ЖЕТІ ҚАЗЫНА—ЖЕТІ ЫРЫС

Бөлім: Ақиқат бастауы кітабы №2 241

Жеті атасын білген ұл,

Жеті жұрттың қамын жер.

Өзін ғана білген ұл,

Құлағы мен жағын жер.

     Түркі әлемде қазақ тарихында жетіге байланысты мақал да, өлең, өсиет көп, сондықтан жаратушымыздың ескертуінен бастап өрбітсек; «Алла жолында мал сарып қылғандардың мысалы: әр сабағында жүз түйір өскен жеті сабақты ұрық тәріздес»   (Бақара – 261).

Жеті сабақ бір ұрпақтан өседі және әрқайсысы 100 ұрпаққа дейін бере алады. «Бұл қазақ ата дәстүрі. Өтейбойдақ атамыздың шипагерлік баянына жүгінсек»  жерде жеті әулие бар деген.

Әулие – дәм Әулие – ат көлік Әулие – тұз Әулие – қыз Әулие – күн Әулие – жер, ел Әулие – ит

Енді осы әулиелерден ырыс-береке, қазына шығады. Оны 41  ырыс деп атаған.

     Жаңа туылған нәресте Алла әмірімен көзін ашып, 3 толық тәулікте ата-анасын таниды. Пенделік танулық шарты 3 тәулік оның дүниені көріп тану қуанышын құттықтау болып табылады. Емдеу тәсілдерінде 3 тәулік толысу, айығу осыдан шығады. Жаңа туылған балаға 7 күн бір қатер. Осы қатерден кетсе, аман қалады. Сондықтан 7 толық тәулік шарт тұрақты сан болып адам өмірінде қалыптасқан. Адам қаза болғанда жаңа басқа өмірге өту 3 күнге созылса, 7 күн сұрақ жауап мерзімінің аяқталуы, яғни бір қатер. «Жетісін» беру деген қалыпты ұғым адам жанының түрлену мерзімімен тығыз байланысты. Енді осы кезеңдерді 5-ке көбейтіп отырса баланың бесікке салар, кіндігі түсер, т.б. кезеңдері шығып отырады. Пенде болғасын  ауырмай тұрмайды. Бүкіл жүйкелік, сырқаттық, аурулық, науқастық белгілерінің бәрінің емі де, шипалық қасиеттік көрсеткіштері 41  ырыспен тығыз байланысты. 41 ырыс ішінен бүкіл адам тән жан шипасын табуға болады. Оны алда әлі талай әңгіме етеміз. Адам өмірін жақсартатын жетеу:

Әкімдердің шарапаты,

Ғұламалардың шариғаты,

Байлардың салауаты,

Кедейдің қанағаты,

Үлкендердің ұлағаты,

Жастардың инабаты,

Азаматтардың ар – ұяты.

Өмірде жеті нәрсеге асығу керек деген:

Қонаққа дастарқан жаюға асық,

Қателігіңе кешірім сұрауға асық,

Қарызыңды өтеуге асық,

Бойжеткен қызды ұзатуға асық,

Қаза болған жанды көмуге асық,

Егінді себуге асық,

Өнімін жинауға асық.

Өмірде жеті сүйеніш болады дейді:

Әйелі еріне сүйенеді,

Бала ата-анасына сүйенеді,

Шәкірт ұстазына сүйенеді,

Патша әскеріне, әскері әкіміне сүйенеді,

Халық патшасына сүйенеді,

Қайырымдылық ақылға сүйенеді,

Сопы дініне сүйенеді.

Аталарымыз 7 ұлағатты сөз қалдырған:

Әлсізге медеу бол,

Күштіге айбар бол,

Зарыққанға жебеу бол,

Тарыққанға демеу бол,

Асқанға тосқауыл бол,

Сасқанға сал бол,

Ұрпаққа ұстаз бол.

Адамды жеті жағдайда тану:

Батыр адам майданда танылады,

Туған-туыс жәбірленген кезде танылады, сөзінде тұрып, қарызын мезгілінде өтеумен танылады,

Ақылды адам тапқырлығымен танылады,

Дархан адам мырзалығымен танылады,

Бөгде біреумен сөйлескенде биязылығымен танылады,

Кедей болса құлқын ойламай, қылмысқа бармай танылады,

Жамандық пен жақсылық арасының арашасы жеті болмыс. Тозақтың да жеті қақпасы бар. Жеті түрлі адамнан қашық бол дейді.

Орынсыз ақыл берушіден,

Ешбір іске турасы жоқтан,

Өзін үнемі жоғары санайтын еркектен,

Өз пікірін ғана құптайтын өтірікшіден,

Өзінен гөрі ақшаны артық бағалайтын сараңнан,

Өз мінін мойындамайтын оспадардан,

Жетіні меңгерсең сегізге жетерсің

Жетесіз болсаң сергелдең басталар

Жетелі болсаң ол – сегіз сері!

Сегіз — қасиет

     Сегіз саған қосылса — қасиет, алынса — қасірет. Бүкіл жаның осы сегізге бағынады, тәніңді де жүргізіп, тұрғызып, сөйлетіп тұрған сегіз болар. Онға қосылып он сегіз ғаламды құраса, онға қосылып он сегіз болып бір кезеңге жеткеніңді білдірер. Нөлді қосып артына жеткен биігіңді білдірер. Талайдың арманы болған ол сегіз. Құранда «Маған  8 жыл жалға жүруіңе орай мына екі қызымның бірін саған некелендіргім келеді. Егер он жылға толтырсаң ол сенің жаныңнан болады» (Қасас -27).     Адамда сегіз жалшы болса соны жұмсаумен 9 шыны табады. Бұл қасиет көздері болып саналады.

Өткірдің жүзі, кестеннің бізі,

Өрнегін сондай сала алмас,

Білгеннен маржан, білмеске арзан.

Надандар баһра ала алмас,

Толғауы тоқсан қызыл тіл,

«Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек,

Бұдан ұйқас өлең, сөз керек…

Өлең тап ойланып

Буыны сегіз ,атауы егіз,

Ұшан теңіз екеуі…

Кім дәл басты кілтін ашты

Кім жақсы ұқсасты нешеуі»… (Абай ата)

Он сегіз ғаламның иесі бар,

Қажыған қарт даланың киесі бар.

Киесі бар! Қазақ деген иесі бар!

Бар болмысты сыйғызған бір-ақ түйіп

Даланың данасының сөзінде жүйесі бар!

Сегіз — даналық ағасы. Сегіз – сыр құпия.

Жәнәттің шешетін сегіз құпия кілті бар, сондықтанда адамзат баласы сегіз түрге бөлінген. Құран есебінің тегі де екі жұп төрттен сегіз болар. Сегізді таба алмай сергелдеңге түсті әлем халқы. Ол үшін тек бір Аллаға сиынып тоғыздан ажыратып көру керек.

Үйірімен үш тоғыз

  

Тоғыз – кие, иесі – кісі.

«Олар үңгірінде үш жүз жыл жатты тоғыз арттырды» (кәһф – 25). Қазақ тарихы қадір басы осы аяттан басталады. Асықпасаңыз аяңдап оған  да жетеміз. Жан ғылымын меңгеріп барып, «Тоғыз ай он күн» толғатып толғағымыз жетіп дүние есігін ашамыз. «Қалада жер жүзінде бұзақылық істеп, түзушілік істемейтін тоғыз кісі бар еді» (Нәміл – 48).

Әр адамның өз тоғызы бар, Әрбір іс тоғызбен тиянақталып, не түзеліп бірді табасың, болмаса  баратын жерге  барасың!

Тұранның кім кеміткен музыкасын,

Фараби тоғыз шекті домбырасын.

Күңірентіп тоқсан тоғыз күй тартқанда,

Тебіреніп кім төкпеген көздің жасын.

(Мағжан  ата)

     Қайда қозғалыс болса, сонда жарық бар, қайда жарық болса сонда сәуле бар, қайда сәуле болса сонда дыбыс бар. Бұл жалпы қағида барлық ғаламнан бастап атом бөлшектеріне дейін қолданылады. Тербеліс үндестік шегі тоғыз. Тоғызды түгел басын біріктірген Әл-Фараби атамыз. Адамзат өмірінде тоғыз кезең болып, тоғыз рет дыбыс үндестігі де өзгерер. Ардың жұмсайтын малы ол да тоғыз. Сол тоғызыншы тек ана сүтімен ғана келетінін ұмытпау бірінші парыз адам баласына.

«Малым — жанымның садақасы,  жаным — арымның садақасы» деген дана қазақ. Жанның малы  ол тоғыз. Онға көбейсе 99, себеп өлімдер саны 99 құпия.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *