Жынды пенделер туралы ғибратты әңгіме;

Бөлім: Ата жолы кітабы №4 123

     Бірде жұма намазының алдында жұма намазын тастамайтын ешкіммен көп араласпай көп сөйлемейтін, өзімен-өзі тек намазын оқып зікірін айтып жүретін үлкен қария кісімен оңаша кездесіп қалып, қажылық туралы әңгіме қозғалып, сонан мен ол кісіге; Көп уайымдамаңыз, сіздердей адамдардың Алла Тағала Меккеге бармай-ақ жанын апарып қажылығын қабыл қылады-деп жұбаттым. Сонда ол; Оны қайдан білесің?-деген сұрақ қойды.

     Мен аян арқылы да мүмкіншілігі жоқ, бірақ жаны жетіліп, рухы тазарған кісілерді, өзіне жақындаған құлдарын Қағбаға апарып, зиярат жасататынын, бұрыннан дінді меңгерген аталарымыздың осылай да әулиеліккн жететінін айтқанмын. Сонда ол кісі; Діншілердің Алламен адамның тілдесем дегені жын-шайтаннан дегенді намазда Раббымнан үнемі сұрадым. Мен жын дегенді білмеймін, маған көрсетші-деп. Бірде түсімде мені Мекке қаласына апарып, Қағба мешітінің ішіне кіргізді де, сонда бір қатар араптар тізіліп отыр екен, соның шамалы жоғары бөлігін қолмен кесіп тастады да, «осыдан төменгі бөлігінің бәрі жын»- деп айтты. Сөйтсем жын да, жын-шайтан да өзіміз сияқты пенделерді айтады екен деп жастарға да шешіліп уағыз айтып еді. Кейіннен 10 шақты күн өткенде өмірден бақиға озды. Иманы жолдас болсын, мүмкін менің келтірген уәжім де өз уақытында Раббымның көкейге салғанынан болар деп түсіндім. Бұл Раббымыздың көрсеткен белгісінен қажылыққа жанын жетілдіріп, кіндігімен өз жеріне, көкке, отанына жалғанбай, рухын тазартпай, мақтан үшін, атақ үшін барғандардың керісінше жынмен жүктеліп, мінезі құбылмалы және өмір жасы да қысқа болады деп түсінуге болады. Ондай жыны басым адам баласының жаны кірлеп, шайтан үстемдігі басталып, көзімен ішіп-жеп қарайтын болып келеді. Яғни көзімен естіп, қалай көрсе солай бағалайды. Бұл қазіргі таңдағы психология ғылымының да қателігі, тыңдаушысына көзіне үңіліп тесіліп қарау жын-шайтаннан. Жынын меңгерген қасиетті, парасатты адам баласы көзін бір нәрсеге екі қайтарып қарамайды, бір рет көз салса болды жеткілікті мағлұмат алып, көңілінде бейнелей алады. Бұған тағы дәлел мешіттерде, басқалай сұзбар орындарында уағыз айтылып жатқанда мойнын созып, бұрылып тесіліп қарап тыңдайтындар осы жындылығы басымдар болып табылыды. Ал әйелзатының бұндай қылығы шайтанның үстемдігінен, арбаушы, азғырушы деп біліңіз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *