Алдыңғы жазбаларда қарастырылған ақылдың алты сатысы болып; 1. Сезімдік ақыл (интуиция). 2. Сезімдік ақылдың аңғарымпаздығы (сана). 3. Қаракеттік ақыл (интеллект). 4.Қаракеттік ақылдың алғырлығы (таланттылық) болып және алдағы жазбаларда талқылайтын ақылдың маңызды даналыққа деген құштарлық екі қадамы 5. Танымдық ақыл, дарындылықтарды, қасиеттілікті меңгеру, парасат кітаптарына жалғану ізгілік болса; 6. Даналық ақылды меңгеруге байланысты ақылдың жоғарғы сапасы игілік болып саналады. Шәкәрім атамыз; «Жаралыс басы қозғалыс, қозғалысқа керек қолқабыс..» деген философиялық тұжырым жасаған екен. Жаралыс басы таза ақылдан пайда болған уақыттың өзі болып, барлық жаратылыс уақытқа бағынса ал оның мезгілдік, замандық, дәуірлік қозғалысының түрленуіне жәрдемші қолқабысы болып уақытты замандық, дәуірлік мерзімдерге түрлендіруші адамзаттың рухани өнімі ақылдың күші болып табылады. Сонымен бірге уақыттың аралық та сапасы ақирет өмірмен байланысты өлшемі болып үш түрлі уақыттық қозғалыстың барлық әлемдік тіршілікті басқарып тұрғаны деп білуге болады. Сондықтан адамзаттың жалпы тағдырлық, уақтық қозғалысынан пайда болатын тіршіліктік өмірі әлемдегі қандайда бір өзгерістердің де, қияметтік уақиғалардың да негізгі себепшісі, ортасы болып табылады. Сонымен біздер ақылды негізгі уақыттық қозғалыстан және екі аралық ақиреттік өмір уақыттық қозғалыс егелерінен, ақыл кітаптарынан жаратушының бізге көрсеткен себебіне жалғану арқылы алатын болсақ, біздің негізгі тіршілік етудегі өмірдегі барлық уақытымыз да меңгерген ақылымыздың қорына байланысты болғанмен, оның өздігінен қозғалуға, әрекет етуге де шамасы да болмайды. Қандай ақылды меңгеріп жинап оны білімге айналдырғанмен қозғалыссыз мида, жүректе, ағза мүшелерінде, орындарда жататын болса онда адамзаттың түрлі дерттерге, семіздектерге, қан азуына, азғындықтарға да ұшырайтыны сөзсіз.
Сондықтан ақылды үнемі қозғап отыру барлық негізгі де аралық себепшілерге де жалғануға қабілетті ойды, білімнің үнін жаратқан. Біздер ақылымызды қозғап қажетімізге жарату үшін ойды екі жағдайда меңгеріп аламыз. Жалпы біз ойды жарата алмаймыз. Ойды біз дайын күйде білімнің үнінен аламыз. Бірініші түрін діл білім деп атасақ, екінші түрін тіл білімі деп атаймыз. Және бұл ойдың білімінің де қарсылығы бар. Сонымен тағы да төрт түрлі меңгеруге тиісті үндік, білімдік қуаттардың сапасы шығады. Негізінен ойдың өлшемі жетімен белгілі болады. Бұл төртеуді меңгеріп түгелдеу арқылы төбеден бесінші үнді ақиреттен ата-аналарымыздан алсақ, қалған екеуді меңгерудің де сыры пайғамбарымыздың жеті сүйек сәждесімен байланысты екенін де білген жөн. Сонымен исламдық бес парыз дегеннің өзі ойды тазартумен ақылдық алты қуатты меңгеру және жеті ойға жеті жолға жалғанумен байланысты болу керек еді. Бірақ бес сезімді ойдың біздегі бейнеленген үнін меңгеруден әрі аса алмағандықтан исламдық әлемдегі рухани дағдарыстан ақылдың тежеліп, ой қуатының жоғалуына замандық қиямет оқиғасының негізгі уақыттық қозғалыс әсерінің үстемдігі болып жатқаны да сөзсіз.
Сондықтан да; Біздердің ойлап таптық дегеніміздің өзі білімнің үнін — ойды тауып, ақылды қозғап жаратылыспен бірге ой, жеті жол болып жаралып қойған ғылымнан адамзатқа керекті түрлі саймандарды, аспаптарды, құрылғыларды, мәшине жасау сияқты білімдерді өндіреміз. Ғылым берілу дегеніміздің өзі дайын ақыл емес, керісінше біздегі қозғалмай жатқан өзіміздегі тұрған ақыл қуаттарын тазартып қозғап таза ақылға жалғау үшін ой қуатының жарығын алумен ерекшеленеді. Сонымен адамзатқа берілген екі игілікті және ізгілікті меңгеру және оны бір қуатқа айналдыру арқылы біз «БІРГЕ», тұтастыққа «Бір Аллаға» қосыла аламыз. Осы екі игілікті, ізгіліктің бірінші, екінші дәрежесін пайғамбарымыз иманның екі бұтағы; 60-бұтақты, 70-бұтақты мәңгілік өмір ағашы деп атаған. Және осы екі дәреже нығмет арқылы берілетін Алла тағаланың ерекше нығметі болған екі үнмен жалғанудың игілік, ізгілігі де барын естен шығармаған жөн.
Сонымен уақыт негізінен 3 өлшемнен тұрып және тұтастыққа бірге айналу үшін Алланың өзіндегі мәңгілік, шексіздік уақытқа жалғанумен «Бір» болып саналады. Мәңгілік уақыт өлшемі «Бір» таза ақыл болып, біздердің барлық тіршілігімізді қамтамасыз ететін қозғалыстың өзі болып саналады. Алланың өзі дегеніміз де осы уақыт қозғалыстың тұтастығынан нұр болған жарықтық сипаты болып табылады. Бұл қозғалыстың бізге әшкере белгі қылып көрсетіп қойған ғылымының ішінде махаббат та, рахмет, рахман, т.б. Алла тағаланың 8 сипаты және 99 көркем есімі де бар. Сондықтан бұл игілікті уақыт қазіргі емес. Қазіргі уақытымызда үш өлшемнің сипаты болғанмен оның нәтижесін; жалған, өткінші тұрақсыз, жойылатын өзгеріске ұшырайтын деп атап, ал негізгі уақытымыз ғылыммен, жеті жол оймен Құдайлық идеямен байланысты, ол үздіксіз және шексіз уақыттық өлшем болып саналады. Сондықтан дінде уақыттың қозғалысының белгілі бір түсінігі болып, діннің шектеулі және шектеусіз, шартты, шартсыз төрт түрлі сипаттарының болуымен және мұның жұбы да болып жалпы діннің де сандық мәні 8 санымен белгілі болмақ. Бұл 8 санмен байланысты сипатты парасаттылық қозғалыстың «Алланың Өзі» болып, бар игіліктердің негізі ақылға жігер беріп, оны дүниенің, жаратылыстың ақиқатын тануға және өзге бір нәрсе үшін емес, игілік үшін ғана игілік жасау мақсатына, ниетілікке бастайды деп түсінген жөн. Сондықтан мұндай игілікті ақылмен игілікті басқа нәрсе үшін емес, соның өзі үшін қызмет жасауға бағыттай білу үшін де діндерді кітап қылып шартты сипаттарын белгілі уақытпен шектеумен түсірген. Сонымен діннің де шарттылығы яғни шариғатымыз уақытқа қарай ақыл-ойлық шектеуі болып, осы шартылыққа, шектеуге негізделуді жындармен байланысты болып, діндердің ескіліктің салтына «кинизмдік» құлдыруға ұшырауына да себеп болады. Сондықтан шектеусіз жарталыс егесі Алладан және шартсыз болған жалғыз Құдайдан ой үнін алудың маңызы да зор болып, ол үшінде ақылдың жетілуі өркендеуі туралы білімді меңгеруде маңызды деп біліңіз.
Себебі барлық жаратылыстың қарсылығы болып таза ойдың да қарсылығы- теріс ойлар бізді қоршап тұрған кеңістік ауа «эфир» болып саналды. Қандай жағдайда да біз теріс оймен азықтанамыз, дем алып оны жағудың нәтижесінде тазарған оттың тегімен қуаттанамыз. Сондықтан ақылдан бұрын теріс ойдың пайда болатыны да оны ақылмен ғана терістеп жеңіп отыратынымызда қалыпты жағдай. Және үнемі таза оттың қуатын алып отруымыз үшінде тәніміздің тазалығын сақтаудың дін шариғатың шартты үкімдерін парыздарын орындаудың да маңызы осындай жағдайдан туындайды. Бұл жағдайда да алдыңғы жазбаларда қарастырылған ақылдың алуан түрлі саплары қуаттары осы отты және сыртан келетін түрлі ақпаратық жағдайдағы иістерді, азықтарды да тазартуға жанның ақылдық қуаттарды өз кезегімен жұмсап отыратынын ақылдық қуаттардың таусылуға азйуға тән құбылыс екенін естен шығармаңыз. Адамзаттың рухани әлемінде де бостықтың болмайтыны және егер бір орының босауынан оның орнына дереу қарсылық қуаттардың жайғасып алуға күресетінін білсеңіз, жинаған ақылыңыздың күнә жасау арқылы тез арда тауысып алып, мұнан санаңыз, жетеңіз де жоғалып мәңгүтікке надандыққа түсудін арасы екі-ақ қадам екенін де білген жөн. Мұндай тіршілік барысында біздер таза ақылымызды тауысып алып күнәнің құлдығына түсу де, арты түрлі азапқа, сырқатқа ұшырауда адамзатқа тән жалғандық құбылыс. Адамзатың тәніндегі ақыл сарайларының арсыздықпен, ұятсыздықпен, теріні қорғамай жалңаш жүрумен, азықтану тазалығы мен шариғат және дін құлшылықтарын толық меңгере алмаудан сыртан келетін жындық, шайтандық теріс ақылдық қуаттармен күнәлармен жүктелуінен ойлау қабілетнің жоғалып білім арқлы ғана ойлану немесе сары уайымға дүниелік қорқыныштарға түсуден әлем халқы азып, тозып қияметік жағдайға да келіп соқтырғаны да сөзсіз. Олай болса адамзат таза ақыл өндіріуді тоқтатты да жартылысқа кері әсер бертін лас ақпараттарды үздіксіз өндіруден, дін жетілмей тоқтап, екі аралық ақирет тірлігініңде теңдігі бұзылып, жаратушыдан таза ақылдан қуаттардың түсуімен әлемде түрлі табиғи апатардың, ерікісіз қозғалыспен өз ара арласудың құбылысына себеп болғанымызда сөзсіз.
Мұндай жалғандықты, теріс ақыл-ой қуаттарын тазартып меңгеруді біз 5-күнмен белгілейміз. Бұл біздің тәніміздегі бес саусақтардың жұп парымен яғғни оң сол болып берілгенінен де әшкере болып тұғаны сөзсіз. Енді күнді-«Нүк»-тені сызықтық бейнеде шармен бейнелеп, оған текшені «кірпіш» ақылды орналастырсақ; 6-жарты айдың және 12-қыр, 8-төбе нүктенің ақылдың, парасатылықтың барлық есептік жүйесін көрсетіп тұрғанын аңғаруға да болады. Сонымен жер әлемі 6-күнде жаратылса біздеге игілікті меңгеру үшін 6-текше яғни жер алты құрлықтан 6-текше қағбадан тұрып; 6х6=36: 12х6=72; 8х6=48; 5х6=30 және бізге меңгеруге тиісті 4-періштелік қозғалыстық шаманы аласақ 6х4=24; 8х4=32;12х4=58;5х4=20 сандық мәндері жер бетіндегі меңгеруге тиісті негізгі уақытқа байланысты қозғалыстық ақпараттардың құлшылықтық есептік жүйесін көресетеді. Мұнан енді адамзаттың рухани өміріне байланысты ақылдық қозғалыстық тақ сандардың да 1;3;5;7;9;11; 13 т,б құлшылықтық өлшемдері де болатынын да естен шығармаңыз. Масһаб діншілері мен исламның көптеген топтары 5-санмен біздің өзіміздегі теріс ақпараттармен жалғандықты меңгерудегі бес қуаттық, уақыттық, ақылдық қозғалысты меңгеруді тура жол атайды. Ал негізінен 6 күндік жер әлеміне байланысты қозғалыс негізін және 3-мезгілдік уақытың бірлігінен 9-санды тәубелік белгіден және 7-әлемдік күнді апта есебі болған ойдың да қозғалысын меңгерумен байланысты және көктік 10-санды нұрды (күнді жарықты) меңгерумен тура жолдың нәтижеленетінен пайғамбарымызда астарлап ескертіп кеткен. Олай болса адамзатың туылғаннан кейінгі 13-жас мүшелді ана тілін, ата сөзін толық меңгеруді ақыл мен ойдың бірлігін қалыптастыруға негізделге 13-санды құлшылық белгісінің де маңызы зор екенін естен шығармаған да жөн. Шәкәрім атамыз, «Алты ай жүріп он қой табасың, Ғылымды меңгерсең 10-күнде жүз қой аласың» деп астарлап 16-санды рухани қозғалыстардың нәтижесін меңгерудің сырында ескеткен екен. Бұл құпияның сыры да қазақ жерінен табалып; ішінде екі құс, екі хайуанмен, жиегінде 16 –сандық барыстардың мүсін белгісі бар шырағданың Қажы баба зияраты басынан табылған рухани құндылықтың маңызын шешкен ғалым да болған жоқ. Неге бұл мұра қазақ жеріне және оның жерленген уақыты біздің эрамыздың жыл санауымен 0037-жылына сәйкес інжілмен қоса оған дейінгі барлық діннің ғылымдық белгісін беріп тұрғанына да мән берген философтар да болған жоқ. «Төртеу түгел болса төбеден келеді» деген нақылдың да толық шешімін ақылдық қуаттардың бірлігін осы мүсінен көруге де болады.
Алдыңғы жазбаларда 36-санды Ясин сүресінің жаратылыстың адамзат өміріндегі ақиреттен алып келетін ақпараттық белгісінің маңыздылығын ескертіп кеттік. Сонымен Мекке қаласында қағбаның адамзаттың рухани жаратылысына басты белгі болса, жер әлемінде 6-қағба орны болып және оның жұбы, парыда болып, әр мемлекттің өзіндік отандық шекарасында да мұндай ақылдың ойпаттарының кіші белгілері болуы да шартты болмақ. Егер мұндай қуаттардың жер есіктері Меккеден басқа жерде болмайды десек, онда ұлттардың өзіндік даму жолы болмай, рухани жетілудіңде ерекешелігі айырмашылығы да болмас еді. Мұндай жағдайда жер бетіндегі адамзат біртұтас үмметке арапқа ғана ұқсау тиісті болуы да сөзсіз. Біздердің тілдік қуаттармыздың, үндік таңбаларымыздың, сөздеріміздің де ерекешелігін қамтамасыз ететін, жер ана рухы мен көктегі жолдарға жалғанатын осындай қағба орындарынан ғана әрбір ұлттардың ерекшелік рухани дамуы, екі арлық қозғалыс уақытына, ақиретпенде байланысты тіршіліктерінің ерекшелгі болуы да сөзсіз. Сондықтанда киелі жерлердің жер есіктерінен шығатын сан алуан түрлі нұрлардың көктегі жолдармен жалғанып, адамзатың тілегін игілігін көкпен жалғап тұратыны да сөзсіз. Мұндай білімді біздің аталармыздың ежелден меңгергендігінен дәлел; Маңғыстау жерінде қабір басында тамыры зияраттан бастау алып тұрған ағаш суретінің жоғарғы бұтақтарына күннің қонақтап тұрғанын бейнелген екен. Сондықтан ақыл жерден жер ана рухынан 6-санды қозғалыс негізінен нәр алып, көктегі 7-жол ғылымдық ойдан, апта ішіндегі күн жолдарының ерекешелігінен жалғанып қуат алады. Жол дегенің мағынасы яғни Алла Тағаланың өзі- жол, ғылым заман уақыт қозғалысы болса, заманға қарай адамзатың ақыл-ой қуатарыныңда да қозғалыс жылдамдық еркешелігі мен өзгеруі де 7-жолдан келетін ой қуатының артуымен байланысты болатыны да сөзсіз. Ал мұндай жағдайда киелі орындардан рухани ағашты өсіріуді көктегі жолдармен жалған оның жемісін алудан сол жердің тұрғыдарының ақыл-ой қутарының да қалыпты жетілумен ұрпақтық тектік қасиетерді сақтаумен нәтижелнетнін біле де бермейміз. Керсінше мұндай орындарды саяхат, мұржай орындармен ағашына құранан азық бермей, немесе арам тәнмен ластап ағашын өсірмеуге ғана жағдай жасайтын салтымыз, дініміз оған лайық заңымыз да бар. Сондықтан мұндай жағдайда қияметік белгі болып, көктен ой қуатының жер бетіне еселенумен оған қарсылық теріс ойдың да артуы болып, адамзат әрбір заманға қарай күнәлі қара қуаттарның да еселеп артуымен, таза ақыл-ой қуаттарының жетіліумен сынықтар мен аптар, түрлі азаптармен, жын-шайтан қуаттарының да қозлысы артып, адамзатың қан төгісімен адамзат заманның келесі даму сатыларына қарай өтетіні да сөзсіз. Сонымен ақылдық қуаттарды меңгеру жерлік жаратылыстан пайда болатын, жер аналық рухани 16-санды толық қозғалыстарымен жалғанумен және көктен жеті хабар берумен байланысты жетілік тұрғыдағы ақпараттарды меңгерумен иманның екінші дәрежесі пайда болады екен.
Жер ана рухымен байланысты жаратылыстың барлық қозғалыс себебіне жалғанудан пайда болатын; Иманың 60-бұтақты бейнесі де алдыңғы жазбаларда төрт мезгілдік 4-тербелестік қозғалысты меңгерумен байланысты қалыптасса, ал соңғы екі қадамды көкке байланысты 3-тербелістік сатыдан өтумен меңгере аламыз. Жалпы 7-санмен байланысты ой қуаты және уақыттық жер әлемдік 4-санмен көктік 3-санмен аралық уақыты 7-санмен байланысты түрленетінде естен шығармаған жөн. Қандайда бір қуаттардың ақпаратық жүйелердің сандық өлшемімен байланысты құранда сүрелері, аяттары және түрі, түсі қалай анықтауға артық кемін өлшеуге болатын дәржелері де барын жадыңызға тоқып алаңыз. Қазақ елінде мұндай ақпаратық білімнің болғандығы және көптеген текті азаматтардыңда әр саладан қалам тартып жазылып жатқанымен, оны жүйелеп философиялық, психолгиялық тұрғыда түсіндіретін мектеб өкілдернің ғалымдарымыздың, діншілердің жалаң ойсыз білімдік ақылға ғана негізделіп алғандығына бұл тұрғыда көптеген рухани құпиялардың ашылып да халыққа таныстырылмай жатқаны да даусыз. Осындай ақпаратық ақылмен басқару жүйесінің түр, түстік және өз ара алмасу сырларын дәлдеген ғалым Ш.Жанәділов мырзаның «Саулық көздері» (2009 жыл) деген шығыс медицинасының құндылықтарына таладау жасау арқылы көтеген тың ақпараттарды дәлелдеп шыққаны да сөзсіз. Сондықтан бұндай өлшемді ақпараттарға тоқталмай, екінші рухани өлшемдік жағанан мәліметер бере отыра алда нақты тәжрибемен бақылаумен алынған рух, жын, сезім, шайтандық қуаттарды меңгерудің тазартудың, емдеудің де жан күйлік сипатарынан да баяндап көреміз. Ақылдың 4 негізгі төрт сипатынан екі ақылдық белгі шығып, оны мұнан әрі қарай игідікті, ізгілікті қуатрға айналдыру үшін екі ақылдың қадамымен жетілдірудің де, екі түрлі тақуа адамдарға тән игіліктермен, ізігіліктерді меңгеруде Ясауи бабамыз салып кеткен түркілік дәстүрдің ата жолын ар білімін меңеру арқылы даналыққа тақуалыққа жетудегі маңызы да зор болмақ.
Алғашқы төрт түрлі ақылдың да сезімдік тұғысындағы қысқа ақылдың әйелдерге тән жандық, шайтандық сипатында болса, ал қарекетік ақылдың басымдылық қуатылығы ерлерге тән рухани сипатта болмақ. Сондықтан ерлі зайыптылар өз ара бұл ақылдық қуаттарды бір-біріне бой жарықтық тұрғыда зейнетік киім және қандық, ұрықтық қуаттар арқылы да кернеулік, өрістік (билогиялық, физикалық, химиялық) өз ара рухани алмасу болып 40-жастан кейін 49-жас шамасында ақылдықы қауаттардың жетілуі де тоқтап теңелуі де керек. Себебі 37-мүшелден кейін тағы 12-жыл цикл, ырғақпен жанмен рухтың, әйел мен еркектің арасындағы сезімдік ақылдың, қаракетік ақылмен толық бірленіп тұтастыққа жету кезеңі болып саналады. Мұндай жағдайда бұрынғы қазақ дәстүрінде әйелзаты тақуалықты меңгерумен; Кемпір болып, ер азамат жарының «Қырық қожасын қырқадан асырған» яғни қорған бұзған төрелікке жетеді. Сонымен орыс халқында; «Муж и жена одна сатана» деген мақалының өзінде осы кезеңде некелі әйел еркектің мінездерінің өз ара ұқсастығы, түрлерінің, қылықтарның, ойлау әркетерінің де бір-біріне ұқсастықтарның қалыптасуынан ақылдық қуаттың бір ақылға, бүтіндікке айналуынан иманың 60-бұтақты тегі қалыптасып, махаббатың жемісін беруі деп түсіну керек. Ал мұнан да бөлек 7-мен «Бір» ақыл болатын 70-бұтақ иман негізін құрайтын пайғамбарлық, сахабалық, әулие-әмилік ғұламалық данышпандық ақылдың қуаты пайда болады. Сонымен оқырман қауымның ақылдың жарығының сапасының да үш дәрежесі барын жадыға тоқып алған да абзал. Бұрынғы замандарда ғұлама даналардың ақылдың 4-дәрежесі бар деген пәтуалары осындай жарықтық сапаға байланысты толымды ақылдың сипатын және 4-ші дәрежесі Құдайлық ақыл-нұр «ИДЕЯ» -ға жалғанып меңгеретін шартсыз ақылды айтады. Шартсыз дегеніміз белгілі шектеуі және бекіген шартылығы жоқ қуатқа байланысты 4-ші сипатты ақылдың алғырлығы арқылы біздер талантылықты, өнерді меңгеруді жетілдереміз. Мұны Құранда; «…Үш кісі сыбырласса; сөз жоқ (ақылдық тұрғыда) төртіншісі, әлбетте бестің алтыншысы Алла. Тағы бұлардан аз, я көп тіпті қайда болса да әрине Ол, олармен (ақылдық қуаттарамен) болады…» (58-7) деген аяттың үкімімен бір жаратылыстың өлшемі және оның анықталу сапасы, сандық мәні болу шарт екенінде әшкерелеп тұрғаны хақ. Ақылдың өлшемін сандық мәндері арқылы және оның қуатында өрістік жағдайында анықтайтын шамалары бар. Ол үшінде әуелі біз жоғарыда ақылдың мекендік орындарын және тәндік ағзаларға байланысты көмекші қуаттарын ескертіп өттік, ал енді біздің жаратылыстағы, табиғаттағы 12-түрлі қуаттармен өрістермен мен байланысты тәніміздің де өзіндік қуатылық, адамзаттың тіршілік ету барысындағы тектілік құндылықтары қалыптасатын да ескерген жөн. Ақылдың 4 және екі қадам даналықпен 6-белгісін әлемдегі барлық адамзатқа ұстанған дініне қарамайтын ортақ белгісі болып табылады. Ал ұлттық, рулық өмір сүрген ортасымен, әдет-ғұрыптармен ерекешеленетін адамзаттың жаратылыстық мүшелдік жылдық рухани тұрғыда табиғатпен жан-жануарлар әлемімен байланысты өзгерісте, түрленуде болатын мүшелді 12 белгінің себебінен, ақыл қуатының адамдық жеке ерекшеліктеріне ағзасының тазалық, қуатылығына, періштелігіне байланысты ақыл қуатының өрісінің пайда болу орындарын, бұлақ көздерінің сипатарын ағзадағы жүктелу орындармен баяндап көрсек; 1.Жүректің екі тармағынан -тектіліктің ақыл қуаты пайда болады. 2. Өңеш сыңарының құрлымына тазалық, саулығына байланысты –ілімділік қасиеті пайда болады. 3.Таңдайдың тазалық саулығына байланысты; Шешендік қасиеттің жетістігі болмақ. 4.Азу тістердің мықтылығы, саулығына байлансты-ақылдың тазалығы пайда болады. 5.Езудің тазалығынан-Даналықтың қасиетілігі пайда болады. 6.Ми қалыбының тазалығынан;Ойшылыдық пайда болады. 7. Бауыр жасушаларының тазалығынан; Қан айналымы бір қалыпты болып ақылдың қуатылығын қалыптастырады. 8.Оң жақ қанат (қол аруақтың тазалығы)-Ұшқырлық сананың қуаты пайда болады. 9.Оң жақ бүйрек тазалығынан; Ақылдың сезімталдығы (Сезімдік ақылдың аңғарымпаздығы) қалыптасады. 10.Оң жақ тобықтың тазалығынан; Ақылдың құштарлығы (Қаркетік ақылдың алғырлығы) 11.Бес қабырғадан; Сенімділікке байланысты ақыл қуаты қалыптасады. 12.Білектің тазалығына байланысты; Ақылдың шешімділік айқындылығы қалыптасады. Адамзаттың тіршілік қаракетіне рухани болмысының сырына, тегіне қандық еркешелігіне байласты ағзаларының да жұмыс істеу ерекшелігін қалыптастыратын сипаттарын баяндасақ;1 ақылдың қасиеттілгі 2. Ақылдың көбеюі. 2. Ақылдың қорғану қуаты. 3. Ақылдың қорегі. 4.Ақылдың қозғалу жылдамдығы. 5. Ақылдың ретеуші қабілет. 6. Ақылдың басқару алғырлығы болып сипаталады. Еді бұл сипатарға адамзаттың жыныс жүйесінен, имундық, жүйкелік, қуат алмасу, ас қорыту, ішкі бездердің, бауыр, өт қан тамырлары жолдарының т,б ағзалардың бәрінің қызметі олардың қалыпты немесе ырықсыз жұмыс істеуі ақылдық қуаттың шамасына тазалығына немесе күнәмен жүктелуіне де байланысты болмақ. Ақыл қуатының тазалығынан ден саулық байлығы туындайды. Сонымен бірге ақылға жәрдем көмекші жүрек пен қайраттың да маңыздылығын ескерген жөн. Абай атамыздың 17-ші қара сөзінде; «Қайрат, ақыл, жүрек үшеуі өнерлерін айтысып, таласып келіп ғылымға жүгініпті…» деген философиялық пайымдауынан енді рух жан ерекшелігін олардан пайда болатын қуаттарды және оны ақылмен басқарып «бір ақыл» -иманды меңгерудің де сыры пайда болады. Ол үшінде біз әуелі ақылдық қуаттардың қалай жетілуімен қандай жағдайда теріс ақылға айналып адамзаттың қайғы-қасіретін, түрлі ауруларды тудыру себептерін де мағлұмат ала білуіміз керек. Қайратпен жүрек ақылмен айтысқа түссе, онда оларда ақылдың белгілі бір шамалары өлшемдері болатынын да жадыға тоқып алу керек. Сонымен сезімдік ақыл жүрекпен байланысты ал қаректік ақылдан қайрат пайда болады да ал бұлармен айтысқа түсуші ақыл ақылдың аңғарымпаздық қуаты деп түсінген жөн. Бұған төреші төртінші ақылдың қуаты ғылым болып; Ақылдың алғырлығын, талантылықты, құдайлық қасиетті, тектілікті айтамыз. Ақылдың сапасының жүйелік айқын болу танылу жағдайына келсек, адам бойын, сыртқы жарықтық киім зейнет өрісінің негізгі 7-түрі осы ақыл қуатының адамзаттың иманын, саналығын, саулығының негізгі көрсеткіші бола алады. Жаратушы иеміз; «Сендерге 8-түр жаратым» деген аятта. Негізгі түр ақ және қара болып осы екі түрде 7-түрдің болатынын және қарадан басқа түрдің адамзаттың түсіне –ақылына, ақыл сапасының өлшемдеріне қуаттын айналуын білдіреді. Олар; 1.Қызыл. 2. Қызғылтсары. 3.Сары. 4. Жасыл. 5.Көгілдір. 6.Көк; 7.Күлгін; болып көнісін тауып бұл түстердің жарықтық белгісі аспан денелерімен тікелей байланыста болмақ. Олар;1.Күн; 2.Ай; 2. Юпитер; 3. Венера; 4.Сатурн; 6. Марс; 7.Меркурий; Көк-Аймен, Күлгін түс-Күнмен байлансты жаратылыстық стихиясы болса; Көгілдір-Эфирмен; Жасыл-ауамен; Сары-Отпен; Қызғылт сары—Сумен; Қызыл-Жермен байланысты болады. Сонымен адамзатың ақпараттық жүйесі негізгі Ақ, Сары, Қызыл, Көк, Қара бес түрден бұлардың жұбының да болып барлығы 10-түр ақылдық белгінің біздің тіршілігімізді, ақиреттік өмірімізді, туылу, көбею, қартаю, ауру, өлім сияқты барлық әрекетеріміздің жағдайын, қуаттық түрлену шамасын қамтамсыз етіп негізінен 3-ақпарттық жүйемен басқарылады. Адам атамызды алғашқы Ақ түстен және «топыр» қозғалыстан жаратып қызыл жер анадан рухты барлық періштелерді қызметке қойып, сары түстің яғни нұрлы ақыл судан пайда болатын отты, жандық қуатты сыйға берген. Ақылдық өнімге байланысты адамзаттың негізгі үш байлығын; «Денсаулық-жер анадан рухани қуат қызыл, Ақ жаулық- жандық, ақыл-ойлық, сөздік қуат-ақ, Он саулық көктен несібелік, имандық қуат-сары» болып бұл байлықтардың енді оқырмандарға түсінікті болуы үшін Естілікті меңгеру арқылы баяндап көрейік…(жалғасы бар)