Перілік пен жындылық сырттай қарағанда ұқсастығы болғанмен екеуі екі түрлі әрекет қылықтармен байланысты болмақ. Перілік жалпы әйелдер қауымына тән қуаттық жүйе болып, терінің тазалығы мен ойлау қасиетіне тікелей әсер беруші болмақ. Жалпы перілік ұяттылықпен, қызыл түсті ғылым мен сөздің көріну қасиеттілігі. Түстің көрініп бейнеленуі терінің, аяқ, қол, еріннің тазалығына тәуелді болмақ. Ал жындылық бой өрісінің есту және ойлау қабілетімен санаға тікелей қатысты болмақ.
Жынды болсаң санасызсың деген қазақта. Жындылық негізінде еркектердің басының киесінің жағдайына, мінезіне, қайраттылық пен сегіз жынның өзара әрекетінен туындайтын серілік болып немесе «Сегіз қырлы бір сырлы» болумен кісілігімен көрінісін береді. Адамзатта аяқпен, қолмен және баспен байланысты өрістік бөліну, қосылу, қуаттық алмасу; көру, есту, ойлау, сөз өнерімен байланысты жындық қуаттың шамасын қалыптастырады. Жалпы жын қуаты 72 санымен Алланың жер бетіне түсіп тұратын назары, ажалмен, өліммен байланысты ғайбат қуаты болмақ. Құранда «кісі, кісілік» ұғымы жынның адамзатта барлық періштелігімен қатысты бір қуатқа бейнеленуі болмақ.
Енді төменгі жиіліктегі жандық өніммен, сезімдермен байланысты перілік қандайда бір адамдық қасиеттерге деген кедергіні салуға ібілістің сезімдік жүйеге бес қуат арқылы жанға әсер беріп тура жолдың қисығына бұруға, яғни білім және сезімталдық қасиет арқылы жүрекке үн салып жанға да теріс бағдар беріп отырмақ. Еркек өз тегін сақтауға, дін шарттарын орындауға ықыласты болса, періліктің тікелей әсері жоқ. Мұны құранда да; «Негізінде оларға Ібілістің ешбір ықпалы жоқ еді. Бірақ ақиретке сенген кісімен, оларды күдікте болғанды ажырату үшін ғана. Раббың әр нәрсені қадағалаушы.» (34-21) Олай болса тура жолға жалғану үшін ақиретке көпір салу керек, бұл көпірдің екі кедергісі бірінші жындылық, екінші перілік болмақ.
Əбу Насыр Əл-Фарабиге тəлімгері келіп:
— Уа, ойы жүйрік алым, ұлы деген кім?- деп сауал қойыпты. Сонда алым:
— Сауалың сауды сүріндіреді екен. Жауап айтпасам ұйқың қашар. Ұлы деген бастаған ісін екі рет бұзып, екі мəрте түзеп, жөнге келтірген адамды айтады,- дейді. Тəлімгері аң-таң түсінбеген кейіппен:
— Ұстазым, түндігімді түрсем де, санама сəуле түсер емес,- десе, Əл Фараби:
— Егер өзі бұзған көпірді өзі жөндеп қалпына келтіріп, ел алдында айыбын мойындап, қателігін түзулей білген азамат, Ұлы емей немене,- деп жауап беріпті.
Қазақта; «Ер кезегі үшке дейін» деген құран аятындағы екі рет тәубе жасау арқылы адам баласы дұрыстыққа келетінін және «Оған екі көз жаратпадық па? Әрі бір тіл екі ерін? Оған екі жол көрсетпедік пе? Сонда ол, кедергіні асуға тырыспады.» (90-11) Шәкәрім атамыз да ерін туралы астарлы насихат беріпті. Адам баласының екі ерні үстіңгі жын қуатынан, астыңғы ерін перілікпен, алты жанның әрекетінен жалпы жүрекпен жалғанып тұруы да сөзсіз. Құранда; « Сендердің ауыздарың мөрленеді, терілерің мен қол, аяқтарың сөйлейді» деп ескерткен Алла тағаламыз. Өтейбойдақ атамызға жүгінсек періліктің жынмен жалғануынан «Пұшық» деген аурудың пайда болатынын, оның жас жігіттердің қыздың бетінен зорлап сүйіп сонан ыдыс тамақ арқылы жұғатынын айтыпты Жәңгір ханға. Яғни мұрынның маңдай көзбен байланысты иіс сезу қасиетіне кедергі ДАҚ түсіп, алты жанның оянбауына иіс сезу қабілетінің өзгеруіне соқтырады.
Сондықтан иіс сезудің жындылық, перілік сипаттары болып, жындық қуаты басым болса сасық иіске шылым, наша, жасанды жұпар иістерге де құштар төзімді болып, ал перілікпен байланысты керісінше жағдаймен жиіркеніштікпен бірақ таза табиғи иістерді сезу қабілеті әлсіз болмақ. Бұл иіс сезудің де еркек әйел арасындағы жұптасуға неке құруға да әсері болып, бір-бірінен бұл иістерді алып болғаннан кейін тез тоят алып бір-бірін жек көріп кету, ажырасудың да алты жандық тұрғыда жетілмей қалудың ақылдың сапасы, күші әлсіреп жоғалудан да пайда болады.
Қандай заманда қоғамда өмір сүрсек те әйелзатының терісінің тазалығын сақтауы періліктен қорған болып жындық қуаттарды да тазартуға әйел қаны қабілетті болмақ. Еркектің жындылығы немесе жіңішке мінезді етекбасты болып мәңгүрттенуі де осы жағдайға тәуелді болмағы хақиқат. Қазіргі замандағы жалаңбастық еркек әйелдің де жындық бой өрісін қалыптастыруға ғана қызмет жасап жанның көбеюін тежеп барлық қасіретке әкеліп ойлау қасиетін киесін жоғалтқан елге айналу ғана болмақ. Жалпы еркек ой қуатын бас арқылы, әйелзаты табаннан жер арқылы алады.
Сондықтан жындық, перілік ойлау қасиеті таза ойды жоғалтуға ғана қызмет жасайды. Сөздің бұл екі түрлі пайда сипатын (8;13) теріс ой үнімен бұзады да мұндай ел ұғымсыздықпен өзара бүлікте, араздықта өмір сүруге мәжбүр болмақ. Орта топтық арап елдері салтының әйелзатын қоғамдық өмірден мүлде шектеп, бетін жауып, жалпы әлемдік білімдерді де меңгеруден шеттетуі де жоғарыдағы қазақ елінде ғана ашық мәлім және аяттардағы құпия сырларға байланысты еді. Қазақ қашанда әйелзатын мұндай шектеп тыймаған, керісінше тіршіліктің бар саласында да араластырып, бірақ қалайда ібілістің ықпалына түспеудің салтын, әдебін меңгеруді қадағалап ұрпақтан-ұрпаққа нақылдармен аманаттап отырған.
Және қазақ халқы кейінгі ғасырларда әлемдік білім-өнер өркениетінен шет қалып тек ілімді ғана ұстанумен Алла тағала тарапынан үнемі сынақтар, апаттар, соғыстардың түсуіне де себеп болғаны хақ. Яғни нәсілдік тұрғыда қалайда өзге ұлттармен, әлеммен нәсілдік араласуы еріксіз түрде қалыптасып отырды. Қызыл империямен арада бодандық сынақтың да қазақ елінің еріксіз түрде білім-өнерді меңгеруге және сонымен бірге ұлттық құндылықтарды да осындай заман уақиғаларымен біртұтастықта шыңдалуы, яғни перілік жүйемен күресіп ақылдың, жанның рұқтық төзімділігін шыңдаумен қажырлықты жетілдірудің де сынағы болғаны хақиқат.
Жалпы адамзатқа берілген Алла тағаладан түсірілген әрбір меңгерілген, меңгерілмей қалған қасиеттердің із-түзсіз жоғалуы мүмкін емес. Меңгерілген қасиеттердің тазалықты сақтамағанда перілікке айналуымен қан арқылы емес әйелдік қуаттық жүйе көлеңкелері болып жалғанатын өрістік, иістік сипатта қалыптасады. Ал амалға айналмаған қасиеттер жындық қуаттарға айналып, тектің азуымен жүктерге айналады. Ислам елдерінен басқа әлем жұрты перілік жүйенің толық ықпалына түсіп болды да. Ал жындық сипатта бейнеленіп ақылды қазыққа байлап, періліктің білім арқылы басқаруынан ислам елі құтыла алған жоқ, оған дәлел біздің масһабымызда ашық белгілері бар.
Сондықтан әлемдік гендірлік саясаттың ықпалы артып, әйелдік қылықтың ерлерге ауысып тектің азғындауы мен барлық індеттердің де таралуы қанның азуына, ақылдың күшінің жойылуына тікелей тәуелді. Бұл жағдайға барлық салада да білімнің ойына ібілістің ықпал етіп, атау сөз ұғымдарын түсініксіздікке бағзы замандағы ойына ауыстырып немесе қарсылыққа бейнелеп енді исламдық елдерге де періліктік ашық шабуылымен түрлі азғындықтың, бүліктердің, соғыстың пайда болуына соқтырғаны да хақ. Яғни құранды өзі оқып, тәпсірлеуші ғалым, дінші, сопылардың да ақылдық тұрғыда әйелдік қуаттың артуымен терісін таза ұстай алмай ібілістің ықпалына түсіп құран аяттарын теріс ұғынып қағыс естушілікпен де байланысты.
Немесе атау сөздердің ойы терістеліп қуаты төмендесе онда сөздің де қуаты жоғалып, терістеліп терінің азуына соқтырады да есту қабілеті жоғалып аян, уахидың мүлде тоқтауына соқтырады. Мұндай жағдайда дін ғалымдары, ел билеушілер, жалпы білімді қауымдықтан Құдайдың барлығына күмән келтірмейді, дін ұстанғанмен Құдайшылдық жоғалып аян, уахидың маңызын мүлде терістеп елді білім арқылы ғана басқару тәсіліне көшіп алады. Бұл перілік жүйенің үстемдігін ғана арттырады.
Қазақ елі қанша дегенмен де рұқы биік тұрған орыс елімен ұзақ жыл аралас болып бұл жүйеге қарсылығы да болғанымен, енді егемендік алып әлем жұртынан өнер-білімін үйренумен және өзіміздің ділдік жасырын тұрған қуаттарды Алла тағаладан түскен нұрымен жарыққа шығару арқылы да періліктің шабуылына ұшырап, өміріміздің барлық саласында да етекбасты, жаулықтан, ұятты сақтаудан қорқатын қара қатындық мінезбен сезімге байланған еркектердің басқаруына көшіп болдық.
Масһаб, тарихат сияқты мұндай арсыздыққа қарсы тұратын дін топтарының да перілікке байланып, бағзы заманның жақсылығын сол қалпында алып, перілердің яғни ібілістің тікелей бақылауы мен басқарауында тұратын жындар тобын ғана қалыптастырып алғаны да жалған емес. Бұл жағдай ұлтқа тән қасиеттіліктің меңгерілмеуімен, арамдардан тазармауымен, әйел заттарының аяр-ұяттылықты сақтамауынан еліміздің жалпы тұрғындарының жалаңаштықтан терілерінің қалыңдап ұғымсыздыққа түсіп, тектен берілген ғылым дәнін өндіре алмауынан болмақ.
Бұл жағдайда рухани аштық туындап, елдің қанша байлықтың үстінде отырса да жоқшылықтан шыға алмауына себеп болады. Дүниеден берекет кетіп, қоғамда ынсапсыздық, қанағатсыздық қана үстемдік құрады. Рухани аштықты қазақта ЖАЛ-АҢ-АШ деп сөзбен ғылымын ашық білдірген. Мұндай жануарларға айналған елді де рухани жетілмеген, жаны өлі аңдардың (жындылардың) басқаруы сөзсіз.
Ел басымыз сөзінде; «Ел билеушінің терісі пілдің терісіндей болуы керек» дегені де бекер емес. Сонымен білімді қауымнан ақыл өшіп оның орнына біліммен теріні қалыңдатумен (жал (теріс сөз)+аң бастық, жал+аң+аштық) жанға нұр, зейнет алуы тоқтап, жеті өрістің қара өрістермен жындарға жалғануымен байланысты болмақ. Мұнда жағдайда әйел еркектің өзара зейнет киімін алмасуы да жоғалып, себебі қаннан әйелзаттарынан шарабы, еркектерден ұрығының сапасы жоғалумен де байланысты. Бұл қияметтік жағдай қазақ халқының әрбір жанұясында, отбасылық өмірінде бейнеленіп онан қоғамдық салттың, рухани жағдайдың қалыптасып жатқаны да хақ.
Сондықтан да еркектері сесін жоғалтқан жануарлық сипатқа, әйелдері жәндіктеніп, қаншықтанған елді білім, заң арқылы оңай басқаруға дүниенің байлығымен қызығына ғана ақылын байлап қоюға оңай. Олай болса қазақ елінде де әлемдік «армагеддондық» жеті жындық топпен іштен перілік арқылы басқарылуға ібілістің жобасын атқаруға толық көшіп алғанымызға дәлел берудің де қажеті жоқ.
Енді жақсылық пен жамандық қатар жүруі де Құдайдың нығметі, осындай қасиетпен тектілікте әлемде ең жоғарғы дәрежесін меңгерген елге түсуі де жаратылыстың заңы. Себебі оған қарсы ең жоғарғы азғындық да салыстырмалы түрде қазақ елінде болып жатқаны сөзсіз. Ата жолы болып ең бірінші жүрек құлағын жер анамен табан арқылы жалғап Раббымыздың өліктер арқылы сөйлеуі де осы періліктен, теріс ойлы ұғымдардан босанып шығумен байланысты.
Сөз құдіреті арқылы ақ батамен қазақтың аз ғана бөлігі ұйқысынан оянып, елді де жетелей бастағаны, оған енді перілік қарсылықтың барлық білімді қоғамнан өз арамыздан, бұқара халық ішінен пайда болып қудалануына да өзіміз жол бердік. Себебі ұғыну қасиетімізді арттырып, ұлттық тектілік нанымымызды меңгеруге жалқаулық танытумен бірге мұндай төтеннен келген нығметке мас болып, бас айналып, есімізді жия да алмай қалдық көпшілігіміз. Қазіргі заман періліктің және жағдайы бұрынғы замандағы әулие-әмбилеріміз меңгерген қарсылықтардан әлде қайда күрделі және қиын болмақ.
Керісінше жындық қуаттарды меңгеру, кісілігіміз өте төменгі деңгейге түсіп кеткені де сөзсіз. Жоғары ел басшыларының өзінде кісілігі сезімдік тұрғыдан шыға алмай, қатындық деңгейде қалғанына да белгі жеткілікті. Оған дәлел орта топтық масһаб діншілерінің әлемнен қаңғып жүріп көшіріп алған тәпсірлік біліммен ғұлама аталып, оны ел билік ата заңмен күзетіп отырғанына не сөз? Мұны СЫҒАНДЫҚ деп атап, сыған болмаған ел билеуші де әлемге қарап қол жаймағаны да жоқ шығар. Сондықтан алдымен дінді түзеуге жұмылып және оны ақирет арқылы аруақтардың пірлігімен меңгермесек, бір жетілген қасиетті пенденің ақылымен, білімімен меңгеру деген ақымақтық керісінше қақпанға түсумен ғана байланысты.
Қасиет біліммен ғана қонады және білімнің сапасына күшіне қарай бақ немесе қасірет сорға айналады. Қасиетті перілік жүйеден аршып алумен ғана маңызды болмақ. Ол біздің ата-баба тегімізден тағдырлық жүктермен және үш жүздік ұлттық сипатымызмен әлемдік тұрғыда өзге ұлттың нәсілдік қуаттарымен жалғанумен байланысты тектілік ағашына айналып, жемісін беріп, ғылым дәніне айналып ұрпақтарға мирасқа қалып отырмақ. Білімнің сөзі (үні) адамзаттың жеті қабат терісіне жазылып қиямет күнінде; «Теріге жазылған кітапқа серт» деген Раббымыз.
Сонымен ой түземей, бой түзеп сыртымызбен елге жақпақтың соңы қазіргі таңдағы жаппай теріміздің азып, мың рет түлеп жаңғырудан қалып, хайуандық дәрежемен ғана тірі қалу үшін ғана өмір сүріп, өзара түсінігімізде сол дәрежеде қалған еркек пен әйел тек көбейіп, ұрпақ қалдырса болды, мұны бақыт деп санайтын заманда өмір сүріп жатқанымыз жалған емес. Ал ақиретке де өзіміздің рухани, жандық қуат өнімімізді беруге міндетті болып, болашақ үшін, ұрпақ үшін, ар жолында жан пида деген ұғымды мүлде ұмытқан елміз…(жалғасы бар Тамыз 2018 жыл)