Өлімнен кейінгі өмір

Бөлім: Ақиқат бастауы кітабы №2 345

      «Ол сондай Алла  жер жүзіндегі барлық нәрселерді  сендер үшін  жаратты.  Сонан кейін  аспанға көңіл бөліп оны жеті қабат көк етіп  тәртіптеді.  Ол әр нәрсені толық білуші» (Бақара – 29)«Әй, адам баласы! Сөз жоқ Алланың  уәдесі хақ. Ендеше  дүние  тіршілігі  сендерді әсте  алдамасын.  Сондай-ақ аса  алдағыш та сендерді  Алла туралы  алдамасын» (Фатыр – 5).

    Жер бетіндегі  адам өмірінің  басты ләззаты  өмірден алатын қызығы, көру және есту қасиеттері арқылы айқындалады. Жақсы лебізден, мақтаудан нәр алса, жамандау, боқтық лас сөздерден адамның жаны ауырады. Әдеміге қызығады,  әсемдік, сұлулықтан, барлықтан көз көріп барып жан қанағаттанады. Үшінші бір белгі түйсік сезім. Ол да тербеліс, иіс арқылы туындайды. Бірақ сол сезім мүшелері кірлесе жаман иістен, әр түрлі тербелістерден ләззаттанып, қанағатсыз, мағынасыз тірлікке  түсіп, тек түйсік арқылы өмір сүреміз. Осы үш нәрсе ғана адам жанын өсіреді немесе кірлетеді. Қалған белгі, белгісіз көрінетін, көрінбейтін бүкіл жаратылыс тегі адамзат үшін берілген үш белгіге қызмет етеді.  Не үшін? «Егер қаласақ  сендерден  періште жаратар едік те олар орындарыңды басар еді» (Зүхрұф — 60). Иә, жаратушымыздың  қалауы одан да жоғары! Періште тек бір белгілі иеліктің киесі. Ал адам жаны түрленуші, өсуші, дамушы, Алланың басты жоспарын орындаушы орынбасар болып саналады. Оған көз жеткізу үшін алда талай белестерден өтіп, аяттар құпиясына көз жеткізіп көру керек.

     «Олардың ахирет туралы  мәліметі  жеткілікті ме? Расында олар одан күдікте, тіпті олар оған байланысты  мүлде соқыр» (Нәжім – 67). Ақирет туралы  мәлімет бар тек ғылым деректерімен тек ақыл иелері ғана көреді. Сондықтан әр елге жол көрсетушілер жіберіп отырады. Соқыр сенім наныммен ахирет көрінбейді. Құран аяттарын ғылыммен тексеру байланыстыру арқылы ғана түсіндіріледі. Аянмен жүйеленіп бекітіліп отырады.

Адам жаны бөліктерге бөлініп, тозақ және ұжмақ орындарына бағытталып,  ажырату Мекке маңында, Аравия жерінде өтеді де өмір сүрген жерде жазасын өтеуге жіберіледі немесе іс орындары бекітіледі. Аятта: «Сендерден ілгері кетуді немесе кейін қалуды қалаған біреулер үшін ескерту (37).  Әркім істеген істің  орнына ұсталады». (Мүддәсір -38)

Әр  пенде қай жерде не істесе сол  жерлерде  қайта  ақирет өмірін өткізеді.  Адам рухы бөлініп, жоғары мизандағы жан арқылы  ғана  жан – тән – рух болып  белгілі дәрежедегі  байланысшы қызметін атқарады. Адам жанының екі белгісі тұрақ болып, байланыста тұрады. Бірі тәнде болса, бірі ар болып арттағы жалған өмірмен байланысқа түседі, қосымша нұр жинайды. Сондықтан да артта қалған  ұрпақтарының ізгі істері  нәтижесінде ғана жан тез тазарудан немесе тозақтан құтыла алады. Баланың әкеге немесе әкенің балаға бодау беруі болмақ. Және де  екінші  жоғары бөліктің басқа  жандармен бірігіп істеген қызметіне де байланысты болады. Адам тәнінде  бұғана, омыртқа  сүйек ішінде ар (зейнет) белгісі қалыптасып,  бүкіл өмір сүру  нәтижесінің есебі (чип-зейнет белгісі)  сақталады. Сол арқылы жанға өзгеріс, қосымша белгі, т.б.  беріліп есеп  жүйесіне еніп отырады. Адам тәнінде  екіншіден  бүкіл пайдаланған сөздік қоры ет пен сүйекке сіңеді, істер теріге  жазылады. 40 күн  ішінде  тәннен жерге өтіп  белгілі бір сипатын алады. Кеңістікте өзіндік  белгілі бір  бейнесін құрайды. Сөз белгісін малмен (жын)  араластырып біріктіріп тұрушы сақтап тұрушы Ібіліс, яғни темір буы. (Күкірт)  Жаман сөздер, теріс сөздер құлағы қалқайған, шашы жайылған кішкене қыз бала сияқты бейнеге түсіп, кеңістікте қозғалып, ұзақ уақыт ыдырау  баспалдақтарынан (Жан және жануарларға) електерден өтіп жерге сіңіп, өсімдік болып  өседі,  қурап жанып кетеді.  Қазақта қаңбақты  шайтан шөбі деп атаған. Негіз бар аятта: «Ал енді жаман сөз, жердің бетінен қопарылған орнықсыз ағаш сияқты …» (Ибрагим – 27). Жалпы күнделікті  өмір сүру  дәрежесіндегі пайдаланылған таза сөздік қорлар гүлге  айналып, тербеліске және жұпар иіске айналады. Негізінен адам жанының кісісі  ішкі ағзада тігінен үш қараңғылықта болса, көлденең төрт бүктеліп тобық, тізе, бел, жауырын болып қоршалып,  иықтан жоғары бөлігі  ақиреттен  келген жан  бөлігі болып саналады. Барлығы 7 санын  беріп, 7 тозаққа бөліну  себебі де сондықтан. Бұл белгі негізінен тек тіршілік, ойын-сауық және дүние мастардың жағдайы болмақ. Ал тақуалар жанында таза, қалыпты парыз қарызын өтеген өмірге өз үлесін қоса білген жандар жаны бір тектес мал немесе таза жан болып тез арада ұжмаққа өтері сөзсіз. Пенденің құлшылық сөздері ғана рухпен байланыста көкке шығар  баспалдақ  жарық болады. Зейнет  — ұжмақта диван қызметін атқарады.

       Жалпы 8 жыннан көру, есту, сезім қабілеттері ажырап ахирет қақпасынан тозақ есігі арқылы сынақтан өтіп көру, есту кісіге қасиетке айналады.  Ал ойлау, сезім, нәпсі қабілеттері  басқа жиілікке ауысып,  одан тек  түтінсіз от  бөлініп шығып  жан қорғаушысына  шыраққа айналуға тиіс те, одан бөлінген тербелістер қуатқа айналып өсімдіктер әлеміне өтеді.  «Ұстағаның шырақ болсын» деп дұға  жасайтынымыз сондықтан. Адам баласынан бөлінген сезім, нәпсі қасиеттер  «жындар» деп аталып, иіспен қоректеніп нәр алып, иіс тербеліске айналып желмен қозғалып жүреді. Ондай есту және көру қабілеттері бар аралас жындарды жын-пері деп атайды. Жаман сөз егесі жын-шайтан аталып, өзіне тән жаман иістен нәр алады. Әр түрлі арам аспен немесе иістермен тәнге кірсе ойға сонан сөзге айналып, сол қызметші пендені «шайтан адам» деп атайды. Көп жағдайда теріс қылықты сондай иісті пенделер  тәніне «жын пері» өтіп  жынды атанып,  басқа біреудің есімен өмір сүріп сөзін сөйлеп жүргендер қаншама. Қазақтар 40 күнге дейін  әйелдерге және жас балаларға  зират басына  баруға рұқсат етпеген, өрісі әлсіз немесе иісі шығып жүрген әйелге,  балаға жынның еріп кететінін білген.  Жалаңбас, шашын жайған, еркекше киініп сыртқы қорғаны тесілген немесе ішімдік ішіп,  темекі тартып,  әртүрлі иіс шығатын пенделерге де еріп кетіп отырады.  Аяқ баспен тығыз байланысты, сондықтан аяқтан қандай иіс бөлінсе бастан да сондай иіс бөлінеді. Күнделікті бас ашық жүргендіктен сезе бермейміз. Лас сөздер жаман иіспен араласады, сондықтан жын-шайтан деп біріктіріп айту содан қалған. Жын-пері ол да осы сияқты, бірақ  бөлек мінезі болады.  Негізінен адам жанына қасиеті аралас жындар қауіпті болмақ. Сол сияқты хайуандар жыны да  болады. Адам тәніне еніп, сосын  малдардың қуат көзімен (бездермен)  байланысқа түседі.  Жылан деп аталып адам сыртқы өрісінде және  ішкі асқазан, ішек, өңеш жолдарында «Фосфат, кальций» мен «хлорид натрий» деген атпен ғылымда  белгілі қышқылдар  түрінде көбік сияқты немесе тұман түрінде  ақ, сұр,  қара  жыландар болып адам тәнінде өмір сүреді.  Адамның ойлау, көру, есту жүйелерін қалыпты жағдайдан шығарады немесе ісік болып,  ауру түрінде  ыдырауға түседі. Сөйлейді, ойлайды, көріпкел  болып,  кейде аруақ атынан бата беріп те жатыр.

Ондай пенделерді ғылыми  жүйелеуге, қандай қасиет иесі екенін анықтауға болады, әрине болашақта медицина ғылымы бет бұрыс жасаса. Алда жеке-жеке толық талқылаймыз. Жан-жануарларға,  жәндіктер жанына өту, ауысу  тәсілі осындай негізде өтеді.  Жанның бөлінуінің тазаруының соңғы нәтижесі есту, көру  қасиеттерінің жаннан ажырап бөлініп жекелей  киеге айналуы тиіс.

2 thoughts on “Өлімнен кейінгі өмір

  1. Өлімнен кейінгі өмірді оқып,коп естимеген заттарымды билдим.Алла разы болсын.

    1. Мариям ата жол жазбаларын түсінбесең де қайта-қайта оқып отырыумен түсің түзеледі. Аянға өз тектік кітабыңа аруағыңа жалғанасың. Арасында құранның қазақша аудармасын да оқып отырыу керек.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *