Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-qformat:yes; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin-top:0cm; mso-para-margin-right:0cm; mso-para-margin-bottom:10.0pt; mso-para-margin-left:0cm; line-height:115%; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-fareast-font-family:"Times New Roman"; mso-fareast-theme-font:minor-fareast; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin;}
Сонымен алдыңғы жазбада бес тектің пайда болуы мен оның адам саусағымен белгіленген қазақ дүниетанымындағы философиялық түсініктің ежелден-ақ жан ғылымының рух сырларының біздің әдет-ғұрып, салт-дәстүріміздің негізі болғанына да айқын дәлел болмақ. Осы тұрғыда енді әлемдегі танымал ғылымдармен және әлі зерттелмеген жай күйлік (психологиялық) ахуалдардың бәрі адамзаттың тәнімен, рухани болмысы өрістермен және ешқандай өлшемге адамзаттың білімімен, ақылымен өлшенуге келмейтін жан атты құпия жаралыс та бар. Жан ғылымын меңгеруде қарапайым насихатын білу үшінде әуелі рухани қуаттардың пайда болуымен қалай жандық қуатқа айналып, сонан кейін адамзат денесінен орын алатынын, даму реттілігін білуіміз міндетті болмақ. Сонымен оң қолыңызға қарасаңыз алдыңғы жазбада ескерткендей;
1.Бас бармақ – жандық қуат; (Қария-Адам)-Тектілік.
2.Сұқ саусақ – қарсылық қуат; (сиыр)-Көгілдір нәсіл
3.Ортаңғы саусақ – баршылық қуат; (түйе)-Қара нәсіл
4.Кіші саусақ – ғарыштық қуат; (қой)-көк нәсіл
5.Шөмекей саусақ – жасырын қуат;(жылқы)-Ақ нәсіл
Бес түрлі тектілік белгісі болып, адамзат бұл тектерді оңнан солға емес керісінше солдан оңға қарай меңгеру тиіс және солай жаратылады да. Өмір; Ақ-тан яғни «Белоктан» ақ уыздан, өсімдік сезімдік қуаттардан жәндіктік, хайуандық, адамдық бейнеге айналу сатысынан әрбір пенденің рухани болмысы, жаны да өтуге тиісті.
Бұл тұрғыда бізде адам саусақтарының білімдік сипаттарын зерттеген ғалымдар да және әрбір саусақ іздерін, алақан сызықтарының ішкі ағзамен байланысты ерекшеліктері, т.б. түрлі сипаттағы білімдері де жеткілікті. Бұл сырларды әркімнің өз ынталығына қарай зерттеп көруді өзіне қалдырып, біз қазақ ғалымы Ғұзырхан Ақпанбек мырзаның еңбегінен мысалдар бере кетейік. Бұл еңбекте қазақ дүние танымын және әрбір саусаққа да тиісті кескінделген Платон денелері атты табиғатта көп кездесетін дұрыс дөңес көпжақтардың негізгі бес түрін бес саусақпен де бейнелеп және бұлар тек қана оң қолға тиісті болса, ал сол қол барлық ғалымдар еңбегінде сол қол саусақтарының бәрі бірдей «конус» сына бейнесімен көрсетілген. Яғни сол қолды бірлік түрінде қарастыруымыз керек. Сонымен біздің ақиреттік өміріміз сол қол болып оны біртұтас бір деп алып біз бір кісіден сол жақтан пайда болуымыз да құранда да ашық аятпен берілген.
Солдан пайда болуымыз әке белінен оң жаққа ана құрсағына өтіп қайтадан тіршілігіміз солдық өмірден басталып және біздің тағдырымыздың негізі де сол жақтан келген болмысымызға аруағымызға тікелей байланысты болмақ. Ол жағын алда қайта жан туралы жазбаларда талқылай жатармыз, бізге енді қазіргі таңда діншілердің, масһаб білімінде мүлде қарастырылмаған негізінен тарихат, махрипат ілімінен пайда болатын ислам тұрғысында көп жағдайда құпия, ал шын жүзінде бұл әлемнің өзге діндерінде қарастырылған қазақ дін білімінде нақты намаздық амалдары да болған даналықтарды талқылап көрсек. Сонымен біздің бұл жарық дүниедегі тегіміздің қалыптасуы да «шөмекей саусақ-жасырын қуат-ақ нәсілдік-Суағ» тектен басталады. Сондықтан әрбір өмірге келген бала періште, күнәсіз, ақ нәсілді болып басталып, осы ғайып періштілік қуатты қаншалықты меңгеру яғни меңгерту тәрбиесінің өзі әр ұлттың өзіндік салты, дәстүрі- діні болатыны да сөзсіз. Қазақта; «Пешенесі беспен, бесіктегі жас бала қуанады кешпен» деген мақал бар. Яғни бес тек адам баласына жаратқаннан берілген «пешене-тағдыр» екені де хақ. Сонымен бірге Ғұзырханның баяндауына жүгінсек, оң қол аймен сол қол саусақтары күнмен байланысты бейнеленген. Бұл тұрғыда қазақта;
«Ай астында төрт тек бар,
Астыңа жайған төсектей.
Аспанда жалғыз әсер бар,
Бір өзі көпке есептей.» астарлы нақылдың маңызы және білімі де осы біздің төрт тегіміз аймен, жыл мезгілдермен байланысты болса, бас бармағымыз және сол қол саусақтары күнмен байланысты екенін аталарымыздың ерте заманда да жеткілікті білімі болғанын әшкере жария қылып тұрғаны да анық жағдай. Сонымен енді бас бармақтағы екі буын екі күннің сипатын береді. Ал төрт тектің айға байланысты мезгілдің де 12 буыннан тұрып әр буындарға айлардың аттарын орналастырсақ, біздің өміріміз құлшылығымыз айға да күнге де тәуелді болуын ескертіп тұр. Негізінен төрт тек; «От, су, жел, жер» болып енді төрт түлік мал да жылқы – желден, қой -оттан, түйе — сордан (сор жердің негізі ақ топырақ), сиыр — судан деп түсіндірілген. Сонымен біздің жастығымыз жылқылық текті меңгерумен жас баланың алғашқы ересектік белгісі, сүндетке отырғызып жылқыға мінгізу дәстүрімізде осы жағдайды білдіреді. Бұл тек және «шынашақ -сегіз жақ-октаэдер-жел болып айы ; желтоқсан, қаңтар, ақпан яғни қыс ақ текпен байланысты болмақ. Бұл тұрғыда қысы жоқ экваторлық елдерде, қара нәсілділерде ақ тектің әлсіз болуын да білген жөн. Сондықтан олардың киім кию дәстүрінде де ерекшелігі болуында да осындай жағдайдан туындайды. Қазақ ұлтының негізгі киімдік салт-дәстүрі қыстық үлгіде жабық әурет жерлерін көрсетпей басты да жалаңаш ұстауды арсыздық деп білген. Арап халықтарында ақ текті меңгеруді жаздың өзінде қара киіммен ыстықтан, күннен шуақ алу арқылы киім кию дәстүрінде де осындай сыр бар. Яғни ақ текті қалыптастыру бойды жетілдірумен тікелей байланысты да болмақ.
Енді «Аты жоқ саусақ, кіші саусақ-ғарыштық қуат-көк нәсіл –Уад-қой –от-тетрадэр (төрт жақ)» Шопан ата негізі болып бұл текті меңгерудің мезгілдік бейнесі, «қыркүйек, қазан, қараша» болмақ. Және қазақта бұл тектерді меңгерудің де мүшелдік сипаты болып негізінен бес қуатты меңгеру құранда 40 жаспен аяқталып, аралық жиілігі 8 жылмен есептеледі. Қойдың басын қонаққа тартқанда басына «крест» белгісін салып, «Төрт құбылаң тең» болсын деген ырымның негізінде де терең ғылымдық сыр жатыр. Бұл көктік текті меңгеру інжілмен байланысты екенін аталарымыз ерте заманда-ақ намаз амалдарын дәстүрімізге айналдыра білген.
«Ортан қол саусақ-баршылық қуат-қара нәсіл-яғұқ-түйе-жер,сор-гексаэдр (алты жақ)» болып мұны Ойсылқара атамен де байланысты тектік болып, бұл текті қазақта бақсылықпен байланыстырған. Мезгілдік бейнесі; «Маусым, шілде, тамыз» айлары болып бұл айлардың қазақ дін дәстүрінде сапар айы, хаж болуында да үлкен мағына бар. Бұл текті меңгеруді сапар айына хажды меңгеруге байланысты болып, ал масһаб білімінде қағбамен, қажылықпен байланыстырып адасқаны да сөзсіз. Қажылық негізі Ыбырайым пайғамбарымызбен ақсақалдықты меңгерумен, оң мен солдың теңелуімен, бас бармақпен байланысты болу керек.
«Сұқ саусақ-қарсылық қуат-көгілдір нәсіл-яғұқ-сиыр-икосаэдр (жиырма жақ)» Зеңгі баба болып бейнеленеді. Мезгілдік сипаты; «Наурыз, көкек, мамыр» болып табылады. Бұл қуаттың ана сүтімен, ана тілімен байланысты қан тазалығын меңгерудің маңыздылғы және Зеңгі бабамыздың Лұқман екенін де білген адам баласы, оның 31-сүре құлшылығымен ата-анаға жақсылық жасаумен, ақыл толумен байланысты екенін түсінуі де сөзсіз. Бұл тектің 20 санды көпжақпен байланысты болуында да бұл құран аяттарының, сүрелерінің де маңызын ескертіп тұр. Құранда «Таһа» сүресінің де есту көру сезімімен байланысты болып адамдық қасиеттің толықтығы да осы текті меңгерумен тура жолды табумен насихатталады. Және сұқ саусақ пен ортаңғы саусақты ашып арасы римдік бес сандық мәнін беріп, бұл белгіні көбіне шет елдік жастардың екі саусағын көрсетуді белгі ретінде пайдалануында да ерте заманнан келе жетқан құпия сырды білдіреді. Ортаңғы саусақ Ойсылқара біздің әкелік тегіміз, сұқ саусақ анадан екі саусақты бөлектеп көрсетсек, екеуінің арасы римдік бес санын, бес қуаттың да тұрлауы бұл Алланың хикметті жаратылыс сырларынан деп те түсінуге болады. Сондықтан әкеден аманатты орындамаған, яғни шал емшегін еме білмеген, шешеден уәдені-тіл білімін де ала алмауы да хақ. Абай атамыз да бұл төртінші тектің сипатын ойды меңгеру ақылдың толуымен «Төртеуді түгелдеумен» сипаттап; «Тағдырдың жарлығын білесіңдер-өзгертілмейді. Пендеде бір іс бар жалығу деген…Бірақ осы жалығу деген әрнәрсені көрсем деген, көп көрген, дәмін, бағасын, бәрінің де баянсызын біліп жеткен, ойлы адамнан шығады. Соншалықты ғұмырының баянсызын, дүниенің әрбір қызғының ақырының шолақтығын көрген-білгендер тіршіліктен де жалықса болады. Бұлай болмағанда ақымақтық, қайғысыздық та бір ғанибет екен деп ойлаймын.» (20-шы қара сөз) Сонымен бұл жаста қырықта ақылы толмай тегін меңгере алмаса онда қайғысыздыққа ұшырап ақымақтыққа түсіп, ойын-сауық құрып барлық тіршілік мәнін тек дүние байлықпен өлшейтін қазіргі замандағы үлкендердің де жас балаша ойланатын қылығын, мастығын ескертеді.
Бесінші саусақ бұл негізгі меңгеруге тиісті жаратылыс қуаттарының әлемдік құрлымының да бейнесі екені де сөзсіз. Сонымен енді, « Бас бармақ-жандық қуат-Қария(Адам)-насыр-додекаэдр (12 жақ)» болып негізінен ғаршылық қуаттардың, күрсінің жиынтығы және екі буыннан екі күндік белгіден тұратынын да білген жөн. Бұл тұрғыда күннің ішкі алмасу жиілігі (циклы) 11 санымен, 11 жылмен байланысты өзгеруін ескерсек бұл 22 санды хаж сүресімен де айқын болып, бесінші парыз қажылық деп ислам дініндегі адасушылықтың да негізінде осындай білімді жете меңгермеуден туындаған. Бұл тектілікті меңгеруді қазақта; «Сегіз қырлы бір сырлы» деп өнермен, ұлттық дәстүрмен тікелей байланыстыра білген. Себебі негізінен аяқ, қол, бас бармақтарының саны да 4-еу «Төртеуді түгелдеу» болып, ал буындары 8 болуын ескерсек, онда бұл барлық ақылды қимыл-қарекетпен, біліммен де байланысты тектілік болып саналады. Яғни енді баршылық оң қолдық қуатты меңгерумен бірге тағы жасырын 3 түрлі сипаттарын да бірлеу керек болады. Сегіз түрлі намаздық амалдың пайда болуы да осындай сырларға тәуелді болмақ. Сондықтан қазақта тектіліктің негізгі санын; «Алтау араз болса ауыздағы кетеді» деп сөз өнер мен философияны, сұқбатты жетік меңгерумен, шешендік, билік, абыздықпен тікелей байланысты болуын ескерткен. Абай атамыз; «Атадан алатау, анадан төртеу туғанмен…» деп негізінен тектің әке рухынан 6 санымен атадан, шеше қанынан 4 санымен келетінін де ескерткен. Шәкәрім атамыз «Мұңды шал» деген өлеңінде; «…Ғылымға қанағатсыз болу керек, Бес түгіл разы болмай алтыға да. Қара жерге кіргенше қамданып қал, Шалмын деп жатып алма шалқияда. Әкеңді алып, өзіңді көксау қылып, Қан аздық қылып тұр ғой артыңа да!..» Жалпы тектіліктің беспен аяқталмайтыны, алтымен бекіп және ғылым жолында онда әрі даму керектігін ескертіпті. Енді бұл тектіліктің үлгісін Мұхаммед пайғамбарымыз 8-бен яғни сегіз жолдың басын біріктірумен мүміндіктің қазығын қағып белгілеп кетсе, Ясауи бабамыз оған түркілік сипатпен жол-жобасын қосып барлығы 9 санды текті меңгеру керек болып, он саны көктік сан және Аллаға тұтастық бірігу «екі қол» қуаты болып және оның ішкі мәні 11 жұлдызбен, екі күн және аймен, 13 санымен де атқарылатынын да білген абзал. Қарапайымдап түсіндірсек; он саусақ он қуаттық шама болып оны «Бірмен» меңгерсек 11 сандық құлшылық негізі болып, ал 8 қуаттық текті тағы да «Бірмен» меңгеру арқылы 9 сандық тәубе құлшылығы пайда болады. Құлшылықтың сонымен екі бейнесі 11; 9 болып, барлық діндердің де қасиеттердің адамдық құндылықты қалыптастыруға арналғанын білуге де болады.
Бұл бес тектің негізгі сипаттары бізге жалпылық тұрғыда мәлім болды, енді алтыншы сипатын қалай меңгеріп қандай шамаммен өлшейміз?-деп сауал қойыңыз. Қазақ даналығында мақал-мәтелде де дәстүрлік амалдарда да қандай бір тура жолдың және құран аяттарымен берілген үкімдердің, жан ғылымның және әлем ғалымдары іздеп шешімін таба алмаған қандайда бір адамның құндылық, қасиетін қалыптастыратын рухани сырлардың, ілім құпияларының табылатыны да сөзсіз. Сонымен енді Абай атамыз бұл алтыншы текті; «Қазақтың бір мақалы; Өнер алды-бірлік, ырыс алды тірлік, дейді. Бірлік қандай елде болады, қайтсе тату болады-білмейді….Ырыс алды-тірлік дейді, ол қай тірлік?…Көкірегі, көңілі тірі болса соны айтады. Өзің тірі болсаң да көкірегің өлі болса, ақыл табуға сөз ұға алмайсың. Адал еңбекпен ерінбей жүріп мал табуға жігер қыла алмайсың…» (6-қара сөз) Абай атамыз бұл алтыншы тек ел бірлігін қалыптастыртын ырыс-берекені меңгеруге жол, үлгі көрсетуді ескертіп кетіпті. Ал Шәкәрім атамыз;
Алты әңгіме оқуға жайың бар ма?
Ұсындым жаңа өспірім ғалымдарға.
Әншейін бос сөз демей ғибрат ал,
Ой жібер ішкі сырын пайымдарға.
Алдыңғы біз ел жедік обал демей,
Зарлады талай момын, талай кедей.
Нәпсі, мақтанға алданба, қарақтарым,
Үміті кім бұл елдің сендер емей.
Орыс, қазақ-адамның бәрі бірдей.
Ешкімді алалама оны білмей.
Кем-кетікке болысу-ар міндеті,
Халқыңа пайда тигіз босқа жүрмей.
Жаныңды аяй көрме жардарымнан,
Сүйткенде арың шығар арамынан.
Әйтпесе бұл өмірің артық емес,
Тәніңді топырақ басып қалғанынан.
Сонымен Шәкәрім атамыздың алты әңгімесі осы алты түрлі тектіліктің сырын меңгерумен және қандай текпен шектелгенде қандай мінез, қылықтың туындайтынын философиялық әңгіме түрінде сипаттап берген екен. Сонымен Шәкәрім атамыздың бұл насихатына жүгінсек;
1.Ақ нәсілділікті меңгеру жағдайын; « Бұрынғы заманда Асурия патшасы Асорхидон патша Лаэлидің елін шауып, қалаларын өртеп, бастығы Лэлидің өзін, тамам жақсы кісілерін ұстап алып, батырларын өлтіріп абақтыға жауып қойды. Асархидон қымбатты төсегінде жатып ертең Лаэлидің қандай азаппен өлтірілуін ойлап жатып….» сонымен ақ киімді шал көз алдына келіп тозақтың, құдай алдында сұраудың, ақиреттік азаптың сипатын көз алдынан өткізіп көрсетеді, мұндай аянды көрген патша бұл Құдайдан келген есекерту екенін, өз қателігін түсініп; «Асархидон түні бойы ойланып, ұйықтамай таң ертең Лаэлиді қалған жолдастарымен біржолата босатып, достасып сый беріп, өзі жаяу ел аралап жүріп; «адам басқа біреуге, тіпті, барша жан иесіне қылған жаманашылығы өз басына істегені болады екен, оны көзім көрді деп зарлап, ешкімге зұлымдық ете көрмеңдер» дейтұғын болды. Бұл қазақтың; «атаңа не істесең алдыңа сол келер, алдыңа келсе атаңның құнын кешір» деген ұлттық дәстүрімізге, түрлі жағдайларда да зұлымдықтардан сақтайтын ұлттық тәрбиеміз, үлгімізге мақал-мәтелдеріміз де нақты дәлел болмақ.
2. Ғарыштық қуат-көк нәсілдікке «Пан-Жи-Зан-Хан» атты өлеңмен Қытай елінің аспан асты деп бекер аталмағанын көк нәсілдік сипат осы елдің ұлттық салтына, өнер меңгеру, еңбек ету қылықтарына ұқсас болып келетінін баян қылған.
Ең бұрын қана болған қытай жұрты,
Хақанын Аспанұлы дейді ғұрпы.
Ертерек қолөнерге шебер болған,
Қолайсыз көрінсе де бізге сыры.
Аспанұлы құдайға жақын деген,
Сондықтан не қылса да мақұл деген.
«Патса сөзі-тәңірінің бұйрығы» деп,
Ол елде жол болмайды закон деген…
Шал айтты: «Көрген емен өмірімде
Сексеннен асты жасым осы күнде.
Бес жандарал өткіздім мұнан бұрын,
Бірінен бірі антұрған болды мүлде.
Біреу өлсе, біреу келер мұнан залым,
Зарлатып тағы алады елден алым.
Пекиннің жандаралы қасқырдан көп,
Екені баяғыдан маған мәлім.
Анау жастар мұндайды сынамаған
Ел бар ма ұлығынан жыламаған.
Онан- дағы осы өлмей тұрсын деймін,
Тағы біреу келгенше мұнан жаман»…
Ақтардым тауарықтың оқып бәрін,
Бабамның ісі болды маған мәлім.
Өзі өлгенше түспесін жандаралдар,
Жамандап десе-дағы қанша залым…
Көрдің бе, ел түзету қандай қиын,
Шіріткен Пан-Жи-Занның есті миын.
Басы патса, аяғы атшабарлар
Қалтаңа қалдырды ма жалғыз тиын.
Сонымен өнер-білім меңгерумен, ел басқарумен де байланысты болып бірақ естілігі кем болғандықтан халықтың зұлымдыққа түсуіне себеп болуын астарлы баяндайды. Қазіргі біздің биліктің, зиялы қауымның ел шаруашылығын, білім, өнерді меңгеруге қабілеті болып, бірақ естіліктері жетіспей тек көктік текпен шектеліп, ата-жолын, дәстүрін тозғындыққа түсуіне себепші болған жағдайды яғни ғарыштық қуатымызды тазартып меңгере алмай тек қағаз жүзіндегі білімге жүгінудің себебін атамыз философиялық тұрғыда дәлелдеп кетіпті.
3. Баршылық қуат, қара нәсіл болып, бұл текті атамыз «Ұждан» деген әңгімемен әркімге өз ұжданы аруақтары арқылы бата уахи келетінін, ал мұндай тылсымдық Құдайлық іске білімді қауымның, елдегі надан қатындардың қарсы болып ақырында заң шығарумен тиым салғанын баяндайды; «Қытай елі отырықшылыққа ерте түскен қауым. Ескі заманда қытайлар рахатты кеңшілік өмірде болған. Бай, кедей өзінше бақытты еді, бірақ бір кездерде таң қаларлық науқасқа ұшырады… Әркім ұйқысы қашып тыныш ұйықтай алмайтын болды. Оның себебі; сол кездерде ұждан (,ұят, ар) туды, яғни жер бетіне періште келді. Бұл ұждан періштесі бір нұрлы сұлу қыз суретіне түсіп, түн болғанда қытайларға көріне бастады, күндіз көрінбеуші еді. Әркім қызметі, саудасы болғандықтан, күндіз Ұжданмен сөйлесуге қолдары тимеуші еді. Бірақ күн батып, қас қарайып, көктегі жұлдыз жылтылдаған соң, Ұждан шаһардың кең көшелерін аралай бастаушы еді. Халық жұмыс, шаруасынан босап тәтті ұйқыға кете бастағанда, Ұждан байлардың сарайына, кедейлердің балағына кіріп, төсегіне жақын келіп: «Ей кісі, маған қара!»- дейтін еді. Ол сасқанынан қызды көрген соң; «Ей, қыз, саған не керек?»- дегенде, қыз ақырын ғана; «Сен бүгін не істедің? Соны анық тексеріп ойла!» -деуші еді. «Мен не істеппін? Бөтен, бұзық еш нәрсе істегенім жоқ» десе, ол қыз; «Әбден түсініп, ақылыңды жиып ойла!» — деуші еді. Ол кісі ойланып, ойына түскен бір ісін; «менің сүйткенімді айтамысың?» дегенде ол қыз көрінбей кетуші еді. Сонан кейін ол кісінің көңілі алаң болып, тиышсызданып түні бойы ұйықтай алмаушы еді. Ұждан қыз үйден үйге қыдырып, әлденеше мыңдаған қытайларды ұйқысыздық дертіне ұшыратушы еді. Сол уақыттың дәрігерлері бұл ұйқысыздық оба науқасына қарсы неше түрлі дәрі жасап ем қылса да, не апиын, не наша, не көкнәрі сияқтылардың түк пайдасы болмады.
Сол өлкенің ең ақылды адамы Син-Лу-Жи бай жақсы кісі болса да, ол бұл науқастан аман қалмады. Бұл байға әркім борышты болғандықтан, бірталай адам оған борышын төлеу үшін қызмет қылушы еді. Егер борыштылардың бірі харакет қылмай борышын төлемесе, не біраз бидайын ашыққандықтан ұрласа, бай оны мейлінше сабап қатты қинаушы еді. Әрине ол оны басқаларға Ғибрат (сабақ) болсын деп істеді… Бірақ түні бойы жалғыз жатқанда, байдың ойына әлдене ойлар келуші еді. Мысалы, «пәленше неге ұрлық қылды?» «жейтін тамағы жоқтықтан», «тамағы неге жоқ?» «Бар бидайын аласым үшін мен алдым», бай осындай ойларды ойлап жатып, кейде күліп те жіберуші еді; «Қызық-ау, ұрлықты ол қылады, ал оның аш қалғанының обалы менде сияқты!» — деп. Сүйтіп байдың да ойы бөлініп ұйықтай алмайтын ауруға ұшырапты. Қанша ойласа да бұған ем таба алмай, бір күні бай қатын-бала, туысқандарын жиып алып, елден жиған малдарын, жерлерін өздеріне қайтарып, садақа беретінін айтты. Мұны естіген қатын-бала, туысқандары зар жылап: «Ұйқысыздық дерті байды ақылынан адастырды»,- деп, оны емдетуге қам жасады.
Дәрігерлерге, қала бастығына білдірген соң, «Бай ұйқысыздық дертінен жынданып кетті» деген хабар әр жаққа тарайды. «Мен де ұйқысыздықтан өлетін болдым» деген бай, кедейлер саны көбейе бастайды. Қауым бұл науқастан қатты қорықты. Уақытындағы ұлықтар қызметін жөндеп бұрынғыдай жолмен жүргізе алмай жаман састы.
Патшаның уәзірлері, бақсы-балшылары көп кеңесіп, бұл науқас түнде келіп әркімді тынышсыздандыратын Ұждан деген қыздан екенін анықтап, амалын таба алмай отырғанда, сол қаланың ең ақылды қариясы ойларына түсті. Қарияға барып; «Ей, атамыз! Дүниенің бейіші қаламыз ойран болып барады! Бізге бір шара, жәрдем қыла көріңіз!» деп аяғына бас ұрып, патшаның жіберген сыйларын ұсынды. Қария бұлардың сөзін әбден ұғып, ойланып отырды да; «Қорықпаңдар балаларым! Мұның емі оңай. Ол қыздың жолын бөгеп, оны келтірмеу керек. Сонымен жұмыс бітеді»- деді. «Ұқтық! Бірақ ол қыздың жолын қайтіп бекітеміз? Ол қыз бекітулі есіктен, биік қорғаннан, көпірсіз, өткелсіз сулардан қалай болса солай өтіп үйге кіреді»,- дегенде қария; «Оның амалы тіпті оңай! Заң, закондар жазып, оны баптарға бөліп, әркімнің не істейтінін, не істемейтінін ақ қағазға қара сиямен жазып, бекіту керек. Ол заңда әр адамның қылар ісін дайындап, соған қарап іс қылуға міндеттендіру керек.
Сөйтіп, әркім қылар міндетін, әм қылмайтын ісін біліп қоюы керек. Көп қауымға мұны сөйлеп, оқып отыруға, басшыларға заңшыларға ерік беру керек. Олар қауымға үйреткені үшін ақы алып, сонан соң бәрі сол заң бойынша іс қылып рахат ұйықтайды»,-деді. Сонда олар молдасы бар, әкімі бар, ұлығы, ғалымы бар жабылып зәкүн дайындауға белсеніп кірісіп кетті. Тағы әкімдердің басын қосып өздері қарар қабылдады; «Бұл жазылған заңды әркім білмейді, елдің қасиетті заңшыларына елдің ұлықтары білмегендерге қаратып тұрсын! Қырық кітап тегін ақтарылмайды, білім ақысы, немесе білмеу жазасы деп ақы төлейді. Сонан кейін Ұжданнан да, оның туысқаны Ынсаптан да тіпті қорықпайды, келсе сөзін тыңдамай; «Кет, жоғал! Мен не қылсам заң жолымен қылдым деп, көрпені басыңа бүркеніп ұйықтай беру керек!» Сонымен ол заң халықтарға таратылып күндердің күнінде Ұждан қыз тағы байға келсе; «Ол уақыттың өткенін білмедің бе сұлу қыз? Енді менің мал үлестіруге еркім жоқ. Заңның он алтыншы кітабының сексен екінші бабының жүз бесінші бөлімінде не жазылғанын білемісің? Онда айтылған; «Мал, байлық аз-аздан азар ғана жиналады. Атадан балаға қалады, әр адам малды сақтауға міндетті, ысырап қылу заңға қарсылық болады; әркімнің малында қатын-бала, мирасқорларының үлесі бар»,- делінген. Егер малымды садақа беріп кедейлерге үлестірсем, онда мирасқорларға қиянат қылған боламын. Ол заңға қарсы, естідің бе қызым? Және заңның жүз алтыншы бөлімін тыңда: «Малын заң бойынша ұстамай ысырап қылған адамды тұтқынға алу керек, малына ие қою керек»,- делінген. Кет, қызым! Мұнан былай маған келме! Мен заңға қарсылық қылмаймын.»,-деп, бай көрпесін бүркеніп рахаттанып ұйқыға кетіпті.
Тегінде, ұждансыз жан өлікке есеп.
Адамның кеселі жоқ мұнан кесек,
Ар, ынсапсыз, мейірімсіз залымдарды
Қате қылған болмаспыз хайуан десек.»
Қазақ елі де егемдік алдық, ауылдан бәріміз қалаға көшіп отырықшы елге айналдық та табиғат әлемінен алыстап қара нәсілдік қуатымыздың өзге елдердің салтымен, тамағымен, білімімен жүктелуді былай қойғанда енді оны өз елімізде дайындауға бел шешіп кірісіп кеттік. Жаратушы иеміздің құранда; «барлық уақиғаларды араларыңда айналдырамын» деген уәдесіне сай бұл уақиға қазақ елінде «Ұжданның» Айша ана туымен Ата жолы болып жалпы халықты рухани ұйқысынан оята бастауы сол еді ел билік, дінші, зиялы қауым өкілдері қытайлықтардай «қара қытай» болып алды да құдай ісін заңмен қудалап, енді «Құдай тілдеспейтін, ұжданы тастап кеткен» «…Қабірдегілерін тастап қойған кәпір елдей..» (60-13) елге айналдыруға жансыз білімді насихаттауға ат салысып жатқаны да хақ. Баршылық қуатымызды әлдеқашан дүние мен ақшаға айналдырып алдық. Ата аманатын, уәдімізді екі күнімізді ел билік тартып алып, енді құдайға ашық соғысты жариялаған елдердің қатарынан табыламыз. Аталарымыздың; «Қара қытай қаптаса.., Қара орысты көргенде сары орысты әкеңдей көрерсің» деген астарлы ұғымы ендігі әкелеріміз қара нәсілга айналған биікте, дін басында арамызда өз қазағымыз болып өмір сүріп жатқаны да хақ. Сонымен 4-ші болып мұндай жағдайда «Қарсылық» білдіретін қуаттың жайына келсек….(жалғасы бар)