Етікшінің мінәжаты

Бөлім: Ғибратты әңгімелер 80

Бірде Мұса пайғамбар (ғ.с.) келе жатып бір адамның мінәжатын естіп қалады.Оның дұғасының орынсыздығы сонша Мұса (ғ.с.) тоқтап тұра қалды. Ол осылайша өз дұғасымен Құдайды қорлап жатыр деп ойлады.Ол былай деп: «Ия,Тәңірім! Маған Өзіңе жақындауға мүмкіндік бер. Иә, Құдайым егер Сенің денең кірлеп қалса жуып-шайып тазалауға уәде беремін. Егер биттеп кетсең битіңді қарап, сіркеңді сығып берейін. Мен мықты етікшімін, Саған кереметтей аяқ киім тігіп берейін. Егер ауыра қалсаң дәрі беріп емдейін. Мен тамақты да өте дәмді етіп пісіре аламын.»
-Тоқтат!-деп айғай салды бұдан әрі шыдай алмаған Мұса(ғ.с.). –Не деп оттап кеттің? Құдайды биттейді деп кім айтты саған? Қандай киім? Қайдағы аяқ киім? Саған бұлай мінәжат етуді кім үйретті?!
-Маған ешкім үйреткен жоқ,-деді әлгі адам. –Мен бір бейшара кедей адаммын және өзімнің дұрыс құлшылық жасап жатқаныма сенімдімін. Мен бұл дұғаны өзім құрастырып алдым, сөйтіп оным ғибадатқа айналды. Егер сен дұрыстап жалбарынуды білетін болсаң үйретші!
Мұса пайғамбар(ғ.с.) оған дұрыстап дұға жасауды үйретті. Пақыр ризашылығын білдіріп, басы жерге жеткенше иіліп алғыс айтты. Мұса(ғ.с.) болса бір үлкен сауапты іс тындырдым деп өзін бақытты сезінді. Алла(Т.) бұған не дер екен деп сосын аспанға қарады. Жаратушы болса өте ашулы еді:
-Мен сені адамдарды маған жақындату үшін жіберген жоқпын ба? Ал сен болсаң дәл қазір мені өмірден да артық көретін бір құлымды кесіп тастадың. Сенің оған үйреткен дұрыс дұғаң енді дұға болып жарытпайды, себебі дұға деген дұрыс, дұрыс емес деп еш заңға бағынбайды. Дұға деген бұл Құдайға деген махаббат, оның өзі заң болып табылады. Оған басқа заңдар жүрмейді.

One thought on “Етікшінің мінәжаты

  1. Қандай керемет! Расымен де барлығы Аллаға деген махаббаттан шығу керек.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *