(Мұхаммед.Ғ.С) «Оларға сендер жерді екі күнде жаратқанға қарсы келесіңдер ме? Сондай-ақ оларға теңеулер жасайсыңдар ма?, бұл бүкіл әлемнің Раббы» де (9).
Жерге үстіне асқар таулар жаратты да құт-береке қойып, жер жүзгіндегілердің ризықтарын төрт күнде шамалады. Бұл сұраулар үшін тура жауап (10).
Сосын көкке жөнелді, ол бір түтін еді, сонда әр жерге ерікті немесе еріксіз келіңдер деді. Екеуі де бой ұсынған түрде келдік». (11) Бұл аятта берілгендей қозғалыс екі түрлі жағдайда жүреді, негізгі қозғалыс кіндігі жер екендігі көрініп тұр. Жарықтың әсерімен жер ерікті қозғалысқа түссе жердің әсерімен көк еріксіз қозғалысқа түседі. Көк негізі отсыз түтін, жер негізі түтінсіз жалын. Жалын жарық әсерімен тербеліске түседі.
«Оларды жеті көк етіп, екі күнде жасады. Сондай-ақ әр көктің міндетін өзіне білдірді. Жақын көкті жұлдыздармен әшекейледік әрі қорғауға алдық. Осы үстем, толық білуші Алланың тағдыры болып жеті жерде жер, көк бүкіл әлемнің алты күнде жаратылғандығы баян етілді. Бірақ Алланың қасында бір күн 50 мың жыл» (Фуссилат – 12).
Енді есептеп көрсек бүкіл ғалам әлемдері 6×50 мың жыл ═ 300 мың жылда жеті әлем жеті көк болып жаралған 18 мың ғалам дейтін себебіміз сол.
«Ол сондай Алла, жеті көкті жаратқан және жерді де солар сияқты жаратқан күмәнсіз Алланың әр нәрсеге күші толық жететіндігін білулерің үшін әмірлері жер мен көктің арасына түсіп тұрады. Сондай-ақ Алланың білімі әр нәрсені ішіне алады.» (Талақ – 12)
Жаратушымыз жеті көктің де сыртында, яғни жеті әлемге әмір, сырттан үкім жіберіп басқарып тұрады және барлық нәрседе белгісі үнемі бар, бола да бермек. Әр әлемнің өзіне тән шегі, қабы бар. Біріне-бірі қосылмайды.
Алланың білімі – екі орта, бөлінген жарықтың арасы болып табылады. Ол Ахирет жер көк арасы, теңіздер, екі орта, күн, ай, жұлдыздар арасы, жеті қат аспан ортасы, яғни төртінші «Фалақ».
«Жоғарғы және төменгі әлемдік аспан сфераларының өмір сүру әрекетінің басты көзі, бастау бұлағы болып, бүкіл әлемді жарықтандырушы» қызметін атқарады.
«Олар Алланы шын мәнінде қадырлай алмады. Негізінде қиямет күні жер бүтіндей оның уысында және көктер де оң қолымен бүктеледі ол олардың қосқан ортақтарынан пәк. Әрі жоғары». (Зүмәр – 67).
Жер және әлем жаратушымыздың оң қол бөлігінде орналасқанбыз. Жер беті Алланың қадірі болып есептелсе, көк қасиетіне жатады. Жер Алланың алақанына сыйып кетеді. Қалған алты әлем қалай орналасқан адам ақылы оған жетуі мүмкін емес.
Әлем тендігі аятта: «Сендерге түтінсіз жалын, отсыз түтін жіберіледі. Өздеріңді құтқара алмайсыңдар» (Рахман – 35)
Шындық — әлемдегі қуаттар тендігін сақтаушы осы екі сәуле болып табылады, оның негізгі «Бол» деген әмір. Жердің пайда болуы екі күн ═ 100 мың жылды құраса, жердегі нәсіпті төрт күнге × 50 мың ═ 200 мың жылға шамалаған. Яғни жер бетінің тіршілік әлемі тек 200 мың жылға есептелген. Ғалымдарымыздың миллиондаған жыл түзіледі деп оны бөліктерге бөліп есептеуі мүлдем қисынсыз. «Ол Алла сендерге жерді тұрақ, көкті күмбез қылды. «Сондай-ақ сендерді бейнелегенде көркем бейнеледі. Және де таза нәрселерден қорек береді. Міне осы Алла, Рабыларың Төтенше ұлы Алла, бүкіл әлемнің Раббы». (Ғафыр-64).
«Көктер мен жерді әрі екі арасындағыларды шындық бойынша, бір мерзім белгілеп жараттық. Ал сондай қарсы болғандар ескертілген нәрседен жалтаруда».(Ағраф –3). Әлемнің өмір сүру шегі белгіленген, уақыты да санаулы.
Жоғарыдағы келтірген екі қуаттың әсерінен және Алланың әмірімен бүкіл әлем тіршілік етіп жатыр.
«Ол сондай Алла, жеті көкті жаратқан жерді де солар сияқты жаратқан. Күмәнсіз Алланың әр нәрсеге күші толық жететіндігін біреулерің үшін әмірлері жер мен көктің арасына түсіп тұрады. Сондай-ақ Алланың білімі ішіне алады» (Талақ – 12) Жаратушымыздың әмірі, теңдік қуаттары, өз қозғалыс теңдігін жоғалтқандарды қайтарып 3-ші әлем Алланың біліміне барып кері қайтып отырады. Үнемі осылай орындалып толассыз ерікті еріксіз түрде тербелістерде тұрамыз, неге тербеліс? Неге айналмайды? «Сондай Алла, сендерге жерді бесік қылды да онда тура жүрулерің үшін жолдар жаратты.» Яғни жер бесік сияқты тербеледі, айналмайды. Жолдар жер бетіндегі жолдар емес, жердің астындағы және аспандағы жанның тазару жолдары. Жер бетінде тура жол болмайды. Жер негізінен жеті бөліктен тұрады. Көкте қат аспан арасында жеті жол жараттым деген, ол жер астында жеті теңіз тоғыз бұлақ бар деген Сәни дәптерде. Араларын жер қабаттары бөліп тұрса, «жерді төседім, тауларды қазық қылып қақтым» — деген жаратушымыз. Жер негізінен жазық болып есептеледі де, көктер мен қосып бүктеліп жалғанған жерлері таулармен шегеленген аятта: «Қиямет күні, тауларды жүргіземіз де жерді жап-жазық көресің және адам баласын: Олардан ешкімді тастамай жинамаймыз» (Кеһф — 47).
Жер жазық көрпе сияқты жеті қабат етіп жаратылған, әр кабат арасында теңіздер бар, 9 түрлі бұлақпен жалғанып тұрады. Жалғанған жіктер ащы су мен тұщы судың біріне-бірі араласпайтын жерлері болып табылады.
«Рас егер жер жүзіндегі ағаш атауы; қалам, теңіз (сия болып) одан кейін оған тағы жеті теңіз көмектесіп, (жазса да) Алланың сөздері таусылмайды Күдіксіз Алла, өте үстем, хикмет иесі». (Лұқман – 27). Бұл аятпен сөздің тегі судың өзі екенін ескертеді жаратушымыз.
«Ол сондай Алла, жеті аспанды қабат-қабат жаратқан. Рахманның жаратуында еш мүлтік көре алмайсың. Қайта көз сал. Ешбір ақау көре аласың ба? (3) Расында біз дүние аспанын шамдармен безедік. Оны шайтандарды атуға жасадық. Сондай-ақ оларға жалындаған азап әзірледік». (Мүлік – 6)
«Алланың жеті аспанды қабат-қабат жаратқанын көрмедіңдер ме? (15) Олардың ішінде айды нұр қылып, күнді шам қылды». Ай жеті аспанның ішінде болса, енді жер айналмаса тербелсе күн түн қалай алмасады?.
«Алла: күндіз мен түнді ауыстырды. Рас бұнда, қырағылар үшін әрине ғибрат бар» (Нұр – 44). Жарық пен қараңғылық біріне-бірі тәуелді түрде тербелісте тұрады. Көк еріксіз тербеліп ауысып тұрады.
«Ол сондай үгіт алғысы немесе шүкір еткісі келген кісі үшін түн мен күндізді бірін-біріне ертіп қойды» (Фұрқан – 62). Түн үгіт алу болып болашаққа жоспар беріліп отырса, күндіз шүкірлік тіршілік ету, ішіп-жеу, қуат жинап несібелік өмір болып табылады.
«Ол Алла түнді күндізгі кигізіп, күндізді де түнге кигізеді. Сондай-ақ ай мен күнді игерді. Бәрі де белгілі мерзімге дейін жүріп тұрады. Біртұтас осылар Алланыкі, иелік соған тән. Одан өзге табынғандарың бір ұрық қабығына да ие емес» (Фатыр -13.) Жұмыртқа ұрығы тәрізді бір қабық ішінде орналастырған жер әлемін.
«Оларға түн бір белгі одан күндізді ажыратамыз сонда олар қараңғылықта қалады (37) сондай-ақ күн белгілі көлемде жүреді. Міне осы аса үстем әр нәрсені білуші Алланың өлшеуі. (38) Тағы айдың орындарын да өлшеп қойдық. Ескі құрманың бұтағындай болғанға дейін. (39) Күннің айға жетуі мүмкін емес және түн де күндізден ілгерілемейді. Әрбірі көкте жүзеді» (Ясин – 40).
Аспан күмбез болып жауып тұрса жердің қосылған жері екі теңіз арасы болып, бірақ жік білінбейді, біздер үшін бір тұтас. Ал көктің жермен түйіскен жері болып, солтүстік мұзды мұхит пен антрактика бөліктері болып табылады. Аспан көк ұрық қабығының ішіндегідей яғни әлем жұмыртқа сияқты шайқалып тұр. Жоғарғы төменгі қабыққа тығыз бекітілген екі нүктесі бар. Сол тербеліс жиілігі жеті аспанға беріледі де жер тәулігіне бір тербеледі, жеті тербеліске сыртқы көк бір қозғалады. Ай өз орнында, өз жолдарында ілгерілі кейінді құрманың бұтағы сияқты жолдарда қозғалыста болады. Астрономдардың жер күнді айналады дегені бекер. Сонда қалай күн түн ауысады? Қазақта күн батады, шығады дейді, Құранда да солай белгілі бір көлемде жүреді деген сөз. Сонда қалай? Енді мына аятқа назар салсақ. «Ол, екі шығыстың Раббы…. Әрі екі күн батыстың Раббы» (Рахман-17). Яғни ғаламда екі жағында екі күн бар кезек-кезек жанып сөніп тұрады. Жалпы жұлдыздар өздігінен жанбайды. Бәрі сол күннен түскен сәуледен шағылысып жанып тұрады. Күн шырақ деген яғни күн батып майланып қайта жанып тұрады. Демек жер бетіне белгілі дәрежеде ғана жарық түседі, ал сәулелер жұлдыздарға бағытталған. «Сондай мол игілік иесі Алла, аспандағы жұлдыздардың орнын жаратып, сонда бір жарық және сәуле беруші айды жаратты.» (Фурқан-61) Айда жұлдыздар орны бар, жұлдыздар сәулесінен жарық пайда болып, сол жарық ай орнына байланысты жерге сәуле болып жетеді. Күн сәулесі белгілі бір мерзімде уақытта түседі. Сол уақытта күн тұтылады. «Сондай-ақ күн белгіленген көлемде жүреді. Міне осы аса үстем, әр нәрсені білуші Алланың өлшеуі.» (Ясин-39) Күн өзіне тән бекітілген көлемде батып шығып түрады демек тербелісте тұрады. Белгілі орбитада жер күнді айналады деп ұғу қателік. «Тағы да айдың орындарын өлшеп қойдық. Ескі құрманың қураған бұтағындай болғанға дейін. (39) Күннің айға жетуі мүмкін емес және түн де күндізден ілгерлемейді, әрбірі көкте жүзеді.» (Ясин-40) Түнде, күндізгі жарықта газ қабаты сияқты қабат-кабат аспан болып тек ашылып жабылып тұрады. Ай жердің көлбеу (меридиан) сызығы сияқты тербеліс жүрісте болса, күн өз көлемінде шығыстан батысқа қарай батып шығып жүзеді. Егер жер шарына мұқият зер салсаңыз, біздер үшін күн шығатын шығысымыз америка құрлығы үшін батыс болып шығады. Ал жерді кері қарай жазып түйеге айналдырсақ, астраномиядағы уақыттық, есептік белдеудегі қателіктер щығады. Алдағы басылымдарда дәлелдер келтіріп көреміз. Құран ғылымының әлі талай ғасырлар бойы адамзат баласын таң қалдырары сөзсіз ақиқат! Сонда жалпы әлем 7 жұмыртқа болып үлкен бір жұмыртқаның ішінде шайқалып тұр әрлі-берлі құдды үлкен шексіз алып клетка тәрізді. Жеті әлем кезек-кезек бір-бірден жеті рет тербелсе сыртқы қабық бір тербеледі. Сонда ішкі әлемнің 12 рет тербелісіне жалпы ғалам 1 рет тербеледі. Екі күн кезек-кезек жанып сөніп тұрады күрделі сағат құрылысы. Біздерің көре алмайтындығымыз, ғалымдардың есептей алмай жүру себебі, аспан үлкейткіш шыны сияқты қорғап тұр қабат-қабат болып. Ол үшін жер мен көктің шегінен өту керек. Қалай? Әрине ол үшін мүмкін я Солтүстік мұзды мұхиттан немесе Антрактикадан бақылау керек болар. Жерді аспан немесе жердің қозғалысы сонда көрінер еді. Жұлдыздарды да бақылау оңай. Әрине оған дүние жүзінің ғалымдары бас қатырар. 4 қат аспанның жолдарының күніне бір рет тоғысатын уақыты бар ол «сақар» уақыты деген «Яссауи» бабамыз. Жылына бір рет үлкен әлемге сәйкес келеді. Ол қадыр түні. Құрбан айт күндері үш күн 4 аспан есігі ашылады. Тағы Құранда «Түйеден сендерге алатын ғибрат бар» деген жаратушымыз. Әрине аянмен ескертпесе кімнің ойына келген, жердің картасын кері қарай жазып көрсеңіз аумаған түйе болып шығады. (Суретке қараңыз) Тек америка құрлығы шығыста түйенің мойын басын белгілейді. Енді жер жүзінің бейне суретіне үңілсек, жер жүзінің мемлекеттерінің орналасуында белгілі өзіндік тәртібі және соған байланысты мінезі шығады. Ал шығыстан батысқа қарай жіктесек:
Америка – мойын бас бөлігін алып жатыр. Россия – иық мойын, арқа бөлігінде иық бөлігін алып жатыр. Швеция, Норвегия — өркеш. Австрия алдыңғы аяқ басы Индия, — кіндіктің басы, түбі. Қытай қолтық жауырын бөлігін құрайды. Жапония – төс бөлігін құрайды. Африка – артқы жамбас. Аравия – емшек. Европа мемлекеттері тік ішек және артқы құйрық бөлігінде орын алған. Қазақстан ішкі жүрек тұсында орналасқан. Ішкі ағзалардың орналасу тәртібімен мемлекет мінез ерекшеліктері шығады.Иран, Түркия, Египет, т. б мемлекеттер ішек-құрылысы, тоқ ішек бөлімдерде орналасқан.
«Қараңдар жерді қалай кеміткенімді» деген аятта. «Теңіз астында құрлықтар бар» — деп ғалымдардың зерттеулерінде шындық жатыр. Жер бетіндегі тіршілік 2-ге бөлінеді. Адам Ата қауымы және Нух қауымы. Адамдардың құрылысында ішкі 12 мүше өзгермегенмен сыртқы пішіндерінде айырмашылық өзгерістер болған. Түйенің ішкі, сыртқы мүшелердің орналасу тәртіп ерекшелігімен әр мемлекеттің өзіндік құрылымы, мінезі қалыптасқанын аңғаруымызға болады. Америка құрлығы мидың ойлау қабілетін құрлықта қалыптастырса, европа құйрық солай бұрылады. Россия мемлекеті ой – жота қимыл. Негізінен бастағы ойды жота қимылға айналдырады. Қателесу мүмкіндігі зор. Бас жабық болмаса ми ашиды. Қазақ елінің ас қорыту жүрек тұсына орналасуы тегін емес! Жүрек қана адастырмайды. Негізгі шындық сынақ басқа келеді. Сондықтан көп жағдайда Америка құрлығының апатқа ұшырауы қаупі зор. «Шындықпен бір ұрсам миын шашылып кетер деген» аятта. Америка құрлығы әсіресе Аргентина, Бразилия майда ұсақ аралдарға, құрлықтарға бөлінеді ол ақиқат. Ол мерзімнің де жоба есебі бар Құранда. «Күдіксіз аяттарымызды жасынға айналдырып, одан өздерін жоғарғы көргендерге көктің есіктері ашылмайды… және олар түйе иненің көзінен өткенге дейін жұмаққа кірмейді. Күнәкарларды өстіп жазаландырамыз» (Ағраф – 40).
Түйе иненің көзінен қалай өтеді? Ол үшін иненің көзі сияқты жонылуы керек. Жалпы иненің көзі үлкейтіп қарағанда жұмыртқа сияқты. Енді ойша түйенің мойын басын алып тастап сызық жүргізсек, болашақ апаттың көп мемлекеттерді жоқ қылып, жердің жұмыртқа сияқты қалпын алатындығы шүбәсіз! Қашан? Асықпасаңыз оны да білесіз. Қазақ елі бәрібір ортасында қалады.
«Олар Алланы шын мәнінде қадірлей алмады. Негізінде қиямет күні жер бүтіндей оның уысында. Және көктер де оң қолымен бүктеледі. Ол олардың қосқан ортақтарынан пәк. Әрі жоғары». (Зүмәр – 67) Жалпы құранда жазылған уақыт мезгілі төртке бөлінеді. Құран насихатына жүгінсек екі басты қиямет мезгілі болған жер бетінде. Қиямет күнінен кейін де тіршілік өмір бар. Қиямет күнінде көк тығыздалып жерге жақындатылады. Яғни тіршілік басқа бір жиілікке өтеді деген ұғым. Негізінде Адам Ата уақытында жердің құрылысы да басқа болған. Толық құрлық болып бір-біріне жалғасып тұрған. Оның белгісі қазақ жерінде тұр. Ол Қазығұртта адам ата, хауа ана тасы немесе «Ғайып ерен қырық шілтен» деп те атайды. Сыртқы пішіні тура тұмсығы жоқ пілге не өгізге ұқсайды, тек тұмсығы доғал. Ал арасындағы жол күн қуатының Алла ғаршысының пайда болатын көкке көтерілер есігі болар. Демек жердің де екі қабат жүйеден тұрып жер асты шекарасы болып үшінші және төртінші қабат арасы ыстық су теңізі болып табылады. Жер ана да аспан сияқты қабат – қабат болып жеті бөліктен тұрады барлығы 14 қабат болу керек.. Басты екі құрлық (Америка, Азия, европа) біріне-бірі қарама-қарсы жағдайда тербеліп тұрады, жеті қат аспан тербелісін қайталайды. Құранда «таулар бұлт сияқты қозғалады» деген, бірақ біз оны байқамаймыз. Бесікте жатқан бала тәрізді таулар да тербелісте тұрады. Көкте 11 жұлдыз және ай, бәрінің жер бетіне байланысты орны белгіленген. «Жерді айналады, ай жер айналасында айналып жүреді деп емес, бәрін тербеліс заңымен қарастырсақ қанша біз білмейтін құпиялар ашылар еді болашақта ғылымда.»