V-Аққу- сұңқарлар және ата жолы.

Бөлім: Аққу, сұңқарлар және Ата жолы 107

Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE

/* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-qformat:yes; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin-top:0cm; mso-para-margin-right:0cm; mso-para-margin-bottom:10.0pt; mso-para-margin-left:0cm; line-height:115%; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-fareast-font-family:"Times New Roman"; mso-fareast-theme-font:minor-fareast; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin;}

(жалғасы, басы 1-4 тарауларда)

   Қазақ халқының руханиятындағы қарама-қайшылық жағдайдың туындауына ең бастысы ел билікке бұрынғы кеңес үкіметінің кезінде маркістік философиямен; «ақша-тауар-ақша» деген адамзаттың даму сатысын, хал-жағдайын, тұрмысын жақсарту арқылы ғана рухани құндылықтарды меңгеруге болады деген ұстаныммен тәрбиеленген қауымның келуімен және көптеген жылдар жоқшылық, таршылық дәуірлік уақиғаны бастан кешіріп жақсыны тек дүние жетістігімен, ақшаман бағалаудан барлық ғылым, білім, билік орындарының, атақ дәрежелердің ақшамен бағалануынан қоғамда басты байлық дүниенің шайтандық ілімнің орнауынан пайда болды. Осы тұрғыда да дінді бағалау көрінісінен енді қыза-қыза ел биліктің құдайдың жолына түскен халықтан да салық алу тәртібі де қалыптасып үлгірді.

Бұрынғы замандарда қандайда бір ел билеуші, хандар, патшалар да егер мемлекет тарапынан қаражат бөлмегенде онда дін жолындағы қызметшілерін салықтан босатып, өз еркімен күн көруін де қамтамасыз ете білген. Қазіргі таңдағы қазақ билігінің дін жолындағы қызметшілерін мемлекеттің құзырынан шығарып тастағаны былай қойғанда, керісінше жат жерлік кірмелер сияқты тапқан табысынан салық төлеу деген қазақ тарихы түгіл, әлемнің мыңдаған жылдар тарихында да сирек кездесетін зұлымдықты қалыптастырып та үлгергені сөзсіз. Осы тұрғыда жалпы садақа дегеннің құдайдың өз есебінде тұрып, мұндай рухани ақша-мал айналымын қалыптастырушы құдайдың қызметшілерінің  өздеріндегі жинаған ата-баба өмір ағашының жемісінен, көктегі қазына жүрегімен, нұрымен есептесіп ол жетпеген жағдайда өмір ағашының қиылуы болып, садақа берген пенденің мұндай жағдайда ұтпаса, ешқашан ұтылмайты барлық діндердің тәжірибесінде болғанымен қазақ діншілері көреалмастықпен  ата жолындағы садақаның тым молайып бара жатқанын қызғанған масһабшы діншілер ел биліктің надандығын өз мақсаттарына пайдалана білді де. Бірақ онымен бұл амал арқылы бүкіл зиялы қауым мен ата жолына қарсы шыққан заңгерлерден бастап осы қудалауға қатысқан барлық тілші, дінші қауымның да мұндай жүктермен өздері жүктелуден жүрек көздерінің тұтас жабылып, енді осы жазылған, жазылып жатқан қазақ философиялық сөз ұғымдарын, дін насихатын, ғылымын түсінуге шарасызға айналып алғаны да хақ. Яғни түгел жындыларға айналғаны да хақ. Сондықтан мұндайлардың жындылық сенімдері бар, бірақ жақсы мен жаманды, ақ пен қараны ажырататын адамдық имандарын тауысып алған. 

Мысалы Түркия мемлекеті дін қызметшілерін осындай зұлымдыққа имандарын тауысып жүректерін жауып алмас үшін, халықтан түскен садақаны мемлекет қарауына алып оны арнаулы қормен жұмсалуына қамтамасыз етіп, ал дін қызметшілеріне мемлекет тарапынан жалақымен, әлеуметтік жағдаймен ел тұрғындарымен қатар дәрежесін қамтамасыз ете білген де.

            Жарайды, бұл да қазіргі негізгі рухани зұлымдықтарға қарағанда мүлде әңгіме қылуға да тұрмайды. Ең үлкен зұлымдық ел билігі мен зиялы қауымның дінді мешітке қамап, әр мешітті дін деп атап, дінсіз жаралыс болғанмен ал оған қажетті қолқабыстық қозғалыстың да, ғылымның да жалпы әлемдік, адамдық тағдырдың да болмайтынын өлім бар жерде діні бар. Ал өлімсіз тіршілік жоқ екенін білуден қалып құдайға ашық жала қойып тажалға айналуына да тұр. Құдайдың саясаты – түсірген діні болса, сол діннің арқасында өлімнен, жайсыз судан қайта жаралып жер басып осындай аман жүргеніне кепіл болған аманат, уәдесін енді заңмен құдайдың өзін басқаруды қолға алған ел билігін кім деп атауға болады? Дін істері басшысы мен мемлекетеміздің бас сарапшысының дінде саясат болмайды, дін саясатқа араласпау керек, ел билігінің саясатымен дінді басқару керек деген зұлымдық сөзінен құдайдың лағнеті артып халықтың азапқа түсуіне ғана себеп болып жатқаны да хақ. Дінді құранда да, басқа барлық пайғамбарлар жазбаларында да, Мұхаммед пайғамбарымыздың өсиетінде де, Ясауи баба, Абай-Шәкәрім және қазақ ғұламаларының барлық аманат өсиеттерінде де ғылым арқылы басқару керек деп ескерткен. Олай болса ғылымнан саясат биік тұрса, философия мектебі, дін мектебі билік саясатының қол жаулығы болса, онда бұл өздерін жалған тәңір қылған тажалдық білімнің қазақ еліндегі дәрежесін айқын білдіреді. Және де ғылымға жүгінбеген хайуан, деген Абай атамыз. Осы тұрғыда маған көптеген бұқара халық өкілдері Нұрсұлтан мырза мен жоғарғы дәрежелі ел басқарушылары мұны әдейі жасап отыр ма, әлде мүлде құран, кітап қолдарына ұстамай ма? деген сауалдарды қойып жатқаны да жеткілікті.

             Шынына келсек құранды оқымаған, оқымайтын білімді меңгердім дегендер аз ғана. Бірақ түсіне алмауына да себепші болған құдай ісін, аян, уахи, аруақтық батаны алуға деген қарсылығы болып, масһабшылардың жалған білімінен және тек шариғатты тура жол атап, ал негізінен бұл құдайдың әрбір құлына жеке-жеке көрсетіп, жобасын беріп, оны орындау арқылы ғана тура жолға түсіріп кітап, ғылымын беретін хикметтерін мүлде теріске алудан пайда болған. Бұл және күнәдан ақталу заңдылығы болып, жинаған мал-мүлікке де берілмей қалған зекеттер, жанға берілмеген құрбандықтардан жасаған күнәға қайтарылмаған сауаптардың төлемін де құрбандықтармен, қаражаттармен ізгі істерге құпия түрде жұмсаумен ғана мүмкін болмақ. Бірақ дүние байлығын құдайдан берілетін байлықтан артық көрушілерге мұндай жүректің жомарттығы арқылы мейрімділікке жету әрине ұнамайды, сондықтан ондайды жүректері де қаламайды. Сондықтан да адамзатқа меңгеруге жүктелуге арналған 8 түрлі жындық қуаттардың (ми, құлақ, көз, ауыз, асқазан, алақан, бүйрек, табандағы) жындылық белгілердің тазалығын қалыптастыратын әулие-әмбилер арқылы жалғанып жер, көк есігінен алатын нұрдың жетіспеушілігінен тәндегі осы орындардың және оған тағы жұбы, парын қоссаңыз 24 түрлі рухани ақпараттық орындардың қаралығынан мұндай пенделердің  мінездерінде, сөздерінде жындылықтарының болуымен ерекшеленеді.  Сондықтан Інжіл жазбаларында мұндай замандық дәуір келіп; « Кімде иман дәні бар болса, соған еселеп беріледі, ал кімде жоқ болса, онан мүлде алынып қояды»  деп мұндай пенделердің жүрек көздері де, жүрек құлақтары да мүлде жабылып түсіну қабілеті жоғалуын ескерткен.

Осы тұрғыда енді муфтият бас имамының да жүрегі жабық екеніне, осы рухани орындардың, ағзаларының қараңғылығын, сырқаттығын, аурулығын, дем салатын жағдайын анықтау арқылы да нақты дәлел де беруге болады. Олай болса қалғанынан не сұрау бар. Сонымен құдайдың қазақ еліне берген ерекше шапағатын аз ғана адамдар игере алып, жүрегі жабық надандардың күні бүгінге дейін қудалануымен бәрібір ата жолының, қазақ дәстүрінің жаңа заманға қарай өркениеті тоқтаған жоқ, керісінше алға қарай жылжып келеді. Осы тұрғыда бұрын құпия болған; «Жын-шайтан қуаттары мен ман тектері», «Жан ғылымның құпия сырлары» деген әлі әлем таба алмай жатқан адамзаттың құндылықтарының сырлары ата жолында қарапайым білім жолымен түсіндіріле бастады да. Бірақ өкінішке орай, бұл білімді меңгеруге тиісті жоғарғы дәрежелі философтармыз, ғалымдарымыз көбі мұны қолына да алған жоқ. Ал ізденіп қолға  алғандар болса, стол басында отырып, жоғарыдағы ағзалардың тазалығын, қара қуаттардың ақталуына құлшылық амалдарын орындамай өзінің меңгерген білімімен, қаралықпен арпалысқан ой қуаты арқылы түсінгісі келіп, жүректеріндегі жындылық, шайтандықтары басым болып, басы сасық тұманнан тазар алмай, миы ашып, шала түсініп одан тек бұқара халықта, қазақ руханияты да әлеуметтік жағдайда да дағарысқа түсумен уақыт өткен сайын қайғы-қасіреттің еселеп артуымен ғана көрінісін беріп жатқаны да сөзсіз.

            Енді осы тұрғыда да масһаб білімінің сәжде мен құлшылық ұғымын бір атау сөзге, түсінікке айналдыруынан да ата жолының мұндай құлшылық істерінен, бес уақыт намаз оқуды-сәждені биік қоюынан да халықтың зұлымдыққа, мәңгүрттікке түсуіне себепші болғаны да сөзсіз.  Раббымыздың; «Мен адам баласы мен жындарды өзіме құлшылық, яғни қызмет қылуға жараттым» деген аятын «Намаз оқу үшін жаратты» деп түсінгендіктен, адам баласы Алланың жаратқан даналығын, ғылымын, игіліктерін яғни «өзін» меңгеруге табыну емес, керісінше жалбарынуға, сұрамаздыққа, тек тұтынуға жаратқан деген ұғымды қалыптастырып үлгірді. Сондықтан; «Барлық нәрселерді адамзатқа қызмет үшін жараттым» деген жаратушы үкімі енді керісінше адамзат мешітке, намазға табынуға жаратылған деп түсінік, наным пайда болған. Сонда мешіттерді де, намазды да адамзатқа лайық киеге айналдыратын Алланың нығметі, даналығы, жаннаты, киелі рухы, ғылымдық сипаттары емес, керісінше оларды киеге айналдыратын намаз оқу мен мешіттер болып саналады. Сондықтан Алланың досы әулиелерді Алланың өзі, яғни кие қылып бізге үлгі қылып, соларға ұқсап табыныңдар, көрсеткен, қалдырған ізгі амалдарын, өсиеттерін орындаңдар деген исламға дейінгі барлық діндердегі құлшылықтың негізін «Серік қосу» деп атайды. Оған жоғарғы дәрежелі ғалымдар, ел басқарушылар да мұндай тажалдық пәтуға сенгені сондай, енді мешіттерді өздері басқарып сол арқылы құдай дінін түземекші болып жатқаны да сөзсіз. Сонда жаратушымыздың түсірген ғылымы, даналығы, игіліктері, яғни жаратушының хикметті сипаттары діннен шығып қалып; «Алладан басқа жын-шайтан» аталып, оны меңгеруге Алла жолына нәпсісімен, қаралығымен соғысқа шыққандар сотталып, қудаланумен аяқталып жатқанынан осы жүректердің жабылуымен, дүниеден басқаны білмейтін ел басқарушы тобырлардың азғындануынан деп түсінген де жөн. Бірақ төменгі бұқара халықтың  негізінен ата жолының қазақ дәстүрлі діннен хабары да бар және аз да болса меңгеріп жатқандары да баршылық.  Сондықтан енді бұл білімді қауымға, діншілерге, ел биліктегілерге ертегі болып және бәрібір түсініксіз болғанымен ата жолындағы аққу, сұңқарлар мен және жаңадан келіп жатқан қауымдарға ата жолының негізгі қағидаларынан хабар беріп  баяндап өткенді жөн көрдік.

Негізінен жалпы Ясауи ілімі бойынша құлшылық намаздарының бәрі кезінде жеке-жеке шариғат, тарихат, мағрипат және ақиқатқа жету болып бөлінгенмен, оны бір тұтастыққа айналған құлшылық намаздарын толық орындаудың екі белгісі болмақ. Бірі 9 санды тәубе амалымен және ғылым, кітап берілгендердің, құлшылықта озық болғандардың сопылық дәрежесі бойынша пайғамбарымыздың намазы 11 санды намаз орындауы болып табылады. Сонымен бұл құлшылық негізінің алғашқы дәрежесі; 9+11=20; Таһа сүресін меңгерумен де ерекшеленбек. Ата жолының жалпы халыққа берілген 9 жылдық сынақ құлшылығы болып және аққу, сұңқар аталып озық шыққандарға 12 жыл (толық несібе саны)  құлшылық намаздарын орындау шарт. Себебі алғашқы 3 жыл ұлттық ділді меңгеру кезеңі болып ерекшеленеді және оған енді 9 сандық тәубелік кезеңді қоссаңыз барлығы 12 жыл толық несібені, яғни көктік белгісі 21 жұлдызға сөздік несібеге жалғанумен ата жолының тақуалық жағдайы көрінісін береді. Сонымен бұл құлшылықтарды сандық ретімен және жылдық белгімен белгілеп баяндасақ;

1-ші жыл; Жеке-жеке тағдырды тазартуға, күнәдан ақталуға арналған ескертумен байланысты 3 түрлі қасиет көздерінің ашылуы болмақ. Бұл көру, есту және ойлау қабілетінің қалыптасуымен ерекшеленеді.

2-ші жыл; 3;7; сандық мәндердегі құлшылықпен байланысты болып, отбасылық кезеңмен 3-топтық аруақтармен байланысқа жалғанумен нәтижеленеді. Және бесінші қасиет көзінен өтумен 11 санды қуаттарды меңгеру басталмақ.

3-ші жыл;  7-топтық аруақпен байланысты 7-ші қасиет көздерін меңгеру, яғни ата жолының 1-сатысынан өту кезеңі болмақ.

4-ші жыл; 111 санды өлілермен тұрақты байланыс орнату және табанның зейнеттелуімен, аяқ тазалығына абай болу керек.

5-ші жыл; Қос тізеге дем арқылы, батаға (кітапқа) ілінеді. 113 санды белгінің байланысы болмақ.

6-шы жыл; Амал-есеп ілінуі басталады. Пенделер арқылы жол ашу қабілетіне жетумен ерекшеленеді. 11 санды белгілермен жалғану.

7-ші жыл; Елшілік, көріпкелдік қасиеттің аманаты бекиді. 41;82; сандық белгілермен жалғану.

8-ші жыл; Аяндардың түзелуі, сұқбат арқылы келеді.

9-шы жыл; Ақ бақсылықтың бекуімен, қосақ арқылы, ұрпақ арқылы есепке алынады.41 санды белгімен байланысқа тұру.

10-шы жыл; Ақ дегені алғысқа бөленер қасиетті меңгеріп, 63 санды кезеңдік есеппен беріледі.

11-ші жыл; сегіз қырлы бір сырлы есебінен өтеді. 3, 7, сандық мәндерінің сыры ашылады.

12-ші жыл; Болыстық, билік, түйін шешер қасиетке атайтын кезең есебі болып 9 санды тәубелік құлшылықты да толық меңгерумен белгілі болады. Енді осыдан кейін толық сопылық тақуалықпен 11 санды кезеңді қайта толықтырумен, яғни жұбын меңгерумен 23 санды Мұхаммед пайғамбарымыздың 23 жылдық құлшылығына толық жалғану болмақ. Олай болса қазақта; Бір дегенім білеу-білім; Екі дегенім егеу-еске алу-Ес; Үш дегенім үстік-Үндік қасиет; Төрт дегенім төстік-Қол өнер; Бес дегенім бесік-Тербеліс, Алты дегенім асық-Қадам, адымдау; Жеті дегенім желке-Қасиет; Сегіз дегенім серке-Шеберлік; Тоғыз дегенім торқа-Түйін шешу; Он дегенім оймақ-Орта қоғам; Он бір қара жұмбақты шешу болып осыған да байланысты енді ата жолының исламның қадай да бір елінің дін дәстүрімен немесе сопылық, тақуалық топтарымен, масһабшылармен салыстырғанда нақты білімі де, ғылымы да, және адам баласының кемелдік тұлғалық, дарындылығын, қасиетін қалыптастыруда нақты жол-жобасын әрбір адам баласының ерекшелігіне қарай намаздық орындау ерекшелігінің қағидалары да бар.  Және замандық, дәуірлік білім-ғылымын адамзаттың әлеуметтік, рухани жағдайда жетілуіне байланысты да құдайдан келетін аяндарды, аяттарды қалай меңгеруге болатын қағидасы да бар. Сондықтан да енді масһаб білімін қазақ дәстүріне дін шапаны қылып жабуды Ғиса пайғамбарымыз; «Ескі киімді жаңа матамен жамамас. Олай етсе, жамауы отырып, ескі матадан жұлынып қалып, жыртық бұрынғысынан да бетер үлкен болар еді. Сондай-ақ жас шарапты ескі торсыққа да құймайды. Олай етсе, быршып ашыған шарап торсықты жарып, ағып кетеді, торсық та бүлінеді. Керісінше, жас шарапты жаңа торсыққа құяды. Сонда екеуі де сақталады.» (Матай 9-тарау 16,17 аят). Сонымен жас шарапты ескі шарапқа құйып ашыған шарап ішкен жастарымыз да, жалпы масһаб білімімен қаруланған үлкендеріміз де мас болып, аузына не келсе соны айтып, ел биліктің де бұл мастығы әлі тарқар емес. Сондықтан да құдайдың лағнеті келіп, қазақ еліне түрлі сынақтар азаптар түсуін қияметтік жағдай деп құранда; «Ол күні, әр емізушінің (балалы әйелдің) емізгенін ұмытқанын көресің және әрбір буаз жәндіктің (еркекке айналған әйелдің) іш тастағанын көресің. Адамдарды мас түрінде көресің. Негізінде олар мас емес. Бірақ Алланың азабы қатты (2) Адамдардың кейі, Алла жайында білмей таласады да қасарысқан шайтанға ілеседі.» (22-3) Сонымен енді қасарысқан шайтандардың қандай белгілері бар, қалай ем шипа беруге болады дегендей ата жолының тазару ақталу амалдарына тереңірек үңіліп көрсек…. (жалғасы бар)

  Ата жолы жазбалары мен ата дәстүрінің насихаты, кітаптары және құран теологиясы мен Ясауи діни жолымен, қазақ әулие-әмбилер аманаттарымен танысқыңыз келсе мына сайтқа кіріп көріңіздер;   http://btk.atazholy.local/

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *