Зікір-Көк тәңіріне табыну!

Бөлім: Без рубрики 148

(қырғи қабақтықтан ажырау)

Сусыз зікір-

мінсіз пікір,

Сиқыры ма Алланың.

Тілсіз ұқтық,

көпті сөктің,

Несібені тарылтың!

Түпсіз шыңырау,

Орны ма еді халықтың?

Жалғансаң көкке,

Сөзін алып ғибратын,

Тәңіріңді көрдің бе?

Мұңсыз көзбен,

Мінсіз сөзбен

Жібектей жұмсақ мінезбен,

Жұмыртқадай ағардың!

Жалған дерттен,

Шипа ерткен,

Жазылдың ба сол сөзден!

Соқыр, мылқау

Керең, сақау

Болмаспын деп шештің бе?

Көпті сөктің,

Міні жоқтың

Мінін тауып естің бе?

Желге жетіп.

Тәубе етіп

Шарықтаймын дедің бе?

Қойсаң сұрақ,

Ойдан жырақ

Сен ақылды болмассың!

Епті сөйлеп,

Жіпті түзеп

Сөз маржанын түздің бе?

(жалғасы бар)

(Маусым 2018 жыл)

**** ***

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *