Түс жори біліңіз

Бөлім: Түс-аян-уахи қағидалары 25664

Егер адам түсінде:

 Биікке немесе тауға шықса, жақсы. Ондай түс көрген кісі өңінде үлкен дәрежеге жетеді.  Жақсы көйлек кисе  — кісіге өңінде қуаныш әкелетін істің боларынан хабар береді.  Өзінің өліп қалғанын көрсе —  онда өңінде ұзақ жасайды.  Кісі  әйелдің қойнында жатса —  онда өңінде оның дәулеті артады.  Тыржалаңаш жүрсе — өңінде барлық қайғы-мұқтажынан арылады.  Басына тәж кисе — онда ол өңінде байлыққа ие болады.  Сүйікті адамдарыңның бірін құшақтау — бақытты болудың нышаны.  Жылаған болса – өңінде қуанады.  Аспанда тұрған айды көрсе — өте жақсы белгі,  мұратына жетеді.  Күнді көрсе — мерейі өңінде дұшпандарынан үстем болып, дәулеті тасиды.  Жұлдыздарды көрсе — балаларының дәрежесі жоғары болады.  Өзен көрсе —  кісі өңінде үлкен олжаға, пайдаға кезігеді.  Баққа кіріп, оны аралау — жақсылықтың белгісі.  Қызыл гүл көрсе — онда өңінде бай болады.  Бал арасын қуып жүрсе  — өңінде пайдаға жолығады.  Өлген кісіні көрсе қорықпаған жөн. Егер ол адам сөйлесер болса, онда ол шындықты айтады.  Суда жүзіп жүрген балықты көрсе — адам өңінде перзент сүйеді.  Өзінің ұйықтап жатқанын көрсе — онда өңінде жақсы табысқа жетеді.  Үйіне түскен ұрыны көрсе —  онда ол өңінде табыс табады.  Шашын алдыратын болса —  онда ол өңінде кедейленеді.  Керісінше шашы өсіп кететін болса, онда ол өңінде байиды.  Үйленген болса   — тілеп жүргеніне  жетеді.  Алтын көретін болса —  онда оған өңінде дәулетті кісілер демеу береді.  Жағымсыз иіс — өңдегі жайсыз істің нышанын білдіреді.  Қолын жуса — өңдегі мазасыздықтан арылу.  Көпірден өткен кісі —  өңінде өзінің жақсы қызметін қалдырып, одан да жақсы қызмет істейді.  Әлдекімді ұрып-соқса — онда дұшпанын кекетеді.  Ақ, жасыл түсті затты немесе суды көрсе — жақсы нышан.  Қара, қарақошқыл түсті затты немесе түтінді отты көрсе – жаман.  Тісін сындырып алу — өңде досын жоғалтып алу.  Ақ түсті киім кисе —  онда ол бұл дүниеде де, о дүниеде де сый-құрметке бөленеді деген сөз.  Сары түсті киім кисе —  онда ол өңінде өз ісіне қарай бірде жақсы, бірде жаман жағдайда болады.  Қызыл түсті киім кисе — онда ол өңінде ел билеген болады.  Қара түсті киім кисе — өңінде қайғыға ұшырайды.  Құс ұстап алатын болса —  онда ол өңінде үйленеді.  Кісінің басына құс қонатын болса, онда ол өңінде бір қызмет атқарады.  Қыранды көрсе — дәрежеге ие болады.  Көгершінді көрсе —  өңінде оның ісі оңғарылады.  Ақ қоян енсе — онда қыс қатты болады. Егер кісінің түсіне қара қоян енсе — онда қыс жайлы болады.  Ит қабатын болса — өңінде бір қатыгез адамның жаласына ұшырайды.  Ас ішсе — өңінде мол дәулетке ие болады.  Ет жесе —  өңінде ішіп-жемінің көбейгенін көреді.  Алма жесе —  өңінде тілегіне жетеді.  Балық ұстап немесе жеп жүрсе — өңінде дәулеті артады.  Жылан қуса —  әйелдердің арбауына түседі.  Сақалы ағарса — ауруға ұшырайды.  Үйі құлағанын көрсе —  ұрыс-керіс болады.  Пышақ қайраса — қауіп-қатер болады.  Аттан құлап қалса -қатерге кездеседі.

«Түсті көруінен емес – жоруынан қорық» демекші,  түсіңізді жақсылыққа жорысаңыз, жақсылыққа, жамандыққа жорысаңыз, жамандыққа қарай бұрылып кетуі мүмкін. Ең бастысы — түсім

Әр түрлі

*Түсте биікке немесе тауға шығу-жақсы: ондай түс көрген кісі өңінде үлкен дәрежеге жетеді.

*Егер кісі түсінде биікке шығатын болса, онда ол өңінде үлкен дәрежеге қол жеткізеді. Егер ол биіктен құлар болса, онда ол өңінде қапалы болады.

*Түсте жақсы көйлек кию кісіге өңінде қуаныш әкелетін істің боларынан хабар береді.

*Егер кісі түсінде өзінің өліп қалғанын көрсе, онда өңінде ұзақ жасайды.

*Егер кісі түсінде әйелдің қойнында жатса, онда өңінде оның дәулеті артады.

*Егер кісі түсінде тыржалаңаш жүрсе, онда ол өңінде барлық қайғы-мұқтажынан арылады.

*Егер кісі түсінде басына тәж кисе, онда ол өңінде байлыққа ие болады.

*Түсте сүйікті адамдарыңның бірін құшақтау-бақытты болудың нышаны.

*Түсте жылау-өңдегі қуаныш.

*Түсте аспанда тұрған айды көру-өте жақсы. Мұндай түс көрген кісі мұратына жетеді.

*Түсінде күнді көрген кісінің мерейі өңінде дұшпандарынан үстем болып, дәулеті тасиды.

*Түсте жұлдыздарды көру де жақсы. Ондай түс көрген кісінің балаларының дәрежесі жоғары болады.

*Түсінде інжу мен маржан көрген кісінің үйінен байлық үзілмейді.

*Түсте көрген өзеннің суы мөлдір болса, онда бұл-өте жақсы. Егер оның суы лай және ащы болса, онда ол жақсы емес. Ондай адам бір сәтсіздікке ұшырайды.

*Егер кісі түсінде таза суға сүңгитін болса, онда ол өңінде ақталып, ел қатарына қосылады. Егер кісі лай суға түсетін болса, онда ол өңінде қайғылы күйге душар болады.

*Түсінде өзен көрген кісі өңінде үлкен олжаға, пайдаға кезігеді. Егер адам түсінде өзеннен су ішер болса, онда ол өңінде мақсатына жетеді, құрметке ие болады.

*Егер кісі түсінде қасиетті құдықтан зәм-зәм суын ішсе, онда ол өңінде барлық күнадан тазарады.

*Егер кісі түсінде өзеннен су ішсе, патша болады.

*Егер кісі түсінде құдықтан, арықтан немесе көлден су ішсе, онда ол өңінде әкім болады.

*Егер кісі түсінде суда жүзіп ойнап жүрсе, онда ол өңінде әкім болады.

*Түсте суда жүзу және оны кешу-жақсы нышан, тек кісінің басы судан жоғары болуы қажет.

*Түсте баққа кіріп, оны аралау-жақсылықтың белгісі.

*Егер кісі түсінде баққа баратын болса, онда ол өңінде байлықты иеленеді.

*Егер кісі түсінде бақ пен дала гүлдерін көрсе, онда ол өңінде жұмақтағыдай күй кешеді.

*Егер кісі түсінде қызыл гүл көрсе, онда өңінде бай болады.

*Егер кісі түсінде өзіне беймәлім бақта қыдырып жүрсе, онда ол өңінде жұмақтағыдай күй кешеді.

*Түсте аяқтың семіп қалуы өңде саяхатқа шығудың белгісін танытады.

*Түсінде бал арасын қуып жүрген кісі өңінде пайдаға жолығады.

*Түсте өлген кісіні көрудің зиян жоқ. Егер ол адам сөйлесер болса, онда ол шындықты айтады.

*Егер кісіге түсінде өлген адам бірдеңе беретін болса, ондай ол өңінде ойда жоқта бірдеңе алады.

*Егер кісі түсінде одан өлген адамдар бірдеңе сұраса, ол өңінде шығынға ұшырайды.

*Егер кісі өлген адамды түсінде жақсы киімде көретін болса, онда бұл-жақсы. Егер кісі өлген адамды түсінде жаман киімде көретін болса, онда бұл жақсы емес.

*Түсте суда жүзіп жүрген балықты көру жақсы. Ондай түс көрген адам өңінде перзент сүйеді.

*Егер кісі түсінде өзінің ұйықтап жатқанын көрсе, онда өңінде жақсы табысқа жетеді.

*Егер кісі түсінде балық ұстап немесе жеп жүрсе, өңінде дәулеті артады.

*Егер кісі түсінде аспанға көтерілсе, онда өңінде әкім болады.

*Егер кісі түсінде жаңбыр жауғанын көрсе, онда ол өңінде табысқа кенеледі.

*Егер кісі түсінде салқын жел есіп тұрса, онда ол өңінде жақсы да жайлық тұмысқа шығады.

*Егер кісі түсінде үйіне түскен ұрыны көрсе, онда ол өңінде табыс табады.

*Егер кісі түсінде шашын алдыратын болса, онда ол өңінде кедейленеді. Егер кісінің түсінде шашы өсіп кететін болса, онда ол өңінде байиды.

*Түсте үйленген жақсы. Ондай түс көрген кісі өңінде тілегіне жетеді.

*Егер кісі түсінде күміс ақша санайтын болса, онда ол өңінде байиды.

*Егер кісі түсінде алтын көретін болса, онда оған өңінде үлкен әкімдер шапағатын тигізеді.

*Егер кісі түсінде бақыр ақша санайтын болса, онда ол өңінде дұшпанының даттау сөзін естиді.

*Ерде кісі қыстыкүні түсінде жасыл жайлауды көретін болса, онда оған құдайдың мерейі түседі. Егер кісі жаздыкүні түсінде қар көретін болса, онда ол құдайдың қаһарына ұшырайды.

*Түстегі жағымсыз иіс-өңдегі жайсыз істің нышанын білдіреді.

*Түсте қол жуу-өңдегі мазасыздықтан арылу.

*Егер кісі түсінде құс ұстап алатын болса, онда ол өңінде үйленеді.

*Түсінде көпірден өткен кісі өңінде өзінің жақсы қызметін қалдырып, одан да жақсы қызмет істейді.

*Егер кісі түсінде Нұх пайғамбарды оның жайдары қалпында көрсе, онда ол өңінде ұзақ та дәулетті ғұмыр кешеді.

*Егер кісі түсінде ағаш тасып жүретін болса, онда ол өңінде байлыққа кезігеді.

*Егер кісі түсінде әлдекімді ұрып-соқса, онда дұшпанын мұқатады.

*Түсте семсер немесе мылтық көру (ұстау) кісінің өңінде табыс тауып, дәулеті таситынын білдіреді.

*Түсте біреуді сабау өңде дұшпандардан үстем болып шығумен пара-пар. Ал, егер де кісі түсінде әлдебіреулерді өлтіретін болса, онда ол өңінде мақсатына жетеді.

*Түсінде біреуден таяқ жеген немесе таяқтан өліп қалған жақсы емес. Ондай жағдайда құрбандық беруге тура келеді.

*Егер кісі түсінде Меккеге барса, онда ол өңінде барлық тілегіне жетеді.

*Егер кісі түсінде Мұхаммед пайғамбардың қабіріне мәнәжіт етсе, онда оның өңінде дәрежесі өседі.

*Егер кісі түсінде азан айтып, намаз немесе құран оқыса, онда өңінде оның дәрежесі өседі.

*Егер кісі түсінде емен ағашын көрсе, онда ол өңінде өзінің сүйікті адамынан хабар алады.

*Егер кісі түсінде қарағайды көрсе, өңінде сүйіктісімен табысады.

*Егер кісі түсінде қайыңды көрсе, онда ол өңінде табысты болады.

*Егер кісі түсінде түтінсіз от көрсе, онда ол өңінде байиды.

*Егер кісі түсінде қарақошқыл түтін аралас от көрсе, онда бұл жақсы емес.

*Түсте ақ, жасыл түсті затты немесе суды көру-жақсы нышан.

*Түсте қара, қарақошқыл түсті затты немесе түтінді-отты көру –жаман.

*Түсте тісін сындырып алу-өңде досын жоғалтып алу.

*Егер кісі түсінде бір қабырғасының алынып қалғанын көрсе, онда ол өңінде әйелінің өлгенін көреді.

*Егер кісінің түсінде күрек тісі сынатын бола, онда оның әйелі қатерге ұшырайды. Егер кісінің азу тісі сынса, онда оның балаларының бірі қатерге ұшырайды. Егер кісінің түсінде ең түпкі азу тісі сынатын болса, онда оның өзі бір қатерге кезігеді.

Активтігі: 17%

* Егер кісі түсінде көк түсті киім киетін болса, онда өңінде барша тілектері қабыл болады, мұратына жетеді.

*Егер кісі түсінде ақ түсті киім кисе, онда ол бұл дүниеде де, о дүниеде де сый-құрметке бөленеді.

*Егер кісі түсінде сары түсті киім кисе, онда ол өз ісіне қарай өңінде бірде жақсы, бірде жаман жағдайда болады.

*Егер кісі түсінде ақсары түсті киім кисе, онда ол -өте жақсы: оның өңінде барша тілектері орындалады.

* Егер кісі түсінде қызыл түсті киім кисе, онда ол өңінде ел билеген баятық болады.

*Егер кісі түсінде қара түсті киім кисе, онда ол өңінде қайғыға ұшырайды.

*Түсте ақ, жасыл түсті затты немесе суды көру-жақсы нышан.

*Түсте ақ, жасыл түсті затты немесе суды көру-жақсы нышан.

*Түсте қара, қарақошқыл түсті затты немесе түтінді-отты көру –жаман.

Активтігі: 14%
Құстар

*Егер кісі түсінде құс ұстап алатын болса, онда ол өңінде үйленеді.

*Егер түсінде кісінің басына құс қонатын болса, онда ол өңінде бір қызмет атқарады.

*Егер кісі түсінде самұрық құсты көрсе, онда өңінде оның басына бақыт, байлық, дәулет қонады.

*Түсінде қолына қаршыға немесе басқа бір кішкене құс ұстаған кісі өңінде дәулетті болып, бала сүйеді.

*Егер кісі түсінде таусты (қырғауыл тұқымдас ұзын құйрықты әдемі құс) көрсе, ол өңінде асқан сұлуға үйленеді.

*Егер кісі түсінде түйеқұсты көрсе, онда ол өңінде ақылсыз, надан адамдармен істес болады.

*Егер кісі түсінде қарақұсты көрсе, онда өңінде байлыққа кенеледі.

*Егер кісі түсінде қыранды көрсе, онда ол дәрежеге ие болады.

*Егер кісі түсінде лашынды көрсе, онда өңінде оның байлығы тасиды.

*Егер кісі түсінде қаршығаны көрсе, онда өңінде бақытты, дәулетті болады.

*Егер кісі түсінде тұрымтайды көрсе, онда ол өңінде тілеген тілегіне жетеді.

*Егер кісі түсінде тазқараны көрсе, онда ол өңінде дұшпандарын тізе бүктіреді.

*Егер кісі түсінде жезқұйрықты көрсе, онда ол өңінде қадірсіз болады.

*Егер кісі түсінде күйкентайды көрсе, өңінде қапа болады.
*Егер кісі түсінде көгершінді көрсе, онда өңінде оның онда ол өңінде ісі оңғарылады.

*Егер кісі түсінде көкекті көрсе, онда өңінде оның жоғы түгелденеді, табысы артады.

*Егер кісі түсінде қараторғайды көрсе, өңінде ол қуанышқа бөленеді.

*Егер кісі түсінде шымшықты көрсе, онда өңінде оның ісі оңғарылады.

*Егер кісі түсінде қырғауылды көрсе, онда өңінде барлық ісі ойдағыдай орындалады.

*Егер кісі түсінде сасық көкекті (бәбісек) көрсе, онда ол өңінде тілеген тілегіне жетеді.

*Егер кісі түсінде қазды көрсе, онда түсінде оның азық-түлік қоры көбейеді.

*Егер кісі түсінде үйрек көрсе, өңінде досының ісіне сүйсінеді.

*Егер кісі түсінде тауық көрсе, онда өңінде мұқтаждықтан құтылады.

*Егер кісі түсінде қумай құсты көрсе, онда өңінде тұрмыстың барлық мұң-мұқтажынан арылады.

Активтігі: 12%
Андар

*Ешқандай зиян-залалы болмаса түсте жылан көрген де жақсы.

*Түсінде өзін жылан қуып жүргенін көрген кісі өңінде зымиян қатындардан сақтану керек.

*Түсінде айдаһар көрген кісі өңінде бір мықты бастықты көреді.

* Егер кісі түсінде пілге не айдаһарға, арыстанға не жолбарысқа, барысқа мінсе, онда ол өңінде барлық жауларды тізе бүктіреді.

*Егер кісі түсінде қасқыр көрсе, онда өңінде дұшпанын арттырады.

*Егер кісі түсінде түлкі көрсе, онда өңінде оның адал досының орнын алаяқ алдампаз басады.

*Егер кісі түсінде доңыз көрсе, онда ол өңінде дұшпандарымен айтысып, тартысады,

*Егер кісі түсінде аюды көрсе, көлденең олжаға оралады.

*Егер кісі түсінде қоян көрсе, онда өңінде барлық тілектеріне жетеді.

* Егер кісі түсіне ақ қоян енсе, онда қыс қатты болады. Егер кісінің түсіне қара қоян енсе, онда қыс жайлы болады.

*Егер жолаушылап келе жатқан кісі түсінде түлкі көретін болса, онда өңінде оның жолы болмайды, ал егер ол түсінде қасқыр көретін болса, онда өңінде оның сапары сәтті болады.

*Егер кісінің түсінде ит қабатын болса, онда ол өңінде бір қатыгез адамның жаласына ұшырайды.

*Егер кісі түсінде ит көрсе, онда ол өңінде кішігірім уайымға түседі.

*Егер кісі түсінде ит қапса, онда ол өңінде кішігірім шығынға ұшырайды.

*Егер кісі түсінде таутеке мен құлжа көрсе, онда ол өңінде тұрмыстың тауқыметін тартпайтын болады.

Активтігі: 13%
Төрт — түлік

*Егер кісі түсінде атқа мініп, одан құламай, өзі түсетін болса, онда бұл жақсы. Өйткені халық түстегі атты өңдегі арман-тілекке балаған. Түсінде атқа мінген кісі өңінде арман-тілегіне жетеді. Егер де адам түсінде мінген атынан құлап қалса, онда ол жақсы емес, алда қауіп-қатер бар болғаны.

*Түсінде кісі ерттеулі атқа мініп жүрсе, ол өңінде тілегіне жетеді.

*Егер кісі түсінде атқа мініп көкпар тартса, онда ол өңінде болыс болады.

*Егер кісі түсінде жабайы жылқыға мінсе, онда оның өңінде мал-мүлкіне зиян келеді.

*Түсте қой (отарын) көрген кісі өңінде халықты көреді. Сондықтан ел мұндай түсті жақсы деп есептейді.

*Егер кісі түсінде қой көретін болса, онда ол өңінде басшы қызметке тұрады.

*Егер кісі түсінде қой көрген болса, онда оның барша тілектері орындалады.

*Егер кісі түсінде ешкі көрсе, бұл жақсы емес.

*Егер кісі түсінде түйеге мініп жүрсе, онда ол-жақсы. Өйткені түйе-ұлық жануар. Түсінде түйеге мінген кісіні ұлы әулиелердің өзі желеп-жебейді. Жалпы, түсте көлікке мініп, құламай жүру-жақсы.

* Егер кісі түсінде түйеге мінетін болса, онда оны әулиелер қолдайды.

* Егер кісі түсінде қоңды түйеге мініп жүрсе, онда ол мұратына жетеді.
* Егер кісі түсінде қоңсыз, көтерем түйеге мініп жүсе, онда бұл жақсы емес.

*Егер кісі түсінде өзін қуып жүрген бураны көретін болса, онда ол ісіне қарай өңінде я жақсылыққа, я жамандыққа кезігуі мүмкін.

*Егер де кісіні түсінде келеге түсіп, жараға бура қуалайтын болса, онда ол құдай атына құрбандығын беру керек. Өйткені оның түсінде көрген -әзірейлінің өзі.

*Егер түске семіз сиыр енетін болса, онда арзаншылық болады. Егер түске арық сиыр енетін болса, онда қымбатшылық болады.

*Егер кісі түсінде қоңды сиыр малына (өгіз, бұқа) мініп жүрсе, онда оның билігі өңінде барлық халыққа жүреді.

*Егер кісі түсінде есекке мініп жүрсе, онда бұл өте жақсы.

*Егер кісі түсінде есекке мініп жүрсе, онда ол сол күні-ақ дәрежеге ие болады.

*Түсте доңызды, қасқырды, қабланды, жолбарысты көру және оларды өлтіру-өңде дұшпаннан үстем болуды білдіреді. Егер бұл хайуандар кісіге ешқандай жамандық жасамайтын болса, онда ондай түс жаман емес. Түсте бұл жануарларды өлтіру-жақсы: ол өңде жауды жеңумен бірдей. Егер де кісі түсінде осы аталған хайуандарға мініп жүретін болса, онда оның дұшпандарының қолға түскені.

Активтігі: 14%
Тағамдар

*Түске бидай, арпа кіретін болса, онда азық-түлікке арзаншылық болады деген сөз.

*Егер кісі түсінде ас ішсе, онда ол-өңінде мол дәулетке ие болады.

*Егер кісі түсінде піскен ет жесе, онда ол өңінде ішіп-жемінің көбейгенін көреді.

*Егер кісі түсінде палау, мәнті жеп, сүт ішсе, онда ол өңінде барлық тілегіне жетеді.

*Егер кісі түсінде құрма жесе, онда ол өмірде ұзақ жасайды.

*Егер кісі түсінде жүзім жесе, онда оның өмірде бағы жанады.

Егер кісі түсінде қауын немесе қарбыз жесе, онда оның досы байиды.

*Егер кісі түсінде алма жесе, онда ол өңінде тілегіне жетеді.

*Егер кісі түсінде шабдалы жеп жүрсе, онда ол екі дүниеде бірдей шат-шадмар ғұмыр кешеді. Бұл түс өңге айналу үшін аз дегенде бір күн ораза ұстау керек.

*Егер кісі түсінде грек жаңғағын жесе, онда өңінде оның ішім-жем қоры мол болады.

*Егер кісі түсінде анар жесе, онда ол өңінде байиды.

*Егер кісі түсінде бидай көрсе, онда ол өңінде тілеген тілегіне жетеді.

*Егер кісі түсінде тары көрсе, онда ол өңінде бақытты болады.

*Егер кісі түсінде балық ұстап немесе жеп жүрсе, өңінде дәулеті артады.

1 345 thoughts on “Түс жори біліңіз

  1. Сәлематсіз Аға! Видеороликтерге үлкен рахмет Сізге. Менің Сізден сұрағым келгені Құранды арабша оқымай, қазақша, қазақ тіліндегі аудармасымен оқи берсе бола ма? Арабша оқу құранның сүрелерін міндет пе? Намаз оқығанда, не болмаса зияраттағанда? Тіпті намазға тұрғанда, мысалы Фатиха, Нас, Фалақ сүрелерін қазақша аудармасында оқи берсе бола ма соны жаттап алып. Мен сүрелерді арабша оқығанда жүрегіммен, тұла бойыммен бірден түсініп қабылдай қоймаймын, жәй ғана робот сияқты тарсылдатып оқып шығамын. Керісінше, қазақша аудармасымен оқыған сәтте түсініп, тұла бойым тітіркеніп, жақсы сезінемін. Осы тұрғыда ойыңыз қандай?

    1. Марал құранды намаз оқығанда, әруақтарға зияраттағанда арапша жалбарыну, мадақ аяттарын оқу парыз. Себебі онда құраның жеті үні бар. Ал қазақша аудармасын ақылға қуат алумен байланысты үнемі оқу керек.

  2. Аға, сәлематсіз! Мені жоғарыдағы сауалнамам түс жоруға қатысы жоқ. Қайда жолдайтынымды білмегесін осында жаздым.

    1. Құранның, ойдың жеті үнсіз тілі үні бар. Қазақ жырауларында, ақындарында бұл жеті үн толық бар. Ал оның насихаты меңгеру жолы Абай-Шәкәрім шығармашылық еңбегімен насихаталған.

  3. рахмет, жауабыңызға. youtube-та менің сауалыма жауап беріпсіз, соған жауап жазған едім.

  4. Саламатсыз ба аға .мынандай түсімді жорып бере аласыз ба ?Үйіме жолдасымның туыстары келіп жылап жатыр.енем қайтыс болған деп.АЛ мен бұлар неге сол енем тұратын үйге бармады неге бізге келді деп ойлаймын.

  5. Салеметсиз бе ?Осыган дейнде мен сизге тусимди жорытып едим,тагыда жорып беринизши.тусимде ак тусти елес корип кашамын.айел адамнын елеси екен дим.сонгы кезде жиі сондай тустер коремин.сонгы рет кара тусти нарсе куып жур екен дим мен кашып журмин бир кезде иыгымнан тартып акете бергенде куйеуим устап капты, биссимилла деп жылап отырмын бирак ишим бос болып калган сиякты болды ол нарсе мени жиберди бирак ишим босап калгандай болды.сол тусти коргесин 1 аптадан кейн ишимдеги сабиімнин журек согысы токтап калды.озим кейннен сол тусти ойладым.бур турли ауыр тустер коретин болдым.танертенгисин не ойларымды билми каламын.

    1. Сәлем Қырмызы! Ия есімде сол кезде саған бұндай жағдайд ескертілген еді. Сенің соңынан қуып жүрген ақ түсті әйел ол саған жалғануға тиісті әруақ еді. Бірақ сенің тақуалғың тазалық бой өрісің оған лайық болмай жүрегнін қара түспен ескертіпті. Сосын сенің ішіңнен шыққан тастап кеткен жаныңмен байланысты қуат болар. Сосын сен босытқты сезіндің. Мұның бәрін орнына келтіруге болады ештен кеш жақсы. Ол үшін бас етек жеңді түзе. Үнемі толық дәрет болсын бойда. Сосын 41-әулиеден зияртап өту керек міндетіт түрде. Сонда жоғалтақаныңды қайта табасың да.

  6. саламатсыз ба, аға? мен өзімде кей түстерді жорамалдап жаксыға қарай жорамалдаушы едім. бірақ мына түсіне қызымның түсіне алмадым. Жалпы өзім түске ерекше мән беремін.
    түсті жақсы жориды деп үміттенемін. түсінде сұр түсті мысықты көрсе және ол қайтыс болған атасының қасында тұр екен. Атасы мен әжесі тек қызымның көзіне көрініп, атасы қызыма қарап тұр да ал әжесі қызымды шақырып, бир сөздер айтып сөйлеген. ол сөз есінде қалмаған. мені таңқалдырып тұрғаны құлпысындағы жазулары мен суреттері дым жоқ болып кетіп қалған, бірақ олар дәл суреттегілеріндегі киімі мен кқимастық көңілмен қызымның ғана көзіне көрініп, бейіттерінің қасында тұр .

    1. Роза; Бұл ата, әжелеріңнің бастары көтерілмей тозақта жүрегінен белгі. Ата жолына келіп, 40 әулие-әмилердің басынан зяраттап өтулерің керек. Сонда бастары көтеріліп құлыптасына тағдырлары қайта жазылады, артында келетін жақсылығы бар. Түстегі жамандықты жақсыға жорып жақсы болып кетеді деген де надандық. Жаман айтпай жақсы болмайды. Жамандықты жақсы амалмен, садақа.зекет ізгілікпен кетіруді де білген жөн болар.

  7. Сәлематсіз аға! Түсімде мамамды ағам шөп шалатын шалғынмен өлтірмекші болыпты. Ағамның қасында әйелі бар бірге. Ол неге көрінді?

      1. ағам тірі, әйелімен бірге бөлек тұрады. Анам жиенімен бірге ағамнан бөлек тұрады. Ағам үйдің бір ұлы.

        1. Райса; Онда Ағаңмен әйелінің нағашыдан келе жатқан анаңның ақ сүтімен байланысты тек меңгеруге қарсылық қылған ата дәстүрін ұстанбағанына белгі болады. Әйелі мүмкін жалаңбас, етексіз, жеңсіз болып ағаңның жанын өлтіріп жүрген болар.

  8. Сəлеметсізбе аға! Түсімде елімізде соғыс болып жатыр екен. Бəріміз жан жаққа қашып, басқа мемлекеттерге өтіп кетіп жатыр екенбіз. Шошыр ояндым. Ол нені білдіреді?

  9. Салеметсизбе ага! Менин есимнен кетпей журген тусим бар. 2010 жылы коргенмин. Сахара шоли сиякты кумды жер екен. Мен туйеге минип алып келе жатырмын. Бир шахарга келип артымда келе жаткан оте коп адамдарга (олар да туйеде) » эй, халкым» деп жатканымда оянып кеттим

  10. Салеметсиз бе?
    Тусимди жори аласыз ба?. Мен тусииде пшыган нан кордим. Ол оте мол екен. Не магына береди?

  11. Салеметсиз бе Ага!Ага бугин тусимде апкемнин ауласында жур екенмин,бирак оте кеш боп кетипти,уйде куйеуим тосып отыр екен деп асыгыппын содан такси шакырыппын таксиге асыгып жугиргенимде аспанга котерилемин.содан аспанда жугирип уйге жетиппин.уйге келсем куйеуим менен бирдене жасырып отырган сиякты болды.содан касына барсам мойнынан еызыл тусти кыны таризди бирдене кордим.киімін котерип карасам белине дейн кызыл жасыл тусти кына таризди тук басыпты денесин.

    1. Сәлем Қырмызы: Бұл түсің жақы екен. Жаның жеңілдегені жарыққа шығып жатқаны. Ал күйеуіңнің моынында денесінде қызыл жасыл түс болса ол сенен алған қандық қуат болады. Мұны киім алмасу деген құранда.

  12. Сәлеметсіз бе?! Жиі түс көретін едім. Бірақ есімде толығымен қалмайды. Ұйқыдан тұрған соң бірнеше сағаттан соң көрген түсім еміс-еміс есіме түсіп жатады. 1) Алдын күні түсімде бір сапалы, қымбат етік алып, артынан тағы қысқа қара етік алыппын. Сосын мамама екі етік алдым деп айтыппын. Бұл не мағына береді? 2) Кеше түсімде қоғамдық көлікте отыр екенмін. Сол кезде белгісіз біздің елдің номері емес біреуден қоңырау келді. Сөйлессем бір қыз мені өзімен жолығуын сұрайды. Маған тойда қыз жолдас болуды сұрайды. Мен түсінбей аң-таң болып отырсам, қоғамдық көлікте менің сөйлескенімді тыңдап отырған бір қыз»маған ол номерді бер, мен сөйлесем, сен бармай ақ қой деп айтады». Сол көлікте сынып жетекші болған апайым да бар екен. Апайым да қоңырау шалған қызбен жолыкпаганым дұрыстығын айтып жатыр екен. Сөйтiп қоғамдық көліктегі қыз екеуіміз қоңырау шалған қызға барыппыз. Қоңырау шалған қыз бойшаң, әдемі қыз екен. Мені көріп «мен сізді шақырып едім, келіңіз дей бергенде бұрылып кетіп қалыппын. Сыртқа шықсам қоғамдық көлік кетіп қалған, менің сөмкем мен ұялы телефоным сол көлікте қалып койыпты. Мен іздей бастап едім сол көлікті… солай аяқталды түс… түсіне алмадым не түс екенін…

    1. Айко; Аяғыңа етік алғаның бұл сенің рұқпен жалғануыңмен байланысты. Етік еркекпен жолығу қосылу. Таңдау өзіңде. Ал енді екінші түсің бұл ата жолының рухани тұрғыдағы жағдайымен байланысты. Саған тылсымнан жан арқылы хабаршылық аққулық қасиет берілгенмен сен оны меңгере алмай жоғалтып жүрсің.

  13. Ассалаумағалейкум! Мен түсімде үлкен ағаш дейм соның кішкене төмен жағында құстың ұясы көгершін ба қарлығаш па сондай дейм балалары көп екен тамақ беріп жатыр…

  14. саламатсыз ба менин тусимди жорып бересіз ба ага! кеше тусимде улкен суда жузип жур екенмін касымда адамдар аз.бугин тусимде айран ишип отыр екенмін уйде улкен ыдыспен ішінде коп айран.

  15. Қайырлы күн аға! Алдыңғы түсім жайлы айтқаныңызға рақмет. Аққу қасиет деген қандай қасиет? Мен ол қасиеті қалай меңгерсем болады? Өзім бойымда қандай касиет барын білмеймін…… Түсімде қамыр (жайма) жайып отыр екенмін. Әдеттегідей дөңгелек емес, төртбұрышты ұзын етіп жайыппын. Екінші түсімде туыскан сіңілім м
    ен әпкем үшеуіміз поездга мініп үлгермей, вагонга жармасып, әрең дегенде поездга отырыппыз. Бір кезде бір мектептің алдынан өтіп бара жатыр екенмін. Мектептің ауласында ойнап жүрген інім мені байқап қалып әпке дей бергенде шарф оранып, байкамасын деп тығылғандай боламын. Содан соң өзім ұмытпасам үйге қарай асығып жүгіріп бара жатыр екенмін. Артымнан әлгінде айтқан туған інім( жасы 8де, түсімде 4-5 жасар екен) әпке-әпке деп жылап жүгіріп келе жатыр.(маған ергісі келіп) Мен қарамай жүгіріп барамын. Сосын артқа бұрылып ініме қарасам, артынан мамамның әпкесі сосын мамам шығып, бұған карамай кете бер депті…

    1. Айко; Бірінші сауалыңа жауапты ата жолы жазбаларын оқы сонда табасың. Екінші түсіңдегі қамырды төртбұрыштап жайғаның төрт көздің түгелдік қасиетін несбесін меңгерумен аққулық қасиетпен байланысты. Ал поезға мініп үлгіргенің ата жолы керуеніне байлансты. Аруақтық жүйеге жалғанумен 41 әулиеден өтуің керек. Мектептің ауласындағы ініңнен қашып жүрігнің ата дәстүріңді ар білімін меңгеруден бастартып жүргенің болар. Киіміңді, дәретіңді дұрыста, шариғатыт берік ұстан пайғамбар сүнетерін оқы білім ал.

  16. Сәлеметсіз бе ағай?! Түсімде осыдан 3-4жыл бұрын сөйлескен жігітті көрдім. Түрі шаршаңқы, денсауығы жоқ сияқты азып кетіпті. Бірақ біреумен билеп, суретке түсіп жүр екен.

  17. Салеметсизбе!менін тусимди айтып беринизши.жумыста бирге истейтин аганын кайтыс болган акеси менин уйимнин зал болмесинде мас жатыр екен деймин,немересин шакырып ангиме айтып жатыр екен немересине.( жумыстагы аганын жалгыз улы бар соны шакырып). Мен баламды емизип отырсам алги жумыстагы ага астында іш кииммен ал устине калын куртка киіп алып мени шакырып маган:- папамды карашы сандырактап жатыр,ишип алса сойтеди ; деп жатыр екен маган,озинин олген акесин корсетип. Сосн маган айтыпты каз мен далага шыгып келейн сосн екеумиз охотага барамыз деп шыгып кетипти,мен терезеден карасам аузы мурны кан-кан болып жур екен алги ага.тун уакыты екен деймин,
    Мен бул тусти тангы 4 терде кордим оянып кетип сосн кайтып уйыктай алмай койдым,

    1. Арайлым бұл жұмыстағы ағайыңның әкесінің тозақта жатқанын, баласының да жындылыққа жалғанып алғанын бастарына келеген қасіретіт білдереді. Оған ескерту керек, ата жолын ұстансын өзі тазарып әкесінде құтқарсын деп.

  18. Салеметсіз бе аға, түсімде шашым ұзын болып кетіпті,алысқа кетіп бара жатырмын. Не болады?

  19. Аға сәлематсіз! Түсімде анам қап қара былғарыдан істелген көйлек киіп жүр, өте сұлу болып тұр, мен анама жасарып кетіпсіз деп жатырмын.
    Тағы бірде менің көзіме бір таныс ер адам әйел адамдардың бетіне жағатын пудрасын шашып жіберді, сол пудра көзімнің ішінен тазартамын деп сумен жуып жатыр екенмін.
    Мағынасын түсіндіріп берсеңіз неге көрінді екен? Рахмет үлкен.

    1. Райса; Анаңа қара қуат жынға жалғанумен белгі түсті. Тезірек тазарудан өтуі керек. 41 әулие-әмилерден өтсін. Ал саған бір ер пенденің алдауын ескертеді. Мүмкін бір көрпкел емшілерге бардың ба? Саған әулиелі жердегі бұлақ көзінен өтіп сумен шайынуың керек.

  20. Анам, негізі Пайғамбар жасынан асқан адам, бірақ түсімде тым жас, сондай сұлу болып тұр. Шаштары да қап қара болып әдеміленіп кеткен.

  21. Осы алдыңғы айда ғана керуенмен Арыстан бабаның басына барып, бүкіл аталарды араладық қой. Тағыда бару керек пе?

  22. көріпкел емшілерге аяғым сынға кезде, сынықшыға бардым, бірақ ол бұрын бала кезімде, одан кейін керуенмен қанша мәрте зияраттадым. Жаңағы түсімдегі ер адам пудра шашып жүрген, ол өмірде намазхан, барлығына көмекке даяр адам, Неге менің түсімде олай енгенін?

    1. Райса негізіндементүсті жорығандатүс көрушінің рухани жағдайына тазалығына шариғаты ұстаумен тақуалғына қарай жоримын. Бұл жерде егер сенің тақуалқты бұзіп кейде жалңбас етексіз қол ашық болса онда түсіңе шайтан арласады. Ол жағыда мүмкін. Ал намаз оқушының бәрі тақуа кермет болуы да мүмкін емес.Мұны біліу үшін тазалығыңды дұрыста намазыңмен сұра қайтадан сонда анық жауап аласың да.

  23. Сəлеметсіз бе аға! Алдыңғы түсім жайлы айтқаныңызға рахмет. .
    бугін тусимде мамамды кордим əр турлі киімдер киіп жатыр екен.бір конактар келед деп.маган да əдемі болп жур деп кояд и сосн бір ботен ер адаи жур айтып бернизши

  24. бәсе, солай сияқты. Қара күштің араласатыны рас. Намаз оқимын, Аллаға шүкір. Бірақ бүркенбеймін, орамал тартпаймын. Тек намаз оқыған, Құран оқылған сәтте ғана.

    1. Райса; Орамалды үнемі тартып етек жең жабық болмас оқыған намаздан ешқандай пайда да жоқ. Тілегің де қабыл болуы мүмкін емес. Намаз оқу бой өрісті тазартумен байланысты. Ал орамалды шешсең жинған өрісіңе сол мезетте қарлық араласады.

  25. бой өріс деген адамның аурасы, аура ма?! онда ғалымдардың болжамдары дәлелденіп тұр ғой. Оңтүстік Африкадағы Кейптаун Университетінің ғалымдары адамның ойлау қабілетіне, санасына астралдық бір құбыластар әсер етеді деп дәлелдепті. Мына сілтемеде толығырақ айтылған:
    http://neo-ezoterika.ru/ezoterika/astralnye-sushhnosti
    Түсіндім сізді, рахмет.

  26. Сәлеметсізбе аға. Екі кішкентай қыздарым бар. Түсімде сол екі қызым әп-әдемі аппақ кішкентай шуба киіп жатыр. Ненің белгісі екен.

  27. Салеметсиздер ме!тусимде нагашы агамнын уйне барыппын деймин,уйне кирейн десем алдыда кызыл тулки байлаулы жатыр екен.осы тусимди жорып бересиздер ме

  28. сәлеметсіздер ме менің түсімде жұмыс орным өртеніп жатыр екен нені білдіреді екен

  29. салеметсиз.Тусимде менин анам бирде туйеге минип алып есик алдында мал багып жур екен.Енди осымен багам деп кояд,Сойтип тагыда карнын кампитып келе жатыр бир кезде койлегинин ишинен карбызды шыгарып осымен тамактанамыз деп берип жатыр маган.Келеси тусимде куйеуим маган сагат пен кызыл сумка сыйлапты устимде кара ак аралас киим басымда кепка киип алыптым енеме сыйлагандарды корсетип жатыр екем енем сал кызганыштан караган сон мен сондай уялып кеттим .Бир кезде куйеуим келди усти жыртык тобелескен мас екен ешкимди жактырмайд

    1. Баян анаң ақиретік пе осы дүниеде ме жазбапсың. Не болса да анаңның малдық қауаты түгелденіп жатқаны. Саған да өзінің жанына несібе беріп жатыр. Күйеуіңнің саған беріп жатқан сый рұқтық қуаттар болады. Ал сенің үсіңдегі киіміңді дұрыстауың керек бой өрісің әлі таза емес әрә жындылығың да бар екен. Сол жындылығың күйеуіңе ауысып жатқаны да бар. Екеуіңде әулие-әмилер басынан өтіп зейнет киімдеріңді ауыстырыңдар.

  30. Саламатсыз ба аға. Анам түсінде марқұм əкемді көріпті ,үстінде жаман көйлек киген және оны үстінен жыртып тастапты,анам басқа көйлек берсе оны да жыртып тастайды және анама ұрысып жатыр екен .бұны қалай жоруға болады ренжіп жүр ме ?

    1. Ия Асел әкең арғы жаққа барып анаңнан дұрыс киім ала алмағанын ескертіп жатыр. Анаң соған қарағанда заманға сай «кемпір» болып ашық шашық жүретін, шалбар киетін немесе толық ата дәстүіріне сай киінбей дәреті толық болмай, намаз оқымайтын шығар.

  31. Ұятта болса сұрайын, түсімде жұмыс орнымда белгісіз еркекпен жыныстық қатынасқа түстім. Еще өзім соған қуанып жүрмін

  32. Ассаламалейкум менің бір туыскан карындасым түсінде лағнеті ібілісті көріп жүр. Не болад сол туралы айтып жберсеңіз Аллаһ разылығы үшін

  33. Ассаламалейкум туыскан карындасым тусинде лағнеті ібілісті көріпті не болад айтып жберсеңіз Аллаһ разылығы үшін

  34. Сəлеметсіз бе?тусимде улкен тауга барыпун усті ақ қар.белсіз биік жерден жерге қарап тур екенмін нені білдіреді

  35. Сәлеметсізбе! Мен түсімде басым қатты биттеп кетті, оны ақырын тарақпен тарасам, бәрі топырлап түсіп жатты. Сол туралы айтып берсеңіз, Алла разы болсын!

  36. Сәлеметсіз бе.Түсімді жорып беріңізші.Мен түсімде жас сәбиді қолыма ұстап жетелеп жүрмін. Түрі есімде жоқ.Бір үйге кіріп келе жаттым.Ол үйде өз туысқандарым жүр.Ең қызығы әкем мен сіңілім алдымда тыржалаңаш теріс қарап тур екен.

    1. Белгісіз; Аяның бірақ белгілі екен. Жас сәбиді жетелеп жүрегнің жаныңның өнімі. Ұрпақты да боласың деген белгі, белгісіздіктен арылу. Бір үй деген өз қауымың жандық, рұқтық байланыс. Әкең мен сіңліңде өрістік кимі жоқ жалаңаш жүргені. Және сенімен пікір көз қарсы мүлде қарама қарсы екен.

  37. Аға сәлематсізба! Түсімде Арыстан бабаның, Қожа Ахмет Аяссауи бабалардың басын су басып кетіпті, зияраттауға келген адамдар аталардың басына бара алмай қалды. Ол нені білдіреді

    1. Райса бұл қияметің сыны жауабы басталғаны. Теңіз көтеліп қуаттың артып жұртың азапқа түсіп дәретсіз, киімін дұрыстамай тазалықсыз зияртауға шек түседі.

  38. рахмет жауапқа. Расын айтсам, кеше осы түсті көрмес бұрын жатар алдында, Арыстан баба мені бір ісім үшін кешірді ме екен деп сол туралы ойлап едім, маған түсімде бағыт беріп көрсетсін деп. Сондағы көргенім осы түс. сонда мені кешірді ме екен? Бабалардың басына мен де зияраттай алмай іркіліп қалдым ғой, топан суды көргенде.

  39. Түсімде осыдан 5-6 жыл бұрын Нұрсұлтанды көрдім. Нұрсұлтанын кабинетіне көмек сұрап барган екенмін.Менін қағазыма қол қолқоймайды.Кабинетінен шыгып сенін уақытын әлі болған жоқ .Өзім уақытында айтамын деп кетіп қалады.Арада бірнеше жылөтті,бүгін тағы Нұрсұлтанды тағы көрдім.Керуенде жүргендей көп кісілердін ортасында столда бірге отырмын маған қарап қызынды шақыр мен ұлыммен қайта қосамын деиді.Мен сасқалақтап ол тұрмысқа шыққанғой .Нұрсылтан ештене етпеиді кім қателеспеиді, кім шатаспайды білемін деді.Мен қызыма тез тұрып кетіп телефонға шығп қайдасын деп Нұрсұлтанын айтқанын айтамын Сонда қызым телефонын әр жағынан мама мен тұрмысқа шыққанмын қалай ,ұлы мені алмайдығой деді.Нұрсылтан біледі сен тек ұлына кім қателеспеид менде қателестім деп алдап сулап Нұрсұлтанын айтқанын айт дедім.Қызым келген екен димін шәші,кимі,мойнындагы алқасы жарасып тұр деп мен қуанамын.Нұрсұлтаннын ұлы ж\е қызым екеуі үйлену ақкөйлек кеимімен бірге беташар ақкапрон беттеріне ұстап келе жатыр. Жартылай қызымнын бетін алыстан көремін де қалай ұқсамайды деп ойлап, бойаумен өзгеріп тұрған шыгар деп артыма қарайлап кетем ойланып.

    1. Нұрсұлтаның ата жолын ақырында мойындап енді көп ұзамай шешімге келетіні. Ал басқа жаққа ұзатылған қызың ол қазақтың жаны Нұрсұлтаның ұлы қазақтың рұқыме бүгінгі қауымның білімділері, ел билеушілері, ұстанған саясаты. Қазақтың жан ғылымен рұқ қайта табысып жатқаны. Ата дәстүрі болып қалыптасатын болады.

  40. Салеметсиз бе?Мен тусимде уйде кайтыс болган апамды жане тагыда бир еки еркекти уйімизге конак боп кеп отырганын кордим.сол еки еркек келисимен меним аузымдагы тистерим тусип жатыр екен кан ештене шыкпайд,озинен ози бари тусип жатыр.сол келген еки еркектин биреуси апайымды унататын жигит екен.содан апам маган кулип бирдене айтып кояды дим.ана улкендеу еркек акеммен сойлесип отыр екен.содан апкемди кызганып журм.тистеримди колыма устап жуынатын болмеге кирсем айнанын алдына сок койып койыпты.содан айтып коям анау бакыттан басы айналып сокты ваннныйга киргизип кетипти деп.Ага отиниш тусимди жорып коринизши рахмет!

    1. Қырмызы бұл саған ескерту. Апаңның арғы дүниеде жындардың ықпалында жүргенін білдереді. Шамасы шариғатты толық меңгеріп бой өрсін таза ұстай алмаған шығар. Оған жәрдем беру керек. Құрбан шалып құран оқытқаның абзал. Болмаса сол апаңа еріп жүрген кісілердің сенің жақындарыңа зяины тиеді. Оны тісіңнің түсіп жатқаны білдіріп тұр.

  41. Сәлематсіз! Әз Наурыз құтты болсын! Баршамызға бақыты мен шаттығын әкелсін.
    Түсімде, әкемнен (әкем бақилық болды, иманы жолдас болсын) қалған екі қабатты зәулім үй қара шаңырақ бос қаңырап қалған екен. Анам қарттар үйінде ме, не жаны ауыратын адамдарға арналған ауруханада түсінбедім. Әйтеуір, үйде жалғыз екенмін деймін. Мен өз бөлмемде ұйықтап кетіп, ұйқымнан тұрып жатырмын, сөйтсем қараңғы түсіп, үйдің іші тас қараңғы, жарықты жағайын десем, люстраның лампочкалары жылт жылт етіп сөнейін деп тұр. Кейбір бөлмелерде лампочкалар толығымен сөніп кеткен. Жақын жерде дүкеннен лампочкалар сатып алайын деп шықсам далаға, ағам әйелімен екі қызын жетектеп таксиден түсіп жатыр екен. Екі қызы үйге кіргілері келмей қайтадан далаға қашып көліктің астына түсе жаздады. Сол мезетте тұрмыстағы апайымда таксиден түсіп үйге кіріп жатыр. Бірақ ол үйге жәй келген соткасынан қарайлап әлде біреуден хабар күтіп отырған, енді әні міні дегенде қайтадан бір жаққа кететін адам сияқты. Үйіміз адам тұрмайтын енсіз қалған елесі бар үй іспеттес. Мен, анам мынандай үйде жалғызсырап тұра алмайды ғой. Қазір қайта жақсы, жанында адамдар бар деп жатырмын. Сол жерден оянып кеттім. Шын өмірде: анам үстідегі аталған үйде немересімен тұрады, ағам отбасымен бөлек тұрады. Апайым тұрмыста ол да бөлек тұрады. Бұл неге көрінді? мен неге түсімде анамның жанында қолында тұратын немересін көрмедім?

    1. Сау саламатты болып наурыз айының берекетін молыннан берсін өздеріңе де. Түсіңдегі үй ол сендердің әулеттің тектің жан үйі ғой. Сенің де жаның қараңғылықта жалпы жандарың жетілмей қалғанын ескертіп жатыр. Оған қуат нәрді ата жолынан ғана табасыңдар. Анаңның аурауханада жатқаны өтпелі кезеңді білдерді. Сендерден оған рухани қуат керек. қыз деген өріс дейді. қыздардың шариғатты ұстанбай барған жерін көркейте алмауы арты өз тегіне де қасірет. Мұнда да сондай белгі бар сияқты.

  42. Саламатсыз ба.тусімді жорып бернізші.тусімде апшем екеуміз бір уйге бардык жолда мешіт кордік бірак кірмедік бір уйге кірдік уйде апшем алма жеді мен бір жасыл алма жеп шуктик бір қап қара жерге кіріп кеттік екеумізде қорқып турмыз артымызга карасак тышкан тур улкені касында кірпі шешен тур.тышкан касымызка келет сосн кетіп калд.айтып бернізші

  43. Сәлеметсіз бе, менің жақында марқұм болған күйеуім күнде түсіме кіреді,әрине бұл қалыпты жағдай шығар,ұмыта алмайсың,ойлай бергеннен де болар.
    Түсімде екі қасқыр шынжырмен байлаулы тұр,біреусі босанып кетеді,күйеуім келеді деп қарап тұрмын,ол машинасымен терезесі ашық қолында 1 бөтелке арағы бар өтеді, мен жерде жатқан таяқты алайын дейм,ол таяқтан басқа жуандау оаыұ бар екен соны алып қасқырдан қорғанайын деп тұр екенмін,бұл түсті қалай жоруға болады,айтыңызшы,өтініш

    1. Гүлнәр Күйеуіңнің әлі тозақтан босана алмай жүргенін білдіреді. Ол үшін сен шариғатты толық ұстанып бес парызды орындауға тырыс. Әулие-әмилерді зияртап күйеуіңе жеңілдік сұра құдайдан

  44. Сәлеметсіз бе! Тусимде бетіме бірнеше безеулеу шығып кетипти айнадан карап шошып жатырмын. Сосын иек жағымда көз жара шығыпты соны мамага корсетуим керек деп мамамды іздеп жур екенмін. Мүмкін болса жорып бересізба?

    1. Динара бұл ақ жаулық қуаттың жоғалуын білдіреді. Етекті ұзарт, аяқ жең жабық басқа жаулық тарт. Дәртпен жүр намаз оқы сонда бұл жағдайдан айналып өтесің.

  45. түсімде ақ, қара екі қасқыр көрдім. олар өте ашулы кездескендерді жеп қояды. мен қашып есік терезені жауып жүрмін. бір кезде бір қызды қара қасқыр жеп қойды. бір кезде қолы қан бір кісі кеп мына қара қасқыр өлді, ақ қасқыр қалды деп жатыр. бұл не сонда?

    1. Жазира қара қасқыр қыздарды жеп жүргені үятсыз қыздардың қара түнек жындардың қарамағана өткені. Қара қасқырды өлтіріу қазақ дәстүрінің оянуына болады. Ақ қасқыр қазақтың текті еркетері жындармен соғысатын көбейеді екен.

  46. салематсыздар ма тусимде жолдасынын досы маган айтып жаттыр сени куйеуин суймейди деп

  47. Саламсыз ба?тусімде уйде есік алдында жургенімде кок шоптің арасынан жасыл жылан шугып мені куды. Есік алдында ол жыланга карап отканда тагы бір жылан келді тусі коныр жылан маган карап басын котеріп карап турды.сосн ол жыланды папа ыстап алды.мен касына барган кезде мені тістеп алды 2 рет.колым канап жатканда оянып кеттім.Аға жорып бернізші.не білдіріп тур

    1. Нұрдана жылан сені қуып жүрсе сен шариғатты тазалықты ата дәстүрін сақтамайсың өрсің таза емес сосын жылан қалайда жалғануға тырсады. Қолыңды тістеп алса жеңіңнің жоқ қол білегіңнің былғанғаны енді ол қандағы шайтанды да көбейтеді. Абай бол қам жаса алдын ала.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *