін істің боларынан хабар береді.

*Егер кісі түсінде өзінің өліп қалғанын көрсе, онда өңінде ұзақ жасайды.

*Егер кісі түсінде әйелдің қойнында жатса, онда өңінде оның дәулеті артады.

*Егер кісі түсінде тыржалаңаш жүрсе, онда ол өңінде барлық қайғы-мұқтажынан арылады.

*Егер кісі түсінде басына тәж кисе, онда ол өңінде байлыққа ие болады.

*Түсте сүйікті адамдарыңның бірін құшақтау-бақытты болудың нышаны.

*Түсте жылау-өңдегі қуаныш.

*Түсте аспанда тұрған айды көру-өте жақсы. Мұндай түс көрген кісі мұратына жетеді.

*Түсінде күнді көрген кісінің мерейі өңінде дұшпандарынан үстем болып, дәулеті тасиды.

*Түсте жұлдыздарды көру де жақсы. Ондай түс көрген кісінің балаларының дәрежесі жоғары болады.

*Түсінде інжу мен маржан көрген кісінің үйінен байлық үзілмейді.

*Түсте көрген өзеннің суы мөлдір болса, онда бұл-өте жақсы. Егер оның суы лай және ащы болса, онда ол жақсы емес. Ондай адам бір сәтсіздікке ұшырайды.

*Егер кісі түсінде таза суға сүңгитін болса, онда ол өңінде ақталып, ел қатарына қосылады. Егер кісі лай суға түсетін болса, онда ол өңінде қайғылы күйге душар болады.

*Түсінде өзен көрген кісі өңінде үлкен олжаға, пайдаға кезігеді. Егер адам түсінде өзеннен су ішер болса, онда ол өңінде мақсатына жетеді, құрметке ие болады.

*Егер кісі түсінде қасиетті құдықтан зәм-зәм суын ішсе, онда ол өңінде барлық күнадан тазарады.

*Егер кісі түсінде өзеннен су ішсе, патша болады.

*Егер кісі түсінде құдықтан, арықтан немесе көлден су ішсе, онда ол өңінде әкім болады.

*Егер кісі түсінде суда жүзіп ойнап жүрсе, онда ол өңінде әкім болады.

*Түсте суда жүзу және оны кешу-жақсы нышан, тек кісінің басы судан жоғары болуы қажет.

*Түсте баққа кіріп, оны аралау-жақсылықтың белгісі.

*Егер кісі түсінде баққа баратын болса, онда ол өңінде байлықты иеленеді.

*Егер кісі түсінде бақ пен дала гүлдерін көрсе, онда ол өңінде жұмақтағыдай күй кешеді.

*Егер кісі түсінде қызыл гүл көрсе, онда өңінде бай болады.

*Егер кісі түсінде өзіне беймәлім бақта қыдырып жүрсе, онда ол өңінде жұмақтағыдай күй кешеді.

*Түсте аяқтың семіп қалуы өңде саяхатқа шығудың белгісін танытады.

*Түсінде бал арасын қуып жүрген кісі өңінде пайдаға жолығады.

*Түсте өлген кісіні көрудің зиян жоқ. Егер ол адам сөйлесер болса, онда ол шындықты айтады.

*Егер кісіге түсінде өлген адам бірдеңе беретін болса, ондай ол өңінде ойда жоқта бірдеңе алады.

*Егер кісі түсінде одан өлген адамдар бірдеңе сұраса, ол өңінде шығынға ұшырайды.

*Егер кісі өлген адамды түсінде жақсы киімде көретін болса, онда бұл-жақсы. Егер кісі өлген адамды түсінде жаман киімде көретін болса, онда бұл жақсы емес.

*Түсте суда жүзіп жүрген балықты көру жақсы. Ондай түс көрген адам өңінде перзент сүйеді.

*Егер кісі түсінде өзінің ұйықтап жатқанын көрсе, онда өңінде жақсы табысқа жетеді.

*Егер кісі түсінде балық ұстап немесе жеп жүрсе, өңінде дәулеті артады.

*Егер кісі түсінде аспанға көтерілсе, онда өңінде әкім болады.

*Егер кісі түсінде жаңбыр жауғанын көрсе, онда ол өңінде табысқа кенеледі.

*Егер кісі түсінде салқын жел есіп тұрса, онда ол өңінде жақсы да жайлық тұмысқа шығады.

*Егер кісі түсінде үйіне түскен ұрыны көрсе, онда ол өңінде табыс табады.

*Егер кісі түсінде шашын алдыратын болса, онда ол өңінде кедейленеді. Егер кісінің түсінде шашы өсіп кететін болса, онда ол өңінде байиды.

*Түсте үйленген жақсы. Ондай түс көрген кісі өңінде тілегіне жетеді.

*Егер кісі түсінде күміс ақша санайтын болса, онда ол өңінде байиды.

*Егер кісі түсінде алтын көретін болса, онда оған өңінде үлкен әкімдер шапағатын тигізеді.

*Егер кісі түсінде бақыр ақша санайтын болса, онда ол өңінде дұшпанының даттау сөзін естиді.

*Ерде кісі қыстыкүні түсінде жасыл жайлауды көретін болса, онда оған құдайдың мерейі түседі. Егер кісі жаздыкүні түсінде қар көретін болса, онда ол құдайдың қаһарына ұшырайды.

*Түстегі жағымсыз иіс-өңдегі жайсыз істің нышанын білдіреді.

*Түсте қол жуу-өңдегі мазасыздықтан арылу.

*Егер кісі түсінде құс ұстап алатын болса, онда ол өңінде үйленеді.

*Түсінде көпірден өткен кісі өңінде өзінің жақсы қызметін қалдырып, одан да жақсы қызмет істейді.

*Егер кісі түсінде Нұх пайғамбарды оның жайдары қалпында көрсе, онда ол өңінде ұзақ та дәулетті ғұмыр кешеді.

*Егер кісі түсінде ағаш тасып жүретін болса, онда ол өңінде байлыққа кезігеді.

*Егер кісі түсінде әлдекімді ұрып-соқса, онда дұшпанын мұқатады.

*Түсте семсер немесе мылтық көру (ұстау) кісінің өңінде табыс тауып, дәулеті таситынын білдіреді.

*Түсте біреуді сабау өңде дұшпандардан үстем болып шығумен пара-пар. Ал, егер де кісі түсінде әлдебіреулерді өлтіретін болса, онда ол өңінде мақсатына жетеді.

*Түсінде біреуден таяқ жеген немесе таяқтан өліп қалған жақсы емес. Ондай жағдайда құрбандық беруге тура келеді.

*Егер кісі түсінде Меккеге барса, онда ол өңінде барлық тілегіне жетеді.

*Егер кісі түсінде Мұхаммед пайғамбардың қабіріне мәнәжіт етсе, онда оның өңінде дәрежесі өседі.

*Егер кісі түсінде азан айтып, намаз немесе құран оқыса, онда өңінде оның дәрежесі өседі.

*Егер кісі түсінде емен ағашын көрсе, онда ол өңінде өзінің сүйікті адамынан хабар алады.

*Егер кісі түсінде қарағайды көрсе, өңінде сүйіктісімен табысады.

*Егер кісі түсінде қайыңды көрсе, онда ол өңінде табысты болады.

*Егер кісі түсінде түтінсіз от көрсе, онда ол өңінде байиды.

*Егер кісі түсінде қарақошқыл түтін аралас от көрсе, онда бұл жақсы емес.

*Түсте ақ, жасыл түсті затты немесе суды көру-жақсы нышан.

*Түсте қара, қарақошқыл түсті затты немесе түтінді-отты көру –жаман.

*Түсте тісін сындырып алу-өңде досын жоғалтып алу.

*Егер кісі түсінде бір қабырғасының алынып қалғанын көрсе, онда ол өңінде әйелінің өлгенін көреді.

*Егер кісінің түсінде күрек тісі сынатын бола, онда оның әйелі қатерге ұшырайды. Егер кісінің азу тісі сынса, онда оның балаларының бірі қатерге ұшырайды. Егер кісінің түсінде ең түпкі азу тісі сынатын болса, онда оның өзі бір қатерге кезігеді.

Активтігі: 17%

* Егер кісі түсінде көк түсті киім киетін болса, онда өңінде барша тілектері қабыл болады, мұратына жетеді.

*Егер кісі түсінде ақ түсті киім кисе, онда ол бұл дүниеде де, о дүниеде де сый-құрметке бөленеді.

*Егер кісі түсінде сары түсті киім кисе, онда ол өз ісіне қарай өңінде бірде жақсы, бірде жаман жағдайда болады.

*Егер кісі түсінде ақсары түсті киім кисе, онда ол -өте жақсы: оның өңінде барша тілектері орындалады.

* Егер кісі түсінде қызыл түсті киім кисе, онда ол өңінде ел билеген баятық болады.

*Егер кісі түсінде қара түсті киім кисе, онда ол өңінде қайғыға ұшырайды.

*Түсте ақ, жасыл түсті затты немесе суды көру-жақсы нышан.

*Түсте ақ, жасыл түсті затты немесе суды көру-жақсы нышан.

*Түсте қара, қарақошқыл түсті затты немесе түтінді-отты көру –жаман.

Активтігі: 14%
Құстар

*Егер кісі түсінде құс ұстап алатын болса, онда ол өңінде үйленеді.

*Егер түсінде кісінің басына құс қонатын болса, онда ол өңінде бір қызмет атқарады.

*Егер кісі түсінде самұрық құсты көрсе, онда өңінде оның басына бақыт, байлық, дәулет қонады.

*Түсінде қолына қаршыға немесе басқа бір кішкене құс ұстаған кісі өңінде дәулетті болып, бала сүйеді.

*Егер кісі түсінде таусты (қырғауыл тұқымдас ұзын құйрықты әдемі құс) көрсе, ол өңінде асқан сұлуға үйленеді.

*Егер кісі түсінде түйеқұсты көрсе, онда ол өңінде ақылсыз, надан адамдармен істес болады.

*Егер кісі түсінде қарақұсты көрсе, онда өңінде байлыққа кенеледі.

*Егер кісі түсінде қыранды көрсе, онда ол дәрежеге ие болады.

*Егер кісі түсінде лашынды көрсе, онда өңінде оның байлығы тасиды.

*Егер кісі түсінде қаршығаны көрсе, онда өңінде бақытты, дәулетті болады.

*Егер кісі түсінде тұрымтайды көрсе, онда ол өңінде тілеген тілегіне жетеді.

*Егер кісі түсінде тазқараны көрсе, онда ол өңінде дұшпандарын тізе бүктіреді.

*Егер кісі түсінде жезқұйрықты көрсе, онда ол өңінде қадірсіз болады.

*Егер кісі түсінде күйкентайды көрсе, өңінде қапа болады.
*Егер кісі түсінде көгершінді көрсе, онда өңінде оның онда ол өңінде ісі оңғарылады.

*Егер кісі түсінде көкекті көрсе, онда өңінде оның жоғы түгелденеді, табысы артады.

*Егер кісі түсінде қараторғайды көрсе, өңінде ол қуанышқа бөленеді.

*Егер кісі түсінде шымшықты көрсе, онда өңінде оның ісі оңғарылады.

*Егер кісі түсінде қырғауылды көрсе, онда өңінде барлық ісі ойдағыдай орындалады.

*Егер кісі түсінде сасық көкекті (бәбісек) көрсе, онда ол өңінде тілеген тілегіне жетеді.

*Егер кісі түсінде қазды көрсе, онда түсінде оның азық-түлік қоры көбейеді.

*Егер кісі түсінде үйрек көрсе, өңінде досының ісіне сүйсінеді.

*Егер кісі түсінде тауық көрсе, онда өңінде мұқтаждықтан құтылады.

*Егер кісі түсінде қумай құсты көрсе, онда өңінде тұрмыстың барлық мұң-мұқтажынан арылады.

Активтігі: 12%
Андар

*Ешқандай зиян-залалы болмаса түсте жылан көрген де жақсы.

*Түсінде өзін жылан қуып жүргенін көрген кісі өңінде зымиян қатындардан сақтану керек.

*Түсінде айдаһар көрген кісі өңінде бір мықты бастықты көреді.

* Егер кісі түсінде пілге не айдаһарға, арыстанға не жолбарысқа, барысқа мінсе, онда ол өңінде барлық жауларды тізе бүктіреді.

*Егер кісі түсінде қасқыр көрсе, онда өңінде дұшпанын арттырады.

*Егер кісі түсінде түлкі көрсе, онда өңінде оның адал досының орнын алаяқ алдампаз басады.

*Егер кісі түсінде доңыз көрсе, онда ол өңінде дұшпандарымен айтысып, тартысады,

*Егер кісі түсінде аюды көрсе, көлденең олжаға оралады.

*Егер кісі түсінде қоян көрсе, онда өңінде барлық тілектеріне жетеді.

* Егер кісі түсіне ақ қоян енсе, онда қыс қатты болады. Егер кісінің түсіне қара қоян енсе, онда қыс жайлы болады.

*Егер жолаушылап келе жатқан кісі түсінде түлкі көретін болса, онда өңінде оның жолы болмайды, ал егер ол түсінде қасқыр көретін болса, онда өңінде оның сапары сәтті болады.

*Егер кісінің түсінде ит қабатын болса, онда ол өңінде бір қатыгез адамның жаласына ұшырайды.

*Егер кісі түсінде ит көрсе, онда ол өңінде кішігірім уайымға түседі.

*Егер кісі түсінде ит қапса, онда ол өңінде кішігірім шығынға ұшырайды.

*Егер кісі түсінде таутеке мен құлжа көрсе, онда ол өңінде тұрмыстың тауқыметін тартпайтын болады.

Активтігі: 13%
Төрт — түлік

*Егер кісі түсінде атқа мініп, одан құламай, өзі түсетін болса, онда бұл жақсы. Өйткені халық түстегі атты өңдегі арман-тілекке балаған. Түсінде атқа мінген кісі өңінде арман-тілегіне жетеді. Егер де адам түсінде мінген атынан құлап қалса, онда ол жақсы емес, алда қауіп-қатер бар болғаны.

*Түсінде кісі ерттеулі атқа мініп жүрсе, ол өңінде тілегіне жетеді.

*Егер кісі түсінде атқа мініп көкпар тартса, онда ол өңінде болыс болады.

*Егер кісі түсінде жабайы жылқыға мінсе, онда оның өңінде мал-мүлкіне зиян келеді.

*Түсте қой (отарын) көрген кісі өңінде халықты көреді. Сондықтан ел мұндай түсті жақсы деп есептейді.

*Егер кісі түсінде қой көретін болса, онда ол өңінде басшы қызметке тұрады.

*Егер кісі түсінде қой көрген болса, онда оның барша тілектері орындалады.

*Егер кісі түсінде ешкі көрсе, бұл жақсы емес.

*Егер кісі түсінде түйеге мініп жүрсе, онда ол-жақсы. Өйткені түйе-ұлық жануар. Түсінде түйеге мінген кісіні ұлы әулиелердің өзі желеп-жебейді. Жалпы, түсте көлікке мініп, құламай жүру-жақсы.

* Егер кісі түсінде түйеге мінетін болса, онда оны әулиелер қолдайды.

* Егер кісі түсінде қоңды түйеге мініп жүрсе, онда ол мұратына жетеді.
* Егер кісі түсінде қоңсыз, көтерем түйеге мініп жүсе, онда бұл жақсы емес.

*Егер кісі түсінде өзін қуып жүрген бураны көретін болса, онда ол ісіне қарай өңінде я жақсылыққа, я жамандыққа кезігуі мүмкін.

*Егер де кісіні түсінде келеге түсіп, жараға бура қуалайтын болса, онда ол құдай атына құрбандығын беру керек. Өйткені оның түсінде көрген -әзірейлінің өзі.

*Егер түске семіз сиыр енетін болса, онда арзаншылық болады. Егер түске арық сиыр енетін болса, онда қымбатшылық болады.

*Егер кісі түсінде қоңды сиыр малына (өгіз, бұқа) мініп жүрсе, онда оның билігі өңінде барлық халыққа жүреді.

*Егер кісі түсінде есекке мініп жүрсе, онда бұл өте жақсы.

*Егер кісі түсінде есекке мініп жүрсе, онда ол сол күні-ақ дәрежеге ие болады.

*Түсте доңызды, қасқырды, қабланды, жолбарысты көру және оларды өлтіру-өңде дұшпаннан үстем болуды білдіреді. Егер бұл хайуандар кісіге ешқандай жамандық жасамайтын болса, онда ондай түс жаман емес. Түсте бұл жануарларды өлтіру-жақсы: ол өңде жауды жеңумен бірдей. Егер де кісі түсінде осы аталған хайуандарға мініп жүретін болса, онда оның дұшпандарының қолға түскені.

Активтігі: 14%
Тағамдар

*Түске бидай, арпа кіретін болса, онда азық-түлікке арзаншылық болады деген сөз.

*Егер кісі түсінде ас ішсе, онда ол-өңінде мол дәулетке ие болады.

*Егер кісі түсінде піскен ет жесе, онда ол өңінде ішіп-жемінің көбейгенін көреді.

*Егер кісі түсінде палау, мәнті жеп, сүт ішсе, онда ол өңінде барлық тілегіне жетеді.

*Егер кісі түсінде құрма жесе, онда ол өмірде ұзақ жасайды.

*Егер кісі түсінде жүзім жесе, онда оның өмірде бағы жанады.

Егер кісі түсінде қауын немесе қарбыз жесе, онда оның досы байиды.

*Егер кісі түсінде алма жесе, онда ол өңінде тілегіне жетеді.

*Егер кісі түсінде шабдалы жеп жүрсе, онда ол екі дүниеде бірдей шат-шадмар ғұмыр кешеді. Бұл түс өңге айналу үшін аз дегенде бір күн ораза ұстау керек.

*Егер кісі түсінде грек жаңғағын жесе, онда өңінде оның ішім-жем қоры мол болады.

*Егер кісі түсінде анар жесе, онда ол өңінде байиды.

*Егер кісі түсінде бидай көрсе, онда ол өңінде тілеген тілегіне жетеді.

*Егер кісі түсінде тары көрсе, онда ол өңінде бақытты болады.

*Егер кісі түсінде балық ұстап немесе жеп жүрсе, өңінде дәулеті артады.

1 345 thoughts on “Түс жори біліңіз

  1. Ассалаумағалайкум. Мен қазір 38 жастамын. Кышкентай кезимде тусимде ушып журетинмин жане осы тусти коп кордим. Жорып беринизши

    1. Демеу сенің тағдырыңда ұжданды болуға жазған, қазір жаның жетілмей қалған болар. Ата дәстүрін берік ұстануың керек.

  2. Салеметсіз бе.мен түсімде аяғымдағы башпайым 6 боп кетипти жане сол башпайлардан сəбіз тектес зат шығып тұр екен.сосын окшем құрт екен кадимги жыбырлап жүретин жандик.и сол құрттар терімнің сыртында бүкіл өне бойымда бар екен.сол курттарды анам денемнен түсіріп жүр екен и сол курттар бир мезгилде жок боп кеьипти бүкілі жерге түсіп.жорып беріңізші

    1. Еркежен; Сенің бой таалығыңды, өрсіңді дұрыс еместігін дәрет және әйелзатына тәне ата дәстүрімен кинуді оның үлгісі анаңда тұрғанын ескертеп жатқаны болады.

  3. саламатсызба, түсімде менің кайтыс болган папам келіп куліп тырнагын алгызып отыр .мен алып тырнагын алып жатырмын , жорып беріңізші.

    1. Жанка папаң жаныңа келсе қолдау беріп жүргені. Тырнағын алып қолын тазартып жатсаң саған өзі меңгере алмай кеткен қасиетілікті, тақуалықты ұста деген белгі.

  4. мен ұл балага зәрудің бірімін , енем тус корпті, туснде кок матага оралган пышакты олген кісіден алып жатып колы жетпей оянып кетипти.пышакты устай алмай калыпты ,жорып берінізші

    1. Жанка саған әулие-әмилерді аралап ұл бала тілеуің керек. Сонда бұл енеңнің түсі орындалады.

  5. Ассалаумағалейкум аға. Түсімде тыржалаңаш, бірақ үстімнің бəрі сабын күйінде əжемнің үйіне қарай келе жатырмын. Жолда бір дəу ит жатыр екен. Үрді. Артыма қарасам екі ата келе жатыр. Біреуінің көзі көрмейді, ал біреуі жол көрсетіп сүйемелдеп келе жатыр. Мен олардан барып көмек сұрадым. Сосын мен керісінше көзі көрмейтін атаның қолынан ұстап өтіп кеттік. Жаңағы ит тұрған жоқ. Бір екі рет үрді болды. Біз ары қарай өтіп кеттік. Осы түсті жорып берсеңіз.

    1. Бердібек сенің бой өрісің әлсіз кимісіз жүргеніңді және сені қолдап жүрген ата-баба аруақтарының арқасында сен жамандыққа түспей жүргеніңді білдіреді. Ата дәстүрін ұстан, әулие-әмилерді арлап құдайдан кешірмен, жәрдем сұра сонда бәрі орынан келеді.

  6. Саламатсызба. Мен тусимде кызыл пальто киып алыппын. Жугирип журмин гой деймин документтер туралап, содан бастыгым звандап калды «кеширерсин менен сурап еди бир адамдар оларга 12 не декретке кетип калган деп аиттым дурыспа 12 не шыгасынба деп сураватыр». Мен болсам ия ия мен озимде звандап аитаиын деген едим СИЗ билгендей звандадынызгой деппин. Неге ен сонгы кездери тусиме бастыгым кире Береди екен. Казир озим жуктимин. Рахмет алдын ала

    1. Айсұлу ; Қызыл киім өрісңнің толықтығы, бастығың кірсе түсіңе ұрпағыңның рухани ұқсастығы болар.

      1. саламатсызба. Неге тусиме куйеуим екеумиз жыныстык катынаста болып жаткан коринис тусе береди? Жаман ба жаксы ма не нарсени билдиреди екен,?Екинши.Милиция Маган акыл айтып комек берип тур тустеги милиция нени билдиреди.

        1. Айсұлу; Түсіңде өз күйеуіңмен жыныстық қатнасқа түскенің ешқандай зияны жоқ. Рұқпен жаның қосылыуы болады. Ал милияция өзіңнің аруақ күзетшілірің ғой.

        2. Саламатсызба. Жорып бересізбе:. Уйіме келе жатсам, бәрі жолға шығып наурызба, құрбан айтпа тойлап бешбармақ жеп жатыр кошенің ортасында. Менің уйімнің алдындада уйдегілерім дастархан жайып көшеде бешбармақ жеп отыр. Менде отырып қосылғанмын.
          2. Бір автобус улгермей, екінші автобусқа мініп жатырмын. Аяғым усіп кеткен, қып қызыл етік киіп алғанмын,ыссы суға салып жібітейін деп жатырмын. Етікпен бірге. Аке шешем ашылып кетеді. Шешіп сал суға деп жатыр. Я деп аяап етікті шешіп өойғанмын. Сосын Ауырып жатқанымды бастығым көріп аяп жур екен.

        3. Саламатсызба. Жорып бересізбе:. Уйіме келе жатсам, бәрі жолға шығып наурызба, құрбан айтпа тойлап бешбармақ жеп жатыр кошенің ортасында. Менің уйімнің алдындада уйдегілерім дастархан жайып көшеде бешбармақ жеп отыр. Менде отырып қосылғанмын.
          2. Бір автобус улгермей, екінші автобусқа мініп жатырмын. Аяғым усіп кеткен, қып қызыл етік киіп алғанмын,ыссы суға салып жібітейін деп жатырмын. Етікпен бірге. Аке шешем ашылып кетеді. Шешіп сал суға деп жатыр. Я деп аяап етікті шешіп өойғанмын. Сосын Ауырып жатқанымды бастығым көріп аяп жур екен.

  7. Саламатсыз ба?Мен түсімде өзімнің жігітімнің мені емес басқа қызды сүйіп қалғанын айтып,тойымыз болмайды деп сол қызбен менім көз алдымда сөйлескенін көрдім.Ашуланып тұрғаным соншалық ішімде от жанып тұрғандай болды.көзімнен жаста шыкпады.Әкем қасымда мені жұбатар сөз айтып отыр екен.

    1. Қырмызы мұның жоруы әр түрі болады. Кимі қандай еді жігітіңнің қара, ақ па олда маңызды. Негізінде әкең жұбатып отырса шыныда ол жігіттің саған лайық емесінде білдіреді.

  8. Үстіндегісі қара жұқа куртка және ішінен ақ футболка.телефонын қолынан алып сөйлесіп тұрған қызына айғайлап бердім.Ол қыз маған қарсы бір сөз айтпады.әкем сол кезде қасыма кеп ашуынды бас қой деп отырды.ашуым қатты болғаны соншалық әкеме қалай қой дейсін тойға дайындалдың барі бос кетема деп сойледім.Жігітіме ашуланғаным соншалық ішімде бәрін сөзбен қжұлып кетердей боп козімнен 1 тамшы жаста шыкпай тұрды.

    1. Қырмызы; Қара киімді болса онда бой өрісі таза емес жындылығы бар, сағанда ол енумен сенің жындылқпен жүктелетіңді ескерткен белгі. Ар жағын өзің шеше бер.

  9. Салеметсизбе. Мен тусимде кайткан экемди кордим. Ол маган еки килт берип тур. Колында кагаздары бар «Осы жумысын ушин я акшалай, я болмаса малмен аласын» деди. Осы тусимди жорып беринизши. Экемнин кайтканына 1 жыл болды.

    1. Жұлдыз; Саған әкеңнің аруағы көтерліп жарықа шықаны және саған беріп жатқан несібе сыйы болар құдай алдынан сұарап мирасқа алған.

  10. Түсімде қызымның артынан барыпыз тұрмысқа шыққан сиякты бірақ үй ескі жүпынылау,күйеу бала қашқактайды қарын ашқан ұлым екеуміз ас бөлмесіне кіріп ақ қаймақ жейміз Брі қыз келіп қаймақты майға айналдырады ,бірақ май болмай,суын ұлымның алдына төгіп алады ,қызды итеріп жберіп отырған кемпірге ренжіимің кемпір мас ,бір әйел мені қоштайды екінші бөлмеге барам қызым мама денеме қарашыдит қарасам қүйымшақтын үстінде қызыл жара куыктың басынан корсет кигзгенди жолақ жолақ денесі жарылып кеберсіп тұр беті қолы мойыны аяақтары таза перденің , әр жағында бала жатыр қызымды алып кетемдеп ашуланып қызым бармайындеп жылайды ,кызым екінші этажды жасыл шатырлы үлкен үйді көрсетеді асты магазин осығаң екі күнде кіреді дейді олардың айтысы екі күн шыдағандағой .Сол уақытта кемпір келіп қолындағы коробканы көрсетеді соны не жеседе қосып бер деп ұлым берген ,сол кезде ойанып кетіп қайтадаң түсті жалғастырам қызымңын денесіне чип салған оңбағаң күйеу бала ,деп айтып жатырмын

    1. Алия; Түсіңді түсніксіз жазыптысң. Қызың күйеуде ме әлде жоқ па? Қаймақтың майға айналмай жатқаны ана тілін дұрыс меңгермеуден, щшариғатыт толық ұстанбаудан, сөз сөйлеу өнернің дұрысталуын ескертуі болады. Кемпірдің мастығы ата дәстүрін ұстанбай жындылққа, шайтандыққа түскені. Құйымшақ үстіндегі жара 8-түрлі кезеңнің, қуатың жүйесін меңгере алмаудан, нәсілдің азуынан, тексіздіктен болады. Екі этажды жасыл үй, екі күн жете мен сананың жағдайын жетілмей қалуын білдіреді.

      1. Сәлеметсіз бе? Мен ылғи қорқынышты түстер көрем.
        Түсімде туысқанымның үйінде екі ініммен отыр екнмін.
        Менімен қатар туысым достарымен қыдырып кетеді. Бір уақытта
        ол үйдің гаражынан екі арыстанды байқадым. Бір арыстан ерекше ақ
        түсті екен. Арыстанды көре сала екі ініммен үйге қашып, үйдің екі
        жақтағы есігін әрең-әрең жаптық. Арыстаннан қашқан менің
        курстасымды үйдің екінші есігінен кіргізіп алыппын. (олар менің
        туысымның үйінде не істеп жүр? түсінбедім) Бір уақытта туысым
        үйге келгенде мен болған жайды айтып жатырмын. Гаражда арыстан
        бар десем «қайдағы арыстан? олар адам ғой дейді.

        1. Айкеш саған рухани өлім сатсынан өтуің, күнәдан ақталуыңды ескертіп жатқаны. Арыстан бабадан бастап 40-әулиені аралап зияртасаң жағдайың түзеледі.

      2. Тағы бір түсімде дүние салған әжемді көрдім. Ол кісі өзінің
        өліміне біреуді кінәлайды екен. Сол кісінің үйіне бармақшы.
        Мен әжеммен бірге ілесіп алыппын әлгі кінәлі кісіні көрмекші
        болып. Кінәлінің үйіне кірмекші болғанда әжемді 3 кішкентай күшік
        үріп жатыр. Ал мен әлгі кішкентай, жинақы үйге кіріп барам. Ал
        әжем күшіктермен сыртта қап кетті… (бірақ үйге кіргеніммен
        ешкімді көрмедім. Түсім үйге кірген кезде бітіп қалды)

        1. Айкеш; Әжеңнің ақталудан, тазарудан толық өте алмай жатқаны. Артынан құрбан шалып құран бағыштаңдар.

  11. Сәлеметсізбе аға қызым тұрмыста жоқ үлкенім тек түсімде көргенім қызымнын сөйлесіп жүрген жігітті таныимын жігіттін шешесі жастау деп қызым айтқан ал түсімдегі кәрі кемпірді мынау сенін құдағиын деп айтады мас екен екі күнде ана жанадан салынған екі этажды үйге кіреді асты магазин деп айтып жатыр солай қараймын қарасам жасыл шатырлы әдемі үлкен үй бұл түс тұрмысқа шықпаған үлкен қызым туралы

    1. Алия; Түсінікті. Түбінде арты қайырлы болады, ата дәстүріне, шариғатқа мойсұнады деген белгі.. Сабыр сақта.

  12. Аға сәлематсіз! Түсімде, бұрыңғы жолдасыма телефон шалыппын (ажырасқанымызға 2 жыл болды). Телефон тұтқасын анасы көтеріпті, анасы қуанышты емес, менің телефон шалғаныма, содан кейін жолдасыма телефонды берді. Мына мен жақтан менің анам қоймай жолдасыңа сағындым деп айт, баяғыдан бері хабарласқым келіп еді, сеннен хабар күттім деп айт, тағыда қандай телефон номерлері бар еді бәрін сұрастырып ал деп жанымды алып бара жатыр. Содан бұрыңғы жолдасым соны естіп телефонның ар жағынан мысқылдап күліп жатыр, одан сайын шалқайып кетті, ия мен сеннен хабар күттім деп. Ақыры сол әңгімемізді, мен қазір көпшілік жерде отырмын, кейін хабарласайығымен аяқталды. Бұл неге көрінді екен? Менің анам аққу, анам негізі түсіме таңнамазының уақыты өтейін деп, намазды өткізіп алмасын деген ниетпен, түсімдеде оятып жатады.

    1. Райса саған қалайда хабарласып алдынан өтуің керек бұрынғы күйеуінің деген белгі. Сонан кейін тағыдырың қайта қаралады. Ол үшінде гамазға жығыл, құдайға жалбарын деген белгі түскен.

  13. Қайырлы күн аға! Мені ерекше мазалап жүрген түсімді (бірнеше)
    жорып беріңізші!
    1. Түсімде Астана қаласының көп қабатты үйлерінің
    бірінде 7-ші қабатында жанұяммен тұрып жатыр екенбіз.
    Балконы бар(жартылай ашық). Сол балконның қабырғасында
    үлкен інім тұр. Мен оны ішкі бөлменің терезесінен көріп қалып,
    қорыққанымнан ымдап жатырмын «бері қарай түс деп»,ары қарай
    құлап кетпесін деп өзіме қарай шақырып жатырмын.Ол қарап
    түспекші болды, бірақ ары қарай кетіп қалды. Мен айқайлап
    жылап жатырмын. Ата-анам бәрі сыртқа қарай жүгірді. Мен де
    сыртқа шығып бара жатып қайта-қайта құлаймын ініме жете алмай.
    Сыртта скамейкага барып сүйеніп тұрып ініме қарасам түп-түзу,
    басы қан болып жатыр… (ойлаудың өзі қорқынышты…)

    2. Бір түсімде туыстарыммен, құда-жекжатпен бірге хундай
    көлігімен тойға бармақшымыз. Жолда көп (20-30дай) шайтан
    (қара түсті киімдер киген.Беттері әппақ, көздерінің айналасы
    қап-қара,шаштары тұрып кеткен)алдымыздан шығып біздің
    көлікке хлопушка лақтырып жатыр. Біз артқа қарай шегініп,
    басқа жолмен жүрмекшіміз. Рульде өзімнің көкем(әкемнің туған
    ағасы. Өмірде ашуы өте қатты). 2-ші жолдан тағы да жаңағы
    шайтандар шығып қалмаса екен деп қорқып отырмыз. Артымыздан
    қуып келе жатқан сияқты қатты жүріп келеміз. 2-ші жолда әдемі
    ғимараттың ішінде көлікпен жүрміз. Түсініксіз қисық-қисық
    жолмен ғимараттың әр есігінен шығып жатырмыз. Бір кезде келесі
    есікті таба алмай жатырмыз. Ғимараттағы 2-3 жігітке айқайлап
    қоямыз шығар есікті айтып жіберсеңдерші деп. Олар үндемей қарап
    тұр. Ақыры шығар есікті таптық. Бірақ шығып үлгермеген
    сияқтымыз…
    3. Құрбым мені түсінде көріпті. Түсінде мен өте әдемі кепка
    киіп көріп, сол кепканы сатып алмақшы екенмін. Құрбым маған қызығып
    менде осы кепканы алсам бе екен деп ойланып тұрыпты…

    1. АЙКО; Жетінші қабатта тұрсаңдар иманың жеті шарты болады. Ініңнің имандылық жағдайының дұрыс еместігін қазақ дәстүрін ұстанбай жүргенін оның алдында қауіптің тұрғанын білдреді. Ал өздеріңніңде жол таба алмай, аянға жалғана алмай, жандарыңның түнекте шайтандармен арпалыста жүргендіріңді екінші түспен ескертіп тұр. Құрбың түсімен сендерге басты қорғау керегін, жаулықты тартуға белгі болады.

  14. Саламатсызба аға.мынандай түс көрдім ол нені білдіреді:түсімде əкем қайтыс болыпты (ол кісі желтоқсан айында қайтыс болған)қарақұрым адамдар жиналған.іште анам мен марқұм кеменің кіші қарындасы пəктеп жатыр екен,менің балам олардың қасына барып қалыпты,баламды алайын деп барсам ,əкемнің аяғы жерде бөлек жатыр екен.
    2)түсім біреудің жаназасында жүрміз .кім десем бұл да (марқұм апам ол да қайтқан наурыз айында).үиінен шығарып алып бара жатыр екенбіз.

    1. Асель; Қайтқан кісілердің құран мен құрбандықты керек қылып жатқаны болар.

  15. 3)түсімде поезда бір жаққа бара жатырм екен ,сол поезда қара киімді таныс деймін бірақ түрі жаман болып өзгеріп кетіпті сол мені не істегісі келеді білмимін қуып келеді,мен жанталасып қашып келе жатырырмын сол кезде оянып кеттім.

    1. Асел саған тазаруды болмаса қара жынмен жүктелетініңді ескертіп жатқаны. Толыө дәрет, киім жабық болсын үнемі. Болмас енді қауіп бар жындардан.

    1. үйден құрбандықтың қаны дұрыс болады. Туған-туыс, көрші көлемен.

    1. Жын ішке еніп алса, қуып шыға келесің есіңнен ажырап. Немес түрлі қылықтар пайда болып, нәпсіқұмарлықта сонымен байланысты болады.

  16. Ассалаумағалейкум. Алдымен алдыңғы түсімді жорып бергеніңізге рақмет аға. Енді осымен 2 ші рет түсімде мен жататын орында 2 дəу өрмекші жүреді қалың ұяларымен. Алдыңғы түсімде ауылдағы үйдегі жататын жерімде жүрді өрмекшілер. Ал кеше түнде қаладағы үйімдегі жататын жерде жүр. Содан қорқып жүрмін ау дим. Осы түстерді жорып берсеңіз.

    1. Бердібек; Бой өрісің дұрыс толық емес. Демек жалаңбас жалаң қол дәретті сақтап жүрмейсің. Толық дәрет киім болып сосын әулиелер басына зияратта сонда әрі қарай не істеуді көрсетеді.

  17. Аға ал екі үйімде өрмекшінің жүргені не білдіреді. Именно мен жататын орында жүреді?

    1. Бердібек;Өрмекші негізінде жалқаулықпен, бой өрісен байланысты жағдайды білдіреді. Шариғатты ата дәстүрін ұстауға жалқауланба жаның өрмекшінің ұясына айналып кетпесңн деген белгі, хабары болар аруағыңның.

  18. Саламатсызба. Капа болып куйеуиме отырмын басымды устелге койып ол карама карсы Маган карап отырып ангимесин аитып отыр. Сосын аинага карап шашымнын арасынан уш таракан тур екен ушеуинде шертип тусирип жибериппин не нарсе болды екен

    1. Айсұлу; Басыңды таза ұста, ағзаларын тазарт деген белгі. Жапулықсыз жүретін боларсың шамасы. Шашты қимай үнемі жауып дәретпен жүру керек.

  19. Саламатсыз ба аға мынандай түс көріп едім :жолдасым екеуміз шіркеуге барып шырақ қойып жүрміз .біреуіне барам онда кілең ауру адамдар жатыр ма содан оған кірмей басқасына барып 3 шырақ қоиып соңғысын қойып тұрсам бір сыған жігіті маған бір суреттер салып көрсетіп тұр .бірақ мен түсіне алмадым не екенін шіркеуге бара жатқан да біз жүріп емес қалқып жүрген сияқтымыз .және бір жерде марқұм əкемнің а
    ты аталып жатқанын құлағы шалып қалды.Жалпы соңғы кезде əкемді жиі көріп жүрмін.осыны жорып беріңізші.

    1. АСЕЛЬ; Шіркеуге барып шырақ жағып жүргендірің інжілдік ақиталудан өтумен исламның бірлігімен байланысты. Сендерге ата жолында әулиерерді зияраттап аруақтардың, әкеңнің басын көтеріңдір деген белгі болады.

  20. Сәлематсызба. түсімде ақ рубашка қара галстук таққан шулап отырған қыздарды көрдім оқушылар сияқты.көп қыздар алдынға жақта отыр, арта жақта шашы қысқа қызбала отыр партада, жанында келесі партада тағы сондай киінген шашы өрілген тағы бір қызбала отыр, осы қаздармен екеуін өлген адамды көмеді сондай томпешік бөліп тұр.менім қызым ба деп қарап отырмын.

    1. Эльмира; ақ көйлекке қара галстук тағу мойынға жынмен жүктелу болады. Қазақ дәстүрін ұстанбаған жас қыздарға қауіптің төнгенін білдіреді. Қаллғанын өзің пайымда.

    1. Құдайдың алдында құрбандық қанымен қуатандырып, әулие-әмилер арқылы, құдайдан жоба алып, оны орындап жанын жарыққа шығару.

  21. мен бугин тусим де кулше нан кордим арасы пискен бирак ун синилим айттып жаттыр ой мынанын иши ун гой деп бирак тап татти не болады айттыныздаршы

  22. тагы бир тус корди осыдан 1-апта бурын жол журип келе жаттам содан автубус токтайды бир ер адам келип тобемннен устап суре орки басттады арапша жазып жазуды аяктап ушын балгамен урады суйтип колыма куран киттап.жане кишкенне кара пышак устатып кетти.не болады

    1. Әбишова; Төбеден қол қойса інжілмен жалғану, жүрек көзінің ашлуы, Құран, кітап жанға енетін білімен байланысты. Ал пышақ текті ұлды өмірге әкелесің.

  23. Сәлеметсізбе! Түсінде балалы болганын корсе ненiн белгісі? Апкем 3 жылдан берi саби суйе алмай жүр. 2, 3 куннен берi балалы болганымды көремін дейді.

    1. ҰЛДАН; Қабыл болсын, құдай рахымын түсіріп ұрпақты болады. Шүкірлік қылып, құрбан шалып құран оқытсын.

  24. Сәлеметсізбе! Түсінде балалы болганын корсе ненiн белгісі? Апкем 3 жылдан берi саби суйе алмай жүр. 2, 3 куннен берi балалы болганымды көремін дейді?!

  25. Сəлеметсіздерме! Аяғым ауыр. Бір қызым бар. Түсімде бір көк бір сары балық көріптім. Балық перзент екенін білемін. Қолымды созсам көк балық келіп алақанымда тұр екен. Бұл нені білдіреді.

  26. Түсімде ағайын жеңгемнің үйін әктейін десем үйін шылау басып кетіпті соны тазалап жүрмін, Шылау деген баттасып кеткен қолмен жұлып жатырмын, Бұл нені білдіреді екен,

  27. Саламатсызба. Мен тусимде егин алкабын кориппим карасам коп адамдар сонда жумыс истеп жур касымда куйеуим бар ол мени кушактап козим жумып тур алкапка бару ушин алдымызда сайда улкен озен ба бар ишинде жасыл шоптери Осип Кёткен суы таза содан жузип отип барамыз десек лайга батып баражатырымыз мен оган бол тез жуз ип шыгаыйык батып кетемиз деппин жагага шыгып едик сол тускен жердин касында отетин шоптери сары болып оскен жол тур екен мен оган мине жол бар осы аркылы отейк деп тобеге шыктык алиги адамдардын касына барып бизде макта терип журипиз.жорып бкринизши отиниш не нарсе ол.

  28. Сəлеметсізбе! Түсімде тұрмысқа шығайын деп жатыр екенмін деймін, бірақ кімге екенін білмеймін. Əйтеуір мама алып келген ұзату көйлегі мен, той көйлегін киіп əлекпін. Той көйлегі қатты ұнапты деймін. Суббота күні той екен деймін бірақ тойға ешкімді шақырмаған деймін, сосын мен понедельник жасайык адам шақырып үлгерейік деп жатырмын. Бір қарасам жаңбыр жабайын деп жатыр деймін; менің тойымда күн ашық болу керек гулянка болу керек деп жатырмын. Бір қарасам биік лестницадан жоғары көтеріліп бара жатырмын деймін, ең басында бір қараңғы сарай екен деймін. Қайтадан шығып кетемін, ұмытып қалдым кей жерлерін.

    1. Ардақ сенің жаныңның рухани тұрғыда күйеуге шығуын білдіреді. 6-шы күн Тәуратпен, сосын демалыс күнің Інжілмен байланысты ал бірінші күнің пайғамбарымыздың сүнеттерін ұстанумен, рухани жалғануға, ата дәстүрін ұстанумен ғана байланысты өмірің тойға айналады.

      1. Саламатсызба.рахмет жауабынызга. Бирак 6 шы кун Таурат, демалыс кунын Інжу дегендерди тусынбедым.

  29. Ассалаумағалейкүм! Мен, жарты жылдан астам жұмыссызбын, жұмыс табылу жағыда ақша табу жағыда қиын болып кетті.
    Бірақ түнде түсімде көлдің жағасынан қолыммен көп балық ұстадым, жəне сол кішігірім көлде дəл алдымнан кәдімгі Яхта жүзіп өтті. Осы түсім туралы айтып берсеңіз. Рахмет!
    Негізі түстер менің есімде қала бермейтін осы түсім анық есімде қалыпты.

    1. Уағалайкумассалам Қайрат. Көлден балық ауласаң бұл рухани несібе тағдырға берілген. Рухани несібелі пендесіне құдай дүниеден де таршылық қылмайды. Сондықтан Саған ата жолын, дәстүрін ұстанып шариғатты берік ұстап, әулие-әмилердің алдынан зияраттап ақталудан өтсең, дүниелік жағдайыңда түзеледі.

  30. Сəлеметсізбе! Түсімде операция жасап жатыр екен деймін жүрегимді алып қойып дəрігер енді 1 аптадан кейін саламыз деп айтып жаткан көрінеді. Ұйқымнан сол кезде оянып кеттім Алла ға шүкір жүрегим ауырмайды. Тек очы түсімді қалай болжарымды білмеймін….. рахмет

    1. Айзада жүрегің ауырмағанмен, ағармағанын, ақталудан өтпегенін ескертіп жатқаны болар тылсымнан. Бір жетінің ішінде әулие-әмилерден зияртауың керек болар.

  31. салеметсизбе!мен тусимде жер картасын кориппин сонда японияма сондай сиякты сойтип сонда жур екем бир кезде заулим уйлердин арасында журмин устинги этаждан карап турсам топан су басып кетти сойтип адамдар кырылып жатыр мен болсам жузе алмайм деп бирде туншыгам бирде жузем аман калудын амалын тауыппын касымда жузип бара жаткан кызыл паласты устап алып соган отырыппын еки колыма октауды ескек кылып жузип барам . каланын бари топан су артыма аман калган 5 -6 адамды отыргызып олардын барине есиндер деп октау бериппин заулим уйдин ишинде жузип журмиз бир кезде су азая бастады айнекке карасам бул жагын су баспаган адамдпр тиршилигин жасап жур

    1. Баян бұл қияметік мезгілдің жағдайын ескертіп саған өзіңді құтқар деген белегі болады. Топан су жаныңды тұншықтырып жатқан тәндегі артық қортылмаған су ғой. Жер картасын көрсең бұл сенімен байланысты. Ал қызыл палас имандық шындық қуат. Саған ата дәстүрін шариғатты ұстанып, әйелдік қасиетіңді де меңгеру керек болар.

  32. Аға сәлематсіз! Түсімде менің және әкемнің қарындасының қызының, екеуміздің артымыздан 3-4 ер адам қуып жүр. Артымыздан қалмайды

    1. Айгүл; Сендерге жалғана алмай жүрген аруақтар болар шамасы. Әулие-әмилерден зияртап өтіп ата-баба аруақтары үшін тілек тілеңдер сонда бұл жағдай жақсылыққа бағыт алады.

      1. аруақтар жалғана алмай жүр деген қалай? қайтқан адамның жаны тозаққа не жұмаққа кетіп қалған жоқ па?

  33. Саламатсыз ба ? Мынандай түс көріп едім , жорып берсеңіз.үйімізге жылан кіріп кеткен екен, соны қаласы жүріп басына сүт ( ақ )құйсам, алдын ашып іше береді , содан сүтті құйып жүріп, сыртқа шыққанда мен басын жаншып, жұлып алғанмын.өзі жіңішке де ұзын жылан, сарғыш жылтыр.

    1. Асел үйден сүт құйып шығарғаның, рухани тазарумен жаныңның жарыққа шығуы болады. Тазалықты сақта дәрет, киім болсын, сонда өмірің жақсылыққа қарай жақсара береді.

  34. Аға сәлематсіз! Түсімде анам көлік айдауды немересіне үйретіп жүр екен. Екі гаишник тоқтатып, кішкентай баланың көзінше бас салып анамды ұрып, тепкілеп жатыр. Мен әйелмін, маған тиіспеңдер деп жерден тұра алмай жатыр. Содан, сол уақиға жасырын бағаналарда орнатылатын видеоға түсіріліп қалыпты. Еліміздің КТК арнасынан мінекей, Қазақстанның қазіргі ахуалы осындай, әлсіз қарапайым әрбір елдің тұрғындарымен осылай болады деп жариялап жатыр. Анам аққу.

    1. Айгүл; Анаңның аян кітабына жалғанумен оның немерлеріне мирас қасиет болып қонатынын білдереді. Оған кедері қазақ елінде ата жолында болып жатқан сынақтарды ақпартық соғыспен жеңу керектігін, ата жол білімін тартауды ескертіп жатқаны болар.

  35. Саламатсызба озим нин конил куйим жок себеби босанатын уакыттан 1-аптадан асып барад шамасы. Ал менин сизге жорытаиын деген тусим. Корыкамын ойланып. неге укол коре берем ен сонгы кездери. Бул жолы кызыма Бир медбике келип уколын дайындап тур ал мен болсам Жана шприц издеп сумканы ашсам кызым ойнаган ба алып инеси Бир болек уколы Бир болек жерде шашылып жатыр. Ал сумканын иши новакаин мен косып салатын антибиотиги бар екен. Бирак салган жок оянып кетиппин. жорып беринизши тусимди отиниш. Рахмет сизге алдын ала.

  36. Сәлеметсіз бе? Менин түсіме ренжисип калган жигитим унеми киреди. Бугин тунде онын анасы жанымда от жагып отыр? Алдынгы куни түсімде сол уйден 1 отар қой және ешкі көрдім? Жорып беринизши?!

  37. Сәлемесіз бе,Аға!Ораза қабыл болсын!Мына түсті жорып бересіз бе?Түсімде анам біздікіне келіпті қонаққа.Баламның туған күні екен деймін.Маған анам көкшіл түсті баланың түбегін(гаршок)беріп жатыр.Және тағы бір түс анам көрген.Марқұм әкем анама асығыс келіп қағаз ұстатып кетіпті.Қағазда ЖАЛҒАС деп жазылған дейді анам.Жорып бересіз бе? Рахмет.

  38. Салеметсиз бе, тусимде жолдын аргы бетиндеги курбыма жугирип бара жатырмын (курбымнын ким екенин билмеймин) жолдан отип бара жатканда машиналардын арасында каламын, бирак жолдае аман-есен отип шыгамын, курбыма барамын?

    1. Малика; Туған кезде әркімнің жатырда бірге жолдасы болады. Дұрыс өмір сүріп, шектен шықпаса рухани жұбы жан жолдасымен кездесіді. Саған да сондай жан серігіңе қосылу бақыты берілген екен.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *