XIII-Құран және қазақтың сөз ғылымы, ақыл мен парасат негіздері

Бөлім: Сұхбат әдебі және діл білімі 140

     Егеменді қазақ деген дербес өзінің ата заңы бар, рухани еркіндігі  бар ел болдық дегенмен, бірақ оған жете алмағанымызды құдай бізге Путин мырзаның аузына сөз салып сынақпен ескертті де.  Сондықтан Путинге де қазақтың естілерінің атынан рахмет айту да керек. Біздің жаны өліп қалған жетесіз ел басшыларының жалған намысына түрткі болғанына. Жалған дейтініміз Ар деген санадан биік тұратын Алла тағаланың біздің бойымыздан сегіз сипатының бейнеленуі болады.  Мұндай арлы адам баласы алды артын болжап, дін-дәстүрдің бұзылмауын ойлап қана намыстанып  амал қылады.      Сонымен қазіргі қазақ қауымының өре түргеліп намыс қылып, мұндай амалды бастап кеткені де намыс, бірақ ғылымсыз білім тұрғысында ғана жындылықпен, жалғандықпен байланғанды. Бұл кемістікті толтырмақ болып Керейхан мен Жәнібек бабамыздың Қазақ деген атауды әлемге жария қылған күнінен бастауды жөн көрді елдің іс басында тұрғандар.

Ал бұл жағдайды, «Отауын сайламай, …басқасын сайлайды» деген қазақта. Себебі біздің ата заңымыз, бүгінгі елдік салтымыз ондай ата дәстүрінің, тектіліктің жалауы болған жағалы әулиелерге лайық емес екенін де ойлайтын естілер аз ғана. Сонда да болса, біздің ел билеуші мен зиялы атты қауымның ғылымсыз біліммен ғана ақылдары негізделіп, сол бұрынғы ескі ізден әзір шыға алатын түрі жоқ екенін тағы дәлелдеп бағуда.  Қазақтың дәстүрі бойынша зиярат басын тауып, белгі қойып құран оқылмай, ас беріп той тойламаған. Егер мұндай жағдайда жағалы бабалардың басын Құдай білдіріп көрсетпесе, онда ұлықсаттың берілмегені деп түсінгенді. «Өткенді түгелдемей — болашақ жоқ» деген даналықта. Және енді құрметіміз осы дегендей тастан мүсін жасап, соған барып гүл қойып, бабалардың қастерлеп ұстанған арын, дінін мазақ қылумен аяқталуы да хақ. Ғылымнан, ақиреттік өмірден хабар болмағанның өзінде, білім тұрғысында осы менің өлі гүлімді өлілер қай қажетіне жаратады, онан не пайда көреді, қандай қуаттық алмасу жалғану болады деген де мектептік білім тұрғысындағы ақылдың болмағанына да таң қаласың. Малдың соңында жүрген, білімі жоқ атал-аналарымыз  құран оқи алмағанда зират басына құстарға, құрт-құмырсқаға дән шашып, қайырымдылық арқылы құдайдан жәрдем сұрағанның өзі ақылға да ғылымға да лайық болар еді.

      Біздердің ата жолында дәстүрлі аманатымызды ақтауға тырысып, құдайдан хабар алуды меңгеруді жетілдіріп ізденіп жатқанымыз да жасырын емес. Осындай хабарлардан осы ата жолы кітабының, ата-бабаларымыздың жасырған құпия сақтаған білімдерінің халыққа жариялануына да себепші болдық. Сонымен бірге жағалы бабалардан хабар алуға дейін(жеті жүз жылға, жеті жолға жалғану) тарихаттық тұрғыда жалғанып мұны ел билеуші, зиялы ой жорушы, біліміне мас болған қиялды қауымға қанша ескертіп баяндағанмен, тыңдайтын құлақ, түсінетін жүрек табылмады. Сондықтан да елімізде қияметтің оқиғасы айдан айға, жылдан жылға артуымен, ақырзаман үкіміне әкеліп тірелгенін біздер әзір түсіне алмаймыз. Енді біздер түсінбеді деп құдай өз үкімін тоқтатып, жеңілдік береді деген де қате. Болашақ ұрпақтар біздердің мұндай надандықтарымызға, ғылымды алмай халықты азғындыққа ұшыратып, білімді ғылымға балап олардың болашағына да орасан зор нұқсан келтіргенімізді қалай бағалайды?

     Парасаттылықтың ірге тасын бір ақыл жетелікпен,  анамыздан алған  ақ сүтімен, қан, ділімізбен байланысты болған жеті киемен жанымыздың жалғануымен; Қырық қожамызды (қырық шілтен) қырқадан асырумен, жер ана рұқымен табан арқылы жалғанумен ақылдық қуатымыз яғни түсіну қабілетіміз болса, ал сананы  төртеуімізді түгелдеумен, төбедегі көкті бағып, иман-кітабы болып келетін тоғыз кісіліктің қуатын құдайдан ғана алып жетілетінімізді білген жөн. Алдыңғы тарауда адам баласының әлемдегі барлық өзгерістерді, құпия сырды түсіну үшін жүректегі 200 белгісін (нейрондарды) кітап ақпараттармен жалғауы керек, мұндай жағдайда ұжданың жас бала періште болып маңдайында үш меңі бар 15 жасар деген Шәкәрім атамыздың астарлы насихатында осы 7 өріс санаға 8 қабатты ар сауытының жалғануымен 15 қабатпен пайда болатын адамзаттың тұтас жарықтық, ақиреттік денесі болып шығады деп білген жөн.

     Бірақ жүректегі бұл кітапты тазартып ашу үшін де етіміздегі 100 кісімізді  адал еңбекпен тер төгіп тазартып және қанымыздың тазалығы, қуаттылығы 4 негізгі нәсілдік белгімен байланысты, 4 періштелік қуаттарға (Жәбірейіл, Исрафил, Зулкафил, Әзірейіл) жалғанып меңгеруміз шартты. Сонда ғана әуелі үш жүзімізді махаббатпен меңгеріп, сонан кейін барлық адамзатқа тән қалған төртеуді  адамзаттың бәрін сүю арқылы ғана меңгере аламыз. Сонымен 700 белгі әрбір адам баласының бойындағы әлемнің сыр сипатына жауап болып, көрінісі жарық болып бейнеленеді. Мұндай парасаттылықтың жоғарғы үлгісін 7 арыстық қуатты толық меңгерудің үлгісін Мұхаммед пайғамбарымыз қалыптастырған да еді. Бірақ орындаған көп намаздары мен және пайғамбармызға жаратылыстан ерекше пайғамбарлық дәреже қасиет тектілігі берілгендіктен, аятта; «Әй Кітап иелері! Сендерге Кітаптан жасырған нәрселеріңнің көбін ашық түсіндеретін және көбірегінен елемей өтіп кететін Елшіміз келді. Расында сендерге Алладан бір нұр және ашық бір Кітап келді.» (5-15) деп ескерткен Раббымыз.

Он бес санның да ғылымы осы Ар білімінің негізін, Алланың бізге берген нұры «Өзі» сипаты ашық Кітап деп ескертіп тұр. Құран жалпы әлемге түскен барлық дін кітаптарының жинағы болып саналады. Інжіл, тәурат, зәбур мен барлық пайғамбарлық жазбалар сандық мәні аяттың алдында кітап болып, адамзаттың ішкі дүниесін тазартудың қағидасын насихаттайды. Ал құран жалпы бой жарықтың, сыртқы тазалықтың, рұқты меңгерудің  үгіті арап тілінде түсіндірілгенмен оның жан ғылымының насихат кітабы құпия болып, өзге тілдерге аударылғанда ғана сол елдердің сөз ғылымымен қауышып қана кітап-ғылым болып аяттардың жан сырының құпиясы ашылады. Бұл құран үгітімен қазақ даналығында берілген ашық түсінікті меңгермеген қазақтың білімді қауымының 13 ғалымының құранның аяттарының санын алдына алып, аудармасын басылымға шығаруында да, қазақтың сан ғылымының аманаты жоғалып, ал ғалымдарымыздың  саналығының өлі екеніне ашық белгі дәлел де болады. Жалпы қазақ халқы әлемде теңдесі жоқ, санадан да жоғары рухани биікке шыға білген ар білімінің мирасын алған кітаптың барлық белгісін алған құдай патшалығына енген елге жатамыз. Және бұл әрбір қазақ баласының тегінде, әйел, қыздарымыздың қанында ділден белгісі де бар.

     Барлық түсіріген кітаптарда, дін ғылымында қияметтік үлкен өзгерістің болатыны, адамзаттың өлілермен, тылсыммен ашық қатынасқа түсіп,  ақпараттық өзгерістердің хикметі мен жаратылыстық құпия сырларды меңгеріп бақытты өмірге қадам басатыны да ескертілген. Мұны аятта; «Егер оларға періштелерді түсірсек те және оларға өліктер сөйлесе де ( әулие аруақтардың бата беруі) сондай-ақ олардың алдына әр нәрсені жинасақ та олар нанушы емес. Әрине Алла қаласа басқа. Бірақ олардың көбі білмейді.» (6-111) Енді бұл хикметтің қазақ жерінде басталғанына да 18 жылға толды да. Мұндай құранда берілген ашық аяттарды жалғанға санап, халыққа ашық қарсылық үгіт жүргізуге біздің барлық масһабшы, дін ғалымдары, зиялы білімді қауым мен ел биліктің де қарсы саясат ұстануына не себеп болды? «Бір»-деген ұғымының Алла тағаланың ғылымы, кереметі, өмірі болып бейнеленуін, бұл бірді мәңгілік «МЕН» жанды меңгерумен ғана әулие-әмби болып, осы кездің өзінде зиярат бастарынан халықтың рухани қуат алып жатқанына ашық жала жапсырғанды дұрыс деп қабылдайтын жағдайға қалай жеттік?

      Қазақ халқының кітап берілген, даналықтың негізін меңгергендерге жататын ел басымыз Нұрсұлтан мырзаның сары даладан қала тұрғызып, білімді қауымның ой жоруларын теріске шығарғаны, мұның құпия ғылыммен байланысты болғанына ашық белгі болды. Бірақ ғылым тек өнермен, дүние тіршілігін меңгерумен шектеліп, оны дінмен өсірмесе ібілістің қақпанына түсіп, керісінше мұндай адамдардың халыққа да орасан зор рухани зиян келтіретін ел билеушілерге айналатынына тарихта да жеткілікті дәлел бар. Қазақтың хандық басқару жүйесінде өзіне уәзір таңдап, олардың сөз ғылымында, ақыл-парасаттылықта жетілген болуын қадағалап отыру ханның дәрежесін айқындайтын көріпкелдік  қасиет деп танылған. Әрбір ел билеушінің тылсыммен жалғанатын кітабы және оның хикметті белгісі де құдайдан беріліп отырған. Мысалы Абылайхан бабамыздың ақ бурасы, бүгінгі ел басымыздың дін басы мен имам және уәзірлерінен артық көріпкел болған. Жамандықты алдын ала иесіне ескертіп отырған. Өзін өлімнен де құтқарған.  Ал бабамыздың өзі болашақты дәл басатан болжамдарымен бірге, түс жорудың шебері болып, оны өзгертудің хикеметін де меңгерген екен. Сонда болса Абылайхан бабамыз, «Мен еліме азаттық алып бергенмен, жер емшегі мен шал емшегін емізе алмадым» деп өкінген екен. Бұл өзі білген ғылымның көзін халқыма аша алмай кеттім дегені де еді. Осыдан ұрпақтарым төрт атадан бастап бақа, шаян болып кетеді деп болжаған екен. Ал ендігі хандарымыз керісінше өз халқына құдайдың ашқан ақ бұлағын, ғылымнан сусындауға тыйым салып қудалап қарсылық көрсетіп ібілістің ұрпағы болып алғандарын мойындауға жүрек көздері ашылар да емес. Ел билікте, зиялы, дінші қауымда болмаған қарапайым жетені халыққа меңгермеді деп зорлағанмен  не пайда?

      Қандайда бір дінді де, тағдырмен алған құдайдан сый жан талабы- таланттылық кітабымызды да, өзіміздің ерекшелік өнерімізбен ібілістің қызметшісіне, ұрпағына айналмас үшін де ата-бабамыздан қалған ғибратты сөз ғылымын меңгеруіміз міндетті. Ондай болмағанда қандайда бір жетілген дінмен де, өнерімізбен де, білімділікпен де адасамыз, ғылымға ашық қарсы өмір сүреміз де. Осындай жағдайда тәуекелмен өзінің ғана ішкі кітабына сүйеніп әрекет қылған ел басшымыз әлем жұртын  таң қалдырып  ел шаруашылығын жетілдіруде жетістікке жеткені де сөзсіз. Бірақ қандайда бір қоғалыстың да, өркениеттіліктің де жұбы болып, рухани тұрғыда да қазақ еліне ғылым бұлағы ашылып, ата жолында (иманы жолдас болғай) Ақ ұл-Момбай ұлы Қыдырәлінің бастауымен қарапайым бұқара халықтың өкілдерінің рухани өлім сатысынан, ақталудан, жер анадан шығатын ойпаттардағы нұрға шомылудан өтіп, көптеген жетістікке жетіп, ақыл мен көріпкелдік тұрғысында білімді қауымға да жалған пәтуа, шығармашылықтарына қауіп бола бастады. Осындай жағдайда көреалмастық туындап, ата жолында халықтың  ақталуға берген Алла жолында жұмсаған садақасын дүние табу, халықты алдап алу, мұны құдай білмейді, құдай өлі, сондықтан хабар беріп, өлімнен тірілген пенделерімен тілдеспейді деген зұлымдықққа ел басшысын да сендіре алды. Және аурудан әдет жаман дегендей, өздерінің керемет даналығына, мүлде қателспейтіндеріне сенген ел басшыларының жетелерінің  жоғалуына да себеп болды. Сонымен заң шықты, іс бітті, оған шоқыну әлі күнге дейін жалғасып, енді елбасымыздың да бар жинаған абыройына да, от басына да, ел билеуші, дінші, зиялы атты қауымның ұрпақтарына болашағына да зор қауіптің, ақырзаман үкімінің түсуіне келіп тірелдік.

       Астана қаласы салынғаннан бері баруға сәті болмай, көбіне зияраттау барысында айналып өтіп, сыртынан ғана тамашалап көретін едік. Жақында баруға сәті түсіп, Астана қаласын аралап көріп, қазақтың түркілік ғылымның көрінісінің жоғалып, тек өнер сәулет тұрғысында әлемнің бар керемет жаңалығын жинағаны және европалық қаланың сипаты пайда болыпты. Жерден шығатын нұрдың халықтың рухани қуаттарының ошақтары орындары мүлде ескерілмеген.  Нұрлы Астана келбеті мүлде жоқ десе де болады. Түркілік сәулет өнерінің жер мен көктің арасын жалғап, халықтың ғылыммен қуаттанатын зиярат  орындары мүлде жоққа тән, ал мешіттердің өзі де ғылымға қателіктермен бой көтеріпті. Ғылымның қызыл, сары, көк және Мұхаммед пайғамбарымыздың шапағаты ашық жасылдың таңбасы, сәулет өнерлік бейнесі мүлде кездеспейді.  Және жердің есігі нұрдың орындары да ескерілмеген. Тек қана жүз жыл болған «Садуқас қажы» аталған ескі мешітте ғана нұрдың, аруақтардың белгісі келе бастады. Өкінішке орай жалаңбас, жалаң аяқ намаз оқушылар мен арсыздық киіммен, шалбар киіп, төсін, көтін ашқан қатын, қыздар ол мешітті де  жеткілікті ластап, шайтандардың ошағына айналдырып жатыр екен. Әзіреті Сұлтан мешітінің қайта-қайта төбесінің жануында да құдайдан ескертуінде де мән-мағына бар екен. Маған жеке берілген ескерту бойынша үйлердің биіктігі 27 қабаттан аспауы керек деген-ді. Бұл болашақтағы аспан өрісінің адамзатқа кері әсерін тигізбеуге алдын-ала берілген құдайдың жобасы болар. Түркілік дәстүрде мешіттің күмбезінен биік маңында ғимарат болмайды. Ал енді Астанада керісінше мешіттің төбесінен қарап тұратын үйлерді тұрғызып және олардың 35-88 қабатты болуынан да болашақта бұл 27 қабаттан жоғары тұратын пенделердің қылтамақ, өңеш, өкпе, тағы түрлі аурулармен және тазармаған шайтаннан болған жындармен жүктелеумен жандарын өлтірумен ғана өмірі аяқталады. Жаныңды өлтіріп тозаққа түсемін десеңіз онда 27-ші қабаттан жоғары тұрып өмір сүріңіз Астанаға барып… (жалғасы бар, мамыр айы 2015 жыл)

     Ата жолы жазбалары мен ата дәстүрінің насихаты, кітаптары және құран теологиясы мен Ясауи діни жолымен, қазақ әулие-әмбилер аманаттарымен танысқыңыз келсе мына сайтқа кіріп көріңіздер;   http://btk.atazholy.local/

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *