XXI- Ел биліктің дін саясаты және экстремистік пиғылдар                         Қазаққа қасірет қайдан келген?

Бөлім: Ел билігі және экстрмизм мен тероризм себептері 112

Осыдан 10 жыл бұрын қазақ елінің болашақта қандай рухани дағдарысқа түсіп, жастардың азғындап, мәңгүрттеніп, көздері қызарып қолына қару ұстап кететін де қаупі бар  және масһабтың тәпсірлерінің дін салтын құлшылық істерін қалыптастыратын  көптеген пәтуаларының жалғандығын жазып мұны зиялы, білімді қауым өкілдеріне қаншама жылдар бойы алдарына апарып таныстырғанда қолдарын сілтеп, есіктерін де жауып алған еді. Енді қазіргі ата жол жазбаларында масһаб білім мен жалпы исламдағы діни ахуалдың мұндай шиеленіске түсуі де білімсіздіктен, құранды теріске алып шариғатты ғана меңгерумен құдай ісін «Біздерден» келетін хабарларды мойындамай, өздерін «Жұлдыз» санаған тажалдық білімнің қасіретін нақты мысалдармен, аяттармен дәлелдеп те жатырмыз. Жан ғылымының да енді есігін ашып, исламда құпия болған, ешқандай масһаб басқа білімде болмаған деректерді қазақ әулиелерінің меңгергенін, көкке парасат есіктерін ашып, әлем таба алмай жүрген құндылықтар қазақ халқының руханиятының, сөз байлығының негізін қалайтыны да және мұндай деректерді  сөзбен ғана емес іспен де дәлелдейтін күн де жақын қалды. Бірақ менің бұл сөздерім де, көпшілікке ұсынған ата жол жазбалары да неге ертегі сияқты болып көпшілік оқырман қауымымен қабылданбай аз ғана жетелі пенделер оқып, бірақ оларда құр қол амалсыз отырғанын кім байқады?

Жер ананы жаратқанда даналықпен жаратып, адамзатқа қиямет қайымға дейінгі керекті білім, ғылым, ілімдік барлық ақпараттар жерде ақпараттық тұрғысында қоса жаратылған еді. Даналықтың ілім мен білімнен тұратынын да ескерген жөн. Сонымен Раббымыз бұл ақпараттарды адамзаттың бірден меңгере алмай, ілімнің ібілістің қаруына айналып кетпеуі үшін оның негізгі қазынасын, кітаптарын жарық жұлдыздарға айналдырып, көкті ерекше қорғап, адамзатқа ақыл парасатқа жалғануға дінін түсіріп, пайғамбарлары, әулиелері арқылы заманға қарай ілімнен кітабын оқып, намаздарын құлшылық істерін білдіріп отыруы да шартты жағдай болды. Исламдық дін ғалымдарының ең үлкен зұлымдығы да өзінен бұрынғы діндермен түсірілген Адам атамыздан бері жалғасты даму үстінде келе жатқан жан ғылымының негіздерін меңгеруден бас тартуымен, жалпы ислам әлемінің надандыққа түсуіне себеп болғаны да хақ. Сондықтан да жан мен рұқтың арасын ажырата алмай адамзат өзінің ішкі дүниесін, жаратылыс құрлымын білуден бас тартқан сайын топастанып (идиоттанып) ақылын жоғалтатыны, білімді ақылға айналдырып алатынын Энштейн мырза да айтып кеткен екен. Жанның дамуы, өркениеті мейлі тарихта жаман кезеңдері болсын, арадағы ешқандай үзілісті қабылдамайды. Мұндай тарихи кезеңдерді үзіп, шежіре ағашынан ажырап, дәстүр аманатынан бас тартып белгілі бір ұлттың ғана дініне, салтына жалғанған жағдайда, ұлттық үмметтік тұрғыда жанның өркендеуі тежеліп, мұндай жағдай әлемдік тұрғыда болатын болса, онда жалпы адамзаттың әлемдік қуатқа қосар үлесі жоғалып, бұған құдай тарапынан да жауап түсіп, бүлікшілікке ақпарат кеңістігінде  ақыл-парасаттың жоғалуымен, рухани тоқыраушылықпен жер тұрғындарының зұлымдыққа ұшырауы да артады. Адамзаттың жаны Адам атадан бері бастапқы нұр Раббымызға жалғанып, әлемге ортақ жаннан дән алған біздер осы заман шамы болсақ, біздің ата-баба жандары осы араны жалғайтын қуаттардың өткізгіші, сымы, құранда Алланың жібі деген.

Сондықтан да аятта; « Бір топты басқа топтан үстем деген сылтаумен араларыңдағы анттарыңды бұзып, жібін мықтап иіргеннен кейін тарқатқан қатын құсаған болмаңдар. Шын мәнінде Алла сендерді осымен сынайды. Сондай-ақ дүниеде қайшылыққа түскен нәрселеріңді қиямет күні сендерге ашықтайды.(92) Егер Алла қаласа еді, сендерді бір-ақ үммет қылар еді. Алайда, Алла кімді қаласа, адастырып кімді қаласа, тура жолға салады. Әлбетте істегендеріңнен сұраласыңдар.» (16-93) Қазіргі кезде негізінде исламда үмметтік 4 топқа бөлініп алып, өзара қырқысумен «экстремистік» саясатпен айналысып кеткені де хақ. Негізінде 73 топқа бөлініп, яғни ұлттық сипатта өз дәстүрлерлерін меңгеру арқылы ғана әрбір үммет өзара жақсылықа жарысулары керек болатын. Қазақ ел билігі де бұл әлемдік тажалдық білімге өзінің ата-бабадан келе жатқан анттарын бұзып, халықты да зорлап тек қана масһаб білімімен, дін ғалымдары мен имамдарының  шығарған пәтуасымен ғана жүруді насихаттап заңмен күштеп тықпалап, Раббымыздың ашық белгілерінен, ескертулерінен тағдырлық баяндау аяндардан бас тартқызып бұл істерде жетістікке де жетіп үлгіргені де сөзсіз. Жанның өсіп өркендеуіне керекті бес қуатты; 1.Қозғалыс; 2.Ұйқы; 3.Аян-өткен өмір қуаты; 4.Ой-білім қуаты; 5.Жүрек-ес, ақыл, сана қуатын құрайтын болса, масһаб діншілерінің тажалдығы да осындай жанның бес қуатының жоғалуына қарсы күресті ұйымдастырғандағында. Бұған жәрдемшіге тұрған қазақ зиялы қауымы мен ел билігінің жетесіздік, имансыздықтары дәлел болады.  Ал біздің қабылдап алған анттарымыздың түбінде сұралатын мезгілін құранда; Алла тағаланың қиямет күні, яғни адамзаттың ақылы тоқтап азғандыққа түскен заманда жұлдыз орындарымен және аятта; «…Аспанға, Тарыққа серт. (1) Мұхаммед Тарық не екенін қайдан білесің?(2) Ол, жарқыраған жұлдыз(3) Әркімнің үстінде бір бақылушы бар.» (86-4) Және де; «Егер оларға періштелерді түсірсек те және өліктер сөйлессе де, сондай-ақ олардың алдына әр нәрсені жинасақ та олар нанушы емес. Әрине Алла қаласа басқа. Бірақ олардың көбі білмейді.» (6-111)

Бұл аяттарға жүгінсек, біздердің жер әлемдегі даналықтан пайда болған білімдерді түгел меңгергенмен оның тозғанын, қарама-қайшылыққа түсіп ескіргенін және бұрын пайда бергенмен талай заман өтіп, ендігі заманда зиянға айналғандарын електен өткізуге дүние тіршілігі барысында жер әлемдік қуаттармен жалғанып жинаған ақылымызбен таразылауға шамамыз келмейді. Ол үшінде жоғарғы ақыл иелері «Біздерге», яғни жұздыздарға жалғанып, таза ой қуаты яғни парасаттылық қуатын және Раббымыздан тікелей нұрын да алу керек болады. Бұл жаратушы иеміздің бізге берген уәдесі болып, ал біздердің бұл қуаттарды меңгеруге берген антымыз ата-бабалардан алған аманатымыз болады. Бұл аманатты; «Төртеу түгел болса, төбеден келеді, алтау араз болса ауыздағы кетеді» деген нақылмен бекітіп берген даналарымыз. Олай болса төртімізді түгелдеп төбеден алуды; «Әркімнің үстінде бір бақылушы бар.» (86-4) деп ескертіп, мұны мынадай аятпен; «….Қалаған кісіміздің дәрежелерін көтереміз. Сондай-ақ әр ілім иесінің үстінде бір білуші бар» (12-76) деген үкіммен бекіткен. Бұл аяттарға мұқият зер салған адам баласына; «Қалаған кісіміздің дәрежелерін көтереміз.» деген аяттың астарында кісілікке жетудің, естіліктің маңыздылығын, еркекке елуге ердің жасына келуімен, әйелге кемпір болып даналыққа жалғанумен ерекшеленеді. Және міндетті түрде ілімді меңгеру керек.  Міне осы ғана аяттан масһаб білімінің дін ғалымдарының қырыққа жетпеген, ақылы толмаған жастардан құралып, өздерін тура жолдамыз деп жұлдыздық ілімді мүлде терістеп, жұлдыздардың сәулесі түсетін, жер бетіндегің нұр ошақтарын, ойпат, киелі орындарды жұртқа «шерік, серік қосылушылық» атап, бұған ел биліктің заңмен жәрдем беріп,  халықты  кең көлемде азғырушыларды жоғарғы лауазымға тағайындап қойғаннан не ұғуға болады? Қазақтың білімді қоғамы даналыққа жеткен басшылары қайда?- деген сауалдың қойылуы да сөзсіз.

Әлемдегі «экстремистік» исламдық бүлікшіліктің де қазақ елінде өз тамырын жаюына  білімді меңгеріп даналыққа жеткен ел басшыларының шын мәнінде даналықтың қалған жұбы жартысы болған ілім арқылы парасатқа жалғанудан бас тартуынан деп білген жөн. Данагөй аталарымыз, «Іліммен білім, ортасын (парасаттылықты) таппасаң бүлін» деп ескерткен екен. Осындай жағдайда ілімнің ғана соңына түсіп, замандық білімді толық меңгермей, бағзы замандағы білімді ғалымдардың пәтуасына жүгінумен 30 түрлі құранның теріс кітабы тажалдық білімді қазақ елі де өсіруге сапқа тұрғаны сөзсіз. Сонымен ібілістің жәрдемшісі болған тажалдық білімді дәріптеушілер мұндай надандықты өз мақсаттарына халықтың еркін билеп, ақылын қазыққа байлауға  оп-оңай пайдалануымен ілімді бөлектеп алып және онан парасаттылыққа жалғану намаздарын, құлшылығын мүлде терістеп масһабтық шариғатпен  тек қана мешіттер арқылы жалбарынсақ,  өлгеннен кейін жаннаттық боламыз деген бос қиялға негізделген және осындай бес сезімді дәріптейтін сопылық топтардың пайда болуымен ақыл-парасаттылықты меңгерудің жан ғылымынан қазақ сияқты мирасы бар елдерді де бас тартқызуға өзіміздің ағайындарымыз жәрдем беріп, әлі кезге дейін осы жолда аянбай күрес жүргізіп жатқаны да хақ. Барлық жаратылыс егелерін жұп, парымен жаратқандай даналықтың да жұбы болып және бұл екі негіз де сөздің құндылығына ақылдың түсіну қабілетіне байланып тұрғаны да хақ. Қазақтың даналығында бұндай кезеңді жалпы біліммен жер бетінің тұрмысымен байланысты ақылдың жетістігін жете десе, ал ілім мен білімнің басын қосып түсіне білуді, ойлау қабілетінің жоғарғы жетістігін сана деген. Жете жер бетінің жеті кие әулиесімен, қуаттармен жалғанумен байланысты болып; «Жетесізге жеті айтса да түсінбейді» деген. Жеті қуат негізгі барлық жаратылыстың өрістік қозғалысынан тұтастық белгі болып мұны Аруақ деп атаған даналар. Және қызыл түспен барлық түстердің де бірлігін алып, ең ұзын толқынды жиілікте болады.

Сана деген ой қуатының дәрежесі болып, жоғарғы ақыл-парасатпен жалғанумен байланысты болғандықтан сан ғылымымен көрінісін тауып, саналы зиялы қауым, дін ғалымдары, ел басқарушысы мүлде жоқ деп айтуға әбден негіз бар. Бірақ барлық байлығымыз да, тіршілігіміз де Санмен байланысты қазіргі жоғарғы дәрежелі ғылымның жетістігі де санға, сандық технологияға келіп тірелгенін де білеміз. Бірақ бұл білімдердің негізі де жоғарғы жұлдыздар орнына келген парасатпен, яғни бұрынғы бабаларымыз меңгерген ілімнің кітабынан екенін біз аңғара аламыз ба? Жоқ әрине, себебі қарапайым ғана болған жан, рұқ негіздерін өзімізді танудан мүлде қалғанбыз. Әрбір адам баласы өз жаратылсын қалай пайда болып, болашақта қайда болатынын білмеуден ақылдың азып жаппай азғындыққа түсуге ғана себеп туындайды. Сондықтан да әрбір ұлттың өзіне тән даналық негіздері болып, қазақ халқының саналық үлгісін Ясауи баба сәни дәптері мен Абай-Шәкірім еңбектерінен алуға болады. Егер қазақ халқында саналық қуатты меңгерген, ұлттық санаға жолы ашылған ғалымдар болса, онда осы уақытқа дейін Абай-Шәкәрім еңбектерін құран аяттарымен ашып көрсетіп масһаб діншілерінің, дінші жастардың бүкіл халықты надандықтың қазығына байлап қоюға жол бермес еді. Қазақ ғалымдарын мүлде санадан хабары жоқтығына айқын дәлел болған 13ғалымының құранның аудармасын жазып және сан белгілерін алдына қойып, сонымен бірге түп жаратушымызды  «Аллаһ-Шүкір» деп атаумен тарихта осы заман надандығынан, сана түгіл жетесіздіктен өздерінің нақты белгісін қалдырғаны да хақ. Енді қазақ елінде біздердің сенген сөз баққан шопандарымыз  ақын-жазушы, философ, психолог, тілшілердің басым көпшілігі жетесіз екеніне де нақты дәлел бар. Себебі осы ата жолы жазбасы 12 жылдан бері жетелік тұрғыда түсінікті астарсыз заман білімімен, күнделікті қолданып жүрген сөздермен жазылып келеді, ал мұны да оқып түсініп жатқандар аз ғана топ. Қазір масһаб діншілерінің төрт ақылдары да түгелденбей, естері толып жетілмеген, сондықтан танымдық ақыл тұрғысында бір ақылы яғни  жетесі болуы мүмкін емес. Ал оларды түзеуге қатесін табуға құлқы жоқ, яғни өресі жетпеген  жоғарғы дәрежелі  ғалымдардың, үлкендік жасқа жеткен білімді қауымның жетелері жабық, сана туралы мұндай жағдайда сөздің өзі де артық екені хақ. Мұндай надандыққа түсуге; Біріншіден ғасырлар бойы қалыптасқан ата дәстүрін үлкендер қауымы өздері орындамақ түгіл, бұған қарсылық білдіріп  халықтың рухани өркендеуіне қарсы әділетсіз заң шығарумен, оны  қолдап дәріптеумен айналысқан барлық пенденің жетесі жабылады, яғни жинаған иманы жоғалумен жүректеріне қалтқы қойылады. Ойлау қабілеті 16 қуаттың тазалығы және оған керек 4 қуаттың жетістігі бастың ерекше күтімімен қан тазалығымен ғана пайда болатын болса, онда жалаңбастық салт болған бұл заманда сананың пайда болуы да мүмкін емес. Сондықтан мұндай пенделер тек білім тұрғысында, дүние тұрғысында ғана ойлау қабілеті болып тажалдың көмекшісіне айналып шыға келеді. Сондықтан да қоғамдық орындарда бас киіммен жүруге тиым салып, мұндайға барғандарды қудалау сана түгіл жетені де өсірмеуге, білім министрлігінің жас қыздарымызға орамал тартуға тиым салуынан ел биліктің, жоғарғы ел басшымыздың да имандарың кемістігі мен ата заңымыздың өлі екені, тарихта қара таңдақ болып тәуелсіздік дегеннің өзі сыртқы көрініс бар, ішкі байлығынан жұрдай тажалдық білімнің, өзге дінсіз елдердің салтының бодандығында жүрген ел екеніміз де хақ. Ел биліктің бұл әрекетіне құдайдан ашық белгі жауап келіп Калачи және «Березовка» ауылының жас балаларының естен тану оқиғасы да бастың ашық жүруінен, ұйқы безіне қара қуаттардың кедергісіз енуінен, дәрет, шариғат қағидаларын ұстанбаудан болып тұрғаны да хақ. Бірақ мұны түсінуге жалаңбас жүріп, басты тазартпаған қандайда бір талантты, білімді адам баласының басында қарсылық ақпараттардың тұруына жүректерінде қарсылық оянып, керісінше дәрігерлік білім тұрғысында дәлелдеуге тырысып, мүлде бұл дерттің тарауына ғана жағдай жасайтындары да сөзсіз. Мұндай құдайға ашық қарсылықты биліктің қолдауымен халықты құдайға қарсы арандатуға,  азапталуға  мәжбүрлейтін елдің болашағы баянды болуы мүмкін емес. Сондықтанда құдайдың нығметіне, ашық белгілеріне қарсы тұрып, шошқа сияқты өз ұрпағымызды рухани тұрғыда жеп жатқан елдердің біріміз. Ар, ұят жоқ жетесіздік тұрған жерде, мұндай рухани қарсылықты  үкімет заңмен қолдаған заманда қазақ дәстүрі бар деген де ақымақтық болмақ.

Бұл сөзімізге мысалдар келтірсек, ең бастысы қазақ дәстүріндегі үш байлықтың жоғалуына және «Өлі разы болмай тірі байымас» деген имандылық жолына ашық қарсы болып, ақпарат жүзінде елді теріс бағытқа салуға жәрдем берушілердің ақпараттың барлық салаларында басшылықта отырғанымен де белгілі. Қаншама жылдан бері иман мен сенімінің, жан мен рұқтың, жалпы адамзаттың рухани мүліктерінің сырын жазып мұндайларға таныстырғанмен жүректерінің қарсылық білдіріп қабылдамауы және керісінше халықты надандықтың балшығына батыратын діншілердің жалған еңбектерін кеңінен жариялап, өздерін халық алдында дәрежелеп, өз ұлтына ашық тажалдық соғыс ашқандарын бұқара  халықтың да аңғаратын мезгілі де таяу қалды. Мұндай жағдайда өз халқының қарғысына ұшыраған ел билеуші, білімді қауым өкілдерінің болашағы болу да, ұрпақтарының таралып өсіп-өнуі де  мүмкін емес. Бұл да бір перғауын елі сияқты жоғалатын  имансыз қауым болмақ. Иман деген аспан мүлкінен, 6 түрлі көрінетін, көрінбейтін жұлдыздар орнымен байланысты болып, қазақ халқының бүгінгі ұғымында әнші, спортшы, шет елдің барлық арсыздығын қайталаушыларды «Жұлдыз», яғни ақыл парасат иелері, Иман деп атайтын болдық. Ел билікте «Ақ жол» деген партияның да осындай құдайдың мүліктерін мазаққа алудан тажалдық білімнен туындағаны да хақ. Және мұндай білімді дәріптеуші «Жұлдыздар отбасы» яғни құдайдың сүйікті құлдары, әулиелер, періштелері  деген жорналдың басында Жарылғап Қалыбай бастаған топтың тұруы да ашық дәлел болып және мезгіл-мезгіл  «Аңыз адам» жорнал бетінде; «қазақта сөз болмаған, араптан сөзді алғанбыз, ұлы тұлғаларға табынуға болмайды» деген сияқты құранға, жаратушы үкімдеріне, жалпы жаратылысқа қарсылық пәтуаларды әлі күнге дейін жалғастырып жатқан оқырмандары да, тілшілер қауымы да жеткілікті. Сонымен бірге әлемдік қозғалыстың тұтастығына «Бір» қуатты меңгеру  үшін ұлттық текті заман қозғалыс қуатына сай жетілдіру үшін де иманның жаңа сапаларын меңгеруге қарсылықты қазақ ұлтшылдар қауымы да, опозияция аталған топтар да жақсы үлестерін қосқандары әлі де мұны жалғастырып жатқандары да хақ. «Текті болу үшін «Ов», Еваларды» жойып атыңды қазақшалау керек, орыстың бодандығанан құтылу, мемлекеттердің өзара бірігуіне жол бермеу» деген сияқты бір текке жалғанудан бас тарқызумен, ашық имансыздыққа қолдау беріп,  мысалға; Қазбек Иса, Бейсенбек Құранбек, Бауыржан Байбек, Айгүл Қоқай ..т,б әкесінің атын тіркеп алудың артында орысқа деген қоқан-лоқы имансыздық, дінсіздіктің тұрғаны және Раббымыздан ашық ескерткен белгіден, уахидан бас тартумен, мұндай әркетке барған елдің барлық тұрғындарының жетелерінің жабылып жүректің ашылмауына мұны ерлік санап дәріптеуші тажалдардың мақсаттарына жеткені де хақ. Ал мұндай ерекшелікті мақтан қылған жастардың болашақ тағдырын ойлайтын ел билеушілердің де өздерінің де мұндай зұлымдықтан аман қалғаны аз ғана.

Жазушы, ақын, философ, ғалымдар қоғамында да бұл әдеттің белең алумен, құдайдың жанымен, тағдырмен берген таланттылығының арқасында оны саналық дәрежеге көтеру амалының орнына, керісінше жаппай жетесізге айналу үрдісі қазақ білімді қауымында өз мақсатына жетіп те үлгірді. Сондықтан ақылдың, ұлт парасаттылығының, дін иманының ең жоғары үлгісі болатын қауымның керісінше жетесіздіктің, иманға қарсылықтың ықпалында болып, бірақ  іс жүзінде, сөз тұрғысында керемет даналық егелері болып дәрежеленіп, жоғарғы лауазымды қызмет атқаруы да ұлттың рухани құлдаруына ғана жол ашқаны хақ. Мұндай жағдайда бұрынғы замандағы патшалар құдайдан аян, уахи алып көрсеткен, білдірген хикметтерінің сырын ашуға қол астындағы уәзірлерін жұмылдырып, ал мұны шеше алмаған жағдайда қызметінен қуылуы, өлім жазасына дейін үкім берілетін. Ал қазақ ел билеу қоғамында керісінше мадақталып, парасат ордендерін алып, қатты жазалы болғанда, халықтың ашу-ызасына тигенде дереу басқа қызметке ауысып кетеді. Мұның ең басты себебі де дүние байлықтың, шаруашылық істерін меңгерудің маңызы ұлттың болашағынан, рухани өмірінен, ұрпақтың тектілігін қалптастырудан да зор болып, мұндай жолда жетістікке жеткендердің рухани жағдайы, ілімділігі, имандылығы маңызды болмай,  қазақ қоғамының егемендік алумен бірге рухани құлдыққа тажалдардың қақпанына түсіп, біздер қанша бөлек елміз деп мақтанғанмен, өзге қаражатын салған, қарыз алған жұрттың әдетіне, пікіріне, көзқарасына, салтына мықтап байланған бодан елден, болшағы бұлыңғыр, ішіп-жемге, дүниеге ғана байланған надан елге айналып үлгірдік те.

Қазіргі біздің көктен түсіріп жерден өндіріп әлемге де танымал қылып жатқан істеріміздің, жеке-жеке пенделердің  меңгеріп жатқан таланттылықтың бәрі де алдын-ала елдің тағдырына жазылған, мұны орындаушыларды жаратқан Раббымыздың нығметі екенін әрине аз ғана жетелі қауым өкілдері ғана сезе алады. Өз арамыздан еліміздің мұндай дәрежеге жетуіне қарсы топтардың да мақсатын орындатпауға құдайдың еркін, дүниелік несібесін өз дәрежесінде орындауға ел басшымыз Нұрсұлтан мырзаның да еңбегін айтуға тұрарлық. Бірақ дүниенің қайғысын көп ойлап, қалайда халықтың қарнын тойғызып, өзгеден кем қылмаймын деген мақсатты бірінші жолға қойғасын, ішкі рухани дүниеміздің жағдайын ілімді меңгеріп, парасаттылыққа сай әділ заңдарды қалыптастыру мүмкін де емес. Дүние байлығы мен ақирет байлығы қатар тұра алмайды да. Мұндай саналық дәрежеге жету үшін дүние қызғынан бас тартып, қанағатпен, шүкірлікпен өмір сүріп, құлшылық істерді Раббымыздың көрсетуімен түзеп, жоғарғы ақыл-парасаттан хабар алатын дәрежеге жету де керек. Осы жолдың мамандары болуға тиісті үлкендер қауымының үлесі еді. Бағзы заманда пайғамбар жасына жеткендер дүние ісінен, босқа күлкіден, тұрмыстық салттардан да жалығып, құлшылықтарын жетілдірумен саналық деңгейге көтеріліп, мал-жанымен соғысушы, яғни әлемдік қуаттар жүйесіне өзінен қуат беріп, жаны арқылы талай жастарға, қоғамға ілімнің шуағын түсіріп надандықтан, түнектен шығуға жәрдемге тұрушы еді.  Абай-Шәкәрім  аталарымыз мұндай қасиетті меңгеруді көңілдің сәулесі, ұждандылық деп атаған еді. Сонымен ұждандылық қуатты меңгеру де мал-жанмен ұйқы кезінде қара күштермен соғыса білуде еді. Ал қазіргі таңда діншілер мұндай сопылық рухани ахуалды теріс түсініп, қолына қару алып бірін-бірі жаруға, өлтіруге айналдырып алуға да осындай рухани құндылықтың, әлемдік қозғалысқа бірігетін, өз үлесін қосатын  имандылық қуаттың ілімінің  өз мәнін жоғалтуынан деп түсінген жөн.

Енді қазақ елінде мыңдаған ел билеушілердің арасында 8-і ғана жетесі қуатты, 4-ақылы толық азаматтар бар екен. Оның біріншісі ел басшымыз болып табылады. Жалпы қазақ ұлты бойынша шет елдік қандастарымызды қосқанда мұндай қуатты меңгергендер саны 10000 (он мың) адам екен. Осы он мың қазақтың ұждандары арқылы 100 мың қазақ азаматына сәулесі түсіп,  саналық дәрежені меңгеруге жол ашылмақ. Бірақ бұл ердің жасына келумен ғана байланысты және негізгі қазақ халқының рухани бұлағының көзі пайғамбар жасына асқан зиялы қауымның үлесінде болу керек. Қазақ халқының қасіреті де осы үлкендіктен туындап, «Қой дейтін қожа жоқ әй дейтін әже жоқ» қауымға айналғанымызда тұр. Жоғарыда және ата жолының жазбаларында ескерткендей, үлкендер қауымы сопылық негіздерді меңгеру жолына түсіп; жын қуаттарынан бастарын, аяқ табандарын және жүрегін тазартуға шариғаттың парыздарын тұтас орындап, намаздарын оқып, ата жолының аруақтар арқылы беріліп жатқан нұсқауларын орындамаса халыққа келген бұл қасіретті түнектен, рухани дағдарыстан бейбітшілік жолмен, аз ғана шығынмен  өте алуымыз да мүмкін емес. Ал бұл әлемдік рухани дағдарыстан шығудың үлгісін көрсетіп алтын ғасырға алғашқы қадам басуға қазақ еліне 90-шы жылдары құдайдан үкім түсіріліп те қойған еді. Себебі жер бетіндегі аспан мүліктерімен байланысатын ойпаттар, жұлдыздардың тікелей сәулесі түсетін көкке көтерілетін сатылар  қазақ елінде ғана барлық дәрежелері бары хақ. Бірақ мұндай рухани әлемдік жоғарғы құндылықтарды меңгеруге, тылсымдық ақ бұлақтардың көзін ашып, халықты жаппай нұрға шомылудан ақталудан өтуге, жұлдыздарына жалғанып тағдырларын тазартуға шақыру үшін де ел билігінің, зиялы атты білімді қауым өкілдерінің ақылдарының надандықтың қазығына байланып, ой өрістерінің жоғалуына негізделіп қалған әлемдік тажалдық шеңберден шығаруға Алла жолында соғыса алатын рухани батырларды да дайындау керек. Мұндай дағдарыстан қазақ халқының шығуына екі жол бар. Жетесіз білімді қауымға ертегі болып көрінгенмен, арасында жүрген көкжиекті көріп өскен, жетісі түгел бауырларымызға ғана арнап ертегімізді баяндап көрейік…(жалғасы бар) Ата жолы жазбалары мен ата дәстүрінің насихаты, кітаптары және құран теологиясы мен Ясауи діни жолымен, қазақ әулие-әмбилер аманаттарымен танысқыңыз келсе мына сайтқа кіріп көріңіздер;   http://btk.atazholy.local/

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *