Жан — бағбан, тән — бақша

Бөлім: Ақиқат бастауы кітабы №2 154

     «Және ол, сендерді бір-ақ кісіден жаратқан. Сендерге уақытша орын тұрақ бар. Расында ұғатын қауымға аяттарымызды ашықтан ашық баян еттік». (Әнғам -98) Сол тұратын орынды бақша деп атаған Құранда.

«Ол сондай Алла, желдерді жібереді де бұлттарды жүргізіп, оны қалауы бойынша аспанда  жаяды. Және бұлтты  бөлшектейді. Содан оның араларынан жаңбырдың шыққанын  көресің. Содан ол,  жаңбырды құлдарының қалағанына жеткізеді. Сол уақытта олар қуанышқа ие болады». (Рум-48)  Жаңбырмен бірге кісі (қуат)  келеді. (Бала көтерерде әйел адамдағы ерекше қуанышты сезімді ескертеді). Өмірге келген сәбидің көргені, күлгені, түсінгені ата-ана үшін үлкен қуаныш. Бұл енді жанның алғашқы белгісі. Жан күзетшісі оны  қалаған құлына жеткізеді.  Бұл жерде алғашқы келген жанның айырмашылығы болмайды.).  «Сосын оны бейнелеп  ішіне өз рухын үреді. Сондай-ақ  сендерге есту, көру және  түсіну қабілетін берді. Аз шүкір етесіңдер». (Сәжде-9)  Пенде баласында есту, көру, түсіну қабілетінде айырмашылық жоқ.  Тек өсу барысында малдың қалай тәрбиеленіп  өсуіне байланысты рух  беріліп отырады да ерекшеліктер, мінез пайда болады. «Бейнелеп» өсіп жетіліп қабілет пайда болғанда ғана рухтан хабар келіп жан бақшасының дамуы басталады. Сол бақшаны өсіретін ата-ана тәрбиесі және салт-дәстүр. Енді бақшаның сипаты Құранда: «Және ол, аспаннан жаңбыр жаудырды. Ол арқылы әр түрлі өсімдікті шығардық та, одан жасылдық шығарып үсті-үстіне  ұйысқан түйінді шығарамыз (жасылдық дегеніміз дене түктері және сезім белгі бездері қалыптасып, жүйке тамырлары қалыптасып өсе бастайды). Және құрма ағашының  қауашағынан (сүйек буын бастарынан) салбыраған шумақтар  және жүзім  бақтарын, (сыртқы ішкі өріс көрінісі жүзім бұтақтары сияқты өріс жүйелері) бір-біріне ұқсаған, ұқсамаған зәйтүн, анар шығарамыз. (Жыныстық бездер еркек, ұрғашы) Мәуеленгенде  әрі піскенде жемістеріне бір қараңдар; міне шәксіз осыларда сенген  ел үшін әрине дәлелдер бар. Және олар, Алла жаратқан жындарды оған теңеді. (Сегіз түрлі жын негізі адамзат тәнінде өсіп шығады.)  Және олар білместіктен Оған ұлдар, қыздар ұйғарды. Ол олардың  сипаттағандарынан пәк, жоғары». (Әнғам -99, 100).(Жындарда жыныс жоқ, тек жыныстық мінез қалыптасады.) Құрма ағашынан жүзім бағы шықпайтыны ақымаққа да түсінікті. Адам сүйегі   құрамы жағынан құрма ағашына ұқсас болып келеді.  Құрма  — жаннаттық өсімдік.  Адам тәнінде үш қышқыл бар.  Сол қышқылдар өріс тамыры болып жүзім,  зәйтүн, анар өсімдіктерінің қорегі  болып табылады.  Бұл бақтың  жеміс беретін уақыты қыз, ұл болып ержеткен  кез.  Осындай адам жанының ішкі  тамыр бөлігін  ғылымда жүйке жүйесі деп атайды.

    Көркем жапырақтармен әсемделген жанның  үйін, бақшасын бүлдіретін, жаратушымыздың түсірген, үкім етілген  парыздарын, ғибадаттарды  орындамау болса, ал арсыздық істер сол бақшаны өрмекшінің ұясына айналдырып алады. Ондай пенделерге аятта: «Алладан өзгені ие етіп алғандар,  ұя жасап алған өрмекшінің мысалы  сияқты;  шын мәнінде үйлердің  ең осалы  өрмекшінің ұясы. Егер олар білетін болса». (Ғанкәбүт). Пенде өрісінің әлсіздігі де және түрі де өрмекші ұясына ұқсайды. Алла тағала ғана оны қорғайды.  Адам тәнінде сол бақшадан жындар  қоректеніп өсіп-өнетін болса, сол бақшада  қанша өнім жемісі (бездер,  малдар) болатындығы аятта: «Рас  мына туысымның  тоқсан тоғыз  саулығы бар еді де, менің бір саулығым бар еді. Сонда да ол,  «Оны маған тапсыр» деп,  сөз бойынша өзіме өктемдік  істеді». (23) Дәуіт:  «Шынында  сенің саулығыңды  өз саулықтарыңның үстіне сұраумен саған зұлымдық еткен екен. Расында қарым-қатынаста болғандардың көбі, әрине бір-біріне зұлымдық істейді. Бірақ иман келтіріп,  турашылық істегендер басқа. Олар азғантай»,- деді. Дәуіт (пайғамбар)  шын мәнінде  өзін сынағанымызды сезді. Сондықтан Раббынан жарылқау тілеп,  сәждеге жығылып бой ұсынды». (Сад – 24) Адам баласының бақшасы екіге бөлініп, бас және иықтан төмен бөлікпен арасында шекара болуды қажет етеді. Киімге мән бермей, тәнді жаппай ашық тесік ұстау, арам ас, арсыздық істер, сол мал қораларының бір-біріне араласып нәпсі қылығының, мінездің өзгеріске ұшырауына  және зұлымдық, арсыздық істерге апарып соқтырады, жан, жүйке аурулары пайда болады.

      Бүкіл шизофрения, эпилепсия жүйке аурулары осы «сөз бойынша қаралықтан»  туындайды. Жан өрісін, бақшасын өсіретін де, өшіретін де  тән және сөз тазалығы.  Намаз, зікір ғана арашалап тазартып, ара жігін ажыратады. «Турашылдық істейтіндер азғантай» деп ескертеді  Алла тағала. (Туралыққа жол сілтеп ескертіп тұратын мизандағы кісі.) Сондықтан пайғамбарларға елшілік істерді қоса жүктеп сол жан үйін қалай күтіп баптауды үйреткен жаратушыдан. Демек пенде баласына жасы 40-қа толғанша сол екі бақшаны қосуға болмайды.  Мизан мен жан өрісінің арасын қосуға болмайды. Ара жігі болу шарт. Қосылса аян бұзылады. Алда толық талқылаймыз. Сол екі араны «Қаралықтан» қалай  ажырауды және 40-тан кейін қадай бір бақшаға айналдырып күтіп баптауды  дәлелдеп кеткен ғұлама Яссауи бабамыз. Демек сол бақшалардың жерге, ортаға байланысты қоректендіру ерекшелігі болу шарт. Жанның тегі су болса, судың тегі сөз болар, сондықтан әр халықтың тілдік ерекшеліктеріне қарай амалдар, есеп жүйесі болып пайғамбар ізгі істерімен сәйкестендіріп отыруды шариғат істері болып табылады. Көп тарихатшылар төте жолды  іздеп кетіп адасып жүр. Яғни тіптен мешіт дін танушыларынан бастап шариғат істерін шариғат жолына қосып алып, қайсысы жол, қайсысы іс екенін өздері де ажыратудан қалды.  Құранда ол туралы  құпия аяттар, ескертулер жетерлік.   Сонымен адамда жүйкеге 100  «саулық»  қызмет етеді. Қазақта «денсаулық» сөзі  осыдан негіз алады. Сол «деннің» саны 99 және бір, барлығы бірге жүгінсе, 100 болып бір белгіні білдіреді. «Әй, мүміндер! Сендерді малдарың,  балаларың  Алланы  еске алудан  тоспасын, әлде кім  істесе міне  солар, зиян тартушылар». (Мұнафиқун – 9) Құранды тәпсірлегенде тамақ болып  жейтін мал мен  жұмсайтын қуаттық «мал  бала» арасын  шатастырып алғанбыз.  Қорадағы малың ол  хайуанға жатады.  Не себепті мал деп атаймыз  оған тозақ туралы  өмір өткелінен өтіп  көргеннен кейін және жаннат туралы мағлұматтар алып барып көз  жеткіземіз. Әзірше терең кете бермей осы қалпында қабылдай тұрамыз.  Енді бір саулық ол кісімен (мизанмен) байланысты. «Мен жалғыз жаратқан кісіні өзіме таста (11) оған көптеген мал бердім (12) Әзір   тұратын ұлдар бердім (13) (Ұлдар ұғымы аяқ-қол. Қазақта «қол бала» деген сөз бар.) Оның жағдайын кеңітіп, ықпалын арттырдым. (14) Сосын тағы да арттыра  түсуімді үміт етті (15) Әсте болмайды өйткені қасарысқан еді (16) «Бұл адамның ғана сөзі» (25)( Мүддәсір). Мизандағы  «Бір кісінің» тағдыры  ана тілімен, сөзбен ғана қасиеттерге тәуелді түрде өссе, дамыса, нәпсінің ықпалымен қанағатсыздық, нәпсілік лас сөздер, арсыздық істер ерте  ажалды туындатып тозаққа жетелеп апарады (Көру, есту қасиеттері).  Бұл кітапта  қысқартылған түрде ғана пендеге байланысты жындар және тозақтық өмірді әңгімелейміз.  Жалпы жындар әлемі  3 бөлікке  бөлініп әр бөліктен  қаншама жаратылыс иелері тарайды.  Бәрін біріне-бірін себепші қылып әлемдік тербелісті қамтамасыз етеді.  Болашақ басылымдарда  мүмкіндігінше  сырына үңіліп көреміз.  Барлық ем-шипа да  осы жындар мен  тозақ белгісінен  тарайды.  Ғылымның да дамып, заман қасіреті,  қайғысынан  құтылу жолдарын табу, ашу осы  жындар  әлемін толық  түсініп  құпия белгілерге  ат  қоя білуде деп түсінемін.  Тегін, негізін  анықтап қана  қорғану тәсілдерін меңгеруге болады.  Ол үшін есебін,  жүйесін  білу шарт.

 ЖАН  САУЛЫҚ, ЗОР БАЙЛЫҚ.

       «Бірінші байлық – денсаулық, екінші байлық – ақ жаулық, үшінші байлық  — он саулық» деп те мақалдаған  дана қазақ.  Үш кие. Жаулық — әйел киесі, ал  сол саулықтарды қорғап тіл-көзден,  сұқтан сақтайтын кие етек. 100 саулық он  киеге бөлінеді, тоғызы сөз киесі. «Тоқсан ауыз сөздің  тобықтай түйіні бар» — деген аталарымыз.  Тәнге де, жанға да  ырзық сөз арқылы  келеді. Тегі рух.  Енді жіктеп көрсек.  Адам тәні үш қараңғылықтан тұрса,  сүйек майы және сыртқы етпен  бөліп тұратын қараңғылық көру  киесін құрайды. Сүйек майы азайса  көзді де қараңғылық басады.  Іш құрылыс, сыртқы  ішкі май қабаттары  есту киесі болса, тері мен ет арасы ойлау қабілеті  болады. Бастағы тері мен  сүйек арасындағы қышқыл  — түсіну киесі болып табылады.  Осы киелердің  баста, бетте, кеуде тұстарында белгілері бар. Сол таңбалардан  пұттар белгісін жасап, Адам Ата қауымынан бастап жындарға шоқыну пайда  болған. Сол киелердің  тобық, тізе, жауырын, шынтақ,  жамбас, білезік, т.б. тұстарында түйіні, көз есіктері бар. Көлденеңнен пендені жіктесек 8 түр болып жіктеледі.  Балтыр, сан,  қой, ешкі. ( Бала). Себебі ризықтық несібені аяққа беріп қойған  жүру, жүгіру, жем несібе іздеу. «Жүгіргенге жүргем ілінер» деген қазақ. Қарын, кеуде — сиыр.  Тойғанын білмей бүкіл нәрсені қарнына жинап сол арқылы сүт  береді. Сусыз өмір сүре алмайды.  Жауырын, қол – түйе.(Бала) Ылғал да тамақ та  көп керек етпейді. Жүк көтеріп тек қимылға, жұмысқа жазып қойған. Осы жүйенің бір-біріне  қосылуын «Қаралық» деп атаймыз. Қаралық — ауру  тегі.  Ең ауыр түрі  ойлау жүйесінің көру, есту  жүйесіне  тікелей қосылуы.  Тек көріп ойланатын,  болмаса естігеніне  сенетін енді малдармен араласса сиыр сияқты  қарын қамын ойлайтын немесе ешкі сияқты ұрлық, ауырдың асты  жеңілдің үсті немесе түйе сияқты күшіне ғана сенетін  мінездер  туындайды. Бәрінің күзетшісі  мизан, ол да түсіну  қабілетіне (бастағы қышқыл құрамына) тәуелді. Басты бағаламай, шашты қиып, жалаңбас жүретін миы ашыған әйелге түсіндіріп көр. Себебі малдар жеке-жеке бөлініп бір пенде баласында төрт түрлі малдық қимыл әдет пайда болып, сегіз түрлі ойлау жүйесі қалыптасып, өзін кім етіп көрсеткісі келмейді. Яғни жұлдызшаға айналады. Ондай пенделерге  тек европаша айлакерлік қағида керек. Ол тәсіл нәпсі ғана. Бүкіл өмір сүру қажеттілігін, рухани ләзатты нәпсі қажеттілігіне ғана бағыттау керек. Бір малға су керек, бір малға иіс жем керек, біріне сыланып өзін керемет көрсету керек болса, бірі тек жатып алып жей берсем демек. Солардың бәріне азық беретін босқа мақтан, арзан сөз керек. Сол сөздердің   түйіндері буындарда  тоғысады да сол жердің  ойлау қабілетімен  байланысын (жол өрісін)  ғылымда «плазма» деп  атайды.  Кейде  байланыс өрісіне қарай «цикоплазма» деп те атайды.  Жүйке түйіндерінде пайда болатын қараша өріс. Сыртқы өріс арқылы кеңістіктегі өмір сүретін жындармен байланысқа түссе түйсік сезімдері пайда болып көріпкел атандырады. «Жолыңды ашамын» деп көріпкел болып, өзі де өзгені де  әуреге түсіріп қояды. Себебі жаһаннам тіршілік иелерімен ғана байланыста болып негізгі жаннат әлемінен толық мағлұмат ала алмайды немесе мүлдем ажырайды.

      Құпия, өсіп өркендеуге байланысты мағлұмат тек жаратушымыздың ұлықсатымен шапағатшылар арқылы ғана жүзеге асады. Сопылық жолды толық меңгере алмаудан да өріс бұзылып, аян тоқтап, сана жабылу да осы қаралықтың әсері. Қарапайым халық арасында сол қаралық қоздырғышқа айналып жазылмайтын ауруларды туындатып жатыр.  Ғылымда толық емі  табылмай америкалықтар адамды қыздырып шала өлтіріп емдеп жатыр.  Оның кілтін жаратушымыз қазақ халқына беріп отыр. Негізі Яссауи жолында  қаланған.  Бірақ оған тәрбие, тәлім және шариғат істерін, сонан соң негізгі шарттарын толық меңгеріп барып, сатылап жетеді. Бұрынғы ғұламаларымыз жүріп өткен із, бірақ қағидасы өзгерген.  Себебі  адам  жан сарайының тербелісі сол  қалпын сақтағанмен  сыртқы кеңістік және жындар әлемінің тербеліс жиілігі өзгерді. Әлем аспандары кеңіп қаншама жұлдыздар пайда болып жыл сайын өзгерістерге түсіп жатыр. Сондықтан аятта: «Құраннан мүміндерге шипа және рахмет түсіреміз, ол залымдықтың зиянын тым арттыра  түседі». (Ісра -82) Құран аяттарынан басқа барлық  түрлі дұға, жалбарыну түрлері, ем-шипа дұғалар зиянкестерге айналып кесірін тигізе бастайды.  Арапша сөздердің оқылу және әріп таңбасымен үндестік есебі бар. Араптар үшін қатынас, тіршілік құралы болса, өзге тілдік жүйесі бөлек елдер үшін зікір. Зікірдің де есеп  жүйесі өзгерді. Оған да себеп тіл және үндестіктің өсіп, дамып, кеңуі болып табылады. Тек араптар үшін ғана тұрақты болып қала бермек. Сондықтан Құраннан тыс аяттар,  дұғалар мәнін өзгертті, арапша  дұға-тілек айтуға құмар  діндарлар  абайламаса болмайды, жалбарыну, тілек тек жүректен шығу шарт. Адам баласының ішкі тербеліс жүйесімен сәйкес келіп үндестік болуы керек.  Құран аяттарының да жиілік өрісі кеңіп құпиялары, маңызы болашақта жоғарылап ашыла бермек. Сондықтан ана тілді  меңгеру нағыз  ғалымдықты қажет ете бастады. Себебі тілдің дамуы мен үндестік тербеліс те күрделенді. Арап тілінің сөз қоры сол қалпын сақтағанымен тербеліс мағынасы, дәрежесі өсті, болашақта өсе де бермек.  Тек құран аяттары ғана  шипа рахмет деп ескертіп отыр Алла тағала.  Рахмет сол  жалбарыну, зікір, дұға арқылы  болатын Алла тағала тарапынан келетін құбылыс.  Жұртқа түсініксіз  былдырламай тілек тілеуді өз тіліңде  жүректен шығарып жалбарынып сұрағанға не жетсін, ешқандай жасандылықсыз, аталарымызша!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *