2; Шежіре, тарих дін мен өркениет куәлік некесі.

Бөлім: Арап көктемі және исламдағы бүліншіліктер 41

(2-ші бөлім, басы арап көктемі мен бүліншілік себептерінде)

    Әңгімеміздің басында саясат дін мен ел биліктің арасынан туған ұлтымыздың көңіл баласы деп ескерттік. Енді мемлекеттің өркениетке деген жоспары мен дін руханият арасындағы көпір және екеуінің тұтастай біріктіре алатын некесі ол шежіре, тарих. Бұл тұрғыда шежірені тек құранда және арап елінен шықан әулиелердің ғана тәпсіріне сүйеніп, масһаб білімінің дін сұхбатының негізін қалап, ал құраннан уақиғалар кітабы және жанның өсу, өркендеу жоспары яғни әрбір ұлттың рухани қазынасы шежіресін мүлде діннен шығарып тастауға негізделіп және ұлтымыздың шежіресін дінсіздік, исламды мойындамаушылық, ескіліктің қалдығы деп көрсетуге өзіміздің арамыздан шыққан дін ғалымдарымыз да, тарихшыларымыз да тажалдық үлесін қосқаны да даусыз ақиқат. Яғни Құранға да құдайлық болмысқа да ашық жала жабылды. Құранның негізгі ірге тасы шежіре болмаса, құран қалай түсер еді?  Және құранда тек арап ұлтының діндегі уақиғасын ғана баяндаумен, енді өзге елдің тарихы діннен шығып қалды деген надандық қана емес тажалдық та болды. Оны әрбір елге елшілер келіп, жол-жобаларыңды түсірдім, осымен сыналасыңдар, түстерің, руларың бөлек, қарама-қарсы жағдайда жақсылыққа жарысыңдар деген насихатын мүлде масһаб ғалымдары сұхбаттан шығарып тастады.

     Дін-мұхит болса, әрбір елдің тарихы сол дін-теңізінен бөлінген көлдер болып, шежіре оның тереңдігі болып саналу керек. Ал енді діншілердің қазақ елі егемендік алғанға дейін орыспен бодан болған уақыттарда дін болмады деген пәтуа Құдайды ашық мазақ қылу екенін аңғарудан да қалдық. Егер орыс империясының кезінде дін болмады десек, қазақта құдайы да болмаған және әдет-ғұрып, салт-дәстүр мүлде болмай жабайылық дәуірде өмір сүрген болып шығамыз. Сонымен бірге білім-ғылым болған және оны меңгеруге деген мектебіміз, оқу ағару ісі, денсаулық сақтау т.б. бүкіл құранның негізгі насихатын қамтитын істер бар жерде қалайша дін болмайды? Қазақ халқы дінсіз болып қай уақытта өліктерін өртеп немесе христиан дініндей табытқа салып көміп еді?

Дінді тек намаз оқып, бес парызға айналдырып, масһабты тура жол, яғни бүкіл адамзаттың және әлемнің тағдырын да қамтып, бүкіл ғылымның қозғаушысы деп түсіндіру тек надандардың ғана ақылына сыймаса, қалған есті адам баласына тек зұлымдық болып қана көрінеді.  Енді оны ел биліктің, сөз басшыларының, зиялы қауымның аузынан естіп, кітапқа жазып жатқаны тажалдық білімге дінді бөлшектеп жоғалтуға жатып, осы қияметтік жағдайды анық білдіреді. Философия, психология ілімі түгіл, тарих, шежіре ілімі де бүгінгі таңда қазақта өлген, бірақ ата жолы, дін-ділі сақталып тек соның ғана арқасында осынындай құдайдың нығметіне жеткен жайымыз бар.

Ал саясатымыздың некесіз, тексіз болып, мемлекет діннен бөлек деген заңның пайда болуы да өзінше қоғамдық заңдылық. Сондықтан да тарихымыздың, шежіреміздің діннен, руханиятымыздан, мемлекет саясатынан тыс болып, осы уақытқа дейін өгей баланың күйін кешуге бірден-бір кінәлі де философия мектебі мен білім беру жүйесі ғалымдарының саналығының, ұлттық ар-намысының, ата-баба аманатына аяқасты қарауынан деп қана түсінген жөн. Ел биліктегі азаматтардың шаруашылықты дамытудағы, елдің экономикасын, әлеуметтік жағдайын қалыптастырудағы еңбегі әрине атауға тұрады.

      Ел басшымыз Нұрсұлтан мырзаның бұл саладағы батырлығы да,қазақ елі үшін бүгінгі таңда мақтануға да тұрарлық. Бірақ, бұл оқиғалар заман өте тек шежіре, тарих, руханият арқылы ғана бағаланып, керісінше осы заман тұлғалары болашақта ұлтының рухани құндылығына опасыздық жасаған залымдар немесе Намруд, Пірғауын патша мен Қарұн бай сияқты аттарымызбен тарихта қалатынымыз да сөзсіз. Болашақ ұрпақ бізді дін арқылы, яғни ұлттық шежіреміз арқылы ғана бағалайтыны да сөзсіз. Бұл тұрғыда ғалымдар мен ел билік тарапынан қозғалыс басталып та кетті. Бірақ тағы да науқанға айналып, кез келген елден көшірген ақпараттармен жастарымыздың санасын онан әрі улаумен ғана көрінісін табары да хақ.

Ал әрбір тарихи жазылған шежіренің нақты өткен уақиғамен сәйкес келмеуі, халық санасына қараңғылық перде түсумен бірге ұрпақ сабақтастықтың, аруақтық қуаттың әлсіздігін, халықтың мәңгүрт, намыссыз болып қалыптасып алауыздықты ғана туындататынын біле бермейміз. Арап көктемінің де бірден- бір себепшісі қабірдегілерді тастап, тек пайғамбар кезіндегі уақиғаны, шежірені ғана қадірлеуінен туындап отырғаны да сөзсіз. Бұдан шығар жол бар ма? Әрине, Құдайдың әділдігі мен хикметті білімінің өзі мұндай оқиғаларды алдын-ала әуелі білімін көрсетіп, сосын ғана тыңдамаған, ескерілмеген жағдайда жазасын жіберетін шарты қатаң сақталады. Осындай аруақ арқылы анық ақпараттардың келуі тарихымыздан аты жоғалып кеткен әулиелердің, батырлардың, билердің, тұлғалардың, даналардың бастары көтеріліп, белгісін беріп, уахимен жетелеп, бұл тұрғыда қазақ елі 10 жылдай тазарып, көптеген рухани байлыққа ие болғанын тек ақымақ пен надан және тажал ғана мойындамайды.

      Ақ ұл бастаған ата жолы осы тұрғыда көп жетістікке жетіп, оған тіптен имамдар мен ел басқарушылар да кезінде ат салысқан еді. Бірақ шет жұрттан келген жалған ғалымдардың да үлес салмағы артуымен,  ілім жолында ізденуге шыққан қара халықты, Құдай адамзатты қиямет-қайымға дейін тастап қойған, яғни сөйлеспейді деген пәтуамен жан ғылымын, иман сырын мазақтауға, өздерін құдайдан да білгіш санап атақтық мақтанның буына мас болған жазушылар қоғамы да жәрдем берді. Керісінше білмегенін үйретіп, қатесін түзеу орнына ашық қудалап, оған баспасөз басшылары, тілшілер, теле арналар өз ұлтының рухын төмендетуге үлкен үлес қосып, әлі де анда-санда көрінісін беріп жатқаны сөзсіз. Бұл жағдай аятта; «Бір топты басқа топтан үстем деген сылтаумен араларыңдағы анттарыңды бұзып, жібін мықтап иіргеннен кейін тарқатқан қатын құсаған болмаңдар. Шын мәнінде Алла сендерді осымен сынайды. Сондай-ақ дүниеде қайшылққа түскен нәрселеріңді қиямет күні сендерге ашықтайды.» (16-92).  Міне бұл аятпен қазақ елінің нақты жағдайын 92 және 16 санмен ашық көрсетіп тұр. Аманатымыз біздің дәстүріміз, ана тіл, сөзіміз, философиялық құндылығымыз тарихпен, дінмен жіп болып өрілген шежіремізді мың жыл кейін шегеріп; «Кинизмдік» ұстаныммен бәрінен Ханафилік топ тура жол деп, өз ұлтымызға тән түркілік сопылық ағымдарды да ашық қудаладық.

     Ал ата жолын бәрібір аруақ тұрғанда еркін басу, төмендету мүмкін емес еді. Сондықтан  тажалдар ел билігін дүние байлықпен қорқытып және Ала-аят деген топқа қосып атасын, анасын, аруағын соттап, арты бүгінгі таңдағы қызыл қырғынға, от апаты, су апаты, жол апаты және түрлі жазылмайтын дерттерге халықты тозаққа ел билігі өзі бастап әкелді. Және шамалы сынақ саябырси бастаса болды, бұл мәселені теле арна беттерінде, баспасөздерде және халықтың алдында ел билігі «біз Ханфилік жолды ұстанамыз» деген мақтанмен яғни; «құдайымыз, тура жолымыз Алла тағаланың өзі емес, имам Ағзам» деп Аллаға серік қосып, аяттарына ортақ қосумен, сөнген отты қайта тұтатумен ғана айналысады. Біртұтас адам болып есептелетін аруақ, яғни құдайдың себепші қолы Ханафи білімінен төмен, түкке алғысыз болып, миллиондаған еліміздің тұрғының санасын улап, ақылдарын қақпанға түсіріп және оған ел билігі де ашық қолдауын беріп жатқанын надан ғана ұғына алмайды.

     Жалпы аруақпен соғысу қазақ түгіл әлем тарихында қайта-қайта қайталанғанымен, арты талай халықтың жер бетінен жоқ болып кетуіне соқтырғанын біле бермейміз. Амур Дария Забур патша, Керейхан мен Жәнібек сұлтан, Шыңғысхан, Ақсақ Темір, Абылайхан сияқты ұлы тұлғалар кезінде осындай қазақтың негізгі дін ұстанымын өзгертіп, дәстүрін қорлаған арап, қызылбас елінің ықпалынан азат еткен қанды қырғындар, өзара түркі ішінде азамат соғыстары да болған еді. Жоңғар, қалмақтар өте күшті жауынгер, дүниеде де табыскер болғанымен, негізінде қазақтың аруақ біліміне, дін ұстанымына қарсылықтан жер бетінен мәңгілікке аты өшті. Енді қазақтың жартысынан көбіне осындай зауал туғаны хақ. Бүгінгі ғалым, дінші, ел билеген тұлғаларды болашақ жастарымыз  кітабын күлге лақтырып, атын тарихтан өшіруге, бүгінгі уақиғалардың  болашақта керісінше жүретіні де хақ. Ал сондай жаман аты қалған бүгінгі зиялы ертең сөзімен, тілімен Абайын сабаған залымдар қатарына қосылып, қазір кім; «менің атам Абайды да сөзбен сабаған» деп мақтана алады?

Қазақ ұлты кекшіл болмағанмен ұмытпайтын қасиеті де бар. Және бетің бар, жүзің бар демей, ертең осы күнгі ата жолына ашық қарсы болғандар ақсақал болып бір жерде ақыл айтудан да, елдің бетіне тура қараудан қалатыны да хақ. Ал енді тарихты қайта жаза бастаса болғаны, бұл жағдай халық арасына айқын түсінікті болып, залым кім, зұлым кім, баласының азғындауына, жалған дінші аталуына, ауру бала туылуына, өзіне қол салуына себепші кімдер болғаны қайта жаңғырып және кешегі ордаларды аралап жүріп айыппұл салып, сотқа сүйреген, теле арнадан, баспасөз бетінен аруақты мазақ қылғандардан өш алу саясаты, науқаны да басталады. Бірақ, енді тағы да ел биліктің қолдауына сүйенген атақ-шенмен мансаптылар өз абырой-беделін, жазған жалған шимайларын қорғау барысында бұхара халықтың ішінен шыққан дарынды шежіреші, аруағымен сырласқан қасиеттілерді баспасөз беттеріне де, халық алдына да шығармауға жан салып кірісетіні де хақ. Ал халықтың түбі ақиқатты түсініп, хақиқат ашылып және  ашу–ызамен өздерін адастыруға үлес қосқан ашық ел билік пен бүгінгі дін надандарын айыптап әшкерелейтін заманына енді алты жарым жыл қалды. Осы кезеңде халықтың санасы ашылып, өлгендері тіріліп, өшкендері жанып,  рухы оянып, бүгінгі, кешегі жағдайға бағасын бере бастайды.

      Жарайды, бас жарылса бөрік ішінде, қол сынса жең ішінде дегендей біреуміз бұғып, көбіміз аруақшыл, ата жолшыл болып, дүниемізді шашып, халықтың көңілін алуға тырысып күн көреріміз де растық. Бірақ Ғиса пайғамбарымыз; «Мен жерге түскенде сендердің маған ашық қарсы болғандарыңды, періштелерді мазақ қылғандарыңды кешіремін, бірақ өздеріңдегі кешіре алмайды» деген екен. Яғни әрбір пенденің алды – артынан өкшелеп, еріп жүрген аруағы мұндай тозақтық бейнеленген ақпараттан құтылу үшін міндетті түрде Құдайдан күзетіп жүрген пендесін жазалауын сұрайтыны хақ. Бұдан ел басының өзі де осыншама сауап жасаған абырой-беделімен құтылуы да мүмкін емес.

Рухани байлықпен таразыға түскенде дүние істері әрбір пендеге құдайдың өзі берген нығметі болып қана саналады. Тек, ештен кеш жақсы дегендей, осы өлі ара кезінде кім жасаған күнәсін артығымен өтесе, онда Құдай әділетті, ондай пендесін жазаламайтыны хақ. Бұл жағдайды неге тәптіштеп жазып отырмын?  Дін деген, шежіре деген осындай оқиғалардың баяндамасы. Осындай оқиғаларды қысқа нұсқа жазып қалдырған 5-ші діннің кітабы, яғни бесінші парыз дегеніміз тарихқа жалғану амалы, сақтар, ғұндар, арлар шежіресі, сөз даналығы болып қазақ елінде ғана сақталған. Ол отырар кітапханасында. Шыңғысхан бабамыз тықтырып қойған екен. Мен оны өз көзіммен, яғни жан көзімен аян арқылы аралап көріп таныстым. Және сол кітаптан мағлұмат алып тұруға да ұлықсат  та алдым.  «Теріге жазылған кітапқа серт, ақиқат ашылады»деген Алланың ескертуі осы хақиқат кітабы еді. Үлкендігі екі метірдей, ені бір жарым болып қалар, екі-үш адамға жүк болатын кітап екен.  Осы кітапты жойып жіберуге исламаға дейін христиан дінінен шабуыл болса, ал исламнан кейін арап елінен үнемі шабуыл болып, ақыры оны аман алып қалған Құдайдың бұйрығымен Шыңғысхан бабамыз болды. Шыңғысхан бабамыздың тықтырған қазынасы деп әлем жұртының әлі іздеп жүргені алтын, маржан емес, шежіренің ақиқаттың маржан, гаухары сөз даналығы еді. Сондықтан тажалдар бұл хақиқаттан қорқады да, қазақ елінде өзімізден шыққан намыссыздарды шежіре кітабына діннен жалғанғысы келмегендерді өз пайдасына жаратып, ел биліктің «көтсіз» саясат жүргізуіне әкеліп соқтырды.

    Жарайды, ел билік пен қазақтың зиялы қауымы қателіктерін түсініп, енді тарихымызды дін-шежіремізді түзеуге жұмылып кірісіп кеттік дейік, онан қазақтың рухани байлығы аяғын басып кете ала ма? Жоқ әрине. Неге десеңіз, тағы да алдымыздан көлденеңдеп, бірі европалық білімге шексіз табыну мен екінші тағы қызылбастан келген дініміз, масһаб біліміміз көзге түскен бөренедей кедергі болары да хақ. Біріншіден; европадан келген миллион жыл деп тарихты зерттеген деректер өтірік. Жер бетінің шежіресі тек 350 мың ғана жылға есептеліп және оның 250 мың жылы ғана тіршілікке арналған. Бұл да енді негізгі исламмен бірге келген рух пен жан біліміне зұлымдық, надандыққа қарағанда түк емес.  Осындай қазақтың жан ғылымын жоғалтуға байланысыты және аруақтық біліміне, дәстүріне үнемі арап жұртынан рухани түрде шабуылдың нәтижесінде көптеген ата-баба, тарихи тұлғалар зияраттары жоғалып, енді оны европа білімімен бұрмалап, мүлде адасқан ақпараттарды кім қалай түземекші? Мысалы; Есік қаласынан табылған Алаш бабамыздың жұбайы Ұлсай Емер, яғни Қазақ пен Созақ егіз ұлдың шешесі жән славяндардың анасы Құзын Сауға Зейнеп анамыздың анасын «сақ жауынгері» деп, оған дәлел өзге жерден әйелдің алтын киімдері табылғанмен, оны мойындайтын ғалым жоқ. Қалай өтірік айтып едім деп жеп жүрген нанынан айырылып қана қоймай, халыққа масқара болғысы келеді?

Сол сияқты Алаш, Алтай Жүрсін, Бабыралы Бақанас, Жақып пайғамбар, Қажы баба пайғамбар, Ыбырайым пайғамбар, Ысқақ пайғамбар, Сара ана, Рабиға ана, Мариям ана, Ғиса пайғамбар, Шыңғыс хан, Абылай хан, Сұлтан Бейбарыс т.б. жүздеген ата-аналарымыздың қазақ жерінде жатқан зияраттарын ашып, басындағы мұрағаттарын алып тарихта өзгеріс жасау, ол Астана салып, шаруашылықта батыл шешім шығарудан ондаған есе батырлықты, рухани сауаттылықты талап ететін шаруа. Ондай әлемде қалыптасқан тажалдық білімге қарсы тұратын батырлық қай ел билігінің қолынан келеді? Он жыл болды жазып түрлі дәлел келтіргенімен, әлем жұрты түгіл, өз еліміздің ішінде-ақ өтірікші ғалымдардың беделі аруақтың аманатынан,  мың жылдар бойы қалыптасқан дәстүрімізден жоғары болып тұрған бүгінгі мына надандық жағдайымызда әрбірінің бастарына құдайдың лағнет қамыттары киілмеуі мүмкін де емес. Ал тарихын, атын атап жазған бабамыздың, анамыздың зияратын тауып, нақты өмір сүрген жылын аянмен жалғанып алмай, бәрібір дін шежіреде жалғандықты туындатады.

     Абылайхан атамыз Астанаға жақын жерде найзасымен қоса жерленген деп жазғанмен оны шыбын шаққан құрлы көрген пендені естіген емеспін. Сол сияқты Арыстан баба ұлты тәжік болып, Мәнсұр баласынан Сунақтардың тарағанын мойындатып көр?  Ал әлемге де болашақта беделі жоғары болған Қажы баба пайғамбардың басын жеке меншікке беріп қойғанымен тұрмай, ит қораға айналғанын көріп намыстанған әкім, биліктегілерді, мешіт имамдарын көрген, естіген емеспін. Ол жерде бүкіл орыс елінің анасы Құзын Сауға Зейнеп анамыз да жерленгенін жазғанмен селт еткен тарихшы, жазушы қоғамының өкілін кездестірген де емеспін.

Бұл жерде тарихқа реформадан бұрын, сол тарихты зерттейтін қоғамға реформа жасамай, бәрі құр босқа қаражат шашу болатын да хақ. Және араптан келген жанға қожа ұғымы мен өзіміздің рухани жетілген биліктің жоғарғы дәрежесі, тұлғалық төре ұғымымыз бұл да тарихтағы әділетсіздікті туындатып қана қоймай, Құдайдың жан ғылымына, яғни араптан басқа ұлт жанына қожа әулиелікті меңгере алмайды деген және төре руынан төре болып туады деген құдайдың ісіне қол сұққан, құран аяттарына да ашық жала екенін мойындату үшін ұлтымыздың  жан ғылымын қайта жаңғырту үшін философия іліміне, дінімізге де реформа қажет.

     Ал енді өзіміздің қолдан өсірген діншіні яғни ұлтына, бұл реформаға ашық қарсы болатын масһабтық қауымды қайда қоясыз? Болашақ небір текті азаматтардың ұрығын, жас құрақтарды өзіміз құранды босқа жаттатып, қажы қылып, орта топтық мәңгүртке айналдырып үлгірдік. Және миллиондардың санасына сіңген, күн санап мешіттерден, ақпараттық жүйеден сіңіріп жатқан аруақ біліміне теріс ақпараттарды жазылып таратылып жатқан ұлттық ділімізге, дәстүрімізге қарсы  рухани қастандық кітаптарды қысқа уақытта не өздері не құдайдың жазасы түспей түзеу мүмкін емес. Ал ата жолымызға ғұмырлық, тағдырлық дінімізге Құдайдың өзіне де қарсы заңы бар дін ісі мекемесімен оларға қызмет жасайтын жүздеген қызметшілері де бар емес пе? Бұл мемлекетеміздің некесіз саясатынан туындаған «көтсіз, тексіз» қауымды өздері-өздерін өзгертпесе, Құдай өзгертуші емес. Тағы да қазақтың бір-бірімен ақпараттық соғыс жүргізуі қажет.

Соғыс бар жерде шығын да бар. Ал ақпараттар басындағы рухтың, не жанның не екенін білмей аузына келгенін көкіп айта салатын ой жорығыш, өңшең білгіш тілшілерді, ұлтсыз, жансыз, ділсіз шеріктерді не істейміз.? Масһаб пен Нұр Мүбәрәк білім беру орталығы арқылы қаншама бұл қозғалысқа ашық кедергі келтіретін дін ғалымдарын, имамдарды сөздің майын тамызып, жастардың санасын улап жатқан, шайтан болып азғыратын туысқандарды қалай қайта тәрбиелеу керек? Онымен қоса латын таңбасына ауысу керек деп құдайдың ескертуіне де ашық қарсы ғалымдар тобын кім түзейді. Бәрін Құдайдың лағнетіне ұшырап, қырылуын күтіп отыру да қазақтық түгіл, адамдық болмысымызға да жат емес пе? Сонда не істеу керек? Тағы да жоғары тақырыптағы мәселеге ақсақалдар кеңесіне келіп тірелеміз. Бұл салада ақсақалдардың абыздық дәрежесі, яғни кітабы бар қожалығы, төрелік, сәуегейлік қабілеті және тікелей тарихи оқиғада болған тұлғалармен байланысқа түсе білу бақсылық қабілетімен, пайғамбарлық даналықтарымен ғана өлшену керек. Тек сондай ақсақалдардан тұратын кеңестің шешіміне жүгіну арқылы ғана көптеген теріс пиғылды шежіре дінімізді, қолдан жазылған қателіктерді түзей аламыз. Ал тарихи оқиғалар ақиқаты ақталса, ата-бабалар  аманаты  да ақталып,  өлілер ризашылығын алу арқылы ғана рухани байлықтың да жемісі көріне бастауы да хақ.  (жалғасы бар)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *