… Сонау ерте кезеңде орта дәулетті бір ерлі-зайыпты жандардың жалғыз ұлы болыпты. Күндердің күнінде әлгі жігіт ер жетіп қалыңдық іздеуге ел шарлайды. Сөйтіп жер шалып ой-қырды кезіп жүргенде, бір шөлге кездеседі. Арып-ашып, ішуге су таппай, сая табалмай есеңгіреп тұрғанда, көзіне ақ шатырлы үй шалынады. Не керек бұл ару боп өзгере салатын перінің мекені екен.
Аңқауда аңғал жігітті айдалада кезіктірген баспана бір таңқалдырса, ару боп құбыла салған періні көріп: «Құдай тілегімді орындаған екен-ау»,- деп төбесі көкке жеткендей болады.
Жігіт періге ғашық боп, сөз салады. Сонда зымиян пері адам естімеген шарт қойыпты дейді:
— Анаңның қаны кеппеген жүрегін қобдиыма салған кезде ғана — мен сендікпін!
Абдыраған аңғал жасты құштарлық оты жеңсе керек, қыз шартын орындау мақсатында қалай атқа қонғанын өзі де байқамай қалады.
Қырдан құлдилап жеріп келе жатқан ұлын түрулі керегеден көріп, көзіне жас алып, кебісін киюге де үлгермей, қуанғаннан орамалында байламай, далаға жүгіре шыққан анасының алғаш айтқан сөзі:
-Құлыным-ау сені жоғалтып алдымба деп қорқып, етегім жасқа толды. Атаң меңдеген кәрілігіне қарамай «балам жау қолына түсіп қалмады ма екен» деп бес қаруын сайланып сен кеткен жаққа шығып кетіп еді… Айналайын, дін аман келдің бе? — деумен болыпты.
Аттың тізгініне қолы тигенде, қаражүз қанпезер ұл ерден судырай түсіп, алмас қанжарын шешесіне қадайды.
Ажалы ауызындағы бейбақ ана кеудесіне қанжар қадалған сәтте бұл зауалды ғайыптан көріп,»балам менің кебімді құшпасын» деген оймен:
— Абайла, балам! Соққыға ұрынбай тұрғанда тезірек кетсеңші, — деп бұл дүниемен қоштасыпты.
Адамның ауызы бармас сұмдық іс жасаған қанішер неме қаны сорғалаған жүректі алақанына салып шөлге қарай кері шапқан көрінеді.
Қозы көш жер ұзамай, келе жатқан аттың тұяғы суыр ініне сүрініп, омақаса құлапты. Оңбай жығылған кесір ұл есін жиғанда: «Балам, он екі мүше, бір басың саума? Үстіңді қақ, жерге түкір,» — депті шаң қапқан ана жүрегі.
… Жігіттің көз алдында төрткүл дүние көшіп бара жатты.

Малик Сейтбек

*ҒИБРАТТЫ ӘҢГІМЕЛЕР*

Әке мен бала
Хазірет Иса пайғамабар бірде жолда кетіп бара жатып бір қарияны бас салып тепкілеп жатқан жас жігітті көріпті. Әлгі кісіге жаны ашыған Иса пайғамбар бірден жүгіріп барып, араша түспек болғанда қарт оны тоқтатып:
— Мені і арашаламайақ-қой, тепкілей берсін! депті.
Қарттың бұл сөзіне қатты таңырқаған Иса пайғамбар себебін сұрағанда, әлгі шал оның мәнісін былай деп түсіндірген екен:
— Мен де кезінде өз әкемді тұп-тура осы жерде дәл осылай тепкілеген едім. Мына жігіт — менің тұған балам. Менің әкеме істегенімді балам маған істеп жатыр. Менде кеткен әкемнің өшін өз баламның менен алып жатқан жайы бар..
Бұл * Ата-анаңа не істесең, алдыңа сол келеді * деген нақыл сөздің астарын анық ұқтырса керек.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.