Жын дегенді діншілердің пайымдауынша адам баласы тек өмір сүру барысында жұқтыратын, табатын кесел, науқас, дерт сияқты түсіндіреді. Ал негізінде жын адам баласының мінезі болып, тағдырдың жазылған жаратылыс кітабы болып, есту, көру, ойлау қабілеттерімен өлшенеді. Енді шайтан адам баласының тілімен яғни ішкі үнімен жын арқылы дауысқа, дыбысқа айналады.
Бұдан басқа адам баласының тағдырына жазылған таза ақылмен байланысқа түсетін кісілігі яғни «еркі»-жігері болады. Осы үш негізгі қуаттардан адам баласы тіршілік етіп, ақыл-ойды меңгеріп, түрлі өнерлерді тауып, өмір базарының саудасын жандандырады. Енді жын негізінен оттың жалыны түтін, ыстан пайда болып есту қабілеті мен ойға тәуелді өсіп жетіледі. Негізгі тұрағы жыныс мүшелері болып, тәннің белден төмен бөліктері жынның негізгі сипаты, бейнесін береді. Аяқ, сан, жамбас, құйрық жаратылысына қарап мінез ерекшелігі мен 5 қуаттың шамасының тазалығын т.б. сипаттарын көруге болады. Ал адам баласының жан негізі судан басталып рухқа, тілге яғни ақылға тәуелді өсіп, жетіліп адамның бар керегін қамтамасыз етіп тұратын жанашыр күтуші, бағушы, тәрбиеші анасы сияқты қызмет атқарады. Енді шайтан ұғымы тілмен байланысты адам баласына барлық дене мүшелері және сырттан келетін әсерлерден де хабар жеткізуші тілмаш қызметін атқарады.
Адамдық сипаттың негізі жер анамен байланысты, адам баласының денесіндегі жерден алған несібенің, көк несібесі және екі аралықтағы жаратылыс нәрселерінен үлесін, несібесін қаншалықты алып жарыққа айналып жанға қосылуымен өлшенеді. Осындай адам баласының ішкі жасырын құпия тағдырын, құдайлық сырларын «зайыр» деп атайды. Ал жалпы түркі тілімен парасат, парасаттылық деп те атаймыз. Жынның да жыныстық сипаттарға, ұлттық, ұлыстық өмір сүру ерекшеліктеріне байланысты біздердің ақылымыз қамти алмайтын мыңдаған сан алуан түрлері бар. Бірақ негізінен адам баласына байланысты 8 түрлі малдық негізден қалыптасады. Қазақта «с-егіз» деп аталып 16 санымен осы қуаттардың саны ішкі 4 негізге яғни аяқ, қолға тәуелді. Бұл белгі Қажы баба басынан табылған шырағданмен бейнеленген.
Әйел затының жындылығы сезімге байланысты жатыр, жүрек, бауыр жұмыстарына тәуелді болып, ал еркек түйсікке яғни білімге байланысты бас, бүйрек, асқазан, өңеш мүшелеріне тәуелді. Еркектің түйсікке байланысты үй саны 30 болса, әйелдің іштегі сезімге және қандағы ділге байланысты үй саны 40 болып, негізінен жатырдан төмен табанға дейінгі мүшелерінің құрылысына, тазалығына мінезі, жыны тәуелді. «Әйелдің шашы ұзын, ақылы қысқа» деген астарлы сөзде әйел затының ақылы еркекке қарағанда көп, бірақ жыны-кекшілдігі, сөзі де ұзын, естілігі қысқа болып келеді. Әйел затының шашы ұзын болған сайын жыныс қуатының да тазалығы жоғары және өмір жасы да, денсаулығы да жоғары болады. Бірақ ол жастайынан алған көргенділігі, тәрбиесіне де тәуелді. Еркек жыны «пері» деп аталса, әйелдікі «іште» бұғып жататын құпия болып, неке арқылы жындардың жыныстық қатынасқа түсуімен «пері» мен «іштегі» қосылып өмірге періштелер келеді. Сондықтан еркек етікті, бөрікті болса пері қуаты таза болып, ал әйел заты жаулықты, етекті болса бойы тұтас болып өмірге қасиетті жетілген періштелер келеді.
Жын негізінен жыныстық қатынас арқылы көбейіп, рухты меңгеріп оны құранда адам баласы деп атайды. Жын адамзаттың өмір сүру барысында тәрбиемен алған және істеген қылықтары мен білім, өнер түрлі әрекеттерін жазатын, сақтайтын ақыл сауытының кітабы болып, оның мөлшері ет пен тері арасындағы балшықтың (гельдің) қалыптасуымен бойға, денеге, рухани киімге, «імүнге» айналуымен бірге жанмен толық бейнеленуін, адам баласына яғни қуаттық, жарықтық көлеңкеге айналып яғни серігін, кісілігін қалыптастырады. Ана құрсағында балшықтан май қабаттарына айналып, құйрық, аяқ құрылысына, сызықтық бейнесіне қарап адамның жынын яғни мінез ерекшелігін қалыптастырады. Жын негізі жермен байланысты әкенің ұрығы, шешенің қаны және үшінші арлық нұрдың яғни жаратқанның кітабы кісінің әрекетімен пайда болған адам баласының негізгі несібесі жан негізін құрайды. Бірақ ол өзін-өзі басқаруға, жетілуге шамасыз. Сондықтан оны сөйлетіп, тіршілікке үйретуші екінші «Мен» рухтан үрлеген тағдыр кітабы 4 сөз болып табылады. Болашақта әулие бабаларымыздың аманаттарымен, мақалдармен, қазақ еліне берілген нұрландырушы тура жолымыздың кітабы және құран, інжіл аяттарымен психология, философия білімімізбен салыстыра дәлелдермен арнаулы кітап жазыла жатар, әзірше қысқаша мағлұматтармен шектелеміз.
Енді жынның мекені жамбастан төмен бөлікпен, ішек сыртқы шырыштарымен жалғанып үш түрлі қышқылдарға (сафра, лимфа, сафда) айналып, адам баласының барлық бездері, ішкі көздері құлақтарымен байланыста тұрып және қан арқылы рухтан жүректен, мидан хабар алып тұрады. Мидан негізгі ақпарат ішек арқылы жанның үнімен нәпсінің сыбдыры мен құйрыққа жалғанып, онан жыныс бездері, бүйрек, бауыр және кіндік арқылы жүйке ақпараттар айналымын қалыптастырады. Әйелзатының ішегі еркектен бір жарым есе ұзын болғандықтан жыны да яғни үні, ішкі жермен байланысты ақпарат қоры ұзын болу керек. Ал тері арасының балшықтың және сыртқы қаптың көлемінің және тән құрылысының бөлектігімен еркектің сыртқы ақпараттық сөздік, дауыстық сарайы және қуаттық өрістік шамасы да бөлек мол болғандықтан, еркек өрісі оң бағытқа айналып, сыртқы көлеңкесі, өрістік бақшасы да ұзын әрі көлемді болып келеді. Сондықтан еркектің ақыл, ес сауыты ұзақ жылдар бойы өсіп, қалыптасып 40-қа дейін 5 рет дауысының өзгеруі және 8 рет ішкі жын-жүйке, баласының өсуімен ақыл толу кезеңі болып есептеледі. Еркектің аяғының балтырдан төмен бөлігінде барлық жаман сөздерінің ыдысы болып, жыны толық жетіліп тазарғанша аяғының шуашы шығып жүруі сөзсіз. Әйел затының өтірік сөзі, теріс ақпараттар етеккірі арқылы оңай тазарып, ал жандағы жаман ақпараттар басы арқылы ғана тазарады. Сондықтан әйел жынының иісі бастан бөлініп, жалаң бас жүрген әйелдер өзімен қоса жан ұясындағы семья мүшелеріне тамаққа қосып береді. Бұл негізінен еркекке ішектеріне байланып, кейде жындары ұқсас болып ал көп жағдайда еркекті және ұл балалардың нәпіс құмарлығы мен түрлі ащы, у, арақ, наша құмарлықтарын қалыптастырады. Жалаңбас, етегі қысқа немесе еркек киімін киген әйел, қыздың бойы да еркектікі сияқты болып, жынының яғни жыныстық қуатының азып, кейде хайуандық нәпсіге, зорлануға құштарлығы болса, кейбіреулері сыртқы әсермен сұқталып, мүлде әйелге тән сезімдері жоғалып, болмаса өз жынысына деген хайуандық қылыққа тап болады. Ал әйелдік тәрбиесі мен сипатын сақтаған етекті, жаулықты әйелзатының бой киімі еркекке қарағанда бас, аяқты толық жауып тұрғандықтан 40-қа дейінгі ақылы әйелдің қашанда жоғары болып, 40-тан кейін еркектің мойынмен бас және балтырмен аяқ, табан шырыштарының қалыптасуымен сүйек, майлары арқылы жалғануымен естілігі өсіп, әйел затынан ақылы, ойлау қабілеті жоғарылай бастайды. Сондықтан әйелзаты жастайынан алған тәрбиесін, ақылын, қылықтарын сол қалпында сақтап қалып немесе қыз күнінен қалыптасқан кейбір теріс қылықтары еркекке ерсі көріне бастайды да; «Қатын қырықтан кейін қылық шығарады» деп мақалмен астарлап, 40-тан кейін әйел мінезін, қылығын қайта түзеуді, үлкендікке, кемпірлікке тәрбиелеуді ескерткен. Бұл жағдайды «Отыздағы орда бұзар» есерлікті тастап, «Қырыққа келіп нәпсінің, жынның қорғанын бұзып», «Елу ердің жасы» деп еліне, өз қауым ортасына ақылшы болған кісілікті атайды. Пайғамбарымыздың; «Бес парыздың намазы негізінен 50» деп ескертуі, осы елуге келгенше кісіліктің қалыптасатынын ескертеді. Бірақ жалаңбас, жалаң аяқ жүргендердің кісілігі 90-ға келсе де жындылығы кетпейтіні сияқты, әйелзатының жаулықсыз және еркек киімі немесе жұрт алдында тәнін жалаңаштауы бұл жын-шайтанға, артық майға айналып, жамбастары жалпайып, құйрықтары қайқайып, өзі тұрмақ бүкіл жеті жұртына зияны тиіп қауымын жаратқанның лағынетіне ұшыратуы сөзсіз, құранда солай үкім берілген. Бұндай жағдай қатындардың жын-шайтанға айналуы орыс еліне ертерек келіп, енді қазақ әйелдерінің де орыстың маржалары құсап ыс сасып жүрген қатындарымыз түгіл, жасы келсе де кемпірлікке жетпеген әйел заттары көшемізді толтырып жатқан жайы бар. Бұрын жоңғар, қытай шапқыншылығына ұшырап, бұндай азудан жаратқанның жәрдемімен құтылсақ енді өзіміздің ел басқарушы, сөз басқарушыларымыздың тілін, сөзін яғни аманатын, уәдесін, отанын сатқандардың әрекетімен; қыздарымыз күйеуге тимей-ақ қатынға, қатындарымыз жын-шайтанға отынға айналып; «Қатын шайпау, ұл тентек, қызымыз-қар, келін асау» төртеуіміз түгелденбейтін бұндай қаралы жерде қатын семіретін заман келді қазақтың басына.
Бұл әзірге қысқаша мысалмен берілген жан сыры білімінің ішкі терең сырларын аталарымыз ислам діні араптарға түспестен бұрын зәбур даналығы арқылы Дәуіт, Сүлеймен пайғамбарымызға берілген кітаптар арқылы толық меңгеріп, құранда ондай жындарды меңгерген, қалай тәрбиелеуді білетін елдерді бақсылар-жындар елі деп атаған. Сондықтан ондай елдерде жындарды меңгерген емші-бақсылар көп шыққан. Бақсылықтың білімі Тәурат кітабы арқылы жүйеленіп, бұрынғы теріс дұғалармен, сиқыр істерімен айналысқан көптеген жынды пенделер Мұса пайғамбарға берілген мұғжизаларға иман келтіріп, адам баласына пайда беретін бақсылық істерін дамытқан. Сондықтан да бақсылықтың қара және ақ түрлері болып бөлінеді. Бақсылықтың сатыларын және әулие-әмбилікке дейінгі көтерілетін дәрежелерін Өтейбойдақ атамыз 25 санмен белгілепті. Інжілдің түсуімен бақсылықтың рухпен байланысты дәрежесі де өсіп ем-шипа, түрлі жын-шайтандарды тәрбиелейтін жалпы халықтық құлшылық арқылы меңгеруге болатын дарындылықтары пайда болды. Ал Құранның түсуімен енді барлық бақсылық істері құран аяттары арқылы жасалып рухтың тазаруына, адам баласының жанының сүннеттелуіне және ем-шипаның рахметке айналуына себеп болды. Ал бұрынғы бақсылық жаңылтпаш сөздер және теріс дұғалар арқылы жындар мен шайтандарды тәрбиелейтін әдістер адамзаттың білімінің артып, күнәнің де өсіп көбеюімен ондай дұғалардың керісінше пайдасынан зияны көбейіп, ақылдың дамуын есін тежейтін болды. Адам баласының ілімнен алған несібесінің білімге айналуымен яғни құран аяттарының құпияларының оқылып, көрініп сөзге, іске айналуымен ғылым да дамып, өркендеп, оған қарсы әрбір ашылған құпияға, аяттарға, білімге қарсы күнәлар да өсіп, олай болса адамдар рухына қосылған сыртқы әсерлердің яғни жындар мен шайтандардың да жетілуімен 100 жыл сайын ілімнің жаңа бір даму сатыларын, яғни Құран аяттарының жаңа белестерін, хикметтерін меңгеріп отыру шарт болды. Оған дәлел Ясауи бабамыздың көрсеткен хикметтерінің жалғасы түрде бүкіл әлемге келген пайғамбарлар көрсеткен мұғжизалардың қазақ әулие-әмбилерінің қайталауы дәлел бола алады. Және оның да белгілі сандық мәні 49 болып табылатынын әлемде тек қазақ даналары ескертіп өткен. Бірақ Құран арап тілінде түсіріліп және арап тілінің өте күрделі тіл ғылымы болғандықтан ислам ғалымдарының бәрінің ынтасы тек арап тілін меңгеруге ауып, дін ғалымдығы солай өлшеніп, мың жыл түгіл 100 жыл бұрынғы дін дамуының, сауаттылықтың кейіннен түскен және сол аяттардың кереметтерін меңгерген әулие-әмбилердің өзін жын-шайтанға балап, яғни ата-баба рухына табынушыларды шерік, серік қосушы жын-шайтандар деген ұғымды қалыптастырып үлгірген дін ғалым, теологтарымыз өздерінің ібілістің тұрақты сарбаздары, халықты тозаққа бастаушы әскері болып шыққанын білмей де қалды.
Үкіметтің, діншілердің жындылықтары арқасында өзінің «екі менін» аруағын соттаған және сол аруақшы, зиратшыларға еріп садақа беріп Алла жолына, ағайындарыңа артық хайыр жасасаң кедей болып қаласың деп азғырғанына, жаңадан көктей бастаған рухани қасиеттерді меңгеруге талпынған жас емшілерді туғаннан неге бәрін біліп тумаған, құдай қасиет беріп жаңылысқан, үкімет қағазы ұлықсатынсыз ем жасауға болмайды, ал «шизофрения» емделмейді, көтерілген есі шала науқастарды тек жындыханаға жатқызып емдеу керек деген «жынды» заңдарға қарамастан, бірінен жасырып, біріне көрсетпей 10 жыл жындылық пен жындану және осындай рухани аурулардың құран арқылы құдайдың құдіретімен «шизофрения» ауруы да жазылатынына көзіміз жетіп, шәкірттер дайындап, бірталай тәжірибе жинап, енді таразыға түсетін уақыт келген сияқты. Сондықтан әрбір сөздің түсірілген аят, аяндардың, көрсетілген және әулиелер батасымен берілген шындықтардың хақиқаты, яғни керемет істері болса ғана оны жындылық емес таза дін деп атауға болады. Бұндай кереметтерді қазақтың өзге елдің арбауына түсіп зұлымдыққа ұшыраған ғалым, дінші, теолог, философ, дәрігерлерге көрсететін әлем халқында қазақ әулиелерінің алдына тізе бүктіретін нақты көрсететін дәлелдердің және аталарымыздың ұстанған діннің ислам әлемі бойынша ең биік сатыға көтерілгеніне шүбәланбасаңыз да болады. Болашақта бұндай тәжірибеден өткен жан сырының жаратқанның құран арқылы түсірген ем-шипа, рахметінің ғылымын құран киелі кітаптардың аяттары арқылы негіздеп, кітабын да таныстыра жатармыз; әзірше сол аз ғана жинаған білімімізден үзік-үзік мысалдар беріп отырсақ оның іс жүзінде де Ата жолында дәлелдері бар екеніне күмәндана көрмеңіз. Бұндай ата-бабамыздың тарихында болған аяттардың бейнеленген хикметтерін теріске, жындылыққа есептеген дінші, ғалым, теолог, жазушы, философ тілшілердің бәрі жындарын кісілік түгіл баласына айналдырып жұмсай білмейтін жынды болса, ал кейбіреулері тіптен жын-шайтан деуге құқымыз бар. Нақты дәлеліміздің негізі кешегі өткен Абай-Шәкәрім шығармаларын түсініп оқымаған да және дінді ақылдан, ғылымнан ажыратып, рәсімдік сипатпен арзан ақшаға айырбастап жібергендіктерінен философиялық, психологиялық даналықтарын құранмен, інжіл, тәурат, хадистермен салыстырып түсінетін таза ақылдары яғни естілігі, кісілігі жоқ.
Ел басының өзі сеніп үмітін артқан атақты хазіретіміздің өзі 3-4 жыл бұрынғы берген көгілдір терезеге сұхбатында «Өліктерге, шіріген сүйектерге барып не аласыңдар» деген сөзі бүкіл мүфтият діншілерінің жындылығы емес құранға, пайғамбарымызға ашықтай жала жапқанын, оған қоса ясауи тобын қудалағанда «зікір гипноз» деп аяттарды мазақтағанымен тұрмай, жұманың да зікірге жататынын білмей, намаздан кейінгі өлілерге құран бағыштау көптеген мешіттерде осы уақытқа дейін дұрыс атқарылмайды. «Астанада еврейлер белгісі неге тұр» деген дін ғалымдарының баспасөздегі исламның жер бетіндегі мөрі және ғаршы қуатын, қажылықтың нәтиже білімін, қағбаның ғылымын жалғанға шығарған ашық хатымен «рухқа табыну шайтани іс» деген дінді мазаққа алған имамның пікірі мен тіптен қажылық бес парыздың бірі деп құран аяттарын теріске алған пәтуалары және алда аздаған жазылған кітаптарынан жындылық пікірлерінен мысалдар келтіріп кетеміз. Ақыл-ойдың қағбасының сызықтық бейнесін сондай надандарға сабақ түрінде Астана қаласында салдырған ел басшыға ризашылығымыздан басқа айтарымыз жоқ. Дін ғалымдарының құранды арап тілінде ғана оқып түсінуге болады деген пікірден өткен жындылықтан да өткен шайтандық және надандықты кездестіру қиын шығар. Діни сауатты имамдарымыздың; «Алла адам баласымен тілдеспейді» деген пікірлерінен құран қуылған шайтанның сөзі деген ұғым пайда болады. Сонда олар жынды болмаса құранды оқығанда кіммен тілдесіп, кімнің ақылын тыңдайды? Енді жынды сөз емес, онан да өткен жүйесіз ішіп алып жазған мас адамдардың пікірін оқығыңыз келсе, қазақтың жоғарғы оқу ордаларына арналған философия, психология оқулықтарын оқып көріңіз. Тағы бір жындылардың әлде азғырушы шайтан адамдарға жатқызуға болатын теолог, дінші ғалымдардың әулиелерге зираттауға болады, бірақ аруаққа табынуға болмайды деген жынды-мастардың пікірін халықтың да, ақылды аталған үкімет, ел басқарушыларының да солай қабылдауынан сонда таза ақылы бар сау адам бар ма арамызда деген күдік туады кейде.
Мүмкін оқушым бұл пікірлерге сіз де маған күдіктенуіңіз әбден мүмкін. Мен де сол көп жындылар қатарындамын. Оған себеп жындыларға тек бақсылар тәсілімен жынды сөздерді пайдаланып, таза сөздің ұғымын аз-аздап тықпалап қулық жасамаса, сау сөздерден жынды адамның жүрегінде қарсылық, кежірлік пайда болып, шайтаны түртіп, сосын ашу-ызаға айналып бұл мақалаларым мүлде оқылмай әжетханадан шығары даусыз, болмаса қарсы әрекеттерге барып, Құдайдың қаһары аруақтың оғы тиіп, оған себепші болған маған да күнә жазылуы әбден мүмкін. Бұндайды аталарымыз; «Сақтансаң сақтайды» деп ескерткен. Ел басымыздың және көп жындының арасында естілігін көрсете алмай жатқан ел басқарған азаматтардың да жоғарыдағы «Мақсұт» оқиғасындағы хан мен уәзірдің жынды судан татып алып елді қорқытқаны сияқты аздаған жындылықтары бары даусыз. Оны алыстағы ауылдан барып қарап, ақсақалдар арасында отырып тыңдап, сырттай бақыласаңыз көрініп тұрады. Жастарымыздың бәрін «жұлдыз» қылып күні-түні ойын сауықтан босамай, одан қалса жабылып той жасаудан, қарызданып қонақ шақырудан жалықпайтын, жаңа жылды бір ай бұрын жынды елдерден де асырып тойлайтын жаңа салтымыз әйтеуір жынды халқымыздың толық жынданып, арап елдеріндей бүлік шығаруға қолдарын босатпауға жәрдем беріп тұр.
Жалпы жындылықтың бәрі бірдей зиян емес, орнымен жұмсап, бірін қорқытып, бірін алдап, бірін мақтап, бірін артығырақ арқасынан қағып, марапаттап жұмсай білген басшыларға пайда әкеліп, өнерді дамытып, шаруашылықты жүргізуге де қолайлы. Жындылықтың негізгі шарты «бай десін, әдемі десін, мықты десін, жұлдыз десін, қажы десін, ғалым десін, әкім десін т.б.» десіндерден тұратынын Абай-Шәкәрім аталарымыз нақты көрсетіп кетіпті. Мен де амал жоқ қазақтан басқаға құран келіп тура жолда болмағандай және ақыл беретін ел ағаларының естілігі және ғылымда жындылықтың пайда болып, білім тозып, ер азаматтардың ойлау, пайымдау қабілеті қалыптаспай діліміз жоғалғасын, Алланың үкімін, түсірген нұрын «Қараушысы жоқ елдің қатын мен баласы құтырады» дегендей дінді қатындар мен жас балаларға ысырып тастағандықтан, жартысынан көбі жын-шайтанға көмекке тұрған ата жолдың жалған аққу, сұңқарларын да амал жоқ асыра мақтап «десінді» көбірек жазып, жындылық сөздерді яғни іске айналмаған, әлі істелмеген, бірақ істелуге тиісті әрекеттерді жазып отырған жайымыз бар. Негізінен әлемге берілмеген алғашқы сыйды алған ата жолдық ақу, сұңқарлар болып жындылықтарын меңгере алмай, бақты басқа теуіп, елге жексұрын көрсетіп, білімді, ақылы сау азаматтардың ішкі мәніне сырына үңілмей, сырттан бағалап жиренуіне себеп қана болдық. Бабалар аманатын халықтың санасына жеткізе алмай аманатқа қиянат жасалғандықтан, осындай сынақтың болғаны бір жағынан дұрыс. Онда сол ата жолдың аманатын уақытында түсініп жеткізе білмеген менде жындылық барына күмәнданбасаңыздар да болады. «У ішсең руыңмен» деген. Ештен кеш жақсы дегендей құранның жаратқанның құпия есепті сөздері түгіл, қазақша майы тамған аталарымыздың астарлы сөздерін әрбір қазақ түсініп оқып білуі мүмкін емес болғандықтан ұяттау жынды сөздер басылым ішінде кездесіп жатса сөге көрмеңіз. Жындылығымыздан, мастығымыздан сөзімізді түзеп арылуымыз үшін тылсым үніне құлақ түріп, аталар батасын жадыңызға тоқи білсеңіз оп-оңай сауығуыңыз сөзсіз. Бірақ бұдан өткен дертіміз бар. ОЛ;