XXXX-Ойға түрткі, ақылға дем Құдайшылдық және денсаулық, ақжаулық, он саулық дін байлығы

Бөлім: Ойға түрткі ақылға дем 52

Жаратушымыз ешқандай өз ара тең қуаттарды жаратпағанын жанат пен тозақтан ашық белгі бар. Алла тағалалық әлемдердің жаны жеті қанатты періштелік сипатын, жолын жаратып, оған сегіз жарықтың құдіретін, қасиетімен Алла өзін адамзатқа тануына лайық паш еткені де жаратылыстың ғылымынан, дініміз арқылы Алланы тану ілімі болуы керек. Мұны Алла Тағаланың сегіз сипатын меңгеру деп масһабта, исламдық орта топтарда қарстырылмағанмен қазақтың дін дәстүріндегі сопылық тұғысында қалыптасқан міндетті құлшылықтың амалына жатады. Абай атамыз 38-ші сөзінде насихатпен ашып көрсеткенді. «Түсінулерің үшін әр нәрсені пар-парымен жараттық» (51-49) деп ескерткен аятта. Негізігі парылық ұғым жартылыс негізі жұптық 2-санының және тақтық 3-сандық белгіден; 4;6;8;10 сандық белгілерді насихатың негізі болып саналды. Аятта; «…Сақ болыңдар, билік оған тән. Әрі Ол есепшілердің ең жүйрігі.» (6-62) деген ОЛ=2; Аллға ТӘН-ұқсас сипаты Алланың өзі билік иесі есепші сипаты, сандық жүйе арқылы жер әлемнің басқарылуын білдіреді.

Сонымен Алла танымы; Раббылық, Алла тағалалық және Бір тәңірлік жарықтық негіз сипатында (АЛЛА=4) болуы керек. Шариғатық тұрғыда Алла танымының 4-масһабпен насихатталауы да осындай еспетік жүйеде құрылғанымен әрбір масһабтардың өзін 4-ші яғни Алланың жоғарғы танмы екенін дәріптеумен өз-ара үнемі қайшылықта өмір сүріп бірақ тақуалық, тақтық тұрғыда; тарихат, мағрипат, ақиқат танымын ОЛ сипаты (3х2=6; 4х2=8; 5х2=10) немесе екімен дәрежелеу арқылы меңгеруді намаздарын орындау түгіл мойындауға қарсылық білдіруден, ислам дінінің өркениетін тежеушілер ғана болады. Олай болса қазақтың үш байлық негізі; Алла тағалалық танымнан- денсаулығымыз, Раббылық сары нұрды меңгеруден-ақ жаулығымыз; Бір тәңірлік қуаттық жүйесінің танымынан –он саулық байлықты меңгеру арқылы ғана төртінші тұрғыда Алламыздың нығметіне жалғанып, Ол сипатымен дәржелену арқылы жоғарғы есептік, қуаттық жүйесін меңгеріп Ол Аллаға айналамыз, досы, сүйікті құлы боламыз.

Енді үш байлықтың негізі; көру, есту, ойлау деген адамдық тегімізбен және «төртеуді түгелдеу, алтаудың бірлігін меңгеруді» масһабпен шектелумен емес, қазақ дәстүрінің сопылық тұрғыда шариғат, тарихат, мағрипатық негізде тура жолға жалғанып ақиқатты танумен, ал оның көрнісі тылсымдық құпиялармен Алла тағаланың мұндай құлына беретін хикметті білімімен, төбеміздегі жеті жол жарық негізіне жалғанумен байланысты болады. Қазіргі таңдағы діншілердің «ширик, шерік» деген ұғымдарының адамзаттың үш байлығын меңгере алмаудан, бастапқы жеті жарыққа, үш қасиетті жарықтықты бірлеп, бір қуатпен жалғанумен ған нәтижелі болатынын мүлде жоғалтудан, қарсылығына түсуден деп түсіну керек. Сондықтан негізгі тіршілікті меңгеруге байланысты үш кісіліктің тұтастық денесін қалыптастыра алмаудан, адамзаттың тірішілігіндегі көлеңкелерінің ақиретте жек-жеке түрлі жәндіктік, хайуандық, жануарлық сипаттардың пайда болумен керсінше тозақтық сатыға қарай төмендейді, қара түнек күштеріне, тірі пенделер үшін қосымша меңгеруге тиісті жүктерге айналады.

Ал мұндай қуаттық жүктердің әрбір пенденің жеті ата тағдырымен байланысты көлеңкелерін тазартып, меңгеріп біртұтас аруаққа айналдырудың құлшылығы, қазақ елінде ғана үлгісі тәжірибесі шығармашылық білім бар, десек қателеспейміз. Енді Мәшһүр Жүсіп атамыздың насихатына тоқталып көрейік; Кісілігімздің негізі; Көру есту және ақыл-ойымыздың жүйесін, шеріктік сипаттарын; «Соқыр, саңырау және жалаңаш»деп атаған екен. Ал бұл үш жын-малдық қуаттық тозақтық кісілікті Мен-жанның Ол сипатындағы адамдықтың (тағдыр, кітап аруақ болап) сырттан қарап бақылап тұрумен, әрбір пенденің өлгеннен кейін осындай рұқтық және жандық тұрғыда Алланың құзырына жалғыз-жалғыз (3;1(7) негізде) жындық және аруақтық(жандық) сипатында болып баруын баяндайды.

Жалғанда таппай бiр жар жалғыз жүрдім,
Кез болмай мен иеме далаға үрдім.
Айтқанмен көп соқырға кім нанады,
Дегенмен жұрт көрмеген бiр iс көрдім.

Болғанмен жүрген жерiң мидай тақыр,
Таусылу жүре берсең бар ғой ақыр.
Болғаннан дүние- дүние әуел ақыр,
Бiр үшеу жолдас болып келе жатыр.

Дүрбiден бiреуiнiң өткiр көзi,
Көрмейдi дәнеменi сөйтсе де өзi.
Қырағы құмырсқадай нәрселерге,
Онан үлкен зорлардан жоқ боп сөзi.

Мүлтiк жоқ құмырсқаны көруiнде,
Сұрасаң түгел айтып беруiнде.
Онан басқа нәрседен түк көрмейдi,
Кемдiк жоқ жер-су басып жүруiнде.

Құлағы тарс бекiген саңырау бiрi,
Өлi емес, денi сап-сау, өзi тiрi.
Дауысын дүңгiрлеген естімейдi,
Құдайдың соқтықса да көк пен жерi.

Өзiңде өшiң болса, саңырауға ұрын,
Ұрынбасаң бiлмейсiң оның сырын.
Сыбырлап жасырып айтқан құпия сөздi,
Естидi құлақтыдан әбден бұрын.

Жалаңаш киімi жоқ ендi бiрi,
Ашылып көрiнiп тұр ұят жерi.
Етегi сүйретiлiп келе жатыр,
Жаға-жең жоқ болса да, ол өңiрi.

Суретi адамға ұқсаған, мінезi аңға,
Бұл үшеуiн көрген соң қалдым таңға.
Дүние толды десем де жалған емес,
Тозаң бұрқ-бұрқ, жол үстi толып шаңға.

Үшеуi айрылмастан қосқан басты,
Бiр жасап жалғандағы өмір жасты.
Елсiзде көрiп көзім тоймасын ба,
Соқыр, саңырау, бiр тұттай жалаңашты….

Сонымен дін дәстүрімізге сай өмір сүрмегенде арсыздыққа бой ұрып, үш тегіміздің кісілік қасиеттерміздің тазалығын сақтап, ақыл –ойсызға жарықтан киім бермегенде, денсаулық байлығымыз да қалыптаспай, жындық, малдық қуатымыз тозақтық тұрғыда, жәндіктік, хайуандық сипатқа айналады екен. Қазақ әулиелернің мағрипатық тұрғыда құран аяттарының құпия сырын аша білгендігі және адамзаттың рухани қуаттарының жүйесін сөз ғылымымен бейнелеп насихатағанын, әзірге ислам әлемі де әлемдік философиялық құндылық тұрғында да беймәлім. Себебі мұны жағарғы дәрежелі ғалымдарымыз, ақындарымыз ақылды дана санаған іс басындағы ел билеушілер, дін имамдарының өзі мұндай насихатардың ішкі сырына үңіле алғандары жоқ. Сөзіміз дәлелді болуы үшін құранның бір ғана аятымен Мәшһүр Жүсіп атамыздың ойшылдықпен, философиясына тылсымдық, ақиреттік өмірдің құпиясын қалай ашып көрсете білгенін бағалап көрейік.

Аятта; «Мұхаммед көрмедің бе? Шәксіз Алла (Т) көктер мен жердегі нәрселеді біледі. Үш кісі сыбырласса; сөз жоқ, төртіншісі, әлбетте бестің алтыншысы Алла…Шүбәсіз Алла, әр нәрсені толық біліуші.» (58-7) Бұл аятпен жаратылысытың барлық басқарушы қуаттық жүйесі үш және бес қуаттық жүйені 4-ші, 6-шы және басқалай жұптық тұрғыдағы сипатына жүйенеуі Аланың өзіндік, Ол сипаты екі Мен арқылы басқару жүйесі болып саналды. Енді ең негізгі үш қуаттық жүйенің адамзаттың жындық, шайтандық малдық қуаттарының бейне көлеңкесі болып бөлініп, қайтадан адамзаттың Ол жанымен, яғни Алланың өзімен бірігуі болатын, қазақта; «Төртеу түгел болса төбеден келеді, алтау араз болса ауыздағы кетеді» деген нақылының сыры шығады.

Сонымен қазақ даналарының А. Машанов атамыздың «Абайдың үш бұрышы» деген мағрипатық әлемнің жүйесін матиматикалық тұрғыдағы түсіндіруге тырысқан, яғни әлемдік жартылыста құпия қуатық жүйенің «Бермуд бұрышы» т,б кездесетін құбылыстардың негізі адамзатқа берілетін; көру, есту, ойлаудың кісілігі яғни 6-сипатты ақыл жүйесімен байланысты екені де сөзсіз. Адам баласының жанын өсіріп көбейте алмай 8-жын кісілігін екі топтағы қуаттық жүйемен, екі естілікпен өсіре алмағанда көлеңке бойларының түрі хайуандармен, жәндіктермен бейнеленіп, қайта өзіне қайтып келуінде білген жөн.

Мұндай жағдайда адамзатың мінезінің хайуандыққа, малдыққа, жәндіктерге немесе құс болып ән саоумен тірлік кешуге тартып тұратынын да ұқсатығы қалыптасады. Ал дінді терең меңгеруден бас тартқанда кітіп арқалған білімді есктерге айналып аламыз. Бұл дін құлшылығының сырын, жүктерін меңгеруді масһабшы, ислам дінгілірі шерік қосу, серік қосу деп атап, халықты үркітуінің де себебі ақылдарының шариғатпен негізделіп қалуынан, өздернің есектерге айналып алуынан деп білу керек.

Енді мұндай шеріктік жан қуаты жетілмеген көлеңкелер зияраттардың маңында басқа да далалықтарда қаңғып жүреді де, кез келген дәретін, шариғатын меңгере алмаған, бой өрісін таза ұстап баға алмаған пенделерге шабуыл жасап енуге, бой өрісі болып қосылуға тырысады немесе туысқандық тұрғыда, қылықтық ұқсастықта, жындылықта еріксіз жалғанады. Мәшүр Жүсіп атамыз мұны өзінің Мен жаны арқылы бейнеленетін жеті қуатық жүйесі аруағымен ақиретік өмірде аян арқылы бақылап көруге болатын ақиқаттың құпия сырын баяндайды. Және қазіргі таңда қазақ еліндегі түрі азаптардың, ауру дерттердің, өзіне қол салумен жындылық шайтандықтардың осындай ақиреттік туысқандармыздың, әке –шешелеріміздің көлеңке жүктерін құран, құрбандық қаны арқылы әулие зияраттарынан тазартып алудан бас тартудан пайда болатынан да жадыңызға тоқып алыңыз. Ал мұндай шариғаттан жоғары тұрған құлшылықты кедей болып қалумен қорқытып, ата жолын соттап қудалағандар ібілістің жамағаты, ұрпағы шайтан, тажалдар ғана.

Дәнеңе жоқ маңайында жалғыз қара,
Бiр сайын өздерiне тиген дала.
Елсiзде үшеуiне кез болған жан,
Бет-аузы кетедi де болып жара.

Жалаңаш киімiңе тап бередi,
Байқамай онда соқыр шап бередi.
Бас салып керең, саңырау сабап-сабап,
Ерiксiз-ақ киімiңдi ап бередi.

Бой бағып мен анадай алыс тұрдым,
Бұлардың не қылғанын көзбен көрдім .
Не қылып, үшеуiнiң, не қойғанын,
Әр жерде әңгіме ғып, кеңес құрдым.

Соқыр айтты:
— Мен анық тұрмын көрiп,
Бiр адыр қол келедi сейiл құрып.
Саны сонша өзiнiң пәлен мың!- деп,
Бүлiндi өз-өзiнен құдай ұрып.

Онда саңырау дүрiлдеп келдi жетiп:
— Дауысын тұрмын,- дейдi,- мен де естiп.
Ана екеуi айтқан соң жау жеттi деп,
Жалаңаш жаман қорықты есi кетiп:

-Бұл жерден бiз қашпасақ тұра көшiп,
Бiр қуылса, соңымызға бұл жау түсiп,
Менiң құрғыр қызығып етегіме,
Ұзынын қоймайды ғой алмай кесiп!

Соқыр тұр:
— Көрдім мен,- деп,- міне,- келдi!
Саңырау тұр:
— Құлағым,- деп,- дыбыс бердi!
Жалаңаш тұр, жан қоярға жер таба алмай:
-Айрылдым етегімнен мен,- деп,- ендi!

Бұлар тұр дауырығып осы сөзде,
Құдайдың құба жоны құла түзде.
Ес көрiп, осыларды қара тартқан,
Ойласақ, шайнам ғақыл жоқ қой бiзде.

Не көрдi, дәнеме жоқ үш албасты,
Жалаңаш «жау» деген соң тұра қашты.
Жөнелдi ес жоқ, түс жоқ одағайлап,
Жол берсе, кiрер едi жердiң асты….

Енді қияметтік мезгілдің жағдайы бетінде нұры жоқ пенделердің, қыз әйелдерміздің бетері жара-жара болып жүруі де осындай кісіліктерін меңгермеумен байланысты екені де хақиқат. Ал бетің нұрын әшкере жария қылатын бас киімнің, орамалдың қазақ елінде өқорқынышты әркет болып заңмен тиым салуында да осындай кісіліктің тәрбиесінен жаппай ажратумен байланысыт екені де хақ. Сондықтан да осындай көлеңкелерді адамзаттың меңгеру құлшылығы ата дін дәстүрінен бас тартып; арсыздықпен, шайтандық жындылық қылықтармен жаппай өзінен көлеңке, сасыз иістерді арқылы бөліп шығыруымен, оған қарсы тылсымда Алланың әскерлері аруақтар арқылы соғыс басталады.

Мұндай соғыс дүркін-дүркін дайындықпен жүріп, жер бетіндегі тірі пенделерге кез келген бойын қалыптасырмаған ар, ұяттылықты сақтамағандарға кріп тығылады бойы әлсіздердің жинаған жарық киімін тартып алып, өздеріне теріс үндерді ақпараттарды деректерді қосумен жындылық топтардың да көбейумен қазіргі таңдағы бүлікшілдік, «экстреремизм» немесе гендірлік саясаттың, жерін дінін сатудың, сөз ұғымдарын терістеп, дүние байлыққа байлап халықты кедейлікпен қорқытатын, өза араз туысқандық жіпті үзуге шақыратын ібілстің ойына негізделген тәпсірлік білімді дәріптейтін жалған ғұламалардың пайда болуына да осындай үш қуаттардың олардың өздеріне артынын еріп жалғанып, шерік болып қосылумен, екі арлық сөз сөз өнермен байланысты, ана тіліне бөтен сөзді қосып, өрісін, ой бақшаларын бұзу арқылыбес қуаттық шеріктермен қосылған, сезімдік ақыл арқылы бес жалғандықпен негізделумен байланысты болмақ. Ал енді халықтың ата дәстүрі тұрғысында ғана шариғаттың тазалығын сақтап, мұндай шеріктерді себепсіз аруақтың тағдырылық кітабынсыз енуіне шек қойылғанда;

Үшеуi шығып кеттi елден безiп,
Қашумен жау жеттiлеп тау-тас кезiп.
Қарны ашып, қалжырайтын мезгiл болды,
Түңiлiп, тiрiлiктен күдер үзiп.

Елсiзге бұл үшеуi шығып кеттi,
Арада бiрнеше түн, күндер өттi.
Әуре боп бiр үш ақымақ қаңғып жүр деп,
Кім бұған даярлайды шай мен еттi.

Бiрталай таныс болды көрiп жердi,
Бұлардың сыбағасын аштық бердi.
«Пәлi, бiз мұнша неге бүлiндiк? «,- деп,
Бiрiнен айдалада бiрi көрдi.

Саңырау айтты соқырға :
-Қылдың, -дейдi,
-Ойлағаның осы едi, тындың!-дейдi.
-Көрiнбеген нәрсенi көрдім деумен,
Айдалаға қаңғытып қырдың!- дейдi.

Соқыр айтты саңырауға:
-Емес пе ең сен,
Демеп пе едiң дауысын естiдім мен?!
Көрмесем де көрдім деп жеңiп жүрген,
Емес пе едім белгiлi бекбике мен?!

Жалаңаш айтты:
-Екi ит не еттiң?-дейдi,
-Алып шығып елсiзге кеттiң!- дейдi.
-Бiрiң көрдім , бiреуiң естiдім — деп,
Зәремдi алып түбім е жеттiң!- дейдi?

Онда екеуi шап бердi жалаңашқа:
-Табылса ортақ боласың даяр асқа.
Елден бұрын алақтап тұра қашып,
Нең бар едi сонда артық бiзден басқа?!

Жалаңаш екенiңдi жұрт көрiп тұр,
Менi алар деп келсе жау қылдың ғой қор.
«Етек -жеңім ұзын,- деп мақтанасың,
Киім жоқ, етек-жеңiң қай жақта жүр?!

Өңiрменен тауып-ақ жаға-жеңдi,
Жұртқа айтсайшы сонан соң “етек кеңдi”.
Киім iң жоқ үстiңде тонайтұғын,
Жау алғанда, алады сенiң неңдi?!

Жақ-жақ болып үшеуi қылды керiс,
Ауыр тидi бұларға ендi жүрiс.
Басы жұмыр пенде боп жаралған соң,
Бiлгеннен, бiлмегеннен өтер бiр iс….

Әрбір жұмыр басты пенденің басының төрт түрлі жындық қуатпен байланысты болып; көру, есту, ойлау және сөз сөйлеумен ауыз тілмен байланысты болып; жындық тұрғыда-алу, жарату, пайдалану, іске айналдыра білу қабілетін білдіреді. Сондықтанда негізгі үш қуаттық жүйені Біреумен яғни Мен арқылы меңгеру шарт. Ал Мен-біріміздің ұлттық тұрғыда діл білімі болып ана тілімен, көркем сөз өнерімен яғни Алланың өзімен рұқымен, таза ақылмен жалғанумен байланысты болып аятта; «Әкеге балаға серт! (3).Расында адамзатты (адамның баласы, әрі жынды қылып) әбігер жараттық.(4) Өзіне біреудің (төбесіндегі біздердің) күші жетпейді деп ойлай ма? (5) «Толып жатқан мал ысырап етім» дейді. (Садақа, қайыр және бой көлеңкелері) (6) Оны біреу (күзетші, бақылаушысы, әулие аруағы) көрмеді деп ойлай ма? (7) Оған екі көз жаратпадық па?(8) Әрі бір тіл екі ерін? (ерін есту қасиетімен байланысты) (9) Оған екі жол көрсетпедік пе?(10) Сонда ол, кедергіні асуға тырыспады.» (90-11)

Бұл аяттың насихаты бойынша әрбір пенденің меңгеруге тиісті екі жолы болып; «Төртеуін түгелдеумен, алтауын араздастырмаумен» екі жүйелік; сезімдік және түйсіктік қуаттарды үш және бес қуаттық бірі іштен екіншісі сырттан келетін әрекеттерді меңгеру шарт. Сырттан салатын бес қуаттық жүйені денсаулықпен, өнер білімді меңгерумен адал еңбек етумен шариғатымызды сақтап қана нәтижелі болмақ.

Сондықтанда мұны исламда бес парыздық құлшылық деп бағалап, масһабты жол деп атаудың да сыры пайда болады. Масһабтық ұстаным жеті жолды меңгерумен емес, әр пенденің денсаулығы болып қалыптасатын өзіндегі бес жалғандықты меңгерудің ұлттық салт-дәстүрінен бас тартып, ал үш қуаттық жүйге жалғануды мүлде терістеп «шерік, серік қосу» деген азғыруымен ібілістің ұррағы болып алғандары да хақ. Ал бұл үш жүйені тарихат, мағрипат, ақиқат арқылы ғана меңгеруге болатын, әрбір қазақтың ұрпағына ұлттық дәстүрін меңгеру арқылы жандық тұрғыда жалғануға есік ашылатын, әрине әулие, дана санаған ел басшымыздың өзі де түсіне алмай жүр. Себебі ұлттық азаматтық, ғылымдық ойшылдық мектебіміз мүлде өз қызметін атқара алмай қазақтың жете, саналық екі күнінің жоғалуына ғана жол ашып қоғандары да жалған емес….(жалғасы бар. Тамыз айы 2016 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *