XIV-Құран және қазақтың сөз ғылымы, ақыл мен парасат негіздері

Бөлім: Сұхбат әдебі және діл білімі 124

Қазақ дәстүрінің аты бар, жалпы сипаты бар, бірақ ішкі сыры – дініміздің жетістігі мен ғылымдық маңызы бүгінгі таңда жоғалған десек жалған емес. Қазақ дәстүрінің туы; «Өлі риза болмай тірі байымас», «Үш байлық»,  «Төртеу түгел болса төбеден келеді, алтау араз болса ауыздағы кетеді», «Ақыл алтыда, ой жетіде», «Жетесізге жеті айтсаң да түсінбес, санасызға сан айтқанмен түсінбес». Біздер түпкі жаратушы Аллаға ешқандай құлшылығымыз да жетіп және қандай зиянкестік, қарсылық қылғанмен, ешқандайда зиянды әсер бере алмаймыз. Сондықтан Алланың барлық әлемді баураушы жоғарғы орын екені; «Ол азап биік дәреже иесі Алладан. (3) Ол жоғарғы орынға періштелер және Жәбірейіл мөлшері елу мың жылдық бір күнде шығады» (70-4).  Сонымен Алланың біздердің жалпы жер әлемінің жаратылыс тағдырын 50-мың жылдық мөлшермен жаратып беріп қойған. Ал енді «Өзі» сипатын «ОЛ» -жалғыз деп атап, оның үш түрлі белгісімен; Рабб, Алла тағала, бір Алла деп атаймыз. Және Алланың барлық жаратқан тағдырын, күш, қуатын Тәңір деп атап, онан басқа тәңірдің жоғына да куәлік береміз.

Біздердің меңгерген біліміз, ақылымыз, оны өсіретін иманымыз және иманды өсіретін ілім-ғылымымыз  Алланы тану үшін деп аталып, ал Алла деген біздердің ұғымымызда жаратылыстық мәлім болған және әлі сыры ашылмаған барлық қуаттардың сыры мен уақыттық, тағдырлық қозғалыс қуаттарды танып, біліп және оны басқара білумен де көрінісін табуы керек. Алланың Өзіне яғни «Маған» құлшылық қылу дегеніміз де біздің өзімізді-өзіміз  сана қуатын меңгеріп кемелдікпен басқарып қана қоймай, әлемдік тұрғыдағы қуаттардың жүйесіне қосылып және оны басқару қабілетіне ие болумен «Ол»-ға яғни бір қуаттық жүйеге-Бір Алла сипатына қосылуымызбен байланысты болмақ. Сондықтан да Алланың қалауы өзіне ұқсас «Бол» деген белгімен жаратыламыз. Ол-Алланың өзі жоғарғы орын-жұлдыздармен тікелей байланысты болып біздің меңгерген рұқымыз Жәбірейілдік қуатқа айналып, ал жанымыз періште болып «Біздерге», яғни Бір Аллаға қосыламыз. Әлемдік жүйеге қуат қосу деген осы болады. Сонымен Алланың Өзі-Мен болып, әрбір пендесінің ішіндегі нұр жарық, мәңгілік өмірдің кепілі шамымыз болып тұрады. Аятта; «Сендер жерде де көкте де Алланы әлсірете алмайсыңдар. Сондай-ақ сендерге Алладан өзге не дос не жәрдемші жоқ.(22) Сондай Алланың аяттарына әрі өзіне қауышуға қарсы келгендер; міне солар, рахметімнен күдер үзді. Сондай-ақ олар үшін күйзелтуші азап бар.» (29-23)

Сонымен Алланың өзі әрі жолы – ғылым сөзі, аяты  болған Алла тағалалық 8 сипаттың алғашқы үш сипаты; «1.Өмір, 2.Ғылым, 3.Құдіреті»  «БІР» қуатқа, шындыққа айналумен Адамдық болмыспен бейнеленген Алланың достары болған; жоғарғы періштелік дәрежемен бейнеленген пайғамбарлар, елшілер, әулие-әмбилері болып саналады. Алланың аяты – рұқы, сөзі, әрі біздің төбеміздегі жолдарымен жалғаушы қызыл түсті қуаты, ғылымы, тіл білімі болып (қызыл тіл) аятта; «Әй кітап иелері! Діндеріңде артық кетпеңдер. Алллаға байланысты шындықты айтыңдар. Шынайы түрде Мәрйем ұлы Масих Ғиса, Алланың елшісі әрі Мәрйемге жалғастырған сөзі  және Алла тарапынан рұқ..» (4-171) Олай болса; «…Сондай Алланың аяттарына әрі өзіне қауышуға қарсы келгендер;» деп Ғиса пайғамбар мен оның көрсеткен барлық емшілік, көріпкелдік,  елшілік істерді меңгеру мен даналық сөздеріне қарсы келумен бірге біз үш үш кітапқа (тәурат, зәбур, інжіл) да ашық қарсы боламыз, Алллаға да осылай масһаб арқылы ортақ қосамыз. Мұндай ортақ қосушылар негізінде ел билеуші, білімді қауым мен дінде ілімді меңгеруші жоғарғы дәрежелі «хазіреттер», «имамдар», «теологтар» болып ібілістің тура жолда көлденең отырып алатын ұрпақтары болып аталады.

Олай болса, діл білімнің жоғарғы дәрежесін бейнелеуші Мәрйем анамыз болса, ал оған жалғанған Алланың мәңгілік өмір беретін сөзі-рұқы  өмірге текті төрелікпен ұрпақ болып келетін болса, мәңгілік өмір дегеніміз отбасы мен әйелдерден басталмай ма? Масһабшы тәпсіршілердің, жалған дін ғалымдарының осындай құранның ашық аятына жала жауып, Алланың өзі сипаттарына құлшылық жасауға бас тартуынан әлемдегі барлық бүліктердің, апаттардың, азаптардың бастау алғанын мойындауға неге ақылымыз жетпейді? Елдің дәулетін арттырып, әлемдегі білімін және онан туындаған өнердің бәрін ғылым деп меңгерсек, мәңгілік ел боламыз деп неге әлемге жар салып, болашақта ұрпақтарымыздың да алдында масқараға ұшырайтын, Алламызға, жаратылыс себебіне, ғылымнан туындаған дәстүрімізге сөз жүзінде мойындап, іс жүзінде қарсылық жасап, негізсіз пәтуа шығарып, екі жүзділікпен айналысып жүрміз? Біздің білімді, зиялы аталған қауымның құранды; «жұрттан ұятты, құранды білмеді деп айтпасын»  дегендей ғана сырттай мойындап, ал шын жүзінде  дінге толық сенбей, меңгере алмай, имандары жетілмей, ғылымсыз адасуын аятта; «Олар: «Оны Мұхаммед өзі сәйкестендірді дей ме?» Мұхаммед: «Ондай шыншыл болсаңдар, Алладан өзге кімге шамаларың келсе шақырып, осы тәрізді бір сүре жасап әкеліңдер!»,-де» (10-39)

Олай болса діншілердің; «Шерік, серік қосу» деген пәтуаларына, Алланың өзінің адамдық болмысы болып жаратылуына осы 10-шы сүре жауап беріп және Юсып-Тұтыну қуаттары болып, аятта; «Міне сол жетімді қақпайлағанды көрдің бе?(1) Міскінді (ақиреттегі өлі туыстарын) (2)Сондай намаз оқушыларға нендей өкініш! (3)Олар, намаздарын немқұрайлы оқиды.(5) Олар көрсету үшін оқиды. (6) Сондай-ақ олар тұтыну заттарына (Юсып сүресіне) тыйым салады.» (107-7) Адамзаттың оң жағы осы жер бетіндегі көрнеу, көмес дүниемен байланысты дүниелік өмір болса, ал сол жағымыз тозақпен, көкпен, ақиреттің ғайып қуаттарымен байланысты болады.  Ақиретте тозақтық болып, жандары көтерілмей артынан іздеушісі болмағандарды «СОЛ ЖЕТІМ» (қазақта; сол жетім деген жыраулардың шығармасы жеткілікті) деп, ондай «Міскіндерді» азықтандыратын Юсып-Тұтынушы, біздің Тоны көк бабамыз екенін де білген жөн. Зияраты Жапон елінде теңіз жағасында таудың қырқасында орналасқан. Сондықтан қазақтың нәсілі туралы; « Юныстың ғана елінен басқа иман келтірген әрі имандары пайда берген бір кент болмаған. Олар иман келтірген заманда, өздерінен дүние тіршілігіндегі қорлықты айықтырдық та, оларды бір мерзімге дейін (алтын ғасырда өмір сүргізіп) пайдаландырдық.» (10-98) Ал онда тарихта құдайдың нығметінде алтын ғасырда өмір сүрген елді іздеп көрсеңіз біздердің ежелгі ата-бабаларымызға келіп тірелетіні де хақ.

Олай болса жаппай бүкіл мемлекеттегі халқымыз иман келтірген ел болып қана, Алланың жарлығымен ғана алтын ғасырда өмір сүреміз де, бірақ ол да мәңгілікке жалғаспайды екен. Сонымен әлемге түскен азапты жағдайдың қазақ елінде ақырзаманға ұласқанын әзірге түсінетін ел билеуші, зиялы қауым өкілі саусақпен ғана санарлық болар. Онда да құдайдың ескерткен аяттарын, уахиын алып тұрса ғана. Масһабшылар мен дін исламдағы жамағаттардың; «біз намаз оқушымыз, Аллаға иман келтіргенбіз» деген пәтуаларын аятта; «Мұхаммед егер Раббың қаласа еді, әрине жер жүзіндегілердің барлығы түгелдей иман келтірер еді. Адамдарды иман келтіруге сен зорлайсың ба?(99) Алладан бұйрықсыз ешкімнің иман келтіруі мүмкін емес. Алла азапты ақылдарын жұмсамайтындарға береді.» (10-100) (110) Мұхаммед пайғамбарымыздың өзі ешкімді иман алуға мәжбүрлей алмаған, сондықтан масһабшылардың жалпы ислам діншілерінің намаз оқытып иманды болдың деп халықты алдауын да осы аятпен әшкерелеп тұрғаны деп біліңіз.

Алдыңғы тарауларда құранның кітабы  немесе ақылдың жетіспеушілігінен; « Төртеудің түгел болмауы немесе алтаудың араздығынан»  құранның   қарсылық кітабы әрбір пенденің жүрегінде болады деп баяндадық. Біздің ел басымыздың да болашаққа 100 қадам мен мәңгілік ел жобасы осы аяттармен байланысты туындағанмен, оның ішкі сырын меңгермей, имансыз, арсыз, ұлтың дәстүрін, ана тілін толық меңгертпей біліммен, өнермен, дүние дәулетпен мәңгілік ел құрамыз дегені де елді адастыруға деген ібілістің қақпанына түсумен байланысты деп біліңіз. Яғни иман келтірген елдің төртеуі түгел, алтауы араз болмай; 10 сипаты толық болып және 10 қараңғылықтан өте білген абыздық, сұлтандық дәрежеге ел билеуші, дін басқарушылары да болуы керек. Ал масһабшылардың, діншілердің және біздің ел билеушілеріміздің төрт ақылын түгелдеп, бір ақылды жұмсау түгілі ақылды қалай жетілдіріп сақтайды деген білімнің де жоғалып, ал оның негізі болған ата дәстүрін екі жүзділік тұрғысында, әлемге мақтану үшін ғана ұстануына елімізде аяттағы жағдайдың; «өздерінен дүние тіршілігіндегі қорлықты айықтырдық та, оларды бір мерзімге дейін (алтын ғасырда өмір сүргізіп) пайдаландырдық» тек қана керісінше болып жатқанын ақымақ надан ғана түсінбейді. Дүние тіршілігіндегі қорлықтардан, жазылмайтын дерт пен жындылықтан, мастықтарынан халық айықпай дүние байлықпен ешқандайда да өркениетті ел бола алмаймыз да.

    Осындай біздерден де төмен, азапқа түсіп мүлде ақылын жоғалтқан елдерден тілін меңгеріп, ғылым аламыз деп өскелең жастардың алты жанын, алты аузын  біліммен, таңбасымен көлеңке болып қоса келетін лас ақпараттармен жүктеуді армандап жүргендер ібілісітің ұрпақтары  деп қана түсінуге болады. Кім ғылымның сырын, оның қандай жағдайда меңгеріп, қандай жағдайда жоғалатынын білмегендерді, білімді қауымның өкілдерін, дін ғалымдары да ібіліс өзінің қызметшісі, жәрдемшісі қылып алады да. Астана қаласында алтын бүркіттің, сұңқардың мәңгілік ел белгісі болып, көктен келетін он саулық иманмен байланысты оның биіктігі де жоғарғы аяттағыдай 98 метр болуы керек. Бірақ ғылымның  біздердің жер бетіндегі өмірімізде ақылмен, біліммен байланысты 6 түсі: Қызыл, сары, көк, ақ, қара, жасыл болып бейнелену керек. Әрбір түстің келесі жоғарғы дәрежелі түстерег айналуы үшін 6 сатылық қадамы барын да естен шығармаңыз. Мұны қадым ілімде 6х6=36 санды Ясиннің негізі, жылдың 360 күнімен байланысты болуы да осыны білдіреді. Және төбеміздігі жолдар болып, жоғарғы дәрежелі ғылыммен, ойлау қуатымен байланысты 7 түсі (кемпір қосақ) болып барлығы 13 түрлі түспен ғылымның адамзаттың өмірінде бейнеленуі болмақ. Сонымен әрбір түстің сөзбен байланысты ой қуаты болып, қазақтың сөз ғылымы 13 белгімен байланысты және әлемде мұндай ұзын тілдің жоғын да білген жөн.

Сонымен Астана қаласындағы «мәңгілік ел» ескерткішінде біздің ақылымыздың қуатымен байланысты алты түстің белгісі болуы керек еді. Мұндай біліктіліктегі қателіктерді санап тауысу мүмкін емес, ең маңыздысы аяттағы; «Мұхаммед, егер Раббың қаласа еді, әрине жер жүзіндегілердің барлығы түгелдей иман келтірер еді…» ұғымды үш байлықпен яғни, Денсаулық, ақ жаулық, он саулықты (10-шы сүрені) меңгерумен ғана, мәңгілік өмірге қарай қадам басуға, онда да санаулы ғана ел тұрғындарына мүмкін болатын ғылымды меңгерумен ғана нәтижесін беретінін де білеміз бе? Он саулықтың таңбасы алтын құсымыз, сұңқарымыз бар да, ал ел билеушілеріміздің, ғалымдарымыздың, дін имамдардың сұңқарлығы бар ма? Ал оны меңгеру үшін, халықты мастығынан айықтыру үшін, имандылықтарын меңгеруге жол ашу үшін не істеу керек деп ойлайсыз?… (жалғасы бар, маусым 2015 жыл)

Ата жолы жазбалары мен ата дәстүрінің насихаты, кітаптары және құран теологиясы мен Ясауи діни жолымен, қазақ әулие-әмбилер аманаттарымен танысқыңыз келсе мына сайтқа кіріп көріңіздер;   http://btk.atazholy.local/

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *