Адам сезімдерінің, қылықтардың жәндікке айналуы

Бөлім: Ақиқат бастауы кітабы №2 63

     «Расында  Алланың қасында  жәндіктің ең  жаманы,  сондай шындықты түсінбейтін саңырау,  сақаулар» (Әнфал – 22). Адам түсінік түйсігі (сезімдер) жан белгісімен бірге жәндіктің ең  жамандарында өмір сүріп тазарудан өтеді. «Сөзсіз Алланың  қасындағы  жәндіктердің ең жаманы  сондай қарсы  болғандар, олар иман  келтірмейді» (Әнфал -55)

Сауатсыз, надандықпен өмір сүріп тек ішіп-жеп арсыз істермен айналысқандар шындықты көрмей немесе көрсе де мойындағысы келмегендер жаны осындай тозаққа түседі. Енді күндіз-түні еңбек етіп,  мал жинап, дүние үшін ғана өмір  сүріп, бірақ өмірінде Алланың бірлігіне сенбей мұсылмандық парызын өтемеген, шындықтан қашқан шүкірлігі жоқ қанағатсыз жандар туралы аятта: «Ол бұлармен ақыр құмырсқаның ойпатына келген сәтте бір құмырсқа: «Әй, құмырсқалар!  Ұяларыңа  кіріңдер. Сүлеймен, оның  әскерлері, сендерді  білмей жаншып кетпесін» — деді (18) Сонда  Сүлеймен құмырсқаның сөзіне жылмиып  күлді де: «Раббым,  маған және  әке-шешеме мәрхамет еткен игіліктеріңе  шүкір етілуді,  әрі өзің разы  болатын іс істеуімді  нәсіп ет те, өз мәрхаметіңмен  ізгі істі  құлдарыңның арасына кіргіз!» деді (Нәміл -19). Бар өмірдегі мақсат-мұраты тек баю, дүние табу үшін ғана тіршілік етуді «дүниеқоңыздық» деп атап, ондай адамдарды жәндіктердің ең төменгі сатысына  жіберіліп жазаланады.  Керекті, керексіз  не болса соны тек  үйіне  таси беру, үйіне де ауаға да орын  қалдырмай  дүниені тықпалап,  жұмсауға қимайтын  жандарды құмырсқа  қылып  тазарудан тозақтан өткізеді. Құмырсқаның илеуін көрген адам біледі. Өзінен  үлкен жүктерді  шамасына қарамай  бүкіл семьясы, бала-шағасымен тек илеуіне  таси береді,  күн шыққаннан батқанға дейін  жүгіреді де жүреді  бейшаралар,  сіңбіруге мұршасы жоқ, өмірін тек дүниенің көптігімен ғана бағалайтын пенделер тірлігін көрсетеді.

     «Сондай Алланың  нығметтеріне  шүкір етуді,  қарсы болуға ауыстырған және  қауымдарын  құритын жұртқа  итергендерді көрмейсің бе? олардың жұрты  жаһаннам  нендей  жаман орын» (Ибрагим – 28,29). Алланың бергеніне шүкірлік қылмай өз мүддесімен ғана өмір сүріп қол астындағы халықты солай мәжбүрлеген басшылар жанының орны тек жаһаннам болады.

     «Кім дүние тіршілігін әрі оның зейнетін қаласа,  дүниеде олардың еңбектерін толық береміз. Сондай-ақ олар онда кемшілікке ұшырамайды (15). Соларға ахиретте тозақ отынан басқа еш  нәрсе жоқ.  Дүниедегі жасағандары жойылып кетеді. Негізінде олардың  істегендері басқа» (Һұд – 16). Бұл жалған дүниеде тек  өмір тіршілігін қалаған жандарға істеген еңбегіне қарай сұрағаны беріледі, бірақ ахирет өмірін ойламай сенбегені үшін бақи өмірінде тек отқа күйуіне яғни жан жануарлар әлемінде сезімталдық қасиеттерін дамытуға мәжбүрленеді. Ал жаратушы тарапынан келген дәлелдерге және елшілерге қарсы шыққандар жандары әуелі дүние азабын тартып сонан соң; «Оларға оның  артынан тозақ бар. Және  іріңнің суы ішкізіледі. Оны жұтуға тырысады, оны  тамағынан  өткізе алмайды.  Сондай-ақ  оған әр тараптан  өлім келеді. Ол өле алмайды. Тағы оның артынан ауыр азап келеді. Сондай Раббыларына  қарсы келгендердің  амалдарының мысалы:  Боранды күнде  жел  ұшырған күл сияқты. Еңбектерінен  ешбір пайда  көре алмайды. Міне! Осы ұзақ қаңғырыс» (Ибрагим – 16,18). Тек ішіп жеу үшін ғана өмір сүрген. өзгені де сондай жағдайға мәжбүрлеп. қанағатсыз шүкірлігі жоқ жандар өмірінің соңы іріңмен  тамақтанатын құрттарға  айналып және кейбір парақорлар тамағын жұтып қана жейтін (жылан) жәндіктерге айналады. Және олардың өмірі қысқа болып күл-қоқысқа  айналып, желмен ұшып, қайта өніп таралып ұзақ уақыт  қаңғырыста болатынын ескертеді.  Адамға тән емес теріс қылықтар, әртүрлі арсыздық істер,  теріс дұғамен айналысу, сол арқылы біреулерді жәбірлеу, мәжбүрлеу, құмар ойындар, (казино) т.б.  босқа уақыт өткізуге құмарлық,  дәулетке мас болып, өмірін тек думанға айналдырған жандар  жәндіктердің жаманы жыландарға ауысады ақиретте.  Иман келтірмегендердің терісін  ауыстырамын деген аятта: «Жоқ олай емес Айға серт,  қайтқан сәтте түнге серт, Ағарған сәтте, таңға серт. Шын мәнінде ол тозақ зор уақиғаның бірі.  Адамдар үшін.   Жақында  оны өрге  зорлаймын.  Оны жағатын тозаққа саламын,  ол тозақтың не екенін қайдан  білдің. Кейін қалдырмайды  шала тастамайды. Ол адам терісін өртеп кетеді» (Мүддәссір – 16,29)

Айдың нұры түсіп  таң ағарып келе жатқанда жыландар терісін ауыстырады.  Бауырымен жорғалаушыларды «өрге зорланады» деп түсіндіреді.  Адам терісінің түсінің өзгеруі осындай тозақтық сатыдан өтуден пайда болады.

«Енді  олар,  істегендерінің  салдарынан аз  күлсін, көп жыласын» (Тәубе -82).  Сол тозақтан шыққан жандар тағы да жер басып азап, мехнат шегіп сынақтардан өтеді.  «(Мұхаммед .Ғ.С.) Оларды екі рет  азап қыламыз.  Сонан соң олар зор азапқа  айдалады» (Тәубе -101) Өмірге екі рет келіп қана адам жаны ұзақ уақытқа  тозаққа түседі. Алла тағала ерекше мейірімді, әрбір пендеге қосымша қасиеттер беріп теңестіріп өткен қателіктерін түзеуге мүмкіндіктер берген. Бірақ ол ерекшелікті ғылым да, ақыл да анықтай алмайды, тек жаратушыны толық танумен ғана ашылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *