VII- Жындылық, шайтандық және адамдық болмыстың сипаттары мен философиясы

Бөлім: Без рубрики 138

(Жалғасы. Басы 1-6 тарауларда)

Сонымен, алдыңғы тақырыпта ескертілгендей  әйелдік гармон мен еркектік гармондардың негізгі жиынтығы 57-санымен белгілі болып, аталарымыз; «Қызға қырық үйден тиым» деген нақыл қалдырғаны белгілі. Әйелдер тәнінде, ағзасында осы гармондардың 40- көздік орны болып және 9-түрлі бездердің яғни құлақтардың бар екенін де білгеніңіз жөн. Бұл бездердің де жалпы саны 57-ге тең болады. 57-40= 17 санды гармондық үнді 7-еуін жерден, 10-санды белгіні ерден, некемен алуға тиісті.

Енді осы тоғыз түрлі ошақтарға енетін 9-түрлі қуаттар тіршілік ету барысында түрлі таза қуаттық азықтармен тәрбилей білсек онда: 40+9=49 санды ақ жаулықтық қуат, діл білімі, иман қуаты пайда болу керек. «Екінші байлық ақ жаулық» дегенімізде әйел затының діл біліміне байланысты қалыптасатыны да сөзсіз. Қыз баланың бой жетіп толысып кемелденуі де осы 49-санды имандық қуатпен, 40-үйінің тазалығы мен 9-түрлі көз бездердің тазалығына байланысты әрі қарай отау құрып, шайтандық қуатын, қанын тазартып, жалпы ер азаматрға тән 72-санды жын қуатын толық меңгеріп «КЕМ+ПІР»  болу үшін де жұбайлық өмір парыздарын өтеумен  23 санды мүміндік қасиетті меңгеру шарт. Бұл үшін әйел затымен ер азаматтарымен кәсіптік айырмашылығы болып, өмірге ұрпақ әкелу, еріне адал жар болу арқылы қалыптасатында сөзсіз. Негізінен екі жарты бүр бүтіндік яғни 57+57=114 санды құран сүресінің барлық негізі ермен әйелдің жұбайлық өмірінде кітап болып қалыптсады. Енді ермен әйелге ортақ 200-санды орынды толтырыу үшін де 86-мәнді сыртқы жартылыстан болатын әсерлерді меңгеру керек.

Осы қарыздарды өтеу арқылы ғана негізінен 58-санды сүреде ер мен әйелдің өз ара бірігуі, яғни «төртеу, мен алтауды» түгелдеу қағидасы орындалмақ. Осы сандық мәннің де жұбы пары болып, яғни 58; 85; 13, 31 ( қосындысы187) сандық мәндегі аяттар сүрелер арқылы ерлі зайыпты жұбайлар арасындаға өз ара гармондардың арласуымен тәндегі негізгі 200-санды ағзадағы жүке жүйелерімен жалғану болмақ. Бірақ бұл орындардың саны 200-болып, енді қалған; 200-187=13 санды рухани қуатты сырттан алу керек болады. Бұл санды қуатарды «Уақ» деп атаған. Ал адамзатқа негізінен меңгеруге тиісті 300-санды  «Ар+Ыс»-тық қуат болу шарт.

Абай атамыз; «…Жоқ, қазақ ортасында да ұрлық, өтрік, өсек, қастық қылып, өнерді, малды түзден, бөтен жақтан түзу жолмен іздеп, өрістерлік күн болар ма екен? Әй, қайдам ен болсын!..Жүз (100) қарға екі жүз кісі сұғын қадап жүр ғой, бірін-бірі құртпай, құрымай тыныш таба ма?» (24-ші сөз)

Енді бұл тақырып басында баяндалған жын мен шайтан өз ара жұп болып, ер мен әйел жұп болатын болса, негізінен ерге де әйелге де жын және шайтан ібіліс періштесі болып ортақ меңгеруге тиісті қуат болып саналады.  Шайтан бастапқы жаратылыс негізінде жылан болып, әйелдік өріске әсер етуші хабар беруші болса, жын еркектік өрісіне жилігіне сәйкес ерік ағашы, жыныс ағашы болып табылады және сыртқы кеңістікте де түрлі қуатық шамада өз бейнелері болады. Сондықтан мұндай қуатарды да еркектер арқылы жүктелуге тиісті болып, ал әйел затарына тікелей жалғануға болмайды еркектерден некмен төсек қатынасы арқлы жүктеледі.  Еркектерге шайтан қуатын әйелдердің тәнінінен тазарудан, өңделуден өткен қан қуаттарының буы түрінде неке жыныстық қатынас арқылы жүкеледі. Ал жын қуатын еркектердің ұрығы нәсілдік сипатқа айналу арқылы, жыныстық қатынас кезінде «Ыс»-қа айналумен, тектілік ағашты, еркектік «гармонды» қалыптастырады. «Жылы жылы сөйлесең жылан інінен шығады.» «Жатқан жыланың құйрығын баспа!» дер еркетерге «Қатынды бастан» бастап тәрбилеу керек болса,  әйелдерге «Байтал шауып бәйге алмас», дегендей өз кәсібін әйелдік жіңішке мінезінің тәрбиесін меңгеру керек.

Сонымен жын жақсы мен жамандықты ажыратушы яғни есту қабілетік жоғары жиліктегі қуат негізін қалыптастырса, ал шайтан көру қасиетін, төменгі жиліктегі сезімдік қабілетті қалыптастырады. Ал сонымен бірге Адам атамызды топырақтан жаратып, таза рухын үрлеп, бұл екі негізден жан қуатының, жарығының пайда болуымен ойлау қабілетін, ақылды берген. Адамзатың ойлау қабілеті сөзге айналып және жанның жарығы рухани киім болып, есту көру қасиеттерімен бірленіп адамзаттың кимін, зейнетін кеңістікте орнын қалыптастырады. Адамдық қасиет ақыл, білім арқылы көріп, есту, түсініп, сезіну болып еркешеленеді.

Бірақ ол үшінде аятта; « Сендерге 8-түр жараттым» деген үкімге сәйкес, бұл сырды Абай атамыз; «Алла мықты жаратқан сегіз батыр

                          Баяғыдан соғысып әлі жатыр.

                          Кезек-кезек жығысып, жатып-тұрып,

                          Кім жығары белгісіз түбінде ақыр.» (86)

***     ***

«Мұны тапсам ойланып, ақын деңіз,

                     Таба алмасам, ақылды болар неміз?

                      Қыс пенен жаз, күн мен түн, тақ пенен жұп,

                     Жақсылық пен жамандық-болады сегіз.»

  Сонымен 8-түрлі қуаттың сыры шығып, бұл қуаттар адамзат өмірі арқылы түрленіп, жарықтық сапаға, қасиерге айналумен және тағы адамзат өнімі рухани шеріктер, жын қуатының бірлігі болған 5-қуатқа қосылу керек.  Және Абай атамыз бұл өлеңді 86-сандық мәнмен (200-114=86) белгіленудің өзінде осы сырдың жатқаны мәлім жағдай. Енді 8-түрлі жартлыс себебімен адамзат өнімі 5-қуатты қосып, барлығы 13-санмен  «Уақ» болып, «Ар» білім арқылы аруақтық иманды меңгеру, даналықты меңгерудің негіздері шығады.

Осы табиғат жартылысындағы сегіз негізгі қуаттарды меңгерумен бірге, ата-баба аманаты, қауымдық 5-түрлі шеріктік қуаттарды да меңгерудің барлық намаздарын қазақ дәстүрінен, мақал-мәтел, нақылдарыннан және Ясауи бамыздың сәни дәптері мен Абай-Шәкәрім философиясынан толық құранның насихаты, тура жолдың қағидасы шығатынын біле бермеймізде және мұсылманның бес парызы деген намаз оқып, зекет беріп, ораза тұтып, қажылық жасауға  байланып қалған масһаб ілімінің жалғандығы да осындай қарпайым сандық білімен аңғаруға болады. Ал негізінен тура жол, сегіз түрлі қуаттардың намаздарын меңгерумен сопылық ұстанымның 8-намаздан тұратынын, Сәни дәптердің 13-сатыдан тұратын да меңгерген, насихатын ашқан ғалымдар әзірге қазақ елінде жоқ. Дін ғалымдары керісінше бұл ата жолының құндылықтары мен құранның заманға байланысты құпия сырларын жарыққа шығармау үшін тажал болып, өз халқымен,  әулие аруақтармен  ел билігінің, зиялы қауым қолдауымен ашық соғысып, халықты рухани зұлымдыққа ұшыратқаны  да айқындалар күні де жақын қалды. Енді осындай жағдайда Ясауи жолының намаз орындауларынан аз ғана мәлімет келтіре кетейік;

Ер азаматтарға негізінен 30-түрлі  әурет үйлері болып, гармондық 57 санын толтыру үшін 19-санды белгіні ана сүтімен, қанымен «нағашы ағашынан»  мирас және сынақ қылып, 49-санды иман қуатын тағдырына алатын болса, ал қалған 8-санды яғни сегіз түрді өмір сүру барысында меңгеру толықтыру керек. Жалпы қандай тағдырлық себеппен де өмірге келген ер азаматтарға гармондық қуатты толық алу үшін 27-санды жаратқаның бұйырған намаздарды орындау мен құлшылық істерін меңгеру арқылы ғана мүмкін болмақ. Сонда ғана; «бірінші байлық денсаулық» қалыптасуы да сөзсіз. Ал жын қуатын толық меңгеру үшін 13-санды «Уақ» қуаттарын яғни шеріктік қуатарды меңгеру шарт. Жалпы қандай да бір ер азаматқа 72-санды жын қуатын толық меңгеру үшін де негізінен 72-30=42 санды яғни жақсылықты, «Шындық-хақиқатты» рухани жүктерді меңгеру шарт. Бұл рухани жүктелудің 32-санды бөлігі «Сәзждемен» ата –баба аманатын, ұлтық салт-дәстүрін меңгеру құлшылығымен байланысты болса, жамандықты меңгерудің ішкі сыры да, үшінші байлық, көктік нұр 10-саулыққа қарама- қарсы тұрған жамандықтың 10-санымен белгілі болып, әрбір пендеге мінезді меңгерумен, тазартумен жеке-жеке жүктелумен байланысты болмақ. Бұл жағдай жүректің ахуалымен байланысты болып, жүректі тазарту да осы 10-түрлі жамандыққа қарсы амал жасаудан пайда болатын, аятта; «Олардың жүректерінде дерті бар. Сонда Алла олардың дертін арттыра түсті. Сондай-ақ оларға өтрікшілердің салдарынан күйзелтуші азап бар.» (2-10)

Мәшүр Жүсіп атамыз  «Заман болжауы» атты еңбегінде; «Ақырзаман-сол адамдардың азуы. Орыстың дініне кіріп (гүлге шоқынып), харам асын , азығын ішіп, салтына түсіп, өз дінінен, салтынан, тілінен, әдер-ғұрпынан айрылып, адамдар бір-бірмен өш, қас, аяусыз дұшпан болады. Тіпті бірге туған туыста тату-тәтті боп тұрмайды.

Бұндай заманды қиямет дейді,

        Бір заманда адам адамды жейді.

        Адастың ғылым іздеп ақылменен,

        Сөзіңнің жалғаны көп мақұлынан.

Ер жігіттің дұшпаны он болады,

Қайын-жұрт, туған туыс жақынынан.

Жуыма бұл ағайынға сырын білмес,

Зиянды ол бір ағаш жеміс бермес.

Бар болсаң еркелейді ит секілді,

Жоқ болып, өлдім десең қолын бермес.

***   ***

Ер азаматтарға өз мінезін меңгеру, жын қуатын тазарту, тек ағашын жетілдіру  барысында міндетті түрде болатын сынақтың 10-түрлі жүктердің болатын ескертіп және дін тұрғысыда бұл сайтанмен байланысты болатынын

«Сұңқардай биік шыңды мекен қылмай,

Шақылдап көзге түстім сауысқандай.

Түлкінің қызылдығы өзіне сор,

Болғандай, болдың маған өнер-білім!..

Бір нақыл, жұрқа таңсық, жәдігер сөз,

Хазірет Ғайса рухолла пайғамбардан;..

Базарға жұрт жиналған келе жатқан,

Лағына (шайтан) жол үстінде ұшырапты кез..

Ол малғұн келеді екен жолмен айдап,

Он қашыр, бес есекке жүгін артып.

–Жаныңа шын сөйлесең пайда,-дейді.

Дінің қатты, құр тілің майда,-дейді.

Сұрады тақсыр Ғайса тұра қалып;

«Барасың,-Лағынға айтты,-қайда?»-дейді.

–*Сен шықтың тура жолдан асып,-дейді.

Біздерге жол қисығы нәсіп,-дейді.

«Жалпақ жұрт бара жатқан ду базарға,

Барамын мен де қыла кәсіп»,-дейді.

-Топыраққа бас ұрмаймын деп қылап ар,

Бұрынғы дәуреніңе (періштелік) сен болдың зар.

Басқа жұрт тері-терсек, жүн сатады,

Сататтын, малғұн, сенің, не пұлың бар?

–*Жүгім бар көрмеймісің он бес көлік,

Келемін айуанға артып екі түлік.

Жұртта тыныштық, бүтінін ойламаймын,

Саламын көп бас қосқан жерге бүлік….

****   ****

Жүк еді он қашырда бір ретті,

Артқаным бәріне де тамин (дәме, тілемсектік) еді,

Біреуін тілеушілер (намазхандар) талап кетті.

Иіне ала қоржын салған алды,

Қайыр сұрап жұрт тынышын алған алды.

Пірге қол берген сопы, бірәдарлар,

Жұртан пұл жинап, қажыға барған алды.

Бір қашыр жүк бәріне түгел жетті,

Тоғызы өтпей біраз тентіретті.

Қожа, молда, ишандар елді жеген,

Дағдарып тұрған шақта солар жетті.

Ақсақал, қажы, қожа саттым шалға,

Бейнетпен мал таппаған жүріп жалға.

Қожа, молда көтеріп алды бәрін,

Еңбексіз тапқан жұрттан тегін малға.

«Біз үйде қалай шыдап жатамыз,-деп,

Мұны алсақ, қарық олжаға батамыз,-деп,

Шайтаннан көтерме алған бұл тамтиғы (дәмесі)

Қыдырып үйден-үйге сатамыз»,-деп.

Бұл пұлмен бірі мешіт салмақ болды,

Бірі мүлгіп ишан боп қалмақ болды.

Біреуде шай, біреуде ет қайнаттырып,

Жұртан пайда шығарып алмақ болды.

Олардың және айтайын қылған ісін,

Бұлдайды кейбіреуі көн терісін.

Бас-басына бір мисуақ омырауында,

Егер өткір қылуға тамиғ (дәме) тісін.

Басына дағарадай сәлде салды,

Жұрт қоршап, «ой, тақсыр» деп ортаға алды.

Түлкінің құйрығындай бұлғаңдатып,

Құйрығымен сәлденің тапты малды.

Тәпсіні жыбыр-жыбыр серпіп тастап,

Надандық қисық-қыңыр жолға бастап,

Онысы-жерге шашқан бидай, тары,

Торғайды келу үшін торғай бастап.

Бұлардың қылған ісін қылмайды ұры,

Құйылған кеудесіне шайтан қоры.

Мол қылып жайнамазда жайып салып,

Алғуам, кәл һауымға (көршілікке, шәкіртікке) жайған торы…

Тамиғтың (дәменің) тырнауышы болсын деп сол,

Қажы барып алып келген сақал тарақ.

Қапшығын қайыршылық тоқып алған,

Өнер жоқ (мақтан, дәреже) бұлар білмей қапы қалған.

Жұртан зекет алуды дұрыстауға, (заңгер, қаржыгер)

Байлар бала оқытты жиып жалған…

Жүзі қараның айттам деп арсыздығын,

Қылмайын ақ қағаздың жүзін қара.

Шайтаннан қылды сауда көтерме алып,

Орнына бұлар жүрді, шайтан қалып.

Басында бақ, үйінде дүние мол,

Алдына жүздеп, мыңдап малын салып.

Байқамай жазып өттім бес-алты жол,

Еркіме қоймаған соң қызығып қол..

Дін қайда осы күні, ғылым қайда,

Тұрған жоқ анық көңілім бір құдайда.

Лақ (шайтанмен) пен тоқты (сабыр қуаты) алам  деп жүрген жаннан,

Ойлайсың тиеді деп кімге пайда.

Айт, тауып жастанайын босағасын,

Молданы бала оқытқан Құдай үшін…

Айтсаң тіліңді алмайды қатын, бала,

Енді мұны айтамын кімге ғана?

Өзіңді «жынды» дейді, «шайтан» дейді,

Не қылсаң өзің қылдың хақ тағала…

****  ***

Осындай жүктерді; ( негізінен;10+5+4=19) меңгеруге байланысты намаздарды аталарымыз; «Төртеу түгел болса, төбеден келеді, Алтау араз бола ауыздағы кетеді» деп ескерткен. Және 58-санды сүреде де; «Мұхаммед көрмедің бе? Шәксіз Алла тағала көктермен жередегі нәрселеді біледі. Үш кісі сыбырласса, сөз жоқ, төртіншісі, әлбетте бестің алтыншысы Алла, Тағы бұлардан аз,ия көп тіпті қайда болса да әрине Ол, олармен бірге болады….» (58-7) (5+8+7=20) Абай атамыз 10-қара сөзінде; «Біреулер құдайдана бала тілейді. Ол баланы не қылады?..Соңыра балаң алдамшы болса, кімнен көресің? «Боқта» деп, біреуді боқтатып, «кәпір»-қияңқы, осыған тимеңдерші!» деп, оны мазатандырып, әбден тентектікке үйретіп қойып, сабаққа бергенде молданың ең арзанын іздеп… осы ма берген тәлімің?  …Бұл- құдайден тілеген емес. Бұл-абыройын, арын сатып, адам жаулағандық, тіленшілік….Ғылымсыз ақирет те жоқ, дүниеде жоқ. Ғылымсыз оқыған намаз, тұтқан орза, қылған хаж, ешбір ғибадат орнына бармайды…»  деген ескертумен, осы 10-сандық мәндегі қуаттарды, жүктерді меңгерудің жолын намазын да көрсеткен. Ал енді 20-шы сөзінде; «Тағдырдың жарлығы білесіздер-өзгермейді. Пендеде бір іс бар жылғу деген. Ол-тағдырда адамен бірге жаратылған нәрсе, оны адам өзі  тапқан емес…Бірақ осы жалығу деген әрнәрсені көрсем деген, көп көрген, дәмін, бағасын, бәрінің де баянсызын біліп жеткен, ойлы адамның пиғылы…» деген ұстанымен құлшылықтардың мақсаты да ой қуатын меңгерудің нәтижесіне байланысты болып, аталарымыздың; «Көп жасағаннан емес, көпті көргеннен сұра» деген мақалының маңызын, тарихтан, шежіреден ата-баба аманатынан мұқият болып, ата  -салт дәстүрін меңгерудің маңыздылығын насихатайды.

«Сендерге 19 санды сынақ қылдым» деп ескерткен жаратушымыз. 19 саны құранда «Мәриям» сүресімен беріліп, осы мәндегі шайтан қуатын меңгерудің маңыздылығын ескертіп тұр. Діл білім нәсілдер тазалығы деген де осы бір сүрмен 19-санды сынақтан ақыл-ойдың философиялық кедергісінен өтуді меңзеп тұр. Бұл санды меңгермей және жын қуатын бір қуатқа дәржелемей, 20-ші санды даналықтың алғашқы сатысына өту мүлде мүмкін емес. Ал қазіргі таңдағы қазақ қоғамындағы зиялы, ақсақал аталған ұлтымыздың  дәстүріміздің үлгісін, аталар аманатын, тақуалық, сопылығын біздерге орта буын өкілдеріне үйрететін қауым өкілдері, керісінше базарлары әлі тарқамай, тіршіліктің қызығынан әлі жалықпай, тақуалық жасап, бұл өмірдің баянсызын біздерге үйретпек түгіл өздері де түсінбей, жалаңабас, жалаңаяқ өлілерге мүсін жасап, оған гүл қойып, жын сияқты түргеліп тұрып еске алып, бас кимін алып жындарға табынумен шайтан жамағатына айланып алып, ислам дініне қарсы шығып, халықты азғындыққа ғана бастап бара жатқанын білер емес. Шәкәрім атамыз; «Қайтқан шал» деген өлең насихатымен;

Күнде керуен келеді бір сарайға,

Неше бөлек үйі бар әрбір жайда.

Сансыз көп саудагерлер келіп жатыр,

Біреу жылда қайтады, біреу айда….

…Мен қызыққа айналдым үйді ойламай,

Тұрған сайын құмар боп мейрім қанбай.

Жолдасымды іздемек болдым бір күн,

Жалғыз қалсам болам деп әлде қандай…

…Қонған шығар бұрын да талай қонақ,

Бәріне де жетеді асың бол-ақ.

Кейін тағы келетін керуен бар,

Жер босаттым, бұл үйге кірсін сол-ақ.

Кейінгіге сәлем айт, біз байғұстан,

Бұл сарайда көп екен бізге дұспан.

Қызықтырып, қыздырып алдайды екен

Біреуі іштен болады, бірі тыстан…

…Алдап алып артынан ергізеді,

Адал деп арам боқты тергізеді.

«Бұл- қызық, міне пайда, әне айла»-деп,

Жаның түгіл арыңды бергізеді.

Тұруға уақытым жоқ сөзді ұзайтып,

Барамын асығыспен елге қайтып.

Сусын деп у бертін сұм сарайдан

Кетейін кейнгіге сырын айтып…

Ал, енді  өмірден өткен аталарымыздың, даналарымдың сәлемін, аманатын алғысы келсе де ала ала алмайтын пайғамбар жасына келіп,  өмір базарынан жалығудың сырын білмек түгіл,   қырыққа толмай, дінші ғалым, телог, имам қылып халыққа ақыл айтқызып қойған шайтаны аралас жындыларға бұл жазбаларым керісінше жүректеріндегі жын-шайтанын түртіп оятып, ашуларын ғана қоздыруға себеп болары хақ. Сондықтан пайғамбар жасынан асқан, амалсыздан қаны тазарған аға буын өкілдеріне бірі іштен, бірі сырттан келетін жын-шайтан туралы ұғымды философиялық қысқа насихат түрінде таныстырып шықсам, мүмкін тіршіліктегі керуен сарайдан артағы орта буынға орын босатып, иман жолдасын, серігін яғни жынын тазартып, 19-санды сынақтан, философиялық қабаттан өтіп, біртұтас адамға айналып, қазақ халқын алдағы күндері тосып тұрған «қызыл қырғынан»  құтқаруға, мемлекет билігін де дұрыс жолға салуға жәрдемі тиер деген үміт қана бар….

(Жалғасы бар..)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *