Хазреті Лұқманға замандастарының бірі: «Пайғамбарлардан үйренген іліміңізді қорытындылап, нәпсі тәрбиесі жөнінде бізге қысқаша түсіндіріп беріңізші?» деп өтінішжасапты. Хәкім Лұқман: «Екі дүниеде де пайдасы тиетін бір сөз айтайын. Өткендердің және кейінгілердің ілімдерін дұрыс түсініп, оларды пайдаға асыру үшін сегіз нәрсеге мән беру керек. Олар: төрт уақытта төрт нәрсені қорғау, екі нәрсені ұмытпау, екі нәрсені мүлде жадынан шығару.
Қорғайтын нәрселер: 1. Намазда ықыласты. 2. Халық арасында тілді. 3. Жеп-ішуде ауызды. 4.Біреудің үйіне барғанда көзді.
Ұмытпайтын екі нәрсе: 1. Алланың ұлылығы. 2. Өлімнің бары.
Ұмытатын екі нәрсе: 1. Біреуге істеген жақсылығың. 2. Басқаның өзіңе істеген жамандығы.
Адамдардың істеген жақсылықтарын ұмытпау, менменсіп кетуден сақтап, жақсылық істеугеқ ұлшынысты арттырады. Өзіңе істелген жамандықты ұмытпау, кектену және өш алу сезімдерін оятады. Міне, осылар Пайғамбарлар ілімдерінен қорытындылағаным» деп жауап берген екен.
Құран Кәрімде де Лұқман Хакімнің ұлына даналық сөздермен насихат айтқанын көреміз.
Лұқман Хакімнің насихаттары Лұқман сүресінің 16-19 аяттарында былай бұйырылған:
«Балақайым! Тарының салмағандай болса да, бір жар тастың ішінде болса да, көктерде немесе жерде болса да Алла оны (Оны – яғни, көзге көрінбейтін, өте кішкентай күнәларды. (Сафуат әт-Тәфәсир), (қиямет күні) алдыңнан шығарады. Расында Алла өте жұмсақ әрі толық білуші»
«Балақайым! Намазыңды толық орында. Жақсылыққа шақырып жамандыққа тыйым сал. Басыңа түскен ауыртпашылыққа сабырлық ете біл. Негізінде бұлар маңызды істерден». «Адамдарды паңсып, менсінбеуші болма. Жер бетінде кербеңдеп жүруші болма. Шын мәнінде Алла барлық даңдайсыған мақтаншақты жақсы көрмейді». «Жүрісіңде орташа бол, дауысыңды қатты көтерме. Негізінде дауыстардың ең жаманы, ол есектің дауысы».
Лұқман бір жолы бір дорба тарыны қасына алып, ұлына насихат айтқан кезде, әр сөйлемінде бір тары түйірін алып қасына қояды. Дорбадағы тары таусылғанда ұлына: «Әй ұлым! Саған айтқан насихатымның көптігі соншалық, бұл насихаттар бір тауға берілсе, тау жарылып, бөлшек-бөлшек болар еді» дейді.
Осы насихаттардың кейбіреулері мыналар:
Адамдарға насихат айтқанда өзіңді ұмытпа. Балауызға ұқсама. Балауыз жарық шығарғанда өзін ерітіп, тауысады.
Үнсіз қалған өкінбейді, сөз — күміс, үнсіздік — алтын.
Қарыздың салмағында езілгенше, тас тасы.
Істеген ісіңде бұрын мұны сынаған, тәжірибелі кісілерден ақыл сұра. Өйткені олар өздеріне қымбатқа түскен тура көзқарастарын саған ақысыз береді.
Еңбек ет. Еңбектенбеген, табыс таппағанның діні мен ақылы олқы.
Айтуларға қарағанда Әзіреті Дауыт Лұқманға бір қой союын және өзіне ең тәуір жерінен екі асым ет әкелуін тапсырады. Лұқман қойдың жүрегі мен тілін әкеледі.
Басқа бір күні Дауыт Пайғамбар оған қойдың ең нашар жерінен екі асым ет әкелуін тапсырады. Лұқман тағы да қойдың жүрегі мен тілін әкеледі.
Әзіреті Дауыт неліктен бұлай істегенін сұрағанда Лұқман:
«Жақсылық үшін қолданылғанда жүректен және тілден басқа жақсы нәрсе жоқ. Жамандық үшін қолданылғанда да жүректен және тілден басқа жаман нәрсе жоқ» деп жауап береді.
Міне, осылар даналық істер мен даналық сөздер болып табылады. Аз айтылған, алайда көп және терең мағынаны қамтыған сөздер.