Ақтық демің қалғанша арыңды ойла!
Бірде жас жігіт шейхқа келіп: «Мен әлі жаспын, сол себепті қыздарға қарамау деген мен үшін мүмкін емес. Мен не істесем болады?-деп шағымданыпты. Сонда шейх қолына сүт құйылған стақан ұсынып, базардағы бір адамға ешбір тамшысын төкпей апарып беруін сұрайды. Сонымен қатар, өзінің шәкірттерінің бірін шақыртып, егер жігіт сүттің бір тамшысын төгіп алатын болса, жұрттың көзінше қамшылауды бұйырды. Жас жігіт шейхтың бұйрығын орындап, сүттің бір тамшысын да төкпей апарып берді. Қайтып келгенінде шейх: «Жолда қанша қызды көрдің?» — деп сұрайды.Сонда жігіт: «Мен жолда ешкімді де көрмедім, себебі сүтті төгіп мені қамшылайды ма, — деп ойладым. «Жұрттың алдында масқарамды шығарады ма деп қорыққаным соншалықты, стақандағы сүттен басқа ештеңені байқауға мұршам болмады»-дейді. Сонда шейх: Міне діндар адамның күйі осындай. Ол Алладан және Алла Тағаланың айтанына құлақ аспай, ақірет күнінде масқара болудан қорқады,-деген екен.

***  **

*ҒИБРАТТЫ ӘҢГІМЕЛЕР*

Бір толғағын да өтей алмапсың
Бірде бір кісі келіп, қартайған шешесінің мінезінен мезі болғанын айтып шағымданды. Пайғамбарыңыз (с.а.с) оған: — Сені тоғыз ай көтергенде мінезі жаман болмаған шығар? — деді.
Әлгі кісі: — Рас, айтам, мінезі шатақ, — деп сөзінен қайтар болмады.
Пайғамбарымыз (с.а.с) оған: — Сені бауырына салып екі жыл емізгенде мінезі шатақ болмаған шығар? — деді.
Шағымданушы тағы да анасын жамандауды жалғастыра берді.
Пайғамбарымыз (с.а.с): — Сен үшін қанша түнді ұйқысыз өткізгенде мінезі жаман болмаған шығар? — деді.
Әлгі кісі оның сауалынан кейін: — Мен оның борышын әлдеқашан өтегем, — деп қабағын кіржитті. Таңырқаған Пайғамбарымыз (с.а.с): «Анаңның ақысын қалай өтедің?» — деп сұрағанда, әлгі бейбақ: *Арқама салып қажылығын жасаттым*, — деді. Сонда Ақиық елші (с.а.с): *Сен оның бір толғағын да өтей алмайсың*, — деген еді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.