XV-Құран және қазақтың сөз ғылымы, ақыл мен парасат негіздері

Бөлім: Сұхбат әдебі және діл білімі 122

(Әлемдік дін басылары мен қазақ дін- дәстүрі бас қосуына арналады)

«Әуел баста Сөз болатын. Сөз Құдайда болатын. Сөз Құдай еді. Сөз әуелден-ақ Құдайда болатын. Құдай бәрін сөз арқылы жаратқан, жаратылған ештеңе де Онсыз пайда болмаған. «Сөз өмірдің бастауы болған. Сол өмір адамзат үшін Нұр еді. Нұр түнекте жарқырайды, ал түнек Нұрды жеңе алған емес.» (Жохан 1-тарау) Адамзаттың ақыл, парасат, саналық қуатының өрісін жетілдіретін ғылым деректері болып саналды. Сондықтан біз ғылымға сүйеніп жерді айналады, әлемдегі барлық планетелар күн жүйесіне бағынышты қозғалады дегенге сеніп, өзіміз мұны көзбен көріп анықтай алмасақта соған сүйене отыра білімізді жетілдіріп отырамыз. Егер ғылымның мұндай деректеріне, жүйесіне бағынбасақ, онда білімізде қайшылықтарға түсіп ,өзімізге зиянды әсерлермен әрекетке айналады. Сол сияқты, ғылымның да жұбы, пары болып, біз адамзаттың жаратылуының ғылым дерегіне сүйене алмасақ, онда саналығымыз, парасатылығымыз жетілмей, қарсылық жүйеге байланған білімен, ақылымыз негізделіп, ойлау қабілетімізде жоғалып, азғындыққа қарай бағыт аламыз. Адамзаттың рұқ, жан және оған қызметші ақыл,ой қуаттарының, ар ұятылық өрістерінің біздерге біліммен анықталмаған жаратылыс себептерімен, қандай жағдайда пайда болып өркендейді,  немесе зиян шегеді, деген ғылым деректерін, біз тек қана дін кітаптары мен пайғамбарлар, елшілер, әулие-әмбилер қалдырған насихатарынан ғибаратты өмір үлгілерінен аламыз. Және мұндай деректердің растығын, шындығын да біз Алла тағаланың Өзінен, көмес, ғайып болған кітаптарынан оқып, біздерге білімге айналған ғылым деректерін, киелі кітап тәпсірлерін таңдаусыз алып, оның ақиқатын замандық өзгерістеріне білімге қарай анықтап отырмасақ, тағы да адасушылыққа түсеріміз де хақ.

Олай болса, әр заманның да ғылымының ақиқат деректері Алла тағаладан үнемі белгілерімен, хикметімен, кереметтерімен оқылып, оның хабарын жеткізетін пайғамбарлардың ізін қуыушы, дінде озық болушы ізбасарлары болып, оны арамызға жіберілген елшілер деп атаймыз. Исламдық негізінде қазіргі дін имамдары, ғалымдары, теолог, хазрет болып аталғандар Мұхаммед пайғамбарымыздың қалдырған сүнетін, ғибаратты үлгілерін ескертушілік ісін жалғастырушы және жалпы елшілік істі меңгеруге сапқа тұрғандар болғанымен, олардың да адасуға міндетті түрде түсетінін аятта; «Аллаға серт! Мұхаммед; Расында сенен бұрын да үмметерге елшілер жіберген едік. Сонда да шайтан, оларға, өз қылықтарын әйбет көрсетті. Сондықтан бүгін де ол, олардың досы. Оларға күйзелтуші азап бар..» (16-63) Бұл аяттың сандық мәнін және «..Сондықтан бүгін де ол, олардың досы ...» деген сөз ұғымына мұқият ақыл тоқтатсаңыз, пайғамбарымыздың кезінде де болғанын, қазірде мұндай адасушы елшілердің болуын растап тұр.

Және мұндай елшілердің әр ұлтқа, үмметтік ерекешелік болып; «Сондай қарсы болғандар: «Оған Раббынан бір мұжиза неге келмейді?»,-дейді. Шын мәнінде сен бір ескертушісің. Сондай-ақ әр елдің бір жол басшысы бар.» (13-7) Пайғамбарымыз тірі кезінде пайғамбарлық дәрежені меңгеруші, орындаушысы болғандықтан елшілік істердің (емшілік, бақсылық, кереметтерді көрсету) көбін орындамаған, арап түбегіне жол басшы ескертуші ғана болып саналған. Себебі құранды оқудың түсірудің өзі ұлы хабар және өзі ақиретткен өткенен кейінгі  миарас болып,елшіліктің жоғарғы дәрежесіне айналатын шапағатшылық ісі болғаны да хақ. Сонымен әр елдің осындай құранға, пайғамбарымызға жалғанып, оның тылсымнан уахимен көрсеткен аяттарының құпия сырын, заманға қарай оқитын ескертуші-жол басшылары да шығатына осы аят куәлікте тұр. Сонымен бірге қандайда бір мұсылманнан, мүміндікті меңгерген адам баласының  ақиреттен  ғылымнан нұрға, жол көрсетуші кітапқа жалғанып, елші болуға да мүмкіндігі болатынын аятта; «Мұхаммед саған шынайы түрде Құранды өзінен бұрынғы кітаптарды растаушы және оларды қорғаушы түрінде түсірдік. Олардың араларына Алланың өзіңе түсіргенімен үкім қыл. Өзіңе келген шындықтан айырылып, олардың оайларына еліктеме! Сендердің әрбіреулерің үшін жол-жоба қойдық. Егер Алла қаласа еді, барлығыңды бір үммет қылар еді. Алайда сендерге берген жол-жобаларыңда сынамақшы. Ендеше жақсылыққа жарысыңдар. Біртұтас бара жерлерің Алла жақ. Ол сендердің таласқан нәрселеріңді білдіреді..» (5-48) деп масһабшы, дінші ғалымдардың; «Алла пайғамбардан кейін, пенделерге уақи оқымайды, шындығын көрсетпейді, оны тек тәпсірші ғаламдар ғана біледі» деген пәтуаларның Аллаға ортақ қосып, ібілістің ұрпақтарына айналғанын білдіреді.

Құран келгеннен кейін, құранға дейінгі барлық дін кітаптары, құранның кітабы болып саналады да, олардың дұрыс-бұрысын ислам дінін құлшылықтарын меңгеру арқылы, бір тұтас үмметке айналып, және өзіміздің тағдырымызға байланысты екі сөзді; жол-жобамызды, аруақтық  ғұмыр кітабымызды алуымен байланысты, оны Мұхаммед пайғамбарымызға берілген шындық кітабынан шапағат, хабар-уақи  алумен түзетіп, жетілдіріп отырамыз. Және әрбір ұлттың өзіндік салт-дәстүрі болып, сол арқылы ғана әр пенде өзіне жол –жобасын алып, елшілік ісін меңгеруге сапқа тұрып, жақсылық істермен, қайрымдылықпен ғана өз ара жарысуымыз керек. Бұл аятпен біртұтас масһаб ұстану дегенің тек қана мешіттерде болмаса, оны діннің жолы-ғылымы қылу,жалпы ұлттық дәстүр-салтымызға қайшы екенін білдіреді. Себебі адамзаттың жаратушыға құлшылығымыз тек қана намаз оқып жалбарынумен  шектелу емес, керісінше дүние тіршілігімен, өнер, білім, ғылымды меңгеру арқылы, адамдық жақсылықтарды меңгеріп, өз ара қайыр жасаумен де намаздарын орындауы болып саналды да, ұлттық үмметік парасатылықтың көрсеткіші болуы да керек.  Осындай дау-дамайдың туындап, білімнің үстемдігі орнағанда, арамыздағы елшілік істерін жетік меңгерген және құдайдан шындық кітабын оқитын; «Оған Раббынан бір мұжиза неге келмейді?»,- деген аяттың үкімін орындайтын, мұғжизалар көрсетуге үкім алған елшілері арқылы, Алланың жанындағы «Біздерге» жалғанып; «…Біртұтас бара жерлерің Алла жақ. Ол сендердің таласқан нәрселеріңді білдіреді..» (5-48) Жоғарғы дәрежелі тақуалықты меңгеру жолдарына жалғану арқылы Алладан хабар алып, біздердің барлық таласқан нәрселерге уахидың берілетін де растап тұр.

Енді, пайғамбарлық қасиет- дегеніміз дін ғылымында, дінінің жаңадан құлшылық істерінде, ақпарттық жүйеде қосымша жаңалық, өзгеріс әкелетін арнаулы дарынды тұлғалар болса, ал елшілік қасиет— дегеніміз, бұрыннан бері жалғасты келе жатқан дін істерін, даналық, парасатылық тұрғысында адамзаттың рухани өркениетін заманның өзгерісіне қарай жетілдіріп отыратын; шығармашылық, шаруашылық, әлеуметтік өзгерістерді дін мәдениетімен, өзі ортасындағы ұлттардың әдет-ғұрып, салт-дәстүрімен жүйеліп отыратын жан, рұқ қабілеттерін жетілдіре білетін парасатты, саналы тұлғалар, ерекеше дарындылар болып саналады. Мұндай адам балалары пайғамбарлық қасиетті меңгерушілер деп 63-жастан асқан үлкендік жасқа келгендердің , және төртеуін түгелдегендердің тобынан болып саналды. Сондықтан аятта; «Ол Алла, бұл Пайғамбарды олардан басқа әлі оларға қосылмағандарға да жіберді. Ол тым үстем, аса дана. (3) Бұл пайғамбарлық (қасиет, тектілік) Алланың кеңшілігі, оны қалған құлына береді. Алла, зор кеңшілік иесі.» (62-4) Демек пайғамбарлық қасиеттті, елшілік тұрғысында меңгерудің сырын ашық баяндап және оның кез келген сүйген құлына берлітін растап тұр. Ал, Пайғамбарымызды «Әлемге нұр, шырақ түрінде жібердім» деген аяттың сыры да осында тұр. Әрбір ұлттың өзіне тән дарынды тұлғалары шығып, пайғамбарымыздың шапағатына жалғанумен; «Алланың кеңшілігі, оны қалған құлына береді…» деген үкімді орындаушы, тылсымнан, ақиреттен хабар келтіруші, уахиды меңгеруші пайғамбарлар ізбасарлары елшілік ісін меңгерушілер болады.

Осындай аз ғана құран аяттарынан мысал берумен де, қазақтың ата жолы болып; (иманны жолдас болсын!)  Ақ ұл-Момбай ұлы Қыдырәлінің бастауымен атқарылған елшілік істерді, әр бір қазақтың ғана емес, барлық ұлт өкілдерінің жол-жоба тағдыр кітабының ашылып жалғануына, және құдайдан пайғамбар шапағатына жалғанған әулие-әмилердің қызыл қуаты аруақтары арқылы хабар келтіруші аққу, сұңқарлардың дайындау ісін, бүкіл мемлекетіміздің халқының інжіл, тәурат кітабын меңгеруге, ақталу жолына ел билеушілердің, надан діншілердің азғыруына түсіп, қарсы шығып, заңмен қудалап, сотауына не себеп болған еді? Және жылда «дәстүрлі» дін басыларының кездесуін өткізіп, екі жүзділік тұрғысында, әлемнің іздеп жүрген құдай патшалығының есігін жауып көрсетпей, алдап жүргендер ібілістің ұрпақтары емей кім болмақ? Жалпы дінсіз дәстүр құралмайды. Діннің шындығымен ғана әр заманың салтық тіршілігі- дәстүр болып бекіп отырды. Және дәстүрдің міндетті түрде нұрландырушы кітабы ұлттық негіздегі рухани жетістіктерімен айқындалатын философиялық құндылықтары болуы да шарт. Және ондай нұрландырушы кітапттардың сан ғылымымен белгіленуі де керек. Қазақ халқында Ясауи бабамыздың сәни-ақыл дәптері, осыған нақты дәлел болып, ал оның түсінігі Абай-Шәкірім және даналардың, абыздардың,сұлтандардың, билердің, шешендердің, ақын-жыраулардың қалдырған нақылдары, насихаттары болып саналады.

Өкінішке орай, мұндай ұлтымыздың нұрландыру кітабын, сөз ғылымын, ойшылдықты парасат, саналықтың меңгеру жүйесінен бас тартқан, құранмен негіздеудің орынына, ақылдан тәпсірлерді биік қойғандықтан; масһабшылармен барлық дін исламның пайғамбарымыздың ізбасары болып, Алла жолында мал (рұқ қуаты) жанымен (аян, уахи, ктап алу, жанды жетілдіру, ұждандылық) соғысудың орнына, керісінше ібілістің ұрпақтарына айналып алып, сөз ұғымдарын терістеумен, өзгертумен айналысып кетті. Оған нақты дәлелдер де жеткілікті ата жолы жазбаларында баяндалып жатыр. Мысалы; жан мен рұқтың, сенім мен иманның, намаздардың орындалуы мен намаз оқудың, құлшылықпен сәжденің, шүкірлікпен тәубенің, даналықпен  парасатылықтың, құранмен кітаптың, пайғамбарлық пен елшіліктің т,б негізгі атау сөздермен белгіленген ұғымдардың барлығы дерлік шатасып, бағзы замандағы негізгі атауларға қайта оралуымен айналысып кетті. Сондықтан қазір адамзаттың негізінде жын, шайтан арқылы ғана өсіп-өніп, Адам деген мәңгі жанды, құдайлық мен-дік қасиетті, адамдықты меңгерудің ғылымы мүлде жоғалды. Соңғы Мұхаммед пайғамбар болып,  ал енді барлық пайғамбарлық қасиеттерді елшілік арқылы меңгерудің құлшылығын терістеп; пайғамбарымызды «соңғы елші» атап, Аллаға, құранына ашық жала жапқандар имам, дін ғалымы, хазірет яғни саналы, парасатты аталып, ел билігімен, зиялы атты қауымдармен қолдау тауып,  сана түгіл, жетесі кем ұлтына, тарихына махаббаты жоғалған, арсыз надандар төрге шыққан заман туып, ақырзаманға да себепші болғаны хақ. Ғылымның да негізі сөздің қадыр, қасиетін, ішкі жасырын сырларын меңгерумен байланысты, әлемді Алла ғылыммен, құдіреттімен яғни махаббат атты нұрының «ӨЗІ» сипаты әрекетімен жаратқаны да хақ.

Сонымен жаратылыстың негізі; сөз-нұры болып, бұл үш түрлі нұрдан жарықтан тұрып, оған өмірдің бастауын даналық пен парасатылықты нұрлы ақылды берген еді. Мәңгілік өмірдің иесін жаратушымыздың орынбасарын жарату үшін, Адам атамызды топырақтан,  яғни топырақ, жер судан жаратылып, ал адамды судың  негізі болған ақ жарықтан- жан қуатынан жаратып, және нұрдан пайда болған атау сөздерді ғылымын үйретіп, өмірдің барлық нәрселеріне, қасиетеріне ат қойғызған еді. Жаратылыстағы жаратушының  өзінен басқа барлық нәрсенің жұбы , пары болуы шартты болып, ақылдың, даналықтың да жұбы болуы да, жаратылыстың қозғаушы қарсылық себебі болып, оны білім деп атаған жөн. Білім қуаттының негізі оттан, жыннан болса, ал жыннан пайда болған білімнің қуатынан ібіліс- күлгін ақ түсті (серый) жаратылған еді. Ібілістің де адамзат арқылы көбейіп, жынның жоғарғы дәрежесінен де биік тұрған кісілікке жетіп, бір тұтас Адам+Кісі болып, бір қуат шындықпен, қызыл аруақ кітабымен жаннатқа бірге кіреді. Сондықтан адамзаттың жартысы- ібілістен яғни жынан, шайтаннан тұрады. Ал бұл екі арны тектік ағашпен ғана жалғап, жерден көркем сөз ағашын, шежіресін  өсірумен ғана біртұтсақа айналып иман деген жапырағын көбейтеді, жан деген жемісін өсіреді. Шайтаннан әйелдік гармондық негізде жан қуаты 11-санды сезімдік өрісіміз- Сана пайда болса, жыннан да 11-санды еркектік гармон (үн) негізінде 11-санды кісілік (қауым) бейнеміз пайда болатын құранда сан ғылымен ашық баяндаған.

Олай болса, қазіргі замандағы таланты, білімді зиялы қауымен, ел билеушілеріміздің бәрі дерлік, белгілі бір жол-жоба тағдыр кітабын алғанымен, оны сәждемен пайғамбарымыздың шапағатына, уахи, аяндар жүйесі кітабына жалғай алмағандықтан, білімсіздеріміз шайтаның жамағаты, ал оны басқарушы білімді, ел билеуші қауымдар ібілістің ұрпағы болып саналды. Себебі біз осындай талантымыз, біліміз, өнерміз арқылы дүние байлығымен, дәулетпен мас қылып, дінге қарсы тұрып, халықты дінінен дәстүрінен басқа жаққа бұруға,  тек өздернің сеңгерген біліміне ғана шоқынуға, құдайдың енді мәңгілік өмірге ие болған, пайғамбарымыз арқылы түсірген мұжизаларына ашық қарсылықты да дін масһабы арқылы орындауды әдетке айналдырып алдық. Мұхаммед пайғамбарымызға да інжіл, тәурат кітаптарының беріліп, бірақ оның намаздарын толық орындауға ол кездегі мүмкіндіктің болмай, құрмамен Ясауи бабамызға Арыстан баба арқылы аманаттап, бабамыздың қосымша мың зікірді, Аланны еске алу тәсілдерін, яғни ақылды, парасатылықты  жетілдіруді үйреткенін, оның негізінен тарихат, мағрипаттың қаланғанын, аятта; «Мұхаммед Алла тағала саған, алдыңғыны растаушы Құранды шындық бойынша түсірді. Және Тәурат, Інжілді (кітап, хадистер түрінде) түсірді. (3) Бұрын адамдарға тура жол еді. Және парық қылатын мұғжизаны түсірді. Расында алланың аяттарына қарсы келгендер үшін қатты азап бар. Алла, өте үстем, өш алу күшіне ие.» (3-4)

Сонымен інжілдік, таураттық бақсылық, емшілік, елшілік істердің бәрі Мұхаммед пайғамбарымызға берілді де, мұны жалғастырыумен ғана тура жолға түсе алатынымызға осы аятпен үкім берілген. Сондықтан құранды тек қана жоғарғы дәрежелі саналы ақылды, парасат егелері ғана түсінетін болғандықтан, және мұндай елдің барында  (4-104) аятымен ескертіп, қазақ сөз ғылымының, жан, рұқ сырларының насихаты және барлық діндерді меңгерумен байланысты; әдет-ғұрып, салт-дәстүріміз ислам әлемнің масһабтарыннан да әлде қайта жоғарғы тұруымен, тура жолға негіз үлгі болатын да білген жөн. Сондықтан дәстүр бар жерде шариғаттың , дін ісінің барлық негізгі құндылықтары қамтылғанын, сол арқылы ғана тарихат, мағрипат сатыларының құлшылықтары да дәстүр болып қалыптасып, біздің елдің кез келген тұрғыны ешқандай арнаулы сопылық, тарихаттық немесе масһабты жол қылмай-ақ, дінді жетік меңгере алады, және оны құдай паташалығы арқылы аруақтың жәрдемімен атқара алады. Бірақ бұл рухани құндылықтырдың жойылуына негізгі себепші болатын аятта; «Ол Алла, саған Құран түсірді. Оның ашық мағыналы аяттары бар. Солар Кітаптың (құранның құпия бөлігі) негізгі ірге тасы. Екінші ұқсас ұғымда аяттар бар. Ал жүректерінде қыңырлық болғандар, бұзақылық іздеп, ұқсас мағыналы аяттардың ұғымын іздестіріп соңына түседі. Оның ұғымын Алла ғана біледі. Сондай-ақ ғылымда озат болғандар: «Бұған сендік. Барлығы Раббымыздың қасынан» дейді. Бұны ақыл иелері ғана түсінеді.(7) Раббымыз! Бізді тура жолға салғанан кейін жүрегімізді ауытқытпа. Және бізге өз қасыңнан игілік бер. Күдіксіз Сен өте берегенсің.» (3-8)

Осы жазбаның алдыңғы тарауларында жүректегі кітап туралы баяндадық. Демек жүректегі қарсылық кітабы-теріс құраны барлар,  тәпсірдің мамандары өздерін; « ғылымда озық, ақыл иелері» деп санап, осылай қарапайым бұқара халыққа қиын тәпсірлік, масһабтық білімді тықплау арқылы да ібілістің ұрпағына айналып шыға келеді. Ал енді өздері меңгермей дін-дәстүрін де орындаудан бас тартумен, осындай азғырушылардың соңына ерген қандайда бір лауазымды ел билеуші, зиялы қауым өкілдері ақылға, ғылымға жүгінбей, иманынан сұрамай, сенуші яғни шайтан жамағаты болып саналды. Енді бұл сүре мен аяттың сандық мәнін ғылымын сөйлетсек, 8-сандық мән; сегіз діннен хабар берсе, және ол Алла тағаланың 8-сипатын, жындық, малдық қуат 8-түрді меңгерумен, сегінші өріс Ар сауытын және  24;42 сандық мәндемен байланысты болады. Әли Ғымыран-Өмірдің сипаты, яғни ел басымыз көтерген «мәңгілік ел» жобасы осы сүремен тікелей байланысты. Бұл сүре бүкіл әлемдік нәсілдермен жалғану кілті және 3-ғылыммен нұрмен (қызыл, көк, сары) жалғануды білдіреді. Ал енді аяттан сүренің мәні; 8+3=11 санымен пайғамбарымыздың сопылық құлшылығы, адамзаттың қауымдық, кісілік, саналық белгісі шығады.

Сонымен қандайда бір уақиғалардың нәтижеленетін күні болады. Қазақ халқының ақыр заманың есігін әлемде бірінші болып ашылуына да, осындай ел билеушілердің, білімді қауымның білімге шоқынтып, ғылымды тастап, құдаймен қарсылық саясатының нәтижесі болады. Бұрынғы Мұсаға, Һарұнға, Дәуіт, Сүлеймен, Яхия, Ғиса пайғамбарларға келген мұғжизаның Мұхаммед пайғамбарымыздың шапағатына айналып қайталанатыны; «…Және Тәурат, Інжілді (кітап, хадистер түрінде) түсірді. (3) Бұрын адамдарға тура жол еді. Және парық қылатын мұғжизаны түсірді. Расында алланың аяттарына қарсы келгендер үшін қатты азап бар. Алла, өте үстем, өш алу күшіне ие.» (3-4) (7)  Жеті санды қызыл түсті аруақтық қуатпен мұғжизаныңда, және қарсы келгендерге азаптың да келетінін растайды. Тура жолға түсірілгендер; «Раббымыз! Расында Сен күдіксіз келетін бір күнде адамдарды жинаушысың. Сөз жоқ, Алла уәдесінен айнымайды.» (3-9) (12) Қазақтың мезгілі; 12-сі келіп енді тағыда әлемнің дін басыларын, ұстанған діндерін; дәстүр-тура жол әдебі деп атап, оған масһабты, Матруби ұстанымдарын жол қылып, тықпалап тағы да ата жолын сотап, қудалғанын жасырып, әлемді алдаумен өз бастарына келетін азапты еселеп артырулары да хақ…. (жалғасы бар. Маусым 2015 жыл) Ата жолы жазбалары мен ата дәстүрінің насихаты, кітаптары және құран теологиясы мен Ясауи діни жолымен, қазақ әулие-әмбилер аманаттарымен танысқыңыз келсе мына сайтқа кіріп көріңіздер;   http://btk.atazholy.local/

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *