Жетесізден арсыздық туындайды

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері №8 90

Жетесіздер жеті айтқанмен тыңдамайды,

Құдай берер жол-жобасын ала алмайды.

Өзінде жоқ өзгеде болмайды деп,

Іші тар, жынды екенін байқамайды.

Білімді ақыл қылып, есектей арқалайды.

Ой жорумен халықтың болашағын,

Артына қарап алдын бағалайды.

Артnағы майда көңіл жүр деген Абай,

Астарына жетесіздер жете алмайды.

Көңілсіз ел артына май жинайды,

Дүние бағып, ақиретті ойламайды.

Мал табарлар қазақта ел билеген,

Ар, ұят, ұждан барын ойланбайды.

Сана деген ақыл ойдың бірлігі боп,

Діл білімсіз ақ жаулықсыз құралмайды.

Жетесіздер саналымын деп ойлайды,

Жетелі боп маңдай көзін аша алмайды,

Бас қадірін меңгермей жете болмас,

Басындағы төрт жынын тазартпайды.

Басқа өріс нұр алмай, сана енбес,

Май болып жүрекке сана тама алмайды.

Жүрек қана санамен ақылға ой жалғайды.

Артnағы тарихтан үлгіні болашаққа,

Сол қалпында көшіріп бақ болмайды.

Артыңды көріп, бетім де солай болсын десең,

Көңілің тазармай арам майдан жүз болмайды

Білімді ақыл қылып нұр алмайды.

Құдайдан таза ақылсыз бақ болмайды,

Құдайсыз қурай сынып қозғалмайды.

Құдайдың заман ісін өзгерткендер,

Құдайдың лағнетін еріксіз арқалайды.

Жындылар бірінің ісін еріксіз қайталайды,

Шыққан күн мен батқан күн бір болмайды.

Қызыл шындық батқан күнмен түнге еніп,

Ертеңгі күнің тағдыры боп шыға алмайды.

Тарихы ата-ананың батқан күнің,

Қайтадан күн қылғанмен жана алмайды.

Тарихын ата-баба қателіктен тазартпаған,

Қатесіз деп, құдайсыз іс қылған ел оңбайды.

Латынның таңбасының киелерін,

Қайта алғанмен үнге қуат қоса алмайды.

Кер таңбадан латын харпі оза алмайды,

Қырық екіден отыз бір көп болмайды,

Есеп білмес есектер елді алдайды.

Есті адам өзге елден жүктелмес таңбасымен,

Көлеңкесі жын боп келер, деп ойлайды.

Жындылар бұрынғы қылығын қайталайды,

Тозғандарын ескі өмірдің байқамайды,

Білімін сол қалпында көшіріп алып,

Артына қарап алдын болжап арандайды,

Даналығы өзгермес осы деп бай-байлайды.

Көрмесе жынды бірін-бірі тұра алмайды,

Топ құрып алып білімдерін тықпалайды.

Адам жалғыз құдайсыз жүре алмайды,

Адамдықтың ғибратын алып пайымдайды.

Құдайдан жол-жоба алып таза ақылдан,

Саналық ойшылдықпен бағалайды.

Мал тапқандар жол табар бола алмайды,

Екі қуаныш дүниемен бір тұрмайды.

Ақиреттің қуанышы мен қайғысына,

Дүниені тәрк еткендер шын бойлайды.

Ар, ұятын ұмытқан соң бір Құдайды,

Ортасын төрелікпен кім болжайды.

Астанадай қала салдым, өзім ойлап тауып,

Дегенмен де тағдыры ұлттың осылайды.

Дүние ісімен Құдай ісі тең бола ма,

Сендерге үйретем деп рұқ, жаның жайлы.

Өзің білме білгендерді тыңдамайтын,

Астамшылықты жаратқан ұнатпайды.

Жетесізден арсыздық туындайды,

Жетесі толық болмай санаға жалғанбайды,

Бұл сөздерді білімділер еске алмайды.

Бұзықтықтар хақиқатпен шын болмайды,

Қияметтің мезгілінен білгілермен,

Шындығын шын қылса да ел нанбайды.

Арсыздығына қазақтың үкім түсті,

Азап беріп Құдай өзі енді жазалайды.

(Мәуліт айы 2017 жыл)

*****   ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *