Бағбаншы(279)

Бөлім: Зікір өлеңдер 329

Баптаған бағын бағбаншы,

Тағдырыңнан хабаршы.

Құс жолының ізімен,

Жұлдызына бармақшы.

Тән ұйқыға кеткенде,

Жан көкті барып барлаушы.

Кеңшілігінен Алланың,

Өзіне сарай таппақшы.

Күміс жіппен жалғанар,

Адаспай тәнге жол табар.

Алланың үнсіз тілінен,

Таза ақылдан ой алар.

Екі аралықты шолғыншы,

Дәтке қуат қосушы.

Болмаса жанда еркіндік,

Серігің болар шерік тосушы.

Жеті өріспен сынағы,

Жанның болар тұсауы.

Жалаңаш тәнді аздырған,

Пендеде жанның азбағы.

Кеңшілікке шыға алмай,

Түнектен жолды таба алмай.

Шым-шытырық өмірі,

Түзулікке түсі жалғанбай.

Сенімің жанның қорғаны,

Күміс жіп сөзден болмағы.

Шүлдір-шүлдір сөйлеумен,

Тіл-көз боп жылан шығады.

Ізгілік махаббат, мейіріммен,

Күмістен жібін иіріген.

Зейнеті жанның жарықпен,

Жеті өріс бақша киімнен.

Ерлерге малға азығы,

Егіндік әйел табысы.

Қол менен аяқ арасын,

Қорғайтын ұят, намысы.

Ақ жаулық қуат жемісі,

Етектен сана егіні.

Қолында бар жан шуағы,

Иманның бұл ашық белгісі.

Тәнде жан, жынның тұрағы,

Жеті жан негіз болмағы.

Жеті сүйек сәждесін,

Елшісінен Алла қалғаны.

Жаныңа қуат қосатын,

Тәңірден табар жалғасын.

Пайғамбарға қуат қоспаған,

Иманға болмас білім алатын.

Ғылыммен жан баққан,

Қолдауын алып Құдайдан.

Таза ақылдан ой алар,

Бағбаны жанның жеті атаң.

Біз-жандар Алла Өзімен,

Құдіретті қол Тәңірден.

Бағбандар құлы ардақты,

Бекіген мықты есіммен.

Біздерден қолдау беретін,

Несібе ризық біздерден.

Алланың өзі барлығы,

Бір тұтас аруағы бірленген.

Тегіңнен бақша болмағы,

Жетімен оның бағбаны.

Жеті әлем жермен жалғанып,

Бір Алла- Мен бағбаны!

Мәңгілік Мен өзінен,

Рұқ пен жан өсірген.

Өмір бойы іште болатын,

Мұхаммед бағбан елшіден.

Аруағын тастап сенбеген,

Жаны өлі шықпас түнектен.

Кеңшілігінен Құдайдың,

Жол-жобасын ісін ілмеген.

Сегіз жол Құдай ісімен,

Қосылар қуат тезінен.

Ордасын бұзып шайтанның,

Қосылар қайта тегімен.

Тегің бір кісіден,

Адамзат барша көбейген.

Төртеуің түгел болмаса,

Бақшаң жоқ бойдан өсірген.

Қырықта толып ақылы,

Тоғыздың асу қамалы.

Ескі иманды жаңартып,

Өсірмек жаннан бақшаны.

Әркімнің бар жаннаты,

Өсірген бойдан бақшасы.

Саудасы жанның бақшамен,

Аталмақ Адам баласы.

Сырларын сөздің жасырған,

Бәйшешек ұлттың бағынан.

Миуасын терсең қорықпай,

Тікені мен жылан қорыған.

Тоғызбен қайта табысқан,

Жемісін терер жеті жұлдыздан.

Маңдайдан кетіп сорлары,

Бақ қарап Қыдыр қосылған!

**** ****

Шексіз, түпсіз, кеңшілік,

Жасырын көмес кеңістік.

Бағбаншыға ой табар,

Сезімнен сана өсіріп.

Кеңшілікте қоры бар,

Әр жанның өз сыры бар.

Қырық кітап тығулы,

Тапқан жан қожа аталар.

Қырық қожа қырқа асырған,

Қазынасын көкте жасырған.

Жүректің көзі ашылып,

Нұрлы ақылға жолыққан.

Қас пен көздің арасы,

Осы өлшемнің парасы.

Көп көрмейді көзбенен,

Сорланса маңдай, жағасы.

Әуресі көп сөзбенен,

Құраннан үнді білмеген.

Тәпсірмен білім іздеумен,

Терісін ойдың жүктелген.

Сегіз сезім санаулы,

Тоғызға жетпей байлаулы.

Көкке шығар сатымен,

Емдеуге жанды жаралы.

Жар нұрынан сүйгізген,

Ерінге дәмін білгізген.

Қызығынан жалған жалығар,

Сөз бағбаны ой білген.

Келтірген шындық тақуасы,

Көркем сөздің үн парасы.

Жер бетінде бейнесі,

Ақ қуат боп қайта шығады.

Қарулы қолдың ынсабы,

Әскері сөздің болмағы.

Кезігіп ажал құшқандар,

Құдырет күштен танады.

Дәлдеп тиген қараны,

Өртеп оны жағады.

Тоқсан сөздің түйіні,

Көркем сөз боп тарады.

Құдайдан келген хабары,

Жанға жоқ жоба алғаны.

Құпия білім жазылмай,

Толымды болмас иманы.

Ділі қатты делқұлы,

Шоқынған тәпсір білімі.

Таза ақылмен сөз бақпай,

Көбейтіп жүр періні.

(Наурыз 2019 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *