Егер адам түсінде:
Биікке немесе тауға шықса, жақсы. Ондай түс көрген кісі өңінде үлкен дәрежеге жетеді. Жақсы көйлек кисе — кісіге өңінде қуаныш әкелетін істің боларынан хабар береді. Өзінің өліп қалғанын көрсе — онда өңінде ұзақ жасайды. Кісі әйелдің қойнында жатса — онда өңінде оның дәулеті артады. Тыржалаңаш жүрсе — өңінде барлық қайғы-мұқтажынан арылады. Басына тәж кисе — онда ол өңінде байлыққа ие болады. Сүйікті адамдарыңның бірін құшақтау — бақытты болудың нышаны. Жылаған болса – өңінде қуанады. Аспанда тұрған айды көрсе — өте жақсы белгі, мұратына жетеді. Күнді көрсе — мерейі өңінде дұшпандарынан үстем болып, дәулеті тасиды. Жұлдыздарды көрсе — балаларының дәрежесі жоғары болады. Өзен көрсе — кісі өңінде үлкен олжаға, пайдаға кезігеді. Баққа кіріп, оны аралау — жақсылықтың белгісі. Қызыл гүл көрсе — онда өңінде бай болады. Бал арасын қуып жүрсе — өңінде пайдаға жолығады. Өлген кісіні көрсе қорықпаған жөн. Егер ол адам сөйлесер болса, онда ол шындықты айтады. Суда жүзіп жүрген балықты көрсе — адам өңінде перзент сүйеді. Өзінің ұйықтап жатқанын көрсе — онда өңінде жақсы табысқа жетеді. Үйіне түскен ұрыны көрсе — онда ол өңінде табыс табады. Шашын алдыратын болса — онда ол өңінде кедейленеді. Керісінше шашы өсіп кететін болса, онда ол өңінде байиды. Үйленген болса — тілеп жүргеніне жетеді. Алтын көретін болса — онда оған өңінде дәулетті кісілер демеу береді. Жағымсыз иіс — өңдегі жайсыз істің нышанын білдіреді. Қолын жуса — өңдегі мазасыздықтан арылу. Көпірден өткен кісі — өңінде өзінің жақсы қызметін қалдырып, одан да жақсы қызмет істейді. Әлдекімді ұрып-соқса — онда дұшпанын кекетеді. Ақ, жасыл түсті затты немесе суды көрсе — жақсы нышан. Қара, қарақошқыл түсті затты немесе түтінді отты көрсе – жаман. Тісін сындырып алу — өңде досын жоғалтып алу. Ақ түсті киім кисе — онда ол бұл дүниеде де, о дүниеде де сый-құрметке бөленеді деген сөз. Сары түсті киім кисе — онда ол өңінде өз ісіне қарай бірде жақсы, бірде жаман жағдайда болады. Қызыл түсті киім кисе — онда ол өңінде ел билеген болады. Қара түсті киім кисе — өңінде қайғыға ұшырайды. Құс ұстап алатын болса — онда ол өңінде үйленеді. Кісінің басына құс қонатын болса, онда ол өңінде бір қызмет атқарады. Қыранды көрсе — дәрежеге ие болады. Көгершінді көрсе — өңінде оның ісі оңғарылады. Ақ қоян енсе — онда қыс қатты болады. Егер кісінің түсіне қара қоян енсе — онда қыс жайлы болады. Ит қабатын болса — өңінде бір қатыгез адамның жаласына ұшырайды. Ас ішсе — өңінде мол дәулетке ие болады. Ет жесе — өңінде ішіп-жемінің көбейгенін көреді. Алма жесе — өңінде тілегіне жетеді. Балық ұстап немесе жеп жүрсе — өңінде дәулеті артады. Жылан қуса — әйелдердің арбауына түседі. Сақалы ағарса — ауруға ұшырайды. Үйі құлағанын көрсе — ұрыс-керіс болады. Пышақ қайраса — қауіп-қатер болады. Аттан құлап қалса -қатерге кездеседі.«Түсті көруінен емес – жоруынан қорық» демекші, түсіңізді жақсылыққа жорысаңыз, жақсылыққа, жамандыққа жорысаңыз, жамандыққа қарай бұрылып кетуі мүмкін. Ең бастысы — түсім
Әр түрлі
*Түсте биікке немесе тауға шығу-жақсы: ондай түс көрген кісі өңінде үлкен дәрежеге жетеді.
*Егер кісі түсінде биікке шығатын болса, онда ол өңінде үлкен дәрежеге қол жеткізеді. Егер ол биіктен құлар болса, онда ол өңінде қапалы болады.
*Түсте жақсы көйлек кию кісіге өңінде қуаныш әкелетін істің боларынан хабар береді.
*Егер кісі түсінде өзінің өліп қалғанын көрсе, онда өңінде ұзақ жасайды.
*Егер кісі түсінде әйелдің қойнында жатса, онда өңінде оның дәулеті артады.
*Егер кісі түсінде тыржалаңаш жүрсе, онда ол өңінде барлық қайғы-мұқтажынан арылады.
*Егер кісі түсінде басына тәж кисе, онда ол өңінде байлыққа ие болады.
*Түсте сүйікті адамдарыңның бірін құшақтау-бақытты болудың нышаны.
*Түсте жылау-өңдегі қуаныш.
*Түсте аспанда тұрған айды көру-өте жақсы. Мұндай түс көрген кісі мұратына жетеді.
*Түсінде күнді көрген кісінің мерейі өңінде дұшпандарынан үстем болып, дәулеті тасиды.
*Түсте жұлдыздарды көру де жақсы. Ондай түс көрген кісінің балаларының дәрежесі жоғары болады.
*Түсінде інжу мен маржан көрген кісінің үйінен байлық үзілмейді.
*Түсте көрген өзеннің суы мөлдір болса, онда бұл-өте жақсы. Егер оның суы лай және ащы болса, онда ол жақсы емес. Ондай адам бір сәтсіздікке ұшырайды.
*Егер кісі түсінде таза суға сүңгитін болса, онда ол өңінде ақталып, ел қатарына қосылады. Егер кісі лай суға түсетін болса, онда ол өңінде қайғылы күйге душар болады.
*Түсінде өзен көрген кісі өңінде үлкен олжаға, пайдаға кезігеді. Егер адам түсінде өзеннен су ішер болса, онда ол өңінде мақсатына жетеді, құрметке ие болады.
*Егер кісі түсінде қасиетті құдықтан зәм-зәм суын ішсе, онда ол өңінде барлық күнадан тазарады.
*Егер кісі түсінде өзеннен су ішсе, патша болады.
*Егер кісі түсінде құдықтан, арықтан немесе көлден су ішсе, онда ол өңінде әкім болады.
*Егер кісі түсінде суда жүзіп ойнап жүрсе, онда ол өңінде әкім болады.
*Түсте суда жүзу және оны кешу-жақсы нышан, тек кісінің басы судан жоғары болуы қажет.
*Түсте баққа кіріп, оны аралау-жақсылықтың белгісі.
*Егер кісі түсінде баққа баратын болса, онда ол өңінде байлықты иеленеді.
*Егер кісі түсінде бақ пен дала гүлдерін көрсе, онда ол өңінде жұмақтағыдай күй кешеді.
*Егер кісі түсінде қызыл гүл көрсе, онда өңінде бай болады.
*Егер кісі түсінде өзіне беймәлім бақта қыдырып жүрсе, онда ол өңінде жұмақтағыдай күй кешеді.
*Түсте аяқтың семіп қалуы өңде саяхатқа шығудың белгісін танытады.
*Түсінде бал арасын қуып жүрген кісі өңінде пайдаға жолығады.
*Түсте өлген кісіні көрудің зиян жоқ. Егер ол адам сөйлесер болса, онда ол шындықты айтады.
*Егер кісіге түсінде өлген адам бірдеңе беретін болса, ондай ол өңінде ойда жоқта бірдеңе алады.
*Егер кісі түсінде одан өлген адамдар бірдеңе сұраса, ол өңінде шығынға ұшырайды.
*Егер кісі өлген адамды түсінде жақсы киімде көретін болса, онда бұл-жақсы. Егер кісі өлген адамды түсінде жаман киімде көретін болса, онда бұл жақсы емес.
*Түсте суда жүзіп жүрген балықты көру жақсы. Ондай түс көрген адам өңінде перзент сүйеді.
*Егер кісі түсінде өзінің ұйықтап жатқанын көрсе, онда өңінде жақсы табысқа жетеді.
*Егер кісі түсінде балық ұстап немесе жеп жүрсе, өңінде дәулеті артады.
*Егер кісі түсінде аспанға көтерілсе, онда өңінде әкім болады.
*Егер кісі түсінде жаңбыр жауғанын көрсе, онда ол өңінде табысқа кенеледі.
*Егер кісі түсінде салқын жел есіп тұрса, онда ол өңінде жақсы да жайлық тұмысқа шығады.
*Егер кісі түсінде үйіне түскен ұрыны көрсе, онда ол өңінде табыс табады.
*Егер кісі түсінде шашын алдыратын болса, онда ол өңінде кедейленеді. Егер кісінің түсінде шашы өсіп кететін болса, онда ол өңінде байиды.
*Түсте үйленген жақсы. Ондай түс көрген кісі өңінде тілегіне жетеді.
*Егер кісі түсінде күміс ақша санайтын болса, онда ол өңінде байиды.
*Егер кісі түсінде алтын көретін болса, онда оған өңінде үлкен әкімдер шапағатын тигізеді.
*Егер кісі түсінде бақыр ақша санайтын болса, онда ол өңінде дұшпанының даттау сөзін естиді.
*Ерде кісі қыстыкүні түсінде жасыл жайлауды көретін болса, онда оған құдайдың мерейі түседі. Егер кісі жаздыкүні түсінде қар көретін болса, онда ол құдайдың қаһарына ұшырайды.
*Түстегі жағымсыз иіс-өңдегі жайсыз істің нышанын білдіреді.
*Түсте қол жуу-өңдегі мазасыздықтан арылу.
*Егер кісі түсінде құс ұстап алатын болса, онда ол өңінде үйленеді.
*Түсінде көпірден өткен кісі өңінде өзінің жақсы қызметін қалдырып, одан да жақсы қызмет істейді.
*Егер кісі түсінде Нұх пайғамбарды оның жайдары қалпында көрсе, онда ол өңінде ұзақ та дәулетті ғұмыр кешеді.
*Егер кісі түсінде ағаш тасып жүретін болса, онда ол өңінде байлыққа кезігеді.
*Егер кісі түсінде әлдекімді ұрып-соқса, онда дұшпанын мұқатады.
*Түсте семсер немесе мылтық көру (ұстау) кісінің өңінде табыс тауып, дәулеті таситынын білдіреді.
*Түсте біреуді сабау өңде дұшпандардан үстем болып шығумен пара-пар. Ал, егер де кісі түсінде әлдебіреулерді өлтіретін болса, онда ол өңінде мақсатына жетеді.
*Түсінде біреуден таяқ жеген немесе таяқтан өліп қалған жақсы емес. Ондай жағдайда құрбандық беруге тура келеді.
*Егер кісі түсінде Меккеге барса, онда ол өңінде барлық тілегіне жетеді.
*Егер кісі түсінде Мұхаммед пайғамбардың қабіріне мәнәжіт етсе, онда оның өңінде дәрежесі өседі.
*Егер кісі түсінде азан айтып, намаз немесе құран оқыса, онда өңінде оның дәрежесі өседі.
*Егер кісі түсінде емен ағашын көрсе, онда ол өңінде өзінің сүйікті адамынан хабар алады.
*Егер кісі түсінде қарағайды көрсе, өңінде сүйіктісімен табысады.
*Егер кісі түсінде қайыңды көрсе, онда ол өңінде табысты болады.
*Егер кісі түсінде түтінсіз от көрсе, онда ол өңінде байиды.
*Егер кісі түсінде қарақошқыл түтін аралас от көрсе, онда бұл жақсы емес.
*Түсте ақ, жасыл түсті затты немесе суды көру-жақсы нышан.
*Түсте қара, қарақошқыл түсті затты немесе түтінді-отты көру –жаман.
*Түсте тісін сындырып алу-өңде досын жоғалтып алу.
*Егер кісі түсінде бір қабырғасының алынып қалғанын көрсе, онда ол өңінде әйелінің өлгенін көреді.
*Егер кісінің түсінде күрек тісі сынатын бола, онда оның әйелі қатерге ұшырайды. Егер кісінің азу тісі сынса, онда оның балаларының бірі қатерге ұшырайды. Егер кісінің түсінде ең түпкі азу тісі сынатын болса, онда оның өзі бір қатерге кезігеді.
Активтігі: 17%
* Егер кісі түсінде көк түсті киім киетін болса, онда өңінде барша тілектері қабыл болады, мұратына жетеді.
*Егер кісі түсінде ақ түсті киім кисе, онда ол бұл дүниеде де, о дүниеде де сый-құрметке бөленеді.
*Егер кісі түсінде сары түсті киім кисе, онда ол өз ісіне қарай өңінде бірде жақсы, бірде жаман жағдайда болады.
*Егер кісі түсінде ақсары түсті киім кисе, онда ол -өте жақсы: оның өңінде барша тілектері орындалады.
* Егер кісі түсінде қызыл түсті киім кисе, онда ол өңінде ел билеген баятық болады.
*Егер кісі түсінде қара түсті киім кисе, онда ол өңінде қайғыға ұшырайды.
*Түсте ақ, жасыл түсті затты немесе суды көру-жақсы нышан.
*Түсте ақ, жасыл түсті затты немесе суды көру-жақсы нышан.
*Түсте қара, қарақошқыл түсті затты немесе түтінді-отты көру –жаман.
Активтігі: 14%
Құстар
*Егер кісі түсінде құс ұстап алатын болса, онда ол өңінде үйленеді.
*Егер түсінде кісінің басына құс қонатын болса, онда ол өңінде бір қызмет атқарады.
*Егер кісі түсінде самұрық құсты көрсе, онда өңінде оның басына бақыт, байлық, дәулет қонады.
*Түсінде қолына қаршыға немесе басқа бір кішкене құс ұстаған кісі өңінде дәулетті болып, бала сүйеді.
*Егер кісі түсінде таусты (қырғауыл тұқымдас ұзын құйрықты әдемі құс) көрсе, ол өңінде асқан сұлуға үйленеді.
*Егер кісі түсінде түйеқұсты көрсе, онда ол өңінде ақылсыз, надан адамдармен істес болады.
*Егер кісі түсінде қарақұсты көрсе, онда өңінде байлыққа кенеледі.
*Егер кісі түсінде қыранды көрсе, онда ол дәрежеге ие болады.
*Егер кісі түсінде лашынды көрсе, онда өңінде оның байлығы тасиды.
*Егер кісі түсінде қаршығаны көрсе, онда өңінде бақытты, дәулетті болады.
*Егер кісі түсінде тұрымтайды көрсе, онда ол өңінде тілеген тілегіне жетеді.
*Егер кісі түсінде тазқараны көрсе, онда ол өңінде дұшпандарын тізе бүктіреді.
*Егер кісі түсінде жезқұйрықты көрсе, онда ол өңінде қадірсіз болады.
*Егер кісі түсінде күйкентайды көрсе, өңінде қапа болады.
*Егер кісі түсінде көгершінді көрсе, онда өңінде оның онда ол өңінде ісі оңғарылады.
*Егер кісі түсінде көкекті көрсе, онда өңінде оның жоғы түгелденеді, табысы артады.
*Егер кісі түсінде қараторғайды көрсе, өңінде ол қуанышқа бөленеді.
*Егер кісі түсінде шымшықты көрсе, онда өңінде оның ісі оңғарылады.
*Егер кісі түсінде қырғауылды көрсе, онда өңінде барлық ісі ойдағыдай орындалады.
*Егер кісі түсінде сасық көкекті (бәбісек) көрсе, онда ол өңінде тілеген тілегіне жетеді.
*Егер кісі түсінде қазды көрсе, онда түсінде оның азық-түлік қоры көбейеді.
*Егер кісі түсінде үйрек көрсе, өңінде досының ісіне сүйсінеді.
*Егер кісі түсінде тауық көрсе, онда өңінде мұқтаждықтан құтылады.
*Егер кісі түсінде қумай құсты көрсе, онда өңінде тұрмыстың барлық мұң-мұқтажынан арылады.
Активтігі: 12%
Андар
*Ешқандай зиян-залалы болмаса түсте жылан көрген де жақсы.
*Түсінде өзін жылан қуып жүргенін көрген кісі өңінде зымиян қатындардан сақтану керек.
*Түсінде айдаһар көрген кісі өңінде бір мықты бастықты көреді.
* Егер кісі түсінде пілге не айдаһарға, арыстанға не жолбарысқа, барысқа мінсе, онда ол өңінде барлық жауларды тізе бүктіреді.
*Егер кісі түсінде қасқыр көрсе, онда өңінде дұшпанын арттырады.
*Егер кісі түсінде түлкі көрсе, онда өңінде оның адал досының орнын алаяқ алдампаз басады.
*Егер кісі түсінде доңыз көрсе, онда ол өңінде дұшпандарымен айтысып, тартысады,
*Егер кісі түсінде аюды көрсе, көлденең олжаға оралады.
*Егер кісі түсінде қоян көрсе, онда өңінде барлық тілектеріне жетеді.
* Егер кісі түсіне ақ қоян енсе, онда қыс қатты болады. Егер кісінің түсіне қара қоян енсе, онда қыс жайлы болады.
*Егер жолаушылап келе жатқан кісі түсінде түлкі көретін болса, онда өңінде оның жолы болмайды, ал егер ол түсінде қасқыр көретін болса, онда өңінде оның сапары сәтті болады.
*Егер кісінің түсінде ит қабатын болса, онда ол өңінде бір қатыгез адамның жаласына ұшырайды.
*Егер кісі түсінде ит көрсе, онда ол өңінде кішігірім уайымға түседі.
*Егер кісі түсінде ит қапса, онда ол өңінде кішігірім шығынға ұшырайды.
*Егер кісі түсінде таутеке мен құлжа көрсе, онда ол өңінде тұрмыстың тауқыметін тартпайтын болады.
Активтігі: 13%
Төрт — түлік
*Егер кісі түсінде атқа мініп, одан құламай, өзі түсетін болса, онда бұл жақсы. Өйткені халық түстегі атты өңдегі арман-тілекке балаған. Түсінде атқа мінген кісі өңінде арман-тілегіне жетеді. Егер де адам түсінде мінген атынан құлап қалса, онда ол жақсы емес, алда қауіп-қатер бар болғаны.
*Түсінде кісі ерттеулі атқа мініп жүрсе, ол өңінде тілегіне жетеді.
*Егер кісі түсінде атқа мініп көкпар тартса, онда ол өңінде болыс болады.
*Егер кісі түсінде жабайы жылқыға мінсе, онда оның өңінде мал-мүлкіне зиян келеді.
*Түсте қой (отарын) көрген кісі өңінде халықты көреді. Сондықтан ел мұндай түсті жақсы деп есептейді.
*Егер кісі түсінде қой көретін болса, онда ол өңінде басшы қызметке тұрады.
*Егер кісі түсінде қой көрген болса, онда оның барша тілектері орындалады.
*Егер кісі түсінде ешкі көрсе, бұл жақсы емес.
*Егер кісі түсінде түйеге мініп жүрсе, онда ол-жақсы. Өйткені түйе-ұлық жануар. Түсінде түйеге мінген кісіні ұлы әулиелердің өзі желеп-жебейді. Жалпы, түсте көлікке мініп, құламай жүру-жақсы.
* Егер кісі түсінде түйеге мінетін болса, онда оны әулиелер қолдайды.
* Егер кісі түсінде қоңды түйеге мініп жүрсе, онда ол мұратына жетеді.
* Егер кісі түсінде қоңсыз, көтерем түйеге мініп жүсе, онда бұл жақсы емес.
*Егер кісі түсінде өзін қуып жүрген бураны көретін болса, онда ол ісіне қарай өңінде я жақсылыққа, я жамандыққа кезігуі мүмкін.
*Егер де кісіні түсінде келеге түсіп, жараға бура қуалайтын болса, онда ол құдай атына құрбандығын беру керек. Өйткені оның түсінде көрген -әзірейлінің өзі.
*Егер түске семіз сиыр енетін болса, онда арзаншылық болады. Егер түске арық сиыр енетін болса, онда қымбатшылық болады.
*Егер кісі түсінде қоңды сиыр малына (өгіз, бұқа) мініп жүрсе, онда оның билігі өңінде барлық халыққа жүреді.
*Егер кісі түсінде есекке мініп жүрсе, онда бұл өте жақсы.
*Егер кісі түсінде есекке мініп жүрсе, онда ол сол күні-ақ дәрежеге ие болады.
*Түсте доңызды, қасқырды, қабланды, жолбарысты көру және оларды өлтіру-өңде дұшпаннан үстем болуды білдіреді. Егер бұл хайуандар кісіге ешқандай жамандық жасамайтын болса, онда ондай түс жаман емес. Түсте бұл жануарларды өлтіру-жақсы: ол өңде жауды жеңумен бірдей. Егер де кісі түсінде осы аталған хайуандарға мініп жүретін болса, онда оның дұшпандарының қолға түскені.
Активтігі: 14%
Тағамдар
*Түске бидай, арпа кіретін болса, онда азық-түлікке арзаншылық болады деген сөз.
*Егер кісі түсінде ас ішсе, онда ол-өңінде мол дәулетке ие болады.
*Егер кісі түсінде піскен ет жесе, онда ол өңінде ішіп-жемінің көбейгенін көреді.
*Егер кісі түсінде палау, мәнті жеп, сүт ішсе, онда ол өңінде барлық тілегіне жетеді.
*Егер кісі түсінде құрма жесе, онда ол өмірде ұзақ жасайды.
*Егер кісі түсінде жүзім жесе, онда оның өмірде бағы жанады.
Егер кісі түсінде қауын немесе қарбыз жесе, онда оның досы байиды.
*Егер кісі түсінде алма жесе, онда ол өңінде тілегіне жетеді.
*Егер кісі түсінде шабдалы жеп жүрсе, онда ол екі дүниеде бірдей шат-шадмар ғұмыр кешеді. Бұл түс өңге айналу үшін аз дегенде бір күн ораза ұстау керек.
*Егер кісі түсінде грек жаңғағын жесе, онда өңінде оның ішім-жем қоры мол болады.
*Егер кісі түсінде анар жесе, онда ол өңінде байиды.
*Егер кісі түсінде бидай көрсе, онда ол өңінде тілеген тілегіне жетеді.
*Егер кісі түсінде тары көрсе, онда ол өңінде бақытты болады.
*Егер кісі түсінде балық ұстап немесе жеп жүрсе, өңінде дәулеті артады.
Салеметсиз бе, тусимде жолдые аргы бетиндеги курбыма асыгып барамын, жолдан отип бара жатканда коликтердин арасында каламын, бирак аман-есен курбыма жетемин. Бирак курбымнын ким екенин билмеймин. Жаныма ондай жакын адам емес секилди
Ассалаумагаликум! Ага Ораза кабыл болсын. Бир тус жорып бересизбе? рахмет, мен тусимде жылап журм досыммен досымыз ортада келе жаткан жайлап жогалып бара жатыр. Ал биз жылап журк Ол жайлап аяак жагы жок болып бара жытыр булдырап сол тусти тусинбедим.
Аслан бұл түбінде қуанышты жағдай болады. Бірақ сынағы бар. Ата дәстүрін ұстан, әулие-әмилерді аралап аяғыңды тазартқаның жөн болар.
Cәлеметсіз бе! Мен түсімде елбасымен бірге улкен агып жаткан судын бетинде (өзен ба, көл ма билмедім) кемемен ба бирнарсемен келе жатырмыз. Біреуді іздеп жүрген сияқтымыз, Бір уақытта елбасымен бірге қатты өкіріп жылап отыр екем. Ол нені білдіреді екен?
Дана ел басымен бір кемеде болуың дәрежеңнің көтерліуі мен сенің де әлі ел басы сияқты ата жолын, дәстүрін меңгерер алмай жүргенің, тек білімнің соңында түбінде арты қуаныш болатынын білдереді.
Саламатсыз ба .түсімде жұбайым, балам, өзім биік үйдің жоғарғы қабатында жуынып отырмыз.Жұбайым жуынып кетіп қалады,ал мен құлап қаламызба деп қорқып отырмын .Бірақ құламай жуынып болып, көпшілік арасында барып қосылыппыз.
Түсімді жорып беріңізші…..
Асель; От басыңмен бірге биікке шығып шомылып жүргендерің рухани жетістікке жетумен, тазарумен байланысты. Қабыл болсын.
Сәлеметсіз бе! мен бүгін түсімде тұрмысқа шығыппын, кімге екені белгісіз, саусағымда неке жүзігі тағылған. бүкіл туған туыстарым мен достарымды көрдім. ал жақсы көретін жігітім маған енді не істейміз десе мен айтады екем араласып тұрамыз деп құшақтайды екем. бұл нені білдіреді сонда?)
Назерке саған аянмен Құдайдың көрсетуімен күйеуге шығыатңды ескертіп жатқаны. Сонда ғана бағың ашылады деген белгі.
Сәлеметсіз бе! Бүгін мен түсімде : бір бөлмеге отбасымызбен кірдік және сол жердің светі өшіріліп бр кезде жанымызга әркімнің өзінің шәйтаны мен періштесін жіберіпті , екеуі де аппақ киім киіп алған басына бүркеніп алған (ақ киімнің капюшонымен) күнә мен сауап санап жатырма ұмытып калдым.сосын сол бөлмеден шығып бара жатырқ. Бұл нені білдіреді сонда
Гүлден; Қабыл болсын бұл саған ақиретің жағдайын көрсетіп жатқаны. Аян көру қасиетін саған беріп жатқаны болар. Және от басыларыңының рухани жағдайы таразыға тартылып жатыр. Аруақтарға құран оқытып шүкірлік қылыңдар.
сəламатсыз ба? мен түсімде өзіме құда түскенін көрір едім. бұл түсті қалаи жоруға болады?
Дана басың бос болса, онда осындай жолмен тұрмысқа шығуың керек.
Саламатсыз ба аға?Анам түсінде əкемді көріпті ( қайтыс болған),үстінде қара ұзын плащ киген,шаштары қарайып ұзын болып өсіп кеткен, қайырып қойып ты дейді. Қасына келмей алыстан қарап тұрып,кетіп қалыпты. Бұл нені білдіреді ?
Әсел; Әкеңнің басы көтеріліп тозақтан шыққаны, бірақ оған құран арқылы тазару жетепей жатыр деген белгі болады. Анаң немесеөзің 41-әулиеден өтіп жәрдем сұраңдар, сонда басы ағарады.
мен түсімде пианино нота шыгарып жатыр екен, мен өзім ойлап жатырм мынау нотаны қалай есінде сақтайды деп. сосын әр клавишанын арасына пласмасадан прозрачный нота жазылған. екі әже кимешек киген сол пианиноны тартып отыр екен. бір әйел кісі сөйлеп жатыр соннда менін ұстазым деп қолына домбыра алып, ондай адам жоқ қазыр, маған үйреткені деп домбыраны тартайын деп жатқанда ойанып кеттім.
Қаламқас бұл екі белгі саған домбыра немесе пиноны ұстау керек. Екнішден тылсыммен байланысу ақулық қасиет беріліп жатқаны.
Ағай осы түсті жорып бересіз бе?
Менің жан құрбымның ағасы түсінде біздің үйдің қорасын көріпті.Сол қорамызда бір арқан бар екен!!!Сол арқанды аға жинап жатыр екен,ал ол шыға береді таусылар емес.Бұл нені білдіредіэ
Мариямгүл арқаның түсі қандай? Ол маңызды қара арқан боса қаралықпен теріс жағдаймен байланысты, ал ақ арқан жаның шежіренің жібі оны меңгеру жалғану керек.
Саламатсыз ба аға .құран арқылы тазарту бұл 40күн қайтқан адам ға құран түсіру деген ,яғни құран оқыту ма ?соны айтып тұрсыз ба ?
Құран арқылы тазару намаз оқумен, зияртаумен, және құраның қазақшасын түсініп оқумен байланысты. Мұның бәрі дәретпенен, шариғатты ұстанып толық киіммен орындалуы шарт. Ал қайтыс болған кісінің 40-күніне дейін ең жақын туысы, танысы, досы екінті мен ақшам арысында нәпіл намаз оқып 40-күн құран бағыштайды. Мұны құран аудару дейді осы заманның Раббымыздан берілген қағидасы.
Ага саламатсыз ба! Осыдан уш апта бур тус кордим.Тусимди жорып бересиз ба? Тусимде Ля иляха иллАЛЛАХ Мухамадуррасуляллах деп айтып жатырмын. Бир кезде еки жинишке кара жип сиякты екиге болинип, ортасынан адеми акшыл коныр сары жылтыр тас кордим улкен .Жогары жагы донес.Журекке уксайтын сиякты. Оянып кетип куанып, уйыктап клдым.АЛЛАГА калима айтып жатканыма.Бес минуттан сон намазга турдым.Ертенинде де осы созди айтып жатырмын. Осыдан торт,бес жыл бурын тусимде колыма Куран устап журдим.Тагы бир тусимде АЛЛАХТЫН бейнесин кордим.Адамдарга айкайлап жатырмын ,АЛЛА келе жатыр деп. Кеше тусимде Озбекстаннын президенти биздин уйде отыр екен. Мен дастархан дайындап журмин. Балык дайындап койыппын.Балык бурынгы дайындагандарыма уксамайды.Улкен,адеми екен. Ол киси столда отырып,маган карай елканын жанатын токка косылып, жылтыр узын ойыншыгын жибереди.Мен столга отырмай тургам,ол жылтыр меним колыма келгенше жанып келди,Кызыл,жасылды адеми болып. Карасам колым куйген сиякты, бирак кара емес саусактарымда бир еки ак точкалар боп.Узак болса,кеширим отинемин.Сау болыныз!
Бақытгүл; Түсің жақсы екен. Қара жіптің арасынан шыққан нұр қарсылықты меңгеру ерекше қасиетілік. Түсіңде кәлима айтып жүргенің иманың белгісі. Құран ұстап жүргенің саған беріліп жатқан мирас болыр. Ал Алланың бейнесі деген Алланы тану іліміне жалғанумен байланысты. Алланың барлық жерде бейнесі болады деген саған ескерту. Өзбекстаның призентімен кедесу бұл бір нышан. Сен күйеуде емес боларсың шамасы. Егер күйеуде болмасаң онда сондай жоғарғы дәрежелі үлкен еркекке күйеуге шығып сонда ғана сен таза киелі рұқ қуатмен жалағансың деген белгі болар. Балық текті ұрпақпен байланысты. Саусақтарыңда белгі қалса ол нәсілдік белгі болар бұл терең сырлы құпиялармен де байланысты оны саған әзір меңгеру түсініу ертелеу сияқты.
Саламатсыз ба, ага!Жауабынызга улкен РАХМЕТ! Мен бурын турмыста болгам.Жолдасым омирден озган .Ол киси зангер еди.Прокурор болган.Откендери бир ер азаматпен телефон аркылы сойлесетин едим.Ул ты азербайджан. Ол киси президент академиясын битирген.Сол салада жумыс жасайды. Мумкин сонгы тусим соган сайкес келер. Бирак ,казр хабарласпаймын Ол адаммен.Сизге коп рахмет!Уакыт болгенинизге.АЛЛА РАЗЫ БОЛСЫН!!!
Ага саламатсыз ба! Мен откенде тусимде ,былай деп айкайлап жатырмын. «Мен адам жанынын жетелеушесимин»деп. Бул нени билдиреди.Жорып беринизши.РАХМЕТ! Сау болыныз .Бахытгуль
Бақытгүл; Бұл ішкі меніңнің дауысы, рұқыңның оянуынан белгі. Жаныңа аян берілуін ескертеді.
Түсімде біреумен жыныстық қатынасқа түсіп жатыр екенмін.Шошып кеттім Оны қалай жоруға болады
Милана бұл жындық байланыс. Дәрет киім жабық болсын. Тазаруың да керек.
Салеметсизбе. Менин тусимде бир жигиттин женгелери келип алып кашып кетпекши болды, олар бир кызыгы менин уйимде жур орамал салайык деди жигиттин женгелери бирак салмады.мен жылап бой бермейжатыр екенмин.
Жұлдыз жақында күйеуге шығысың деген белгі болар.
мен тусімде бір көше ұзын жол, сол жол лай сияқты бір жаңбыр жауып кеткендей. бір үйдің қасынан өтем бақшасы өте адемі әр түрлі талдар,қырда орналасқан. сол кімнің үйі деп ойлап өтемін. қырдан төмен түссем қой,тауық жүр. сонда біреу айтуда жаңбыр жауса су үйге қарай кірмейді сондықтан қырда тұр. ол үйде ешкімді көрмейм. сосын алдымнан машина өткенде ішінен олжас сүлейменовты көрем. жанағы үй сол аламдыкі дейді. шашым су екен бір жуынып алғандай асерде жүрм. бірдене жеп жүрмін.
Қаламқас сенің қазіргі жүрген жолың дұрыс емес. Сондықтан сенде Олжас Сүлейменовтың тағдырында ұқсастық бар. Ол да кейінен қазақ болып дәстүрін меңгеруге тысып жүр. Ата дәстүрін ұмтан, қасиетті меңгер шығармашылықта жолың ашылып биік қырқаға жаныңа үй саласың.
Сəлеметсіз аға! Түсімде ауылдың мешітіне бара жатқан екенмін, бірақ мешіттің жанында өзен бар сол толып баратыр екен. Содан кейін қалқысам өзіммен өзім ұшып бара жатырмын қарасам тек мешіт қана суға толып жатыр екен. Қалай жарысам екен..
Айым бұл саған ескерту. Мешіт масһабшылардың ұстанған бағытының түбінде суға кететінін саған өз жаныңды жетілдіруді ата дәстүрін ұстануды ескертеді.
Салеметсизбе! Менин котере алмай жургениме бир жыл толады жакында. Курбым тусинде менин жуктимин деп катты куанып айтып жургенимди айтты. Ол нени билдиреди? Алдын ала рахмет!
Асель қабыл болсын. Жүктелесің көп ұзамай
Сәлематсіз! Түсімде топ болып отырған ер адамдардың көлігін айдап кетіп барамын, оларға өзімнің велосипедымды тастап кеттім. Жолда ГАИ тоқтатты. Мен машинаны дұрыс жүргізе алмайды екенмін деймін. Ол әйел адам бұндай машинаны қалай айдап жүр деп таңқалды, мен ағамның көлігі деп жатырмын. ГАИ құжаттарымды тексеріп басқа адамға тіркелген көлік екенін түсінді, ол ішінен менің угон жасап қашып келе жатқанымды сезгендей, бірақ мені жібере салды, маған базарға барып машинаны сатып жібересің бе дейді
Раушан белсепетіңді тастап көліке мінген рухани жалғанумен, аян көруге байланысты.Гайдан аман өтенің алдағы сынақтардан өткікізгені болар. Саған ата дәстүірін меңгеру жолына шық деген белгі.
Аға, жауабыңызға рахмет. Ата дәстүрін меңгеру жолы деген қалай? қалай меңгеремін.
Аққу сұңқар және ата жолы деген таруда баяндалған
Сəлеметсізба! Мен бір түс көріппін : түсімде бір байқауды жеңіп алыппын деймін,содан танымайтын əйел маған жіңішке келген алтын жəне күміс жүзік сыйлапты. Жүзіктер ескі екен, сырылған жерлері бар. Сосын бір жұмысқа орналасайын дегем, болмай жүр. Солучше жұмыстан бізге жұмысқа өттің деп айтыпты. Не болады?
НАЗЕРКЕ! !!!
Назерке саған бұл беріліп жатқан әйелдік қасиет, алтын күміс қуаттары.Жұмысты боласың
Аға сәлематсіз! менімен кеше ғана полицейскийлермен бір іс болды. Мен жалдап тұрған үйдегі ер адам (ол да жалдап тұрады), мен жұмыста жүргенде бөдмемді тінтіп, затым ұрлады. Басқа көретін адамым болмағасын оның есігін қақтым, затымды алдың ба деп, есікті ашпағасын тоқылдата бердім. Ол ашып мені жерге бар күшімен бір итерді, еңгезердей еркек, мен кухня жаққа қаштым, ол өзінің кінәсін жасырайын деп, маған жала жауып, өтірік полицияға өзі звондады. Содан екі полицейский келіп, ештеңе шешкен жоқ, өздерің шешіңдер деп қайтып кетті.
Аға, менімен неге мұндай жайттар болып жатыр?
Раушан бұл сынақ саған ескерту болар. Мұның себебі өзіңде, оны біліу үшін сенің толық аты жөн туған күн айыңды менің почтама жаз. Сосын оны аруақтан сұрап білеміз. bajtasov57@mail.ru
Түсімде тістерімді бір-бірлеп пышақпен алып жатыр екенмін. Жорып беріңізші!
Айым бұл саған ескерту. Қыз өріс, жаның сақтаушысы. Ата дәстүрін сақта, абай бол өзіңнің өрісіңді тарылтпа.
Салеметсиз бе,коке! Озим турмыс курдым осы жазда… Бирден бала котере алмай киналып журмин….жолдасым тусинде узилген домбыранын ишегин жалгап отыр екен…. Домбыра корген перзент сую деп айтып жатады… Отинемин осы тусти жорып берсениз. рахмет!
Жания шынында үзілген үн жалғанады, күйеуің арқылы бірақ ата дәстүрін ұстаныңда деген. Домбыра қазақ болумен бейнеленеді.
Коп рахмет Коке!
кішкентай ер бала неге енеді
Бала көтермей жүрсең онда болшақ ұрпағың ғой. Сенің тазарып құдайдың еркіне лайық болуыңды күтіп жүрген.
Сәлематсызба!Мен баспалдақтан түсіп келе жатырмын колымда бір кішкентай бала бар. Баспалдақ тіп-тіке жарға орналасқан, содан абайлап төмен жерге түстім. Екінші түсімде тағы баспалдақтан түсіп сыртқа шығып айқайлап тұрмын жолдасыма, сыртқа шық деп. Ол бармаймын диди. Кеше түсімде тағы кішкене екі баспалдақ, біреуі мрамор , ал екіншісі тастан. Мрамордан құлап қалам деп, тастан жасалған баспалдақпен жүріп барып жерге түстім. Қасымда бір кісілер жүгіріп мрамор баспалдақпен түсіп кетіп жатыр.Менім балдарым бар. Мен дүниеге сәби алып келетін жастан кеттім.Түсімді жорып берсеніз.Алдын ала рахмет.
Мира басапалдақтан төмен түсіп жүргенің пенделікпен байланысты. Саған ата дәстүрін берік ұстан көпке ерме деген белгі болар. Ал қолыңдағы жас бала жаныңмен байланысты. Алты жаның әлі толық жетілмеген әлі жас сәбидей екен.Негізінде баспалдақпен жоғары шығу Құдайға жақындаумен байланысты.
Сәлематсіз! Сізден сұрайын дегенім түс жоруға қатыссыз. Бабалардың белгілерін қалай түсінуге болады? менің екі самайым қатты солқылдайды, сосын басымның төбесі, оң жоқ тізем. Ордаға барғанда аталардың белгісін аласың деді. Бірақ сол әрбір атаның белгісін қалай түсінуге болады? мысалы, бір қиындық келейін деп тұрғанда оң қолым тартылып ұйып кетеді, оны Ордада сабырлық сал деп тұрған Сарыбай би баба деді. Басқа да аталардың белгілерін түсіндіріп жіберсеңіз. Рахмет.
Данагүл ордада саған дұрыс түсіндіреді. Самай Қайназар атамен байланысты. Қандайда осындай белгі алғанада іштей дұға жасап сәлем беріп, «Белгіңізді қабыл алдым» деп айту керек. Сонда босатса онда қоолдау бергені. Қайназар атың сол шекден берсе онда сынақ абай бол деген. Ал оң шекеден қолдау беріп жөнге бұрғаны. Сарыбай атаның белгісі де со сияяқты. Оң жақтан қолдау бергені, сабырлықпен де байланысты.Жамбыл ата желкеден, Сүйінбай ата жүректен, Түктібай ата сол жаурынан береді. Айша ана төбеден, Арыстан баба тізеден. Ал Ясауи бабаның белгісі ол ілімді меңгеруге қарай әр түрлі болып келеді. Негізгі белгі осылар жалпы 136 белгі бар қазақ еліндегі әулиелермен байланысты.
Салеметсизбе! түсімде ажырасып кеткен күйеуімнің мамасы мені, тамағыңды ішім ал суып қалады деп шақырып жатыр. Бұрыңғы күйеуім бәріміз бір үйде екенбіз деймін. Мен ол адамның сөзін елемей, ваннаға суды толтырып алып шомылып жатыр екенмін. Ана кісі мені қоймайды шақырып, күйеуім асхана жақта тамақ ішіп жатыр ма біртүрлі түс көрдім. Ол не білдіреді екен жорып берсеңіз екен.
Алия бұл сенің тазаоуыңмен және күйеуіңнің рұқмен жалғанып жатқаның. Мүмкін хабар келіп қалса қайта қосылуға да мүмкіндік бар.
Аға, қалай менің күйеуімнің рұқмен жалғанып жатырмын, оны қалай түсінемін. Енді қосылуға қалай мүмкіндік бар, түсінбедім мен
Дәретпен, толық кимен жүр. Жатарда дәретпен жату керек. Бас жалаңаш болмауы керек. Сосын саған мұны аруақтар түсіндереді.
көп рахмет сізге. Ұсыныс бар еді, жуырда сол 136 белгіге арналған мақаланы жарыққа шығарасыз ба? Үлкен Рахмет
Ия жазылады бірақ ол ұзақ тақырып.
иә, әлбетте. Мен 5 уақыт намазымды қаза қылдырмауға тырысып барынша оқып жүрмін. Бірақ далаға шыққанда орамал тақпаймын, жұмысқа кесірі тиеме деп. Бүгін тағыда түс көрдім. Енді бұрыңғы күйеуімнің өзі түсіме енді. Менің мамаммен татуласыпты, қауын әкеліп бәріміз сол қауындарды жеп жатырмыз. Рахмет деп оны құшақтайын деп едім, қолым оның арқасын ұстай алмады, сол жақ арқасының сүйектері жоқ оны қолдан бір пластик қаңылтырмен матап, скотчпен байлап жасанды арқа істеп қойыпты. Өзі маған, мені ұстамайақ қой деп жатыр екен, содан оянып кеттім.
Алия намаз оқығанан не пайда далаға шыққанда ормалсыз жүрсең? Саған осына ескерткен болар аруақтар. АлКүйеуңнің арқа сүйектері жоқ болса әйелдік қуаттың (әйелден қанмен берілетін) жоғалуымен байланысты ғой.
рахмет улкен, аман болыныз
Далаға шыққанда міндетті түрде басты жабу керек пе? неге? жұмысыма кесірі тиіп кете ме деп қорқамын. Күйеуім әйелдік қуатты ала алмай жүрме?
Жаныңа тағдырыңа болашағыңа тигізетін қасіреттен, жұмысың артықтау болса оны өзің шеше бер. Күйеуіңді де осылай жинаған қаралықты салып беріп араға шайтан түскен.
бәсе, енді түсініп келе жатырмын. Енді біз бірге боламыз ба? мен оған хабарласайын ба? Сіз қалай ойлайсыз?
Хбарласуыңа да болады. Бірақ ормал, етек, дәәрет болмаса онда бақыты болуларыңда қиындау. Сосын әулие-әмилерді зияртап кешірім сұрап ақтал қосылудан бұрын.
Аға, мен кеше өзім оған 3 мәрте телефон шалдым, тел.трубкасын көтерген жоқ. Күнделікті қырсық мінезіне салған болар. Мені ол керек етіп тұрғаны шамалы екен.
жарайды сен тазармай шынында еркек қырсықтығын жеңе алмайды. Орамалды дәретті әдет қыл тұрақты. Әулие -әмилерге зияртта сонда оңай шешіледі.
тіпті ол үйленіп кеткен шығар, бұрын бір түстерімде, үлкен бір атаның дауысымен ол үйленді, қызы бар деп айтқан. Мен текке сабылып жүрген шығармын, оған звондап
үйленді қызы бар деген, жанының көбейуі болар мүмкін.
жанының көбею, ол қалай? Орамал тартып жүру қиын болса да, енді қолға алу керек боп тұр
Бас және етек, жең қорғалмай әйелзатына бақ қонып жаны көбеймейді.
рахмет сізге. Деніңіз сау болсын, аман болыңыз. Расын айтсам, бәрі біртүрлі қиындап кеткен сияқты. Менің түсінбейтінім, елдер шариғаттың заңына сай киінбей ақ та тұрмыс құрып бақытты болып жатыр ғой.
ия дүниемен өлшегенде солай. Ал енді 10-20 жылда солардың көбі азып тозып жоғалатын оны Құдай білдіргенін қалай ұғындыруға болады? Сенде бұл әдетіңнен түбінде жаман ауру пайда болатын сен бүгін түсіне аласың ба? Құдайдың азабынан қорқа білуде адамдық қой.
иә, әрине іштей сезінемін. Жаулыққа берік болуға тырысамын.
Сәлем бердік! Түсімде Пір Бекет Бабаның басына келіппін. Атаның басы ластанып кеткен, халық кілең қоқысты тастаған, әйел адамдар жалаңбас, орамал тартпай кіріп жатыр екен. Енді бірде мен аяғыма қарасам, аяғымдағы шұлық тым жыртық екен, соны көріп шұлықты шешіп, мен де шұлықты сол қоқыстың ішіне тастап, жалаң аяқ жүрдім. Содан, айналама қарасам, атаның бейіті құз жардың төбесінде, ұшында орналасқан екен, сол жардың қырларының бәрі көпқабатты үйдің терезелері сияқты кілең адам тұратын пәтерлер екен. Мен соны көріп таңқалып жатырмын, ата жардың төбесінде шыңында, ал жардың ішінде пәтерлер,оны қалай салған деп таңқалып жатырмын. Содан оянып кеттім. Бұл нені білдіреді екен? шын өмірде бәрі өзгеше ғой.
Саламаты бол! Ия бұл хабар бізге де келді. Жұрт басымды лайлап жатыр деген. Егер мұны тоқтапаса ол жақта сынақ болып белгісіз ауру тарап жұрт қиналуы мүмкін. Сеніңде жалаңаяқ жүргенің аяғың таза емес, дәретіңде толық кимің дұрыс болмауына ескерту.
Cәлеметсізбе, мен Астана қаласының түрғынымын. Аққулар туралы мәліметті қайдан алуға болады? Анығырақ неден бастау керек, қандай дайындық керек.
Оны дұрыс ордаға келіп алған жөн. Мына телфонмен хабарлас Асталалық аққу Айнұр аты; 87479590290
Сәлем бердік! Түсімде, бақилық болған әкем қара Мерседес көлігін тізгіндеп, мен және менің апам сол көліктің артында отыр екенбіз. Бір уақытта әкем маған қыздарға арналған былғары қолғап берді. Мен де негізі қара түсті үлкен қолғап бар екен, маған шамалы үлкендеу, ескірген тозы шығып кеткен. Әкем, оның тозы шыққан, ескілеу, мынау жаңа жақсылап күтіп киерсің, саған тиесілі осы қолғап деп сап сары былғары өте әдемі маған шап шақ перчатканы беріп жатыр. Апам да менікіндей сары қолғап бар екен, апамның қолындағы қолғабы негізі менікі болған, ол өзіне менікін алып алған ба сондай бір хикаясы бар.
Енді, маған әкем қолғап беріп жатыр, ол неге көрінді екен? бағдар беріп жіберсеңіз. рахмет үлкен Аға, аман болыңыз.
Сау-саламатты бол Амангүл; Әкеңнің ақиреттегі жағдайы дұрыс болған екен. Енді сендерге қол аруақтық қуатты меңгеруге қасиетілікке жәрдем беріп жатқаны. Қолғап киу үшін қалған тәнің мүшелері толық жабық болуы керек. Болмаса қолды қорғаудың да маңызы жоқ.
Түсіндім. Аман болыңыз. Рахмет үлкен жауабыңызға.
Саламатсыз ба Тоқберген аға ?..Аға мынандай бір түс көріп едім;балам көп қабатты үйдің жоғарғы этажының болконының сырт жағында тұрса керек,мен жолдасым екеуміз құлайсың бері шық деп қайта қайта тартқыштаймыз ,балам болса секіріп кететіндей қайта қайта алға ұмсынпды,ал артымызда марқұм əкем үндемей қарап тұр. .Балама дəрігерлер орта жасауды ұсынып отырған ,соған көріне ме ?
Осыны жорып бересіз бе ?содан бері бір қорқыныш сезімі бар бір түрлі болып жүрмін сол отаны жасатпасам ба деп …
Асель бұл шынында сенің балаңа жаны жоғалу қапін ескертіп тұрғаны. Демек Ота жасатуға болмайды. Балаңның аты жөнін, туған жыл айын менің почтма сал саған оның жағдайын аруақтан сұрап берейік.
Саламатсыз ба аға ? Баласының аты жөні :Қайырғали Айсұлтан Қайырболатұлы 18.08.2010 .мен сіздің почтаңызға жібере алмадым .Сосын осында жазып жатырмын .менің п очтам baktygalieva1982@mail.ru
Aсель
Салематсызба! Түсімдн касымда таныс бір жігіт жүр екен. (ол жігіттің бірінші әйелі балалы бола алмайды). Әлгі таныс жігітім мені аяп бар дегенімді жасап жүр екен содан артыма қарасам орыстың молалары тұр екен.
Сәлеметсізбе Токберген ата! Калыныз калай? Маган тусимди жорып бере аласыз ба? Мен бугин тусимде қасқырларды кордим. Кишигирим ауылда турады екенбиз. Сол Сол ауылга қасқырлар келип жылқыларын жемек екен. Биз соларды коргап қасқырларды олтирип жур екенбиз. Бирде Бир де кишкентай құлыны бар бие өлгели жатыр екен, бирак оган су бергенимде тұрып кетипти. АКыры құлын жетим болып калды анасын каскырлар жеп койды. Тусимнин сонында қасқырлардын уйиринин бастыгын олтириппиз….. Коргем тусим осы еди. Жорып беринизши! Амандық тилеймин сизге!
Мәдине; Бұл жындармен байланысты. Жақсы болған екен қара түнек күштерін жеңгендерің. Сендерге беріліп жатқан ақ бақсылық қасиет қой. Мұны меңгеру жолына түсу керек ата дәстүрімен.