VI-Аққу- сұңқарлар және ата жолы дін философиясы мен дәстүрінің түсініктері.

Бөлім: Аққу, сұңқарлар және Ата жолы 111

Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE

  Бұл тақырыпты енді жалпы ата жолының және қазақ сөз ұғымдары мен ақыл-ойының тұрығысында бағалап, ата жолының нақты ғылым, білімі құранмен дәлелденіп құдайдың хикметімен көрсетіліп жатқанымен, әлі кезге дейін қазақтың руханиятының құдайдан ашық белгілермен, қияметтік жағдаймен сыналып жатқанымен, ел билікті былай қойғанда дін ғалымдарының, есті аталған зиялы қауымның бұндай себептерді түсінуге неге ақыл-ойлары, да білімдері де жетпей жатыр деген сауалдың бұқара халық арасынан жиі қойылып жатқандықтан енді осындай кемшіліктеріміздің негізгі себебіне тоқталып көрейік.

Ел биліктің ата жолын қазақтың бұрынғы даналықтарын ұғынуға, дәстүрінің сипатын анықтауға білімдерінің жетпей, сондықтан заң жүзінде екіжүзді шешім шығарып және осы уақытқа дейінгі жіберген қателіктерін де халық алдында мойындаудан бас тартып отырған зиялы, білімді қауым мен билік өкілдеріне не себеп болып отыр?- деген сауалдарға да жауап беру арқылы ата жолының рухани кемелденуінің, қазақ руханияты мен әлемдегі болып жатқан, әлеуметтік дағдарыстарға да әкеліп соқтырып жатқан осындай олқылықтардың негізгі себебін түсіндіріп көруді  де жөн көрдік.

     Қазақ қоғамында, зиялы қауымында, ел биліктің де ұғымында; Ата жолы деген бір аз ғана топтың ойлап шығарған қозғалысы,- деген ұғым қалыптасып, енді қандайда бір ақпараттық жүйеде ата жолы тұрғысында сөз қозғалса; «Ол жолдарың сотталып, тиым салынған емес пе?» деген сөз алдыңыздан шығары хақ. Осы бір ғана сөзден қазақ қоғамының ақпарат басында да, ел билікке де сөз түсінбейтін ақылы қысқа надандардың келіп сөз атауын  түсініп, аталар аманатын орындамақ түгіл жалпы ойшылдыққа, ақылға қарсы болған тажалдық білімнің көрінісі деп түсінгеніңіз естілікке қайшы емес. Және бұл жаратушы үкіміне де, шежіреге де, сөз ғылымына да, құранға да ашық қарсылық болып саналады. Себебі Ата жолы қазақтың тарихи барлық заман оқиғаларының шежіресі, біздің дін жанымыздың білімі болып саналады. Осы тұрғыда ел биліктің надандығына да, құдайсыздығына да куә болып тұрған «Ақ жол» атты партияның да пайда болып, сөз құндылығын сақтаудың мәні қазақ елінде жоқтығына және ақпарат басқару, заң орындарының басшыларының сөздің қадірін мүлде ескермейтініне қарай арсыз-намыссыздығына ғана куә болып тұрғаны да сөзсіз.  Жалпы бабаларымыз «Малым жанға, жаным арға садаға» деп Ардың маңызының бәрінен де биік тұруын аманаттап кеткен. Ал ар дегеніміз асыл сөзден пайда болған бойдың жарығы, біздің рухани адамдық ақиреттегі болмысымыз, көркем сөзден жинаған өмір қабымыз, «Бақ қарасын» деп осы арымыздың бейнесін ескерткендіктен, сондықтан да арлы адам баласында сөзден ұялу, сөздің қуатынан намыстанып өліп кетуге дейін апаратын ерекше қуаттық, бойлық шамасы болады. Ал біздің ел басшысынан бастап дін басшы, ғалымдарды, философтарды, ақпарат басындағы жазушы, ақындарды қазіргі таңда сөзбен ұялту, арландырып пәтуаға шақыру мүмкін емес, өздерінің меңгерген білімінен артық білім жоқ деген тәккаппарлықтан жүректерінің құлақтары мүлде жабылып, тылсымдық үнді есту, көру қабілеттерін жоғалтқан, демек арсыздық дертіне шалдыққан. Олай болса тажалдық білімді дәріптеуші шайтан жамағаты деп те аталмақ.

            Енді жалпы Адам атамыз бен періштелердің жаратылысындағы басты айырмашылық періштелерде дін болмайды, себебі олар өздерінен ақыл өндіру, ойлау қабілеті жоқ, тек берілген бір жобаға, бұйрық, үкімге сай ғана әрекет етумен өз бетінше іс-қимылдарды меңгеруге еркі де жоқ. Ал Адам атамызға ойлану және осы ойын ақылға, сөзге айналдыру еркі, яғни діні беріліп осы дін арқылы ғана адамзаттың басқа жанды жаратылыстардан үстем және оларды басқарып меңгеруге де еркі берілуі де меңгерген дініміздің арқасында ғана нәтижелі болмақ. Дін дегеніміз ой қуатымен, ойлану сапасымен соған байланысты ақылды өндірумен өлшену керек. Енді осы тұрғыда қандайда бір жаратылыстың қарсылығы, яғни қарама-қарсылығы болып дін ілімге қарсы білімді жаратып, ол білімді періште Ібіліс болатын. Сонымен ілім-көк, білім-қара-ағаш және таза білім — Ақ  болып саналады. Сонымен осы қараны ілім арқылы меңгеріп түрлі жарықтың сапасымен түп негізгі құдайлық білім аққа жанға зейнеттеуді адамзат дінінің нәтижесі деп түсіну керек. Сонымен аталарымыз; «Ілім мен білім ортасын ұстамасаң бүлін» деп ескерткендей, ілім мен білімнің ортасы ғылым болып ғылымды, даналықты меңгеру Адам атамыздан бастап дініміздің негізгі шарты болмақ. Сондықтан Адам атамыз жаратылғанда бұл даналықтың дәні беріліп, сол дәнді енді ақылмен суғарып жетілдіру қарама-қарсы білімді таза білімге аққа айналдыруды –Жол деп атаған. Жолда дін болмайды, жол – ғылым, таза ақыл, киелі рухтан келетін қуаттардың, таза ақылдың бұлағы болап саналады. Сондықтан бұл жаралыс басы қозғалыстың негізіне жарыққа жатады.  Ал дін қозғалысқа керек қолқабыс болып, дінсіз нәрсе қозғалмайды, өспейді, өнбейді де. Себебі онда жан болмайды. Сондықтан да Абай атамыз дін-жаның  деген ұғымды пайдаланған. Демек дін- амандық, саулық, ақыл-естің, білім, ілімнің, соған байланысты жанды нәрсенің қаракеттерінің өлшемі болмақ. Малда да, хайуанда да, өсімдіктерде де өз шамасына қарай діні бар. Дін тек біздің ел билігіміз бен зиялы қауымның кейбір өкілдерінде олардың ойларынша ғана жоқ. Яғни, жаны жоқ періштелер сияқты тек заңға бағынып, ақылдың шамасымен  ғана ойлану қабілеті болмағасын, сол жобамен білім шеңберінде дүниелік көзбен көрген, естігенмен  ғана әрекет етеді.

Бұрынғы замандарда бұл ғұламалық болса, ал бүгінгі заманда әлемге келген мұндай қасіреттен қазақ қоғамы да айналып өте алмағанын білдіреді. Ал, Ата жолы дегеніміздің өзі Алла тағаланың жолдарының дін арқылы амалға айналып таза ақыл мен киеге айналған рухани тұрғыдағы өмірлік тәжірибеміз, бекіген, тұрақтаған дініміздің көрінісі болған, барлық тіршілігімізді өмір мен өлімнің ғана арасын қамтып қоймай болашағымызды, бүгінгі тұрмысымызды да қалыпты ұжмақтық өмірге айналдыру үшін өткен шағымыздан да үлгі ғибрат қана алып қоймай, сонымен бірге ата-бабаларымыздың шежірелік біліміне, іліміне, кітаптарына жалғануды да қалыптастыру керек. Ондай жағдай болмаса өткенді еске алып ақпараттық тұрғыда тазарта білмесек, онда болашақты болжап дұрыс бағытты қабылдау да мүмкін емес. Енді осы тұрғыда ел биліктің «Ата жолын соттап, тиым салуы» деген ұғымнан Алла тағаланы жазалап тиым салғаны деген ұғым пайда болып, осы тұрғыда қиямет сағатының басталуына да осы білімді, зиялы, дінші, әділ билікпен заң шығарушы қоғамның өкілдері тікелей қазақ халқын зұлымдыққа бастап әкелгеніне нақты айғақ болады.

            Сонымен ата жолы деген – тұрақты біздің дінсіз тазарған таза ақылдың, өмірлік шежіре ағашымыздың бейнесі болып, оның дінмен байланысты қолқабыстық бейнесін, яғни амалға айналдырып жан-дінін беруді дәстүр деп атаймыз. Сондықтан да дәстүрді үнемі тозғанын жамап, өшкенін тірілтіп, ескісін аустырып және жаңадан заманға қарай ғылымын да дамытып жанын жетілдіріп кеңітіп, қуаттандырып отыру міндетті. Сондықтан қазақ дәстүрінде барлық діндердің амалдары да, масһабтық білімде сопылық ұстанымдары да біздердің тұрмыстық өмірімізде; «Әдет-ғұрып, салт-дәстүр» деп аталған қағидамыз рухани заңдылығымыз да бар. Осы тұрғыда ел билік пен зиялы, дінші қауым өкілдерінің қазақ дәстүріне дін ұстаным масһабты шапан қылып жауып жатқаны да шайтандық әрекеттерінен тағы да құдайдың өзіне қарсылықты білдіруден деп түсінген дұрыс. Осы тұрғыда қазақтың ақыл-ойының жетілмеуіне оны қақпанға салуға біріншіден масһаб дін ғалымдары, имамдары өздері де білмей ойлап болжауға ақылдары да жетпей, жақсылық істеген болып керісінше жанталасып күресіп жатса, екіншіден өзіміздің ішімізден де білімді зиялы атты қауым өкілдері де «Сөздің бәрін қазақ елі арап пен парсыдан алған» деген тажалдық ұғымды құдайға қарсылықты дәріптеумен айналысудан және өздері аюға айналған адам аулаушылар болып та саналады. Енді неге қазақ халқы құдайдың өзі көрсеткен хикметке, өлілердің тіріліп ұрпақтарына түрлі белгілермен хабарласуына, әулие аруақтарының  тылсымнан аққу, сұңқарлар арқылы «Бата беріп» халықтың ақыл-ойын тазартуға жасап жатқан құдайдың нығметінен соншама азар да безер болып қашады,- деген сауал қойыңыз.

            Бұған негізінен кеңес үкіметінде тәрбие алған және құдайсыздықтың ұғымы жүректеріне мал-жын қуаты, қаралық болып сіңіп алған білімді қауым өкілдерінің жаппай ел билеу мен ақпараттық басқару жүйесін толық жаулап алуымен ел биліктің де бір жақты өркендеу саясатын алып, тек дүние ісімен ғана, ақша байлықпен ғана жақсы, әулие атанып руханиятты меңгеруді әлемдегі билеушілердің тәжірибесінде маңызды болмағандықтан да осы шет елдің басқару жүйесінің білімін, әдетін сол қалпында көшіріп алудан да пайда болды. Ос тұрғыда енді философия  ғылымында да ескі біліммен пәндік тұрғыдан ғана ғалым аталып надандыққа түсуімен ел басқарушы, зиялы қауым өкілдері де осы мектептен улы нәр алып өскеннен  де жалпы қоғамдағы рухани дін жанның жетілмей енді дінсіз, жансыз тек кітап жүзіндегі өлі біліммен қаруланған кейінгі жастарымыз осындай дәрежелі көкелеріне еліктеп, бүкіл қоғамның азып-тозып жоғалуға қарай үдеріспен бағыт алып бара жатқанымызды сезінуден де қалғанбыз. Енді мұндай жағдайда осындай қоғамға ой салып ақылды тазартып, елдің рухани саналылығын (жанын тазарту) арттыруға негізделген дін муфтият өкілдері керісінше, рухын ғана тазартуға негізделген діндегі намаз оқу мен жалған бес парызбен халықтың мыңдаған жылдар қалыптасқан нанымын да жоққа шығарып және жақсылық жасай отырып, ұлттың ойын қақпанға салып,  ақылын қазыққа байлап қойып, нағыз тажалға  айналып алған десек жалған емес-ті.

            Дін негізінен біздің жинаған білімімізді, ақыл-ойымызды тазартып, жан беріп даналыққа айналдыруға негізделу керек. Ал ақылды тазартып жетілдіру ол ілімнің ісі болып, осы тұрғыда масһабтық білімнің кемшілігі де жансыздығында, яғни ғылым мен құраннан философиялық даналықты жаңғыртатын заманға сай ойдың әсемдігін, көркемдігін қалыптастыра отыратын ғылымнан дерек көздерінің бұлағының ашылуына құдайдың өзінен тікелей хабар алуға тиым салып, бұрынғы ата-бабалар алған кітабына, тектің ағашына да жалғана  алмаудан, керісінше артқа тартып қалайда орташа үмметтік жағдайға түсіруге, тек дайын білімге айналған ақылға ғана жүгінуге тырысудан діннің аясы, мүмкіндігі, шекарасы да заман өткен сайын тарыла-тарыла тек мешіттерде ғана орындалатын, жалбарынуға негізделген амалға айналдыруға себепші де болған. Ал Абай атамызға жүгінсек, «Адамзатты Ол Алла махаббатпен жаратқан..» Олай болса дін негізгі ірге тасы – махаббатта қаланады, махаббатты қалыптастыруға арналады. Және Адам атамызға жаратушымыздың бұл сыйы қоса беріліп, осы махаббат арқылы ғана біз жанымыздың жағдайын шамалап оған қамқор болып тазартып, өсіруге жағдай жасай аламыз да. Сондықтан да дін өзінің сенімдік қуатын қалыптастыратын білімі арқылы надандыққа емес, керісінше құдайдың ісі – жол-жобасын, ілімін тануға және оны әрбір адам баласының санасына имандық қуат болып, мінез қылығының ақ-қарасын, жаман-жақсысын айырып, өзін тәрбиелеп қоғамның біртұтас адамгершілік негіздерін жетілдіруге үлес қосуға тәрбиелейді. Енді осы ілім мен білімнің арасынан пайда болған ғылымды дінге қайта қарсы қойып, керісінше діншілердің мұны қабылдамауына, олардың бірін-бірі толықтырып тұруына жағдай жасамауға себепші де философиялық мектептің, сөз ғылымына тән болған даналықты меңгеру білімнің жетімсіздігінен ғана пайда болғаны да даусыз. Осы тұрғыда бұрын ілімді түсіндіру үшін дін философиясы болса, ал білімнің маңызын түсіндіретін ғылымдағы философия мектебі пәндік философияға, логикалық пайымдауға айналуынан жалпы қазақ қоғамындағы надандыққа, білімнің тозуына ғана себепші болған.

Енді осындай жағдайда ілім мен білімнің арасын жалғаушы ғылымдық философияның әлемдік тұрғыда да дамымай, керісінше кейін қарай құлдырауынан да қияметтік ақпараттық дағдарыс пайда болып, әлемдегі барлық рухани да әлеуметтік жағдайларға себепші ғана болғаны да хақ. Бұл жаратылыс басы қозғалыстың сөзден «Бол» -дан басталып, жер әлеміндегі қияметтік ауыр жағдайлардың да сөз ұғымдарының азғындауынан пайда болатынына дәлел де болмақ. Осы тұрғыда құдайдың өзі білдіруімен ғылымға, яғни сөз ғылымына қозғалыс келіп, қазақ елінде бұл ерекше құбылыс хикметінің, Ақ ұлдың елшілігімен  жүрек тамырына мөр ашу мұғжизасының пайда болуы да біздің дін дәстүріміздің, ата жолымыздың барлық әлем діндерінің намаздарын қамти алатынына да себеп болғаны да хақ. Олай болса ислам дінінің бірлігін діндердің барлығының басын қоса білген тура жолдың негізі болғаны да, куәлік беріп тұрғаны да сөзсіз. Дін мен ғылым әлем өркениетін қалыптастыруда ешқашан қарама-қайшы жағдайда жетістіктерге жеткен емес. Ғылым мен дін бірін-бірі толықтырып тұрғанда ғана  өркениеттің қалыптасуы болғаны да әлемнің философия мектебінің даму шежіресі дәлел бола алады. Діни ғылымды құдайсыздық,  күпірлік деп, ал ғылым дінді надандық, алдамшылық деп ешқашанда жеңе алмағанына да тарихтардың оқиғасы куә.

Осы тұрғыда қазақтың зиялы қауымы да, ел билігі де дінді мұндай дәрежеде жоққа шығармайды да, бірақ адамды, қоғамды тәрбиелеуде діннің маңызын рухани күшінде пайдалана алмай, керісінше ағайын арасындағы араздыққа, біртұтас ұлттың ыдырауына, ақыл-ойдың алуан түрлігіне де жәрдемшілікке ғана неге демеу беріп отыр?-деген сауалдың әрбір есті азаматтың ойында тұруы да қалыпты жағдай. Мұның себебі ақылды жетілдіріп, ойды тазартып даналықты қалыптастыратын философия  мектебінің өкілдерінің қарапайым ақыл туралы да білімі жоқ. Сондықтан дінді тек біліммен тұрақты ақыл тұрғысында бағалап, ал көместі ақылдың ілімін меңгеру үшін керекті ойшылдықты философ ғалымдарының өзі меңгере алмауынан, қазақ руханиятында қарауыл, бақылаушылық маңызын қолдан беріп, онан енді құр бес парызға масһаб біліміне негізделген діншілдіктен, жалған ғалымдықтан не сұрау болмақ? Осы тұрғыда біздерге ең жақын ұғымдармен насихатталаған Абай-Шәкәрім және бір-екі жүз жылдықта өткен ғұламалар еңбектері мүлде халыққа таныстырылып, насихатының үгіті ашылмақ түгіл, зерттеуші ғалымдардың өзі құр атақ-дәрежесі болмаса, ойшылдық дәрежесінде өздері де меңгере алмағаны даусыз. Олай болса, осындай надандықтың жағдайында мұндай білім беру саласынан тәрбиеленген ел билікке әділ заңдарды шығаруға, ақыл беруші дәрежесіне дейін көтерілген басшылардан да не сұрау болмақ? Бірақ ғылымның бұл заманда мәртебесі де биік, сондықтан адамзат өмірінің бар саласына араласып ендігі біздің дініміз де осы ғылымнан пайда болып жатқан білім жүзінде халықтың нанымы да рухани ұлттың құндылығын қорғап, сақтаушы да яғни дініміз партияларға айналып және соған байланысты шығырылған заңға ғана шоқынып арлылық, адамгершілікті де заңның аясында ғана орындауға қалыптасып та алдық. Ал негізгі жанды жетілдіруге, арды меңгеруге арналған дінімізді мешіттерге қамап, масһаб білімі тұрғысында ғана тәпсір біліп, құранды меңгергендерді хазірет, ғалым атаумен Құдайдың идеясын, таза ақылды қалай меңгеруге болатыны мүлде ұмытылып, кітаптық жібін де үзіп алдық.

Қазақ халқының бетке ұстар азаматтарының ақылы танымдық ақылдың дәрежесінен аса алмағандықтан, енді ата жолындағы құдайды танып қазақ дәстүрін меңгеруге мұндай  елімізге түсірген хикметті, күрделі мұғжизаны және оқылып жатқан кітаптарды меңгеріп ғылымын көрсетуге біздердің бұқара халықтың арасынан шыққан жастардың және қарапайым жұмысшы тобының қолынан аз уақыттың ішінде қалай келмек? Жалпы; «Ақыл-алтыда, Ой-жетіде» деп аталарымыз нақыл қалдырып, осы алты ақылдың қандай дәрежесі, сипаты болып, оны қалай меңгереді, қандай себептерге байланған деген сұрауға қазақ елінде бірде-бір философ, психологтың жауап бере алмайтына шүбәңіз болмасын. Сондықтан қысқаша түсіндіре кетсек; Ақылдың алғашқы сатысы сезімдік ақыл болып, онан қаракеттік және танымдық ақыл деңгейіне көтерілеміз. Бұл үш сипаттың енді сезімдік аңғарымпаздық (интуиция), қаракеттік  түйсік (интеллект) деген жұптары да болып, негізінен сезімдік ақыл, логикалық жетістік болып және мұндай қуаттылық қанмен байланысты әйелзаттарында жоғары болып, ал қаракеттік ақыл ерлерде жын қуаттармен байланысты болғандықтан ер азаматтарында әйелдерге қарағанда қуатты болмақ. Ал танымдық ақыл бұл білімнің, ілімнің көмегімен қалыптасуымен Танымдық ақылды төмендегі қаракет пен сезімдік ақылдың 4 сипатының (логика, интеллекттік) нәтижесінде 5-тұрғыда қалыптасып; «Төртеу түгел болса төбеден келеді» деген құпия білімді де меңгерумен адам баласының тылсымға жалғанумен ғана толық адамдық ақыл болуы және бұл ақылдың да өз мерзімі 40 жаспен аяқталуы да әр ақылдың дәрежесінің 8 санымен жалғанып 5х8=40 жаста танымдық ақылдың жетілуі болмақ.

Осы жаста әйелзаттарында қарекеттік, «интеллекттік» қабілетінің жетілуі жұбайлық өмірмен, ерімен арадағы қан алмасуымен байланысты теңелсе, керісінше еркектер төсек арқылы әйелінен шарап түрінде қан қуатын алумен сезімнің аңғарымпаздығы да толысады. Сондықтан құран аятындағы; «Баланы екі жасқа дейін емізу керек, қырыққа келгенде ақылы толады» деген аяттың үкімі ерге де, әйелге де ортақ болмақ.  Бірақ логикалық сезімнің аңғарымпаздығы мен қарекеттің интеллектін дамыту үшін біздің өз ұлтымызға жыныстық, кәсіптік бағдарды сақтау арқылы ғана сай әдет-ғұрып, салт-дәстүрімізді орындамасақ, онда сезімдік ақыл тек сезімге ғана негізделіп, қарекеттік ақылымыз түйсікке негізделіп, ал танымдық ақыл не білімге, не ілімнің біліміне ғана сүйенумен шала ақылды адам болып оның қарекеттік қуаты  басым болса жынды, сезімдік қуаты басым болса шайтандық деп атайды. Сондықтан да бұл танымдық ақылды жетілдірудің енді жас кездегі жіберген бостықты қайта қалыптастыруға да болатын дін арқылы орындауға болатын мүмкіндігі де бар, оны қазақ дәстүрінде Ясауи бабаның салып кеткен ата жолының білімінен табуға да болады. Ол үшін де ілім мен білімнің ортасын тауып, төменгі екі ақылдың да жетіспеушілігін толтыру мақсатында да құдайлық идеяны меңгеруге тікелей даналыққа жалғануға және бұл құдайдың хикмет мен мұғжизасы арқылы ғана орындалатынын біле де бермейміз. Бізге жоғалтқан, ана сүтімен ала алмаған, әйелдеріміздің, жарларымыздың қанын таза ұстап, бере алмаған сезімнің аңғарымпаздығын, қуатын қалыптастыру үшін шариғат ұстанымдарын дәрет, киім және ораза , зекет, намаздарын да орындай отыра рухани ақталуға, ескі күнәмізді өлтіруге Алла жолында өзіңмен, нәпсіңмен соғысып жомарттық жасау арқылы да қаракеттік ақылдың қасиеттілігін, дарындылығын жетілдіреміз және сыйға құдайдан осы екі қуаттың нығметін де аламыз. Осы төрт қуаттың негізі төрт текпен байланысты болып оны «Жын, шайтан, ман, адамзат тегінің құндылықтары философиясында» бірсыпыра тоқталып, дәлелдер келтіріп шықтық, енді осындай нәсілдік тектерді меңгеру арқылы біздер танымдық ақылымызды да жетілдіріп ілім мен білімді меңгеру арқылы ортасын тауып, құдайлық ғылым да алуға мүмкіндік туатыны сөзсіз.

 Ата жолының негізгі құлшылығы да осы танымдық толық ақылды қалыптастыру болып, масһаб білімінен құлшылық намаздарының әлденеше  қуаттылығын, артықтығын да барын білгеніңіз жөн. Ал екінші жағынан шамалы уақыттың ішінде танымдық ақылды жетілдіру үшін ондаған жылдар еңбек ететін масһабтық, сопылық қандай да топты тез арада қуып жете алғандықтан да олардың тарапынан көре алмастықтың пайда болуы да зиялы қауым мен ел билігінің де тарапынан бұндай қудалану қазақтың байырғы мінезіне де тән қасиет болғаны да сөзсіз. Ал енді қазіргі ғұлама, дана аталғандардың танымдық ақылдан да биік тұрған данышпандық ақылдың алтыншы сапасын меңгеруі мүлде мүмкін емес. Ақылдың бесінші дәрежесі түгіл төртеуін толық түгелдей алмаған философ, ел билеуші, дін ғалымының қазіргі берген пәтуаларынан-ақ ақылдың бұл сатыларына жалғана білген жастардың өзі сырттай мазақтап күлетініне олар әзірге аңғара алмайды. Осы тұрғыда; Сезімнің аңғарымпаздығы да жетілмей шайтанның ырқына түсуіне де қандық тазалыққа, ұлтымыздың әйелдерінің бойлығы, өмір қабы болған ар қуатының жағдайына да ақылдың  аңғарымпаздығы, яғни сана қуатымен де толық байланысты. Ал қарекеттік «интеллект» болса өнер арқылы бес қуатты меңгерумен және  сөз өнерін де жетік меңгерумен де байланысты болмақ. Сондықтан да тек қана сезімнің аңғарымпаздығын меңгеру үшін міндетті түрде исламдық діндегі шариғатты меңгеру шарт. Және қаракеттік ақылдың дарындылығын меңгеру үшін де қазақ дәстүрін, ана тілін жетік білумен де, сонымен бірге ұлттық негіздегі көптеген ғұрыптарын орындау керек болғаны да сөзсіз. Себебі сырттан келетін жындық ақпараттармен, қозғалыстық, мінездік ерекшелік қуаттармен байланысты болған қаракеттік ақылдың қасиеттілігін, дарындылығын меңгеру үшін рухани ақталуды, інжілдік қағиданы меңгеру де керек.

 Інжіл жазбаларына жүгінсек; «Мені дүние жүзіне жалған татулық әкелу үшін келді деп ойламаңдар. Мен сондай татулықты емес, жақсы мен жаманды бір-бірінен ажыратып айыруды әкелу үшін келдім. Сөйтіп пайғамбардың алдын-ала айтқан мына сөзін жүзеге асыру үшін келдім; «Ұлы әкесіне, қызы шешесіне, келіні енесіне қарсы тұрады. Адамның дұшпаны өз үй-іші болады.» ..Кім мені (киелі рухты) қабылдаса, оның Мені жібергенді  (Раббымыздың үкімдерін) де қабылдағаны..» (Матай 10-тарау) Яғни, адамзаттың рухани жағдайы күнәға батып, жаны тұтқындалып ұлттық руханиятымен, бабалар аманатымен қайшылыққа түсуді қияметтік мезгіл; «Көктен Ғиса, жерден Мәді шығады» деген сын сағатының жағдайын, қазіргі қазақ және әлемнің де рухани жағдайын осы бір ғана өсиеттен анықтауға, аңғаруға болады. Сонымен бұл қазақтың дәстүрінде; «Құдайсыз қурай сынбайды» деп аруақтық білімді меңгерумен киелі рухтан белгі алумен тікелей қатысты екені, яғни ата жолының үшінші жылда меңгеретін белесі екенін де алдыңғы тақырыпта баяндадық.( 3-ші жыл;  7-топтық аруақпен байланысты 7-ші қасиет көздерін меңгеру, яғни ата жолының 1-сатыдан өту кезеңі болмақ.) Киелі рухпен жалғануды ата жолында қасиет көздерін ашу арқылы жұлдызбен байланысқа түсу, яғни қазіргі жалған «жұлдыз» аталудың негізгі сыры да осында тұр.

            Ал мұндай киелі рухтан қуаттың болмауынан ақылдық қуаттың да жетіспеушілік жағдайында енді қандай да бір білімді меңгеріп ғалым аталғанмен ілімсіз және оның ортасын табуынсыз ғылыми дерегіне, ақылдың сапасына, таза ақылға жалғанудың, кітап алудың аян, уахидың да қуаты жетілмей, енді бұл жалпы қазақ қоғамының дерті болса, сонда бұқара халық және жастарымыз ақылды кімнен алмақ, кімдер мұндай өзінде жоқты тауып өзгеге бермек? Сондықтан да мұндай шала ақылды қоғамда қатын мен ердің, жас пен кәрінің ақылдарының бәрі танымдық тұрғыда ғана тек жансыз білімнің, жансыз ілім тәпсірінің дәрежесінде ғана көрінсін тауып, оны меңгеру кез-келген жастардың да, қыздарымыздың да қолынан келуі де сөзсіз. Сондықтан білімді жаттап алғанның өзі қоғамдағы жетістік болып және мұндай ақылдың көрінісімен де халықтың алдына шығуға, тақ, дәреже, марапатқа жетуге болатын болғандықтан да танымдық ақылдың жетістігін, қуаттылығын, яғни ақылдың толыққандылығын, өлшемін де қалай өлшеуін білмегендіктен меңгерген білімімізді не сезімге беріліп пәтуа шығаруға немесе  жалаң түйсікке жүгініп жындылықпен өзге ел не істесе, қағазда қалай жазылса, бүгінгі тарихта болып жатқан оқиғаларды дәл солай бізде де болу керек деген ойшылдық, болжампаздық, яғни партияға жіктелген жалған пайғамбарлықтың жағдайына ата жолының танымдық толық ақылдан да  әлде қайта биік тұрған даналықтың негізін қазақтың сөз құпияларын, философиялық даналық ұғымын кімге түсіндіре аламыз? (жалғасы бар)

Ата жолы жазбалары мен ата дәстүрінің насихаты, кітаптары және құран теологиясы мен Ясауи діни жолымен, қазақ әулие-әмбилер аманаттарымен танысқыңыз келсе мына сайтқа кіріп көріңіздер;   http://btk.atazholy.local/

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *