Зарлаған сөз бар тажалдан  

Бөлім: Ата дәстүрі өлеңдері №7 106

Қазақ неге қор болған,

Намысы неге жер болған,

Байлығымды-жем болған,

Дейді қазақ ез болған.

Сұм қызығын көреді,

Құл қызығын көреді,

Кімнен болды себебі?

Ақын сұрау береді,

Бар ма деп мұның себебі?

Жауабы мұның дерегі,

Надандық болған тірегі.

Құдайсыз болған дініңді

Арсыз болған сөзіңді,

Ұятсыз дінсіз еліңді,

Түзеуге сынақ береді.

Ілімсіз білім ғалымдар,

Ойсыз тілді ақындар,

Дінші арам масылдар

Билікпен ақыл береді.

Үш байлығын іздемей,

Дүние малын түгелдей

Қырқысады надандар

Сөз айтпайды күндемей.

Жер байлығын түгелдей,

Есептейді тәңірдей.

Таусылса өлдің қазақ деп,

Құдайың тастап кетті деп

Атқа қонып атойлап,

Биліктен тартып алсын деп,

Араздықты ұлтқа себеді.

Бірлігіне құдай қарсы кеп

Құдайсыз алдын болжайды.

Мұнан деп қазақ оңбайды,

Айырылып байлық ақшадан

Ұлт болып тегің толмайды.

Тегіңді дейді сақтасаң,

Атаңның атын жамасаң,

Нәсілің бұдан азбайды,

Қатында еркек аты бар

Ардан сұрау қылмайды.

Ой жорумен тажалдар

Елді сөзбен алдайды.

Замана дәуір сынағын,

Тағдырына жоба алу

Миына ой боп қонбайды.

Төртеуі түгел болмаған,

Ақылдан бірлік алмаған,

Имансыз болса үлкендер,

Құдайдан қолдау алмаған.

Ел басшы игі жақсылар

Орнатар елге тар заман.

Қырқысып дүние байлыққа,

Халықты сөзбен азғырған,

Діннің атын жамылған,

Тажалдық білім орнаған.

Өзін-өзі тазартпай,

Имансыз сыртын бояған

Надандар көп зарлаған.

(қазан 2014 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *