Зайырлы болу — ішкі сырыңды, дініңді түсіну

Бөлім: Ойға түрткі ақылға дем 310

Зайырлы деген ұғым адамзаттың және барлық жанды жаратылыс егелерінің, адамзат қолынан пайда болған туындыларының ішкі жасырын қасиетін білдіреді. Сонымен біздер неге зайыр сөзін мемлекеттің дін ұстанымына пайдаланып, ел билігі діннен бейтарап деп түсіндіреміз?   Бір нәрсені ұғыну үшін бейтарап болмай, сол нәрсемен бірге өмір сүріп, оның ішкі сырын жан-тәніңмен сезінбей, оның жалпы мазмұнын, құрылымын және қозғалысын, әсер-әрекетін зайырын білу мүмкін емес. Сонда біздің мемлекетіміздің ел билеушілерінің саясатының құпиялығы ма, әлде өздерінің ойларына шоқыну ма бұл жағдайымыз? Шоқыну дегеннің өзі белгілі бір қасиетті, қуаттарды жеке ғана қарастырып, тек сол қуаттар арқылы ғана керемет боламыз деп әрекет етумен әшкере белгілі болады. Қазақ билігі байлықпен шексіз баю арқылы алдыңғы қатарлы ел боламыз деп шоқынып кеткені сөзсіз және мұның пұты, табыну құралы қолдан жазған заңдар жүйесі болып танылады. Сонда қандай зайырлық қасиеті болғаны билеуші қоғамымыздың, мемлекетіміздің? Зайырлық құдайдың еркімен адамдық құндылықтармен көрінісін таппайтын болса, онда кері ұғымда шайтандық, жындылық болып шығады. Бұл сезімдік, түйсіктік қаракеттерде зайырлық сияқты іштен пайда бола ма? Сонымен ұлшылдар атты қауымның зайырлығы; тек қазақ деген ұлт болып, өзге ұлтсыз құдайдың жерден өндіріп берген несібесін өзінің халқының арасында болу керек деп ұғындырады. Ал мұндай әділетсіздікпен және көршілермен, өзге мемлекеттермен бірліксіз ортақ мүддесіз керемет боламыз деген тәккаппарлық,  жындылыққа шоқыну болмай ма?  Әлемдегі жер бетінің тұрғындарының түгелдей көктен келетін ортақ күннің шуағына, айдың нұрына, ауаға, суға ортақтығы болғаны сияқты жерден өндірілетін барлық қазба байлықты өзара бөлісіп, өзара саудамен қатынаста араласумен  тапқан несібе ризықтарын бөле жеп пайдалану, кедейлерге қол созу, жоққа жердем беруде бірлікте өмір сүріп жер бетінде тыныштыққа, бейбітшілік қоғамдарды құруға өзіңдегі барыңмен бөлісіп ортақ қазаннан ас ішудің қандай адамшылыққа, махаббатқа терістігі бар? Көрші түгіл өзге елдерден тыныштық бұзылып, аштық, ауру жайласа, сонда біздер қарнымыз тоқ болып қарап отырып, бұл сынақтан құдайдың жазасынан аман қала аламыз ба? Жер әлемнің бар мүшесі Бір Алланың құзырында тұрған тұтас дене болса, онда біз бұл денеден тыс өмір сүруіміз мүмкін бе? Әлде бәріне қызмет үлестіруші, жүрекке несібесін іздеп тауып беруші басқа айналғанымыз дұрыс болмай ма? Осындай әлемдік біртұтас дененің асқазаны болғаннан несі айып?  Сол сияқты қазақ мемлекетінің бар тұрғыны осы біртұтас тәннің ағзалары емес пе? Ел билікті бұл тәннің басы болып, дұрыс қызметін атқармағаннан оның орнына аяққа басқартуға бола ма? Мұнан қандай пайда бар? Ел билігін қайта-қайта тартып алғандар, жабылып басқарғандар не пайда көрді? Ал өздерін зайырлы атап дінін, жүрегін тыңдамай, тәннің барлық ағзаларын басқара білмеген, бірдей азық бере білмеген ойсыз бас ақымақтықпен бүкіл тәнді де құртып тынады. Жүрек қана барлық тәнді тең ұстауға қызмет қылады. Жүрекке басты бағындырмау арты қасіретке соғады. Мемлекетіміздің жүрегі дегеніміз қазақ ұлты болып, ал ұлтының өз азығы дәстүрінен тыйғаннан қандай зайырлық шығады? Ал дінсіз, дәстүрсіз жүрек — жынды жүрек, түбінде басты да ауыртып миын ашытып, тасқа соғылып быт-шыт қылуға да жүректің мәжбүрлейтінін аңғарған естіге  бастың да, жүректің зайырын,  қадірін де білген дұрыс болар еді. Махаббатты, яғни барлық дененің зайыры жүректен орын алатынын, жүрек дұрыс соқса ғана махаббаттың да өз мәнінде зайырлы болуын надан ғана ұғына алмайды. Адамзаттың зайырлығы –махаббатының көрінісі. Адамның адамдығы ақыл, ғылым деген нәрселермен өлшенеді. Ғылым, білімді махаббатпен көксеген болса ғана оның аты Адам болады. Ғылым, білім-хақиқатқа, растыққа құмар болып әр нәрсенің түбін, хикметін білмекке ынтықпен махаббат табылады. Ал Махаббатың төлеуі тек қана махаббат болмақ. Олай болса, ел билік зайырлы яғни қайырлы қоғам құрдық деп ата-бабамыздың махаббатпен тірнектеп жинаған дәстүрін тілмен мойындап іс жүзінде өз әулиелерін соттаған деген қандай зайыр, қандай қайырлық? Біздерге аманаттап қалдырған мирастарына, қаны мен терінің төлеуіне берген жауабымыз, төлеген төлеуіміз, зайырлығымыздың қайыры осындай болғаны ма?Ақыл, ғылым да өзін-өзі тани білетін мінез қасиеті мен тән саулығынан пайда болады. Ал мінез қасиеті мен тән саулығы ата-ана, әйел, ұстаздан болады. Сонда осындай дін қандас ағайындарымыздың ақыл саулығы кеміс болса, санасы жабық болса, ұстаздары ата-бабасының  тұрмыс  ұстазы аруағынан емес, онда артына ерген шайтаннан болғаны. Сондықтан да мұндай тілі майда бірақ іші дертті ауру адам қолы басқа бағынбай  қиратуға бейім тұрады. Дені сау адам ғана жасампаздыққа, біртұтастыққа бейім жақын болады. Ал жасампаз қоғамды құдайдың қалауымен ғана құруға болады. Онда да; «Өлілер риза болмай, тірілер бай бола аламайды.» Құдай да мұндай пенделерді қаламайды….

****   *****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *