Теңіз жағалауында, тас үстінде 5 жасар бала жылап отырды. Жанына жас келіншек келіп сөзге тартты:
— Балақай, неге жылап отырсың?
— Мамамды жоғалтып алдым.
— Аа.. Мамаңның сырт келбеті қандай?
— Өте әдемі.
— Шашының түсі қандай?
— Білмеймін. Қара сияқты.
— Неге білмейсің?
— Солай. Білмеймін.
— Аа.. Көзінің түсі қандай?
— Оны да білмеймін. Қара түсті шығар.
— Аа.. Бойы ұзын ба?
— Менен ұзын әйтеуір.
— Хех.. Түсінікті. Ал мамаңның аты кім? Қай жерде жоғалып кеттің?
— Перзентханада.. Мен кішкентай сәби едім.
— Сонда сенің мамаң жоқ па?!
— Бар! Мамам болмаса мені кім туды?!
— Ол сені тастап кеткен ғой. Сен балалар үйіненсің бе? Тәрбиеші қайда?
— Театрға бара жатқанда олардан қашып кеттім. Мамамды тапқым келді.
— Жүре ғой милицияға барайық. Тәрбиеші апайыңды тауып береді.
— Мен тәрбиешіге барғым келмейді. Ол өте қатал. Мен мамамды тапқым келеді. Мені жақсы көретін, мені құшақтап еркелететін, тәттілердің бәрін маған жинайтын мамамды тапқым келеді. Папам, мамам және мен болып, бірге қыдыруды армандаймын. Ол неге мені тастап кетті? Мен тентектік жасаған жоқпын ғой. Менің достарымды да мама, папасы тастап кеткен. Неге? Олар да жақсы балалар ғой. Гүлназ жақсы өлең айтады, ал Олжас керемет билейді, Жансая суретті шын сияқты салады. Оларды неге тастап кетті? Біз ондай жаман балалар емеспіз ғой… Бізді тәрбиеші апай күнде ұрады, мен одан қатты қорқамын. Ол апай қатал…
Бұл жазбаны көптеген адам оқиды және қорытынды жасайды. Болашақта ешқашан баланы жетімсіретпейік, абортқа жол бермейік. Жігіттер де, қыздар да ойланып қадам басайық… Некесіз төсектің арты — жетім баланы дүниеге әкелумен аяқталуы мүмкін…