Ұлт бақшасы, қан тегің(267)

Бөлім: Зікір өлеңдер 119

Нәр татып ұлттық бақшадан,

Өзге елден болдық салт алған.

Кісілігіне қарап сөз алып,

Дәстүрін ұлттың тастаған.

Тым сенгіш болып басқаға,

Өзгеден нәсіл жалғауға.

Ішінде жақсының тұратын,

Аңғармай қосып жаманға.

Тағдыры ұлттың аятты,

Сайын дала жаратылыс саяты.

Құраннан болып кітабы,

62 тамырдың еді мияты.

Діл болып құпия жазылған,

Кітабы көмес құраннан.

Әр ұлттың ана тілімен,

Аманат мирас ойы алған.

Бақшадан нәпсің де тояттар,

Нәсілің, жының тұрақтар.

Ақылмен қайратқа,

Жүректің үнін тыңдаттар.

Шүкірлік қылмай заманға,

Ібіліс еніп ой бақшаға,

Ұғымсыз болып ана тіл,

Тартылған төмен қараға.

Өзге елден бәрін қабылдап,

Жаңаны асылға бағалап.

Бөтен сөзбен шұбарлап,

Ел ділін алдық шимайлап.

Қарағай басы хабарға,

Жалғаушы болар қашанда.

Шайтаннын жынды көбейтіп,

Тәуелсіз болмақ Құдайға.

Қазығың дүние, малында,

Аманат қалып артыңда.

Үш байлығы ұлтыңның,

Қиянат қылған жан, арына.

Білім боп ақыл орынына,

Ой жорып бос қиялға.

Кітаптан оқып дана боп,

Байланды көңіл арамға.

Қылығың  рия Раббына,

Қарсылық қылған жолына.

Құдайдың ісін алдырмай,

Бой ұсынған дүние барына.

Қатар-қатар қатерден,

Ту сырттан ерді көлеңкең.

Қалт жіберген жау жаман,

Ұрпағын ібіліс көбейткен.

Желмен пәле келгенді,

Жалаңаш тәнге енгенді.

Жұтылып жерге уыты,

Жерден қайта өнгені.

Тәні жерден ажыраған,

Бастан қуат азғаннан.

Жатыры жерлер сорланып,

Тамыры тектің қысқарған,

Ұлт бақшасы қураған,

Елдігің болды жоғалған.

Ту сырттан еніп қаралар,

Бой бақшасын шарлаған.

Тәннен бойдың алқабы,

Әуретті жер бақшасы.

Арамнан дәнін өсіріп,

Шөп халық тозақта жанбағы.

Анадан төртеу туа алмай,

Алтымен қуат қоса алмай.

Бақшасы ұлттың елдігің,

Жемісін қалған бере алмай.

Тазартпай қаннан уытты,

Қыздарың болмай қылықты.

Құттың қонбас бақшаңа,

Таппасаң еншіге алған білікті.

Былғанбайтын арамға,

Тәнінде нәзік жер бар ма?

Ақ нәсілмен қараның,

Иманын ұқсас қылған ба?

Ескірмей иман тұра ма?

Заманға ғылым аларға?

Шариғатпен орта топ болып,

Сопылық, ғылым болған ба?

(Наурыз 2019 жыл)

****  *****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *