Жаманға жаман кез болады

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №3 104

Алтынды күте алмаса жез болады,

Қайтуы асыл заттың тез болады.

Қыз күнінде бәрі жақсы болғанымен,

Жаманды кімге құдай кез қылады.

Сырты сұлу іші арамда қыз болады,

Мұндай қыздың әурет үйі жез болады.

Жез өкше деген сөздің парқы,

Сұқталса алтыны қыздың тез тозады.

Тек пен генді кімдер бірдей тең қылады,

Ген қаннан, тек ағаштан нәр алады.

Аруды күте алмаған күң етеді,

Деген сөз осындайға кез болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *