Айдың шарлап ар жағын,
Қайта келген жаның бар.
Ай артында қапаста,
Суықтықта шыңдалар.
Жан жылуын жинаумен,
Күнәлардан босанар.
Жер бетінен кетсе де,
Қайта басар ізі бар.
Бұрынғы өмір сырларын,
Жаның көріп ұғынар.
Мұны қайдан білдім деп,
Пендесін бір таң қылар.
Тәнің шіріп кетсе де,
Қайта өнер дәні бар.
Дәнді тауып өз жаны,
Қайта жерді бастырар.
Есте қалған ескі өмір,
Суға сіңіп жоғалар.
Қайта тағдыр жазылып,
Өшірлер парақтар.
Басыңа қиын іс түссе,
Екі қол тағдыр сеп болар.
Өткен өмір күнәсін,
Оң іс қолмен ақтап ал.
Ізгілік пен игілік,
Жанға қуат қостырар.
Жан қартайып тән өлсе,
Қайсысы көп қайғырар?
Ар, ұяттан ет өлсе,
Жаны қалай жас болар?
Табаны жерден ажырап,
Басы қара зіл болар.
Қарайып бауыр мейрімсіз,
Тән қартайып азғындар.
Жанға сарайы сауытсыз,
Ар жоғалып тек азар.
Жан қайғысын артырып,
Жер құшуға асығар.
Тастауға тәнді сасыған,
Ажал досты шақырар.
Қабыл ғып жан тілегін,
Өз жағына қайтарар.
Тән мекенмен қоштасып,
Жан сапарға бет бұрар.
Ұзақ жол тұр алдында,
Тұрағын қайдан таптырар?
Салмағы жанның алайда,
Бағытына барар сеп болар.
Тозақ деген от емес,
Жәндік, жануар, құс шығар.
Құдірет қолы Алланың,
Қай орынға тап қылар.
Көркем сөз жанға қуаты,
Құранмен үні қостырар.
Өліге иман тілеген,
Қазақта дәстүр дін болар.
Әруақтың басын көтертіп,
Ұжмаққа ұрпақ сеп қылар!
Қай ғарышқа саялар,
Өзінен Құдай жазу бар!
(Наурыз 2019 жыл)
***** *****