XII-Перілік жүйемен оның белгілері туралы

Бөлім: Без рубрики 103

Қазіргі таңда ата жолында жазбаларын зерттеп, тақуалық үлгі амалдарын орындаумен рухани тұрғыда жетістікке жетіп жатқандар, жанын жарыққа шығарып жеті ата-баба тағдырына жалғанудың да үлгісі қалыптаса бастады. Бірақ құран үніне жалғанумен байланысты Ақ ұлдың кезіндегі хикметті жағдаймен тылсымнан ақ батаның елге шындықпен оқылуы ғана әлі дұрыс жолға қойылған жоқ. Оған себеп, сол кездегі мұндай Алланың мұғжиза, хикметі, ғылымы мен кереметінің бірге жүру ерекшелігіне қарсылықтың да сол дәрежеде жетіліп, ғылымсыз жындармен байланысты кереметтерге жалғануға негізделген жалған мөр ашу, жалған батамен және жындар тобына жалғанып көріпкелдік кереметтердің де пайда болуымен байланысты екені сөзсіз.

Жалпы кезінде ғылыммен кереметтің тұтастығынан болған хикметті мұғзижа көріністердің ендігі заман кереметін жындар әлемінің білім арқылы оп-оңай меңгеріп, түрлі өнер істеріне айналып алғаны да сөзсіз. Сондықтан да енді мұндай кереметтерді өндіруші білімнің жүйесін әлемдік тұрғыдағы ғылым деп атап адасуға да апарып соқтырғаны да хақ. Ал дін тұрғысында кезінде Алла тағала тарапынан түсіріліп, әулие-әмбилері, пайғамбар, елшілері арқылы белгілі болған хикметті білімді қайталауға талпынғандар оның орындаған намаздарының, әдеттерінің білімін ғана пән тұрғысында алумен Құдайдың Ол жол-жобасынан екенін және оған жалғану дегенді мүлде ескермейді. Әрине мұндай жағдайда жындылық тұрғысындағы ғылымсыз кереметтердің бой көрсетуімен ақылдың сезімге байлануы да сөзсіз.

Құдайлық жол-жоба дегеніміз ғылымымен бірге жүретін кереметі, яғни 6 түрлі рухани қуаттық жүйеден қозғалыстан белгісі болып, оған жалғану үшінде парыздар мен намаз орындауларын толық меңгеру керектігін ескермейді. Және ол Алла достарының мирасы қасиеттілік жүйесіне, аруақтарына жалғанумен ғана нәтижелі болмақ. Бірақ бұл тақуалықпен сопылықпен байланысты амалдар арқылы ғана мүмкін болғандықтан, бүгінгі заман әдет-салтымен және ақылдың жете, саналығы қалыптаспағандықтан қара қуаттық қарсылық жүйеге яғни жындар тобынан болатын сезімдік кереметтерге байланып қалуға мүжбүр болды. Егер қандайда бір кереметтерде, көріпкелдік амалдарда оны меңгеруші пендесінде Алладан алған ғылымы, аян кітабы болмаса, онда ақылдың негізделуімен жындардан, ал білімі періліктен болмақ.

Енді мұндай барлық ақпараттық жүйенің белгілі бір кеңістіктегі белгілі бір жүйелермен байланысты болып, олар сөзбен бейнеленіп, өзінің қуатын әсерін береді. Сондықтан ең басты белгі сөздің пайда болуымен байланысты болып; 8 сезімдік жындық жүйеден кісілікке бір сырға айналудан және бес сезімнің адал еңбек өнерді меңгеру арқылы тазарып жанға қуат болып қосылумен екінші белгісі бес қуатпен; 8+5=13 белгі барлық сезімдік жүйелердің бірлігінен пайда болады. Бұл ақпараттық жүйелердің тәрбиесі қазақ дәстүрімен ғана жете саналық деңгейді меңгеруді, бұл заманға лайықты амалдары, дін салты әлемнің өзге ұлттарында кездеспейді де. Жоғарыдағы жазбаларда перілік жүйе және оның түрлері, белгілері туралы баяндадық.

Ал ата жолында Ақ ұл арқылы ғылым мен кереметтің бірлігінен Раббымыздың хикметінен; алғашқы сатысы сөз өнерімен ақ батамен байланысты бес атаның белгісі және үш белгі Арыстан баба-өлім шындықты көру қасиеті, Ясауи бабамен — естушілік, құранның үнімен жалғану болса, Айша анамызбен — ойлау қабілеті періштелік жан жүйесімен, имандылықпен байланысты осы 8 белгінің негізін құрайды. Айша анамыздың белгісімен періліктен тазару, қарсылық қуаттарды меңгеру, маңдай көздің ашылуына да жалғану болмақ. Сонымен қазақ елі ғана емес, жалпы адамзат үшінде де бұл негізгі сегіз белгі арқылы ғана Құдайлық жол-жобаға жалғанумен әрбір пендесі белгілі бір биік мақсатты өз тектігін қалыптастыруы үшін де Алла жолында күресуге жолға шықпақ.

Әрбір жаратылыстың нәрселері, мейлі сөз ұғымдары болсын жұбы пары болуы шартты жағдай. Сонымен перілік жүйенің жұбы жындылықпен, жындар әлемімен байланысты жеті тобы болып көрінісін береді. Енді періліктің негізгі жүйесі жетілмеген жанмен байланысты бес сезімдік тұрғыдағы біліммен негізделген, сезімдік тұрғыдағы ақылға тән болса, ал жындылық онан әлде қайда жоғары тұрған 8 сезіммен, ақылдың талабымен, талантылықпен байланысты еркектерге тән сөз мінезі мен әрекет қылықтан шығады. Осы екі жүйенің бірлігімен ғана сана-сезімдік толық қуаттық шамасы пайда болады.

Жалпы ақылдың саналығы дегеніміз әйелдеріміздің жанының өнімі, бес сезімдік қуатын тазартып, жарыққа жұпар иіске, шарапқа (креоцеген, ақ уыз) айналу арқылы еркектерге өтіп сегіз түрлі жындық қуаттарға қосылуымен саналық ақылға айналып ұрыққа жазылып және бой өрісі жарығымен зейнет киімі болып әйелге қайта оралуы шарт. Қазақта; «бір еркек азса бір шаңырақ құлайды, ал бір әйел азса бүкіл ел азады» деген осыдан шығады. Әйел еркектерге қолы арқылы аспен және екі аяқтың, жатырдың тазалығымен сезімдік қуатынан пайда болатын ақылдың саналық қуатын беруге немесе жаламен қара қуат, күйесінен жұқтырып, жамандыққа мәңгүрттікке қанының азуына қызмет жасайды.

Сонымен саналық дәрежедегі сөздің жарығын өндіру тек қана бүтіндікпен әйелдің тақуа рухани жетілген еркектің бақылауында тұруымен ғана мүмкін болмақ. Құранда Мәриям анамыздың Зікірия пайғамбар бақылауында болғандай ғибаратты үлгісі қалғанды. Енді мұндай саналықты меңгерудің қарсылығы да болып, яғни 8 санды еркектерге тән парасаттылық, кісілікті; «Сегіз қырлы бір сырлы» болумен, әйелдерге тән нәзіктік, қылықтылық бес сезімді таза меңгерудің салты жоғалғанда онда екі жаққа тән шайтаннан болған жындар тобынан әйелдердің еркек мінезді қылығы мен еркектердің етекбастылық мінезі болатын негізінде осы орта топтықтар арқылы ібілістің жобасын атқарылуына жол ашылмақ. Құранда; «Негізінде Ібілістің ОЛАРҒА ешбір ықпалы ықпалы жоқ еді. Бірақ ақиретке сенген кісі мен оларда күдікте болғанды ажырату үшін ғана. Раббың әр нәрсені қорғаушы.» (34-21)

Олай болса еркектерге тән кісілік, парасаттылықты қалайда жоюға ібіліс тарапынан әйелдердің перілігі арқылы әр заманға қарай біліммен жетіліп отыруы да хақ. Ал ібіліс жыннан білімнің кісілігі болып Алланың ғайбаттық қуатынан жаралғанмен, оған тікелей ықпалы жоқ. Еркектерге де жындық қуатты кісілігін ақылға бағындырумен және ілімде жоғарғы ақ бақсылық тұрғысында меңгере алса, онда ібіліс оған ешқандайда қарсылық жасай алмайды. Бірақ оны енді қалайда әйелдер арқылы аспен, төсекпен жалғап басқаруға қарсылық танытуы сөзсіз. Мұндай жағдайда арап салтында әйелдерді біліммен, қасиеттілікті меңгеруден шектеумен және бұл салт енді қазақ елінде де түрлі сопылық діншілдікпен көрінісін тапқаны да жалған емес. Әйелдер жағы қасиеттілікті меңгере алмаса, онда тектілік те өсіп, жетіліп заманға қарай мақсатына сай бола алмайды. Қасиет қарсылықтардан тазарта білгенде — бақ, ал оны елдік тұрғыда меңгерудің амалдары жолға қойылмаса, онда бүкіл елге қасірет қана болмақ.

Олай болса періліктің терімен бейнеленуі (терінің қабыршақтануы, азуы, қатаюы шамадан тыс жұқаруы, сорлануы) әйелдердің бес сезімге ақылдың негізделгенінен арсыз шайтандықтан жоғары тұрған білімді қауымға тән болмақ. Мұндай білімді перілердің ұяттылықты жартылай сақтап, өздерін жетілген еркектерден артық болмаса, кем көрмейтін мінезімен танылса, ал олардың сөздеріндегі қателігі жаратылыстың үйлесімділік заңдылығына қайшы өмір сүруімен ата дәстүріміздегі ар біліміне де қайшылық белгілері арқылы сөзінен, қылығынан тани аламыз. Бұндай періліктің сипатын аңғару өте оңай және күресуге де тақуалық арқылы оңай болмақ. Ал еркектердің де осындай жіңішке мінезділігі әйелдер қауымының арсыздығын қолдаушы болып, Құдайдың парыздарын шала түсініп әдетке айналдырумен, әйелге тән қылықтармен жындық қуатының әлсіздігінен аңғаруға болады.

Еркектердің перілігін сөз саптауына, құран үніне деген қайшылықтарына білімді ақыл қылып алып, түрлі жындылықтармен бейнеленуінен де оңай аңғарып анықтауға болады. Қарапайым ғана мысалы, кезінде сауытсыз жүре алмайтын ер азаматтар бүгінде әйелдер сияқты жалаңаштануға құштарлығымен басын ғана қорғауды білмесе, онда қандайда бір қуатты жындылығы-кісілігі артып тұрғанымен жасырын тұрған перілікпен ақылы негізделіп алғанына дәлел болмақ. Мұндай еркектер енді міндетті түрде бір жындылық топтың басқарушысы немесе қызметшісі көбейтуші болып алады. Бұрынғы замандара жаудан басым болу, елді қорғау үшін сауыт пен бес қаруын дайын ұстап, үнемі соғысқа дайын жүру еркектерге міндетті болса, ендігі заман соғысы ар сауытын меңгеріп, бес қуатты оң солын өнермен меңгеріп, тағдырын тазартып, аманаттарға қиянат жасамау рухани батырлықты қажет ететінін әзірге ел басқарушылары, дін ғұламалары да біле қоймайды.

Ал енді мұндай «зиялы» перілік жүйесімен «зайырлы» жындылық топтардан да төмен тұрған арсыздық, зинақорлық, дінсіздік тұрғысындағы шерік қосушы шайтандық, шайтан жамағаты болу туралы талқылаудың да қажеті аз, оны әрбір есті пендесі танып ажырата алды. Бұлар өздерін ібілістің сепкен ұрығынан шайтандыққа байлап бергендер ашық тозақтық қауымдықтар болмақ. Енді мұндай перілік жүйенің ібілістің жобасын атқаруға тұруы үшін де кісілікте жоғары тұрған жындар тобына жалғанумен және әйелдер арқылы тылсымның көлеңкелері жартылары еніп, жүрекпен бастың ө ара келісімде тұруына екі ортадан кедергі болып, ақпараттарды ұрлап, сол жалғанған жындар тобының өзін белгілі бір біліммен ақылдарын қазыққа байлап, қорқыныш салып, ібілістің жобасын атқаруға мәжбүр қылмақ. «Атам елді басқарады, әжем атамды басқарады» деген сипатта бейнеленеді.

Яғни, егер әйелдер өздерінің нәзіктігін сақтап, еркектердің алдын кесіп сөйлеп, дін шариғатқа қайшы амалдар қылмаса, қазақ дәстүрін сақтаса, онда жындық топқа жалғану мүмкіндігі жойылады. Екінші жағдай ол ерінің қара қуаттармен жүктелгенде төсек арқылы немесе оның ерсілік, дінге қарсылығына келісім беріп бейімделу арқылы да жалғанып кетуге мүмкіндік ашылады. Үшінші тұрғыда жесір, күйеуге тимеген, рұқ қуатын кез келген жынды еркектермен немесе өрістеріне кеңістіктен жындардың еріксіз қосылумен, жанына жалғанумен шайтаннан болған жындарға, періліктің жындармен бірлік жүйесіне жалғануға жол ашылмақ. Жалпы қандай жағдайда болсын қазақ дәстүрінің әйел, қыздарға қырық үйден тиым әдебі қай замандарда болсын өз маңызын мақсатын жоймайды.

Тағы қайталап өтсек; жындық қуаттық жүйе Алланың ғайбат күшінен, тәңірлік сипатынан болып, онан ібілісті білімнің кісілігі тұрғысында жаратқанымен де, ібілістің тікелей еркектік кісілік тұрғысындағы жындарға әсер беріп басқаруы да мүмкін емес. Ібіліс қандайда бір жоғарғы дәрежелі жеті сипатты жындар тобын адамзаттың жетілмей қалған жандық өнімі перілер арқылы басқарумен, қандай да бір білімді кісілігі бар, жоғарғы дәрежелі ел басқарушы немесе ақын, жазушы, елге ақыл айтуға тұрған еркектің өзіне әйелзаты арқылы оңай ықпал ете алды. Сондықтан адамдықты сақтаудың да маңызы артып отырады жәнке әр заманның қозғалысына құран аяттарының ашылуына байланысты қарсылықтардың да сол дәрежеде өсіп көбеюіне де тәуелді. Ал енді құдайшылдықты тастап қойғанда, қандайда бір бағзы замандағы жақсылықтың атқарушысы болған білімнің ойларының терістелуіне, дәп тәпсірлерінің пәнге айналып, өз қуатын жойып алуына соқтырады. Олай болса әр заманға сай қасиеттіліктерді тазартып меңгерумен Құдайдан жол-жоба алудың өзіндік қағидалары болуы да заңдылық.

Әлемнің дағдарысқа түсуі де рухани қуаттардың заманға сай өрениетінің тоқтап, керісінше қара қуаттардың зұлымдықтардың артуымен байланысты. Қаазақ елі де өзінің рухани жолынан мүлде кеш қалып, тағдырлары талқандалып, жүктері көбейіп, зұлымдығы шектен шыққан ел болғандықтан ата жолының Ақ ұлға түсірілген жүрек құлағын ашып тылсымнан сөздің ақ бұлағынан елді сусындатумен болғаны да хақ. Бірақ бұл мағрипаттық тұрғыда Құдайдың ғылыммен кереметі қоса жүріп, енді оны тарихатпен, шариғатпен бекітіп алуымыз да керек еді. Ол жағдай ата жолындағы көпшілікте болмады, кейіннен пайда болған тәжірибе мен білімді алғысы келмеді де, сонымен тылсымнан ақ батаның бұлағы да жабылды, оны қазіргі таңда ақылмен мойындау ғана жетпей жатыр.

Бұған негізгі себеп қандай да рухани қуаттардың әр заманға сай сыры ашылып, өркендеуі де сөзсіз яғни әлем өсіп кеңиді деген рұқтық қуаттарды көбейтіп, өсірумен байланысты. Яғни барлық жаратылыс рұқ-сөзден пайда болып қатты заттық нәрселер күнәмен, қара қуаттармен жаратылса, оларды тазартып ағартқан сайын көлемі де ұлғайып, жұмсарып жарыққа айналып, әлемнің жаңадан пайда болатын мүлкі де көбейе бермек. Әрине бұл еліміздің өз салт-дәстүрінен ажырамай жан өркениетін, сөз әдебін, ұлттық мәдениетін сақтай білгенде ғана осындай әлемге қуат қосатын рухани көшбасшы елге айналуы керек еді. Бірақ қазақ елінде де ұзақ ғасырлар жан ғылымы, ар білімі қалыпты болып, әлемнің рухани биік елі болып саналғанмен де, білімділіктің маңызы болмай, ал әйелзаттары білімнен ажырап, соның нәтижесінде өнер-білім өркениеті әлемінде мүлде төмен жабайылық деңгейде қалып қойғанымыз да жалған емес.

Еркектерді қандайда бір әлемдік біліммен жалғап, ғұлама қылғанмен де әйелдердің жаны мұны қуаттап отыруға лайықты болмаса, онда елдік деңгейіміз жетелмейді де, мұнан түрлі сынақтар мен аштық, соғысқа апарып соқтырады. Сондықтан заманға қарай әйелдердің білімді меңгеруі де міндетті деп білген европа елінің біздерден әлде қайда рухани биік деңгейде тұрғаны, ислам елдерінің осындай діннің мұрагері болса да олардан дамуда төмен және арап елдерінің бүлікшіге айналуында да осындай қасиеттіліктің жетілмей қалуымен байланысты құпия сыр жатыр. Алайда әйелдеріміз білімді болған сайын, әр түрлі салада қасиеттілікті дүние тұрғысында меңгеріп алмағанмен жанды сақтау, көбейтумен байланысты ар-ұяттылықтың да сапасы артпаса, яғни заманға қарай бейімделмесе, онда қасиеттіліктің жандық тұрғыда жетілмей, тектілікке жан қуат қоса алмайтын болып, жаппай перілікке айналумен, білім-өнер, шаруашылық артып, жеңіл тұрмысқа бейім қоғам қалыптасып, бірақ рухани тұрғыда азады, еркектер жаппай етекбастыға айналады.

Еркектер тек ағашының діңі ұлттығымыздың сипаты болса, ал әйелдеріміз оның жапырағы, тамыры болуы керек. Енді қасиеттілікпен рухани тұрғыдағы ар білімін меңгерумен жан ғылымы да өркендеп, ата текке беретін діл қуаты артып, ер азаматтардың ұлттық мирас аманаттарын, жүктерін меңгеріп тағдырларын тазартып әйелдерге қорған болып, онан әрі қарай бүкіл әлемді меңгеруге рухани көшбастаушы ғылымды елге айналуға жол ашылмақ. Мұндай жағдайда өмірге киелі текті номадтық тұрғыдағы ұрпақтар келтіруге жол ашылады. Демек қандайда бір діннің ғылымының сипаты өмірге келген ұрпақтардың тектілігімен көрінісін беруі шарт.

Ата жолының да мақсаты осы еді. Өкінішке қарай бұл мақсаттың туын ұстаушы еркектердің болмауынан; «Қатын бастаған көш тозады» деген жағдайға түстік. Оған себеп қазақтың қан тегіне сай әйелдердің қасиеттілікті меңгеруі артып, бірақ пайғамбарымыздың өсиетімен; «Егер мен Алла тағала атынан үкім беретін болсам, онда әйелдерге еркектерге сәжде жасауды бұйырған болар едім» дегеннен ғана перілікпен күресе білудің негізгі қағидасы пайда болар еді. Керісінше ата жолында қасиеттілікті меңгерген қатын, қыздарға еркектердің сәжде жасап кетуіне апарып соқтырғаны да ашық белгі болуы сөзсіз.

Мұның себебін аятта; «Мұхаммед егер мүшірік әйелдер қол, аяқ арасынан жала жаппауға уәде берсе онда қабылда» деген аятқа да назар аударсаңыз қазақ елінде қол аяғынан және тілінен жала жаппайтын әйелді (арсыздарды мүлде былай қойғанда) ата жолында қасиеттілікті меңгеруге тұрғандардың да арасынан күндіз май шаммен іздеуге тура келеді. Бұл сынақ жаннатта жүріп те шайтанның салғанын, көрсеткенін Құдайлық аян деп қабылдап Адам атамызды азғырып, нәпсінің қуатын көбейтуге мәжбүр қылған Хау анамыздың сынағы, енді барлық тақуа қасиетті әйелдерге тән жанаттың да кедергісі болмақ.

Бұл енді «білгіштік» деген дерт әйелзатының даналығынан (11 қабырғадан) белгі және ол біліммен, қасиетпен жалғанса, онда көрінбейтін, пенделік ақылмен анықталмайтын Құдайдың өзіне ғана белгілі қасіретке айналып алады. Мұндай қасиеттілер өздерін елден биік санап, олар туралы аруақтан дерек алуға түрлі айла тәсілдермен жасырып, ал кемшіліктерін көрсетіп дәлелдегенмен де оған мойынсұнбай да Құдайдың өзі мені қорғап тұр деп түсінеді. Яғни өзінің білгенінен басқа нәрсе жоқ, қандай сөзді де қабылдауға қарсылық білдіреді. Сол үшін де ата жолының қасиеттілік, тектіліктің үлгісін қалыптастарумен, Құдайдан ашық шындықты жеткізетін қауымды, топты қалыптастарумен ғана Құдайдан сынақ түсуіне жол ашылып, бұндайларға тосқауыл бола аламыз. Сондықтан да өзін тануды және кісілікті жетілдіруді қолға алған, жындылықта қуатты еркектермен, оларға сөзсіз бағына білген қасиетті тақуа әйелдерге ғана келесі тақырыптардағы баяндалатын Раббымыздан үйренген сөзіміз, тәжірибеміз түсінікті болмақ. ..(жалғасы бар Қыркүйек 2018 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *