Көңілге керек тыныштық,
Денеден кетпей салғырттық
Жүректің көзі ашылмас,
Ойға түсіп уайым ауырлық.
Көңіл болса таза ниеттен,
Ар меңгермек ақиретпен.
Шабыт боп бойға қонатын,
Ұждан құс туар көкіректен.
Төреші арға болатын,
Иманды жанға қосатын.
Қанағат, шүкір болмаса,
Бос уайым дүние бағатын.
Салпы ауыз босқа сайраған,
Дүниенің боғын жинаған.
Ділмарсып айтар тәтті сөз,
Біліммен ойсыз жатталған.
Жақ пен тілге таянған,
Арзан сөзді қуынған.
Шешендігі дүние ісімен,
Құдай ісі жоқ қолға алған.
Арзан сөз қуған білімді,
Ісінен сөз, тілі ұзынды.
Ел түземек партияшыл,
Жіберіп артқа көңілді.
Қосылмай майдан бәйгеге,
Мән беріп сөз өнерге.
Үніне құран жалғанбас,
Киесі сөздің уәзінге.
Ұртыңнан май ағар ма?
Құдайшыл сөзбен болғанға.
Дегенін айтып Құдайдың,
Амалсыз сөзде жан бар ма?
Жүректің көзі ашық деп,
Сопысынып, тақуа болдым деп.
Тәпсірін жинап әлемнен,
Өзгеше жолды таптым деп.
Аруақсыз сөзде жан болмас,
Жеті ата текке жалғанбас.
Үйретіп отырғанды арқаңда,
Тазартпай ырқың оралмас.
Ғыпырдан көзді жаптырған,
Көңілің басқа бұрылған.
Атадан мирас, аманат,
Жоғалып санды соқтырған.
Мұндайда сөзің ісіңмен,
Сәйкесік болмас дініңнен.
Көңілің соқыр аянсыз,
Болмайды тағдыр көрінген.
Ділмарсып шешен болсаң да,
Жетелік болмас мұндайда.
Жүректің көз жабық боп,
Жалғана алмас жол-жобаға.
Біліммен тоқ көңілдер,
Артына қарай кеткендер.
Жақсысын тарих ұнатып,
Алланың жібін үзгендер.
Мың бір атты күнәдан,
Аздырмай көңіл тұра алған.
Иманды болмас пендесі,
Құдайсыз амал қылағаннан?
Опасыз көңіл әйелде,
Аш көздік болар тілінде.
Қанағат пен шүкірлік,
Еріне қылған сәждеде.
Тоқ қылмас мына дүниеде,
Білімді жинап әлемде.
Салтын алып ашкөздік,
Тыныштығы іздер өмірде.
Нәпсіні жеңер сын алмай,
Аштық пен жапа көре алмай.
Тақуалыққа жетпес көңілдер,
Жаманнан жақсы шығармай.
Таба алмай көңіл тоқтығын,
Қандай тақуа сопысың?
Қолымды пірге бердім деп,
Жалғыздың таппай хақ үнін.
Шариғатқа байлап ақылды,
Жүрек көзі жабық соқырды.
Құдайдан алған жоба жоқ,
Көбейте алмай жаныңды.
Тазартпай жүктен қауымды,
Дәстүрімен ата жолыңды.
Жеті атаң жұртың жаннатқа,
Кірмесе болмас көңіл тоқтығы!
(Ақпан 2019 жыл)
**** ****