XI- Жын-шайтан және адамзат тегінің рухани періштелік дәрежесінің философиялық түсініктері

Бөлім: Жын-шайтан және перілік 133

 ( Жалғасы, басы1;- 10;-ші бөлімдерінде)

Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin-top:0cm; mso-para-margin-right:0cm; mso-para-margin-bottom:10.0pt; mso-para-margin-left:0cm; line-height:115%; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin; mso-bidi-font-family:"Times New Roman"; mso-bidi-theme-font:minor-bidi; mso-fareast-language:EN-US;}

Қазақ елі ғана емес, әлем халқына келген түрлі апатты, азапты сынақтар мен шаруашылық саласындағы да күйзелістің негізгі себебі де ақ пен қара теңдігінің бұзылуынан, адамзат жан қуатының дамуының тежелуінен қаралық, зұлымдық күштердің үстемдікке жетуінен, оған қарсы жер мен көк арасына жаратушы үкімінің жаңадан қозғаушы себеп күштерінің пайда болуынан деген пайымдаудың ақыл тұрғысынан түсіндіру де және қазіргі таңда оның қабылдануы мүмкін емес. Себебі жаратылыс сырын, әлем қалай жаратылды, тіршілік егелерінің өзара себептік байланысы, халықтың рухани жетілуі немесе азғындауының себептерін даму сипаттары түгіл, осыған дейінгі тарихи оқиғалардың ұлттар шежіресінің өзара қайталануымен, заман мен дәуірлер оқиғасының кездесуінен осындай түрлі жаратылыс себептерінің де пайда болатыны тікелей сол қоғамдағы жер бетінің негізгі тіршілік егесі болған адамзаттың рухани жағдайына тәуелді болатынын түсінуден қалғанбыз.

Қандай тарихи оқиғалар болсын, сол халықтың рухани жетістігімен немесе азғындауымен тікелей байланысты болып, мұндай жағдайда кенеттен ілім мен білімнің дамуымен, заман сынағына байланысты қарсы тұра алатын дарынды ұрпақтардың өмірге келуімен, сол елдің мұндай әлеуметтік дағдарыстан шығуына және мемлекеттің өркендеп дамуына да бірден-бір себепші болары да хақ. Ал, олай болса, осындай дарынды ұрпақтарды адамзат меңгерген білімімен немесе рухани тұрғыдағы кітап жүзінен үйренген білімімен, іс-әрекеттерімен өмірге әкеле ала ма? Әрбір ата-ана осындай ниетпен ел басқаратын биді немесе ғалымды өмірге әкелем дегенмен немесе; «осы балам осындай дәрежеге жетсін» деп тәрбие, білім беріп, қаражаттың, дүниенің арқасында талантты, дарынды қылуға шамасы жете ме? Әрине жоқ.

Бұндай жағдайда тек ауқатты адамдар ұрпағы ғана әулие, ғұлама, би, ақын, жазушы болар еді. Және шаруашылығы дамыған елдер онан да жоғары даму сатысының биігіне көтеріліп, өзге әлеуметтік жағдайы төмен елдер мен әлемге де билік жүргізу дәрежесіне жете алар еді. Бірақ бүгінгі тарихи оқиғалар осындай әлеуметтік, шаруашылық тұрғысынан өркендедік деген мемлекеттер рухани тұрғыда азғындағынмен тұрмай, қарапайым бала тууды да жетілдіре алмай, халқының саны азайып құрдымға кетіп бара жатқанына дабыл да қаға бастағаны да сөзсіз. Ал тамағы тоқ, киімі көк ауқатты, дәулетті, тұрмысы жақсы от басынан шыққан жастарымыздың азғындыққа түскенімен қоймай, өркениетті дамуды артқа қарай тартушы қоғам мүшелеріне айналып жатқанын да мойындау да керек. Олардан неге дарынды, елге тұтқа болатын ұрпақтарды дайындай алмай жатырмыз? Тек қана қазақ елін ғана алып қарасаңыз, қазіргі таңдағы ел басқарған, іс басында жүрген, шығырмашылық саласында жүрген талантты, дарынды тұлға аталғандардың бәрі де дерлік төменгі таптан және өмірдің сынағын көрген, жоқшылықтан, қарапайым шаруа баққан әке-шешелердің тәрбиесін көріп өскендер ғана.

Олай болса, әлемнің  өркениеті де, әлеуметтік жағдайы адамзаттың сол дәуірдегі рухани болмысына тікелей тәуелді болмақ. Шындығында қазақ еліне егер де Нұрсұлтандай азаматты құдай өмірдің сынағынан өткізіп халыққа басшылыққа келтірмегенде, қазақ халқының шаруашылық, тұрмыстық жағдайы аз ғана уақыттың ішінде осындай әлемнің бар елімен тең жағдайға жете алар ма еді? Сонымен бірге тек жалғыз ғана пендесіне емес, сол басқарушы тұлғаға байланысты өз маңындағы билік өкілдері де осындай ел шаруашылығын көтеруде іскерлік таныта алмаса, онда бір адамның қолынан не келмек? Сонымен бұл топ өкілдеріне ел тағдырына байланысты Алла тағаладан осындай істерді атқаруға рухани тұрғыда мүмкіндік, шабыт, қуат берілген десек, әрине біліммен қаруланған, кітап бетінен басқаны көрмеген пенделерге бұл ақымақтық қана пәтуа болып қабылдануы да сөзсіз. Сондықтан бұл жазбалар аз ғана жанды білімнен хабары бар, рухы ояу қоғам өкілдеріне ғана арналып отырғаны да даусыз.

Енді, Құдайымыз біздерге бір жағын беріп, екінші жағынан осындай шаруашылықта білімді, бірақ ілімнен кемітіп, оның нығметін бұқара халықтың өзіне беріп қойып сынағанын және бұл сынақтан осындай нығмет берілген басқарушы қауымның мақтаны мен тәкаппарлығы басына жетіп оңбай құлағанын да түсіну үшін әлі қазақ қауымына біраз уақыт керек болатыны да хақ. Ал, білімді қоғам өкілдеріне 5-6 жылда айқын болары да хақ. Қазақ халқына дамудың, рухани жаңғырудың әлемдік көшін басқару «пассионарлық» кезегі келіп, екі түрлі даму жолы қатар берілген де болатын. Яғни, әрбір жаратылыстың себебін жұп қылып жаратқан құдайымыз қазақ еліне рухани өркендеудің де кілтін ұстатқан болатын. Рухани тұрғыда бұл салада көш басшылыққа халықтың арасынан елшілікке таңдап алынған (иманы жолдас болсын!) Момбаев Қыдырәлі Тарыбай ұлы Ақ ұл деген атпен рухани сахна төріне шығып, қазақ елін рухани ұйқысынан оятуға, бұқара халықтың өзін-өзі тануына үлкен қозғалыс, жаңашылдық, жоғалған дін ілімін қайта тірілтіп және барлық пайғамбарлар, әулиелер күткен жалпыға бірдей тылсыммен байланыстың үкімін әкелгені де хақ. Бірақ, бұл көмес білімді меңгеруге тиісті қауым өкілдері өздерінің кітап жүзіндегі біліміне мастанып, бұндай ғайыпқа иман келтіруге тектіліктері жетімсіз болып шықты. ТЕК ұғымы, жаратушымызыға қарсы болғандықтан «КЕТ» деп қуылған, адамзат өмірінің рухани жартысы болып табылатын ібіліс періштелік қуаттарының оттан пайда болған жаратылыс нәрселерінің негізі еді.

Сонымен жаратылыс қозғалыс негіздері тұтастай қамтылып «Топыр ақтан»- періштелік білімнен жаратылғаннан барлық періштелер тұтастай Адам атамызбен, Хау анамызбен бірге болғаны да хақ. Адам атамыз жер тәріздес жаратылыс егесі болып,  бірақ күн сияқты жарық түріндегі «планета» болса, Хау анамыз жер серігі су негізі, ай тәріздес болғаны даусыз. Сонымен ібіліс періштесі қызмет жасаудан, яғни Адам ата, Хау анамыздың бұйрығын орындаудан бас тартқаны үшін; Аятта; «Алла тағала; «Онда ол жерден түс. Онда сенің менменсінуіңе болмайды. Дереу шық, қор болушылардансың» деді» (7-13)  Яғни, ібіліс періштесі жерден онда  «ТҮС» деген бұйрықтан кейін, екі аралық тіршілік егесі жыланға және шырша тектес жын ағашына айналған еді.  От пен судың арасын жалғаушы ағаш, яғни жын болса, ал су мен жердің арасын жалғаушы жыландар – қос мекенді жануарлар болмақ. Және ібілістік қуаттық жаратылыс нәрселері екі аралық көмес өмірді мекендеуі тиісті болды. Сондықтан қандай да бір Құдайлық өмірмен, құдайлық нұрмен жалғану үшін екі аралық ібілістік қуаттарды тазарту, меңгеру арқылы ғана мүмкін болмақ. «Саған келетін тура жолыңда отырып аламын» деген ібілістің де уәдесі осы жағдайды астарлы ескертіп тұрғаны да хақ. Енді осындай жағдайда адамзат тіршілігінен пайда болатын аруақтық бейнесінің де «БІР» сипаты ібілістік қуатты қаншалықты меңгеруге байланысты Құдайлық нұрмен арадағы сират көпірі – Алланың жібі деп түсінуге де болады. Сондықтан Бір Алла деген ұғымның ислам дінімен бірге қалыптасуында да осындай сыр бар.

Барлық уақиғалар, қозғалыстар түрлі жағдайда бейнеленген кітаптарға, яғни көмес жаратылыс егелеріне айналып ақиреттік өмірді, яғни Құдайлық өмір мен дүниелік өмірдің арасын толтырып жалғап тұрады. Адамзат жанына түс арқылы жазылып, оқылып, артынша материалдық тағдырлық түрде уақиғаларға, несібеге, білім, ілімге айналып жақсы жаманды адамзат тағдырын жүргізуші себеп қозғалыс егелері деп түсіну керек. Сондақтан да діннің басты мақсаты осы екі аралық жаратылыс егелермен байланысқа түсу, тазартып өзіне қажетті тіршілік нәріне айналдыра білуменен ғана көрінбек. Негізгі үш түрлі тектің болуы да және төртінші текті құдайлық нұрға «Менге» — «Жанға» бағындыра білу  – адамзат өмірінің барлық рухани тіршілігінің негізі болмақ. Төрт тек бастапқы жаратылған төрт түрлі жаратылыс басы қозғалысын айқындайды. Яғни табиғатты, өлімді, рухты және сүр үрілу періштелігі, яғни желді басқаруды меңгеру адамзаттың жер бетіндегі халифалығы болмақ. Осы төрт негізді жаратылыс қозғалысына байланысты 8 түрлі себепші уақытты туындататын қозғалыс қуаттары болмақ. Сондықтан адамзаттың негізгі несібесі 12 санды тектердің сипатынан құралады. Енді осы жағдайға, жаралыс басына қайта оралып тоқтала кетейік.

Сонымен жыланның Хау анамыздың түсіне кіріп сыбырлауынан кейін жын ағашынан жемісінен дәм татып, жыныстарының заттануынан кейін ібіліске «КЕТ» деген бұйрықпен және Адам-ата, Хау анамыз да барлық періштелер қозғалыс егелермен бірге жер бетіне «комета» түрінде құлаған еді. Сондықтан негізгі себепші болған ібіліске жер тіршілігінің азапты қор болушылары болып тіршілікті бастауға бұйрық берілді. Әрбір пенде негізінен материалдық, заттық түрде күнәмен бірге жаратылып және өмірге нашар, күнәлі бейнеде қорлықпен келуі де міндетті. Әрбір өмірге келген адам баласының, егер ата-анасының жағдайына, адамдық болмысына, сол өмір сүрген қоғамның рухани жағдайына да байланысты әрбір өмірге келген бала да сондай ортаға бейімделіп  қалыптасуында да осы белгі тұрғаны хақ. Сондықтан адамзат өздігімен қоғамдық жағдайды өзгерту мүмкін емес, бұл Құдайдың қалауымен ғана болмақ.  Жаратушымыздың елдік және жеке адамдардың тегіне әсер беріп, тағдырға араласуымен кейбір ұрпақтарды ерекше қамқорлыққа алып, сынақтардан сүріндірмей  өмірден дұрыс тәрбие алып, елге тұлға болып қалыптасуына да өзіндік себебі бар. Бұл сырды жан ғылымынан насихатын жазу барысында талқылап өтеміз.

Алдыңғы тақырыптарда баяндағандай, барлық жанды қозғалыс тіршілік егелері де жер бетіне түскен 38 түрлі қуаттық нәрселерден, періштелерден пайда болғаны да сөзсіз. Және Адам атамыз бен Хау анамыздың тәубесіне байланысты екі түрлі игілікті де, нұрды да түсірумен 40 санды белгінің «СЕРТ, УӘДЕ» болып аталуы, әйелзатының 40 түрлі әурет жерлері осы уәдені бұзбаудың, яғни ұят қуатын сақтаудың маңыздылығын ескертеді.

Барлық жаратылыс себептерінің, қуаттарының жалпы өлшемі шегі болып, бұл шектерді құранда сандармен нақты белгілеген. Негізгі екі аралық тасымалдаушы жалғанушы; 13;31 саны болып, құранда 13-сүре жарықты тасымалдаушы «РАҒЫД», ал 31 санды адамзатқа ортақ даналық «Лұқман» болуды ескертеді. Және бұл екі сан, сүре өзара жұп болып, бірін-бірі толықтырып ғылымдық құпиясы да бір екенін білгеніңіз жөн.  Бұл екі сүренің барлық аяттар санының қосындысы; 43+34=77 санды құлшылық негізін, адамзаттың буындар санын беруінде де зерттелмеген талай құпия жатқаны да хақ.

Сонымен адамзат жан негізі «қан-қызыл» түстен және ібілістік 13 түрлі қуаттық қозғалыс себебінен, барлық хайуанаттар және жәндіктер әлемі пайда болғаны да хақ. Бұл жағдайды қазақ жыл санауындағы түйенің жыл санағына кірмей қалып, ал қалған 12 жануарлар мен жәндіктердің уақыттық мезгілдік шаманы көрсетуі де айғақ болып тұр. Осындай негізгі 13 түрлі жан-жануарларға байланысты сезімдік, түйсіктік қуаттар және оған тағы 12 түрлі бастапқы қозғалыс негіздерін қоссаңыз; 25 түрлі періштелік адамдық негіздегі қуаттардан адамзаттың тіршілігі басталады. Діндегі рухани дәрежені 25 пайғамбарға байланысты баяндалуымен және 13 санды европа, әсіресе америка елінде қорқыныш, сынақ болып қабылдауы да осындай жаратылыстық себептен пайда болғаны да хақ. Сондықтан 13 санды, яғни тақ санды меңгеру – даналықтықтың, текті табудың негізі болып табылады. Жүсіп пайғамбарымыздың; «Маған 11 жұлдыз, күн және айдың сәжде қылғанын көрдім» деген астарлы аяннан 13 түрлі планетадан келетін ақпараттар әлеміне жалғануды да ескертеді. Қазақ халқында алғашқы мүшелдің 13 жаспен белгіленіп, жаратылыстың хайуандар әлемімен, негізгі қуат көзі – планеталармен толық жалғану себебіне де байланысты болмақ.

Құранда; «Баланы екі жасқа дейін емізу керек, 40-қа келгенде ақылы толады» деген аяттың да құпия сыры 38 періштелік қуаттарды толық меңгерумен және «Бақ-Ара» (ҚАБ+АРА) екі түрлі жын және шайтандық яғни еркектік, әйелдік гормондарды толықтырумен, жалғанумен байланысты. БАҚ-БОЙ әйелдік гормон «бойжеткендік» жарықтық, иістік қуатқа айналған «Ақ жаулық» байлығы болмақ. Ал «АРА» еркектік «Ар» және «Ра» ұрықтық рухани қуаттары болып, «Денсаулық» байлығын құрайды. «БАҚАРА» негізінен жаннаттағы екі ағаштық текті белгілейді. Және үшінші ағаштың жемісі болған; үшінші байлық «Он саулық» көктен келетін нұр болып, бұл байлықты ақыл толумен ғана иман қуаты болып зейнеттелетінін де білген жөн. Бұл ағаш адамзаттың ақиреттік өміріндегі қабірінен тамыр алып, көкке жалғанатын көркем сөзден пайда болған тіл ағашы деп атауға да болады. Мұндай ана тілі ағашының маңызын «Тіршіліктің тамыры» деген өлеңмен баяндап өткенмін. Бұл ағаштың бейнесі Маңғыстау өңірінде зиярат басындағы белгі тасқа қашалып салынған екен. Басы күнге тіреліп тұрғанның да маңызы бар, тек қана адамзат өмірде 10 күн (10х12 сағат=120 сағат) жанның тіршілігі барын ғана білген де жөн. Шәкәрім атамыз;

Жарлылар, жалаңдама, сендер де ойлан,

Кер кедей, кежірлікті шығар бойдан.

Бойың жалдап қор болма, ойың жалда,

Түк өнбес алтай жүріп алған қойдан.

Онан да өнер үйрен тек жүрсең де,

Ақы алмай, тамақ қана жеп жүрсең де.

Өнер білсең-он күнде жүзді аласың,

Басында пайда алмай-ақ көп жүрсең де.

            «Алты ай жүріп (аяқтан, әйелден) он қой аласың, ал өнерғе ғылым меңгерсең 10 күнде 100 қой табасың» деген де осы төрт тек ағашын меңгеруге байланысты құпия сыр жатқаны хақ. Ал, енді бұл үш ағаштың, байлықтың, тектің сипаты адам баласының алақанында тағдыр, өмір сызықтары болып бейнеленген. Төрт саусаққа көлденең тұрған сызық «ҰЗЫН АҒАШ» жыланмен, тілмен шайтандық, суға, жәндіктік сезімдерге байланысты қуаттарды меңгерумен ғылымда «РНК» деп аталатын тектік негізді құрайды. Ал аша түріндегі бас бармаққа жүрекке жақын екі ағаштан пайда болған адазаттың жындық, жындылық қуаттар негізін белгілеп «ДНК» тегін құрайды. Сонымен бірге бұл тектердің оң, сол қол барлығы 6 ағаш, жұбайымен 12 ағаш негізгі несібе тек, мезгіл, жыл өлшемін құрауында да жан ғылымның негізі бар. Яғни әйелсіз еркек, еркексіз әйел тегінің жетіліп өсуі де, тазарып қалыптасуы да мүмкін емес екені осы сандық жағдайдан белгілі болып тұрғаны да хақ.

Аталарымыз; «Үш ағашқа ат байламаған еркек емес» деген нақыл қалдырған. Адам баласына қойылған аттың есімге айналуы да осы тектік ағаштар санына да тәуелді болмақ. Сонымен әрбір пенде 6 ағашына атын жазса, онда жеті аталық болып тегі түгелденеді. «Алтау араз болса – ауыздағы кетеді» деген нақылдың да сыры, сол қолың оң қолыңның арашашысы болмаса, несібеңнен айырыласың дегенді де білдіріп тұр.Сондықтан қазақ философиясында ер азаматтардың; «Отызында орда (шайтан қуатын меңгеру) бұзбасаң, қырқыңда қамал (жан қуаты) алмассың» деген нақылында осындай астарлы рухани сыр бар.

Адам атамыз бастапқы кезде жер планета түрінде және айнала серігі, тұрақ үйі сақинасы (Хау ана) болғандықтан «Он саулық» байлық рухани түрде ерлердің басына бөрік түрінде сақина өрісін алумен де байланысты болмақ. Мұны дінде қажылық деп атап, қажылыққа барғанда шашты алып дайындалудың да мәнісі және араптардың бас киімінде үнемі осындай белдеу білезік тағуында да осы рухани сыр бар. Христиан елінен келген, екі жас үйленгенде 4-ші саусаққа неке жүзігін тағудың мәнісінде де рухани негіз бар. Төртінші саусақ жын-жыныс қуатымен, қуық бездермен, ұрық бездермен ұрпақтық өніммен байланысты болып аталарымыз «Балалы үйрек» деп атағанда да осы рухани сырды айқын әшкерелеп тұрғаны да даусыз. Сонымен қажы болудың да өзіндік ғылымы болып; тек Меккеге бара салу емес, адам баласының жасына рухани жетілуіне, неке құрып, өмірге ұрпақ әкелумен жын-шайтандық рухани қуаттарын жетілдіріп, тазартып және туған жер ана рухымен жалғануына, бастың мүшелерінің толық тазаруына да, періштелігіне де тікелей байланысты.  Мұндай дәрежеге жеткендерді «Бөрікті-он саулықты» атап; «Бөрікті бөріктінің, шалбарлы шалбарлының намысын қорғау» деген ұғым бар қазақта. Ал керісінше; «Етекті етектінің намысын жыртады» деген де астарлы сөзді кездестіруге болады.

Құран философиясына үңілсек «Екі есе, Он есе» дәрежелеу ұғымдары бар. Яғни;  «Он саулық» арқылы көктен және екі игілік «Бақ+Ара» немесе «Ғазилік, Шаһидтік» игілік арқылы ғана адамзат қуаттарының жаратушы тарапынан көбейтілетінін де білген жөн. Ал қосылу мәндері; 4 және 6 сандарымен ғана атқарылып, 7 саны арқылы бірліктерге айналуын да құранды зерттеу барысында үнемі еске сақтаған жөн.

Енді жаннаттық өмірден жерге түскен негізгі 38 санды періштелік қуаттарды жетілдіру үшін Аланның адамзат, жер әлемі үшін жаратқан барлық себептерін, тіршілік иелерін меңгеріп жалғану шарт. Сондықтан 3х10=30 параға айналып, яғни құран негізін құраушы барлық кітаптар негізін, білім, ілімді құраушы санға айналса, ал 8 саны тұрақты түрде сегіз жаннатты, Алланың ең соңғы нәтижесі ғаршысын қалыптастырады.  Енді бұл сырдың жеке құлшылық амалдарына тоқталсақ; 3+8=11 санды белгіні беруінде де өзгеше ғылым бар. Сонымен 11 ағаш тек болып, оның жұбын, парын міндетті меңгеру керек болса онда 22 және 33 санды құлшылық негіздері қимасы (қосындысы) 66 санын беріп, адамзаттың жұбайлық өмірін ескертеді және бұл құранда тарихи оқиғалардан насихат, ғибрат алуды, шежірені меңгеруді, мәлімет берілген нәрселерге, Құдай ісіне, уахи, аяндарға мұқият болуды ашық баяндайды.

11 сандық белгі тілектің қабыл болуы, тілекті жеткізуші болып ескертілсе, жалпы жер бетінде 22 түрлі ағаштардың да болатыны, барлық ағаштар осы негізден тарағанына да ғылымда мәлімет бар. Дінде; «шайтан қолы» деген сөз ұғымы бар. Бұл ұғым кеңістіктегі адамзатқа түрлі жағдайда енетін қара қуаттың созылыңқы түрде жайылу арқылы қара қою түтінге айналып (угарный газ) және оның да 11 санды мәні барын білгеніңіз абзал. Сондықтан осындай улы газбен өсетін 22 түрлі ағаш болып, адамзат тіршілігінде тегін қалыптастыруда жер бетінің тіршілік қуаттар негізін құраушы екені де сөзсіз. Сондықтан да қандай ағаш болсын, әсіресе жеміс ағаштары 11 түрлі жаман күнәлі иістермен, қараңғылықтармен 11 түрлі жұпар иістермен, жарықпен қоректеніп, жұпар иісінің үлес салмағына қарай жемісі де тәтті, шырынды болмақ. Әйелзаты тақуалық құрып тәнін, бойын таза ұстау арқылы жұпар иісінің де үлес салмағы артық болған сайын еріне беретін неке азығы да таза, қуатты, ана сүті де құнарлы болуы сөзсіз. Бұрынғы замандарда адамның жаман иісінен пайда болған шайтан қолынан кеңістікті тазарту үшін ағаш егудің сауап болып саналуы да осы жағдайға байланысты болған. Бірақ «шайтан қолы» қазіргі таңда түрленгені соншалық, енді ондай қара қуатсыз жер тек әулие бастары, киелі орындар болмаса, қалған жердің бәрін тұмшалап тұман болып осындай шайтан қолының жайлап алғаны да даусыз. Өкінішке қарай, қазақ елінде ондай жерлерді әйелзаттары жалаңаш, жалаңбас, еркек киімімен былғап жатқаны да хақ. Сондықтан ниеті дұрыс зияраттаған қауымға да мұндай жағдайдың әсер беріп, ем-шипа нұрын алуды әлсіретуге масһаб діншілері мен зиялы қауым өкілдері, ел билік те жағдай жасап қойғаны да даусыз. Бұл ар білімінің үлгісі болған сақтың ғұрпының мұргерлерінде де, яғни дәстүріміздің, аманаттың, уәденің қазақ халқында да жоғалғанына дәлел бола алады.

Енді шайтан қолы негізінен әйелзатының иісіне тән жаралыс болса, әйел шашының ұзындығы да ішкі осындай қуаттарды тазартатын ағашы болса, ал жаулық шаштың мұндай иістермен дем алмауы үшін, сыртқы «жаудан» «лық»-күзетіп тұрушы екені де сөзсіз. Інжіл жазбаларында; «Егер әйелдер көшеге орамалсыз шығатын болса, онда шашын алып тастасын» деген ескерту бар. Себебі әйелдер шашында  6 есеге еркекке қарағанда алтын құрамының артықтығына байланысты осындай кеңістіктердегі шайтан қуаттарын өзіне тартып алу қасиеті де бар. Көп жағдайда жалаңбас жүретін әйел затының шашын қысқа қылып алдырып тастауы осындай жағдайдан сақтандырса, керісінше ішкі шайтан қуаттары өңделмей, майға айналуымен семіздікке ұшырауы да, жыныстық күйлеу қабілетінің жоғалуына да, қанның азуына да себепші болмақ.

Қазірге таңда әйел халқының шашын өсіруге құмар болып, бірақ жайып жүруінен осындай «шайтан қолдарының» соңдарынан еріп тамаққа, тұтыну бұйымдарына және бойына да араласумен ер азаматтарының  азғындауына, арсыздықтардың кең етек алуына, жанұяларының тез ойран болып, ажырасу санының жылдан-жылға артуына да және балалардың дертті туылып жатқаны да осы жағдайдан пайда болуы да хақ. Осындай жағдайдың мен де талай мұндай қыз, қатындардың артынан хайуан иісті жаралыс егелерінің еріп жүргенін де байқадым, оны баспасөз бетінде де (ғаламтор арқылы) аурулар себептерін де жазып таратып жатқаныма да екі жыл болды. Бірақ ер азаматтар тұрғысынан да, ел биліктен де селт еткен жауаптың болмауы да өздері осындай арамның ортасында тіршілік еткесін, кез-келген жерден және әйелдері, қыздары арқылы да «шайтан қолдарымен» жүктелуден, еріндік «Алты дәмі» араз болып, иіс сезу қабілеттері өлгендіктен жындары да шайтанмен қосылып, керісінше осындай иісті әйелдерге құмар болып шыға келді. Мұның арты да зинаға, жаман ойларға елітіп, қылықтарының адамдық болмыстан ауытқуына, арсыздыққа селқос қалыпты қарауына да себеп болады.

Құранда Ғиса пайғамбарымызға «Шайтан қолы тимеді» деген насихатты діншілер; Ғиса пайғамбардан басқа адамзаттың бәріне де шайтан қолы тию тиісті деп түсіндіреді. Бұл мүлде қате ұғым! Рас, Мариям анамыздың тақуалығы да жоғары болып және Ғиса пайғамбарды туғанда оңаша ойпатты (киелі) жерде жалғыз өзі туғаны баяндалады. Сондықтан оған «шайтан қолы» жақындауы да мүмкін емес еді. Бұл жалпы адамзатқа да ғибрат еді. Ал қазақ дәстүрінде баланы туғызуға көмек беретін, кіндігін кесетін арнаулы тақуа кемпірлер болған. Баланың кіндігін кескен «кіндік шешеге» баланың мінезінің ұқсауы да жиі кездеседі. Себебі әлі бой өрісі жоқ, жас балаға алғашқы жалаңаш тәнін ұстаған әйел өрісінің қандай болса сондай жағдайда киім-зейнет өрісі болып жабылатыны да сөзсіз. Сондықтан егер мұндай жауапты істі орындаушылар қасиетті, таза болып олармен еріп жүретін «шайтан қолы», бөтен иістер болмай, баланы жергөкке орағанша сақтық шаралары, от жағу, су қайнату сияқты амалдары  толық  сақталған. Абай атамызды анамыз; «дәретсіз емізбеген» деген сөзде осы шайтан қолына атамыздың жастайынан жүктелмегенін ескертеді. Ал қазіргі бала туу орындарындағы әтірден иісі бұрқырған дәрет түгіл киімінің не екенін білмегендер босандыру барысында қаншама ауруларды «шайтан қолдарын» жас балаларға жұқтырып жатқанын әрине дәлелдеу қиын. Оның үстіне бала туған әрбір әйелзаты жалаңбас, жалаңаш жүріп онан сайын дертті болса, болашақта ұлтты тексіз қылуға ғана үлесін қосып, мемлекетіміз баланың саны артқанына мәз болып, ал ұрпақ тәрбиесі, ұлтымыздың сапасы, саналығы, бала тәрбиесі жұбайлық өмірден некеден басталуы керектігін мүлде естен шығардық. Керісінше жалаңаштықты, арсыздықты  яғни «шайтан қолына» деген құштарлыққа ашық қолдау берген «мәдениет қағидамыз», «ата заңымыз» бар. Және қыздарымыз шалбар киіп, жалаңаш жүргендіктен алғашқы неке түнінде беретін зейнеті киім, жұпар иістен бой өрісі де болмай, жемісі жапырағы жоқ ағаштай, жыныстық азығы да жыннан, шайтан қолынан болып, күйеуімен араға ұрыс—керіс, жиіркеніш сезімдерін тудыруға бірден-бір себепші екенін де білуден қалдық. «Махаббат еркектерде ас қазанмен байланысты» деген сөздің де бекер емес екенін, әйелдің ерінен алатын жыныс азығы болса, еркекте дәл сондай азық алатынын біле бермейміз. Себебі мұны түсінетін қоғам өкілдері, діншілер қауымы, ғалымдар, үлкендер атты зиялы қауым, дәрігерлердің өзі де шайтан жамағаттарына немесе жындыларға айналып алған.

Жалпы «шайтан қолынан» жүктелу қазіргі таңда иіссулармен бүркемек болып жатқан әйел тәндерінің шіруі, яғни тұздарының еруімен байланысты «РНК» тегінің әлсіреп және бұл адам баласының табанымен жер ана рухынан ажыраумен де байланысты болмақ. Мұндай пенделерде инсулин (глюкагон (антагонист инсулина) тапшылығымен, сусамыр дерттермен ауруы және жыныстық ауытқу, бала көтермеу сияқты дерттермен белгілі болады. Ата жолында үнемі ұзақ уақыт шариғат шарттарын ұстану арқылы бұндай аурулардың да оңай өздігінінен жазылғанынан жүздеген мысалдар беруге болады. Бірақ онан зорын құдайдың ашық хикметін мазаққа алып, соттап, қудалап әлі кезге дейін ызасы басылмай жүрген «қой» дейтін ақсақалы жоқ, «әй» деп бітімге шақыратын әжесі жоқ, іс жүзінде дәлелдеуге орта буын өкілдерінің, ғалымдарының құлқы да жоқ, рухани жетімсіз ел биліктің бүгінгі таңдағы мұндай жағдайында әзірге тек ертек күйінде қабылдай салыңыз оқушым.

Енді, осы 22 түрлі текке жалғана алған адам баласы «Мүмін» болып, 23-санмен белгіленуінде де астарлы сыр бар. Осы 22 ағашқа жалғану арқылы біздер 4 негізгі қуаттарды толық меңгере аламыз, яғни «Төртеу түгел болса – төбеден келеді» деген рухани дәрежеге жете аламыз. Енді құранның бұл сүресінің философиялық астарына үңілсек; «…Аталарың Ыбырайымның жолы. Алла бұрын да осы Құранда да пайғамбардың сендерге куә болуы, сендердің де адамдарға куә болуларың үшін, «Мұсылман» деп атады. Енді намазды толық орындаңдар, зекет беріңдер де Аллаға жабысыңдар. Иелерің Сол; Нендей жақсы ие. Нендей жақсы жәрдемші!» (22-78) (100).  Сонымен бұл 22 санды ағаш тектерді меңгеру арқылы ғана мұсылман, яғни пайғамбарлар арқылы түсірілген ар білімімен махаббатқа, жақсылық, игілікке куәлік беруші болу арқылы ғана әрі қарай намаздарды толық орындауға жол ашылады екен. Ал енді 22 түрлі ағашты Алла достары мен киелі жерлерді, ойпаттарды аралау арқылы ғана жер рухына жалғана алатынымыз да хақ. Ата жолының да Ыбырайым жолына жалғану арқылы халықты зияраттатып жер рухына жалғап, ар білімін меңгеруге шақырауын да осы сүре философиясы айқын баяндап тұрғаны да сөзсіз. Және  «мұсылмандық дін» деген ұғым болмайтынын, мұндай қасиетпен дінді емес керісінші дінге келген әрбір пенденің рухани дәрежесін, арлылығын белгілейтін атау сөз болып және дінді меңгеруге байланысты ғана жеке-жеке алатынын ескертеді. Сонымен мұсылмандық деп Ыбырайым жолымен, ар білімімен, ар-ұят қағидасымен Алла жүзін меңгерумен, нұрға жалғанумен тікелей байланысты екенін осы аят ашық ескертіп тұр. Дінде ислам, христиан, таураттық, зәбурлік т.б. болып бөлінгенмен «мұсылмандық дін» деген философиялық тұрғыда қате және діндерді де бөлшектеуге пайдалануға болмайды. Мұсылман адам болып, мейлі қандай дін ұстансын ар-ұятымен өлшеніп, тегімен байланысты қалыптасу керек.

Абай атамыз 22 санды құлшылық мәнін 22-ші қара сөзінде; «…Жә, кімді сүйдік, кімнің тілеуін тіледік? Өзі құрттанып шашылған болыс-билер тұра тұрсын. Енді, әлбетте, амал жоқ, момындығынан «Ырыс баққан дау бақпас» деген мақалмен боламын деп, бергенінен жаға алмай, жарымын беріп, жарымын тыныштығымен баға алмай, ұры, залым, қуларға жеміт болып жүрген шын момын байларды аямасаң һәм соның тілемесең болмайды. Сонан басқаны таба алмадым.» (22-ші сөз) Мұсылман болған пенде арлы болып ырыс бағады, дау бақпайды деп насихаттайды да;

 

Бір дәурен кемді күнге-бозбалалық,

Қартаймастай көрмелік, ойланалық.

Жастыққа көкірек зор, уайым жоқ,

Дейміз бе ешнәрседен құр қалалық.

Бар ойы-өлең айтып, ән салалық,

Біреуді қалжың қылып қолға алалық.

Қызды ауылға қырыңдап үйір болса-

Көңіліңе зор қуаныш бір балалық….

…Той болса, тон киелік, жүр, баралық,

Бірімізді—біріміз аударалық.

Ат арықтар, тон тозар, қадір кетер,

Күлкіні оңша күліп, шуламалық…

..Басында әке айтпаса ақыл жарлық,

Ағайын табылмаса ой саларлық.

Қалжыңбассып өткізген қайран дәурен,

Түбінде тарқызбай ма ол бір зарлық?

Осы елде боз бала жоқ сөзді ұғарлық,

Үзілмес үмітпен бос қуарлық.

Әйтеуір ақсақалдар айтпады деп

Жүрмесін деп, аз ғана сөз шығардық.  (22-ші өлең)

(Жалғасы бар..)

Ата жолы жазбалары мен ата дәстүрінің насихаты, кітаптары және құран теологиясы мен Ясауи діни жолымен,  қазақ әулие-әмбилер аманаттарымен танысқыңыз келсе мына сайтқа кіріп көріңіздер;   http://btk.atazholy.local/

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *