Қазақстан Республикасы Президенті
Тоқаев Қасым-Жомарт Кемел ұлына

Байтасов Тоқбергеннен

Дат Президент мырза!

Құрметті Президент, Қасым-Жомарт Кемелұлы, бұл екінші датымды жолдауымның мәнісі Құдай, әулие-әмбие аруақтар алдында аманатымды атқару ғана деп түсінгеніңіз абзал. Алғашқы хатпен жалпы елдегі болып жатқан рухани жағдайды ғана таныстыру болса, ендігі айтарым бұл тарихтағы Сіздің және Назарбаев басқару кезіндегі тарихта және әлемде таңба болып қалатын жайтты ескерту өзімінің де адамгершілік парызым болып табылады.

Егемендік алумен бірге Ата жолы болып Құдай патшалығының қазақ елінде пайда болуы да ертегі емес, хақиқат еді. Иманы жолдас болғай Қыдырәлі Тарыбайұлы басқарумен тылсымнан Раббымыздың уәдесі сөзі оқылып оны жеткізетін «аққу, сұңқарлар» да мыңдап дайындалғанмен, өкінішке орай бұл істі зерттейтін, қатесін түзеп, дұрыс жолға бағыттайтын қазақ ғылым мектебі болмады.

Керісінше арап салтын, тәпсір білімін меңгеруге мемлекет тарапынан да ерекше қамқорлық болып тіл арқылы сөз іздеумен білімнің дәрежесі жоғарыға шығып, діл білімімен ақыл арқылы сөзді тануды құрдымға жіберуге қызмет қылғаны оның жемісі енді көрініп, қазақ елінің бүтіндігі былай тұрғанда, керісінше рухани тұрғыда жүздеген топқа бөлшектенуге әкеліп соқтырғаны да тарихта дәлел болып қалады.

Ата жолы қудаланып, сотталып зияратқа баруға тиым салынып, елді ата дәстүрге насихаттайтын, құран тұрған орындарды полиция тексеріп құранды лақтырып, айыппұлдар салынғаны, осылай ҰҚК қызметі арқылы секта, экстремистік бағытта деген баға беріліп тартылғаны да жалған емес.

Сол кезеңдерде бұл топтардың ішінде қарсылық пен қателіктерін айтып қарсы тұрған біздердің өз ісімізді жалғастырумен, бүгінгі таңда нағыз қазақ дәстүрінің шынайы бейнесін қалыптастырып, халықтың да иланып, мыңдаған пенделердің дертінен жазылып, жолдары ашылып, арамнан тағдырын тазартып қайта жазуға әулие-әмбилер батасымен иман келтіріп жатқандары да сөзсіз.

Өкінішке орай, Сіздің ел басшылығына келуіңізбен менің 3 жылға үй қамаққа соттаудың өзінде тарихта қалатын таңба бар. Менің шығармашылығымды былай қойғанда, ютуб каналында маған Раббымыздан оқылған білімдерді, қазақ даналары Абай-Шәкәрім сияқты әулиелердің сөз ұғымдарын түзеумен ақылға жалғану діл білімін, Құдай ісін жариялағаным үшін; Дін ісі комитеті және ҰҚК тарапынан уағыздарға «мониторинг» жасалып; «мұндай білім масһабта жоқ экстремистік, діни алауыздық  туындатады» деген айып тағылып сот үкімі шықты.

Ең сорақысы «мониторинг» жасаушы жас балалар ақылы толмаған, иманын да бекіте алмаған, арап елінен оқып келгендер және сараптаушы магистрдің өзі қарапайым тұрғыда қазақ ділімен құранды түсінбей бөлшектеуші болып шықты. Тергеушінің мүлде дінге қатысы да жоқ, шариғаттан да хабарсыз прокурор мен сот өздерін тәңір дәрежесінде қолдан жазылған заңның Құдай заңынан үстем екенін дәлелдеуге күш салды. Яғни, мемлекет заңының Құдайдың өзін де түзетуге құдіреттілігін, дінді басқаруға қақылары барын ашық бекітті.

Мен үшін де бұл тиімді болып табылған соң әрі қарай арызданудың да пайдасыздығынан келесі бір жарым жылдан кейін бұл уақиғаның қайталанып, енді қылмыстық емес, әкімшілік болып, және миссионерлік деген айыппен сот үкімі шыққан соң, әрі қарай Құдайдың лағнеті түсіп көптеген лауызымдылардың ажал мен азаппен елдің алдында масқара болып, тарихта Сіздің де бұл істе айыпты болып қалуыңыз да сөзсіз. Өкінішке орай бұны енді мүлде жою мүмкін емес, әлем алдында да әшкере болатыны хақиқат.

Енді мұның негізгі себебі әлемнің дағдарысқа түсіп, қазақ елін әлемді құтқарушы аға ұлт болуға Құдайдың да рахымы түсіп оның сөзсіз орындалатын да хикметі жасырылғанын да ескерте кетуді жөн санадым. Сіздің сенген дін ісі басшылары, ғалымдары, құқық қорғаушы заңгерлер қарапайым ғана қазақ дәстүрімен бекіген 8 діннің басын құраушы және оны 9 тұрғыда ділмен Абай-Шәкәрім, Мәшһүр Жүсіп, т.б. ғұламалармен Ясауи даналығына жалғануын мүлде білмейді, яғни надандар.

Масһаб дін ісі шариғаттың 1\4  болып 8-ші дін исламның бірлігін қалыптастыру болып құранда ашық баяндалғанмен оны араптардың меңгере алмайтыны, ол қазаққа мирас болғаны да хақиқат. Сонымен, жаңа Қазақстан құру саясатыңызды өзіңіз сенім артқан уәзірлеріңіз, керісінше ібіліс жобасын атқарумен халықтың да азапқа түсіп, осы аймен жалғасын табатын жаңадан түрлі дерттер мен  апаттардың артуына, Құдайдың қарғысын кеңірек таратуға қызмет қылатынын біле жүріңіз.

Халықты жаңарту иман беру Құдайдың ғана ісімен, аруақтар қолдауымен болатын рухани эволюция болмақ. Ел басшысы ретінде өз қарамағыңыздағы қызметші көмекшілеріңіз рухани мүгедек, мұсылмандығы да аз болса, құр сөз түрінде қалатын жолдау ғана. Қазақ елінің рухани жаңғыруын Құдай тарапынан білімі түсіріліп, талай он мыңдаған адамдар мұны меңгеру жолына түсіп алды.

Бұл ібіліс ұрпақтарына тиімсіз, сондықтан кемпірлерді, әйелзаттарын сотқа тартып, басынан өткен халын елге айтқаны үшін соттап қудалау, өз бастарына ғана келетін азаппен жоғалуға ғана жалғану болмақ. Алдымен ғылым мектебін жолға қоймай, заң қызметшілерінен бастап әкімдер, лауазым иелері түгелдей ақылдың сараптамасынан, сөз түсіну қабілетінен емтихансыз халықтың қарсылығы мен айыптауларын, Құдайдың лағнетін арттыруға ғана қызмет қылудан ажырау да мүмкін емес.

Экстремизм және терроризммен күрес деген жалған, елдің несібесін желге шашу. Діндегі бұзықтықпен ғылым мен сопылық арқылы ғана күреседі. Оның астарында иман қуаттарын өндірумен, Құдайдан шындық хабарларды келтірумен байланысты. Мұнымен бізді қанша қудалап, жалдап отырған үйімізден қууға, зікірді тоқтатуға үй егесін қорқытумен шұғылданатын экстремизм қызметшілері және ақылмен қазақтың сөзін таба алмай жүрген Ішкі істер бөлімінің «пробация» қызметшілері атқаруда.

Менің бір сұрағыма; Маған Абылайхан атаның басына барып халыққа, елге тыныштық сұрауға дұға жасауым қылмыс па дегенде «Ия» деген жауабының өзі рухани айнасы болуға жеткілікті жетесі бар пендесіне. Бұл сөздеріммен шағымдану ойымда да жоқ, қайта бұл соттың үкімдері құжат ретінде тарихта қалдыруға және арттағы ұрпақтарға ібілістің жобасын қалай биліктің өзі атқарғанына дәлел үшін керегі маңызды болмақ.

Сіздің өз жеке басыңызға ел басқару саясатыңызға менің шаруам жоқ, ал бірақ Құдайдан аманатпен бабалар ізін жалғашы сопылық ісін меңгеруші шығармашылық өкілі ретінде, ел басқарушы тұрғысында халықтың рухани мешеулікке түсуіне де келісім беріп отырғаныңызға, мұның артында тарихта бағаның да берілетіні сөзсіз. Және аздаған уақтарда жастардың да оянып, оның арты үлкен дауға ұласып, имам, дін, заң қызметшілері дегендер абыройдан жұрдай болатын күн де қашық емес.

Сүлеймен пайғамбар қанша жер әлемдегі байлықты меңгерсе де мөр басатын жүзігін тақуа кісіге тапсырыс беріп арзан металлдан бірақ «Бәрі бітеді» деген сөзі үшін қолынан тастамай құрмет қылған екен. Сол жүзікті менде сізге рухани тұрғыда осы жолдаумен ұсынғаным деп біліңіз. Рухани тұрғыда аталы жолымен 8 дінді иманмен меңгеруді Абай-Шәкәрім арасына көпір салумен, әрбір пенденің көрген түсін жоруға арналған 288 санмен белгіленген «Өрлеу, Биікті бағындыру, Бақара» деген үш өлеңдер зікір жинағы бар.

Өрлеу кітабын Астана полиция департаменті тәркілеп 83 кітапты және қамшының сабын, Дербісәлі батыр атты кітабы мен көптеген жазбаларды өртетіп, сонан бұл кітапты шығарған  баспахананы іздеп, қудалау басталғасын қайта шығара алғанымыз жоқ. Заңның 20-1 бабы «цензура» заңгерлердің өздеріне жүрмейді, сол сияқты қазақ ұлтына түсірілген аяттарды дін магистірлері мойындамайды екен.

Шаруашылық істеріне араласпағанмен дәстүріміздің ажырамас істері ретінде; ауыл шаруашылығын дамыту, қазақ өнерін әлемге «бренд» қылып ұсыну ісімен айналысып, жетістікке жетіп жатқанымыз бұл тұрғыда ел биліктен күні ертең есік қағып тұрған көптеген істердің мүлде қолға алынбай жатқаны да өкінішті.

Біздің сөзіміздің халық алдында беделі болмауы үшін  биліктің заңы мен дін істерінің көзқарасы, пәтуасына сүйеніп қалайда кедергі қоюға барлық ақпараттық жүйелерде атқарылып жатқаны да жасырын емес.

Сондықтан бұл хатты сіздің оқымауыңыз, яғни уәзірлеріңіздің оқытуы да екіталай, ал маған аталы жолымен аруақтар аманатын атқару ғана деп оған ренжу де жоқ. Себебі әлем қазаққа тартылады, біздің біліміміз түбі орыс тіліне аударылып, орыс халқы жаппай қазаққа қарай керуенге шығып қазақ тілін, ділін меңгеруге жарысатын күн жақын.

Сол кезде латын таңбасымен діл өсірмек надандар да әлемге масқара болуы сөзсіз. Оған дәлел Кер баба (Кирилица) таңбасын 550 жылы Осман түрік тайпасының пайдаланғаны және Петербург, Пекин, Стамбул қалаларында руна жазбасының арасында кітаптары тұрғанынан хабар келген. Сонымен бірге Сайран қаласына оның кілті де табылып болашақ Отырар кітапханасында ашылары да хақ.

Алтын адам деп Қазақ, Созақ бабаларымыздың анасы Ұлсай Емер анамыздың да танылмай жатқаны және Есік қаласынды Алаш Қаһан, Алтай Жүрсін , Бабыралы Бақанас т.б. әулиелер мен Ізбөрі анамыздың да сіздің басқарған тұсыңызда қоқыспен, түрлі құрлыстармен тапталып жатқанын да біле жүріңіздер. Бұл сөздерім сіздерге ертегі бола тұрсын, Құдай қай күні жарыққа шығаруға ұйғарады, сол мезгілден бастап Қазақ, Созақ, Алаш бабалардың семсері әлемге серт болары да хақ!

Құрметті Қасым-Жомарт мырза және ел басқарушылар, даулассақ та жауласпайық, бәрібір артында сіздердің масқара жеңіліспен әлемге де абыройсыз қалу мезгілі жақын қалды, халықтың да азаппен, аурумен аласапыранға түсіп түбі оянып төңкеріске шықпасын десеңіздер, қазақша ойланып көріңіздер және көздеріңдегі «бөренені» алып тастауға нақты іс амалмен біздерді зерттеп көріңіздер, Құдайдың ісі кімдерде екеніне көз жеткізуге. Ештен кеш жақсы алайда!

Байтасов Тоқберген Кескірұлынан

2023 жылғы 22 ақпан

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *