Жүректер Алла мекені(122)

Бөлім: Зікір өлеңдер 103

Топырақтан тәні жаралған,

Асылы топырақ құмырадан.

Жер анамен жүрек дүрсілі,

Рұқымен қуат жалғанған.

Табанымен әйел жаннаттан,

Жалғанып жатыр ағарған.

Әлемге жарық ұрпақтар,

Бір кісіден бастап таралған.

Кісілік Адам атадан,

Ар-намыс, ұят, ұжданнан.

Қадірін жердің бағалар,

Ұлттығың елдік таңбадан.

Әр ұлттың бар таңбасы,

Жер анамен көк ортасы.

Ар үнімен қазақ нәсілі,

Номадтық таңба болмағы.

Жүрекке таңба басылған,

Жүректі Алла соқтырған.

Тербеліс беріп жер ана,

Жүрекке қозғау салдырған.

Аяққа қадым басқызған,

Жүрекке дүрсіл сыйғызған.

Аялап жердей анаңды,

Дәретсіз қадам баспасаң.

Тәніңнің соңғы мекенін,

Қайтадан өсіп өнетін.

Тегіңді пенде шын ұқсаң,

Тыңдай біл жүрек үндерін.

Егілген иман дәніңді,

Тазартып тіл мен діліңді.

Көркем сөз айтып суарсаң,

Таза ұстап өріс бойыңды.

Жүректер Алла мекені,

Ғылымнан дәні өседі.

Әлемді түгел сыйғызған,

Махаббаттың болып бейнесі.

Жүректе сырын жасырған,

Қатпарын Құдай оқыған.

Бейнелеп сөзбен ақталмай,

Болмайды тәубе шынынан.

Талаптың мінсең тұлпарын,

Жүректен қуат шыққанын.

Сегізбен ноқта салғызған,

Тазартып жүрек арамын.

Тағатсыздық шығар күнәдан,

Алпыс екі тамыр қанынан.

Қаныңда жақпай шайтанды,

Сезім боп, қуат қосылған.

Алланың ақша әмияны,

Иманмен қуат жиғаны.

Жүректе асыл қазына,

Байлығы әлем сыймағы.

Жүрекке жүрек қоспағы,

Пенденің жұп сыңары.

Тағдырың маңдай пешене,

Аруақпен болып жалғасы.

Қадірін жердің білмеген,

Жүрегі жерден үзілген.

Бой өріс табан арам боп,

Еме алмай жердің емшегін.

Ұмытсаң таңбасын елінің,

Ажырар табан жерінен.

Өзге елдің діліне құштар боп,

Кетеді қадірі ана тілінің.

Қадірі Алла өзінің,

Естуші және көзінің.

Жүрекпен пенде бағасы,

Құлшылық сәжде сөзінің.

Жүректер иманның мекені,

Алланың білімі еккені.

Егіні пісіп жетілмесе,

Кеудеден жер үн өшпегі.

Көзі бар бірақ көрмейтін,

Құлағы бар есту білмейтін.

Жүрегі тас надандар,

Ұрпағы ібіліс МЕН дейтін!

(2018 жыл Қыркүйек)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *