XIX-Құран және қазақтың сөз ғылымы, ақыл мен парасат негіздері

Бөлім: Сұхбат әдебі және діл білімі 121

   Адам баласының адамдығының ең жоғарғы дәрежесі ешқандай жаратылыс егелеріне де, періштелерге де ұқсамайтын сипаты болып; ол сөз ұғымдарын, Алла тағаланың ғайып сипатты рұқын, түрлі жағдайларда аян, уахи белгі, кітап болып оқылған үнсіз бейнелі сөзін меңгеру арқылы оған қасиетілік сипаттарына ат (жорып)беріп, көркем сөздің қуатын көбейтіп, әлемдік қуатқа, шындыққа үлесін қосу болмақ. Ғылымның сыры біздер үшін қашанда ғайып-метафизикалық сипатта болады. Ал Алла тағаланың кереметі көмес және көрнеу хикмет, шындық (анамольды) сипатта болады. Сондықтан біздердің ата-баларымыздан бері мирас болып келе жатқан, осындай дін кітаптарындағы аятпен, ғибратты баяндарға, ойшылдық, философиялық тұрғыдағы пайымдауларға иман келтіріп, сенумен ғана ақылымыз тазарып қуаттанады. Сенімнің маңыздылығыда парасатылыққа жол ашады. Олай болса, көркем сөздің негізі Інжілге тоқталасақ; «Әуел баста Сөз болатын. Сөз Құдайда болатын. Сөз Құдай еді. Сөз әуелден-ақ Құдайда болатын. Құдай бәрін сөз арқылы жаратқан, жаратылған ештеңе де Онсыз пайда болмаған. «Сөз өмірдің бастауы болған. Сол өмір адамзат үшін Нұр еді. Нұр түнекте жарқырайды, ал түнек Нұрды жеңе алған емес.» (Жохан 1-тарау)

Алла тағаланың сегіз сипатының алғашқы шындықтың негізі; Өмір, Ғылым, Керемет болып табылады. Бұл үшеуінен негізгі өзгермейтін мәңгілік шындық деген Бір қуаттың пайда болуымен; «Әлемді шындықтан жаратқан» деп ескертеді құранда. Біздер үшін бұл сипатын; «Әрбір нәрсені жұбы парыммен жаратым» деген бұлжымас заңдылықпен пайымдасақ; (парлық үш санмен нәтижеленеді) Алла тағаланың сипатында  барлық орында, жерде, нәрселерде «Бір» болғанмен, біздердің тіршілігіміз үшін үш түрлі (жан, рұқ, тән-малдық) шындықтың негізі болады.  Және Адамзатта әлемнің барлық белгісі болғанымен, бірақ мәңгілік өмірге, ғылым, кереметіне  яғни оның бейнесі жаннатына бәріміз бірдей мирасқор болып ие бола алмаймыз. Адам атамызды да топырақтан жаратқанда, жанатта өмір сүргенімен, бірақ мәңгілік өмір, ғылым кереметті берген емес, керісінше осы шындықты, сөз-нұрды меңгеруге арнап жаратқанды. Бұл адамзатқа берілген негізгі сынақ еді. Сондықтан мәңгілік өмір сүруге деген құштарлық, махаббатының сипаты барлық адамзаттың жаратылысына тән құбылыс. Сонымен;  4. Түсінуші, 5.Естуші, 6.Қалаушы, 7.Сөйлеуші, 8.Тудырушы-бар қылушы  сипатарында шындықтың жұбын 99-көркем есімдерін жаратып және бұл шындықтың, есімдердің қозғалыс негізін жынды жаратқанды. Жын барлық жарталыстың қозғаушы, түрлендіруші қара қуаттың , кісіліктердің негізі болып, ібілістен жоғары тұрған, Адаммен тең дәрежелі және жұбы болып Алланың өзіне тән сипаты болады. Сондықтан да жын сүресі 72-сандық періштелік белгімен құраннан орын алған. Олай болса жын қара түстің қуаттың айнасы, оттан болса, ал су ақ топырақтың негізі Ақ түстің айнасы болады. Тіршілік, өмір, өлім әлемдік ғұмырдың да себебі ақ пен қараның араласуынан ғана пайда болады. Және екі түрлі кітаптың негізі (бақ-қара) болып саналды.

Алла тағала болып Алланың ақтың негізінде жаратылған жеті қанатты періштелік сипаты әлемнің жаны негізі болып табылады. Сондықтан Алла тағаланың барлық сипатында қарсылығы жоқ деп түсінеміз. Енді  (б+ақтан); өмір, ғылым, құдіретін бейнелейтін шындық сипатын –ілімді жаратып, ал қалған бес сипатында бір қуатты шындыққа айналдырып, ілім мен білімін жаратып және оған бейнелі қозғалыс беру үшін, қарсылығын жынды жараттып, жыннан білімін ібілісті жаратқан еді. Олай болса ібіліс – ілімнің қарсылығы білімді періште болып жаратқанын да жадыңызға тоқып алыңыз. Ібілістің қарадан бөлініп шыққан күлгін ақ түсті (серый) бейнесі болған еді.  Әрбір жаратлысқа нәрсесіне тән құбылыс өзнің тегіне қосылуға құштарлық әркеті болады да. Бұл құштарлықтан нәпсі болып жаратылған еді. Сонымен  жаннаттағы жасалған алғашқы күнәдан кейін ібіліс түп негізі жынан жаратылған ағашқа қосылыуы арқылы, адамға ұқсас кісілік бейнесі бар шайтанан пайда болған жындарға яғни жыныстық нәпсілік қуаттарға айналған еді. Сондықтан біздің өсіп өніп көбейіп, адамзат болып тарлуымыз үшін жын қуаты мен жынан болған шайтаның өз ара қосылып көбейуі арқылы мүмкін болмақ. Мұны ғылымда «гармондар» депр атайды. Енді Адам атамызға нәпсілік кісілігін тазарту ағарту, ақталу үшін; тәубені, шүкіршілікті, рахметін  сыйға беріп және мұнан енді адамзаттың құлшылығын дінін жаратқан еді. Барлық жер бетіндегі түсірілген діндердің құлшылығы осы үш негізбен ғана бірге айналып отырады да әрбір адам баласына жеке-жеке берілетін кітабы, жол-жобасы, құдайдың ісі, сыйы, аянмен, түстермен көрсететін кітабынан болып табылады.

Сонымен Адам атамыздан бері бұл сипаттарды меңгеруге бестің  (4. Түсінуші, 5.Естуші, 6.Қалаушы, 7.Сөйлеуші, 8.Тудырушы-бар қылушы)  алтыншысын, және алғашқы үштің  (; Өмір, Ғылым, Керемет ) төртіншісін табумен, жалпы 9-жолды (9-дәуір, 9-төре кісілік) меңгеру болып, Мұхаммед пайғамбарымыз миғраждан бұл үш құлшылықтың аяттарымен парыз үкімін алып, дініміз де бекіген еді. Бұл жаратылыстың қуаттарын толық меңгеріп, Алла тағаланың ұқасы сүйікті құлы болуды; «Төртеу түгел болса, төбеден келеді, алтау араз болса ауыздағы кетеді», «Қырық қожаны қырқадан асырмай, тоғыз төре (9-жол, кісілік) төбеден келмей текті болмас»  деген сөз ұғымымен негіздеген біздің түркілік бабаларымыз. Олай болса, тура жол дегеніміздің шарты осы болмақ!

Ал енді тегіміз, аятта; «Әй адам баласы! Егер өлгенен кейін тірілуден күдіктенсіңдер, әрине біз сендерді (1)топырақтан сонан соң (1)жыныстық тамшыдан, кейін ұйыған (3) қаннан тағы бейнеленген, бейнеленбеген кесек еттен өздеріңе тектеріңді білдіру үшін жараттық…» (22-5) (110) Олай болса біздің өлімге арналған тегіміз бен өлмейтін тегіміз әр адам баласының өзінде өмір сүріп жатыр. Және үш тектен ағаштан жаратылып, екі аралық көк пен жер арасындағы үш тегімізді меңгеріп, төбеден келетін үш тегімізді жүктеп алып, бұлардың әр қайсын Алланың БІР сипаты арқылы жүйлеумен 4х3=12 санды жүйеміз тектілігіміз «Юсып-Естілік» болып баспен байланысты жанымыздың тегі шығады. Бұл негізгі текті меңгеру үшінде алдымен тектіліктің де жұбы болған және  алты жан негізімен, алты ауызбен, сезімідік қуатармен байланған яғни бес қуаттың негізін; «4. Түсінуші, 5.Естуші, 6.Қалаушы, 7.Сөйлеуші, 8.Тудырушы-бар қылушы» сипатарында да үш құлшылықтың қасиетімен дәрежелеп 18-мың ғаламдық қуаттарды меңгереміз.  Сонымен екі түрлі жағдайдағы естілікті «Бақ қарасын, қыдыр дарысын» деген нақылдың негізінде мәңгілік өмір сүретін  «Кебенегімізді» , бой жарық денемізді жаннат үйіне айналдыра аламыз. Бұл жаннатық үйміз көтен орын алғанда ғана, жұлдыз болып біздің тек ағашын өсіріп жинаған естілігіміз, санамыз  бізді бақылап тұратын арымыздан жарық болады.

Бұл қуаттарды бірліктердің сырын, қуаттардың ғұмыр кітабын, ұрығын; Мұхаммед-(11-111) аятпен махаббаттың негізі «Сүйіспеншілік» бейнесі «Махаббат» болып бекиді. Аятта; «Мұхаммед күдіксіз Раббың; олардың барлығының істегендерінің бодауын (ғұмыр кітабы, тегін) әрине, толық береді. Өйткені Ол, олардың істегендерін толық біледі.» (11-111) Егер сан ғылымынан хабары бар болған адам баласына; 11; 111 сандырның өзі барлық сауалына жауап берер еді. Қарапайымдасақ;11-санын даналықпен, 111-саны наныммен, ділмен, зікірлік,  яғни есті жетілдірумен байланысты болады. Біздердің құлшылығымзда Алланы еске алу деген ұғымының өзі осындай бой жарығымздың, ар сауытымыздың жарығы толық болғанда ғана Алладан берілетін ғылымдық иман қуаттарын жүрек арқылы сіңіріп, бойға жарық, иіс қылып жазумен белгілі болады. Алланы есімізге яғни саналық өрісімізге жазу үшінде ақылдың жетілумен, бір естілік даналықтың қалыптасумен де нәтижелі болмақ. Ол үшінде адам жасының қырықтан асып, білім, ілімен меңгерген жинаған қазынасы төрт ақыл қуатының амалға айналдырыумен ғана іске асады да.

Олай болса, пайғамбарымызға берліген (11-111) –ші аятқа сүйенсек, адамзаттың жер бетіндегі өмірінде Алла тағаланың сипаттарының ұқсасы болған шындықтың — махаббаттың да үш түрлі бірлік сипаты;  үш жүзі, міндеті меңгеруге тиісті кісілігі пайда болады. Оның екі жүзі жүрекке жазылатын кітап нейрондар болса, бір жүзі адамзаттың жүз бұлшық еттермен байланысты деп түсінген жөн. Қазақ халқының үш жүзге бөлініп таңбалануының өз әлемдік қуатпен байланысқа түсуге негіз болады.  Абай атамыз; «Әй, не болсын!…Жүз қараға екі жүз кісі сұғын қадап жүр ғой, бірін-бірі құртпай, құрымай тыныш таба ма?»( (24-сөз) деген астарлы насихаты осы жағдайды ескертіп тұрғаны хақ. Себебі біздің жер бетіндегі шындық-махаббатымыздың  ібіліс біліммен үш сипатты қарсылығы пайда болып, яғни үш түрлі қуаттардың жүйесін  99-сипаты белгілермен меңгеріп, Алланың жүзіне айналдырумен құлшылығымыз, өмір тіршілігіміз мәнді бақытты болмақ.  Енді Абай атамыздың; «Махаббатпен жаратқан адамзатты» деген өсиетінен «Махаббат-шындық» -«Бір» деген ұғымы Алла тағалаға ұқсастық шама бір еспен бірлену болады . «Әй жын мен адамзат тобы! Көктер мен жердің шектерінен өтуге шамаларың келсе, өтіңдер. Өте алмайсыңдар! Бірақ бір қуатпен өте аласыңдар.» (55-33) (88) Сонымен біздердің құлшылығымыздың нәтижесі жынымызбен бірге Бір қуат-Шындық-Махаббатты меңгеріп,  өзіміз орын жарық сарай алып, немесе жанды басқарушы жұлдыздарға, Алла тағаланың көркем есімдері «Бізге» жаннатына қосыла аламыз.

«Бір Аллаға құлшылық қылу», деген ұғымының өзі біздің жаратылыс негізгі тегімізді тауып, махаббатпен көбейтіп, барлық әлемдік қуаттарға жалғанып, біртұтасқа айналу мен Алланың досына, құлына айналумен нәтижеленеді. «Әрбір нәрсені жұбы парыммен жаратым» деген Раббымыз. Алла тағаланың барлық сегіз сипатын біздің ақылымызбен; «БІР», деп түсінеміз. Себебі барлық сипатында да ғылымы мен кереметі бар.  Бұл Алла тағаланың сипаттарының біздің жер бетіндегі тіршілігімізде ұқсасы болып, Адам атамызбен Хау анамыз жаратылып және ібілістік біліммен ақылға қарсылықтың , сонымен бірге жын қозғалыс, желдіңде қарсылыққа айналған жүйесі болып үш түрлі қарсылығы бар 99-сипаттық шынды меңгеруге тиістіміз.  Сонымен біздерге үш жүзімізді толықтырып, төбедегі Алла тағаланың «Біз»-«Бір» қуатымен  жалғанып жүзіне айнала аламыз.Және Алла тағаланың ғылымы, кереметі (хикметі)арқылы әшкере болса, біздер кереметін ақылмен қабылдап және оның қасиетілік тұрғысында  ғылымын ақыл , иман қылып меңгеру арқылы, бір естілік, парасатылықпен ғана мәңгілік өмірге де жалғана аламыз. …( жалғасы бар. Маусым 2015 жыл)

Ата жолы жазбалары мен ата дәстүрінің насихаты, кітаптары және құран теологиясы мен Ясауи діни жолымен, қазақ әулие-әмбилер аманаттарымен танысқыңыз келсе мына сайтқа кіріп көріңіздер;   http://btk.atazholy.local/

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *