Адам жан және тән деген Абай атамыз. Адамдықтың негізі жанның қадірін меңгеру, көбейту үшін де тәнімізді таза ұстау мен оған рұқтан бақша өрісімізді өсіруге, сөз өнерін меңгеріп суарып отыру керек. Және тәннің күнәсіз тазалығымен ғана таза ақылдың жарығын ағза-періштеліктерді сақтай білумен байланысты болмақ. Жан мен ақылдың бірлігінен ғана адамдық қасиет пайда болады сақталады. Енді тәнді жасынан тазалығын сақтап, жан бой бақшасын қалыпты өсіріп, жан ғылым дәні өніп тағдырына жазылған міндеттерді орындап ақылға Мен-жанға сарай болуы үшінде де жаратылыспен қуаттық жүйеде, үндестікте болуы шарт.
Сондықтанда қоршаған ортамен үндестікте тұруға, жаратылысымызға сәйкестілікті сақтау үшін де қанда шайтандық сезімдік қуатын көбейтіп меңгерумен ғана жанды өсіруге мүмкіндік болады. Бұл әйелзатынан тән әрекет ерекшелігі болуы шарт. Ал рұқтан қуат алумен жалпы ағзаның қажетін өтеп, қимыл-әрекеттерді қалыптастыратын еркектерге тән ерекшелік жындық қуатты меңгерумен кісілікті арттырып жанға дене бермекпіз. Сонда ғана екі жарты бір бүтіндікпен әйел-еркекке ортақ бақшасымен, жанымыз бен ақылға тәніміз орын мекен бола алады. «Жалғыздық Құдайға ғана жарасады» деген қазақта.
Олай болса тәніміздің тазалығына деген көзқарасымыз ақылдың жағдайын қадірін білдіреді. Енді жынымыз ақылдың көлігі тұлпары еркектен болып, ал оған қозғалыстық (желдік) қуатты әйелзатынан сары нұрды өндірумен байланысты болмақ. Әжелеріміз; «Бетіне жел боп тимедім» деп астарлаған. Жел қуаты рұқ отпен әйелзатына судың аналық қуат болып қосылуынан пайда болады. Сондықтан әйезатының тәнін ерекше қорғайтын етегін желдің ашпауы басынан желдің иіс болып сыртқа таралмауы да шарт. Енді еркекке тән ақылдың талабы болған тұлпарды да басқаруға да сегіз түрлі ноқта керек болады. (Ақылдың талабы- Шәкәрім әулие) Жын біздердің өрістік қуатымызбен де байланысты денені құрап рухани шегімізді кеңістіктен алатын орнымызды анықтайды.
Құранда бұл кеңістіктен алатын орынның саны жанның үйі, сарайы алдымен мал қуатының қорасы болып 72 санмен қалыптасады. «Малдарыңды қоралаған кезде зауық бар» деген астарлы түрде Құран аятымен Раббымыз. Сондықтан да барлық қуаттарымыздың қорасы денесі болатын, киіммен иістік желдік өрісті шектеп және ол кісілік тұрғыда жындық болмысымызды немесе жандық періштелігімізді айқындайтын зейнет жарығы ақылдың да қуаттық шамасын көрсетеді. Мұндай кісілік денені әйелзаты әкеден алып, оны күйеуге тиюмен ғана қалыңдатып өсіре алады. Ал жалғыз жүргенде онда шайтаннан болған жынға айналады, яғни қара киімді болып зейнеті қалыптасады. Күйеуі өлгенде немесе жалғыз болғанда қара киінудің әдет салты осыдан шыққан.
Орыс халқында; «Киімге қарап қарсы ал, ойына қарап шығарып сал» деген. Киім бізге ақыл бермейді, бірақ адамдық немесе жындылық қылығымызға бой өрістің жағдайына да дәлел бола алады. Адам баласы ішіндегі ақылдық қуаты қандай болса жаны да соған бейімделіп қандай киімді киінуі де оның айнасы болмақ. Сонымен Құдайдың нұры ғылымынан болған ақылды киіммен қалай қорғауымыз міндетті және сол ақылдың қадірін сақтауымыз адамдығымыз болып саналады. Бой өрісіміздің жарықтық өрістік иістік қалыңдығына қарай ақылдың да сапасы артып, жанның өсіп, өніп көбеюіне жол ашылмақ.
Егер бұл жарығымызды киіммен сақтап, сыртқы әсерлерден, туылған жер ортамен ауа-райы ықылымға қарай зейнеттік өріспен қорған болуды дұрыс меңгере алмағанда, онда ақылдың сапасы төмендеп, жануарлықтан да төмен түсе бастаймыз және адамдық мақсатымызды орындаудан мүлде алшақтай бастаймыз. Мұнан өмірге келтірген ұрпақтар да тексізденіп, тек қана тұтынуға ғана бейім жер бетіне жоғалуға тән жәндіктік сипатқа дейін төмендей береді. Құран аятында Раббымыз; «Қиямет күнінде емізушінің емізуді ұмытқанын және буаз жәндіктің тастағанын көресің. Адамдарды мас түрде көресің. Негізінде олар мас емес. Бірақ Алланың азабы қатты..» (22-2)
Бұл аятқа ақыл тоқтатсақ, әйелдер қауымының арсыздықтан азумен аналық сүті жоғалса, жәндіктік дәрежеге дейін төмендейді яғни рұқтық қуатты еркектерден тазартылған түрінде алуы да шектеледі. Ал енді іш тастау, ұрпағына мейірімсіздік дегенде осындай жәндіктік жағдайға дейін төмендеген қауымға тән екен. Әйелі жәндіктік жағдайға түскенде еркегі адам болып, жәндікті көбейте алмайды, демек еркек ұрықтары да жәндіктік дәрежеге дейін төмендеуі шартты болмақ. Бұл әке-шеше, ата-ана, баланың арасындағы қауымдық жүйенің де сипаты болып табылды. Мұндайға себеп әке-шешенің азғандауына немесе керісінше баланың дұрыс тәрбие көрмей жамандығы әке-шешенің қуаттық жүйесін төмендетуге, әке рұқы, ана сүті ақталмай онан бүкіл қауымдық жүйеге әсерін де береді.
Сонымен бірге елдің де азғындығы жаппай төмендегенде жалпы адамдық тұрғыда ел басқаруға, ақыл айтуға тұрғандар мастарға айналып еркек етекбасты, әйелдері періге айналуын білдіреді. Бұл қазіргі таңда қазақ қоғамының ел басшыларынан бастап қарапайым шаруа, қойшыға дейін осыдай Алланың азабына ұшырап, қияметтің барлық белгісі түсіп жатқан ел екеніне ашық дәлел болмақ.
Сонымен мұндай жәндіктенген, хайуандық сипаттағы ешнәрседен жиіркенбейтін адамдық ұят деген сезім жоғалған еліміздегі аз ғана адамдығын сақтап оның қадірін арттыруға деген ізденгендер үшін; жанның жағдайын ақылдың сапасына қарай ғана анықтап, түсіне алуды да білген жөн. Жалпы жанның халін анықтау, оның ғылымы қазақтың дәстүрімен сопылық тұрғыда ғана қалыптасқаны хақ. Олай болса жан туралы ұғым және ұғына білудің өзі сопылық дәрежемен, құлшылық амалдарымен байланысты және бұл қазақ ұлты үшін қарапайым ата дәстүрімен амал қылса болғаны. Өзге әлем елдеріне қарағанда қазақтың сөзі, ой қуаты, үні ұзын яғни ақылы да ұзын. Сөздің ойын шектеп ежелгі ұғымдарға байлап, атау сөздер ұғымын өзгертіп қолдану арқылы ақылды да қысқарту оңай ібілістің жобасынан болмақ.
Енді мұнымен тұрақты айналсатын масһабшы, ел билеуші, тілші, жазушы, білімді қауымдықтан өз ақылының және жандарының жетілмей қалуынан ғана дәлел береді. Енді қазақ ұлтына сөз ұзындығын сақтаумен ақылдың жете, саналығын меңгеру жолында болса болғаны, әлемнің барлық ислам еліне қарағанда дінді арнаулы құлшылық деп немесе сопылық топ құрып тарихат, мағрипат, ақиқат деп бөлшектеп қараудың ешқандайда себебі де жоқ, ата–бабалардан қалған мирас, аманаттарды меңгеру ата жолы болып аталуы керек. Ата жолының тылсымнан батамен сөзді түзеп елдің ұғымын қайта жаңғыртумен байланысты болуы да осындай себебі бар. Бірақ аруақтардың сөзін жүректен өткізе алғандар азымыз ғана. Сүйектен өткізуге әлі жете де алғанымыз жоқ. Сөз сүйектен өтсе ғана жанның өркениеті болмақ.
Сонымен ата жолымызды; Қарапайым тұрғыда; Адамдықты қалыптастыру, сақтаудың жолы ар білімі деп атасақ та болғаны. Ар білімінің қаншалықты меңгергендігі жайын(сопылық дәрежесін) анықтауға жаннан міндетті түрде хабардар болу керек. Ал жанның жайын пенде түс көріп, аянға жалғанумен Құдайдың шындығын көрумен, тағдырынан хабардар болумен анықтай алады. Жалпы ұлттымыздың елдігі жандылықпен әйелзаттарының түс көру ерекешелігімен де тығыз байланысты. Әйелдер қауымы тағдырынан яғни бүгінгі ертеңгі рухани хағдайынан хабардар болмаса, еркектер өткеннен хабар алып болашаққа жалғана алмайды, ұлтшылдық ар-намыстылық жалғанға айналады. Еркектер қанша рұқы мықты болғанымен оған әйелзатына жанның қуаты да қалыпты болып қосылып отыруы керек. Ал ол қазіргі таңдағы жан түгіл ділінің өзі қатайып, жоғалуға айналған әйелдерімізде жанның қуаты баланы періштелік дәрежеде өмірге киім, жарығымен әкелуге де шамасы жетпей жатқаны жалған емес. Ұлттың иманы-елдігі әйелдеріміздің тазалықты меңгерумен, жанды болуымен ғана байланысты.
Сонымен ар білімі иманның да қуатына шамасына байланысты болып; адам баласы жанына Құдайдан кеңшілігінен аянын, уақиын, кеңестерін алып құпия білімін жазып тұрмаса, онда иманның жоғалғаны және жанның қараңғылыққа түсуімен байланысты болмақ. Енді біз жанға хабарды тек қана Құдайдан келіп оған қарсылығы болмайды десек, онда қателік болып шығады. Жанға ібілістен перілік арқылы да жалғанумен ойы терістелген түстерді көрсетуі де жаратылыс заңдылығы болмақ.
Перілік арқылы керісінше күнде түрлі мағыналы түстер көріп, оны шындық деп түсініп адасушылық көбіне қасиеттілер мен жоғарғы шенді ел басқарушы ақпараттық жүйелердің басында отырғандар мен діншілерге де тән құбылыс. Перілік күлгін түспен байланысты европалықтарда; «Серый кардинал» деп атаған. Қазақта оттың күлімен аластау, күлді кез келген жерге төкпеу, күлді баспау деген ырым, тиымдары бекер емес. Құранда да адам баласының білгіштігінің түбінде шөптің күліне айналғанша сыбырлардың тоқтамайтынын ескертеді. Сусыз өсімдік шықпайды, адам баласының бойы мен ұлттың бәйшешек бақшасы біліммен байланысты от пен судың тегінен тұрады. Білімнің тілі үні отпен, ілімнің тегі сумен осы екі ортадан сөз үні (сары түсті жел) пайда болады. Әлем философтары сөздің пайда болуын екі белгіден таратуында да осындай сыр жатыр. Бірақ сөз 8 және 13 белгіден шықпаса періліктен болатын әзірге қазақ жан ғылымында ғана мәлім жағдай.
Сондықтанда қазақ дәстүрің шариғатпен түрлі діндер тобынан әлде қайда биік сопылық негізінде қалыптасуында да мәнділік бар. Себебі сопылық тұрғыда 8 негізгі діннің үнін қосумен, яғни жеті белгі үнінен сегізінші ОЛ АЛЛА болып бейнеленумен байланысты. Бұл үн сегіз сезімнің үні болып, әр пенденің меңгеруге тиісті жан ғылымынан деп білген жөн. Сонымен қазақ сөзінің ұзындығы жеті құран үнімен ой қуатын алып, сегізінші тұрғыда қазақ ұлттық дыбысталу ерекшелігімен бейнеленеді де сөз астарын, салмағын, киесін меңгерумен ғана исламның бірлігі қалыптасуы көрінісін табады. Сөзден жеті әлемнің бірлігі жаратылыстың сыры табылмаса, онда арап салтына сөз байлығынан іздеген надандықпен орта топтық қара нәсілдерге ғана жалғануы болмақ.
Қазақ дін дәстүрі қойшымен тақта отырған патшалардың, түрлі таланты ел басқарушы, өнерлі білімді болғандардың да арасында ортақ ұғымен құлшылықтың айырмасы болмай, бір жүйеге негізделумен ақылдың жетелік, саналық тұрғыдағы бейнеленуінің нәтижесін көрсете алады. Мұндай дәрежені меңгере алмаған кез келген білімді, ел басқарушы дін ғұламалары да, ақын, жазушы, философ, психолог т,б елге ақыл айтуға тұрғандар міндетті түрде перілікпен жалғанып 7 топтық жындардың қызметінде тұрып алады да. Пайғамбарымызға жеті аятпен жеті үннің түсуі, яғни ол азанның жеті үні құранның жеті үніне жеті әлемдік жүйеге жалғану болып қазақта; «Аллаға жағамын десең азаншы бол» дегенді. Жалпы үндердің саны 49 белгімен таңбамен байланысты болып қазақтың Кер бабадан тарған керилицада әлі 7 таңбаның болашақта қосылыумен қазақ ұлты алғашқы болып меңгеруі де хақ. Әзірге қазақ ұлтында 42 белгімен ар үнін меңгерумен әлемде көш бастауға да мүмкіндік бар. Бірақ мұны ібілістің арамыздан шыққан ұрпақтары қалайда шектеумен Құдаймен соғысып жатқаны да хақ.
Енді діннің құлшылығын ата дәстүрден бөліп алып, мешітке қамап; азанмен бес парыз намазды орындау арқылы жеті үнді яғни иманның жеті жүйесін меңгеру мүмкін емес, бес жалғанмен шектеліп қана қалғандықтан қазіргі таңда мұндай дін топтары масһабшыларымыз да перілік жүйге қызмет қылады. Себебі пайғамбарымыз «Мен жеті сүйекпен сәжде жасауға бұйырылдым» деп жеті түрлі сәжденің барын бес уақыт намаз оқумен, сәждемен шектеліп қалмауын ескертіпті. Мұнан енді сол екіні табуға 15; 16 санды құлшылық негіздерін меңгеру жолында 4 масһаб және түрлі сопылық ағымдармен намаз оқудың түрлі жаңалықтарын енгізіп, мүлде басқа жаққа бұрылып алғанды. Ал құлшылық намаз оқу, яғни құран оқудың белгілі бір орындарын табумен байланысты пайғамбарымыз; «Екі игілік» деп атаған екен. Бұл екі игіліктің әр заманда біліммен, сөз өнерімен, тақуалықпен байланысты сопылық тұрғыда амалдары Құдай ісі болып, тарихат және мағрипат аталып, оны Ясауи бабамыз толық құранмен жалғап, ақылмен бекітіп кеткенмен бүгінгі заман оны ата жолында аз ғана топпен ғана орындап жатқанмыз осы перілік жүйеге қарсы соғыспен де байланысты екені хақ.
Адамзаттың өмірі де қаласа да қалмаса да екі түрлі қателіктер мен күнәлар жүйесінен тұрады. Бріншісі нәпсіден туындайты оның 15 сандық белгімен қазақ дәстүрінде ғана барлық сипаттары бар, тек күресудің жолы әр заманға білімінің өрістеумен өзгеріске түсіп отырады да, қазақта мұны жеті аталық текке жалғану, бойдың жеті өрісін меңгерумен ділді тазартумен байланысты деп білген. Мұны «Төртеу түгел болса төбеден келеді, Ұлдың жақсы болуы нағашыдан» деп 4 аналық қуатты меңгеруді білдіреді. Енді екінші сүйекпен рұқ-әке, аталық, арыстық тектілікпен, сегіз діннің бірлігімен байланысты «Сөз сүйектен өтеді» деген нақыл бойынша сүйектегі теріс ойларды тазартумен, сүйектен сөзді өткізе білумен сөз астарын, салмағы, қадір-қасиетін сақтаумен байланысты 16 (8+8; 8х2) санға құлшылық негізі игілік болмақ.
Егер ер азаматының белі таза, ұрығы қуатта болмаса, онда әйелзатының сүйгенін сөз өтіп тазарып бәйбішелікті меңгеруі де мүмкін емес. «Атаның шауқатының көп қой мәні» деген Шәкәрім атамыз. Ал аталық шауқатты қалыптастыруға текті ұрпақтарды өмірге келтіруге қазіргі қазақ қоғамында мүмкін емес. Және оған әйелдердің өзі жол бермейді. Ал оған ықыласты болғанның өзінде қандағы ділдің қаттылығынан тылсымнан Құдайдың қалауымен жүре білмесе екі талай іс болмақ. Бірақ оғанда осы қасиетті аталған әйелдеріміз кедергі болатынына жалған деректермен қалайда мұндай істі болдырмауға күресуі де сөзсіз. Періліктің де бұл ашық сипаты болмақ. Мұның бәрінің себебі жындылық топқа қызмет етуге тұрып алған дінші, білімді қауымның әрекетінен туындайды.
Негізінде Ясауи ілімімен шариғат 15 санды құлшылықтың сырын меңгеріп, нәпсіні тәрбиелеп, тарихатқа өтумен белгілі болмақ.Тарихатта әр адамның тағдырына байланысты жасырын жобасын алып, аманаттарды орындаумен ата-бабамыздан келе жатқан жүктерді меңгеріп, тазартумен болуы керек еді. Бірақ қазір бәрі керісінше, барлық діннің кезеңдерін бірлемек болып сопылықта ізденгендердің өздері де тура жолдың қисығына түсіп алып перілік жүйеге жалғануға ғана елді шақырып жүргендерін аңғарудан қалғанды. Оған себеп 15+16=31 санды Лұқмандық даналық жоқ, сөзді ата дәстүрі нақылдарын терең зерттеумен сөзді сүйектен өткізбек түгіл, ет малдың да арамдарын тазартып ақталуы төмен тұр.
Қазақта мұндай рухани халді; «Жасыңда тасқа жазасың сөзі, орта жаста құмға, үлкейгенде суға жазасың» деп астарлаған. Ясауи бабамыз бұл кезеңдерді адам жасымен тығыз байланысты жалғануын ашып көрсетіп кеткенмен оны ақылмен пайымдаушы жоқ дінші қауымдарда. Мұндай жағдайда қанша тақуалық киімді дәретті намазды сақтағанмен де терінің тазалығы болуы мүмкін емес. Ал терінің тазалығын сақтауға алғашқы белгі асқазанның тазалығымен, аспен келетін арамды ажырата білумен байланысты болып, ондай жеті жанмен, жеті өрістің толықтығынан пайда болатын халды меңгере алған біздің арамызда ата жолындағылар да өте азымыз ғана.
Енді мұндай жағдайда 16 сандық көркем сөз өнерін меңгеру, пайғамбарлық қасиеттерге жалғану да жоқ. Масһабшылар пайғамбарлық көркем мінезді меңгеру деп атап, бірақ көркем сөйлеу өнері мен ұлттық ділдің қуатын тазартып арттыру дегенді ақылмен қабылдай да алмайды. Сөздерінің бәрі аралас екі түрлі белгімен ғана сөйлейді. Бұрынғы замандарда мұндай сөздің қадір-қасиетін меңгеріп, ділде, әйелдер қанында сақтаудың жағдайы қалыпта болып, қазақ дәстүрімен өмір сүрумен ақылдың саналық деңгейінде және жеті жанның да өсіп өніп көбеюін қамтамасыз етуге мүмкіндік болды да және белгілі бір діннің соңына түсіп ерекшелену де болмады. Себебі діннің заманға қарай өркениетін үнемі қалыптастырып отыруға қожалар әулеті қызмет қылса, ал өнер-білім, шаруашылықпен дүние тіршілігінде төрелер қауымы адамдықтың үлгісі бола білді. Және осы екі аралықты да жалғап тұрушы бұқара халықтың арасынан шыққан аталық тегіміз ел билері шешендер, ақындар түрлі өнер саласын меңгерушілерімізде ата дәстүрмен өмір сүріп адамдықтың да ақылдың сапасын да тектілігін сақтауға мүмкіндік болды.
Сонда да болса ата дәстүріне қайшы салттың қалыптасуымен; ілімнің білімін қожалар ғана білу керек деп, ал хакімдікті, ел басқарудың жүйесін төрелерге ғана тән деген саясаттан жан ғылымын меңгеру ар білім тоқтап қазақтың тоқырау заманы бастан өткенді. Бұл екі тектілік жүйесі де руға айналып, өзара қайшылықта болғандықтан перілердің басқаруына өтіп, Құдайдың сынағымен орыс мемлекеті арқылы әлеммен аралауға есік ашылды. Енді қазіргі таңда қазақ ұлтының ең төменгі құрдымға құлаумен байланысты ата жолының өлілердің соғысымен қайта рухани жаңғыру басталғанмен, барлық салаларда да сөздің құны жоқ, бір тілде өзара ұғыну да жоғалып, қияметтік жағдайдың шарықтау шегіне жеткен ел болып саналамыз.
Сонымен қазіргі таңдағы рухани жағдайымызбен жанның халін, өзіміздің ақылымыздың дәрежесін түсіну үшін ғана әр саланы бөлектеп баяндап жүргенмен, негізінде барлық құлшылықтың кілті екі игілікті меңгерумен ғана болуы шарт. Ол екі кілт те қазір ата жолында бар, сондықтан мынау шариғатқа мынау тарихатқа немесе мағрипатқа тән деп бөлектемей ата жолы дәстүрі тұрғысында тұстастай алып, жеті жындық топтық перілік жүйе арқылы қызмет қылатын періліктің барлық әдет, қылықтарын тазартып меңгеру арқылы онан жоғары тұрған жындар тобының қорғанын бұза аламыз.
Қазақта; «Отызыңда орда бұзып, қырқыңда қорған алмасаң текті емессің» деген осыдан шығады. Енді бұл барлық адамдық рухани дәрежелерді меңгерудің сыры мейлі шариғат, тарихат т.б. болсын Абай атамыздың өлеңімен қара сөзінде ғана тұрғанын білеміз бе? Абай атамыздың насихаттарында 72 топтық жындық қылық әрекеттер және оған қарсы адамдық құндылықтарды меңгеру ашық баяндалған. Ал енді сопылық тұрғыда жанның халіне енумен миғражға жалғану Шәкәрім атамыздың насихатында көрінісін табады. Мәсшһүр Жүсіп, Жүсіп Баласұғұн, ақын, жырау әулиелердің бәрі осы жағдайды баяндап бірін-бірі толықтырып, құранның жеті үнімен жалғануға және екі игілікті меңгеруге ақылға қуат жүрекке үн қосады…(жалғасы бар Қыркүйек 2018 жыл)