Алдыңғы тарауларда шындық пен шын туралы және оның арасына құдайлық үкім, хикметтердің, мұғжизалардың түсіп хақиқат болып шынның ішіндегі шындықты анықтауға, меңгерген біліміміздегі ақпен қараны ажыратуға себеп болатынын түсіндірдік. Жалпы жараталыстағы мейлі метафизиалық тұрғыдағы мейлі біздің күнделікті пайдаланатын қуаттармыздың, ток күші мен жарықтардың екі қарама-қарсы бағыттағы өрістердің үшінші бір бейтарап нәрсеге әсерінен үшінші жайдайдағы күштің пайда болып, осы үшіншіні біз түрлі әрекеттерге, өнімге айналдыратынымыз физиканың қарапайым қағидаларынан да белгілі. Бұл қуаттардың барлық негізі күн сары түстің және ақ нұр айдың қарама-қарсылық өрістермен жерге әсер беруінен үшінші тұрғыда жұлдыздардың, аспан денелерінің пайда болып, осы үшінші түрленген жарықтың сапасына, әрекеттеріне қарай жер бетінің тіршілігінің түрлі сипаттары, мезгілдері, қозғалыстары пайда болады. Жұлдыз арқылы күннің сәулелік шапағаты мен ай нұрының жер бетіне адамзатқа әсері де басқарылып отыруын «біздер» деп ескерткен құранда. Және ай мен күннің өз көлемінде жүзіп, қозғалып, бір-бірімен ешқашан кездеспейтін, ай тербеліп, күн белгілі бір көлемде қозғалатыны және әлемдік тұрғыда бірге белгілі бір межеге қарай қозғалып әлемнің кеңіп өсіп жатқаны да білімде дәлелденіп жатқаны хақ.
Олай болса біздерге уақыттың да үш шамасы әсер береді. Күнмен григориан жүйесі арқылы алға болашаққа қарай қозғалса, ал хижра жыл санауы (күнтізбе емес) кейін қарай жылжып біздерді бағзы заман дәуірлік уақиғаларымен шындарымен, нәсілдермен тағдырларын замандық, әлемдік уақиғаларға себеп қылып жүктеп отырады. Замандық қозғалыс оқиғалар мен тағдырлардың үш уақыттық шаманың тоғысынан және жұлдыздардың әрекетінен пайда болатыны да құранда ескертілген. Заман-намаз болып, әлемлдік қуаттарды басқарудың адамзатқа кілті исламның толық құран болып оқылып, пайғамбарымызға үш түрлі намаздарының үкімі беріліп адамзаттың жер бетіндегі халифалығы да орынбасарлығы да бекіген еді. Сондықтан намаз оқудың өзі үш түрлі жарықтардың бірлігін меңгеруге байланысты болатыныда намаз оқу –григорианмен, ораза, қажылық хижрамен, ал хаждың жұлдыздық әсерлермен тоғысымен мезгілдік сипаттары да болатынын да естен шығармаңыз. Бірақ құрандағы ашық аяттарды да түсінуден бас тартқан дін ғалымдары хижраны күнтізбе, мезгіл айдың ішінен күнді іздеу деген надандықтарын, ақылға қақпан тұзақ қылып, әлемдік рухани «экстремизмнің» негізі мұсылман күн тізбесі деген ұғымнан басталады. Айдың көрінбейтін қараңғылық жағдайын да толық қуатты күн деп атайды да жұлдыз туралы мүлде дерексіз, Алланың мүлкінен құдіретті қолдық сипатынан шығарып тастаған. Сондықтан масһабтық намаз құлшылығының өзі ақылдың қуаттарына жалғанбауға, әлемдік қозғалыс жүйесіне, тағдырына деген қарсылықты арттыруға, жүректі жабуға негізделіп алғаны да хақ.
Күн еркектік гормондық, нәсілдік рухани қуаттың негізі болса, ай салқын жарық әйелдік гормондық шабыттың, ділдің ақ бастауы болады. Бірақ қарама-қарсылық жағдайында өткен замандағы әйелдік шайтандық жүктерді еркектердің меңгеру үлесі болса, ал керісінше бүгінгі заман еркектік рухани қуаттармен жүктелу әйелдердің тағдырына жазылған. Сондықтан әйелзаттарында нәпсілік тұрғыда еркек болуға, еркектің ісін қылуға құштарлық басым болып келеді де, мұнан алдын ала сақтап, тәрбиесін дұрыс меңгере алудың тек қана неке арқылы және аруақтық қуаттармен меңгеруді қазақ дәстүрі ата жолы ғана қалыптастыра алғаны да хақ. Қазақ нақылында; «Үш күндігін ойламаған әйелден без, үш жылдығын ойламаған еркектен без» деп күндік қозғалысымыз, болашағымыз әйелзатына байланысты болса, ал өткен жылдардың, замандық уақиғалардың, тарихта шынға айналған шежіренің жүктері мен тағдырдың тазалығы, нәсілдік тектік сипаты, жындық талаптық ақылын меңгере алған «сау аттылығы» еркектерге байланысты екенін білген.
«Әйел жаяу, еркек атты» немесе «Байтал шауып бәйге алмас» деген аталарымыз. Білімді қауымның жындылығын, адамдықты меңгеруден бас тартуларын сөз ұғымдарын бұрмалап сөйлеуінен де анық байқауға болады. Сондықтан діни сауаттылық (діни жынсыздық, тектілік, байталсыздық), сауатты жазу (еркек жыныстық қуатын жазу), тіптен қатын, қыздарымызды да «сауатты» яғни екі жынысты қылуға құмар болып алдық. «Алтын басты әйелден, бақыр басты еркек артық» деген нақылдың астарында да еркек басының өткен заманнан келіп, ал әйел затының басы әкесінің күндік жарығынан, меңгерген ақылынан, сөз қуатынан пайда болатынын ескерткені де болар. Мағжан атамыз; «Қиядан сөз табатын ақыл бар ма, Тыңдайтын бойым балқып нақыл бар ма? Есіл сөзім есепсіз босқа кетсе, Обалы жаулығы жоқ қатындарға!». Олай болса жаулықсыз және етексіз қатындардың еліне айналған бүгінгі қазақ елінде екі күні жоғалған, шайтанның ықпалында, сасық тұман иістермен жүктелген бөріксіз бастардың, қатындардың ақылынан асып, қарсылық жасап жетелерін жетілдіруі де мүмкін емес.
Ел басымызда осындай қатындардан тамақ ішіп, қойнына да жататын болғандықтан, ханшалық, төрелік, қожалық дәстүрдің сақталмауынан, тұлғалығы жетілмей, қазақ елін қара қатындардың яғни әлемдік тұрғыдағы «Армагеддон» деп аталатын шайтаннан болған жындардың басқаруына, ықпалына беріп қойғаны да хақ. Әйелзаттарына гендерлік теңдік, еркіндік емес, ішкі жанның еріктілігін қалыптастыра білген және сол рухани болмысымызды қалыптастыруға түскен құдайдың хақиқатын аруақтар арқылы басқаруында болуға тиісті болу керек еді. Бірақ ата жолының мұндай ерекше құдайдан сый нығметін, ата дәстүрін меңгеру түгіл, шариғаттың қарапайым парыздарында сақтамайтын, кез келген аққу аталған шайтан қатындардың ықпалында кетуіне жол беріп, енді ата жолының мақсатын, бабалар аманатын, құдайдың хабарларын, ұлтымыздың рухани меңгеруге тиісті дәрежесін елге түсіндіру мүлде мүмкін болмайтын жағдайға жеткізген кімдер деп ойлайсыз?
Әрине үлкендікті, ақсақалдықты яғни адамдықтың жоғарыда жанды жетілдіруге арналған 13сатысы мен 63жастан кейінгі қазақтың тектілігі әулиелігі болған, саналық қуатты толық меңгеруге ұжданды болуға яғни көңіл құсы сұңқарын жетілдіруге арналған дәстүрлік, ата жолдық 9сатылы дәрежесін меңгеруге намаздарын орындай алатын қандай ғалым, ел билеуші, ақын, жазушы бар үлгі алатын? Негізінде ата жолының хақиқатын 40-қа дейінгі жастардың меңгеруге тырысқанмен оған біріншіден; ақылдың толып қалыптасу ғылымы мүмкін болмаса, екіншіден; ата жолына мүлде қарсы болған, қырықтан асқандар мен пайғамбар жасынан өткен үлкендер есті аталғандар болып ата жолының негізгі ақ бұлағының, ғылым қуаттарының көзінің ашылмауына, керісінше былғап, жабуға ғана себеп болғандары да хақ. Біздің бұл сынымыздың дерегі яғни егер мұндай білім ұлтымыздың тағдырында, даналарымыздың ғибратты үлгілерінде болмаса, құран аяттарымен сандық тұрғыда кітап болып негізделмесе, онда әрине жала жабу болар еді. Бірақ өз ұлтымыздың саналыққа жол ашатын, сандық тұрғыдағы ғылымдарын, даналардың қалдырған аманат насихаттарын білім тұрғысында, міндетті түрде меңгеретін азаматтық ғылымға айналдырып меңгермеу үшін ел билік дінсіз болуы керек деген заңның өзі ата заңымызды мүлде жоққа шығару емес пе?
Ал масһабты тура жол атап, бес парызға негізделіп негізінде әулиеліктің бес дәрежесін адамдықты меңгеруді; 1. Тәкаппарлықты жеңу; 2.Сөзді тауып айту (шешендік өнер); Нәпсіге қарсы тұра білу; 4. Кер баба белгісімен жалғану (төртеу түгелдігі); 5. Мұхаммед пайғамбардан аян алумен пайғамбарымыздың үмметі болу керек еді. Пайғамбарымыздан аян алып жалғануға, қажылықты парыз қылып, бірақ жылда баратын мыңдаған қажылардың ішінен қаншасы Мұхаммед пайғамбарымызбен жүздесіп қайтты? Ал енді ата жолы болып басталған негізінде осы бес мұсылмандық шартты қоса меңгеруге сонан кейін жер ананың рұқының ризашылығына бөленудің құлшылығын және бұл тарихаттық дәрежемен Інжілмен байланысты дарындылықтарды меңгерумен нәтижеленуі де тиісті еді. Сонан кейін, 7; Сүлеймен пайғамбардың жел басқару қасиетін меңгеру (жаңбыр жауғызуға дұға жасау, немесе себепсіз жауын-шашындарға тоқтам салуға дұға жасау); 8. Тірлігінде, түсінде періштелерден сұрақ сынағынан өту; 9. Жалған дүниені тәрк ету сияқты мағрипаттық, ақиқаттық дәрежелерге көтерілу үлкендердің, ақсақалдардың, ғалымдардың үлесінде болуы керек еді.
Жандық қуаттарды меңгеруге, әлемдік тұрғыда барлық діндердің, ақпараттық жүйелердің бір текті адамдық болмысын қалыптастыратын; Ясауи бабамыздың қалдырған мирасына жалғанудың алдыңғы тарауда көрсеткен 13сатылы құлшылық жолын меңгере алған қазақтың ақсақалдары зиялылары бар ма? Олай болса үлкендердің ұждандары өлі, көңіл құстары торғайға немесе қарға құзғындарға айналып, қажырлықтары, жындылықтары күшіктен итке айналып, сонан барып жастардың үлкендердің ісіне араласып, билік орындарына отырып алып, құран аяттарына қарсы соғыс ашуға жол беріп қойғанымыз рухани «экстремизмнің» ошағына айналып, өзіміздің болашақ нәсілдерімізден бас тартып, кісілігімізді жойып жатқан ел болғанымызды несіне жасырамыз? «Күшік асырап ит қылдым, ол балтырымды қанатты..» деген Абай атамыз; «Заманақыр жастары, Қосылмас ешбір бастары, Бір-біріне қастыққа-Қойнына тыққан тастары. Саудасы ар мен иманы (намазы), Қайрат жоқ бойын тыйғалы (жынды мас) Еңбекпен етті ауыртпай, Құр тілмен жиғаны (ақылы-тәпсір білімі) Өнімсіз іске шеп-шебер, Майданға түспей несі өнер? Сиырша, тойса-мас болып, Өреге (ата дәстүріне, Алланың жібіне) келіп сүйкенер…» Мұндай жастардың мас болған, шайтаннан болған жынға айналған жағдайда естілердің, зиялылардың ар жолында күресуге, өткен күн түгіл бүгінгі шынымызды сынап тазартуға мүлде тыйым салған ел билеушілері кімнің ықпалында және адам деп атауға бола ма?
Енді мұның негізгі себебіне тоқталсақ; Біздер біздің күнтізбелік жыл санауымыздан бұрынғы хижрамен санағанда; 2015+1434=3439 жылды және біздің эрамыздағы 1434 жылдардың оқиғалар тоғысын құрап, яғни біздің эрамызға дейінгі және 1434 жылдардағы бұрынғы кезеңдегі тарихи шындармен, нәсілдермен, жарықтық әулиелік нәсілдерге және жындық жүктермен жүктеліп жатқан әлем жұрты сол замандағы ілім, білім өркениеті мен түрлі надандықтарды да, дінге қарсылықтар мен шоқынудың амалдарын да қайтадан еске алып; ақылдың өркениетін жетілдіріп шындық арқылы ізденбей, бүгінгі біліммен ғана пайымдалумен, қандай білімді жетілген пенденіңде қарапайым қой баққан аталарамыздың ар білімін меңгеруге, ілімдік тұрғыдағы өсиеттерін түсінуге ақылдарының шамасы да келмей жатқаны да хақ.
Қазіргі таңдағы ата-бабаларымыздың меңгерген салт-дәстүрін ұстанып өмір сүруге сөз жүзінде, шығармашылықта қарсы емеспіз. Сонымен ел басымыздан бастап ұрандатып биік орындардан сөз сөйлеп, дәстүрлі дін құрылтайын шақырып мақтанғанмен, іс жүзінде ғылымды терең меңгеру, тақуалықта өзара жарысу түгіл, қарапайым жағдайда ар-ұятты қазақ баласына өз отанында адам болуға, әулиелікті, кісілікті қалыптастырып тегін тазартуға ешқандай мүмкіндік жоқ. Керісінше заңмен тыйым салынып қудаланады. Ар-ұятын сақтауға тырысқан қыздарымызға мектеппен жоғарғы оқу орындарында ақ жаулық қуатын, ділін қорғауға және әйезаттарына мұндай ниетпен, әрекетпен жұмысқа орналасуға да мүмкін емес. Кейінгі кездерде көптеген мекемелерде етекпен жүруге де тыйым салынып, қыз-қатындарға шалбар киюге мәжбүрлеп жатқандары да жеткілікті. Бұл деген ашық қара түнек күштерінің ықпалында болып, бүкіл қазақтың қан тегіне балта шабудың тәсілі екені де хақ.
Сол сияқты қазақ елінің ұлттық иман айнасы болып табылатын ақпараттық орындарда, «телевидение»-көк түйме мекемелерінде ақ жаулық, орамал түгіл, еркектерге де бас киімге мүлде тыйым салып, көтін ашқан, түрлі ұятсыздыққа толы көріністерді былай қойғанда, осындай тұрғыдағы ар-ұятсыз хабар жүргізушілерді көргенде дүниеге мастарды және іштей ел билеушілерді лағнеттеуден басқа амал жоқ.Олай болса, адамдықты сақтауға мүмкіндік жоқ, шайтаннан болған жындылыққа ашық есік ашып қойған жағдайда қандай дәстүрін сақтаған, ата заңын дәріптеп қорғай алған ел бола аламыз? Осындай қарапайым адамдықты сақтайтын ар-ұяттың өзін қорғауға шамасы жетпейтін ел билеушілеріміз халықтың көзінше дәстүрді аузына алып, құрансыз, құдайдың хақиқатынсыз, шындықтың өзінсіз мәңгілік ел құрамыз деген мақтануын, екі жүзділіктерін құдайдың лағнетіне ұшырамай қашанға дейін жалғастыра алады деп ойлайсыз?
Бұл жағдай біздің ел билеуші, ақпарат басындағы барлық отандастарымыздың кісілігі түгіл, қарапайым адамдықтан жұрдай, қара түнек жындық күштердің ықпалына түсіп, ескексіз қайықтай, өмірдің ағысына қарсылықсыз, заманға бейім болу деп түсінетін рухани бүлікшілердің қоғамды індет болып жайлап алғанына дәлел екені де хақ. Қазіргі замандағы әлемдегі болып жатқан бүліншілікпен соғыс өрттерінің ең басты себебі де; құраннан пайда болып жатқанын мойындайтын кезең өтіп кетті. Яғни құранды теріске алған, ғылымның қуатын меңгеруден, таза ақыл-шындықтан бас тартқан жынды қауымдардың тек қана қызылбас, арап елдерін ғана емес, енді европа елдеріне де індет болып ауысып жатқанына кешегі Франция еліндегі жағдайдың өзі дәлелге жеткілікті болады. Олай болса, құранды теріс түсінуге ықпал етуге ақылдың қуатының заманға сәйкес өркениеті қалыптаспай, өткен замандағы ілімнен пайда болған тәпсірлік білімдерге, ішкі сыры, үндік қуаты өзгерген атау сөздерге сол қалпында байланып қалып, ақылдан білім озып, нәсілдік тұрғыда жетіле алмаудан пайда болып жатқаны да хақ.
Мұндай үш түрлі кезеңдік уақыттық тоғысудан, тоғыз дәуірлік тоғыстан қияметтік жағдайдың, заманың өзгерісіне, уақыттың жылдамдығының, қуатының артуына байланысты ақылдың да өркениетін қалыптастыра алатын сөз ғылымында, ділдік тегінде, көктік жолдарында мол қазынасын жинап сақтай білген қазақ атты елге Раббымыздың хақиқаты түсіп; ата жолы аталып, оған аяқ басқан жас құрақтарды рухани егінін күтіп, баптап, малдарын қорлаудың тәсілдерін үйретіп, тәрбиелеп өсірмей, көктей солдыруға да өзіміздің ұлтымыздың ел басындағы жындылардың тосқауыл болғаны да хақ. Сондықтан бүгінгі таңда әлемдік тұрғыдағы «экстремистік» бүліктерден және әлемнің рухани қараңғылыққа құлдыраған түнектен тек қана қазақ халқының ата дәстүрі, ата жолы арқылы ғана үлгісін қалап, әуелі өзімізді азапталаудан құтқарып, сосын әлемді де құтқара аламыз дегенмен ол ертегі ғана.
Себебі оның үлгісін қалыптастыруға қазақтың жоғалған екі күнін, жете мен саналық қуатын жағып, талай мыңдаған ұжданды, әулиелік дәрежелерді меңгере алатын тектілерді дайындау мектебін, ата жолын қайта басынан бастап құрастыратын, алла жолында ақпараттық тұрғыда мал-жанымен соғыса алатын, көңіл құсы жетілген, ұжданды аққу, сұңқарларды дайындайтын тәрбиеші, жетекшілерді де дайындауға жол көрсететін ақсақалдарымыз, үлкендеріміз, зиялы атты қауымдықтар түгелдей жынды, хайуандық күш, қуат, еріктерін меңгере алмай, шайтанның ықпалына түскен тобырлар ғана. Тегіміз «Көк бөріден» деп мақтанғанмен; көк бөрілікті адамдық рухани күшке, қайратқа айналдырғанда; Мәрттік, тектілік, қайсарлық, жігерлік, ақылдылық болып; ақ бөріге айналып және ақылмен басқарылуға көніп, аталарымыздың; «Заманың түлкі болса тазы боп шал» дегені де осындай заманның айлакерлік, аярлық, арсыздығына құрсы тұруды ескертіп кеткендері де болар.
Енді ел басымыздың рухани қайраттылық сипатын «аузы қан Арыстан» деп ескерттік. Сонымен көп итті арыстан басқарса, иттің бәрі арыстанға айналуы керек деген. Бірақ «Көп құмырсқа жиналып жабылғанда, құлайды азынаған арыстанда» деген де бар. Сондықтан біздің арыстан басшымыз діннен бас тартпағанымен, қажы аталып масһабтың барлық шарттарын орындағанымен қазақ дәстүрінен хабары аз болып, ата жолын, ата дәстүрін толық мойындай алмай өз қарамағындағы аю, қара қасқыр, түлкілердің, итпен есектердің ықпалына түсіп, қазақтың рухани жағдайын өзі басқарған мезгіл ішінде ең төменгі сатыға дейін, әйелдеріміздің жаппай жәндіктенуіне дейін құлатуға жол беріп алды. Ал осындай ел шаруашылығын өркендетуде, әулиелік тұрғыда істер атқарғанмен неге мұны саналықты яғни құстық, сұңқарлық-ұждандық кісілікте тылсымнан хабар алып, аяндарын жорып түсінгенді былай қойғанда, адамдық болмыстағы жетелікпен білімін зерттеп, оқып ұғына алмайды деп сұраңыз…(жалғасы бар Қараша айы 2015 жыл)
Ата жолы жазбалары мен ата дәстүрінің насихаты, кітаптары және құран теологиясы мен Ясауи діни жолымен, қазақ әулие-әмбилер аманаттарымен танысқыңыз келсе мына сайтқа кіріп көріңіздер; http://btk.atazholy.local/