Ұятты барма сұраған?

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері №8 123

Ұяттың қайда тұрағы,

Ақылдың еді сыңары.

Қызыңнан орын таппаған,

Ұлтыңның болған жұмағы.

Көшті ме ұят қазақтан,

Шындықпен ғылым жаралған.

Ғылымсыз қалып ұл, қызың,

Айырмаң бар ма хайуаннан.

Атаңды анаң азғырған,

Жемісін ағаш алдырған.

Мәңгілік өмір сүрсек деп,

Шайтанға еріп алданған.

Жаннаттан баста қуылған,

Атаң мен анаң алданған.

Жоғалтып алу ұятты,

Тағдырың баста жазылған.

Дүниемен қызық қуғаннан,

Нәсілдер талай жоғалған.

Ұятын табу масқат боп,

Қауымбыз бізде жаралған.

Ұятсыз туып жас болған,

Ақылды жинап қам қылған.

Ақылмен ұяттың серігін,

Тапқандар арлы аталған.

Білімді ақыл қылдырған,

Шет елдің салтын алдырған.

Қатын мен ерді тең қылып,

Ұятың — ғылым жоғалған.

Ұрпағына ібіліс айналған,

Білімді ғылым атаудан.

Жапарқұл мырза ұятсыз,

Үш тілмен ғылым атаған.

Атасын жолын соттаған,

Ұятсыз билер оңбаған.

Тілші мен дінші пәле боп,

Ұятсыз сараң қылдырған.

Ұяттан қуат алмаған,

Дінсіздік салтың орнаған.

Сатылып арың сауық-сайранға,

Жәндікке нәзіктер айналған.

Көт ашу ұят болмаған,

Жаулықсыз бастар шайтаннан.

Бөріксіз еркек миы ашып,

Жындылық, мастық жайлаған.

Билікке ұят қонбаған,

Қарсы боп заңын шығарған.

Мастарға ұят не керек,

Жаулыққа тыйым салдырған.

Арсыздық елді жаулаған,

Жете мен сана жоғалған.

Қауға мен шойын бастарға,

Ұялып ұят бармаған.

Маңдайы жұрттың сорланған,

Сауыты бастан жоғалған.

Ұятты басың ойламай,

Төрт жынға ақыл байланған.

Қиылған, жайылған шаштардан,

Айырылып бәйшешек бақшадан.

Сананы іздеп ұят жүр,

Үмітті болып жолдаудан.

Ұлттың деп коды атаған,

Ділімен білім жазылған.

Ұятсыз арды пенделер,

Қалайша іздеп таба алған?

Ел басымыз іздеп сандалған,

Ұятын елдің ойлаған.

Жолдауын жазды оян деп

Ұятты іздеп қытай, жапоннан.

Ұятын елдің тығылған,

Табар ең елім оқысаң.

Әуретін жауып қорғасаң,

Аласың ақылын Абайдан!

(Мамыр айы 2017 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *