«Адам өмірін қалай түзеуге болады? Адам қайткенде тату тұра алады? Ойлы, саналы адамдардың ғасырлар бойы миын тыншытпай, өмірін сарп еткен, әлі де сан адамдардың арын қозғап, ойларын тыншытпайтын осы сұрақтар…Бізше, адам өмірін түзеуге, барлық адамдар тату тұруға негізгісі адал еңбек, ақ жүрек, арлы ақыл болуға керек. Дүниеде бұл үшеуі үстем болмай, адам баласына тыныштық, өмір сүруге мүмкіндік жоқ. Әрине, адам оқып, білім үйренуі қажет. Білімсіз-ғылымсыз өнер табылмайды. Сол алған білім-өнерлерін адал еңбекпен жаратылыстың мол байлығын пайдалануға салса, табылмайтын нәрсе жоқ. Сол тапқан байлықты барша адам баласының керегіне, пайдасына жарату керек. Мейірімділік, махаббат, қайырымдылық, адалдық ақ жүректен шығады. Ал арлы, ақылды адам қиянатты, зорлықты, өзімшілдікті, мақтанды білмейді және істемейді..» (Шәкәрім әулие). Қазақтың зиялы атты қауымы елімізді, ұлтымызды, халқымызды қалай түзейміз деп қалам тартып шығармалар жазып, партия құрып, қым-қиғаш өзара талас тартыста болып жатқаны да хақ. Бірақ солардың көбі де арлы, ақылды адамның бейнесін қалыптастыруға деген жол-жобамызды білмейді де, ал білгендердің білімі шала, сөз жүзінде, тілімен сайрағандардың ісінде үлгі-өнеге яғни әулиелігі бар адамды шам алып іздеп табу қиын. Қандайда бір замандардағы өркениеттің жүзеге асуы тек қана құдай ісімен уахи, аяндарын алатын ақылдың жоғарғы сатысына көтерілген, таза ақылдан кітап ала білген, әулиелік дәрежедегі ғалымдар, би, абыздардың келтірген хабарларынсыз адасушылық пен қарама-қайшылыққа апарып соқтырары да сөзсіз.
Олай болса мұндай тақуалықтың үлгісі, пайғамбарлық қасиеттерді меңгеруші Алла жолының жәрдемшісі, елшісі бола алған арлы, ақылдылықтың үлгісі дін адамдары, дінді меңгеру арқылы ғана қалыптастыра білу керек еді. Бірақ өкінішке орай үлкендік жасқа жеткен зиялы қауымның дінін тазартып, арын іздеп, жоғарғы саналық ақылды қалыптастыруға құлқы жоқ, сондықтан кез-келген арап тілінде құран оқуды меңгеріп, тәпсір білімін жаттап алған, шала білімді тілмаш діншілердің көрсеткен үлгілерін әулиелік деп қабылдауға тура келеді. Ал енді олардың араларының бірлігін қалыптастыратын ұлттық дәстүр-салтты намаз қылып алмақ түгіл, керісінше ақылды меңгеруге де қарсы шығып, елдің жинаған аз ақылын ұрлаумен айналысады десек жалғандық емес. Нақты дәлелдермен мысал берсек; Масһаб білімін тура жол атап, бірақ құдай ісін сопылық жолдың намаздарын мүлде жоғалтып және жаратылыстың қозғалысына қайшылықпен намаздың жүйесін бұзумен айналысады. Хижраның күнтізбе емес, күнсіз ай жүйесі, керісінше григориандық күнтізбемен салыстыру арқылы ғана айқын болатын, ақиреттік жиіліктегі жыл санау екені құранда ескертілген.
Сондықтан айдың ішкі жүйелік әлемдік жан, замандық уақиғалардың белгісі, санақ жүйесі болады. Ай жүрісі күннің қозғалысын өз ішіне алуы мүмкін емес. Демек уақыттың санау жүйесі ұзынымен есептеліп, күнтізбе барлық жараталыстың, тіршіліктің қозғалысын қамтиды. Және барлық намаздардың кестесі күнтізбемен оқылып, тек қана қажылық, ораза сияқты құлшылық түрлері хижрамен орындалуы керек. Ал мұндай әлемдік қозғалысқа, күндік жүйеге ислам дін ғалымдары түгелдей қарсы болып, Мұхаммед пайғамбарымыздың туған күнін айдың, дәуірлердің есебімен атап өтіп, көкек айындағы түркілік дәстүрі намазының нығметтерін ұрлап алумен ақылға қарсылық болмай ма? Енді ең маңызды Бір Аллалық сипаттағы қуаттардың жүйесіне, уақыттың қозғалысына қарсылық білдіргеннен артық Аллаға ортақ қосып, құлшылықтың маңызын әлсіретуден артық тажалдық бола ма? Мұндай дін ұстанымдары ғылымға қайшы, ақылды терістейтін болса, онда тура жол түгіл, орта топ болуға да жарамсыз болады.
Екіншіден; Бірінші телеарнадан жақында кешкі кездесу бағдарламасында Орынбасар атты дін имамының жындарды адамзаттан тыс жаратылыс қылып, құрандағы жын сүресін, періштелік қуаттардың жүйесін терістеп, Аллаға ортақ қосқанымен тұрмай; «Дін ақылдан жоғары, биік болады» деген сұмдық пәтуаны жария қылды. Міне, бұл тек қазақтың діншілері, ғалымдары ғана емес, ислам әлемінің «экстремизмнің» басты себепшісіне айналғандығына дәлел болады. Олай болса, бұл имамның пәтуасы бүкіл масһабшы, шариғатшы, дін ғалымдары мен ел билеуші, зиялы қауымның да көзқарасы мен ұстанымы екені хақ. Және біртұтас адамдық қуаттардың жүйесі, Раббымыздың қолы – аруақтық қуаттарды да; Алладан басқа деп, ата-бабаларына табынып, құдайға сыйыну құлшылық негізін, мұнымен бірге құранның жүздеген аяттарын жалғанға шығарып, Аллаға ашық жала қояды. Мұндай масһаб ұстанымдарының ұлттық дәстүрге, дін салтына ашық жала қойып, ел арасында астыртын түрде іріткі салып жүргендігі, саналықты былай қойғанда жетесі бар ел билеушілердің әділеттілікті сақтау үшін оларды соттап, айыптап енді халықтың алдына шығып уағыз айтуға тиым салар еді. Керісінше мұндай сорақы білімді кітаптарды миллион даналармен халық арасына таратып, оны заң, құқық қорғау, мемлекеттің қауіпсіздік орындары қоштап, қорғап, қарсы шығуға да тиым салғаны жалған емес. Ата жолының, қазақ дәстүрінің жазбаларын таратуға шектеу қойғандарын, ата-баба мирастарын оқып, зерттеп ұлтымызға қауыштырмақ түгіл, мұны түсінуге ақылдары жетпейтіндері де хақ. Мұндай жағдайда ел руханиятын кімдердің басқарып отырғанына, олардың қай елдің мүдделерін қорғайтынына, ұлттың ар білімін қалыптастыратын зиялы, білімді қауымның да жетесіздік, мәңгүрттіктеріне айқын дәлел де болары хақ.
Жалпы адамзаттың барлық іс-әрекеті, ғылымды меңгеруі, дін құлшылығы ақылды қалыптастырып өсірумен, дінсіз құдайлық таза, арлы ақылға жалғанумен, ар сауытын қалыптастырумен нәтижеленуі керек. Сол сияқты ел билеушілер де білім ақылдан жоғары, биік деген ой жорумен, білімге ғана негізделген заңдарды қалыптастырумен халықты бақытты қыламыз дегенмен, рухани тұрғыда қазіргі таңда қазақ елі ең төменгі азғындыққа мәңгүрттік негізделумен өмір сүріп жатқандарын мойындауға ақылдары жетпейді. Біздің барлық өркениеттілікке жеттік деп қабылдаған, алған жолымыз, салтымыз қазақ дәстүріне қайшы және өзге азғындыққа түскен елдердің тек дүние байлығына негізделген білімдік жүйесін қалыптастырумен ғана шұғылданып кеттік. Бұл жүйенің тажалдық білімнің сипатын қазіргі жоғарғы ел басшысын көшеден кез-келген пендені тек білімін тексеріп ақылы да, саналығы да және халыққа қылған қызметі, өнері, біліктілігі, ел басқару ісіндегі тәжірибесінің түкке де керегі болмай қалғаны, рухани азғындықтың ең шегіне жеткеннің белгісі болады. Жоғарғы ел билеушілерін хандар, билер, ғалымдар, төре, қожалар өзара құрылтай жасап сайлайтын, түркілік дәстүріміздің келмеске кеткеніне де дәлел екені хақ. Мұндай жағдайда мемлекетіміздің ата заңының сақтаушысы, елдің тағдырын кез-келген күші асқанға, айласы асқан дүниемен баюдың жолын тапқан кәсіпкерге, ақылын түгелдей алмай жүрген ұяттың қасиетінен айырылған қатынға немесе түгі жоқ өз басын асырай алмай жүрген қайыршыға да ұстата салуға болатын әлемдік мәңгүрттік жүйенің құрбанына байлап қойған екеніміз де хақ. Ардан, ақылдан сұрау дегеннің адамдықтың құнын жоғалтып алған, өзге елдердің саясатына, көзқарасына байланған мұндай ел басқарушылар тұрғанда қазақ мәңгілік ел бола ала ма?
Ата-бабаларымыз біздерге аманаттап кеткен; «…Бізше, адам өмірін түзеуге, барлық адамдар тату тұруға негізгісі адал еңбек, ақ жүрек, арлы ақыл болуға керек». Абай атамыздың ойшылдығымен мұндай сипатқа еге болу үшін, ұлттың ішіндегі ғана емес, жалпы адамзатты барым деп сүюмен пайда болады. Сондықтан мейлі қандай жағдайда болсын; «Әрбір қазақ жалғызым және елдің қандайда бір тұрғыны туыс, жақыным» деген бірліктің туын ұстанатын дәстүріміздің маңызын түсініп ғылым жолымен, әділетті заңдармен, ар, ұятты салтымызбен әлемге үлгі болатын мерзімінің де өтіп бара жатқанын түсінетін, өмір шындығын қалыптастыру үшін күресетін жетелі қауымды қалыптастыратын жүйені меңгеру керек болады. Мейлі арапшыл дінші, «экстремист» қазақ, парақар, мейлі зинақор, мейлі бұрын ата-бабаларымыз өзара соғысқан ұлттың өкілі, ұрпақтары болсын, қазіргі таңда жан ғылымымен, құдайдың жол-жоба хикметті заман ісімен, қазақтың дәстүрі тура жол дінімен, ісімен нәсілдік тұтастық жүйені құрайтынымызды «әлмисақ уәдесінің» әлем халқының нәсілдік тұрғыда бірлігі екенін, халыққа кең насихаттайтын, қазақ философиясы мен жан тану ғылымының ақ бұлағының көзін жабылып ашатын сәт те туды. Исламның шарты масһабқа, топтарға бөлініп, бірін-бірі «біз артық, құдайға жақынбыз» деп түртпектеп, қарсы болып соғысу емес. Мұндай мейлі қандай масһаб сопылық топтар болсын, исламның әлем дінін түгел сыйдыра білетін тура жолы емес!
Ел билеуші, дін ғалымдары, зиялы қауым өкілдері ұйқысынан оянып, тылсымнан беріліп жатқан ата-анасының аруақтардың шырылдаған үніне құлақ салатын, өз тағдырларын тазартып қана қоймай бүкіл мемлекетіміздің тұрғындарының мұндай ақталу жолынан, күнәларынан тазаруға жұмыла кіріскенде жөн болады. Қазақтың ел билеу, дін меңгерудегі саясатындағы білімді қауым өкілдерінің жіберген, мұны жалғастырудан бас тартпай жатқан өрескел тажалдық қателіктерін өз қолдарымен түзеуге, болашақ тағдырларын тазартуға жағдай туғызу да керек.Мұндай жағдайда ортақ шешімге, әділ заңдарды қалыптастыруға, азаматтық ғылымдық зерттеу және ақылдың дамуына негізделген таным жүйесі құрылу керек. Алдыңғы жазбаларда да ескерткендей дін ісі мен ата жол, ата дәстүрімізді дәріптейтін,зерттеумен шұғылданатын ұжымдары бір жүйе болып, әрбір құдайдан түсіп жатқан белгілерді, ата-бабаларымыздан өмір шындығын меңгерумен қаланған ғұрып, салт әдеттерді ақылға, естілікті қалыптастыруға, денсаулықты сақтауға, қандай пайда, зияны бар деген тұрғыда зерттеліп, әлемнің діні, иманы, сенімі әлсіз елдерден көшіріп ала салатын білімдеріне байланысты әдет, салттарға тосқауыл қойылуы керек. Бұндай жүйедегі азаматтық ғылым, әлемде түркілік рухани құндылықтың тәжірибелік мектебі болып қалыптасады да. Мысалы қазіргі білім министрлігінің жас балаларға үш тілді зорлап оқытудың жаттанды білім ғана емес, Рухани тұрғыда; ақылға, естілікке, рухани жетілуге қандай пайдасы немесе зияны бар дегенді құдайдан аян, аяттарын алатын қасиеттілер арқылы неге тәжірибе зерттеумен ғылымдық тұжырым жасап, бір ауыздылық шешімге келмеске? Сол сияқты жас балаларға мектепте орамал, бас киімге тиым салмаудан денсаулыққа, ақылдың жетілуіне қандай пайдасы бар екенін және мұны сол заңды қолдаушылардан ғылымдық тұрғыда халыққа дәлелдеулерін талап ету керек.
Дәлелдей алмай ма, онда ғылымдық тұрғыда негізсіз деп табылып, енді мұны жақтаушы бұқара халықтың ішінен шыққан қасиетті дарынды ұлттың өкілдеріне қаншалықты ұлтымыздың, халқымыздың рухани қуатын арттыратынын, ақылға беретін пайдасын дәлелдеуге жол ашып жәрдем беру керек. Сол сияқты тылсымнан Раббымыздың аятымен 80-ге жуық әлемдегі емі табылмай, халыққа індет болған аурулардың түрі және оның себебін де жариялап таратқанымыз үшін неге заң орындарынан ұлт қауіпсіздігін әлсіретуші деп қудалануымыз керек? Ғылымы, дәлелі бар ма, әлде дін ақылдан биік деген надандардың пәтуасына жүгінгендік пе? Олай болса ел билігі осы азаматтық ғылым мектебі арқылы мұны ғылымдық тұрғыда зияндығын дәлелдесін, сол ақылға лайық болмай ма? «Ғылымсыз адам баласы хайуан» деген Абай атамыз. Олай болса хайуандық «инстинктке», ой жорыған жындылық -«эмоцияға», түйсікке негізделген әлемге де зұлымдық сеуіп жатқан осындай талай мыңдаған заңдарға, пәтуаларға, ғылымсыз дін тәпсірлеріне қазақ елінің дәстүрі арқылы соққы беретін күн де туды! Сондықтан азаматтық ғылым мектебінің екі жүйеден тұрып, екінші жүйе философия, психология, дін ғалымдары болып, сөз ғылымын зерттеу мен ойшылдық тұрғысында шешімдер шығарумен айналысуы керек. Қандай да бір шығармашылық өкілі осы мектептен ғана өзінің ойшылдық туындыларын бекітіп ұлықсат алатын болуы керек. Мұны діншілердің, масһабшы муфтият өкілердерінің, дін ғалымдарының, ақылы толмаған жастардың жеке әрекет етуіне ұлықсат етудің өзі зұлымдықты туындататынын білген жөн. Қандай жағдайда, замандарда болсын міндетті түрде болатын «оппозиция» өкілдерінің де барлық шығармашылықтары мен баспасөздеріндегі әрбір пайымдауларын ғылымға, құдайдың белгілеріне, аяндарына жүгіну арқылы сындарының қаншалықты өмір шындығына сәйкестігіне байланысты талдаудан өтулері керек. Өзара сын пікір таластың жағдайы азаматтық ғылым тұрғысында, ел бірлігін қалыптастыруға негізделулері керек.
Қазір ел басқару ісінде халықтың ашық түсінбеушілігін туындатып жатқан және түрлі қарсылық шаралары көшеге шығып емес, осы азаматтық мектептерге шағымдану, ұсыныс беру арқылы ғылымдық ата заңды сақтау, дәстүрге қайшылықсыз, ақылға зиян болмағанда жоғарғы ел билігіне заң орындарына талап қойып ұсынылуы керек. Мұндай жағдайда қазіргі сенаттық басқару жүйесі, осы азаматтық мектептің екі жүйесінің қызметінен, елегінен өткен аралық сұлтандық басқару жүйесі болып қайта құрылу керек. Оларды сайлайтын қасиетті, текті халық өзінің сенімін білдірген ақсақалдар, ғалымдар, зейнет жасындағы бұрынғы ел басқарушылар мен ұлттар бірлестігінің өкілеттіліктері арқылы шар салумен сайлануы керек. Және олардың арасында әділеттілікті қадағалайтын жоғарғы үш би, сұлтандар мен бас аға сұлтан да сайлануы керек. Сұлтандардың міндеті халықтың руханиятын сақтау, дәстүр салтпен өмір сүруге ел билеушілерге әділ заңдар шығарумен бірге әлемдік тұрғыдағы халықтардың татулығын сақтауға, бүліктер мен «экстремизмнің» себептерін жоятын, құдайдың көрсеткен жолы түсіндіріліп, намаздарын, ғибраттарын меңгерумен айналысуы керек. Бұл қазақтың бүгінгі таңдағы құдайдың хикметті белгісімен, дарынды яғни таланттылықтан жоғары тұрған ұрпақтарды даярлаудың мектебі болған, секта деп қудаланған ата жолында алғашқы ізі де қаланды. Бірақ мұны әрі қарай зерттеп, жетілдіріп, әлемге қазақ дәстүрлі дінінің тура жол болып қалыптаса алатыны және әлемдерді тұтастыққа шақыратын, азаматтық ғылымның ең жетілген мектебі бола алатынын да дәлелдеуге де болады.
Қазіргі ел басшымыз Нұрсұлтан мырзаға байланысты былтырғы жыл қазан айында бес жыл ата дәстүрін қалыптастырумен айналысады деген уахи келген еді. Ол кезде біз мұндай қайта сайлау жүретінін де болжай алған жоқпыз. Демек енді ел басшымыздың қайта сайлануы да құдайдың еркімен болып және өзінің қаншама жыл ел басқару ісінде жіберген ең маңызды үлкен қателігін, өзінің соңына ерген, тәрбиелеген шәкірттерін де болашақта масқара жағдайдан құтқаратын мезгіл туды. Осы кезеңнен кейін аға сұлтан қылып сайлап, қазақ руханиятының, дәстүрлік дінінің әлемдерді зұлымдықтан тазартуға, әлемнің бірлігін сақтайтын мәңгілік Астаналық елге айналатын мезгіл басталуы керек. Сұлтандық қасиет діннің жоғарғы сопылық дәрежесі болғандықтан, мұндай құрметке құдайдың жәрдемі үкімімен ақиқатты тани білген бір есті, саналы, ары мықты адам баласының жете алатынын да білген жөн. Мұндай тектілерде дүние ісінен жалығу деген болып, бүгінгі үлкендердің дұрыс қартая алмай, дүниелік нәпсінің құлы болып дүние үшін жастардың алдында мазақ болып, өзара қырық пышақ болған масқаралықтан арылуға да үлгі болады. Ақсақалдардың ел басқарудың көмекшісі, ұлттың, мемлекетіміздің руханиятын қадағалушы болатын мектебі де қалыптасуына себепші болады. Мұндай ақсақалы бар ел азбайды деген Абай атамыз.
Мұндай әр ауылда рухани басқарушы, батагөй ақсақалдары бар мемлекеттің бүгінгі масқара «шоу» болған, кез-келген наданның да өзін ел басқара аламын деп ұсына алатын, жат жұрттық тажалдық ел басшысын сайлау жүйесінен бас тартып түркілік билікті сайлау дәстүрін қалыптастыруға себеп болады. Әрбір ауылдан өзінің бір ғана ақсақалына ел тұрғындарының сенім шарын берген жағдайда, сатылап көтеріліп жоғарғы ел билеушіге тек қана үш адамды ұсынып, шар салу арқылы осы үшеуі де өз дәрежесіне қарай жоғарғы ел биліктің тұтқасын ұстауы керек. Негізінде ел билеудің жеті жүйелік сипатын қалыптастыру керек. Халықтың аманатын алып шарын салған әрбір ақсақалдың өз шарын қайта алу қаупі барын білген әрбір сайланушы өзінің міндеттерін, уәдесін адал орындауға тырысатыны да хақ. Халықтың да жоғарғы ел басшыларына өз мұқтаждықтарын партия арқылы емес, осындай бақылау жүйесі арқылы оңай орындата алады да және ғылымдық тұрғыда ақылға негізсіз жат жұрттың салтын қайталап, қарсылықпен ел билеушілерді мұндай әрекеттерді орындауға, әділетсіз, ғылымда дәлелсіз заң шығаруға осындай азаматтық мектебтің шешімдері арқылы қорғала алады. Жаңа өзен, желтоқсан сияқты бұзықтық, жындылықтардың, құдайдың түсірген сынағына, ұлтымыздың дәстүріне, діннің негізгі шарттарына, пайғамбарымыздың аманаттарына қарсы болған, түбінде қазақ халқының рухани қаралық таңбасы болатын тажалдық мақтаннан да арыла аламыз. Ақ жаулықты анасын, ақсақалын тыңдамай, өзара туыс ағайындардың дүниеге бола бірін-бірі қырған, ортақ ел мүлкін бүлдіріп, тонап, соғысқа шақырған мұндай істерді ұлттың намысы-арлылығы деп арандатып жүргендердің өздері арсыздықпен құдайдың лағнетіне ұшырап жатқанын да тәжірибе жүзінде түсіндіретін, өздерін құтқарылуға шақыратын да мезгіл өтіп барады.
Мысалы; кешегі Сарығаштағы екі пенденің арасындағы уақиғаны от салып; «Енді сол тәжіктер сенің балаңды, жақыныңды, қызыңды өлтірсе не болады» деген ой жорушылардың жастарды, халықты бүлікке шақырған әрекеттеріне Құдайдың қаһарына ұшырап, дәл солай өз сөзімен өз ұрпағын, өзін ажалға ұсынғанын, бірақ оны құдай қалай атқаратынын өзі білетінін де түсіндіру керек. Сунақ атты руды Арыстан баба немересі Мәнсұр атадан тәжік нәсілінен тарағанын да білген жөн. Жалпы білімді қауымның көбі нәсілдің, ұлттың қалай қалыптасып, өзінің қай ұлттың нәсілінен жаратылғанын аңғармайды да. Сондықтан әрбір пенденің өзге ұлттың нәсілінен, әке шауқатымен жаратылып тек қана ана қаны, ана сүті мен ұлттың дәстүрі арқылы ғана толық қазақ бола алатынын білетін уақыт та жеткен сияқты. Осындай діншілердің де өзінің шыққан тегін, рухани ұрығын, аруағын мазаққа алып ақымақ жастарды да «Басқа бәле тілден келеді» дегендей тағдырын бүлдіруге шақырып жүргендерге де тосқауыл қоймаса, алдағы 5-6 жыл ішінде бұл ағайындарымыз зор зұлымдыққа түсетіндері де хақ. Ақылдың және жан ғылымының әлемде жоқ білім мен ілім жолы қазақ халқының мирасы болып, оның әлем түгіл өз ағайындарымызға таныла алмауға күресіп жүрген білімді тажалдардың да жақын мезгілдерде бастарына сынақ пен қайғы-қасіреттің түсуімен зұлымдығына ұшырауы да хақ. Қазіргі таңда ата жол жазбаларын қандай білімді ел тұрғындарының, жастардың немесе рухани тұрғыда басын қорғап, інжілдік өлім сатысынан өте алмаған философ, психолог, дін ғалымы, теолог, акедемиктің де түсініп қабылдауы мүмкін емес. Керісінше ар, ұяты, бой жарығы, сыртқы зейнет кебенегі жоқ пенделерге мейлі ел билеуші, би, сенат өкілі болсын жүрегіндегі қарсылығын қоздырып шайтаннан болған жынын қоздыра бастайды. Бірақ мұны қабылдап, өзіндегі тегінен берілген қанындағы, жүрегіндегі белгілермен сәйкес келіп, рұқы оянып, ақ пен қараны ажыратуға, аяндар жүйесіне жалғануға жол ашылып жатқандары да жеткілікті. Мұндай сандық жүйемен байланысты, жетелік тұрғыда ғана жазылған ата-бабаларымыздың ойшылдығын, сөз ғылымын дін ғалымдарының иман тұрғысында түсіне алмай жатқандарына, ел билеушілердің таңдаған дін бағытының иманды жетілдіруге әлсіздік қылып, ақылдың өркениетіне тосқауыл «экстремистік» жүйе екендігіне дәлел болады. Олай болса ата жолының хақиқаты мұнымен шектелмейді, қарсы болған талай ағайын, бауырларымызға қасірет те болып, алдағы 5-6 жыл ішінде құдайдың үстемдігі қазақ елінде еріксіз орнайды да. Ел билігі бұл жолды берсе қолынан, бермесе жолынан құдайдың еркімен алынатыны да хақ. Сондықтан да мұндай зұлымдықтан құтқарылуға ат салысатын азаматтардың да;«Бас жарылса бөрік ішінде, қол сынса жең ішінде», «Алдыңа келсе атаңның құнын кешір» деген тектілігімізді мұның жан ғылыммен «Адамның басы Алланың добы», «Әлмисақ уәдесі», «Құдайсыз қурай да сынбайды», «Өлі разы болмай тірі байымайды» деген нақылдардың жан ғылымы адамзаттың бірлігімен, өркениетімен байланысты болатынын азаматтық ғылымдық мектептің іс тәжірибе зерттеу жұмыстары арқылы нақты білімін дәлелдейтін уақыт та туды. Ал енді ең маңызды қазақ мемлекетінің алдағы әлемдік дағдарыстан жеңіл түрде өтумен бірге, әлемдердің рухани мектебі үлгісі болуына қандай маңызды шараларды жедел түрде қалыптастыруы керек деп сұраңыз… (жалғасы бар)