Тезек жайып, күйбеңдеп жүр жан-жарым,
Ертеңгінің ойластырып ол қамын.
Бағдарлайтын оңы менен солымды,
Темір қазық жұлдызындай жап-жарым.
Бар қасиет бір өзіңнен табылар,
Анасың сен-Ұлысың сен тенып ал.
Өмір негіз-Тірлік көзі, шуағы,
Ана сүтке, парыз жүкке бағынар.
Сабырлықпен ағайынға сыйлысың,
Туыстықтың жалғап жібін, тұрғысын.
«Абысын тату болса-Ас көп» деген,
Баба сөзін мықтап ұстап тұрмысың.
Жрыңа да ақылшысың, тіреусің,
Бір қиналып, бір қуанып күлерсің.
Даналықтың туын биік ұстаған,
Аналар көп-сенде соның бірісің.
Жақсы әйел-ер азамат ырысы,
Өмір соқпақ-тойлап өтер жыр іші.
Бір өзіңсің жақсылыққа ұйытқы,
Жан ұяма кеңдік берген, тынысы.
Тезегіңді молдау-молдау жинап көп,
От маздатып, жылулықты шашқың тек.
Өмір заңы-күн шуағы, шапағат,
Алла нұрын ниетіңе шашсын кеп.
Алғысым көп бір өзіңе жан-жарым,
Бір көтеріп жалғандықтың салмағын.
Адаспайтын қрпақ өсер артыңнан,
Сен тұрғанда жұлдыз болып жан-жарық.