Зікір-Күнәдан ажырау

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері-9; Зікір 110

Көрмес көзде тиянақ,

Ішкі сыры болмайды.

Жәутеңдеген құр көзі,

Дүниелікті қармайды.

Ол асыл ма, бұл асыл

Қайсысы еді керемет.

Дүниелік оны алдады,

Тасыр етті сол келбет.

Көп қателік көптен бе,

Бірлейтін оны жалғыз ба?

Сұралмақ оның сұрауы,

Алладан келер жауап па?

Көп ішінде күп тынды,

Жасырынды аласұрды,

Жеткен жері осы ма?

****  ****

Жеті күнә пендеге,

Сөзден туар түр-түсі.

Ас ішкенде түкіріп,

Көп мақтаса жекіріп.

Астамшылық көңілде,

Аста төк оның белгісі.

Ата-анаға қарамай,

Ризашылығына жалғанбай,

Зинаны жеңіл көретін,

Көптің өскен күнәсі.

Етегін керіп кекжиген,

Етек қадірін білмеген.

Есектің түскен кейпіне,

Қарғыс алған көп қатын.

Денсаулықты тәрк етіп,

Жетесі кеткен жабылып.

Бұл күнәнің үлкені,

Қияметті алған шақырып!

(Маусым 2018 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *